Құрылыс машиналары мен механизмдерінің және көмекші өндіріс жұмыстарының есебі.

7.1.Құрылыс механизмдері мен машиналары жұмысының есебі.
7.2. Механизация басқармасындағы (тресті) шығындар есебі және жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау
7.3. Механизация басқармасындағы (тресті) шығындар есебі және жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау
7.4 Қосалқы (көмекші) өндріс есебі

0.2. Механизация басқармасындағы (тресті) шығындар есебі және жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау
0.3. Механизация басқармасындағы (тресті) шығындар есебі және жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау
7.4 Қосалқы (көмекші) өндріс есебі
Құрылыс өндірісінің дамуы негізінен жалпы еңбек процесінің, қол еңбегінен әр түрлі механизмдерге ауыстырылуы арқылы жүзеге асады. Техникалық прогресстің дамуына қарай құрылыс объектісін салу мерзімі азайып, оның сапасы артады, сәйкесінше жалпы өзіндік құнның құрамындағы құрылыс механизмдері мен машиналарын пайдалану шығындарының үлесі артады, осының есебінен еңбек шығындары азаяды.
Құрылыста сан алуан құрылыс машиналары мен механизмдері қолданылады. Өзінің мақсатына сай оларды жер, жол және қазу жұмыстарына, инертті материалдарды өңдеуге, бетонды және ерітіндіні дайындау мен тасымалдауға, әрлеу және сырлау жұмыстарына, көлденең тасымалдау, арматураларды кесу және түйіндеуге, жолдың жоғарғы қабатын нығыздау және қалауға арналған механизмдерге жіктейді.
Бұл топтардың әрқайсысының құрамына аталуы, конструкциялық ерекшелігі, техникалық сипаты мен қуаты әртүрлі механизмдер кіреді. Мәселен, жер жұмыстарын орындайтын грейдерлер, бульдозерлер, шөміштері әртүрлі эксковаторлар, тиеу-түсіру және жоғары-төмен тасымалдау жұмыстарына арналған мұнаралық крандар, әртүрлі тиеуіш механизмдер т.б. қолданылады.
Тиеу-түсіру жұмыстары мен тігінен тасымалдау жұмыстары үшін материалдардың саналуан (цемент, кірпіш, т.б.) түрлерін тасуға арналған көтергіштер (автомобильді, теміржол, шынжыртабан, мұнаралық крандар, т.б.) пайдаланылады.
Соңғы жылдары шағын механизация құралдарының өндірісі қарқындап дамуда. Осы механизмдерді пайдалану тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу үшін оларды ұқсас түрлері бойынша топтастыру қажет.
Экскаваторлар, скреперлер, бульдозерлер, крандар, автрогрейдерлер, автокөтергіштер, жерді қазу снарядтары бөлек топтарға бөлінеді.
Техникаларды түрлері бойынша топтастыру құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалануға жұмсалған шығындардың талдамалық есебін жүргізу үшін де қажет.
Есептің міндеттеріне жатады: машиналардың көмегімен орындалған жұмыстардың көлемін анықтау және жұмыстардың жеке бір түрлерін механикаландырудың нақты деңгейін анықтау; құрылыс машиналары паркінің пайдаланылуын уақыт бойынша да, қуаты бойынша да бақылау; құрылыс машиналар мен механизмдерін пайдалануға жұмсалған жалпы шығындардың деңгейін, сондай-ақ әрбір объектінің құрылысына жұмсалған осы шығындардың көлемін бақылау; объектілер мен жұмыс түрлеріне, сондай-ақ шығын баптарына шығындардың дұрыс таратылуын қадағалау; машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған материалдық және ақшалай қаражаттардың үнемді әрі тиімді пайдаланылуын бақылау.
Құрылыс-монтаж өндірісінде механизмдерді пайдалану екі жолмен жүзеге асырылуы мүмкін: механизмдер құрылыс басқармасының иелігінде болып, оның балансында есепке алынады; құрылыс трестерінің құрамында машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша арнайы ұйымдар (механизация басқармасы) және құрылыс ұйымдарына субмердігер шартымен машиналар мен механизмдерді беретін арнайы трестер құрылады, олар жалға (қызмет көрсететін жұмысшысыз) және қызмет көрсету (қызмет көрсететін жұмысшымен бірге) ұсынады.
Механизация трестері (басқармасы) ірі және күрделі машиналарды пайдалануды ұйымдастырады, олардың механизмдерді жөндейтін және қызмет көрсететін жоғары кәсіби дәрежедегі арнайы мамандары болады.
Бірқатар машиналар мен механизмдер құрылыс ұйымдарына келісім-шарт бойынша жалға пайдалануға беріліп, ол бойынша төлем жалгерде машинаның жұмыс жағдайында болған күнтізбелік уақыты бойынша жасалады. Бұл кезде құрылыстың кінәсінен машиналардың кідірісі механизация трестіне толық көлемде төленеді.
Механизация трестері жер немесе басқадай құрылыс-монтаж жұмыстарын өз меншігіндегі механизмдердің көмегімен субмердігер шартында орындаған немесе машиналар мен механизмдерді құрылыс ұйымдарына қызмет көрсететін жұмысшымен қоса берген жағдайда, төлем орындалған жұмыс көлеміне белгіленген баға бойынша немесе механизмдердің күнтізбелік кезеңдегі жұмысының машина-ауысым санына қарай төленеді. Нәтижесі 6010 Дайын өнімді (тауар,қызмет көрсету) өткізуден түскен табыс шотында көрініс табады. Механизация трестінің мердігер шартымен орындаған жұмыстарының құнын құрылыс ұйымдары 8010 Негізгі өндіріс (мердігерлерден қабылдаған жұмыстар бойынша аяқталмаған құрылыстың құрамында) есептейді. Осы шотқа механизация трестінен қызмет көрсететін жұмысшысымен қоса берілген машиналардың машина-ауысымына төленген сома да кіреді. Жалға алған кезде (машиналардың ұйымда болған күнтізбелік уақытын төлегенде) жал құны мен машиналарды пайдалануға жұмсалған басқадай шығындардың құны 8030 Көмекші өндіріс шотының Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану аралық шотында есепке алынады.
Құрылыс машиналарының жұмысын есепке алудың негізгі алғашқы құжаты ЭМ-1 үлгідегі құрылыс машиналарының жұмысы туралы ауысым рапорты болып табылады, ол бір машинистпен немесе моторшымен басқарылатын агрегаттар бойынша немесе ұқсас машиналардың тобы бойынша жасалады.
Бұл үлгіден басқа механизация басқармасында механизмдер мен машиналардың жұмысының алғашқы есебі келесідей құжаттарды қолдану арқылы жүзеге асырылады:
1. "Мұнаралы кран жұмысы туралы рапорт" (ү. № ЭСМ-1)-механизация басқармасында жүргізіледі;
2. "Құрылыс машинасының жол қағазы" (ү. № ЭСМ-2). Бұл құжат сағаттық ақы төлеу нысанында абтомобильді шассилі құрылыс машиналарының жұмысын есепке алу үшін механизация басқармасы мен құрылыс ұйымдарында пайдаланылады.
3. "Құрылыс машинасының қызметі туралы рапорт" (ү. № ЭСМ-3). Сағаттық еңбекақы төлеу нысанында құрылыс машиналарының жұмыс есебін жүргізу үшін механизация трестінде қолданылады.
4. "Құрылыс машиналарының қызметі туралы рапорт-тапсырма" (ү. № ЭСМ-4). Құрылыс ұйымының баланысында тұрған құрылыс техникаларының жұмысын рәсімдеуге және кесімді жұмыстар бойынша тапсырмалардың орындалу есебін жүргізуге арналған.
Алғашқы құжаттардың көрсетілген нысандары уақыт пен еңбек шығымы бойынша нормалары белгіленген машиналар мен механиздер жұмысын есепке алу үшін қолданылады. Алғашқы құжаттармен қоса құрылыс машиналары (механизмдері) жұмысын есепке алу журналы (ЭСМ- 6) жүргізіледі. Онда рапорттардың мәліметтері (№ЭСМ-1,3,4) және автомобильді шассиі бар құрылыс машиналарының жұмысы туралы (ЭСМ-2) жолдама қағаздардың мәліметтері жинақталады.
Ұсақ механизмдердің жұмысының есебі рапорт рәсімделмей-ақ тікелей ЭСМ-6 үлгідегі журналда жүргізіледі. Бұл кезде олардың құрылыс учаскесінде болған күнтізбелік уақыты ғана жазылады.
0.4. Механизация басқармасындағы (тресті) шығындар есебі және жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау
Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану әралуан шығындарды тудырады. Сипатына байланысты бұл шығындарды бірмезгілдік және ағымдық шығындарға жіктейді.
Бірмезгілдік шығындар құрылыс техникасының кезең сайын құрылыстың бір алаңынан екіншісіне орын ауыстыруымен байланысты туындайды.
Бірмезгілдік шығындардың құрамына кіреді:
* машиналар мен механизмдерді көлік тасымалдау, оларды тиеу, түсіру, монтаждау және сынау шығындары, сондай-ақ құрылыс алаңы шегінде механизмдерді қайта орналастыру шығындары, оның ішінде, жұмысшылардың еңбекақысы, жүк көтергіш механизмдерді пайдалану шығындары, материалдар шығыны және т.б.
* құрылыс машиналары мен механизмдерін бекітуге қажетті уақытша көмекші құрылғыларды тұрғызу шығындары, сондай-ақ осы құрылғыларды бұзып жинау шығындары, оның ішінде жұмысшылардың еңбекақысы, материалдар шығыны және т.б.
Ағымдағы шығындардың құрамына енгізіледі:
* машиналар мен механизмдерді басқарумен және қызмет көрсетумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақысы (машинистер, мотористер, бульдозершілер, т.б.);
* электрэнергиясының, отынның, жанар - жағар май және өзге де көмекші материалдардың құны;
* машиналарға техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстарының құны;
* жалға алынған машиналар мен механизмдерді пайдаланғаны үшін төленетін жал ақы;
* машиналар мен механизмдерді пайдалануға жұмсалған басқада шығындар.
Бұл шығындардың құрамына механизмдермен өңделетін немесе қайта өңделетін материалдардың (цемент,т.б.), сондай-ақ механизмдерге тікелей қызмет көрсетпейтін өндірістік жұмысшылардың еңбек ақысы кірмейді.
Бірмезгілдік шығындар 1620 Болашақ кезеңнің басқадай шығыстары шотының дебеті (3350, 8030, 1310,1350 және басқа шоттардың кредиті ) бойынша есептеледі.
Машиналар мен механизмдердің жұмыстарының құнын анықтаған кезде бірмезгілдік шығындар толық сомада емес, нормативтік есептеулер негізінде бөліп-бөліп есептен шығарылады. Бірмезгілдік шығындар құрылыс машиналарын пайдалану құнына құрылыс алаңында болған бүкіл мерзім ішінде бөлінуі және көшірілуі тиіс. Ай сайын 1620 Болашақ кезеңнің шығыстары шотынан (8030) Көмекші өндіріс шотының Құрылыс машиналары мен механизмдерін пайдалану аралық шотына төмендегі формуламен анықталған сомада шығысқа шығарылады:
С= (формула)
Мұндағы, С - бірмезгілдік шығындардың ай сайын шығысқа шығарылуға жататын сомасы;
Е - бірмезгілдік шығындардың ай басында бөлінбей қалған және есепті айда қалыптасқан сомасы;
Z - есепті айда орындалған машина - ауысымның саны ;
К - жоспар бойынша учаскеде орындалатын машина - ауысымның саны.
Бірмезгілдік шығындардың бөлінбей қалған бөлігі баланста Болашақ кезеңдердің шығыстары шотында көрсетіледі.
Механизация басқармасы (тресті) пайдалану қызметінен басқа мердігерлік жұмыстарды да қоса атқарады. Мердігерлік жұмысқа құрылыс машиналарының бір бөлігі қатысады. Қалған жартысы басқа қызмет көрсету үшін пайдаланылады. Сондықтан механизация басқармасында мердігерлік жұмыстарды орындаумен байланысты шығындар, машиналар мен механизмдерді пайдалану жұмсалған шығындардан бөлек есепке алынады. Осыдан келіп құрылыс машиналарының қызметінің өзіндік құнын және субмердігерлік жұмыстардың өзіндік құнын калькуляциялау қажеттілігі туындайды.
Механизация трестінде (басқарма) машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындары ұқсас машиналардың топтары бойынша 8030 Көмекші өндіріс шотында жүргізіледі. Машиналар мен механизмдерді пайдалану қызметінің өзіндік құнын есепке алу және калькуляциялау келесідей баптар тізімдемелері бойынша жасалады:
* материалдар;
* жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы;
* машиналар мен механизмдерді жөндеу;
* машиналарды қайта орналастыру бойынша шығындар;
* машиналарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем;
* машиналар мен механизмдердің тозуы;
* рельстік және рельстік емес жолдарды күтіп ұстау және жөндеу;
* үстеме шығындар.
Материалдар бабы бойынша мотордың жұмыс істеуі үшін жұмсалған энергияның, бензиннің, дизельді отынның және басқадай жанар-жағар майлардың нақты өзіндік құны көрсетіледі. Осы бап бойынша машиналарға құюға және тетіктерді майлауға жұмсалған майлардың, машиналарды пайдалану кезінде тұтынылған басқадай майлардың шығыны есепке алынады. Осы бапта ауыстыру құралдарының тозу сомасын да көрсеткен дұрыс.
Жұмысшылардың негізгі еңбекақысы бабына машиналар мен механизмдерді пайдалану кезінде осы техникаларды басқаратын және оған қызмет көрсететін жұмысшылардың (моторшылар, машинистер, олардың көмекшілері) еңбек ақысы кіреді.
Бұл бапқа аталған жұмысшылардың негізгі еңбекақысының барлық түрлері, түнгі жұмыс уақыты үшін, жұмысшының кінәсінен болмаған кідірістер үшін төленетін қосымшалар және сыйақылар, т.б. енеді.
Следует отметить, что основными положениями по планированию и учету себестоимости строительно-монтажных работ (введенных с июля 1987г.) было предусмотрено учет дополнительной заработной платы рабочих в составе накладных расходов.
Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құнын жоспарлау және есепке алуға арналған ережеде ( 1987 жылы шілдеден бастап енгізілген) жұмысшылардың қосымша еңбекақысының есебін үстеме шығындар құрамында қжүргізу қарастырылған.
Машиналар мен механизмдерді жөндеу бабы бойынша жөндеумен байланысты жөндеу материалдары, көмекші бөлшектер, жөндейтін жұмысшының еңбек ақысы мен басқа да тікелей шығындар есептеледі.
Машиналарды қайта орналастыру бойынша шығындар бабында машиналарды басқа құрылыс объектілеріне қайта орналастырумен байланысты барлық шығындар, механизмдерді монтаждау мен демонтаждау, сол кезенде қызмет көрсететін жұмысшылардың еңбек ақысы, көлік шығындары қаралады.
Машиналарды пайдаланғаны үшін жалгерлік төлем бабында құрылыс ұйымдарына қызмет көрсететін жұмысшысыз берілген машиналарды пайдалану шығындары есептеледі.
Машиналар мен механизмдердің тозуы бабына есептелген тозу сомасы кіреді.
Рельстік және рельстік емес жолдарды жөндеу бабы бойынша рельстік жолдарды, мұнаралық крандарды жұмыс күйінде сақтаумен байланысты барлық шығындар немесе әртүрлі механизмдер үшін арналған жолдарды жұмыс күйінде сақтау бойынша шығындар есептеледі.
Үстеме шығындар бабына машиналар мен механимздердің сыртқа көрсеткен қызметтеріне апарылған үстеме шығындардың бір бөлігі кіреді.
Үстеме шығындар 8410 Үстеме шығындар бөлімшесінің шоттарында есепке алынады.
Механизация басқармасында калькуляциялау объектісі машиналар мен механизмдерді пайдалану шығындарының объектісімен сәйкес келеді, яғни шығындардың бөлек есебі ұйымдастырылған ұқсас машиналардың топтары бойынша орындалған жұмыстардың өзіндік құны калькуляцияланады.
Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы, отын, жанар-жағар май , электрэнергиясы, көмекші материалдар ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz