Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бағалануы



НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бағалануы
2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
2.3 Негізгі құралдардың тозу есебі
2.4 Негізгі құралдарды қайта бағалау
2.7 Негізгі құралдарды түгендеу

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1 НЕГІЗГІ ҚҰРАЛДАРДЫҢ ЕСЕБІ
2.1 Негізгі құралдар, олардың жіктелуі және бағалануы
2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
2.3 Негізгі құралдардың тозу есебі
2.4 Негізгі құралдарды қайта бағалау
2.7 Негізгі құралдарды түгендеу
2.1.1 Негізгі құралдардың түсінігі
Негізгі құралдар кәсіпкерлік қызметтің әртүрлі саласындағы қызмет істейтін ұйымдардың активтерінің негізгі бөлігін құрайды. Негізгі құралдарға материалдық, яғни материалдық-заттық формасы бар активтер жатады, мысалға жылжымайтын мүлік (жер, ғимараттар мен құрылыс-жайлар және жермен байланысты басқа да объектілер), машиналар мен құрылғылар, көлік құралдары және т.б., яғни төмендегі талаптарға жауап беретіндер:
- өнімдер (жұмыстар мен қызметтер) өндіруге, тауарларды жеткізуге, басқа ұйымдарға жалға беруге немесе әкімшілік және шаруашылық мақсатарға пайдалануға арналған;
- бір жылдан артық пайдаланылатын;
- сатып алушыларға қайта сатуға жатпайтындар.
Негізгі құралдар ұзақ мерзім пайдаланылатын сипатқа ие болады. Негізгі құралдарды пайдаланудың сандық бағалануы олардың пайдалану мерзімімен анықталады. Негізгі құралдардың пайдалану мерзімі ұйымның осы объектіні болжамды пайдалану мерзімі немесе осы объектіні пайдалану арқылы ұйымның өндіретін өнімінің мөлшері немесе орындайтын жұмыстары мен қызметтерінің көлемі болып саналады. Негізгі құралдар объектісінің пайдалану мерзімінің мерзімдік немесе натуралдық өлшемін таңдап алу, объектінің функционалдық жарамдылығына, яғни оның экономикалық пайда әкелу мүмкіндігіне байланысты болады.

2.1.2 Негізгі құралдар есебінің міндеттері
Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебі есепте негізгі құралдардың түсуін, алғашқы мойындалуын (признание), ішкі орын ауыстыруын, амортизацияның (тозуының) есептелуін, кейінгі шығындардың есебін, сату бойынша нәтиженің есебі мен басқа да шығыстарды құжатпен рәсімдеуді, сонымен қатар дер кезінде және толық көрсетуді қамтамасыз ету қажет.
Сонымен бірге негізгі құралдар есебінің міндеті болып негізгі құралдардың артық шыққанын, пайдаланбағанын және тиімсіз пайдалануын анықтап, олардың сақталуын қамтамасыз ету қажет.

2.1.3 Негізгі құралдар есебінің бірліктері
Негізгі құралдар есебінің бірлігі болып мүліктік объект, яғни өзінің барлық құрылымдары мен құрылғылары бар аяқталған құрылыс, заттар немесе заттардың кешені саналады. Мүліктік объектілер жай (бірліктік) және бірнеше заттардан тұратын күрделі болып бөлінеді. Бір негізгі құралдар объектісінің екіншісінен айырмашылығы олардың атқаратын қызметтеріне және әртүрлі пайдалану мерзіміне байланысты болады.
Кей жағдайларда активтердің кейбір түрлерін, мысалы шаблондарды, құрылғылар мен штамптарды біріктіріп, негізгі құралдардың жалпы құнына қосуға болады.
Сонымен қатар қызмет көрсетудегі қосалқы бөлшектер мен құрылғыларды тауарлық-материалдық шығындар ретінде есептеп, оларды пайдалану уақытына байланысты есептен шығарады. Егер ұйым ірі қосалқы бөлшектер мен агрегаттарды бір мерзімнен артық пайдаланатын болса, онда оларды негізгі құралдар ретінде жіктеуге болады. Ал егер ірі қосалқы бөлшектер мен агрегаттар тек бір объектіге ғана қызмет көрсетіп және олардың пайдалану мерзімі ретсіз болатын болса, олар негізгі құралдардың бөлек объектісі болып саналып және олардың пайдалану мерзімінен аспайтын уақытқа тозу есептеледі.
Белгілі бір жағдайларда активтерге байланысты жалпы шығындардың сомасын құрамдас бөліктерге бөліп, әрбір бөлімді бөлек есептеу қажет болады. Бұл осы объектінің құрамдас бөліктерінің пайдалану мерзімі әртүрлі болса немесе әрбір бөліктерді пайдаланудан пайда әртүрлі бағыттар бойынша алынатын болса және тозуды есептеу нормалары мен әдістері әртүрлі болған жағдайда қажет болады. Мысалы, ұшақ және оның қозғалтқыштары, егер олардың пайдалану мерзімдері әртүрлі болатын болса, бөлек тозатын активтер ретінде есепте көрсетілуі керек.

2.1.4 Негізгі құралдардың жіктемесі
Негізгі құралдар келесі топтар мен топтамаларға жіктеледі.
Жер (жер учаскілері). Есеп бірлігі болып меншік құқығындағы немесе тұрақты пайдалану құқығындағы жекелеген жер учаскілері саналады.
Ғимараттар (цех, шеберхана корпустары, тұрғын-үй ғимараттары және басқа да өндірістік, әкімшілік-шаруашылық, әлеуметтік-тұрмыстық мақсаттағы архитекторлық-құрылыс объектілері). Бұл топта есеп бірлігі болып өзіндік шаруашылық мақсаттағы әрбір бөлек тұрған ғимараттар мен құрылыс-жайлар саналады (қоймалар, гараждар және т.б.). Ғимараттар тобының есеп бірлігі құрамына оны толық пайдалану үшін қажетті барлық коммуникациялар (жылыту жүйелері, жарық, желдеткіш, су және газбен жабдықтау, ішкі телефон және сигнализация, лифті шаруашылығы) жатады.
Құрылыс-жайлар (мұнай және газ құбырлары, шахта бағаналары, автокөлік жолдары, көпірлер мен су құбырлары), яғни өндіріс процесінің техникалық және жалпы функцияларын орындау үшін арналған инженерлік-құрылыс объектілері. Есептің бірлігі болып барлық құрылымдық құрылғылары бар әрбір бөлек құрылыс-жайлар саналады.
Беріліс құралдары (электр желілері, траснмиссиялар, құбыр жолдары, жылу желілері, газ желілері және т.б.), яғни электр, жылу, механикалық энергияларды жеткізуші машиналардан жұмыс машиналарына, сонымен қатар бір есеп бір есеп бірліктерінен екінші есеп бірліктеріне сұйық және газ күйіндегі заттарды тасымалдау үшін арналған объектілердің жиынтығы.
Машиналар мен құрылғылар, олар келесі топтарға бөлінеді:
а) күш машиналары мен құрылғылары (атом реакторлары, қазандар, бу күш трасформаторлары, ішкі өрт құрылғылары), яғни электр, жылу энергияларын өндіретін және оларды механикалық энергияға айналдыратын машина-генераторлар және машина-қозғалтқыштар. Машиналар мен құрылғылар тобы бойынша есеп бірлігіне, осы машиналар мен құрылғылардың құрамына жататын құрылымдар мен құрылғылар жатады;
б) жұмыс машиналары мен құрылғылар (станоктар, аппараттар, әртүрлі мақсаттағы агрегаттар). Жиынтығында бұл құрылғылар өнім өндірісі процесінде еңбек құралдарын механикалық, термиялық, (термический), химиялық және басқа да технологиялық қозғалысқа келтіруге арналған;
в) пайдаланудағы техникалардың жұмысын өлшеу, өндіріс процесін реттеу, шикізаттар мен материалдардың, дайын өнімдердің, орындалған жұмыстардың сапасын, ауаның ылғалдылық деңгейін, дыбыстардың әсерін, сонымен қатар басқа да санитарлық-гигиеналық жағдайларды анықтау үшін қолданылатын өлшеуші - реттеуші және зертханалық құрылғылар мен құрылымдар (манометрлер, таразылар, дозаторлар, диспетчерлік бақылау үшін құрылғылар, дабыл құрылғылары, зауыт және ғылыми-зерттеу зертханаларының құрылғылары, микроскоптар, термостаттар және т.б.). Өлшеуші және реттеуші құрылғылардың мүліктік объектілер ерекшелігі ретінде олардың өзіндік маңызы бар және басқа объектілердің құрамы болып саналмайтындығында;
г) компьтерлік техника (электрондық-есептегіш, басқарушы және балама машиналар, сандық есептегіш машиналардың барлық түрлері мен жүйелері);
д) басқа да машиналар мен құрылғылар - жоғарыдағы жіктемеге жатпайтын басқа да машиналар мен аппараттар және құрылғылар.
Көлік құралдары адамдардың қозғалысын және жүктер мен басқа да заттардың тасымалын қамтамасыз ететін қозғалыс құралдары.
Басқалары:
а) құрылғылар (электр тескіштер, бұзу балғалары және басқалары) - қол еңбегі кезінде немесе машиналардың қызметтерін күшейту үшін оларға бекітілген негізгі құралдар;
б) өндірістік құрылғылар мен оның құрамдас бөліктері (бөшкелер, дүңгіршектер мен мүліктік ыдыстық заттар) - жұмыс кезінде өндірістік операцияларды жеңілдету үшін қолданылады;
в) әкімшілік және шаруашылық мақсаттағы заттар (столдар, шкафтар және басқа да мүліктер, кілемдер, шамшырақтар және т.б.);
г) жұмыс және өнім малы (жылқы, сиырлар және т.б.). Бұл топтағы есеп объектісі болып әрбір жоғары жастағы малдар саналады.
д) көп жылғы көшеттер (көгалдандырғыш, декоративтік, өнім беретін көшеттер және т.б.);
е) басқа да негізгі құралдар (кітапхана қорлары, мұражай құндылықтары, жалдағы негізгі құралдар үшін күрделі шығындар, қару-жарақтар, қызмет бағытындағы иттер және басқалары).
Негізгі құралдарды пайдалану деңгейіне байланысты есепте пайдаланудағы, пайдаланудан тыс және қодағы деп бөледі. Пайдалану тәртібіне қарай өндірістк және өндірістік емес (әкімшілік, әлеуметтік саладағы негізгі құралдар және т.б.). Сонымен қатар, бухгалтерлік есепте негізгі құралдар меншікті, яғни ұйымның меншігіндегі, жалдағы, яғни ақылы уақытша пайдаланудағы болып бөлінеді.

2.1.5 Негізгі құралдарды мойындау (тану)
Негізгі құралдар есебінің негізгі элементі болып олардың мойындалуы, яғни бухгалтерлік балансқа енгізу үшін негізгі құралдар объектісін есепке қабылдауды білдіреді. Негзігі құралдарға қатысты активтерді мойындаудың жылпы шарттары қолданылады. Олар бір уақытта екі шарттың орындалуын қарастырады:
- осы активтермен байланысты ұйым болашақта экономикалық табыс алатыны жөнінде жоғары сенімнің болуы;
- активтердің бастапқы құнын бағалау сенімділігі.
Ұйымның экономикалық табыс алу деңгейінің ықтималдылығын бағалау оларды алғашқы мойындау сәтіндегі фактілерді есепке ала отырып, жүргізілуі керек.
Объектілерді сатып алу кезінде олардың бастапқы құндарының сенімді бағалануы берілетін объектілердің құндарының негізінде анықталады. Объектілерді ұйымның өз күшімен салу кезінде оларды сенімді бағалау үшін құрылыс процесінде материалдарды сатып алу, еңбек ақы төлеу және басқа да операциялардың негізінде жүргізілуі мүмкін.
2.1.6 Негізгі құралдарды бағалаудың түрлері
Есепте және есеп беруде негізгі құралдарды көрсету үшін бағалаудың келесі түрлері қолданылады: бастапқы құн, әділ құн, баланстық құн, ағымдағы құн, орын толтыру құны, амортизациялық құн.
Бастапқы құн - активтерді сатып алу, салу кезінде оларға төленген ақша қаражаттары мен олардың баламалары немесе басқа да орын толтырудың дұрыс құндары.
Баланстық (қалдық) құн - негізгі құралдардың жинақталған тозу құндарын шегеріп тастағандағы баланста мойындалған құны.
Әділ нарықтық құн (сату құны) - тәуелсіз жақтардың арасында негізгі құралдардың объектісіне байланысты мәміле жасасу кезінде төленетін ақша қаражаттарының сомасына тең болады.
Жою құны - ұйымның негізгі құралдарды пайдалану мерзімі аяқталған соң оларды жоюға байланысты шығындарды шегеріп тастағандағы анықтаған таза сомасы. Атап өту қажет, активтердің жойылу құны тікелей өлшеу арқылы емес шама (балама) көрсеткіштері негізінде есептелгендіктен, есепті болып саналады.
Амортизациялық құн - негізгі құралдардың жойылу құнын шегеріп тастағандағы қаржылық есеп беруде бастапқы құнның орнына көрсетілетін активтердің бастапқы құнын немесе басқа да бағаларын көрсетеді.
Ағымдағы құн - осы уақытты активтерді сатып алуға жұмсалатын ақша қаржаттарының немесе олардың баламаларының сомасы.
Негізгі құралдар объектісін мойындау кезінде олардың бастапқы құндары есепке алыну қажет. Төлем арқылы сатып алынған негізгі құралдардың бастапқы құны импорттық кеден баждарын және сатып алу үшін орны толтырылмаған салықтарды, сонымен қатар объектіні жұмыс жағдайына келтіру үшін қажетті шығындарды қоса алғандағы сатып алу бағасынан тұрады.
Ұйымның өзі дайындаған негізгі құралдардың бастапқы құндарына құрылыспен байланысты барлық жұмсалған шығындар, яғни материалдар, еңбек ақы, үстеме шығындардың үлесі, архитекторлар мен заңгерлерге төлемдер, құрылыс кезіндегі сақтандыру шығындары енгізіледі. Мұндай жағдайда құрылыс объектісін салу үшін несие пайыздары олардың бастапқы құндарына енгізіледі.
Жерді, ғимараттар мен құрылыс жайларды олардың әрбіреуінің бағыты бойынша пайдалану мақсаты үшін бір бүтін ретінде сатып алу кезінде осы объектілердің бастапқы құндарын бөлу қажет, себебі ғимараттар мен құрылыс жайлар шектеулі пайдалану мерзіміне ие бола отырып, тозуға ұшырайды. Жер амортизацияланбайды, себебі оның құны төмендемейді деп есептелінеді және өндіріс процесі кезінде тозбайды. Егер осындай жағдайда пайдалануға тек жер арналған болып, ал ғимараттар мен құрылыс-жайлар жойылуға жататын болса, онда құн арасындағы бөлу жүргізілмейді және сатып алынған объекті болып жер саналады. Жою (снос, ығыстыру) бойынша шығындар жою кезінде объектіні тұтастай немесе оның бөліктерін сатудан түскен түсімдерді шегеріп тастағанда жердің бастапқы құнымен есептеледі.
Негізгі құралдар объектісінің бастапқы құны былай аныталады:
- құрылытайшылардың жарғылық қорға салым ретінде салған негізгі құралдары - құрылытайшылар арасындағы келісілген баға бойынша;
- негізгі құралдарды ұйымның өзі дайындаса немесе төлем арқылы сатып алынса - нақты жұмсалған шығындардың сомасы бойынша;
- негізгі құралдарды заңда немесе жеке тұлғалардан әншейін алған кезде- эксперттік жолмен немесе қабылдау тапсыру актісінің мәліметі бойынша.

2.2 Негізгі құралдардың қозғалысының есебі

Ұйымның бухгалтериясында (есеп бөлімінде) негізгі құралдардың есебі мүліктік объектілер шегінде сыныпталу топтары бойынша жүргізіледі. Мүліктік объекті дегеніміз осы объектіге тиісті барлық құралдары мен бұйымдарын қоса алғандағы аяқталған құрылғы, заттар немесе заттардың кешені. Негізгі құралдардың сыныпталу топтары бойынша мүліктік объектілері ретінде мыналар саналады:
а) ғимараттар бойынша - олардың ішкі құрылғыларын қоса алғандағы жеке ғимарат (жылу жүйесі, су-газ құбырғылары, канализация, желдеткіш құрылғылар) және аула құылыстары;
б) құрылыс-жайлар бойынша - органикалық (мүшелік) бүтінін құрайтын құрылығларымен дараланған жеке құрылыс-жайлар (мысалы, тірегіштерімен, кіреберіс және жақын жүру құырлығылармен көпірлер);
в) беріліс құрылғылары бойынша - ғимараттар мен құрылыс-жайлардың құрамдас бөліктері болып табылмайтын дараланған жеке құрылғылар;
г) күш машиналары мен жабдықтары бойынша - іргетас және барлық құралдары мен бұйымдарын, сондай-ақ жеке қоршауларын қоса алғандағы жеке күш машиналары;
д) жұмыс машиналары мен өндірістік құрылғылар бойынша - барлық бұйымдары мен құрылғыларын, іргетасын, жеке қоршауларын қоса алғандағы жеке станок және аппарат,
е) көлік құралдары бойынша - тиісті бұйымдары мен құрылғыларын қоса алғандағы көлік құралдарының жеке объектісі (мысалы, қосымша камерасы және дөңгелек қабымен доңғалақты, жинақ құрылғыларын қоса алғандағы жүк автокөлігі);
ж) құрал - саймандар мен құрал - жабдықтар бойынша - қандай да бір инвентарлық объектінің құрамдас бөлігі болып табылмайтын, өзіндік пайдалану бағыты бар жеке зат.
Негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір мүліктік объектіге тиісті нөмір беріледі. Объектіге берілген мүліктік нөмір осы объектіге және алғашқы құжаттарға қойылады да ол объектінің ұйымда қызмет ету мерзімі бойы сақталады. Негізгі құралдардың объектісі тізбектік-сериялық жүйе бойынша нөмірленеді. Мүліктік нөмір темір жетондар бекіту, сыр жағу, белгі қою және т.б. белгілер белгіленеді. Темір жол көлік құралдарының объектілерінің (электровоз, тепловоз, локомотивтердің) мүліктік номірлері болып дайындалған зауыттардың қойған нөмірлері, ал автокөлік, тракторлар мен тіркемелердің нөмірлері болып мемлекеттік автоинспекцияның берген белгілері саналады. Егер объекті жойылатын болса, онда оның нөмірі жаңадан түскен объектілерге берілмейді.
Негізгі құралдардың есебінде Қазақстан Республикасының заңдылықтары немесе мемлекеттік өкімет органдары бекіткен келесідей алғашқы есеп құжаттары қолданылады:
1) негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-1);
2) жөнделген, қалпына келтірілген, жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі (НҚ-2);
3) негізгі құралдарды шығару актісі (НҚ-3);
4) автокөлік құралдарын шығару актісі (НҚ-4);
5) негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы (НҚ-5);
6) негізгі құралдар есебі бойынша мүліктік карточкалардың тізімі (НҚ 6);
7) негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы (НҚ-7);
8) жалдағы (ұзақ мерзімді жалдағы) негізгі құралдар есебінің карточкасы (НҚ-8);
9) материалдық-жауапты тұлға бойынша негізгі құралдардың мүліктік тізімі (НҚ-9) (тұрған жерлері және пайдалануы бойынша) - негізгі құралдардың тұрған жерлеріне байланысты объектілік есепті жүргізу үшін қолданылады.
Негізгі құралдардың түсуі қабылдау-тапсыру актісімен рәсімделеді. Акті әрбір объектіге толтырылады және осы объектіге тиісті техникалық құжаттар тіркеліп, есеп бөлімінде мүліктік карточка ашылғаннан кейін ұйымдағы пайдалану орны бойынша тиісті бөлімге беріледі. Негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі объектіні қабылдаушы және тапсырушы жақтармен пайдалану уақытын, дайындалу мерімін және бастапқы құны көрсетіліп толтырылады.
Негізгі құралдардың есебін олардың жіктемелік топтары, әрбір объекті түрлері және орны бойынша анықтау мүмкін болатындай етіп ұйымдастыру қажет. Бұл негізгі құралдардың карточкалары арқылы (негізгі құралдар есебінің мүліктік карточкасы) жүргізілетін талдамалық есебі және негізгі құралдар есебінің шоттары бойынша синтетикалық есебімен қамтамасыз етіледі. Мүліктік карточка әрбір объектіге немесе объектілердің топтарына алғашқы құжаттардың, техникалық төлқұжаттардың және басқа да құжаттардың негізінде ашылады. Толтырылған мүліктік карточкалар негізгі құралдардың жіктемелік топтары бойынша арнайы тізімге тіркеледі.
Ағымдағы және қаржылық жалдағы негізгі құралдарға мүліктік карточка ашылмайды. Олардың талдамалық есебі үшін негізгі құралдарды жалға беру актісіне тіркелген жалға беруші берген карточканың көшірмесі қолданылады. Объектіні қайта қалпына келтіру кезінде, құрылысын аяқтаған кезде немесе толықтай құралдағанда (құрастырғанда) жаңадан карточка ашылады.
Тізімге тіркелген карточкалар негізгі құралдардың карточкалар ұясына орналастырылады. Ұяшықта негізгі құралдар жіктемелік топтары бойынша, ал оның ішінде орналасу жерлері бойынша топтастырылады. Қызмет істемейтін негізгі құралдардың карточкалары бөлек топтастырылады.
Негізгі құралдардың пайдалану орындарында (цехтарда, бөлімдерде) тізімін, яғни негізгі құралдардың мүліктік тізімдемесін (орналасу және пайдалану жерлері бойынша) жүргізеді және онда пайдаланудағы негізгі құралдар туралы қысқаша сипаттама беріледі.
Түскен, шыққан және ұйымның ішінде орын ауыстырған негізгі құралдар бойынша мүліктік карточкаларды тиісті жазулардан кейін айдың соңына дейін орналастырмай, бөлек сақтайды. Бұны карточкалардың негізінде негізгі құралдарға амортизация есептеу үшін жасайды.
Айдың соңында осы ай үшін жазылған жазулармен карточкалар негізгі құралдардың жіктемелік белгілері бойынша топтастырылады. Әрбір негізгі құралдардың түрлеріне қарай олардың түскені және шыққаны бойынша айналымдар жинақталып, негізгі құралдардың қозғалысы есебінің карточкасына жазылады. Бұл карточка жылдың басында бір жылға ашылады.
Алдыменен бұл карточкада 1 қаңтарға негізгі құралдардың түлері бойынша нақты бары көрсетіледі. Содан соң ай сайын ай ішіндегі айналымдарды жазғаннан кейін келесі айдың 1 күніне негізгі құралдардың нақты барын анықтап, жазып отырады.
Топтастырылған карточкалардың мәліметтері негізінде негізгі құралдар қозғалысының айналым ведомостісін жасайды және оның қорытындысы Бас кітаптің қортындысымен салыстырылып, негізгі құралдардың нақты бары және қозғалысы жөніндегі есептемені жасау үшін негіз болып саналады.
Негізгі құралдардың ұйым шегінде бір цехтан немесе бөлімшеден басқаларына орын ауыстырылуы осы бөлімнің (бас механиктің, бас технологтің және т.б.) тапсырмасы бойынша жүзеге асырылады және оған негізгі құралдарды ішкі орын ауыстыру жүкқұжаты (накладнойы) толтырылады. Қордағы негізгі құралдары пайдалануға немесе бір цехтан екінші цехқа, бір бөлімшеден басқа бөлімшеге беру кезінде жүкқұжат екі данамен жазылып беріледі. Есеп бөлімі бірінші дананың негізінде мүліктік карточкаға жазу жасап, оны негізгі құралдардың жаңадан орналасу немесе пайдалану жері бойынша қайтадан қояды. Тапсырушы екінші дананың негізінде мүліктік тізімдемеге негізгі құралдардың шығуы жөнінде белгі қояды.
Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар субъектілердің қаржылық-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есеп шоттары жоспарының 1 Айналымнан тыс активтер бөлімінің 2400 Негізгі құралдар бөлімшесінде есепке алынады. Оның құрамына келесі шоттар кіреді: Жер, Ғимараттар мен құрылыс жайлар, Машиналар мен құрылғылар, беріліс құралдары, Көлік құралдары, Басқалары, Аяқталмаған құрылыс.
Қаржылық есептемелерін ҚЕХС-на сәйкес ұйымдастыратын ұйымдар негізгі құралдар есебін 2310 Жылжымайтын мүліккке инвестициялар, 2400 Негізгі құралдар, 2510 Өсімдіктер, 2520 Жануарлар, 2610 Барлау және бағалау активтері шоттарында жүргізеді.
Бұл бөлімнің шоттары ұйымның меншікті пайдалануындағы шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы, ұзақ мерзімді жалдағы, негізгі құралдардың нақты бары, қозғалысы, сонымен қатар аяқталмаған құрылыс жөніндегі мәліметтерді жинақтауға арналған.
Негізгі құралдарға тиісті шоттардың дебетінде негізгі құралдардың бастапқы құндарымен түсу кезінде келесі шоттармен корреспонденциясы көрсетіледі:
- 2930 Аяқталмаған құрылыс - ұйымның шаруашылық әдісімен салынған негізгі құралдардың пайдалануға берілуі;
- 1060 Өзге ақша қаражаттары, 1030 Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты, 1010 Кассадағы ақша қаражаты, 3310 Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек, 3390 Өзге де қысқа мерзімді кредиторлық берешек - төлем арқылы заңды және жеке тұлғалардан негізгі құралдарды сатып алу кезінде;
- 5110 Төленбеген капитал - негізгі құралдар объектісін құрылытайшылардың жарғылық қорға салған салымдары;
- 6230 Мемлекеттік субсидиялардан алынған кірістер немесе 6280 Өзге де кірістер - басқа да заңды және жеке тұлғалардан негізгі құралдарды әншейін алу кезінде;
Негізгі құралдарды ұзақ мерзімді жалға алу кезінде 2400 Негізгі құралдар шотының дебетімен 4150 Жалдау бойынша ұзақ мерзімді берешек шоттарының кредиті корреспонденцияланады.

2.3 Негізгі құралдардың тозу есебі
2.3.1 Негізгі құралдардың тозуы және амортизациясының түсінігі
Негізгі құралдар ұзақ мерзім өндіріс процесіне қатыса отырып, біртіндеп тозуға ұшырайды. Тозу бұл - негізгі құралдардың физикалық және моральдық сипаты жағынан жойылуы.
Физикалық тозу - незгізгі құралдарды пайдалану кезінде және сыртқы факторлардың әсерінен пайда болады.
Моральдық тозу - ғылым мен техниканың жаңа талаптарына активтердің сәйкес келмеу процесі.
Негізгі құралдардың амортизациясы - негізгі құралдардың тозу сомаларының дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстардың) құндарына немесе кезең шығындарына біртіндеп апарылу процесі. Амортизация жер учаскілеріне, өнім малдарына, кітапхана қорларына есептелінбейді. Активтерге амортизация олар пайдалануға жарамды кезінен бастап шыққан дейін, актив ұзақ уақыт бойы қызметте болмаса да есептелінеді.
Амортизацияланатын құн негізгі құралдардың бастапқы құндары мен оларды есепке алу кезінде анықталған болжамды жойылу құндары арасындағы (пайдалану мерзімінің соңында жоюдан алынған қосалқы бөлшектер, сынықтар, қалдықтар) айырма арқылы анықталады. Амортизациялық аударымдар әрбір есепті мерзімде шығын ретінде мойындалады.
Негізгі құралдарға амортизациялық аударымдарды есептеу үшін олардың қызмет ету ұзақтығы маңызды рөл атқарады.
Объектінің қызмет ету ұзақтығы ұйымның осы объектіні пайдалану болжамын есепке ала отырп анықталады. Көп жағдайда объектінің болжамды пайдалылығы тек қана оның функционалдық пайдалығына қарай нормативтік көрсеткішіне байланысты емес (қуаттылығы, физикалық өнімділігі), сонымен қатар негізгі құралдардың моральдыө тозуына да байланысты болады.
Негізгі құралдар объектісінің болжамды қызмет ету ұзақтығы жиелі кезеңде қайта қаралып отырылуы тиіс. Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығын өзгертудің мақсаты - ұйымның қызмет жағдайының өзгерісіне байланысты негізгі құралдарды пайдаланудың нәтижесінде кірістер мен шығындардың арақатынасының дұрыстығын сақтап қалу болып саналады. Объектінің пайдалы қызмет ету мерзімін өзгертудің нәтижесі ағымда және болашақ мерзімде осы объектінің амортизациялық деңгейіне әсер етеді, ал өткен мерзімдегі жинақталған амортизация өзгертілмейді.

2.3.2 Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизацияны есептеу кезінде ұйым төмендегі әдістерді қолдана алады:
а) бірқалыпты (түзу сызықты) есептеу әдісі;
б) құнды орындалған жұмыстардың көлеміне пропорционалды шығару әдісі (өндірістік әдіс);
в) жеделдетілген әдіс:
- азайып отыратын қалдық әдісі;
- кумулятивтік әдіс.
Негізгі құралдардың әрбір түріне әртүрлі әдістерді қолдануға болады. Ұйымның таңдап алған амортизацияны есептеу әдісі есеп саясатымен анықталып, бір есепті мерзімнен екінші есепті мерзімге дейін қолданылуы тиіс.
Тікелей сызықты есептеу әдісі - объектінің функционалдық пайдалылығы оның пайдалы қызмет ету ұзақтығына байланысты емес, пайдалану уақытына байланысты болады және ол пайдалы қызмет ету ұзақтығында өзгеріссіз қалады. Амортизация объектінің қызмет ету ұзақтығында оның амортизациялатын құнын тең бөлу арқылы жүргізіледі. Мұндай әдіс бойынша амортизацияның жылдық нормасы және жылдық сомасы пайдалы қызмет ету ұзақтығында тұрақты болып қалады да, жинақталған амортизация көбейіп, объектінің баланстық құны тең үлеспен азайып отырады.
1 мысалы: Ұйым бастапқы құны 50 000 теңге болатын құрылғы сатып алды, он екі жыл пайдаланудан кейін оның болжамды жойылу құны - 5000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде жыл сайынғы амортизация сомасы былай анықталады:

50 000 теңге - 5000 теңге
-- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- = 3 750 теңге.
12 жыл
Негізгі құралдардың қызмет ету ұзақтығы, жойылу құны сияқты қажет болған жағдайда негізгі құралдардың жағдайын жоғарылату үшін жұмсалған шығындарды, сонымен қатар технологиялық өзгерістер мен тұтыну нарығындағы өзгерістерді, қызмет ету ұзақтығын қысқартуға әкелетін шаруашылық қызметінің өзгеріс нәтижесін есепке ала отырып, қайтадан қаралуы мүмкін.
2 мысал: Сатып алынған ғимараттың бастапқы құны 98 000 теңге, жойылу құны - 8000 теңге, қызмет ету ұзақтығы - 30 жыл. Құнды бір қалыпты әдіс арқылы есептен шығару кезінде амортизациялық аударымның сомасы мынаған тең болады:

98 000 теңге - 8000 теңге
-- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- = 3 000 теңге.
30 жыл

Қызмет ету ұзақтығы 12 жыл болған кезде жинақталған амортизация 36000 теңгені құрайды. 12 жылдан кейін шаруашылық қызмет түрінің өзгеруіне байланысты қызмет ету ұзақтығы және жойылу құны қайтадан қаралды: қалған қызмет ету ұзақтығы 8 жыл (яғни барлығы 20 жыл), жойылу құны - 10 000 теңге. Нақтыланған мәліметтердің негізінде қалған 10 жылға жыл сайынғы амортизациялық аударым мынаны құрайды:

98 000 теңге - 36 000 теңге - 10 000 теңге
-- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- = 6 500 теңге.
8 жыл

Дайындалған өнімнің (орындалған жұмыстың) көлеміне пропорционалды шығару әдісі объектінің функционалдық пайдалылығы уақытқа байланысты емес, оны пайдаланудың нәтижесіне негізделеді. Осыған байланысты қызмет ету ұзақтығы ұйымның осы объектіні пайдаланудың нәтижесінде өндіретін өнімнің саны немесе орындайтын қызметтің көлемімен анықталады. Бұл әдісті пайдалану кезінді амортизация объектінің амортизацияланатын сомасын қызмет ету ұзақтығы кезінде өндірген өнімнің көлеміне пропорциналды бөлу арқылы есептеледі. Жылдық амортизация сомасы жылдын жылға өзгеше болуы мүкін. Өндірілген өнімнің санына байланысты жинақталған амортизация көбейеді де, баланстық құн төмендейді.
3 мысал: Техникалық төлқұжатқа сәйкес көшірме құрылғысы 500 000 көшірме басып шығаруы немесе 10 000 сағат жұмыс істеуі керек. Құрылғының бастапқы құны - 12 000 теңге, жойылу құны - 1000 теңге. Осы мәліметтердің нәтижесінде амортизациялық норма былай анықталады:

а) 12 000 теңге - 1 000 теңге
-- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- = 0,022 теңгекөшірме;
500 000 көшірме

б) 12 000 теңге - 1 000 теңге
-- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- -- = 1,10 теңгесағат;
10 000 сағат

Есепті мерзім ішінде көшірме құрылғысы арқылы 110 000 көшірме жасалды, ал құрылғының жұмыс істеген уақыты 1900 сағат. Әрбір жағдайда жылдық амортизациялық аударым мынаған тең болады:
0,022 110 000 = 2 420 теңге;
1,10 1 900 = 2 090 теңге.
Тәжірибеде ұйым негізгі құралдар объектісінің өндірістік қуаттылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның негізгі құралдарының есебі
Негізгі құралдар және олардың амортизациясы бойынша есебі
Инвестицияның бағалануы
Негізгі құралдардың қозғалысының есебі
Коммерциялық банктерде активтер портфелін басқару
Негізгі құралдардың амортизация есебі
Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері мен есепте бейнеленуі
Инвестиция есебі. Қаржылық инвестиция есебі
Дәрілік құралдарды дайындаудың тиісті тәжірибесі
Қорлар есебінің жүйелері
Пәндер