Материалдық қорлар есебі


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   

МАТЕРИАЛДЫҚ ҚОРЛАР ЕСЕБІ

4. 1 Материалдық қорлар, олардың жіктемесі, түрлері және есептің

міндеттері

4. 2. 1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау

4. 3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)

4. 4 Материалдық қолардың жұмсалуын құжаттық жабдықтау

4. 7 Материалдық қорлардың синтетикалық есебі

Құрылыста қолданылатын материалдық қорлар құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау процесінде қызмет ету рөліне, сонымен қатар өздерінің физикалық және химиялық құрамына қарай бөлінеді. Көпшілік жағдайда сипаты мен пайдалану бағытына қарай келесі топтарға бөлінеді: шикізаттар мен негізгі материалдар, көмекші материалдар, сатып алнған жартылай фабрикаттар, қалдықтар (қайтарылған), отын, ыдыс және ыдыстық заттар, қосалқы бөлшектер.

Құрылыстағы шикізаттар болып өнеркәсіптен алынған өнім саналады (құм, қиыршықтас, қиыршықтасты құм, орман және т. б. ) .

Негізгі материалдар өндірілетін өнімнің материалдық негізін құрай отырып, оның құрамына енеді (кірпіш, цемент, металл және т. б. ) . Көмекші материалдар негізгі материалдарға қарағанда өндірілетін өнімнің заттық негізін құрамайды. Олар негізгі материалдардың өзгеруіне белгілі бір жағдай жасайды (мысалы, өнімді бояу үшін бояулар, клей, лак және т. б. ) не болмаса өндірістік процеске қатысады. Көмекші материалдарға сонымен қатар әртүрлі химикаттар, жағатын, сүртетін, жөндеу және тағы басқа да материалдар жатады. Материалдарды негізгі және көмекшіге бөлу біршама шартты болып саналады және ол өндірісте пайдаланылатын әртүрлі материалдардың көлеміне байланысты болады. Мысалы, өнеркәсіп ұйымдары үшін материалдар көмекші болып жіктелсе, ал мердігерлік құрылыс ұйымдары үшін негізгі болып жіктеледі.

Көмекші материалдардың ішінде (оларды пайдалану ерекшелігіне және олардың құндарына байланысты да) отын, ыдыс, ыдыстық материалдар, қосалқы бөлшектерге бөлу қажет.

Мысалы, отынды технологиялық, қозғалтқыштық (жанатын) және шаруашылықтық (отындық) деп бөледі.

Ыдыс және ыдыстық материалдар әртүрлі материалдар мен өнімдерді түйіндеуге, тасымалдауға, сақтауға арналған заттар (қаптар, жәшіктер, қораптар, шөлмектер) .

Қосалқы бөлшектер машиналар мен механизмдердің тозған бөліктерін алмастыру үшін арналған.

Сатып алынған жартылай фабрикаттар - белгілі бір өңдеудің сатысынан өткен, бірақ дайын өнім болып саналмайтын материалдар. Дайын өнімді дайындау кезінде олар да негізгі материалдар сияқты өнімнің заттық негізін құрайды.

Өндіріс қалдықтары (қайтарылған) - дайын өнімдерді дайындау кезінде толықтай немесе жартылай тұтыну қасиеттерін жойған шикізаттар мен материалдардың қалдығы (темір қалдықтары (стружка), ағаш үгінділері, отруби) . Өндірістің белгіленген технологиясына байланысты басқа цехтарға немесе бөлімшелерге қандай да бір өнімді (жұмыстар мен қызметтерді) өндіру үшін өңдеуге берілген материалдық ресурстардың қалдығы қайтарылған қалдықтарға жатқызылмайды. Қайтарылған қалдықтар төмендегідей тәртіптер бойынша бағаланады:

1) егер қалдықтар жоғарыланған шығындармен негізгі өндірісте (дайын өнімнің шығымы төмендетіліп) немесе көмекші өндірісте тұтыну заттарын дайындау үшін (мәдени-тұрмыстық және шаруашылық заттар) әріқарай пайдаланылса немесе басқа жаққа сатылса бастапқы материалдық ресурстардың бағаларынан төмен, яғни мүмкін пайдалану бағасы бойынша;

2) егер қалдықтар толыққанды ресурс ретінде пайдалану үшін басқа жаққа сатылатын болса, онда олар материалдардың бастапқы бағасы бойынша бағаланады.

Қайтарылмайтын қалдықтар, мысалы угар, усушки және т. б., яғни нақты бағасы жоқтары қоймаға және қайта бағалауға жатқызылмайды.

Құрылыстағы материалдардық қорлар есебінің міндеттері болып мыналар саналады:

1) материалдық қорлардың қозғалысы бойынша операцияларды дұрыс, әрі дер кезінде құжатпен рәсімдеу;

2) материалдардың сақталу орындарында және тасымалдау кезінде сақталуын бақылау;

3) қорларға бекітілген нормалардың сақталуын бақылау;

4) өндіріс процесінде материалдардың бектілген нормаларға сәйкес жұмсалуын жүйелі бақылау;

5) ішкі ресурстардың айналымдылығын қамтамасыз ету мақсатында қажетсіз және артық материалдарды дер кезінде анықтау;

6) көліктік-тасымалдау шығындарын есепке ала отырып, материалдардың нақты өзіндік құндарын дер кезінде, дұрыс анықтау және шығындарды тиісті құрылыс объектілеріне дұрыс апару;

7) өндіріске материалдарды дер кезінде шығаруды бақылау.

  1. Материалдық қорларды бағалау

Бухгалтерлік есепті материалдық қорларды бағалаудың үш әдісі қолданылады: арнайы есептеу, орташа өзіндік құн, ФИФО әдісі.

4. 2. 1 Материалдық қорларды өзіндік құнмен бағалау

Материалдық қолардың өзіндік құны әртүрлі факторларға байлансты болады. Олардың негізгілері болып бағаның, транспорттық тарифтердің өзгерісі, материалдардың қоймада немесе өндірістік цехтарда ұзақ уақыт болуы саналады.

Материалдық қорлардың өзіндік құнына қорларды сатып алу шығындары, оларды орналасатын жеріне дейін көліктік-тасымалдау шығындары, өнімдерді (жұмыстар мен қызметтерді) өңдеу шығындары қосылады.

Материалдық қорларды сатып алу шығындарына сатып алу бағасы және материалдарды сатып алуға тікелей байланысты баж төлемдері, жабдықтау ұйымдарына төленген комиссиондық сыйақылар, көліктік-дайындау шығындары жатады. Сауда шегерімдері, қайтарып беру не болмаса артық төленеген сомалар және басқа да түзетулер сатып алу шығындарын анықтау кезінде шегеріліп тасталынады.

№2 ҚЕХС сәйкес қорлар міндетті түрде ең төменгі өзіндік құнмен немесе сатудың таза құнымен бағалануы тиіс.

4. 2. 2 Материалдық қорларды ең төменгі өзіндік құнмен және сатудың таза құнымен бағалау

Сатудың таза құнының түсінігі. Материалдық қорлардың өзіндік құны қорларды бағалаудың ең үйлесімді базасы болып саналады, бірақ кей жағдайда қорлар қаржылық есептілікте олардың өзіндік құндарынан төмен көрсетілуі мүмкін. Мұның себептері физикалық тозу, тауарлардың ескіруі, бағананың төмендеуі болып саналады. Мұндай жағдайда материалдық қорларды сату кезінде шығындардың белгілі бір бөлігі жабылмай қалады, сондықтан мұндай материалдарды сату кезінде сату бойынша барлық шығындарды шегере отырып, сатудан алынатын соманы анықтау қажет болады. Бұл үшін қорлардың құны сатудың таз құнымен салыстырылады, егер соңғысы қорлардың өзіндік құнынан төмен болса, онда қорлардың бағасы сатудың таз құнына дейін төмендетіледі. Мұндай қадамның негізі болып сақтық (консерватизм) ұстамы саналады.

Материалдық қорларды сатудың таза құны материалдарды жинақтау және сатуды ұйымдастыру шығындарын шегеріп тастағандағы қарапайым шаруашылық қызмет барысындағы сату бағасына тең болады.

Материалдардың бағаланған бағасы мен оларды сатуға дайын жағдайына дейін жеткізу шығындарының арасындағы айырмашылық сатудың таза құны болып анықталады.

Мысалы:

5 кесте - Сатудың таза құны

Материалдың бірлігіне нақты шығындар
100
Материалдың бірлігіне нақты шығындар: Материалдың бірлігін сатудың болжамды бағасы
100: 150
Материалдың бірлігіне нақты шығындар: Дайындау және сату шығындарын шегерім сомасы
100: 55
Материалдың бірлігіне нақты шығындар: Сатудың таза құны
100: 95

Бұл мысалда қорлардың бірлігі 100 теңгеден сатып алынған, ескірудің нәтижесінде әрбір бірлігі 150 теңгеге сатылуы мүмкін, егер олардың әрбір бірлігі 55 теңгеден жеңіл жөндеуден өткізілсе. Нәтижесінде әрбір бірлікті сатудың таза құны 95 теңгені құрайды (есеп бөлімі қаржылық есептілікте 55 теңгеден әрбір бірлікті жөндеуге жұмсалған шығынды зиян ретінде көрсетуі тиіс) .

Материалдық қорларды сатудың таза құнын есептеу кезінде қолда бар қорлардың пайдалану бағытын да есепке алу қажет.

Материалдық қорларды сатудың таза құнын бағалау кезінде келесі ережелер қолданылады:

1) егер қорлар сатуға арналған болса, онда есептеулер ағымдағы сату бағалары негізінде жасалады;

2) егер қорлар алдын-ала бекітілген келісім шарт негізінде сатуға арналған болса, онда есептеулер келісім шартта берілген көлем бойынша онда көрсетілген бағалар негізінде жасалады. Келісім шартта көрсетілген көлемнен артық материалдық қорлар ағымдағы бағамен бағаланады.

Егер дайын өнім материалдар мен шикізаттардың негізінде дайындалып, соларға тең немесе өзіндік құннан артық бағаға сатылатын болса, онда осы материалдар мен шикізаттар сатудың таз құны бойынша бағаланбайды. Егер мұндай сенімділік жоқ болса, онда материалдар мен шикізаттар сатудың таз құнымен бағаланады. Әрбір кезекті мерзімде материалдық қорларды сатудың таза құндарына жаңадан бағалау жүргізіледі.

Сатудың таза құнын анықтау әдістері. Сатудың таза құны әрбір бірліктің түріне немесе тауар топтарына қарастырылуы қажет. Материалдық қорлардың құнын олардың барлық топтарына немесе негізгі топтарына қарай қарастырып, содан соң сатудың таза құнын анықтаған дұрыс емес, себебі сатудың жалпы құнынан төмен болады.

Материалдық қорлардың ең төменгі өзіндік құнын және сатудың таза құнын анықтау үшін сатылық, негізгі тауарлық топтар, қорлардың жалпы деңгейінің әдістері қолданылады.

Сатылық әдісте - материалдық қорлардың әрбір атаулары бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады. Осы төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.

Негізгі тауарлық топтар әдісінде - материалдық қорлардың әрбір топтары бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады. Осы алынған төменгі сандар қосылып, жалпы бағаны береді.

Қорлардың жалпы деңгейінің әдісінде - барлық материалдық қорлар бойынша баланстық құн мен сатудың таз құндарының ішінен ең төменгі мән алынады.

4. 2. 3 Материалдық қоларды бағалаудың басқа да әдістері

Өндіріске жіберілетін материалдық қорлардың нақты өзіндік құндары келесі бағалу әдістері арқылы анықталады:

  • орташа құн әдісі;
  • ФИФО;
  • арнайы есептеу әдісі.

Материалдық қорлардың орташа құнын анықтау үшін есепті мерзімнің басындағы материалдардың қалдық көлеміне (натуралдық өлшеммен) есепті мерзімнің ішінде алынған материалдардың көлемін, ал есепті мерзімнің басындағы құнына - түскен материалдардың құнын қосады. Материалдар бірлігінің орташа құны олардың жалпы құнын (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) жалпы санына бөлу (есепті мерзімінң басындағы баланс пен сатып алынғаны) арқылы анықталады. Қорлардың шығысы (сатылуы) осы алынға орташа құнмен көрсетіліп, есепті мерзімінің соңында сатылған өнімнің жалпы өзіндік құнына қосылады.

Орташа құн әдісінің артықшылығы болып сатып алу бағаларының тез ауытқуы кезінде сатылған өнімнің өзіндік құнын тұрақтандырып отырады, сонымен қатар сатылған қорлардың партиялық есебін жүргізудің қажеттілігі болмайды.

6 кесте - Орташа құн әдісі бойынша материалдарды бағалауды есептеу

А - материалы

Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
Күні: 01. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
90
3
270
Күні: 04. 01
Сатып алынғаны: 80
Сатылғаны: 7
Қалдығы: 560

90

80

барлығы

170

3

7

орташа құн

4, 9 = (830:170)

270

560

барлығы

830

Күні: 08. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
80
4, 9
390
90

орташа құн

4, 9= 440:90

830-390=440
Күні: 10. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 8
Қалдығы: 800
190

орташа құн

6, 5=1240:90

440+800=1240
Күні: 13. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
100
6, 5
650
90

орташа құн

6, 6=590:90

1240-650=590
Күні: 20. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 10
Қалдығы: 1000
190

орташа құн

8, 4=1590:190

590+1000=1590
Күні: 27. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
80
8, 4
110
110

орташа құн

8, 3=918:110

1590-672=918
Күні:

Сатылған қорлардың құны 1712

Сатылмаған қорлар қалдығының құны 918

ФИФо әдісімен материалдық қорларды бағалау кезінде олардың алғашқы кезекте кіріске алынғандарының өзіндік құны бойынша бағалау әдісі болып табылады. ФИФО әдісі материалдық құндылықтардың ағымдағы құнына жақын келетін қүнды береді және жүйеленген, объективті болып саналады. Бұл әдіс қағидасы бойынша материалдық қорлар бірінші кезекте кірісіке алынғаны, алғашқы болып шығыс етіледі деп есептелінеді.

7 кесте - ФИФО әдісімен материалдарды бағалау

А - материалы

Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
Күні: 01. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
90
3
270
Күні: 04. 01
Сатып алынғаны: 80
Сатылғаны: 7
Қалдығы: 560
80
7
560
Күні: 08. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
80
3
240
10
3
30
Күні: 10. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 8
Қалдығы: 800

10

80

100

3

7

8

30

560

800

Күні: 13. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:

10

80

10

3

7

8

300

560

800

90
8
720
Күні: 20. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 10
Қалдығы: 1000

90

100

8

10

720

1000

Күні: 27. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
80
8
640

10

100

8

10

80

1000

Күні:

Сатылған қорлардың құны 1550

Сатылмаған қорлар қалдығының құны 1080

Арнайы есептеу әдісі бірі бірі алмастыра алмайтын материалдық құндылықтардың немесе тауарлар мен қызметтердің өзіндік құнын бағалауға арналған. Бұл әдіс әрбір материалдық құндылықтың сипатын ерекшелейді және кез-келген уақытта материалдық құндылықтардың құнын, сатылған күнін, сатылған материалдардың өзіндік құнын, сондай-ақ ұйымда қалған қорлардың құндарын анықтауға мүмкіндік береді. Бұл әдісті қолдану кезінде материалдық қорлардың құндарының қозғалысы олардың физикалық қозғалысымен сәйкес келіп отырады. Яғни, бұл әдіс қорлардың физикалық және құндық айналымын толықтай сәйкестендіретін жалғыз әдіс болып табылады.

Әрбір әдістің ерекшелігін материалдық қорлардың қозғалысы бойынша шартты берілген мысалдың негізінде қарастырып көрейік.

8 кесте - Материалдық қорлардың қозғалысы жөніндегі

шартты мәліметтер (қаңтар 2007 ж. )

Күні
Сатып алынғаны (бірлік)
Бірліктің бағасы
Құны, теңге
Сатылғаны (бірлік)
Қалдық (бірлік)
Күні: 01. 01
Сатып алынғаны (бірлік):
Бірліктің бағасы:
Құны, теңге:
Сатылғаны (бірлік):
Қалдық (бірлік): 90
Күні: 04. 01
Сатып алынғаны (бірлік): 80
Бірліктің бағасы: 7
Құны, теңге: 560
Сатылғаны (бірлік):
Қалдық (бірлік): 170
Күні: 08. 01
Сатып алынғаны (бірлік):
Бірліктің бағасы:
Құны, теңге:
Сатылғаны (бірлік): 80
Қалдық (бірлік): 90
Күні: 10. 01
Сатып алынғаны (бірлік): 100
Бірліктің бағасы: 8
Құны, теңге: 800
Сатылғаны (бірлік):
Қалдық (бірлік): 190
Күні: 13. 01
Сатып алынғаны (бірлік):
Бірліктің бағасы:
Құны, теңге:
Сатылғаны (бірлік): 100
Қалдық (бірлік): 90
Күні: 20. 01
Сатып алынғаны (бірлік): 100
Бірліктің бағасы: 10
Құны, теңге: 1000
Сатылғаны (бірлік):
Қалдық (бірлік): 190
Күні: 27. 01
Сатып алынғаны (бірлік):
Бірліктің бағасы:
Құны, теңге:
Сатылғаны (бірлік): 80
Қалдық (бірлік): 110

9 кесте - қорлардың сатылуы жөніндегі мәліметтер (қаңтар 2007 ж. )

А - материалы

Күні
Сатылғаны (бірлік)
Соның ішінде
Күні: 08. 01
Сатылғаны (бірлік): 80
Соның ішінде:

40 бірлік - 01. 01 күннің қалдығынан

40 бірлік - 04. 01 күндегі түскеннен

Күні: 13. 01
Сатылғаны (бірлік): 100
Соның ішінде:

40 бірлік - 01. 01 күннің қалдығынан

40 бірлік - 04. 01 күндегі түскеннен

20 бірлік - 10. 01 кндегі түскеннен

Күні: 27. 01
Сатылғаны (бірлік): 80
Соның ішінде:

50 бірлік - 10. 01 күндегі түскеннен

30 бірлік - 20. 01 күндегі түскеннен

Бұл әдістің негізгі артықшылығы шығындар мен алынған кірістер құндары бойынша сәйкестілік ұстамының қамтамасыздығы болып саналады.

10 кесте - арнайы есептеу әдісі бойынша материалдарды бағалау

А - материалы

Күні
Сатып алынғаны
Сатылғаны
Қалдығы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
саны
бағасы
сомасы
Күні: 01. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:
90
3
270
Күні: 04. 01
Сатып алынғаны: 80
Сатылғаны: 7
Қалдығы: 560
80
7
560
Күні: 08. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:

40

40

3

7

120

280

50

40

3

7

150

280

Күні: 10. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 8
Қалдығы: 800
100
8
800
Күні: 13. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:

40

40

20

3

7

8

120

280

160

10

80

3

8

30

640

Күні: 20. 01
Сатып алынғаны: 100
Сатылғаны: 10
Қалдығы: 1000
100
10
1000
Күні: 27. 01
Сатып алынғаны:
Сатылғаны:
Қалдығы:

50

30

8

10

400

300

10

70

8

10

240

700

Күні:

Айдың басындағы қалдығы 270

Сатып алынғаны 2360

Сатылған қорлардың құны 1660

Сатылмаған қорлар қалдығының құны 970

4. 3 Материалдық қорлардың түсуін құжаттық жабдықтау (рәсімдеу)

Материалдарды жеткізу келісім шартының орындалуын, қорлардың түсуін және кірістелуін бақылауды ұйымның жабдықтау бөлімі жүзеге асырады. Түскен материалдар бойынша есеп айырысу құжаттары (төлем тапсырмалары, шот фактуралар және т. б. ) оларға тіркелген басқа да құжаттармен бірге жабдықтау бөліміне немесе басқа да ұқсас бөлімдерге жіберіліп, ол жердегі жауапты тұлғалар құжаттарды түскен жүктердің есебі журналына (ү. М-1) тіркеп, онда тіркеу нөмірін, жазудың күнін, жабдықтаушының аталауын, көлік құжатының күні мен нөмірін, шоттың нөмірі мен сомасын, жүктің тегін, кіріс ордерінің немесе қабылдау актісінің нөмірі мен күнін, жүкті іздестіру жөніндегі белгі анықтамасын (ескерту бөлімінде шоттың төленгенін немесе қайтарылғанын белгілеп) көрсетіп, осы құжаттардағы мәліметтерді материалдарды жеткізу келісім шартындағы, яғни олардың саны, бағасы, жөнелту мерзімі сияқты мәліметтермен сәйкестігін салыстырады; карточкаға немесе жедел есеп кітабына жеткізу келісім шартының орындалғаны жөнінде тиісті жазуларды көрсетіп, есеп айырысу құжаттарын акцептеп немесе акцептеуден бас тартудың негіздемесін жасап, жауапты тұлғаға материалдық құндылықтарды алу және жеткізу үшін тапсырма бергеннен кейін, құжаттарды қаржы немесе есеп бөліміне тапсырады. Жабдықтаушылардан түскен материалдарды қабылдау Кіріс ордерлерімен (ү. М-4) жабдықтаушыларға есеп айырысу немесе басқа да жөнелтілім құжаттарын беру арқылы жүзеге асырылады. Кіріс ордерлері нақты қабылданған материалдар үшін қойма меңгерушісінің және экспедитордың қол қоюымен жасалуы қажет. Бір күн ішінде бір жабдықтаушыдан бірнеше рет бір типті материалдардың (әктас, көмір, құм, кесек тас, қиыршықтас және т. б. ) жаппай көлемі қабылдантын болса, онда осы күн үшін бір кіріс ордерін рәсімдеуге рұқсат етіледі. Сонымен бірге әрбір қабылданған материалдар үшін кіріс ордерінің екінші жағына тиісті жазуларды жазып, күннің соңында олар қосылып, жалпы жиынтығы кіріс ордеріне түсіріледі.

Егер материалдық қорлар темір жол немесе су транспортымен келсе, онда көлік ұйымының түбіртектері экспедиторға беріледі. Экспедитор бекетке келген материалдардың орын сандары және массасы бойынша қабылдап алады. Жүктің толықтай сақталғанына күмән болатын болса, экспедитор көлік ұйымынан жүктерді тексеру жөнінде талап ете алады. Егер жүк орындарының немесе массасының жетіспеушілігі, ыдыстар мен материалдардың бұзылғаны анықталса, онда олар көлік ұйымына немесе жабдықтаушыға талап қоюдың негізі болып табылады. Экспедитордан материалдар қоймаға қабылдану кезінде материалдық-жауапты тұлға (қойма меңгерушісі, қоймашы) жабдықтаушының құжаттарымен түскен материалдардың санын, сапасын және түрлерінің сәйкестігін тексереді. Көрсеткіштер сәйкес келген жағдайда материалдық - жауапты тұлға кіріс ордерін (ү. М-3 және М-4) толытырады. Егер жүктер автокөлікпен тасымалданса, онда ұйымға материалдарды қабылдау жүк жөнелтуші жақтың тауарлық-транспорттық жүкқағазымен (ү. Т-1, ТМ-2) жүзеге асырылады. Тауарлық-транспорттық жүкқағазы төрт данада толтырылады, оның біріншісі - жүк жөнелтуші жақтан материалдарды есептен шығару үшін; екіншісі - қабылдаушы ұйыммен жүкті қабылдау үшін; үшіншісі - автокөлік ұйымымен есеп айырысу үшін; төртіншісі - транспорттық жұмыстардың есебін жүргізу үшін негіз болып табылады.

Құжатсыз түскен материалдар актімен кірістеледі. Актіні қабылдау комиссиясы материалдық жауапты тұлғаның, жабдықтаушы жақтың өкілінің немесе мүдделі жақтың міндетті қатысуымен екі данада толтырылады. Материалдарды қабыдағаннан кейін актінің бір данасы құжаттардың қосымшасымен (жүкқағазы, специяфикация және т. б. ) материалдар қозғалысынң есебін жүргізу үшін есеп бөліміне, екінші данасы жабдықтаушыларға талап қою үшін жабдықтау бөліміне немесе есеп бөлімшесіне тапсырылады. Ұйымға түсетін материалдар дер кезінде тиісті қоймаларға кірістелуі қажет. Егер өндірістің мүддесі үшін кейбір материалдардың партиясы тікелей құрылыс учаскілеріне жіберу дұрыс болатын болса, онда есепте материалдардың мұндай партиясы қоймаға түскен және учаскіге берілген материалдар болып көрсетіледі. Мұндай кезде учаскінің қоймасындағы кіріс және шығыс құжаттарына материалдар жабдықтаушылардан қоймаға кірістелмей-ақ қабылданды және учаскіге берілді деп белгі қойылуы қажет. Қоймаға кірістелетін материалдар жөнелтілім құжатарындағы көрсетілген мәліметтермен, яғни түрлері, саны, сапасы, көлемі жағынан қатаң салыстырылуы қажет. Шикізаттар мен жартылай фабрикаттар және басқа материалдар тиісті өлшем бірліктермен (салмағы, көлемі, шоты бойынша) кірістелуі қажет, егер материал бір өлшем бірлікпен (салмақпен) кірістеліп, екінші өлшем бірлікпен (шот бойынша) жұмсалатын болса, онда оларды қабылдау, сақтау және жіберу құжаттары мен есеп регистрлерінде екі өлшем бірлікпен көрсетілуі тиіс.

Кейбір жағдайларда (материалдар партиясы техникалық қабылдау процесінде, зертханалық сынақтарда немесе шоттарды акцептеуден бас тарту жағдайында болса) материалдар уақытша сақтауға қабылданады. Мұндай материалдарды қоймашы немесе қойма меңгерушісі дер кезінде арнайы кітапқа жазуы қажет. Бұл кітапқа жазу «Қабылдауды күтудегі материалдар», «Уақытша сақтаудағы материалдар» бөлімшелеріне, ал осы топтардың ішінде - материалдар партиясы бойынша жүргізілуі тиіс.

Мұндай материалдар қоймада бөлек сақталып, қабылдау нәтижесі толықтай анықталғанға дейін шығысқа жатқызылмайды. Учаскілер дайындаған немесе өңдеген материалдарды қоймаға тапсыру кезінде жөнелту үшін (ішкі орын ауыстыру) жүкқағазы-талабы екі данамен толтырылады. Оның біреуі - тапсырушы-цехтан материалдарды есептен шығару үшін негіз болса, ал екіншісі - қоймаға жіберіліп, кіріс құжаты ретінде пайдаланылады. Осы жүкқағазымен (накладной) өңдеуден алынған және өндірісте пайдаланылмаған материалдардың, құрылыс ұйымының ішінде материалдардың ішкі орын алмасуы (бір қоймадан екінші қоймаға, бір учаскіден келесі учаскіге), материалдардың қалдығын немесе ақау материалдарды тапсыру, негізгі құралдарды жоюдан және уақытша құрылыс-жайларды бұзудан алынған материалдардың кірістелуі рәсімделеді. Құрылыс ұйымының қосалқы шаруашылығы өндірген өнімдері қоймаға екі данамен жазылатын жүкқағазымен (ү. М-12 бір жолды және М-13 көп жолды) кірістеледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауылшаруашылығы ұйымдарындағы қорлар есебі мен бақылауын жетілдіру
Қорлар есебі
Қорлар есебінің талдауы
Материалдық қорлар
Өнеркәсіптік кәсіпорындардағы тауарлы – материалдық қорлардың есебі және талдауы
Тауар- материалдық қорлар есебі
Қоймадағы қорлардың есебі
Тауарлы - материалдық қорлардың қоймадағы есебі
Материалдық құндылықтардың қоймадағы есебі
кәсіпорындағы тауарлы материалдық қорлар есебінің ұйымдастырылуын зерттеу және «ЕмбіМұнайГаз» АҚ – ның мәліметтері негізінде кәсіпорынға экономикалық сипаттама беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz