Негізгі өндіріс шығындарының есебі және құрылыстағы калькуляциялау


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   

НЕГІЗГІ ӨНДІРІС ШЫҒЫНДАРЫНЫҢ ЕСЕБІ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ КАЛЬКУЛЯЦИЯЛАУ

  1. Құрылыс өндірісі шығындарының есебін ұйымдастыру

9. 2 Есеп объектілері

9. 3 Құрылыс - монтаж жұмыстарында баптар бойынша шығындар есебі

9. 4 «Үстеме шығындар» бабы бойынша шығындар есебі

9. 5. Калькуляциялау объектілері

Құрылыс-монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындар есебі шоттар жоспарының 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің активті шоттарында «Материалдар», «Негізгі еңбек ақы», «Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындары» және «Үстеме шығындар» калькуляциялық баптары бойынша жүргізіледі.

Мердігерлік құрылыс ұйымдары мен үйқұрылысы комбинаттары осы шоттардың дебеті бойынша тапсырыс берушілердің (салушылар) тапсырысымен орындалып жатқан құрылыс және монтаж жұмыстарының өндірісіне жұмсалған шығындарды есепке алады. Механизация басқармасы осы шоттарда субмердігер келісімшарты бойынша орындалатын құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындарын көрсетеді.

Құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірістік шығындарының есебі дайын өнім шығару мен қызмет көрсетуге дайын жеке объект немесе құрал-жабдықтармен қамтылған кәсіпорындар құрылымына кіруіне байланыссыз ішкіқұрылыстық титульді тізімге кіретін және жеке сметасы мен жобасы бар әр құрылыс (ғимарат, құрылғы) объектісі бойынша жүргізіледі.

Мердігерлік құрылыс ұйымдары, үйқұрылыс комбинаттары және механизация басқармалары 90/8110 «Негізгі өндіріс» бөлімшесінің шоттарында өз қажеттіліктері үшін капитал салымдарын жүзеге асырумен және ғимараттар мен құрылғыларды жөндеумен байланысты құрылыс - монтаж жұмыстары бойынша шығындарын есепке алады.

Үйқұрылыс комбинаттары құрылыс бөлшектері мен конструкцияларды өндіру бойынша шығындарын 8030 «Көмекші өндіріс» бөлімшесінің шоттарында есепке алады.

Субмердігерлік шарттар бойынша жеке жұмыс түрлерін (сантехникалық, жабдықтау, құрал-жабдықтарды монтаждау және т. б. ) атқаратын арнайы мамандандырылған мердігерлік ұйымдар шығындар есебін бір немесе басқа объектіде орындалатын жұмыстардың жиынтығы бойынша ұйымдастырады.

Бас мердігер құрылыс - монтаж жұмыстарының бап бойынша өндірістік нақты шығындар есебін тек қана өзі жеке орындаған жұмыстары бойынша жүргізеді. Субмердігерлерден қабылданған жұмыстар құнын бас мердігер шығын баптарына бөлместен, бірақ сәйкесті объектілер бойынша есепке алады.

Объектіде орындалған құрылыс-монтаж жұмыстарының жедел есебін натуралды және құндық өлшемде учаске басшысы Кс-6 үлгідегі орындалған жұмыстар есебінің журналында жүргізеді. Журнал мәліметтері құрылыс процесі кезінде М-29 «Өндірістік нормалармен сәйкестіргендегі құрылыстағы негізгі материалдардың шығындары туралы есептілікке» тиісті мәліметтерді толтыру үшін, құрылыс машиналары және автокөліктері орындаған жұмыс көлемін бақылау үшін, сондай-ақ жұмысшылардың еңбекақысын есептеу құжаттарында көрсетілген мәліметтерді тексеру үшін қолданылады.

Құрылыстық ұйымының өндірістік бөлімі объектіде жұмысты орындағанға дейін учаскенің басшысына орындалған жұмыс есебінің журналын (Кс-6 нысаны) береді. Бұл журналда орындалуға тиіс жұмыс көлемі мен жұмыс түрлері және конструктивтік элементтер шегінде бірлік сметалақ бағалар бойынша анықталатын құны туралы мәлімет беріледі.

Бірлік бағалар бойынша объектіде орындалған жұмыс құнының қорытындысынан кейін белгіленген пайыздар бойынша есептелген үстеме шығындар беріліп, жалпы жұмыс құны мен үстеме шығындардан жоспарлы жинақтар анықталады. Жұмыс құнының (тікелей шығындардың), үстеме шығындар мен жоспарлы жинақтардың жалпы сомасы объектідегі құрылыс - монтаж жұмыстарының сметалық құнын құрады.

Объектідегі әр жұмыс түрлерінің аяқталу көлеміне байланысты, бірақ келесі есепті айдың 1 - нен кешіктірмей орындалған жұмыстар журналда натуралды және құндық көрсеткіште көрсетіледі. Кейін бірлік бағалар бойынша орындалған жұмыстардың жалпы құны есептеліп, одан үстеме шығындар сомасы есептеледі, жоспарлы жинақтар және ай сайын учаске басшысының қол таңбасымен бекітілетін құрылыс - монтаж жұмыстарының жалпы құны анықталады. Журнал тіркелім болып табылады, оның негізінде орындалған жұмыстар мен шығындардың сметалық құны туралы ай сайын анықтама жасалады (№3 нысан) .

9. 2 Есеп объектілері

Құрылыс - монтаж жұмыстарының калькуляциялық баптар бойынша шығындар есебі есеп объектілері бойынша жүргізіледі. Шығындар есебінің объектілерін таңдау құрылыс - монтаж жұмыстарының шығындарының талдамалық есебі мен жоспарлауды ұйымдастыруда, шығындарды бақылауда және ұжымның (бригаданың, учаскенің) істеген жұмысының нәтижелерін анықтауда маңызды рөл атқарады.

Шығындардың талдамалық есебінің объектілерін таңдау құрылыс өндірісінің бөлімшелерімен анықталуы тиіс, яғни оның өнімінің құрамымен, жұмысты жүргізудің технологиялық және ұйымдастырушылық ерекшеліктерімен айқындалады.

Объектілерді таңдау критериі құрылыс өнімінің калькуляциялық өзіндік құнына, жауапты тұлғалар мен пайда болу орындары бойынша шығындарды бақылау мен талдау, олардың төмендеу резервтерін анықтауға қажетті ақпарат алу болып табылады. Осыған байланысты құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірісіндегі шығындар есебінің объектілері төмендегілер болуы мүмкін:

  1. Аяқталған және тапсырушыларға өткізілген ғимараттар, құрылғылар және басқа да құрылыс объектілері, бұл жағдайда шығындар құрылыс объектісінің калькуляциясына тікелей әдіспен енгізіледі.
  2. Жұмыс өндірушінің учаске шегіндегі біртипті объектілер тобы. Құрылыс объектілердің өзіндік құнын калькуляциялау үшін олардың арасында шығындар сметалық сызба бойынша пропорционалды түрде үлестіреді.
  3. Өндірістік кешен (құрылыс оъектісінің бөлігі) құрылыс аяқталғаннан кейін жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау үшін объектілер шегінде барлық кешен бойынша шығындар қосылып жинақталады.
  4. Құрылыс объектілер шегіндегі конструкциялық элементтер және жұмыс түрлері - шығындар жұмыс түрінің өзіндік құнына кіріп, калькуляциялық бірліктің өзіндік құны анықталады.

9. 3 Құрылыс - монтаж жұмыстарында баптар бойынша шығындар есебі

9. 3. 1 Материалдар бабы

Бұл бап бойынша материалдардың, құрылыс жартылай фабрикаттардың, бөшектер және конструкциялардың, сонымен қатар электр жылуы, жанар май, будың, судың және материалдық ресурстардың (бетонды жылыту үшін, темірбетондарды, металлдық конструкцияларды сваркілеу, және т. б. үшін) құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмсалған шығындардың құны есепке алынады.

Құрылыс - монтаж жұмыстарына жұмсалған материалдық құндылықтардың құны олардың нақты өзіндік құнымен анықталып, франко - объект қоймаға кіретіндері:

- көмекші өндірістің өнімі болып табылатын материалдардың сатып алу құны және материалдардың өзіндік құны;

- объект қоймасына материалдарды жеткізу шығындары;

- тиеу, түсіріп алу жұмыстарын қоса алғанда, дайындау - қоймалық шығындары.

«Материалдар» бабына құрылыс машиналар мен механизмдерді күтуге жұмсалған электр жылуы, жанар май және жағылушы материалдар шығындары, сонымен бірге қосалқы және көмекші өндірісте, қызмет көрсетуші шаруашылықтарда қолданылатын және үстеме, жалпы, әкімшілік шығындарың құрамында көрсетілген құрылыстың әкімшілік - шаруашылық қажеттіліктеріне жұмсалған шығындар кірмейді.

Материалдарды өндіріске жіберудің бастапқы біріншіретті құжат шектеп-алу карталар (лимиттік - заборлық карталар) мен талап - жүкқұжаты болып табылады.

Шектеп-алу карта өнімді жүйелі түрде дайындаған кезде, жұмыстарды орындау мен шектеп-алу карталар бір немесе бірнеше материалдар түріне екі данада жазылаы. Бір данасы айдың басына дейін жұмысты өндіруші учаскесіне (мастеріне), ал екіншісі қоймаға немесе цехтің (учаскенің) қоймашысына беріледі. Материалдарды өндіріске жіберу цех өкілінің өзінің шектік заборлық картасын кқрсеткеннен кейін қоймамен жүзеге асырылады.

Қоймашы екі данада жіберілген материалдардың санын және күнін белгілеп, одан кейін материалдардың әр атауы (номенклатуралық нөмірі) бойынша лимиттің қалдығын шығарады. Цехтің шектік - заборлық картасында (учаскенің) қоймашы қол таңбасын қояды, ал қойманың шектік - заборлық картада - цех өкілі.

Өндіріске материалдардың артық шектік жіберілуі және бір материалдар түрін басқасыиен ауыстыру - өндіріске материалдарды ауыстыруға (қосымша жіберілім) талап актісі толтырылады (М - 10 нысаны) .

Құрылыс ұйымының аймағынан тыс орналасқан өз шаруашылықтарына материалдарды жіберу материалдарды жіберудің (ішкі қозғалыс) талап - жүкқұжатымен (М - 15а нысаны) рәсімделеді.

Шектеп-алу карталар бойынша өндіріске материалдарды жіберу операцияларын қарастырудың екі тәсілі бар. Бір жағдайда жіберілім бригадирдің есебіне берумен түсіндіріледі және құрылыс - монтаж жұмыстарында материалдарды тікелей қолданумен байланысты болмайды.

Құрылыс - монтаж жұмыстарының өндірісіне материалдардың нақты жұмсалымы жұмыстарды өндірушінің материалдық есеп беуінде көрсетіледі. Қолданылмаған материалдардың қалдықтары бригадирдің (жұмыстарды өндірушінің) есебінде материалдық құндылықтар ретінде қарастырылады. Басқа жағдайда құрылыс - монтаж жұмыстарын орындаумен байланысты шығындар ретінде болады. Осы кезде қолданылмаған материалдардың қалдығы өндірістен қайтарылған болып саналады және өндіріс шығындарынан шегеріледі.

Құрылыс ұйымдары жұмыстардың жеке бір түрлерін орындаған кезде айналым материалдарын қолданады (мысалы, ормандарды, рельстік кранасты жолдар, ағаш қоршауларды, темірбетондық колонналарды бірнеше рет қолдану), олар құрылыс жұмыстарындағы өндірістік нормаларда қарастырылады.

Айналмалы материалдар үлкен көлемде жұмсалады, сондықтан оларды өндіріске жіберу жұмыстың өзіндік құнын қате анықтауға және олардың қайтармалы бөлігін бақылаусыз қолдануына әкеледі. Негізінен, бірнеше рет қолданылатын айналмалы материалдардың құны өндіріс шығындарына бөлшектеп жіберіледі.

Өндірістік шығындардың құрамына кіретін айналмалы материалдардың құнының бір бөлігі олардың әр айналымы мына формуламен есептеледі:

Шығындардың нормативті көлемі = Айналым материалдардың нақты өзіндік құны - Материалдардың қайтармалы құны : Айналым саны

Айналым материалдардың қайтармалы құны олардың қолданысынан кейін құрылыс ұйымымен олардың мүмкін қолданысының бағасымен анықталады.

Мысалы: Өндіріске 3 теңгеге айналым материалдары жіберілді. Жоспарлы айналым 4 құрайды. Қалдық құны 4 айналымнан соң 6000 теңге. Бұл жағдайда бір айналымға кеткен шығындар көлемі 6000 ((3 - 6000) : 4) теңгені құрайды.

Айналым материалдардың құны құрылыс - монтаж жұмыстарының өзіндік құнына «Материалдар» бабы бойынша олардың айналым саны мен қайтарым сомасын есепке алғандағымен қоса кіреді.

Өндірістік қоқыс - қалдықтар (отходы) . Материалдардың, наличниктер мен табалдырық, плинтустардың ағаш материалдары, қорғасын профильді және сорттық қорғасын трубалар және басқа да плиталық, рулондық ұзынкөлемдік материалдардың шығындалуы кезінде әр түрлі кесінділер мен қоқыстар түрінде қоқыс - қалдықтар мен зиян шегулер болады. Бұл жағдай материалдардың ұзындығы бөлшектердің ұзындығымен сәйкес келмегендіктен болуы мүмкін.

Қоқыс - қалдықтар өнімді өндіру (жұмыс, қызмет көрсету) процесінде пайда болатын және бастапқы тұтынушылық қабілеттен айырылған немесе көп көлемдегі шығындармен байланысты материалдық ресурстар қалдықтары болып табылады.

Қоқыс-қалдықтарды жинау мен қолдану мәніне қарай қайтарылатын, ұйымның өзі тұтынатын немесе басқа жаққа өткізілетін және қайтарымсыз (угарлар, усушкалар, шаң - тозаң) болып жіктеледі, олар техника мен технологияның осындай жағдайында қолданысқа ие бола алмайды.

Есепте тек қайтарылатын және олардың мүмкін қолданысы мен өткізілуінің бағасы ойынша бағаланатын қоқыс - қалдықтар көрсетіледі.

Қайтармсыз қоқыс - қалдықтар бағаланбайды.

Құрылыста қайтарылатындарға ағаш плиталар, тақтайлардан қалған қоқыс - қалдықтар жатады.

Металл қалдықтары механикалық шеберханаларда қолданылуы немесе металл сынықтарға өткізілуі мүмкін. Кірпіш, бетондық, керамикалық және басқа да тастан жасалған материалдардан бой (тходы в виде боя) түрінде қалдықтар пайда болып, кіріске алынып, бут негізінде қолданылуы тиіс.

Объектілер құрылысына кеткен материалдық ресурстар есепте мына жазбалармен көрсетіледі:

Дебет 8110

Кредит 1310, 1350 - учаскі басшысының (прораб) есебі бойынша материалдарды есептен шығару;

Дебет 8110

Кредит 3310 - технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін жабдықтау-шылардан алынған электр, жылудың, жағар - жанар майдың, бу мен судың құны;

Дебет 8110

Кредит 3320 - 3330 - технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін еншілес, бірлескен және ассоциацияланған ұйымдардан алынған электр, жылудың, жағар - жанар майдың, бу мен судың құны;

Дебет 8110

Кредит 8310 - технологиялық мақсаттар және қызметтер үшін өздерінің көмекші өндірістерден алынған электржылудың, жағар - жанар майдың, бу мен судың құны;

Дебет 8110Кредит 1310, 1350:

Дебет 8110

Кредит 1310, 1350

- бастапқыда есептен шығарылған, бірақ қолданылмаған материалдардың құны шегеріледі;

Дебет 1350

Кредит 8110 - өндірістік қалдықтардың кірістелуі;

Дебет 1620

Кредит 1350 - айналым материалдардың құнының бастапқы есептен шығарылуы;

Дебет 8110

Кредит 1620 - есеп беру мерзімінде өндірістің өзіндік құнына енгізілуі тиіс айналым материалдардың құн бөлігін есептен шығару.

  1. «Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы» бабы бойынша шығындар есебі

Бұл бап бойынша құрылыс, монтаж және басқа да мердігерлік жұмыстарды орындайтын және материалдарды өздері салуға дайындайтын, апаратын жұмысшылардың (соның ішінде тізімдік емес жұмысшылардың құрамы) негізгі еңбек ақысы есепке алынады.

Бұл бап бойынша тастарды дайындаумен және ұнтақтаумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы көрсетіледі.

Құрал - жабдықтарды монтаждау кезінде бұл бап бойынша тек монтажниктердің еңбек ақылары ғана емес, сонымен бірге монтаждау аймағында құрал - жабдықтардың бөліктерін, металл конструкцияларын бояумен және құрал - жабдықтардың орамын ашу, тараларды жинау, сонымен қатар құрал - жабдықтарды қолданысын тексерумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетіледі.

«Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы» еңбекақының мерзімдік және кесімді нысандары бойынша артық жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсіз жұмыстың тұрып қалуы үшін, жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер, жұмыс жағдайларының күрделілуіне байланысты қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіз болған ақау үшін төлемдерден, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту және негізгі еңбек ақының басқа да түрлерінен құрылады.

Бұл бап бойынша қосалқы және көмекші өндірісте құрылыс машиналарын және механизмдерді жүргізетін, басқаратын және оларды жөндеумен, уақытша құрылғылардың құрылысымен, құрылыс алаңдарды жақсарту және орналастырумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары есепке алынбайды. Сонымен қатар бұл бап бойынша құрал - жабдықтардың бас - монтаждау жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетілмейді және т. б.

Негізгі еңбек ақы «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары» 902/ 8010 шот дебеті бойынша, ал «Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысу» 681/ 3350 шот кредиті бойынша көрсетіледі.

Құрылыста қосымша еңбек ақы шығындар сметасында үстеме шығындар құрамына кіретіндіктен, есепте де ол үстеме шығындар құрамында қарастырылуы тиіс.

Құрылыс - монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары біріншіретті құжаттар негізінде белгілі құрылыс объектілеріне тікелей жатқызылады.

Объектілерге тікелей жатқызылмайтын негізгі еңбек ақылардың құрамына кіретін төлемдердің жеке түрлері (мысалы, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту немесе жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер және т. б. ) құрылыс объектілер арасында жұмысшылардың тікелей негізгі еңбек ақыларына пропорционалды түрде үлестіріледі.

  1. «Құрылыс машиналарын және механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша шығындардың есебі

Құрылыс өндірісінің интенсификациясы оның механикаландырылуы мен автоматтандырылуына байланысты болады. Құрылыс объектілерінің жалпы өзіндік құнында техникалық прогресстің өсу көлемі бойынша құрылыс машиналарын қүту мен қолдануға жұмсалған шығындардың үлесі жұмысшылардың еңбек ақысына кеткен шығындар үлесінің азаюы есебінен өседі. Мұнынң бәрі құрылыс машиналары мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар есебін қажет етіп, жеке бапта ерекше көрсетілуі тиіс. Құрылыс машиналары мен механизмдерді күту, ұстау және қолдануға жұмсалған шығындар есебі бұл мақсаттарға жұмсалған қаражаттарды бақылауды жүзеге асыруға және оларды объектілер арасында дұрыс үлестіруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда көрсетілгендей, құрылыс машиналары мен механизмдерді қолданудың әр түрлі нысандары бар. Құрылыс машиналары мен механизмдер құрылыс ұйымдарына тиесілі болып, сол ұйымның балансында есепке алынады. Бұндай жағдайда оларды қолдануға кеткен шығындар ай ішінде 920/8130 «Көмекші өндірістер» шотында жинақталады, «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшоты ай аяқталған соң әр құрылыс учаскесі бойынша «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша берілген учаскенің жұмысының өзіндік құнына апарылады.

Кейбір мердігерлік ұйымдарда құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану үшін жеке құрылымдық бөлімше құрылады. Сонымен қатар, машиналардың құрылыс - монтаждау учаскесіне берілетіндігіне қарамастан, машинистердің механизация учаскесінің персонал құрамына жатады. Сондықтан машиналарды пайдалану бойынша шығындар деңгейне байланысты барлық жауапкершілік механизациялау бөлімшесінің ұжымына жүктеледі.

Құрылыс - монтаждау учаскесі өзіне берілген техниканы толық қолдануға ұмтылып, соның нәтижесінде машиналарды пайдалануға кеткен шығындарды азайта алады. Осы жағдайда 8130 «Көмекші өндірістер» шотының "Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшотында тиісті шығындар жинақталып, учаскенің құрылыс - монтаждау жұмыстарының өзіндік құнына механизация учаскесінің қызмет түрі ретінде жоспарлық өзіндік құн бойынша жатқызылады. Нәтижесінде жоспарлық өзіндік құн нақты құнына дейін жеткізіледі.

Құрылыс машиналарды пайдалануды жақсарту мақсатында олар механизация трестілерінде (басқармада) орналастырылуы мүмкін. Мердігерлік құрылыс ұйымдары механизация трестінің қызмет құнын 8110 шоттың дебеті бойынша («Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы) және 3310 «Төленуге тиіс шоттар» шот кредиті бойынша көрсетеді. Егер мердігерлік ұйым машиналарды жалға алу шарты бойынша қолданса, онда прокаттың құны 8130 «Көмекші өндірістер» шотының "Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану» субшотына апарылады және басқа шығындармен қатар көрсетілген машиналардың өзіндік құнын құрайды.

Егер механизация басқармалары (трест) мердігер ретінде жұмысты орындайтын болса, онда олар машиналар мен механизмдерді қолданумен байланысты барлық шығындарды өздерінде есепке алып, құрылыс ұйымына жұмыстарды орындағандары үшін шотты ұсынады.

Механизация басқармаларының шоттары негізінде құрылыс ұйымдары қызмет құнын 8110 «Негізгі өндіріс» шот дебеті бойынша және 3310 «Төленуге тиіс шоттар» кредиті бойынша «Құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындар» бабы бойынша емес, «Мердігерлерден қабылданған жұмыстар құны» бабы бойынша көрсетіледі.

Меншікті құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған шығындар және механизмдердің қызмет құнын көп жағдайда объектілердің өзіндік құнына тікелей жолмен апарады. Бірақ кейбір жағдайларды құрылыс машиналар мен механизмдер бір уақытта бірнеше құрылыс объектілеріне олардың көмегімен әр түрлі жұмыстар орындалады. Мысалы, құрылыс - монтаждау жұмыстары, материалдарды түсіру және тасымалдау, грунт, қар шығару және т. б. Бұл кезде құрылыс машиналар мен механизмдерді қолдану бойынша шығындарды объектілер және шоттар бойынша жанама әдіспен бөлуді қажет етеді.

Үлестіру базасы дегеніміз орындалған жұмыстардың физикалық көлемі және оның сметалық құны, кейде жұмыстардың нормативті өзіндік құны немесе машиналардың жұмысының сағат саны болып табылады.

9. 3. 4 «Үстеме шығындар» бабы бойынша шығындар есебі

«Үстеме шығындар» бабы бойынша құрылыс - монтаждау жұмыстарына жататын үстеме шығындар көрсетіледі және 8010 «Үстеме шығындар» шотты дебеттеліп, 840 «Үстеме шығындар» шоты кредиттеледі.

Негізгі өндірістің үстеме шығындары құрылыс ұйымдарында ай сайын ең алдымен, жұмыс түрлері арасында үлестіріліп, кейін құрылыс объектілері арасында тікелей шығындарға пропорционалды түрде бөлінеді, бұл үшін келесі есеп құрылады ( 8 және 9 кестелер) .

22 кесте - Жұмыс түрлері арасында үстеме шығындарды бөлу бойынша есеп

Жұмыс түрлері
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг)
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100)
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг)
Жұмыс түрлері: 1
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг): 2
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100): 3
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг): 4
Жұмыс түрлері: Құрылыс жұмыстары
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг): 10 850 750, 0
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100): 14, 34
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг): 1 559, 998
Жұмыс түрлері: Құрал -жабдықты монтаждау
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг): 1 676 500, 0
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100): 14, 34
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг): 240 410
Жұмыс түрлері: Толық жөндеу
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг): 14 500, 0
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100): 14, 34
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг): 2 079
Жұмыс түрлері: Жиыны
Тікелей шығындар сомасы (мың, тг): 12 451 750
Үстеме шығындар пайызы (1б ×100): 14, 34
Үстеме шығындар сомасы (мың, тг): 1 789 487, 0

23 кесте - Құрылыс объектілері арасында үстеме шығындарды бөлу бойынша есеп

Құрылыс объектілері
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг)
Үстеме шығындар пайызы
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг)
Құрылыс объектілері: 1
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 2
Үстеме шығындар пайызы: 3
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 4
Құрылыс объектілері: 1. А цехінің ғимараты
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 5 020 500
Үстеме шығындар пайызы: 14, 34
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 719 940
Құрылыс объектілері: 2. № 1 цех ғимараты
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 4 078 730
Үстеме шығындар пайызы: 14, 34
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 584 891
Құрылыс объектілері: 3. Цех қоймасының ғимараты
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 1 740 800
Үстеме шығындар пайызы: 14, 34
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 249 630
Құрылыс объектілері: 4. Гараж
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 10 720
Үстеме шығындар пайызы: 14, 34
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 1 537
Құрылыс объектілері: Жиыны
Тікелей шығындар сомасы(мың, тг): 10 850 750
Үстеме шығындар пайызы: 14, 34
Үстеме шығындар сомасы(мың, тг): 1 555, 998
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ЖШС «Камаш-Строй» құрылыстағы өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Құрылыстағы шығыстардың есебі және аудиті
Құрылыс компаниясында өнімнің өзіндік құнын есептеу
Құрылыстағы бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Құрылыста бухгалтерлік есепті жүргізудің ерекшеліктері
Жұмыстың көлемі мен құрылымы
Монтаждық-жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру негізі
Аяқталмаған құрылыс есебі
Құрылыс қызметінінң объектілері
Құрылыс шығындарының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz