Куликово шайқасы және Мамай.


Кіріспе
Түбі бір түркі халқының тарихында ел мақтап, жұрт жақтаған, талайдың көңілінен шыққан, елі мен жері үшін жүрегін жұлып беруге даяр болған, өмір бойы ел мерейінің биік болуын аңсаған ұлдары мен қыздары өте көп болған. Олардың кейбіреулері ел есінде, жұрт жадында мәңгіге сақталса, енді біреулері заманның талабы мен тағдырдың тәлкегіне сай есімдері мәңгілікке уақыт еншісінде қалып қойған тұлғалар. Ұлы адамдардың үшінші бір тобы бар, бұл кісілер өз еркімен емес өзгенің қалауымен жаман шекпен жабынып, жоқ жерден жасаған жақсылықтары жойылып, масқараланып, елдің жеккөрініштілеріне еріксіз айналған адамдар. Өкінішке орай ондай тұлғалар Отан тарихында өте көп. Бұлай болуының өзіндік себебі бар, еліміз тағдырдың ең ауыр да, сорақы тәлкегіне салынып, екі жарым ғасыр бойы бодан болып келді. Бұл сөздің атауы қандай жаман болса, заты да сондай жаман. Ең ауыр тигені елдің бір ғасырға жуық уақыт бойына тоталитарлық жүйеде өмір сүруі. Бұл кезеңде елдің ғылымы да, білімі де, діні де, тілі де өзгенің толық ықпалында болды. Осы кезде елдің көптеген ардақты да талантты ұл - қыздарына жала жабылып, халыққа жаман келбетте көрсетілді. Тоталитарлық жүйе мен самодержавиесінің ауыр соққысына жығылған тұлғалардың бірі МАМАЙ болатын. Тарихшы болғаннан кейін жала жабылып жеккөрінішті болған Мамайдың шынайы келбетін ашып көрсетуді өзімнің ата - бабалар алдындағы азаматтық борышым деп есептеймін.
Бұл тақырып Қазақстан тарихы ғылымындағы аса өзекті тақырып болып табылады. Себебі Рессей тарихшылары Мамайға "поганый" - деген ат қойып, тойымсыз етіп көрсетіп келді. Неге орыс тарихшылары Бұл мәселеге соншалықты назарын аударады деген сұраққа былай жауап беруге болады: Себебі Рессей Куликово даласындағы шайқастағы өзінің жеңісін "тәуелсіздік жолындағы алғашқы қадамы" деп есептейді. Ал Мамайды өздерінен ойсырай жеңілген тұлға ретінде көрсетеді. жалпылама алатын болсақ Куликово шайқасы туралы қазіргі таңда айтылып жүрген ой-пікірлер өте көп. Әсіресе орыс тарихшыларының бұл мәселеге "ерекше" көзқарспен қарайтындығы баршаға мәлім. Олардың пайымдауынша Куликово даласындағы Дмитри Ивановичтің жеңісі барша орыс халқының тәуелсіздік жолындағы басты, әрі алғашқы қадамдардың бірі болып табылады. Орыс халқы Куликово шайқасын бүкіл әлемге монғол - татар езгісіне қарсы қозғалыстағы ұлы жеңіске жетелеген шайқас ретінде дәріптеп келгені баршаға мәлім.
Куликово шайқасы мен Мамай туралы орыс халқының кез келген аудиторияға арналған еңбектері мен шығармалары өте көп. Олар мультипликациялық фильмнен үлкен сахналық қойылымдарға дейінгі аралықты қамтиды. Бұл еңбектердің барлығы бір сипатта болып келеді. Яғни Куликово шайқасында Дмитри Ивановичтің сөзсіз жеңіске жеткендігін және де Мамайдың сауатсыздығын, қорқақтығын ғана баяндап отырады. Дәл осы себепті Мамай тек орыс халқының емес, орыс халқы бір кездерде өз үстемдігін жүргізген барлық елдер арасында әскери сауатсыз, дарынсыз, қорқақ қолбасшы ретінде танылып қалды. Мамайды бұл тұрғыда танып қалғандар қатарында онсыз да біреуге қара жаққанға құмар қазақ халқы да бар. Қазіргі аға буын өкілдері үщін Мамай есімі жат есімдерге жатпайды, олар үшін Мамай бар болғаны Куликово шайқасында жеңілген адам ғана, ал Мамайдың батылдығы, саяси көрегендігі, әскери қулығы, нағыз ер азаматқа тән қасиеттері туралы, бүкіл орыс халқын үрейде ұстағандығы жайлы көпшілік өкінішке орай мүлде бейхабар деген тұжырымдама айтуға болады. Бұл өз кезегінде тақырыптың өзектілігін аша түсетін сыңайлы. Не себепті орыс халқы Мамай десе әлі күнге дейін тітіркенеді, не себепті Мамайға сонша жала жауып, лақап тіркеулер жалғайды, не себепті Мамайды русь тарихындағы барлық жаулардан да жеккөреді? Осы сұрақтардың барлығы жауапсыз жатыр, ал бұл тағыда тақырып өзектілігін айқындай түседі.
Қазіргі аға буын өкілдері үщін Мамай есімі жат есімдерге жатпайды, олар үшін Мамай бар болғаны Куликово шайқасында жеңілген адам ғана, ал оның билікке келген ең алғаш қарасүйек екендігінен, саясаткерлігі сияқты тағы да басқа жақтарынан халық оны танымайды. Неге қазақ халқы өз жерінің, яғни өзінің ұлдарын өзге ұлт тұрғысынан тануы тиіс. Әрбір елдің, ұлттың, ұлыстың тарихы тек қана сол ел, сол ұлт, сол ұлыс тұрғысында жазылуы тиіс, ал Куликово шайқасының тек орыс халқының тарихына ғана емес, Дешті Қыпшақ даласының тарихына қатысы бар екндігін ұмытпаған абзал.
Дәл осы себепті бітіру жұмысын жазу барысындағы менің алдыма қойған ең басты мақсатым Мамай мырзаның саяси-тарихи аренадағы алғашқы қадамдарынан ақырғы күніне дейінгі аралықтағы тарихи құбылыстарды шынайы баяндау. Мамайдың шынайы келбетін ашып көрсетіп, Отан тарихында өзіне тиісті орнын беру. Бұған дейін қалыптасып қалған пікірлерді қатаң сынға алу.
Мамай мырзаның тарихи потретін ашу бұл жұмыстың ең негізгі мақсаттарының бірі болып табылатындығын атап өткім келеді.
Енді осы мақсатқа жету үшін орындайтын негізгі міндеттеріме тоқталып кетейін. Ең алдымен Мамай мырзаның тарих аренасына шығуын анықтау. Оның билікке келу тарихын баяндау. Мамайдың психологиялық ерекшеліктеріне де тоқталы кету. Мамай мырзаға Отан тарихшылары мен шет ел тарихшыларының берген бағаларын салыстырмалы түрде қарастырып оған өз тарапымнан баға беру. Тарихи аренада Мамай мырза образын көршілерінің көздерімен баға беру.
Мақсатқа жету үшін мен бірнше міндеттерді орындауға тиіспін.
1) Тарих ғылымының ең басты зерттеу объектісі дерек болып табылатындығы баршаға аян. Дәл осы себепті тақырыпқа байланысты деректер кешенін іздеп, тауып, талдау жасап, сынап, объективті түрде қарастыру менің мақсатқа жету үшін орындалатын басты міндетім болып табылады.
2) Отандық және өзге де тарихшы ғалымдардың тақырыпқа байланысты пікірлерімен танысуға тырысамын. Бұл үшін тақырыпқа байланысты зерттеу жұмыстарын жүргізген авторлардың зерттеулерін пайдаланып, зерттеулерде баян далған тарихи фактілер мен пікірлерді қолдап немесе жоққа шығара отырып, өзімнің ойымды ғылыми тұрғыда дәлелдеу сияқты міндетті де жеткілікті дәрежеде орындауға тырысамын.
3) Өзімнің кәсіби білім деңгейімнің әлі де толық емес екендігін ескеріп, әрі жұмыс тым субъективті болып кетпес үшін - өзге тарихшылармен пікір алмасу арқылы бағыт - бағдар, қосымша ой пікірлер алып отыруда басты міндеттерімнің бірі.
4) Жоғарыда аталып өткен жаупсыз сұрақтарды азайту үшін Мамайдың іс-әрекеттерінің негізінде оның психологиялық ерекшеліктерін, әуесқойлық деңгейде болса да ашып көрсетуге бел буып көремін.
5) Кез келген тарихи фактіге міндетті түрде өзімнің ойымды білдіріп отыру, талдау жасау - бітіру жұмысын жазу барысындағы орындауға тиісті ең басты міндетім.
6) Мамай мен оның заманындағы тарихи құбылыстарды ұлттық тұрғыдан қарастыруға, бірақ объективтілікті сақтауға тырысамын.
7) Тек Отандық және орыс тарихшыларының еңбектерін емес өзге ұлт өкілдері көзқарастарын іздеуге тырысып бағамын.
Ендігі кезек те тақырыптың зерттелу дәрежесі мен деректік қорына, яғни тарихнамасына тоқтала кетуді жөн санап отырмын. Тақырыпқа байланысты деректерді айтарда әрине орыс жылнамаларын ерекше атап көрсетеміз. Атап айтқанда Никондық жылнама, Ростовтық жылнама, Рогождық жылнама және басқалары. Бұл жылнамалардың барлығы "П С Р Л" - яғни орыс жылнамаларының толық жинағы деген атаумен Археограф. Коммисс. баспасынан шыққан. Сонымен қатар шығыс деректері шоғырланған жинақ - "С М И З О"- Алтын Орда тарихына қатысты мәліметтер жинағынан Ибн Халдун сияқты шығыс авторларының шығармалары бар. Сонымен қатар Өтеміс қажының "Шыңғыс нама" еңбегі де құнды дерек болып табылады. Сол сияқты ең негізгі дерек көздері бұл археологиялық және нумизматикалық деректер. Дәл осы беректер кешені жоғарыда аталған жазба деректерінің кемшіліктерін түзетіп отырады.
Ендігі кезекте тақырыптың зерттелу дәрежесіне тоқталып кетейік. Мамайға немесе Куликово шайқасына арналған тікелей шығармалар жоқ, бірақ Алтын Орда тарихына немесе Қазақстан тарихына арналған оқулықтардан ғана аздаған мөлшерде мағлұмат алуға болады. Бұл жерде де ескеретін жағдай тақырыпқа байланысты материалдың жетіспеушілігі және біркелкілігі біраз қиындықтар тудырады. Алайда нумизматикалық деректер мен археологиялық деректер кешендері негізінде жазба деректердегі кемшіліктерді толықтыруға, немесе түзетуге болады.
Аталып өткендей, орыс халқында Куликово даласындағы шайқас туралы шығармалар өте көп болғанымен, олардың барлығы аңыз, пьеса, әңгіме күйінде берілген, яғни бірде бірі тарихи, немесе тарихнамалық еңбек емес. Яғни тақырыптың зерттелу деңгейі өте төмен. Бұл факт тақырыптың өзектілігін арттыратындығы сөзсіз.
Мамайдың өмір сүрген кезеңі туралы мағлұматтарды Алтын Орда тарихын зерттеген тарихшылар еңбегінен алуға болады деген пікір жоғарыда айтылған болатын. Олай болса Алтын Орда тарихнамасына тоқтала кетейік.
1826 шы жылы Ресей Ғылым Академиясы батыс еуропа және орыс тарихшыларына Шыңғыс ханның Ресейдегі жаулауынан кейінгі салдары деген тақырыптағы еңбек жазуға бәйге жариялайды. Бас бәйге 100 сомды құрады. Арнайы коммисия тапсырылған еңбектердің барлығын қатаң сынға алып, ешбір еңбек жүлдеге лайық деп табылмайды. Алты жылдан кейін Ресей Ғылым Академиясы бәйгені тағы жариялап, бас жүлдені екі есе өсіреді. 1832 ші жылы академик Френ жарыс аталптарын жариялайды. Ол талаптар мынадай еді: "Жошы Ұлысының тарихын терең талдаудан өткізе отырып шығыс деректерін де, польшалық, венгрлік және орыс жылнамалары неізінде жазып шығару. " 1835 ші жылы неміс шығыстанушысы Хаммер Пургштал Ресей Ғылым Академиясына өзінің көлемді еңбегін ұсынады. Құрамында Френ, Круг, Шмидт сияқты академиктері бар коммисия Хаммер Пургштал еңбегіне сый ақыны бермесе де, 1272 толық беттерден тұратын еңбекті жоғары бағалайды.
Екінші сәтсіздіктен кейін Ресей Ғылым Академиясы жарысты тоқтатады. Бірақ Алтын Орда тарихын зерттеу бір мезетке де тоқтамайды. Уақыт өткен сайын сан түрлі мақалалар мен кітаптар шығып отырды.
Ресей Ғылым Академиясы Алтын Орда тарихының дерек көзі тек жазбаша деректер емес екендігін жақсы түсінді. Дәл осы себеппен археологиялық экспедициф ұйымдастыру міндеті қойылады. Тұңғыш рет Терещенко деген археолег Сарай Беркеде қазба жұмыстарын жүргізіп, табыстарға жетеді
1839 шы жылы Хаммер Пургштал өзінің еңбегін басып шығарады. Хаммер Пургштал коммисия шешімін қатаң сынға алып, өзінің риза еместігін білдіреді. [1; 10 бет]
Көптеген орыс ғалымдары Алтын Орда тарихын зерттеумен айналысқан. Атап өтетін болсақ: Григорьев; Савельев; Березин; Саблуков; Патканов; Тизенгаузен; Веселовский т. б.
Аталған ғалымдар арасындағы Алтын Орда тарихнамасына ерекше еңбегі сіңгені В. Г. Тизенгаузен болып табылады. Ол өзінің өмірінің талай жылдарын араб, парсы деректерін жинақтауға арнаған. 1884 ші жылы жарық көрген "С М И З О"- Алтын Орда тарихына қатысты мәліметтер жинағы Тизенгаузеннің мақтанышы болып табылады.
Байқап отырғанымыздай Алтын Орда тарихнамасыбастау алғаннан ақ орыс халқының ықпалында болған. Құрамында Френ, Круг, Шмидт сияқты академиктері бар коммисия тек қана "Жошы Ұлысының тарихын терең талдаудан өткізе отырып шығыс деректерін де, польшалық, венгрлік және орыс жылнамалары неізінде жазып шығару, " - деген талаптаы ұстамағны анық.
Осы үрдіс кеңестік дәуірде де өзінің жалғасын тауып отырды. Бұл кездерде Насонов, Греков, Якубовский т. б. тарихшылар өз зерттеулерін Алтын Орда тарихына арнаған.
1940 шы жылы жарық көрген А. Н. Насоновтың "Татары ир русь" атты еңбегі орыс жылнамалары мен шығыс деректері негізінде жазылған. [1; 13 бет] Бірақ бұл еңбекті Б. Д. Греков пен А. Ю. Якубовский сынға алып, шығыс деректерінің аудармасында алшақтық бар екендігін атап көрсетеді.
Бұндай күрделі тақырыпты зерттеу бір адамның қолынан келмейтіндігін жақсы түсінген Б. Д. Греков пен А. Ю. Якубовский тақырыпты бірлесіп зерттеуге шешім қабылдайды. Осылайша 1950 ші жылы "Золотая Орда и ее падение" атты көлемді еңбек жарық көреді.
Бұл еңбек сапасы жағынан жоғары еңбек. Автролар деректердің барлық түрлеріне талдау жасаған. Бірақ бұл еңбек өзге ұлт тұрғысынан жасалған. Қанша сапалы болғанымен артық кетушіліктер көптеп байқалады. Автролар өз тұжырымдары мен ойлрын білдірерде орыс халқының ұлылығын, мықтылығын көрсеткісі келіп тұрады.
Байқап отырғанымыздай тәуелсіздікке дейінгі кезеңде Алтын Орда тарихы біршама зерттелген. Алайда өзге ұлт тұрғысынан зерттелген. Бұл деген сөз Алтын Орда тарихының әлі ашылмаған жақтары өте көп. Орыс тарихшыларының қателігін қайталамас үшін бүкіл Орда тарихын емес, сол Орда тарихының бір бөлшегін ғана, яғни Мамай тарихын зерттеп білуге бел буып отырмын.
Тәуелсіздік алғаннан кейін де тақырып өкінішке орай зерттеле қоймады. Алтын Орда тарихы тек жекелеген оқулықтарда ғана көрініс тауып отырды. Талас Омарбеков ақырғы кездерде Тоқтамыс бейнесіне тоқталып жүр. Бұл өте дұрыс бастама, біздер тәуелсіз елдің ұлдары өзіміздің ата - бабаларымыздың тарихын дәл осылай, яғни жеке - жеке тануға тиіспіз деп есептеймін.
Жұмыс кіріспе, үш тарау, қарытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Жұмысты жазу барысында талдау, сынау, сараптау және салыстырмалы әдіс тәсілдерді пайдаланамын.
Қорыта келгенде жұмысты жазу барысында, алдыма қойған міндеттерді орындап, мақсаттарға жетуге тырысып бағамын. Мамай мырзаның тарихи потретін ашып, Мамай мырзаның тарих аренасына шығуын анықтап, оның билікке келу тарихын баяндап, Мамайдың психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып, Мамайдың Куликово шайқасындағы орны ашып, Мамайға Отан тарихшылары мен шет ел тарихшыларының берген бағаларын салыстырмалы түрде қарастырып оған өз тарапымнан баға беріп, тарихи аренада Мамай мырза образын көршілерінің көздерімен баға беруге тырысамын.
I - тарау
Мамайдың билікке келуі.
Бұл бөлімде менің негізгі мақсатым Мамай мырзаның саяси-тарихи аренадағы алғашқы қадамдары туралы баяндап, билікке келуінің себеп-салдарын анықтау. Бұған дейін қалыптасып қалған пікірлерді сынға алу.
Мақсатқа жету үшін мен тақырыпқа байланысты деректерге талдау жасау, зерттеулерге сүйіне отырып, өзімнің ойымды ғылыми тұрғыда дәлелдеу сияқты міндеттерді жеткілікті дәрежеде орындауға тырысамын.
Бұл жерде де ескеретін жағдай тақырыпқа байланысты жазбаша деректер кешенінің жетіспеушілігі және біркелкілігі. Біз бұларға орыс жылнамаларын жатқызамыз.
Алайда нумизматикалық деректер мен археологиялық деректер кешендері негізінде жазба деректердегі кемшіліктерді толықтыруға, немесе түзетуге болады.
Мамай тек орыс халқының емес, Орыс халқы бір кездерде өз үстемдігін жүргізген барлық елдер арасында әскери сауатсыз, дарынсыз, қорқақ қолбасшы ретінде танылып қалды. Мамайды бұл тұрғыда танып қалғандар қатарында онсыз да біреуге қара жаққанға құмар қазақ халқы да бар. Қазіргі аға буын өкілдері үщін Мамай есімі жат есімдерге жатпайды, олар үшін Мамай бар болғаны Куликово шайқасында жеңілген адам ғана, ал оның билікке келген ең алғаш қарасүйек екендігінен, саясаткерлігі сияқты тағы да басқа жақтарынан халық оны танымайды. Неге қазақ халқы өз жерінің, яғни өзінің ұлдарын өзге ұлт тұрғысынан тануы тиіс. Әрбір елдің, ұлттың, ұлыстың тарихы тек қана сол ел, сол ұлт, сол ұлыс тұрғысында жазылуы тиіс, ал Куликово шайқасының тек орыс халқының тарихына ғана емес, Дешті Қыпшақ даласының тарихына қатысы бар екндігін ұмытпаған абзал.
Мамайдың тарих сахнасына келуін талқыламас бұрын, ең алдымен XIV ғасырдың екінші жартысындағы Алтын Ордадағы және оның көршілерінің саяси жағдайына қысқаша тоқталып өткеніміз жөн болар.
Алтын Орда тарихында "ұлы дүрбелең" деген атпен қалған жылдар мемлекет іргесін қатты шайқалтты. 20 жыл ішінде 25 хан ауыстырған Алтын Орданың бұл жылдары тек экономикасы әлсіреген жоқ, "ұлы дүрбелеңде" экономикамен қатар әлеуметтік этникалық қатынастардың әлсіреуі ерекше қарқынмен жүрді. Сонымен қатар халық арасында да Шыңғыс ұрпақтарына деген сенім төмендейді. Біз бұны ел арасында тараған "нар мойынды Бердібек те кесілді" деген Бердібек ханның өліміне байланысты айтылған сөздерден байқуға болады.
Міне дәл осындай істерден кейін Алтын Ордада төменде баяндалатын жағдай қалыптасқан болатын.
XIV ғасырдың 60 жылдары Алтын Ордадағы ішкі қарқыстар өзінің шарықтау шегіне жеткен болатын. Бұл кезең Шыңғыс тұқымдарымен қатар монғолдық әскери аристократия да үлкен беделге ие болып, билікке таласа бастауымен ерекшеленеді. Міне дәл сондай билікке ұмтылған әскери шенділердің қатарында қарасүйек Мамай да бар еді. Ол жайында толық, тиянақты сөз қозғау осы жұмыстың басты мақсатыболып табылатындығын айтып үлгердік, ендігі кезекте Мамайға толығырақ тоқталып кетейік. Себебі Мамай Алтын Орданың XIV ғасырдың 60-80 жылдар аралығындағы тарихының негізгі кейіпкерлерінің бірі.
Ибн Халдунның мәліметі бойынша Мамай Бердібек тұсында үлкен беделге ие болған. Ибн Халдунның еңбегінде "Мамай Бердібектің қызымен отау құрғаннан кейін, Бердібектің барлық істеріне белсенді түрде араласып, басшылық жасап отырды, "- делінген. Және Мамайдың қиат руынан шыққаны айтылған. [2; 251 бет]
Татар тарихшысы Ризаэтдин Фахретдиннің "Алтын Орда хандары" еңбегінде Мамайдың Бердібек хан тұсында аса беделді қайраткер, үлкен әскери қолбасшы (түменбасы) болғандығы айтылады. Және де осы еңбекте Мамайдың Бердібек ханның күйеу баласы болғандығы расталады.
Никондық жылнамалардың баяндауынша Темір Қожа билікке келгеннен кейін Алтын Орда әмірлерінің тарапынан үлкен наразылыққа тап болды.
Бердібектің билігі тұсында басталған аласапыран кезең аласапыран кезең жөніндегі Өтеміс қажының шығармасы «Шыңғыс-наменің» мәліметі өте құнды:"Оның заманында, -деп жазады Өтеміс қажы, - аласапыран көп болды. Оң қолды, Қият тайпасынан шыққан, Мамай алып өзінің тайпаларымен Қырымға, тағы бір қият Теңіз-Бұға сол қолды Сыр дариясы бойына алып кетті. Хан Бердібек ішкілерімен Сарайда қалып, үш жылдан соң опат болды. " [3; 68 бет]
«Шыңғыс-наменің» мәліметтері жоғарыда аталған жылнамалардың берген мәліметтерін растайды. Яғни Мамай Бердібек хан тұсында-ақ беделге ие болғандығы сөзсіз. . Сонымен қатар Өтеміс қажы өзінің еңбегінде тың мәлімет бере отырып, Мамайдың қият тайпасынан шыққанын атап көрсетеді. [4; 122 бет]
Яғни Өтеміс қажы мен Ибн Халдун Мәліметтері бір біріне өте ұқсас, бұл фактор деректердегі мәліметтердің шынайылық деңгейін көтереді.
Сонымен қатар Өтеміс қажының шығармасы «Шыңғыс-намеде» мынадай тағыда бір қызықты мынадай мәлімет кездесетіндігін айта кетейік:" Батыс Дешті Қыпшақта тайпа көсемі Қият Мамай күшейіп келе жатты . . . " [4; 122 бет]
Өтеміс қажының бұл сөздері Мамайдың бір кездерде тайпа көсемі болғандығын көрсетеді.
Жылнамашылардың айтуынша осы жылы жазда Мамай Темір Қожаға жеккөрініштік танытып, қарсы болды. Қарсы болғаны сонша, өзі Өзбек ханның ұрпағы Абдаллахты хан етіп тағайындап алады. Осыдан кейін Мамай Абдаллах хан атынан Темір Қожаға қарсы әрекетерін бастайды. Яғни Абдаллах тек қана «қуыршақ» хан ретінде өмір сүреді.
Орыс жылнамалары Мамайдың осы әрекетінен кейін оған ерекше назар аудара бастайды және Мамайға сипаттама бере бастайды. Бір қызығы орыс жылнамалары Мамайды осы кезден ақ жаман жағынан көретуге тырысады.
Міне осы жерден Мамай Алтын Орда тарихындағы атап өткен басты кейіпкерге айналады.
Темір Қожа Мамайдан Еділ өзенінің арғы жағына қашып кетіп, сонда өлтіріледі. Міне дәл осы кезде Ордадағы жағдайдың қожайыны ретінде тұңғыш рет МАМАЙ ( ماماى ) есімі аталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz