Материалдық емес активтердің түрлері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ЕСЕБІ

3. 1 Материалдық емес активтердің түсінігі

3. 2 Материалдық емес активтердің түрлері

3. 3 Материалдық емес активтерді өлшеу

3. 4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау

3. 5 Шығындарды мойындау

3. 6 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі

Материалдық емес активтердің негізгі айрықша ерекшелігі болып олардың материалдық формаларының жоқтығы, яғни сезілмейтіндігі («материалдық емес» деген сөз латын тілінен шыққан, «тигізу, сезіну» мағынасын білдіреді) . Осы аталған ерекшелігі олардың есебін жүргізуде қиындықтар тудырады, яғни материалдық емес активтердің физикалық сапасының болмауы - оларды бағалауды, құнын нақтылауды, экономикалық қызмет ету ұзақтығын және оларды пайдалану арқылы болашақ экокномикалық пайданы анықтауды біршама қиындатады.

Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес материалдық емес активтер дегеніміз - нақты физикалық нысаны жоқ, ұйымның өндіріс процесі мен тауарлар және қызметтерді сату кезінде, сонымен қатар әкімшілік мақсаттарда, жалға беруде ұзақ уақыт пайдаланылатын ақшалы емес активтер.

Материалдық емес активтердің есебі материалдар есебінің ұстамдары сияқты ұстамдарға негізделіп жүргізіледі.

Материалдық емес активтерді жіктеудің негізгі белгілері болып оларды сатып алудың тәртіптері (анықтамалығы), жекеше есеп бірлігіне бөлінетіндегі, айырбасталатындығы, болашақтағы тиімділікті алудың мерзімі саналады.

Материалдық емес активтер басқа жақтан сатып алынуы (патенттер, франчайзинг) немесе ұйымның өз күшімен жасалынуы мүмкін. Материалдық емес активтерді сатып алу тәсілдеріне қарай олардың жекеше есеп бірліктеріне бөлінуі және анықтылығы айқындалады (активтерге жұмсалған шығындар кезең шығындарына апарылуы немесе нақты сезілмейтін активтердің сипатына қарай капиталдандырылуы (қорландырылуы) мүмкін) .

Сондықтан, материалдық емес активтер мына жағдайларда анықталуы мүмкін:

- сатып алу арқылы - көп жағдайда заңды құқықтар алу (патент, авторлық құқық және т. б. ) ;

- ұйымның өзі шығаруы немесе ұйымдардың бірігу нәтижесінде сатып алу арқылы - егер активтерді жалға беру, сату және айырбастау кезінде болашақ экономикалық тиімділік осы активке тікелей апарылатын болса.

Материалдық емес активтерді анықтамасы оларды тану кезінде басқа активтерден айқын ажыратып - жеке есеп бірлігіне бөлуді талап етеді. Осындай ерекшеліктің бірі олардың жекелігі (даралығы) болып саналады. Егер ұйым активтерді жалға беріп, сатып, айырбастап немесе болашақ экономикалық тиімділікті (пайданы) бөле алатын болса, онда ол бөлінетін болып есептеледі. Бөлінетін активтер сауда маркалары, патенттер, авторлық құқықтар болып табылады. Бөлінбейтін активтер болып гудвилл (іскерлік бедел) - ол басқа активтерден бөлектеніп қызмет істей алмайды және ол ұйымды сатып алу кезінде пайда болады.

Айырбастылық - бұл активтердің бөлек сатып алыну немесе сатылу мүмкіндігі (мысалы, патенттер, тауар маркалары) . Дегенмен де, кейбір материалдық емес активтер жеке есеп бірлігі болып есептелсе де, жекеше сатылмайды және сатып алынбайды (мысалы, ұйымдастыру шығындары) .

Болжамды экономикалық тиімділікті алу кезеңі экономикалық жағдайларға, құқықтық шектеулерге немесе келісім шарттың жағдайларына байланысты анықталады.

Материалдық емес активтердің ең көп кездесетін түрлері: лицензиялық келісімдер, компьютерлік бағдарламалық қамсыздандырулар, патенттер, авторлық құқықтар, сатып алынған тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері, материалдық емес активтердің сипатын куәландыратын сынақ-құрастыру жұмыстары болып табылады.

3. 2 Материалдық емес активтердің түрлері

Патент - заңды түрде мойындалған және тіркелген жеке құқық. Патенттік құқық оның иесіне осы патентпен қамтылған затты, процесті немесе қызмет түрін басқа жақтың кедергісінсіз пайдалануға, өндіруге, сатуға, бақылауға мүмкіндік береді. Патент ғылыми-техникалық жаңалықты өндірген немесе ендірген ұйымға осы қызмет түрінің нәтижесінде осы мерзім ішінде табыс алу үшін белгілі бір уақытқа беріледі.

Сатып алынған активтің бастапқы құны патентті сатып алуға байланысты жұмсалған нақты шығындардың сомасымен көрсетіледі. Осы шығындарға патентті ұстаушы жақтың патент бойынша құқық бұзушылардың үстінен сотқа шағымдану бойынша (ұтып шыққан жағдайда) шығындары да енгізіледі.

Ұйымның ұжымы ойлап шығарған, құрастырған патентінің бастапқы құны осы жаңалықты тіркеу және оны қорғау шығындары негізінде анықталады. Зерттеу және өңдеу бойынша шығындар пайда болған мерзіміне байланысты ұйымның кезең шығындарына апарылады.

Авторлық құқық - әдебиет, музыка, өнер саласындағы шығармалар үшін авторларға берілген және заңмен қорғалатын құқықтық нысан. Авторлық құқық иелеріне - өздерінің жұмыстарын басып шығаруға, қайтадан басып шығаруға, көбейтуге және сатуға, сондай-ақ өнерлерін орындауға, жазуға ерекше құқық беріледі. Авторлық құқық сату және сатып алудың объектілері болып саналады. Авторлық құқық бухгалтерлік есепте оларды сатып алуға жұмсалған нақты шығындардың деңгейінде мойындалады. Мысалы, шығарушы (издатель) бірнеше жыл бойы тек өзінің баспасында әдеби кітапты басып шығару құқығын алу үшін, оның авторына 1 млн немесе одан да жоғары теңге төлеуі мүмкін. Авторлық құқықтың бастапқы құны нақты жұмсалған шығындар бойынша анықталады. Авторлық құқықтың амортизациясы оның заңды қызмет ету мерзімімен, не болмаса бухгалтерлік бағалауға сәйкес анықталады.

Тауар таңбалары және (немесе) тауар атаулары - бұл басқа ұйымдардың заңсыз пайдалануынан қорғайтын және олардың біртектес тауарлары мен қызметтерінен айыра алатын қабілеті бар атауларды, таңбаларды немесе басқа да анықтаушы белгілерді атаймыз. Олар иелік етуді негіздеу үшін тіркелуі мүмкін. Тіркелген тауар таңбалары немесе атаулары олардың қызмет ету мерзімін белгілі бір уақытқа ұзарту мақсатында қайтадан жаңартылуы мүмкін. Сатып алынған тауар белгілерінің бастапқы құны оларды сатып алуға байланысты шығындар негізінде, ал ұйымның өз күшімен жасалған болса, онда өңдеу, тарату және оларды қорғау шығындарының негізінде анықталады.

Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандырулар - пайдалануға, сатуға, жалға беруге немесе сатудың басқа түрлері арқылы өткізуге арналған мәліметтерді өңдеу және бағдарламалық құжаттамалар жүйесінің жиынтығы. Компьютерлер үшін бағдарламалық қамсыздандыруларды материалдық емес активтер ретінде мойындау үшін олар айрықша болып, өндірісте не болмаса әкімшілік мақсатта пайдалаланылуы керек немесе басқа тұлғаларға жалға берілуі керек.

Мұндай талаптарға компьютерлер немесе станоктармен бірге сатып алынған бағдарламалық қамсыздандырулар сәйкес келмеуі мүмкін. Мұндай жағдайда бұл бағдарламалық қамсыздандыру негізгі құралдардың құрамына енгізіледі.

Атап өту керек, техникалық мүмкіндіктерді анықтауға бағытталған зерттеу және дайындау шығындары пайда болған кезеңінде есепті кезең шығындарына апарылады. Бағдарламалық өнімдерді жазу және тестілеуге байланысты шығындар материалдық емес активтердің құнына қосылады.

Ұйымның компьютерлері үшін бағдарламалық өнімдердің көшірмесін (олардың санын көбейту құқығынсыз) сатып алу шығындары (1С бухгалтерия, СКАЛА, ГАЛАКТИКА) материалдық емес активтер болып табылмайды.

Франчайзинг - бұл бір ұйымның өз меншігіндегі негізгі құралдарын, тауар таңбаларын сондай-ақ басқа да материалдық және материалдық емес активтерін олардың пайдалану бағытын, белгілі бір сапалық стандарттарын жоймай пайдалану үшін екінші бір ұйымға беру құқығы. Бұл құқықты сатып алуға байланысты ұйымның шығындары капиталданып, берілген уақыт аралығында амортизациланады немесе қызмет етіп отырған нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес пайдаланылуы шектеледі. Франшиза осы құқықты кәуландыратын құжат болып есептеледі.

Жеке есеп бірлігі болып саналатын, бірақ айырбастауға жатпайтын материалдық емес активтердің бір түрі - бұл ұйымдастыру шығындары. Ұйымдастыру шығындарына ұйымның қызметін бастапқы ұйымдастыруға байланысты барлық шығындары енгізіледі. Бұл бухгалтерлік есепке, іс-қағаздарын жүргізуге, заңдылық рәсімдеу мен кеңестерге, коммерциялық байланыстарды орнатуға жұмсалған шығындардан тұрады. Бұл шығындарды капиталдандырудың бірден бір себебі, бұл ұйымның қызмет ету мерзімінің бірнеше есепті кезеңіне таралады және оларды бір немесе бірнеше жылдың кезең шығындарына жатқызу оның қаржылық жағдайының бұрмалауына әкеледі. Ұйымдастыру шығындары капиталдандырылып, ұйымның таңдап алған қысқа мерзімі ішінде амортизацияланады. Тәжірибеде мұндай активтердің амортизация мерзімі салық заңдылықтарының талаптарына сәйкес келтірілуі мүмкін.

Гудвилл - ұйымдарды қосу немесе біріктіру кезінде сатып алынған ұйым үшін төленген баға мен оның жекеше есеп бірлігі болып саналатын таза активтерін бағалаған құны арасындағы айырма болып саналады. Гудвилл ұйымның барлық қызмет ету мерзімінде болады, бірақ ұйымды бүтіндей (толықтай) сату және сатып алу кезінде де тағайындалуы мүмкін. Гудвилл жеке есеп бірлігі болып бөліне алмайды, ол тек ұйымның басқа да материалдық және материалдық емес активтерімен бірге қызмет істейді. Гудвиллдің пайда болу себептері әр түрлі болады. Солардың ішінде ереше сипатқа ие болатындар - жабдықтау мен сатудың ерекше жүйелерінің қызмет етуі және айрықша тиімді жарнама, белгісіз бәсекелестердің өндірістік құпияларын (технологияларын) пайдалану, еңбекті тиімді ұйымдастыру, жоғары дәрежелі мамандардың, соның ішінде топ менеджерлердің бар болуы, белгісіз табиғи ресурстарды ашу және т. б. болып саналады.

Ұйымның сатып алған гудвиллдің ағымдағы құны сатып алу кезіндегі құнынан жоғары болуы мүмкін. Мұндай жағдайлар сатушылардың өздеріне тиісті активтерін жартылай немесе бөлек-бөлек сату мүмкіндігі болмаған кезде пайда болады (мысалы, біздің елде бережақ-кәсіпорынды инвесторларға сату) . Мұндай жағдайда теріс гудвилл қалыптасады (ұйымның активтері өсірілген, ал оның міндеттемелері төмендетілген) . Теріс гудвилл кіріс ретінде мойындалуы (танылуы) қажет.

Материалдық емес активтерге лизенциялауға жататын белгілі бір қызметтің түрін жүзеге асыру үшін мемлекеттік лиценизиялар; салық органдарының беретін патенттері, субъектінің өзі жасаған тауар және қызмет көрсету таңбалары мен белгілері жатпайды. Сонымен қатар ұйым қызметкерлерінің интеллектуалдық және іскерлік қасиеттері, олардың біліктілігі, еңбекке қабілеттілігі материалдық емес актив болып саналмайды, себебі олар тасымалдаушыларынан ажыратылмайды және оларсыз пайдаланылмайды.

3. 3 Материалдық емес активтерді өлшеу

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді және физикалық (табиғи) нысанда биматериалды болып табылады. Материалдық емес активтерді тану және оларды бағалау көпшілік жағдайда ұйымның осы активтерді тікелей пайдалану арқылы болашақ мерзімде болжамды экономикалық пайда алу ықтималдылығына байланысты болады және осы жағдайда активтің құны дұрыс анықталуы мүмкін.

Материалдық емес активтердің бастапқы құндарын өлшеу олардың басқа жақтан алынғандығына (сатып алу, ұйымдарды біріктірудің нәтижесінде алу, мемлекеттік субсидиялар есебінен) немесе ұйымның өзімен жасалғандығына байланысты және оны төмендегідей тәртіппен көрсетуге болады:

4 кесте - Материалдық емес активтерді алудың және бағалаудың тәртіптері

Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері
Активтерді бағалау (құндарын анықтау)
Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері: Құрылтайшылардың Жарғылық қорға салған салымдары
Активтерді бағалау (құндарын анықтау): Егер заңмен басқалай қарастырылмаған жағдайда, тараптардың келісімі бойынша
Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері: Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан төлем арқылы сатып алу
Активтерді бағалау (құндарын анықтау): Материалдық емес активтерді сатып алу және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындардың негізінде
Материалдық емес активтер объектісін алу тәртіптері: Басқа ұйымдардан немесе жеке тұлғалардан әншейін алу
Активтерді бағалау (құндарын анықтау): Материалдық емес активтерді кірістеуге және оларды пайдалануға жарамды қалпына келтіруге жұмсалған нақты шығындардың негізінде

Материалдық емес активтер ұйымға сатып алудың, ұйымдарды біріктірудің, айырбастаудың негізінде немесе мемлекеттік субсидиялардың есебінен кірістіріледі.

Материалдық емес активтер танылу сәтінде сатып алуға жұмсалған шығындар мен пайдалануға дайындау шығындарынан (активтерді сатып алуға, меншік құқығын беруге байланысты төлеген төлемдер) тұратын бастапқы құны бойынша бағаланады.

Сатып алу шығындары сатып алынған активтің немесе активтердің ағымдағы құндары бойынша анықталады, оған сатып алу бағасы, баждар, сатып алуға төленген орны толтырылмайтын салықтар, активтерді пайдалануға дайындау шығындар (заңгерлердің, бағалаушылардың қызметтері), делдал ұйымдарға төленген сыйықылар және материалдық емес активтерді алуға байланысты басқа да шығындар жатады. Егер материалдық активтерді алу кезінде оларды пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін қосымша шығындар жұмсалатын болса, онда бұл шығындар материалдық емес активтердің бастапқы құндарын жоғарылатады. Материалдық емес аткивтердің бастапқы құндарына капиталдандырылмаған несиелар бойынша сыйақылар қосылмайды.

Төлем мерзімі шектеулі материалдық емес активтердің бастапқы құны болып төлемді кейінгі қалдырғаны үшін шығыстарға апарылатын, сатып алушыға төленген сыйақыларды қоспағандағы активтердің сату құны мойындалады.

Материалдық емес активтер басқа материалдық емес аткивтерге айырбастау немесе жартылай айырбастау арқылы алынуы мүмкін. Мысалы, құнды қағаздарға айырбасталып алынған материалдық емес активтердің бастапқы құны сатып алынып жатырған материалдық емес активтердің құнына тең құнды қағаздардың сату құны бойынша бағаланады.

Материалдық емес активтер бірдей қызметтің түрінде пайдаланылатын ұқсас активтерге айырбастау арқылы алынуы мүмкін, сондай-ақ ұқсас активтердегі үлестік қатысуға сатылуы мүмкін. Екі жағдайда да жаңа активтің өзіндік құны берілген активтің баланстық құнына тең болады. Мұндай айырбас табыс әкелмейтін мәміле деп аталады.

Материалдық емес активтер әншейін немесе өкіметтік субсидиялар арқылы ең төменгі төлем бойынша алынуы да мүмкін. Мемлекеттен әншейін алынған немесе мемлекеттік субсидиялар есебінен ең төменгі төлем бойынша алынған материалдық емес активтер, егер сатылу құны «белсенді нарық» сілтемесімен анықталса, онда материалдық емес активтерді ұйым сатылу (сату) құны бойынша мойындайды. Активтердің белсенді нарығы жоқ болған жағдайда мұндай материалдық емес түрлері нөлдік немесе номиналдық, не болмаса материалдық емес активтерді пайдалануға жарамды жағдайына дейін жеткізу үшін жұмсалған нақты шығындардың сомасы бойынша анықталады. Материалдық емес активтердің осындай жолмен сатып алу бухгалтерлік есепте келесі жазулармен көрсетіледі: материалдық емес активтер есебі шоттарының дебеті 2700 «Материалдық емес активтер бөлімінің шоттары») және 6230 «Атқарушы органдардың субсидиялары» немесе 6280 «Негізгі емес қызметтерден кірістер» бөлімінің 6280 «Басқалары» шоттарының кредиті.

Егер материалдық емес активтер ұйымдардың бірігуі нәтижесінде алынса, онда олардың бастапқы құндары болып осы активтердің белсенді нарығының нақты бар екенін дәлелдеген жағдайда, мәміле жасалған күндегі активтердің сатылу құны есептеледі. Активтердің осы түрлері бойынша белсенді актив нарығы болмаса, онда материалдық емес активтер мойындалмайды, бірақ гудвиллға қосылады.

3. 4 Ішкі жасалған материалдық емес активтерді бағалау

Ұйымның өзі жасаған материалдық емес активтердің бастапқы құны болып материалдық емес активдерді анықтау сәтінен бастап жұмсалған тікелей және үстеме шығындардың сомасы есептеледі.

Ішкі жасалған материалдық емес активтердің құны енбейтін және кезең шығындары болып саналатын шығындар болып мыналар саналады:

- активтерді пайдалануға дайындау үшін тікелей жұмсалған саудалық, әкімшілік және басқа да шығындар;

- активтерді пайдалану үшін қызметкерлерді дайындау шығындары;

- активтердің жоспарлы көрсеткіштер деңгейіне дейін жету үшін жұмсалған шығындар.

Субъектінің ішінде жасалған гудвилл материалдық емес актив болып саналмайды, өйткені ақшасыз (неденежный) материалдық емес баптар бойынша жұмсалған шығындар болашақ экономикалық пайданың жоғарылауына ықпал етсе де, материалдық емес активтерді мойындаудың анықтамасы мен талаптарына сәйкес олардың қалыптасуын тудырмайды. Мысалы, ұйымның шығындары нәтижесінде жабдықтаушылармен тұрақты байланыстары орнату мақсатында қол жеткізген жоғары беделі, жұмысшылардың біліктілік деңгейінің жоғарылауы, жарнама компаниялардың жоғары беделі және т. б.

Мұндай шығындар гудвиллдің құрамында тек ұйымдарды біріктіру кезінде бағалануы мүмкін.

3. 5 Шығындарды мойындау

Материалдық емес активтердің анықтамасына және оларды мойындау кезіндегі талаптарға сәйкес келмейтін шығындар болып мыналар саналады:

- өндіріс басталған дейін зауытты немесе жаңа цехтар мен өндірістің ашылуына дейінгі жұмсалған шығындар, егер бұл шығындар негізгі құрадардың құнына қосылмаса;

- заңды тұлғаны құру кезінде жұмсалған шығындар: ұйымды тіркеу және заңнамалық құжаттарды дайындау шығындары (қандай бір қызмет немесе іс-әрекет үшін лицензия, жарғы, құрылтайшы келісім шарт), мөр, мөртаңба және т. б.

- өндірісте қызмет істейтін мамандарды оқыту шығындары;

- цехты немесе заңды тұлғаны қайта құруға байланысты жұмсалған шығындар;

- тауар белгілерін, қызмет көрсету белгілерін, фирмалық атауларды субъектінің өзі жасау үшін жұмсаған шығындары және т. б.

Материалдық емес баптарды қалыптастыру кезінде жұмсалған шығындар ұзақ уақыттан кейін де материалдық емес активтер құндарының бөліктері ретінде мойындалмауы тиіс.

3. 6 Кейінгі шығындар

Материалдық емес активтер бойынша кейінгі жұмсалған шығындардың дұрыс өлшенуі және олардың белгілі бір материалдық емес активтерге теңестірілуі өте сирек кездеседі (болады) . Ұйымның ішінде материалдық емес активтерді қалаптастырғаннан кейін немесе оларды алғашқы мойындағаннан кейін кейінгі жұмсалған шығындарға байланысты материалдық емес активтердің бастапқы құндарының жоғарылауы мына жағдайларда болады, егер:

а) материалдық емес активтерге жұмсалған кейінгі шығындардан болашақ экономикалық пайданы (тиімділікті) анықтау мүмкін болса;

б) жұмсалған шығындар өлшенетін болса;

в) жұмсалған шығындарды тиісті активтерге апарған жағдайда, бұл шығындар материалдық емес активтердің баланстық құндарын жоғарылатса.

3. 7 Алғашқы мойындаудан кейінгі бағалау

Материалдық емес актив, актив ретінде алғашқы мойындалғаннан кейін жинақталған амортизация сомасы мен құнды төмендету нәтижесінде жинақталған кез-келген зияндардың құндарын шегергендегі өзінің құнымен мойындалуы тиіс.

Материалдық емес активтерді алғашқы мойындағаннан кейін көрсетудің балама әдісі бар. Бұл әдіс материалдық емес активтерді қайта бағалау сәтінде кейінгі жинақталған амортизация сомасы мен құнды төмендету нәтижесінде жинақталған кез-келген зияндардың құндарын шегергендегі қайта бағаланған (әділ) құнымен көрсетуге мүмкіндік береді. Мұндай жағдайда әділ құн шын мәнінде өлшенуі тиіс. Егер материалдық емес активтерге қайта бағалау жүргізілсе, онда осы топтағы басқа да активтер қайта бағалануы қажет. Қайта бағалау кезінде материалдық емес активтердің баланстық құндарының жоғарылауы бухгалтерлік баланста «Қосымша төленбеген капитал» баптары бойынша көрсетіледі. Егер бұрын өткізілген қайта бағалаудың нәтижесінде материалдық емес активтердің құндары төмендетіліп, ол шығыс ретінде мойындалған болса, онда жаңа қайта бағалау осы фактіні есепке алуы қажет.

3. 8 Материалдық емес активтердің бары және қозғалысының есебі

Материалдық есем активтердің бары және олардың қозғалысының есебі активті 2700 «Материалдық емес активтер» бөлімінің: 2730 «Лицензиялық келісімдер», 2730 «Бағдарламалық қамсыздандырулар», 2730 «Патенттер», 2730 «Ұйымдастыру шығындары», 2710 «Гудвилл», 2730 «Басқалары» сәйкесті шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімнің шоттары субъектінің меншігіндегі, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқаруындағы материалдық емес активтердің нақты бары және олардың қозғалысы жөнінде ақпараттарды жинақтауға арналған.

Материалдық емес активтердің жасалу немесе олардың түсу, сондай-ақ оларды пайдалануға дайындау жұмыстарының аяқталу мүмкіндігіне қарай материалдық емес активтер қабылдау-тапсыру актісімен (НОК-1 ү. ) рәсімделеді және онда материалдық емес активтің нақты атауы, ұйымға берілу (жасалу) күні, объектінің сипаттамасы, оның бастапқы құны, тозу нормасы және басқа да қажетті мәліметтер көрсетіледі.

Материалдық емес активтерді қабылдау кезінде материалдық емес активтің әрбір объектісіне акті екі данамен толтырылады. Бірнеше материалдық емес активтердің бірдей түріне жалпы актіні рәсімдеу рұқсат етіледі. Акті толтырылғаннан кейін, тиісті қосымша құжаттарымен есеп бөліміне тапсырылып, оған бас бухгалтер қол қойып және ол ұйымның басшысымен немесе соған өкілетті (лауазымды) тұлғамен бекітіледі.

Материалдық емес активтерді бас ұйымға беру (сату, әншейін беру) кезінде акті беруші және алушы ұйымға арналып, екі данада толтырылады.

Материалдық емес активтердің талдамалық есебі, мүліктік карточкаларда (НОК-2 ү. ) жүргізіледі. Карточка материалдық емес активтердің алынағанын дәлелдейтін «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісінің» және басқа да техникалық құжаттардың негізінде бір данамен толтырылады. Материалдық емес активтерді басқа ұйымдарға беру кезінде оларды есептен шығарудың негізі болып «Материалдық емес қабылдау-тапсыру актісі» саналады.

Материалдық емес активтердің барлық түрлерін алу кезінде келесідей шоттар корреспонденциясы беріледі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Материалдық емес активтердің есептен шығарылуы
Материалдық емес активтер аудиті туралы
Материалдық емес активтердің түрлері туралы
Материалдық емес активтерді бағалау
Материалдық емес активтердің есебі мен аудиті
Кәсіпорынның материалдық емес активтер есебін және аудитін ұйымдастыру теориясын және тәжірибесін зерттеу және осының негізінде оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
Материалдық емес активтердің қозғалысының есебі
«1С Кәсіпорын» жүйесінде материалдық емес активтер есебін жүргізу
Материалдық емес активтерді бағалау тәртібі
Материалдық емес активтердің есебі және аудиті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz