Қолданбалы қолөнер туралы ұғым



Жоспар

Негізгі бөлім
1. Қолданбалы қолөнер туралы ұғым.
2. Қолданбалы қолөнер саласындағы ши орау өнері.
3. Шым ши ораудың тәсілдері.
4. Шым ши тоқу технологиясы.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың көркем қолөнері - өзінің төл тума бітім қасиетімен көркемдік мән – мағынасымен шын мәнінде халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Кез – келген халықтың дәстүрлі өнері – сол халықтың ғасырлар бойы бастан кешкен өмір салтының, таным – түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы болып табылады. өркениетті қоғам мен құқытық мемлекеттің гүлдене түсуі өскелең ұрпақтың рухани байлығымен мәдениеттілігін, еркін ойлау қабылетімен, шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін талап етеді.
Қазақ ұлттық қол өнері адам баласына өзінің бай тарихы, терең мазмұны, сан қилы ерекшеліктері, рухани, естетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түседі. Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихы мен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына болып саналады. Ол тек қазақ халқының емес, сондай – ақ туысқан орта азяи халықтарымен ұлы орыс халқының қол өнерімен ұштасып жатады. Қазақ халқының тарихы, басқа халықтардыңкі сияқты өндірістік қатынастар дамуының шежіресі болып табылады. Қазақ халқында қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыруға болады.
Жалпы тарихқа енер болсақ, ерте кездегі адамдардың үнемі жоқшылықта, кемтарлықта, қиыншылықта болғанын байқай аламыз. ежелгі ата – бабаларымыз табиғатқа тәуелді болды: яғни күн көзіне жылынды, аң етін, шөп – шегінді қорек етіп отырды, таудағы үңгірлерді баспана ретінде пайдаланды. Ағаш пен тасты қару жарақ етуі үшін, шақпақ тастарды от тұтандыру үшін қолданды.
Қазақ халқының қолөнері деп қазақ тұрмысында жиі қолданылатын өру, тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтамыз. Шын мәнісінде осы аталған қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихтары бар.
Қолөнер «ер адамдарға тән іс», «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан, сүйекпен мүйізден
Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Арғынбаев X. Қазақ халқының қол өнері ғылыми зерттеу еңбек- Алматы: Өнер; 1987-1286.
2. Әмиргазин Қ. Қолданбалы көркем өнер. Алматы РИК 1995.-50 6.
3. Әбдуалиева Ш. Халық қол өнері. Алматы. Рауан 1992-120 б.
4. Әбдіғапбарова Ү.М. Казақтың ұлттық ою-өрнектері (оқу құралы).- Алматы; Өнер, -1999 ж., 152 бет.
5. Балкенов Ж. Халық мұрасындағы ұлттық өрнек және рең ғылыми әдістемелік монография, КарГУ, Қарағанды. 1996 ж.
6. Еспенбетов Б. Шидің сәндік сипаты. Білім және еңбек № 7, 42-43 б., Алматы, 1988.
7. Еспенбетов Б. Оқушыларды халықтың қолданбалы өнеріне баулу. Бастауыш мектеп, №9,10 б., Алматы, 1988.
8. Еспенбетов Б. Ұрпағымыз ұмытпасын. Бастауыш мектеп №1 27-28 б., Алматы, 1990.
9. Еспенбетов Б. Халықтың қол өнері туралы, Казақстан мектебі № 7, 63-656, Алматы, 1991.
10. Жәнібеков У. Культура казахского ремесла — Алматы: Өнер, 1982.- 1486.
11. Қазыханова Б. Эстетическая культура Казахского народа- Алматы: Казақстан, 1973-2236.
12. Қасиманов С. Қазақ халқының қол енері - Алматы: Қазақстан, 1969,-2486.
13. Маргулан А.Х. Казахская юрта и ее убранство.М.:Наука, 1964, с.12.
14. Маргулан А.Х. Казахское народное прикладное искусство. Алматы: Өнер; т. 1,1986, с. 256.
15. Муканов М. Казахские домашние художественные ремесла. Алматы: Қазақстан, 1979.-1206.
16. Тәжімұрат Ә. «Шебердің қолы ортақ». Алматы. «Қазақстан» 1997 ж. 95 б.
17. Өстеміров К. «Еңбекке баулу» 4 – сынып. Алматы: Атамұра, 2000 – 142 – 146 б.
18. Ислямов О. «Жүн қолөнері технологиясының сарамандық жұмыстары», «Білім - образование», Алматы – 2001 ж. №2, 33 – 35 бет.
19. Қазақстан мектебі «Ши тоқу өнері», - 2002 ж. №7.
20. Народное декоративно – прикладное искусство казахов (под.ред.Н.Б.Нурмухамедова /2-,; Аврора, 1970 – 207 б.).

Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Негізгі бөлім
1. Қолданбалы қолөнер туралы ұғым.
2. Қолданбалы қолөнер саласындағы ши орау өнері.
3. Шым ши ораудың тәсілдері.
4. Шым ши тоқу технологиясы.
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қазақтың көркем қолөнері - өзінің төл тума бітім қасиетімен көркемдік мән –
мағынасымен шын мәнінде халқымыздың уақыт тезінен өткен асыл қазынасы. Кез
– келген халықтың дәстүрлі өнері – сол халықтың ғасырлар бойы бастан
кешкен өмір салтының, таным – түсінігінің, арман – аңсарының жарқын айғағы
болып табылады. өркениетті қоғам мен құқытық мемлекеттің гүлдене түсуі
өскелең ұрпақтың рухани байлығымен мәдениеттілігін, еркін ойлау
қабылетімен, шығармашылығын, кәсіби біліктілігімен білімділігін талап
етеді.
Қазақ ұлттық қол өнері адам баласына өзінің бай тарихы, терең мазмұны,
сан қилы ерекшеліктері, рухани, естетикалық, эмоционалдық, интеллектуалдық
тұрғыда әсер етіп, олардың тұлғалық және сапалық қасиеттерін дамыта түседі.
Қазақ халқының қолөнері сонау ескі заман тарихы мен бірге өсіп, біте қайнап
келе жатқан өте бай қазына болып саналады. Ол тек қазақ халқының емес,
сондай – ақ туысқан орта азяи халықтарымен ұлы орыс халқының қол өнерімен
ұштасып жатады. Қазақ халқының тарихы, басқа халықтардыңкі сияқты
өндірістік қатынастар дамуының шежіресі болып табылады. Қазақ халқында
қолөнердің қалыптасу кезеңдерін Қазақстан тарихымен байланыстыруға болады.
Жалпы тарихқа енер болсақ, ерте кездегі адамдардың үнемі жоқшылықта,
кемтарлықта, қиыншылықта болғанын байқай аламыз. ежелгі ата – бабаларымыз
табиғатқа тәуелді болды: яғни күн көзіне жылынды, аң етін, шөп – шегінді
қорек етіп отырды, таудағы үңгірлерді баспана ретінде пайдаланды. Ағаш пен
тасты қару жарақ етуі үшін, шақпақ тастарды от тұтандыру үшін қолданды.
Қазақ халқының қолөнері деп қазақ тұрмысында жиі қолданылатын өру,
тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер
жиынтығын айтамыз. Шын мәнісінде осы аталған қолөнер түрлерінің әр
қайсысының талай ғасырлық тарихтары бар.
Қолөнер ер адамдарға тән іс, әйел адамдарға тән іс деп екіге
бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан, сүйекпен мүйізден, метал мен
ағаштанбұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарды.
Ал кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау
сияқты нәзік жұмыстарды әйел адамдар атқарып отырды. Тері илеу, киіз басу,
ши тарту жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарды.
Халықтың қолөнеріне әдет ғұрып жабдықтары мен қатар, аң аулауға, мал
өсіруге және егіншілікке қажетті құрал – жабдықтар да кіреді. Киіз үйдің
сүйегі, ағаш кереует, кебеже, сандық жасап, кілем, сырмақ, алаша, шиі,
түрлі бау, басқұрлар, оқып арқан, жіп есіп, көннен және иленген теріден
қайыс, таспа тіліп, өрім өріп, қолдан әр алуан ыдыс аяқ, адал бақан, бесік
тағы басқа көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпазы өз қолдарымен жасап,
түрлі нақыштармен әшекейлейтін болды.
Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын тұтыну бұйымдары мен жабдықтардың
сапасына қатты талап қойып, олардың әрі ұнамды, әрі сәнді болуын қалады.
Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, үтір сұрыптай отырып, заманымызға
лайықты, сапа, түр беру әдісі оларды, ілгері дамыта беру керек.
Халқымыздың өрнекті өнерінің бірі – шиді жүннен орап және оны өрнектеп
тоқу ісі. Қолөнердің барлық түрлері сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен
безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы.
Ши – астық тұқымдасына жататын өсімдік. Биіктігі 50 – 250 см, сабағы
көк, биік өседі, түсі көгілдір, беті тегіс, мықты, түп жағы қамыс
жапырақты. Жапырақтары ұзын жіңішке, ені - 3,5 мм, өте қатты. Сыпыртқысының
өзі 15 – 50 см, маусым шілде айларында гүлдейді. Иран, Қытай, Моңғолия,
Европа бөлігінің оңтүстік шығысында, Қазақстанның дала, шөлейт аймақтарында
тау беткейлерінде әдетте суға жақын жерлерде өседі. Ши қыста мал жайылымына
жақсы, сабағынан ши тоқылады. Гүл шоғыры мен қысқа сабағынан сыпыртқы
жасауға және үй әсемдеуге болады.
Ши тоқуда өнер болып саналады. Қазақ халқы көптеген қолөнермен
айналысқан: жүннен киіз басып, жіп иірсе, мал терісінен былғары илеп,
әртүрлі үй жиһазымен киімдер тіккен. Ағаштан, күмістен әшекейлі бұйымдар
жасаған, қазақ халқы кішкене киіз үйі кірсе шыққысыз етіп, көркемдеп
әсемдеген. Сол көп өнердің бірі осы ши тоқу. Ши көшіп қонуға ыңғайлы, тез
жиылады, көп орын алмайды. Оны киіз үй керегесінің сыртынан, туырлық ішінен
ұстаған. Ши, ұлттық үй жиһазы.
Ши тоқу ертеден және қазіргі кезде де қазақ халқымен Орта Азия
халықтарының арасында кеңінен тараған өнер. Күнделікті тұрмыспен шаруашылық
қажеті үшін тоқылған ши қазірге дейін пайдаланылып келеді. Ол киіз үйдің
құрамдас бөлігі ретінде кереге сыртына тұтуға, сондай – ақ ыдыс аяқ, ошақ
басын қоршап қоюға қолданады. Тоқылған шиді киіз үйдің есігіне ұстауға әр
түрлі үй шаруашылық мүддесіне, мәселен, киіз басу жұмыстарына, жайылған
киіз, сырмақтың ылғал тартып, бүлінбеуі үшін, солардың астына төсеуге,
сонымен бірге құрт жаю, тары сүзу, және т.б. істерде кеңінен
пайдаланылады. Тығыз тоқылған ши күннің ыстық кезінде киіз үйдің туырлығын
жоғары түріп қойып, үй ішін салқындатуға жақсы. Ши өңдеу, тоқу өнерімен
қазақта, орта Азиядағы басқа халықтарда әсіресе көбіне әйел адамдары
айналысқан.
Ши бұйымы жалпы сырт көрінісіне қарай 3 түрге бөлінеді: ақ ши, ораулы
ши, шым ши (жүн орап, өрнектеп тоқуға). Халық арасында осы ши түрлерінің
әрқайсысы өз орын – орынымен қолданылады.
Қабығынан аршылып тоқылған шидің ақ ши деп атайды. Халықтар ақ шидәі
кеңінен қолданылады ақ шиді оралмай, құр өзі тоқылатын болғандықтан,
көбінесе киіз басуға, сүзгіге, шыптаға, мал сойғанда еттің астына төсеуге,
құрт ірімшік жайғанда пайдаланылады.
Қабығынан тазартылған шидің өн бойын бір түске боялған жүнмен немесе
жіппен орап шығады. Тоқу кезінде оралған шиді ақ шимен топтап, әр топқа 20
– 30 шиден алма кезек тоқып отырады, мұндай шиді орама ши деп атайды.
Орама ши киіз үйді айнала тұту үшін және киіз үйдің есігіне қолданады.
Қабығы тазартылған шидің өн бойын өрнек жүйесіне келтіре отырып, әр
түске боялған жүнмен немесе түсті жіппен орап алады. Сонан соң қатар жатқан
оралған шилерді шетінен бастап, орындарын ауыстырмай тоқиды. Тоқылғаннан
кейін шығатын өрнекті шиді шым ши деп атайды. Шым ши - қазақ халқының
қолөнерінің мағынасына мән бере орындалатын тоқыма өнері. Оны киіз үйге, ас-
су, ыдыс аяқ тұратын жерге қоршау ретінде, пайдаланады. Кейде оны тұс киіз
орнына ұстайды.
Шым шиді киіз үйдің сыртына немесе ішіне, керегенің сыртына тұтқанда ол
өзінің тығыздығымен суық желді оның ішіне өткізбейді. Өрнегімен үйді
көркемдеп тұрады. Шым шиге шаршы оюы, ромбы, жұлдыз өрнектері салынады.
Қазіргі кезде қоғамдық орындарда, үй тұрмысын әсемдеуге шиден дайындалған
туындылар кеңінен қолданылып келеді.
Шым ши тоқу – қазақтың қолөнер саласындағы ұлттық өнеріінің ерекше бір
түрі. Өрнекті шым ши тоқуда болсын, халықтың қолөнерінің қайсыбір саласында
болмасын, қазақ әйелдерінің шеберлік, көркемдік талғамы өзінің табиғи
шынайылығымен көз тартады. Шым ши тоқуда, негізінен оюыдың композициялық
көрінісінің маңызы ерекше орын алады. Бұл саладағы қазақ шеберлерінің
қолданылып жүрген қазіргі барлық оюы түрлерін композияциялық жағынан толық
жекелеген және тұтас ою, бір беткей ұзындық ою, екі жақты ұзындық ою болып
бөлінеді. Шым ши тоқу өнерінде кездесетін қазақ оюыларының ішінде
жекелеген және оюы формасын шаршы ою деп те атайды.
Оған белгілі геолметриялық фигурадағы төтрт бұрышты, дөңгелек, тағы
басқа көп бұрышты оюларды жатқызуға болады. олар шым шидің бетін тұтас
сәндеуге қолданылады. Мұндай оюлардың қайталанып келіп отыратын күрделі
композияциялы қиын түрлері, сәуле, шахмат, ұзындық оюларын ашық жерге
түсіргенде геометриялық қоршау көмкеру кезіндегі сол мативтердегі
бөлшектермен оюланып, жиектеледі. Ол сияқты шым ши бетін әшекейлейтін
қазақ, қырғыз оюларының негізі кейбір геометриялық мотивтегі элементтермен
өсімдік және жануар тектес, тағы басқа оюлардан құралған.
Шым ши тоқуда геометриялық ою элементтері робы, төрт бұрыш, шаршыдағы
жұлдыз, үш бұрыш, көпбұрышты немесе сүйірлі бұрыштанып, келген крест
тәроізді болып келеді. Бұдан геометриялық оюды шым ши тоқу өнерінде ғана
сақталған. Мұндай оюлар ерте заманнан керамика үй құрылысында және
күнделікті үй мүліктерінде алаша, кілем, киіз өрнектеу салаларында жақсы
сақталған. Өрнектеп ши тоқу өнерінде қазақ шеберлері осы әдісті қолданған.
Олардың ши бетіне салған өрнек түрлері жүзтеру деп аталады. әрқайсысы
шаршыға тең алты шаршыдан кейін, оның екі жағынан шыбық ши, одан кейін
алақан ши жалғасады. Алақан шиге түр салынбайды. Көшіп қонғанда түр
салынған шағы түтіліп, тез тозып қалмас үшін, алақан шым шидің екі жағынан
салынады.
Кереге сыртынан бір босағадан – екінші босағаға дейін, шиді айналдыра
тұтуы – ши ұстау деп аталады. Ұсталған шидің екі шетіндегі керегеге
байланатын жіпті шибау деп атайды. Халық шеберлері табиғаттың байлығын
өздерінің күнделікті тұрмысында өте қажетті ұста болғаны ертеден белгілі.
Оған кереге тұтылар киізді шимен ауыстырғаны қарапайым ғана мысал бола
алады. Даланың шиін өңдеп тоқып, кәдеге жарату, қиында жұмыс болмағанмен
оны көркемдеп, мәнерлеп, әдемі кілем іспетті дүние ету оңай іс емес.
Халқымыздың қалаулы шеберлері жасаған шым ши киіз үйдің керегісін
сыртынан жауып, киіз есіктің ішкі жағынан тұтылады. Шидің әрбір сабағына
түрлі түсті жүннен кейде жібектен оралған белгілі ою өрнектермен түгелдей
безендіріліп, өрнекті де әсем заттармен бұйымда жасау өте ертеден белгілі.
ши өңдеумен тоқуға қатысты қалыптасқан терминдер қолданылып жүр.
Мысалыға: аршу деп тоқудың алдына ши сабағының қабығын аршуды айтады.
Шиді аршумен бірге оның ішінде жүн орауға жарамдысы да, жарамсызыда болады.
Сондықтан жарамдысын таңдап алып, бөлектеп аршып алуды сұрыптау деп атайды.
Сұрыпталған шиді әрбір иненің тұрқы жеткенше өткізіп қоюды тізу дейді. Ал
шиге өрнек саларда алдын ала өлшеп алып, жіп оралатын жерін белгілеуді
сызу деп атайды. Оны көбінесе пышақпен, қарындашпен, шоқпен белгілейді.
Сызылған белгі бойынша инеге өткізілген шиге түрлі – түсті жүннен орап үлгі
салып шығуды түр салу деп атайды. Оралған шиді салынған белгісіне орай,
өрнек бойынша ши сабақтарын дұрыс орналастыруды да шеберлер түзу деп
атаған.
Ши тоқу – ши сабақтарын белгіленген күйдіріп белгіленген жеріне қарай
бірінен кейін бірін қарапайым құрал арқылы 12 – 15 жерден жіппен шалып
байластыруды айтады.
Шаршы – біртұтас өрнекті қамтыған шидің бөлігі, шаршыға әр түрлі өрнек
түрі түсуі мүмкін. Оны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлғаға және оның эстетикалық талғамының қалыптасуына қолөнердің әсері
Қайың қабығы, қабығы
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Дәстүрлі қазақ қоғамында дамыған киіз жасау өнері - киіз басу
Қазақ халық қолөнерін бастауыш сынып оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың теориялық негіздері
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Қазақтың сәндік қолданбалы қол өнері
КӘСІПТІК ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Бастауыш сыныптағы еңбекке баулуды оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныпта халық қолөнерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесі
Пәндер