Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Ақша және есеп айырысу операцияларының есебі

  1. Кассалық операциялардың есебі

6. 2 Банктегі есеп айырысу (ағымдық) шоты және арнайы шоттар бойынша операциялардың есебі

6. 3 Басқа банктік шоттардағы операциялардың есебі

6. 4 Валюталық операциялардың есебі

  1. Бағамдық айырмашылықтар есебі.

Әрбір ұйымның қолма-қол ақшалары мен ақша құжаттарын (пошта маркалары, мемлекеттік баж маркалары, облигациялар және т. б) сақтау және беруге арналған кассасы болуы тиіс. Касса орны оқшауланған, арнайы жабдықталған әрі күзет-өрт дабыл құралдарымен жарақталған болуы қажет.

Ұйым басшылары ақшаның касса бөлмелерінде сақталуымен қатар, оларды банк мекемесінен әкелу және банк мекемесіне жеткізу кезіндегі қауіпсіздікті де қамтамасыз етуге міндетті. Ұйым басшылары ақша қаражаттарын сақтау және тасымалдаудың тиісті сақтық шараларын жасамаған жағдайда заңмен белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тартылады. Касса есігі операциялар жүргізіліп жатқан кезде ішкі жағынан бекітілуі тиіс. Касса жұмысына қатысы жоқ тұлғаларға касса бөлмесіне кіруге рұқсат етілмейді.

Ұйымның барлық қолма-қол ақшалары мен бағалы қағаздары, әдетте, сейфтерде немесе жанбайтын металды шкафтарда сақталады, олар касса жұмысы аяқталғаннан кейін кілтпен жабылып, кассирдің сүргіш мөрімен бекітіледі. Кілт пен мөр кассирдің өзінде болады, оларды белгі бір жерлерде қалдыруға, бөтен адамдарға беруге не болмаса есепке алынбаған көшірмелерін жасауға тыйым салынады.

Есепке алынған көшірмелер кассир мөрлеп жапқан пакеттерге, қорапшалар мен тағы басқа қалталарға салынып, ұйым басшыларында сақталады. Кассада осы ұйымға тиісті емес қолма-қол ақшалар мен басқа да құндылықтарды сақтауға тыйым салынады.

Кассирге қабылдап алған барлық құндылықтары үшін материалдық жауапкершілік жүктеледі. Кассир ұйымға қасақана немесе өз міндетіне бейжай әрі тиянақсыз қарауы нәтижесінде тигізген зияны үшін де толық материалдық жауапкершілікті өз мойнына алады.

Ұйым басшылары кассирді жұмысқа қабылдау туралы бұйрық (шешім, қаулы) шыққаннан кейін оны қолын қойдыра отырып, кассалық операцияларды жүргізу ережесімен таныстыруға міндетті, содан кейін кассирмен оның жеке материалдық жауапкершілігі туралы келісімшарт жасалынады.

Бір ғана кассирі бар ұйымда кассирді уақытша алмастыру қажеттілігі туындаған жағдайда оның қызметін орындау ұйым басшысының жазбаша бұйрығымен (шешім, қаулы) басқа қызметкерге жүктеледі. Осы қызметкермен оның толық дербес жауапкершілігі туралы келісімшарт жасалады.

Ұйымда бір ғана касса (бас) болуы тиіс. Ал егер ұйымда бөлімшелер саны көп болса, онда еңбекақыны, жәрдемақы мен сыйақыны төлеуді ұйым басшысының жазбаша бұйрығымен кассирден басқа қызметкер жүргізе алады. Қызметкермен оның толық материалдық жауапкершілігі туралы келісімшарт жасалып, оған Қазақстан Республикасында кассалық операцияларды жүргізу ережесіне сәйкес кассирлерге қойылған барлық құқықтар мен міндеттер жүктеледі.

Ақша қаражаттарының кірістелуі. Ұйым кассасына қолма-қол ақшалар банктегі есептік және басқа да шоттардан, және басқа көздерден (тауарлы-материалдық қорларды өткізуден, қызмет көрсетуден, қызметкерлер қарызын төлеуі, т. б. ) келіп түседі. Ұйым банктен қолма-қол ақшаларды кассирдің атына жазылған чек бойынша кассирден алады. Қолма-қол ақшалардың келіп түсуін бас бухгалтер және кассир қол қойған кіріс кассалық ордерімен (Ф№ Ко-1) рәсімделеді. Жеке тұлғалардан ақшаларды алғанда оларға бас бухгалтер немесе оған уәкілетті тұлғамен және кассир қол қойылған, кассирдің мөрімен немесе кассалық аппараттың чегімен куәландырылған квитанция беріледі. Кіріс ордерінде нөмір, күні және басқа да міндетті реквизиттер, сонымен қатар ақшалар не үшін алынғаны көрсетіледі.

Ақша қаражаттарын беру. Кассадан қолма-қол ақшаларды беру шығыс кассалық ордерлер бойынша немесе дұрыс рәсімделген төлем ведомосьтері, шоттары, ақшаны беру туралы өтініштер және басқалары бойынша шығыс кассалық ордерлерінің көрсеткіштерімен арнайы штампты қою арқылы жүргізіледі. Олар басшылармен және бас бухгалтер немесе оған оған уәкілетті тұлғамен қол қойылуы тиіс. Ақшаны беру туралы құжаттарды бухгалтерия береді. Кассалық шығыс ордерлеріне қосымша құжаттарда, өтініштер мен шоттарда Ұйым басшысының рұқсат етілген қолы бар болған жағдайларда шығыс кассалық ордерлерге қол қою міндетті емес. Ақшаны шығыс кассалық ордері бойынша немесе оны алмастыратын құжат бойынша жеке тұғаға бергенде кассир алушының аты-жөнін куәландыратын құжатты ұсынуды сұрайды, құжат нөмірін, кіммен және қайда берілгенін ордерде жазып, алушыдан қолхат алып қалады. Ақша алғандығы туралы қолхат тек өз қолымен сиямен немесе қаламсап сиясымен алынған соманы : теңге- жазумен, тиын - санмен көрсетіліп жазылады.

Кассир ақшаны тек шығыс кассалық ордерде көрсетілген тұлғаға ғана бере алады. Егер ақша сенімхат бойынша берілсе, онда ордердегі алушының аты-жөнінен кейін бухгалтерия ақшаны беру сенімді тұлғаның аты-жөні көрсетіледі. Егер ақшаны беру ведомосьтер бойынша жүргізілсе, онда ақшаны алғандығы туралы қолхаттың алдында кассир : «сенімхат бойынша» деген жазу жазады.

Еңбекақы, уақытша жұмысқа қабілетсіздік бойынша төлемдер, стипендиялар, премияларды төлеуді кассир төлем (есептеу-төлем) ведомосьтері бойынша, әр алушыға шығыс кассалық ордерін жасамай жүргізеді.

Төлем ведомосінің титулды (басты) бетінде ақшаны беруге Ұйым басшысы мен бас бухгалтер немесе оған уәкілетті тұлғаның рұқсат беруші қолдары қойылады. Ол жерде, сонымен қатар, ақшаны беру мерзімі мен сомасы жазумен көрсетіледі. Ведомосьтер бойынша ақшаны беру мерзімі өтіп кеткеннен кейін (әдетте үш жұмыс күнінің ішінде) тиісті соманы алмаған тұлғаларының аты-жөнінің тұсына кассир «Депонирленген» штампын басады және депонирленген сомалардың реестрлерін түзеді. Ведомостер бойынша берілген ақша қаражаттарының жалпы сомасына шығыс кассалық ордерін жазады.

Кіріс және шығыс кассалық ордерлерін немесе оларды алмастыратын құжаттарды ақша әкелуші немесе алушы тұлғаларға беруге тыйым салынады. Кассалық ордерлер бойынша ақшаларды алу немесе беру тек оларды құру күнінде ғана мүмкін болады. Шығыс немесе кіріс кассалық ордерлері немесе оларды алмастырушы құжаттар кассаға берілгенге дейін бухгалтерияда шығыс немесе кіріс кассалық ордерлерін тіркеу журналында тіркеледі. Төлем ведомосьтерінде рәсімделген еңбек ақы төлеуге шығыс кассалық ордері оның берілуінен кейін тіркелінеді.

Кассирдің есеп беруі. Кассадағы ақшалардың қозғалысының есебін кассир кассалық кітапта жүргізеді. Әр Ұйымда тек бір ғана кассалық кітап болуы тиіс, ол нөмірленген, байланған және сүргіш немесе маститтік мөрмен басылған болуы тиіс. Кассалық кітаптағы беттердің саны Ұйым басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарымен расталады. Кассалық кітаптағы жазулар көшірме қағаз арқылы екі данада шариктік қаламсап, химиялық қалам немесе сиямен жазылады, беттердің екінші даналары жыртылмалы болып келеді және кассирдің есеп беруі болып саналады. Беттердіңбірінші даналары кассалық кітапта қалады. Беттердің бірінші және екінші даналары бірдей нөмірлермен нөмірленеді. Кассалық кітапта тазарту мен келісілмеген түзетулер жасауға болмайды, жасалынған түзетулер кассирдің, бас бухгалтердің қолдарымен расталады. Кассалық кітапқа жазуларды кассир әр ордер немесе оны алмастыратын құжат бойынша ақшаны алғаннан немесе бергеннен кейін лезде жазады.

Ұйымдарды кассирдің рұқсатымен және кассалық құжаттардың толық сақталынуы шартымен кассалық кітап автоматталған тәсілмен жүргізілсе болады, бұл кезде оның беттері «кассалық кітаптың ішкі беті» машинограммасы түріндегі, сонымен қатар дәл сол уақытта « кассирдің есеп беруі» машинограммасы жасалынады. Аталған екі машинограммалар келесі жұмыс күнінің басында жасалынуы тиіс, бірдей мазмұнды болып және кассалық кітап нысанында көрсетілгенг барлық реквизиттерді қамтуы тиіс.

Кассалық кітаптың дұрыс жүргізілуін бақылауды Ұйымның бас бухгалтері жүргізеді.

Күн сайын жұмыс күнінің аяғында кассир күні бойғы операциялардың қорытындысын санайды, кассадағы ақша қалдығын келесі күнге шығарады және бухгалтерияға кассирдің есеп беруі ретінде екінші жыртылмалы бетті кіріс жәе шығыс құжаттарымен қоса, кассалық кітапта жазып, өткізеді.

Күрделі Ұйымдарда касса-филиалдар бар болған жағдайда аға кассир жұмыс күнінің басталуының алдында басқа кассирлерге шығыс етілу операцияларына қажетті қолма-қол ақшаларының сомасын аванс түрінде бас кассаға түскен немесе шығыс етілген ақшаларды есепке алу кітабында жазып береді. Кітап нөмірленген болу керек және теңгемен сома санмен және жазумен жазылады. Касса-филиалдардың және қолма-қол ақшаларды беру пунктінің кассирлері жұмыс күнінің аяғында немесе төлем ведомосінде көрсетілген мерзімде аға кассирге алынған аванстар мен кіріс етілу құжаттарымен кірістелген ақшалар туралы есеп беруі және ақтаушы құжаттарды тапсыруы тиіс. Сонымен қатар кассирлер күн сайын төлем ведомосьтері бойынша берілмеген қолма-қол ақшалардың қалдығын бас кассаға тапсырып отыруы қажет. Бұл ақшаларды кассир аға кассирге мөр қойылған сөмке, пакеттерде, сомасын көрсетіп, қолхатпен береді. Касса- филиалдыңғ кірісі мен шығыстарының айналымы бас ассаның айналымынан көрсетіледі.

Касса операцияларының есебі. Бухгалтерияда кассалық операциялардың есебін жүргізу үшін арнайы регистрлерді қолданады: 451/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» шотының кредиті бойынша журнал-ордер, дебеттік айналымдардың көмекші ведомосьтері немесе қолмен немесе машинамен орындалған жинақтаушы регистрлер. Оларға жазба жүргізуге негіз болатын кассалық кітаптың жыртылмалы беттері болады, олардың мәліметтерін 451/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» шотымен корреспонденттелетін әр синтетикалық шотар бойынша жинақтайды.

Ай аяқталғаннан кейін 1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» шотының дебеті мен кредитінің айналымдарының қорытындысын сәйкестендіру арқылы келесі айдың басына қолма-қол ақшалардың қалдығы шығарылады. Оны кассалық кітаптағы қалдықпен салыстырады. Ұйым басшылығы анықтаған мерзімдерде кассадағы қолма-қол ақшаларды түгендеу жүргізіледі, оның нәтижелері актпен рәсімделеді.

17 кесте - Кассадағы ақшалар шоты бойынша негізгі операциялардың шоттар корреспонденциясы

№ п/п
Операцияның мазмұны
Шоттар корреспонденциясы
Дебет
Кредит
№ п/п: 1
Операцияның мазмұны: 2
Шоттар корреспонденциясы: 3
4
№ п/п:

1

1. 1

Операцияның мазмұны:

Кассаға ақша қаражаттарының түсуі:

Дебиторлық қарызды өтеу шотына түскен

Шоттар корреспонденциясы: 1010

1210;

1220-1240

№ п/п: 1. 2
Операцияның мазмұны: Басқа да дебиторлық қарызды өтеу шотына түскен
Шоттар корреспонденциясы: 1010

1250;

1280

№ п/п: 1. 3
Операцияның мазмұны: Пайдаланылмаған аванстар бойынша
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1610
№ п/п: 1. 4
Операцияның мазмұны: Депозиттік банктік шоттардан
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1060
№ п/п: 1. 5
Операцияның мазмұны: Банктегі ағымдық шоттардан
Шоттар корреспонденциясы: 1010
1040
№ п/п: 1. 6
Операцияның мазмұны: Акцияны төлеу шотына (қатысу үлесі)
Шоттар корреспонденциясы: 1010
5020
№ п/п: 1. 7
Операцияның мазмұны: Болашақ кезең табыстарына жататындар
Шоттар корреспонденциясы: 1010
3520
№ п/п: 1. 8
Операцияның мазмұны: Дайын өнімді өткізуден (тауарлар, жұмыс, қызмет)
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6010
№ п/п: 2
Операцияның мазмұны: Түгендеу кезінде анықталған кассадағы ақшалардың артығы
Шоттар корреспонденциясы: 1010
6280
№ п/п:

3

3. 1

Операцияның мазмұны:

Касса ақшаларының шығыс етілуі

Кассадан есепті сомалар берілген

Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
№ п/п: 3. 2
Операцияның мазмұны: Кассадан жұмысшыларға қарыз берілді
Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
№ п/п: 3. 3
Операцияның мазмұны: Болашақ кезеңдерге жататын жадық төлемдерді төлеу
Шоттар корреспонденциясы: 1260
1010
№ п/п: 3. 4
Операцияның мазмұны: Аванстар берілді
Шоттар корреспонденциясы: 1610
1010
№ п/п: 3. 5
Операцияның мазмұны: Ағымдық және басқа да банктік шоттарға берілген кассадағы ақшалар
Шоттар корреспонденциясы:

1040;

1060;

1070

1010
№ п/п: 3. 6
Операцияның мазмұны: Дивиденттер және қатысушылардың табыстары бойынша қарыздарды өтеу
Шоттар корреспонденциясы: 3030
1010
№ п/п: 3. 7
Операцияның мазмұны: Жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарыздарды өтеу
Шоттар корреспонденциясы:

3310;

3390

1010
№ п/п: 3. 8
Операцияның мазмұны: Кассадан еңбекақы және басқа төлемдер төленді
Шоттар корреспонденциясы: 3350
1010
№ п/п: 3. 9
Операцияның мазмұны: Жұмысшыларға аванстық есеп бойынша артық төлеген сомасын қайтару
Шоттар корреспонденциясы: 1250
1010
№ п/п: 3. 10
Операцияның мазмұны: Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер толық төлеген немесе берген аванс сомасы ндағы өткізілген тауарлар мен айналымнан тыс активтерді қайтару
Шоттар корреспонденциясы: 6020
1010
№ п/п: 3. 11
Операцияның мазмұны: Түгендеу нәтижесінде кассадағы ақшалардың жетіспеушілігі анықталды
Шоттар корреспонденциясы: 7470
1010

6. 2 Банктегі есеп айырысу (ағымдық) шоты және арнайы шоттар бойынша операциялардың есебі

Ұйымдар меншікті және қарыздық ақшаларды (кассадағы ақшаның қалдығынан басқа) банктегі шоттарда сақтауы тиіс.

Заңды тұлғаның банкте бірнеше шот ашуға құқығы бар.

Есеп айырысу (ағымдық) шотын және басқа шоттарды ашу үшін банкке анықталған тәртіпте шот ашу туралы өтініш, Ұйымның құрылуы, тіркелуін куәландыратын құжаттар, бекітілген жарғының көшірмесі, төлем құжаттарына қол қоюға құқысы бар тұлғалардың қолдарының үлгілері бар карточка, мөрдің үлгісі, зейнетақы және басқа да бюджеттік емес қорларда тіркелгендігі туралы анықтама, салықтық есепке тұрғандығын растайтын анықтама беріледі. Шоттар бойынша операцияларды жүргізу мен рәсімдеу тәртібі Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік банкінің ережелерімен реттелінеді.

Қолма-қолсыз есеп айырысу операцияларын жүргізу кезінде банк пен ұйымның (клиенттің) арасындағы қарым-қатынастарды анықтайтын негізгі құжат- олар арасындағы келісім болып табылады.

Әр ашылған шотқа осы шоттағы ақшаның қозғалысымен байланысты барлық құжаттарда көрсетілетін нөмір беріледі.

Есеп айырысу (ағымдық) шотындағы ақшалардың қозғалысы төлем құжаттарымен рәсімделеді, оларға ақшаны кіріс етуге хабарлама, чектер, төлем тпсырмалары және басқалары жатады.

Ақшаны кіріс етуге хабарлама банкте қолма-қол ақшаларды беру кезінде қолданылады.

Чек - шығыс төлем құжаты. Есеп айырысу (ағымдық) шотынан ақшаларды алу чекпен рәсімделеді. Чектің кері жағында оның мақсатты бағытталуы (еңбекақы төлеуге, шаруашылық шығындар) көрсетіледі.

Төлем тапсырмасы дегеніміз ұйымның банкке оның есеп айырысу (ағымдық) шотынан жабдықтаушының, қаржылық органның немесе басқа ұйымның есеп айырысу шотына белгілі бір соманы аудару туралы бұйрығы.

Құрылыс ұйымдары жабдықтаушылармен есеп айырысуды оперативті жүргізу мақсатында чектік кітапшаларды қолданады. Чектермен есеп айырысулар нақты алынған материалдар немесе нақты көрсетілген қызметтер бойынша жүргізіледі.

Барлық банктік құжаттар бүлінулерсіз, түзетулерсіз толтырылуы, ұйымның басшысымен және бас бухгалтерімен қол қойылуы керек.

Ұйыммен келісілген мерзімде банк оған есеп айырысу (ағымдық) шотынан көшірмелерді растаушы құжаттармен бірге береді немесе беріп жібереді.

Есеп айырысу (ағымдық) шоты бойыша операциялар 441/1040 «Ағымдық шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» активті шотында жүргізіледі, оның дебетінде ақша қаражаттарының келіп түсуі, ал кредитінде олардың шығыс етілуі көрсетіледі.

1030 шотының дебеті мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі:

- 1210-1240 - көрсетілген жұмыс пен қызмет көлемі шотының сомасын төлеу;

- 1060 - «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары» депозиттік банктік шоттан келіп түскен сомаға

- 1010 «Касса» - кассадан қолма-қол салынған сомаға;

- 3010 «Банктердің қарызы» банктен алынғанқысқа мерзімді несиелер сомасына;

- 3510 «Жұмыстар атқару мен қызметтер көрсетуден алынған аванстар» - тапсырыс берушілерден алынған аванс сомасына .

1030 шотының кредиті мына шоттардың дебетімен корреспонденттеледі:

- 451/1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» - чек бойынша алынған ақша сомасына;

- 1610 «Берілген аванстар» -тауарлы-материалдық қорларды жеткізу, жұмыстар атқару мен қызметтер көрсетуге берілген аванстар;

- 3010 «Банктер қарызы» - қарыздарды төлеу;

- 3310 «Төленуге тиісті шоттар» - Жабдықтаушылар мен мердігерлер алдындағы қарызды өтеу;

- 1060 - депозиттік шотқа аударылған сомаға;

- 3110-3190 «Бюджетпен есеп айырысу» - бюджет алдындағы салықтар, алымдар бойынша қарыздарды өтеу;

- 3210 «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысулар» зейнетақы қорына аударымдарды аудару;

- 3360 «Басқа кредиторлық қарыз мен есептемелер» әлеуметтік сақтандыру бойынша қарыздарды өтеу;

- 3360 «Басқа кредиторлық қарыз мен есептемелер»-ағымдық жал бойынша қарыздарды өтеу; және т. б.

1040 шоты бойынша операцияларды көрсетудің негізі осы шоттан алынған көшірмелер болып табылады. Банктен алынған көшірмелерді тексеру барысында анықталған ағымдық шоттың дебетіне немесе кредитіне қателесіп жазылып қойған сомаларды себебін анықтағанға дейін 3334/1280 «Өзге дебиторлық қарыз» шотына апарады.

Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың синтетикалық есебі №2 журнал-ордерде 1010 шотының кредиті бойынша) және №2 ведомосьте (1010 шотының дебеті бойынша) жүргізеді. Компьютерлік өңдеу кезінде 1010 шотының карточкасы мен 1030 шотының талдауы жүргізіледі.

6. 3 Басқа банктік шоттардағы операциялардың есебі

Құрылыс ұйымдары ақша қаражаттарын ағымдық шоттан басқа мына шоттарда сақтайды: 1060 «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары» және 1070 «Чектік кітапшалардағы ақша».

1060 шотында банктік депозиттік шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысы есепке алынады. 1060 шоты активті, дебеті мына шоттардың кредитімен корреспонденттеледі:

- 1040 «Ағымдық банктік шоттардағы теңгемен ақша қаражаттары» - ағымдық шоттан келіп түскен сомаға;

- 1050 «Ағымдық шоттағы шетел валютасымен ақша қаражаттары» - валюталық шоттан келіп түскен сомаға;

- 1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» - депозиттік шотқа қолма-қол ұлттық валютада салынған сомаға;

- 1020 «Шетел валютасындағы кассадағы қолма-қол ақша» - депозиттік шотқа қолма-қол шетел валютасында салынған сомаға.

1060 «Депозиттік банктік шоттардағы ақша қаражаттары» шотының кредиті мына шоттардың дебетімен корреспонденттеледі:

- 1040 «Ағымдық шот» ағымдық шотқа теңгемен аударылған сомаға;

- 1010 «Ұлттық валютадағы кассадағы қолма-қол ақша» - депозиттік шоттан алынған теңгедегі сомаға;

- 1050 «Ағымдық шоттағы шетел валютасымен ақша қаражаттары» - депозиттік шоттан аударылған шетел валютасындағы сомаға;

- 1020 «Шетел валютасындағы кассадағы қолма-қол ақша» - депозиттік шоттан алынған шетел валютасындағы сомаға .

1070 «Чектік кітапшалардағы ақша» шотында чектік кітапшалардағы ақшалардың бар болуы мен қозғалысы есепке алынады. Чектер алынған тауарлы-материалдық құндылықтар, қызмет көрсету және «Қазақстан Республикасындағы чектермен есеп айырысу ережелерімен» қарастырылған басқа да жағдайларда қолданылады.

1070 «Чектік кітапшалардағы ақша» шотының дебеті келесі шоттардың кредиттерімен корреспонденттеледі :

- 1030 «Ағымдық шоттағы теңгемен ақша қаражаттары» - чектік кітапшаны ашуға (толықтыруға) ағымдық шоттан аударылған сомаға;

- 3010 «Банктер қарызы» - банкте алынған қарыздар есебінен аударылған сомаларға.

Банк төлеген чектік кітапшалардың сомасына 1070 шоттың кредиті 3390 «Басқа кредиторлық қарыздар мен есептемелер» шотының дебетімен немесе 671/3310 « Төленуге тиісті шоттар» шотымен корреспонденттеледі.

Чектік кітапшаларды экспедиторларға немесе басқа да қызметкерлерге кредитор ұйымдармен есеп айырысу үшін беру 1250 « Қызметкерлердің қарызы» шотының дебетінде ( «Чектік кітапшалар бойынша есепті тұлғалармен есеп айырысу» талдамалық шоты) және 3390 «Басқа кредиторлық қарыздар мен есептемелер» шотының кредитінде («Чектік кітапшалар бойынша есепті тұлғалармен есеп айырысу» талдамалық шоты) көрсетіледі. Бұл тұлғалар есеп беруді тапсырғаннан кейін 1250 шотының кредиті 3390 шотының дебетімен қолданылған чектердің сомасына корреспонденттеледі. Сонымен, 1250 және 3390 шоттарының қалдықтары бір мөлшерлі, қосындысы есепті тұлғаның чектерінің қалдығындағы сомаға тең болып, ал аталған қалдықтар мен 1070 шотының қалдығы арасындағы айырмашылық қолданылған, бірақ банкпен төленген чектердің сомасын көрсетеді.

6. 4 Валюталық операциялардың есебі

Республикадағы валюталық операциялардың есебінің тәртібі №9 «Шетел валютасындағы операциялардың есебі» бухгалтерлік есеп Стандартымен анықталады. Қазақстанда бухгалтерлік есептің базалық валютасы қазақстандық теңге болып табылады. Бұл дегеніміз, валюталық операциялар бойынша барлық есептік жазбалар валюта түріне байланыссыз теңгеде жазылу керек дегенді білдіреді. Егер операция қандай да бір шетел валютасында жасалынған болса, онда бухгалтерлік есеп үшін нақты соманың теңгелік баламасы қолданылады. Шетел валютасын теңгеге қайта есептеу валюталық операцияларды жүзеге асыру кезінде және басқа елдерде филиалдары мен өкілдіктері бар ұйымдар қаржылық есептіліктерін дайындауы кезінде жүргізіледі. Мұндай бөлімшелер есеп үшін өздері орналасқан елдің ұлттық валютасын қолданады. Сондықтан, отандық ұйымның қаржылық есептілігіне осындай филиалдар мен өкілдіктердің қызметінің мәліметтерін қосу үшін шетел валютасын теңгеге қайта есептеу қажет. Дәл осындай жағдай ұйымның ортақ қаржылық есептілігін дайындау кезінде туындайды: бұл жерде ұйым сонымен қатар еншілес ұйымдардың мәліметтерін де қосады. Бухгалтерлік есепте шетел валютасын теңгеге қайта есептеу үшін валюта айырбастаудың нарықтық курсы қолданылады. Валюта айырбастаудың нарықтық курсы - белсенді нарықта белгілі бір валютаға сұраныс пен ұсыныстан туындайтын бір валютаны екінші валютаға айырбастаудың арақатынасы. Валюталық курс көптеген факторлардың әсерінен өте жиі өзгеріп отырады.

Бастапқыда бухгалтерлік есепте шетел валютасындағы операциялар операцияны жасау күніндегі валюта айырбастаудың нарықтық курсын қолданып теңгеде танылады және көрсетіледі. Операцияны жасау күні болып қаржы есептілігіндегі операцияны тану күні сналады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есеп бойынша есептер жинағы
Қолма -қолсыз есеп ашылуының нысандары және олардың сипаттамасы
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Ақша қаражаттары аудиті
Касса операцияларының есебі
Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттар есебінің теориялық негіздемесі
Кассадағы және есеп айырысу шотындағы қолма - қол ақшаның есебі
Ақша қаражаттар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz