Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І ТАРАУ. СОТ ЭТИКАСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ..
ІІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢЫ, ІЗГІЛІК ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ТАКТИКАСЫ
§ 1. Қылмыстық сот өндірісіндегі құқықтық және ізгілік нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 2. Тергеу этикасы және тергеу әрекеттерін орындаудың тактикалық амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ ТАРАУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ БАСТАУЛАР
§ 1. Сот әдлдігінің ізгілік бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
§ 2. Сот алқасының ішкі қарым.қатынастарының этикасы
§ 3. Қылмыстық сот өндірісінің құқықтық мәдениеті

ІҮ ТАРАУ. АДВОКАТ ЭТИКАСЫ СОТ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
§ 1. Қорғаушы адвокат этикасының тәжірибелік маңызы
§ 2. Ізгілік критериі (белгісі) және адвокат .этикасының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 3. Кәсіптің беделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Пән: Іс жүргізу
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І ТАРАУ. СОТ ЭТИКАСЫНЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ ... ... ... ... ... ..

ІІ ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУ ЗАҢЫ, ІЗГІЛІК ЖӘНЕ ТЕРГЕУ ТАКТИКАСЫ
§ 1. Қылмыстық сот өндірісіндегі құқықтық және ізгілік
нормалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..
§ 2. Тергеу этикасы және тергеу әрекеттерін орындаудың тактикалық
амалдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ ТАРАУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІНДЕГІ ЭТИКАЛЫҚ БАСТАУЛАР
§ 1. Сот әдлдігінің ізгілік бастаулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
§ 2. Сот алқасының ішкі қарым-қатынастарының этикасы
§ 3. Қылмыстық сот өндірісінің құқықтық мәдениеті

ІҮ ТАРАУ. АДВОКАТ ЭТИКАСЫ СОТ ЭТИКАСЫНЫҢ ҚҰРАМДАС БӨЛІГІ РЕТІНДЕ
§ 1. Қорғаушы адвокат этикасының тәжірибелік маңызы
§ 2. Ізгілік критериі (белгісі) және адвокат -этикасының
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
§ 3. Кәсіптің беделі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Жаңа адамды тәрбиелеу – республикадағы болып жатқан объективті
жағдайлармен, қарқынды қоғамдық процесстермен анықталатын басты міндет
ретінде егеменді Қазақстанның назарында тұр. Біздің елімізде жаңа моральдық
– саяси сапалары бар, мәдениеті және білімді адамдардың жаңа ұрпағы –
жаңа идеалдары үшін қайсар күресушілердің ұрпағы өсіп келе жатыр.
Біздің күнделікті өміріміздің бүкіл барысы – оның жылжымалылығы,
ғылыми-техникалық революцияның таралуы, бүкіл қоғамдық қатынастар
жүйесінің жетілдірілуі, жаңа адамды тәрбиелеуге, оның санасы мен
дүниетанымын жан-жақты дамытуға, оның идеялық-саяси және ізгілік сапаларын,
бүкіл рухани әлемін әрі қарайғы даму қажеттіліктерімен, құқықтық
мемлекетті құру болашағымен сәйкестендіріп қалыптастыруға қуатты күш салу
қажеттілігін тудырып отыр.
Жаңа адамдар тәрбиелеу, ізгілік қатынастарымызды жетілдіру
міндеттерін – моральдық тәрбиелеудің тәжірибеде бар жетістіктерін теориялық
тұрғыдан жалпыламай, өмірдің жаңа құбылыстарының барлығын ғылыми
тұрғыдан зерттемей шешу мүмкін емес. Оларды тұтастай алғанда этиканың
дамуына сүйенбей шешу де мүмкін емес. Сондықтан, этикалық зерттеулерді
кеңейту және тереңдетудің, этикалық теорияны дамытудың қазіргі
жағдайларда маңызы ерекше.
Адамдардың жүріс-тұрысын реттеуде ізгіліктің, ізгілік қағидалары
мен нормалары рөлінің өсуі дамушы дәрежеде өтіп отыр: адамдардың ізгілік
санасының деңгейі көтеріліп, өмірдің барлық мемлекеттік, қоғамдық және
жеке салаларында ізгілік бастаулар нығайып жатыр.
Қазіргі жағдайларда философиялық ғылым – этиканың, яғни ізгілік
туралы ғылымның маңыздылығы өсіп отыр, атап айтқанда сот әділдігінің,
сот өндірісінің, әсіресе қылмыстық сот өндірісінің ізгілік негіздерін
зерттеу қажеттілігі пісіп жетілді.
Қылмыстық іс бойынша қылмыстық шешіміне адамның ары, бостандығы,
кейде тіпті, өмірі де тәуелді болады, сондықтан да сот және онымен
байланысты органдардың қызметінің ізгілік-этикалық жағы үлкен мәнге ие.
Осыған сот этикасы мәселелерін ғылыми тұрғыдан қарастыру қажеттілігі шығып
отыр.
Сот этикасы ғылым ретінде, өзінің аздаған тарихына қарамастан, әлі
де алғашқы қадамдарын жасауда. Судья, прокурор, адвокат, тергеуші
парызының мазмұны, оны орындау ынтасы, кәсіптің ізгілік идеясы осы күнге
дейін ашылмаған күйінде қалып отыр.
Адал орындалатын кәсіби парыз – қызметке моральды қанағаттанудың
негізі, бақыт, өмірдің мәні сияқты этикалық санаттарды дұрыс түсінуге
апаратын жол болып табылады.
Парызды жүзеге асыру, ізгілік даулардың жалғасуымен байланысты
болады. Көптеген философ-этиктар адам қызметінің аясы неғұрлым кең болса,
оның өз ізгілік сезімдерін қоғамдық парыз үшін соғұрлым жиі құрбан етуге
мәжбүр болатынын байқаған 1. Бірақ, осы даулы жағдайларда ізгілікпен
негізделген шешім қабылдау үшін, ізгілікті деп атауға болатын сапаға
(қасиетке) ие болу керек. Бұл инстинктивті зейін емес. Оның моральды
құндылықтардың субординациясы туралы ілім түйіндегі ғылыми негізі
болуы тиіс.
Шындық – дәлелдеудің жоғарғы ізгі мақсаты екені аян.
Қандай да бір іс жүргізу жағдайын қарастыра отырып, сот ең алдымен
іс жүргізу заңының нормаларына сүйенеді. Алайда, іс жүргізу нормалары
бір мағыналы деп тануға болатындай қатаң регламентті қамтымайды: норма әр
уақытта дерлік, орындаушының бастамашылығына, қалауына орын қалдырады.
Бұл іс жүзінде дұрыс, заң шегінде жасалған әрекеттердің, өздерінің
ізгілікті салдары үшін жауаптылықты жоққа шығармайтындығын білдіреді.
Сот этикасы іс жүргізу әрекеттерін бағалауға, екі – құқытық және
моральдық критерий үйлескен көзқарасты қалыптастыруы керек.
Осы тақырып дипломдық жұмыстың тақырыбы ретінде қазіргі жағдайларда
сот әділдігінің, әсіресе қылмыстық сот өндірісінің ізгілік негіздерін
зерттеу қажеттілігінің пісіп-жетілгеніне негізделіп таңдалды. Қылмыстық іс
бойынша шығарылған сот шешіміне адамның ары, бостандығы, кейде тіпті,
өмірі де тәуелді болады, сондықтан да сот және онымен байланысты
органдардың қызметінің ізгілікті этикалық жағы үлкен мәнге ие. Осыдан
бұл тақырыпты ғылыми тұрғыдан қарастыру қажеттілігі шығып отыр.

І ТАРАУ

Сот этикасының ұғымы мен міндеттері

Сот этикасы – бұл, судъялардың, прокурорлардың, тергеушілердің,
адвокаттардың қызметінің ерекше жағдайларында мораль, ізгілік нормаларын
қолдану; қылмыстық істерді тергеу және шешуде ізгілік қағидалары мен
талаптарын жүзеге асыру туралы ғылым.
Сот этикасының пәні әрине, сот қызметінің барлық салаларында
ізгілік нормаларынының қолданылуын зерттеу.
Сот этикасы судьялар, прокурорлар, тергеушілер, адвокаттар үшін
қандай да бір ерекше ізгілік нормаларын қалыптастырмайды, ол – сот және
тергеу қызметінің ерекше жағдайларындағы ізгіліктің жалпы нормаларының
қолданылуын зерттейді.
Сот этикасы – бұл басқа түрлері бар (дәрігер этикасы, әдеби этика,
әскери этика жәнен т.б.) “кәсіби этиканың” бір түрі. Кәсіби этиканың
әрқайсысы нақты кәсіби қызметтің ерекше жағдайларында жалпы ізгілік
нормаларының қолданылуын зерттейді, бірақ сол кәсіп үшін ерекше “ізгілікті”
қалыптастырмайды. Сондықтан, кәсіби этика туралы айтуға болса да, “кәсіби”
ізгілік туралы шартты түрде де айтуға болмайды.
Кез келген аталмыш “кәсіби этикада” қоғам мүшелерінің барлығы үшін
міндетті болып табылатын ізгілік нормаларының барлығы әрекет етеді және
ешқандай ерекше “өзіндік” ізгілік нормалары жоқ. Бірақ, кәсіби қызметтің
түрлі салаларында жалпы ізгілік нормаларының қолданылуы, көрініс табуы
бірқатар жағдайларда айрықша белгілер мен нысандарға ие болады және
осы нысандардың негізінде нақты қызметте пайда болатын сұрақтар шешіледі.
Мәселен, тұлға мен оның мүдделеріне аялап, адамгершілікпен қарау
жөніндегі жалпы этикалық талаптар сот өндірісінде толығымен сақталады,
бірақ олардың сақталуы мен орындалуы – тұлғаны айыпталушы ретінде тарту,
оған бұлтартпау шарасын таңдау және т.б. осы сияқты мәселелерді шешу
кезінде ерекше белгілер мен нысандарға ие болады. Осы жәйт кәсіби
этиканың, оның ішінде сот этикасының күрделі, көп қырлы мазмұнын
анықтайды.
Сот және онымен байланысты қызметтердің ізгі бастаулары туралы
дамушы ілім ретіндегі сот этикасына әлі де өз пәні мен жүйесін анықтап
алуы қажет. Бірақ, қазірдің өзінде, сот этикасын қылмыстық және
азаматтық іс жүргізулермен шектеуге болмайтындығын айтуға болады.
Д.Л.Котовтың пікірінше, сот этикасына сотталғандарды түзеу және қайта
тәрбиелеу жөніндегі қызмет этикасын да қосу керек, өйткені, бұл қызмет
қылмыстық сот өндірісімен тікелей байланысты және оны жалғастырады 1.
Сонымен қатар, сот этикасының пәніне қлмыстың және азаматтың іс
жүргізілердегі азаматтарды ізгілікке тәрбиелеу мәселелері де, сонымен
бірге қызметтерді сот өндірісін жүзеге асырумен байланысты тұлғалардың
барлығын ізгілікке тәрбиелеу мәселелері де жатқызылуы тиіс.
Сот өндірісінің мәдениеті мәселелерін де сот этикасының пәніне
жатқызу қажет. Сот этикасы үшін моральдық нормаларды зерделеу бірінші
дәрежедегі маңызға ие, өйткені, оларды зерделеу арқылы сот, прокуратура,
тергеу органдары, адвокатураның тәжірибелік қызметтеріне ізгілік
бастаулар енгізіледі.
Сот этикасын, әрине, зергерлер үшін міндетті ізгілік қасиеттерінің
жинағы туралы ілім ретінде түсінуге болмайды. Зергердің кәсіби моралінің
бүкіл қоғамның ізгілікті ықпалдарының әсерімен сот этикасының өзі
тұрақты түрде дамып, тереңдетіліп, жетіліп отырады.
Сот этикасын дамытуға А.Ф. Кони зор үлесін қосты. Ол қылмыстық іс
жүргізудің шарттары мен жағдайларында ізгілік бастауларға басты рөлдің
тиеслі болатындығына сенген және заңгерлердің назары сот өндірісінің
ізгілік бастауларын зерттеуге бағытталуы керек деп есептеген. А.Ф.Кони
тек сот техникасы мен сот тәжірибесін зерттеп қана қоймай, ізгілік туралы
жалпы ұғымдарды арнайы қызметке қосу туралы ілім ретіндегі сот этикасын
да зерттеу қажет деп есептеген. Ол қылмыстық іс жүргізудегі этиканың
рөлін осылайша бағалаудың себебін, қызметтің ережелері қаншалықты жақсы
болмасын, олар өз күшін тәжірибелі емес, дөрекі, арам қолға түскенде
жоғалтатындығымен түсіндіреді.
Бұл жағдайларда, ең жетілген, ең әділ, жан-жақты ойластырылған
заңның өзі түкке жарамай қалады. Сот өндірісінің нысандары біршама нық
орнағандықтан, ізгілік бастауларға, – дейтін ол, болашақта қылмыстық іс
жүргізудің зерттеулерінде басты рөл тиесілі болады және сот өндірісі
туралы ілімнің ауырлық нүктесі іс-жүргізудің барысынан судьяның
этикалық және қоғамдық-құқытық қызметіне оның бүкіл дамуында ауысады 1.
А.Ф.Конидің сот этикасын зерттеу, судьялар мен сот өндірісінің
басқа қатысушыларында жоғарғы ізгілікті тәрбиелеу қажеттілігі туралы
ойлары, сонымен қатар, сот этикасының қалыптасқан көптеген ережелерінің
қазіргі күнде де өзекті мәнге ие болып отырғаны сөзсіз.
Сот этикасының алдында тұрған міндеттерді сәтті шешу оның мәнін,
заңгердің кәсіби қызметінің ізгілік бастауларының мәнін түсінуге
байланысты болады.
Заң әдебиеттерінде сот этикасын түсіндрудің әртүрлі көзқарастары
қалыптасқан. Мәселен, М.С.Строгович “сот этикасы судъялар, прокурорлар,
тергеушілер, адвокатар үшін қандайда бір ерекше ізгілік нормаларын
қалыптастырмайды, ол – сот және тергеу қызметінің қолданылуын зрттейді”
деп жазады2.
Мынаған ұқсас пікір де айтылған: сот этикасын – моральдің жалпы
заңдлықтарының судьялардың этикасына таралуымен ғана анықтауға болмайды
3, оның өзінің, жалпы моральдық қағидалардың әрекетін шектей алатын,
өзіне ғана тән ізгілік нормалары бар 4.
Бұл даудағы келіспеушіліктер, бір авторлардың кәсіби моральда
айрықша ізгілік нормалары болады деп, ал басқаларының онда жалпы ізгілік
қағидаларының тек сынуын ғана көруі арқылы сипатталады.
Алайда, даудың мәні әрбір кәсіби моральдың өзінің айрықша
нормаларының бар-жоқтығында емес, олар бар. Даулы болып табылатыны: осы
нормалардың мазмұны қандай; олар жалпы ізгілік қағидаларын айрықша кәсіби
қызметті ескере отырып қолданудың нәтижесі болып табылады ма, әлде, жалпы
қағидаларды толықтыратын және тіпті, олардың әрекетін шектейтін ерекшелік
ізгілік нормалары ма деген сұрақтар.
А.Д.Бойков кәсіби моральдың ерекшеліктерін қарастыра келіп:
“...алайда, бұл ерекшеліктер мораль қағидаларының әрекет етуін тоқтата да,
бұл ерекшеліктер мораль қағидаларының әрекет етуін тоқтата да алмайды,
шектей де алмайды” 1 деп дұрыс айтқан.
Кез келген кәсіби моральда жалпы ізгілік қғидаларына сүйенбейтін,
мораль қағидаларына сәйкес келмейтін, оларға қайшылық туғызтын және тіпті,
олардың әрекет етуін шектейтін өзіндік ерекше ізгілік қағидаларына
сүйенбейтін, мораль қағидаларына сәйкес келмейтін, оларға қайшылық
туғызатын және тіпті, олардың әрекет етуін шектейтін өзіндік ерекше
ізгілік нормалары болмайды. Мұндай нормалар ізгіліктен, мазмұннан
айырылатын еді. Ал, әр кәсіби моральдің ерекшелігі болып, жалпы ізгілік
нормалары қолданылуының, көрініс табуының және сынуының кәсіби
қызметтің түрлі салаларында айрықша белгілер мен нысандарға ие болуы
табылады.
Сонымен қатар, А.Ф.Кони сот этикасын ізгілік туралы жалпы ұғымдардың
қандай да бір салаға, арнайы сот қызметіне қосымша ретінде қарастырады
2.
Қылмыстық сот өндірісінде кез келген моральды норма, егер ол шынымен
сондай болып табылса, міндетті түрде жалпы ізгілік қағидаларына сүйенеді
және сот әділдігіне қызмет етеді, қылмыстықпен күреске, тұлғаның құқытары
мен заңды мүдделерін қорғауға және сол арқылы құқытық мемлекетті құру
мақсаттарына қызмет етеді.
Сот этикасының дамуы мораль қағидаларымен байланыспаған, тіпті
олардың әрекетн шектейтін ерекше кәсіби ізгілік нормаларын іздеу
бағытында емес, жалпы ізгілік қағидаларды қылмыстық сот өндірісіне оның
ерекшеліктерін ескере отырып енгізу жолымен жүруі тиіс. Бұл
қылмыстылықпен күреске, тұлғаның құқытары мен заңды мүдделерін қорғауға
септігін тигізеді.
Сот этикасы – бұл дамушы ғылым және оған әлі де пәні мен жүйесін
анықту қажет. Оны алғашқылардың бірі болып Л.Е. Ароцкер анықтауға
тырысты. Ол, сот этикасы әділет органдары мен сарапшылардың кәсіби
қызметінің ізгілік негіздері туралы ілім және оны келесі түрде көрсетуге
болады деп есептеген: этика және кәсіби этика туралы жалпы ілім;
судъялардың, прокурорлардың, тергеушілердің, двокаттардың этикасы;
қылмыстарды тергеу және сот сараптамаларын соттың талқылау жөніндгі
қызметтің этикалық нормалары. Ол сот этикасына сонымен қатар, жекелеген
тергеу әрекеттерін жүргізудің этикалық нормаларын жатқызған 1.
А.Ратинов пен Ю.Зархин сот этикасының пәніне тек лауазымды
қызметтің ізгілік нормаларын ғана емес, сонымен қатар, сот
өндірісінің кәсіби қатысушыларының қызметтерінен тыс жүріс-тұрыстарының
да нормаларын жатқызады 2.
Бұл дұрыс, өйткені нақты тұлғаның моральдық қағидаларды өзінің
қызметтік міндеттеріне және жеке бейморальды жүріс-тұрысына орай
жариялауынан келетін артық зиян болмайды. Судьяның, прокурордың,
тергеушінің, адвокаттың жеке беделі, олардың әділет органдарының құрметін
өз қызметінен тыс жүріс-тұрыстарымен дәлелдеуге ұмтылыстары сот
әділдігін жүзеге асыру жөніндегі әсерлі қызметтің қажетті шарттары
болып табылады.
Г.Ф.Горский, А.Кокарев, Л.Котов сот этикасын тек қылмыстық және
азаматтық іс жүргізулердің шеңберімен ғана шектеуге болмайды, оған
еңбекпен түзеу этикасын да, Еңбекші Түзеу мекемелер (ЕТМ)
тәрбиешілерінің этикасын да жатқызу керек деп есептейді, сонымен қатар,
сот этикасы ЕТМ -де еңбекпен түзеу ықпалдарын жасау барысында және
қылмыстық, азаматтық іс жүргізулердегі ізгілікке тәрбиелеу мәселелерін,
сонымен қатар, судъяларды, прокурорларды, тергеушілерді, адвокаттарды
және қызметтері сот әділдігін жүзеге асырумен айналысуға байланысты
болатын басқа да тұлғаларды ізгілікке тәрбиелеу сұрақтарын зерттеуі тиіс
1.
Сот этикасы сот өндірісі, еңбкпен түзеу қызметі мәдениеттерінің
мәселелерін де зерттеуі керек.
Жоғарыда айтылғандардың негізінде сот этикасының жүйесін келесі
қалыпта көрсетуге болады. Ең алдымен оның ішінде жалпы және ерекше
бөлімдерді бөліп алу қажет 2. Жалпы бөлімде: этика және кәсіби этика
туралы жалпы ережелер, сот этикасының пәні, әдістрі, жүйесі және
міндеттері, сот өндірісі мен еңбекпен түзеу қызметіндегі ізгілік
қатынастардың жалпы мағынасы мен айырмашылығы қарастырылуы тиіс. Ерекше
бөлімде мынандай сұрақтарды: алдын-ала тергеудің ізгілік бастауларының
ерекшеліктерімен тергеуші этикасы; сот талқылауының ізгілік бастауларының
ерекшеліктері мен судья этикасы және прокурор этикасы; адвокат қызметінің
ізгілік бастауларының ерекшеліктері мен адвокат этикасы; сарапшылық
зерттеудің ізгілік бастауларының ерекшеліктері мен сарапшы этикасы;
еңбекке түзеу қызметінің ізгілік бастауларының ерекшеліктері мен ЕТМ
тәрбиелеушілерінің этикасы; тергеуші; судъя; прокурор; адвокат, сарапшы
және ЕТМ тәрбиелеушілерін ізгілікке тәрбиелеу және олардың өз-өзін
тәрбиелеулері , азаматтық және қылмыстық іс жүргзулердгі ізгілікке
тәрбиелеудің, түзеудің және қайта тәрбиелеудің ерекшеліктері; еңбектік-
түзеу ықпалы барысында ізгілікке тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу; сот
өндірісі мен еңбекпен түзеу қызметінің мәдениеті, жекелеген тергеу және
сот әрекеттерінің ізгілік бастаулары, сонымен қатар, ЕТМ-де жалпы білім
және кәсіби техникалық білім берудің еңбек режимінің ізгілік
бастауларын қамтуы тиіс.
Алайда, сот этикасын заңгерлер үшін міндетті ізгілік өсиеттерінің
жинағы ретінде қарастыруға болмайды. Ол әр уақытта қоғамның ізгілік
көзқарастарының ықпалымен үнемі дамып отырады.
Сот этикасы терең ғылым, өйткені оның теориялық негізін табиғат,
қоғам және ойлаудың дамуының заңдарын дұрыс айқындайтын философия заңдары
құрайды. Ізгіліктің жалпы теориясымен тығыз байланысты бола отырып, сот
этикасы, нәтижесінде философиялық білімнің бір бөлігін білдіреді. Бірақ ол,
философияға бүтіндей сіңіп кетпейд, өйткені оның өзінің зерттеу пәні бар.
Сот этикасы заң пәндері: қылмыстық және азаматтық іс жүргізулермен;
қылмыстық, және азамттық еңбекпен түзеу құқықтарымен, криминологиямен
және т.б. тығыз байланысты.
Іс жүргізу қызметі мен іс жүргізу қатынастарының толық үйлесуі тек
құқытық емес, сонымен қатар, ізгілік нормаларына сот әділдгі міндеттерін
сәтті шешуді қамтамасыз етеді. Сот өндірісінде ізгілік бастауларын
біртіндеп өткізу қылмыстық істің мән-жайларын жан-жақты, толық,
объективті зерттеуге, объективті шындықты орнатуға, қылмысты жасағаны
үшін кінәлі тұлғаларды әділдікпен соттауға септігін тигізеді.
Осыларды ескере отырып, сот этикасының қылмыстық сот өндрісі
саласындағы қазіргі уақттағы міндттеріне мыналарды жатқызуға болады: 1.
Қылмыстық сот өндірісіне жалпы азаматтық мораль қағидаларын одан әрі
енгізумен байланысты міндеттерді шешу; тергеушіні, судьялардың,
прокурордың, адвокаттың, сарапшының қызметтерінің ізгілік қағидаларын
айқындау және анықтау; осы тұлғалардың кәсіби парызы туралы ілімді құру.
2. Қылмыстық іс жүргізу заңнамасының ізгілікті мәнін жан-жақты ашу;
қылмыстық іс жүргізу нормаларын одан әрі жетілдріуге септігін тигізу.
3. Қылмыстық сот өндірісінде заңдылық қағидасын қамтамасыз етуде
ізгілік бастауларын талдау және заңдылық қағидасының қылмыстық іс
жүргзудің қатысушыларының қызметіндегі мәнін ашу.
4. Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларының ізгілік қатынастарын
олардың құқықтық іс жүрізушілік қатынастарымен өзара байланысын зерттеу;
моральды қағидалар мен нормаларды қылмыстық іс жүргізудегі ізгілік
қатынастарының негізі ретінде зерттеу.
5. Тергеушінің, судьяның, прокурордың, адвокаттың, сарапшының
ізгілікті санасы сәйкес болуға тиісті талаптарды дайындау; оларды кәсіби-
маңызды белгілерді қалыптастыруға септігін тигізу, тұлғаның жағымсыз
қасиеттерінің (сапаларын) алдын алу мен оларды түбімен жою.
6. Ізглікті тәрбиелеудің әсерлілігін, қылмыстық сот өндірісіндегі
құқықтық және ізгілікті мәдениеттерді көтеру мәселелерін зерттеу.
Қылмыстық сот өндірісі қатысушыларының қатынастарын анықтайтын
ізгілік қағидалары тұлғаның субъективті құқытарының маңызды кепілі болып
табылады. Қылмыстық сот өндіріс адам үшін ең қымбат – оның ары мен
ожданына, бостандғына, кейде тіпті, өміріне де қатысты болады. Осының
өзімен қылмыстық іс жүргізудің ізгілік бастауларының адам тағдырын
шешудегі маңызы шарттандырылады.
Сот этикасының алдында тұрған тағы бір жауапты міндет: құқық
саласында жоғарғы білікті кадрларды даярлауға септігін тигізу, жас
мамандарды тәрбиелеуге және оларға білім беруге белсенді ықпал жасау.
Г.Горский, Л.Кокарев, Д.Котовтардың есептеулерінше бұған сот
этикасын барлық заң білімін беретін оқу орындарында міндетті оқу пәні
ретінде енгізу септігін тигізер еді 1. Біз де осы авторлардың, сот
этикасын оқу ретінде заң білімін беретін оқу орындарында енгізу
жөніндегі пікірін ұстанамыз.
А.Ф.Конидің өзі, осыдан көптеген жылдар бұрын “тарихтың ұзақ
процестерінде өзінің мазмұны бойынша тірі және бай толықтыруды
алдыратын сот этикасын қылмыстық іс жүргізуде зерттеуді талап етті.
Ол жоғарғы мектепте өзінің түлектерінде жоғарғы ізгілік идеалдарын
тәрбиелеу қажет деп есептеген 2.

ІІ ТАРАУ

Қылмыстық іс жүргізу заңы, ізгілік және тергеу тактикасы

§ 1. Қылмыстық сот өндірісндегі құқық және ізгілік нормалары

Этика қылмыстылықпен күресті жүзеге асыратын органдар үшін маңызды
болып табылады. Қылмыстарды әсерлі ашу және тергеу, алдын ала тергеу
және соттың талқылау барысында ар, тұлға ожданы сияқты ізгі құндылықтарды
сақтау, азаматтардың құқытары мен заңы мүдделерін қамтамасыз ету, тергеу
барысында пайда болатын шиеленіс жағдайларын шешу, іс жүргізушілік
мәжбүрлеу шаралрын қолдану, тергеудің тиімді әдістерін таңдау т.б.
заңдылық режимін қатаң сақтауды ғана емес, сонымен қатар, судья,
прокурор, тергеуші, анықтаманы жүргізіп отырған тұлғаның әрекеттерінің
ізгілік талаптарына сөзсіз сәйкес келуін шарттандырады.
Құқытық жазбалардың ізгілік талаптарына сәйкес келуі құқықтың
әлеуметтік құндылығы мен беделін арттырады, нәтижесінде жазбалар заңды
құрметтеуге орай орындалады, оның талаптарын ізгілік қажеттіліктен
орындау сезіледі.
Моральды фактордың әрекет етуінің аясын кеңейту және
азаматтардың ізгілік санасының деңгейін көтеру бірқатар жағдайларда
мемлекеттік мәжбүрлеудің орнына моральдық ықпал ету шараларын
қолдануға қолайлы жағдай туғызды. Мұнымен, атап айтқанда, кінәлілерді
еңбек ұжымдарына өткізу арқылы қылмыстық жауаптылықтан босату
институтының, қоғамдық айыпталушылар мен қорғаушылар институтының және
т.б. енгізуін түсіндіріледі.
Сондай-ақ, адамдардың ізгілік және құқытық санасының дамуы
қоғамға қарсы және қылмыстық элементтерге сендіру әдісімен қолдануды
қажет етеді, Өйткені азаматтардың санасының өсуі олардың осыған ұқсас
құбылыстарға мойынсынбай дәрежесінің өскендігін білдіреді. Мұнымен, атап
айтқанда Қылмыстық іс жүргізу кодексінде бұзақылық әрекеттерді жасағаны
үшін айыпталатын тұлғаларға бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстауды
таңдауды талап ететін норманың пайда болуын; кәмелетке толмағанды
мастану күйіне дейін жеткізу үшін қылмыстық жапуаптылықтың және
бірқатар басқа нормалардың енгізілуін түсіндіруге болады.
Қоғам өмірінде болып жатқан өзгерістерге түрлі жылдамдықтармен
жауап беретін мораль мен құқық өз дамуының белгілі бір кезеңдерінде бір-
бірімен құқық пен мораль нормаларының қалыптасу ерекшеліктерімен
шарттандырылған қайшылықтарға түседі. Моральдың үздіксіз дамуы мен
құқықтың секірмелі дамуы, заң жобасын дайындау мен қабылдаудың ұзақ
процедурасы құқытық және ізгілік талаптардың коллизмасына алып
келетін ізгілік және болуы мүмкін қайшылықтарды құқықтық сезінуі озу
үшін жағдайлар жасайды. Алайда, бұл қайшылықтар шешілмейтін сипатқа
ие болмайды, олар бірлік пен мораль шектерінде заңнаманы одан әрі
жетілдіру жолымен толтырылады.
Мәселен, қоғамның өз мүшелеріне деген, өскен ізгілік талаптары
мен қоғамдық қатынастарды реттеу тәсілінің арасындағы қайшылық-
азаматтардың куәгердің (понятой-айғақ) міндеттерін орындаудан бас
тартқандары үшін құқытық жауаптылығын жоюға әкеп соқтырды.
Тұлға құқытарына кепілдіктердің дамуы қылмыстық іс жүргізуде -
құқытық тұрғыдан да, ізгілік тұрғысынан да қылмыстық істер бойынша
сот өндірісінің жеңілдетілген нысандарының болуын ақтамады және “ұстауды
жүзеге асыратын органдардың пікірінше ерекше тергеуді талап етпейтін
немесе айыпталушылар өздерінің кінәсін мойындаған істерді”1 мәні
бойынша шешу үшін жіберілетін соттың кезекші нормалары институтын жоюға
әкеп соқтырды.
Қылмыстық іс жүргізу заңының әр нормасы моральмен тығыз
байланысты және белгілі бір ізгілік ауыртпалыққа түседі, Құқықтық
нормалардың жазбаларын орындау – сонымен бірге ізгілік талаптарды жүзеге
асыруды, құқытық қатынас субъектілерінің жүріс-тұрысын мораль тұрғысынан
бағалауды қажет етеді.
Құқық және мораль нормаларының байланысы әртүрлі болуы мүмкін.
Бірқатар құқытық нормаларда моральдық қағидалар тікелей бекітіледі және
осы нормалардың моральімен түсінікті-ақ. Мұндай байланысты Қазақстан
Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 7,8,11,13,15 және т.б.
баптарына назар аударсақ байқауға болады.
Басқа жағдайларда құқытық нормалардың моральмен байланысы жанама
сипатқа ие. Бұл байланыстың негізінде ізгіліктің объективті белгілеріне
құқықтың сәйкес келуі жатыр, бұл сәйкестіктің нәтижесінде әр құқықтық
норма моральды шарттандырылған болады.
Қылмыстық іс жүргізу нормасында әдетте, моральдың бірнеше
талаптары айқындалады және бір ізгілік қағидасын жүзеге асыруға бір
мезгілде бірнеше құқықтық норма бағытталады. Мәселен, қылмыстық сот
өндірісінің негізін салушы ізгілік қағидалары болып – адамгершілік
(гуманизм) және әлеуметтілік ізгілік қағидалары табылады.
Қылмыстылықпен күрес, заң бұзушыларға мойынсынбау, қылмыспен
бұзылған мәселелерді қалпына келтіруге ұмтылу, кінәлілерді әшкерелеу
және қылмыскерлерді қоғамнан оқшаулау – осылардың барлығында адамгершілік
және әділеттілік қағидалары өз айқындамасын табады.
Өздерінің қызметтік парыздарын адалдықпен орындауға итермелей
отырып, бұл қағидалар судьяны , прокурорды, тергеушіні, анықтаманы
жүргізуші тұлғаны қылмыс белгілері анықталған әр жағдайда қылмыстық
іс қозғауға, қылмыс оқиғасын, қылмыс жасағаны үшін кінәлі тұлғаларды
анықтау, оларды жазалау үшін заңмен көзделген барлық шараларды
қолдануға; істің мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті түрде
зерттеуді, айыптаушыны ақтайтын, оның кінәсін жеңілдететін және ауырлататын
мән-жайларды анықтауды, қылмыстың жасалуына септігін тигізген
себептер мен жағдайларды анықтауды және оларды жоюға шаралар
қолдануды қамтамасыз етуді міндеттейді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық
іс жүргізу кодексінің 5,15 б.б).
Аталған қағидалар қылмыстық іс жүргізудің негізі бола отырып,
құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қызметін реттейтін барлық
нормаларында көрініс табады. Бұған жарқын мысалдардың бірі – тергеу
барысында іс жүргізудің мәжбүрлеу шараларын қолдануды заңдық реттеу
болып табылады.
Осы шаралардың кез келгені азаматтардың құқытары мен мүдделерін
шектеумен ұштастыратындықтан заң шығарушы оларға жол берілетін
жағдайларды қатаң анықтайды, осы шаралардың көлемі мен шектерін
белгілейді, олардың негіздері мен қолдану тіртібін қатаң реттейді.
“Бұлтартпау шараларын, мәжбүрлеп келтіру және басқа да мәжбүрлеу
сипатындағы шараларды таңдау тәртібін анықтайтын нормалар – деп жазады
А.М.Ларин, – тергеушінің осы әрекеттерді орындау міндетін емес, құқығын
бекітетін кездейсоқ емес... Заң тергеушіге қайсыбір нысанды, қайсыбір іс
жүргізу тәсілін таңдау құқығын қалдырады. Осы таңдауды жүргізе отырып, тек
құқықтық емес, сонымен қатар, адамгершілік (гуманизм) қағидасын басшылыққа
алып, моральды негіздерге де сүйену керек”1.
Заңда көзделген жағдайларда мәжбүрлеу шараларын қолдану (мысалы,
куәлер мен жәбірленушіерді мәжбүрлеп куәландыру кезінде) заң мен
моральға қайшылық келтіреді.
Тергеу және сот органдарының қызметін қылмыстық іс бойынша
шындықты айқындауға бағыттай отырып, мораль сондай-ақ, шындықты
анықтауды қиындататын, сот өндірісін жүзеге асыратын тұлғаларды жалған
жалға бағыттауы мүмкін нәрсенің барлығын жою процесіне септігін
тигізетін, аталған мақсаттарға қол жеткізуге көмектесетін тәсілдерді
бағалайды. Мәселен, қылмыстық іс жүргізу заңының нормалары, егер куә
өзінің біліп отырған және мәлімдеген мәліметтердің қайнар көздерін
көрсете алмаса, ол фактілі мәліметтердің дәлелдеме бола алмайтынын
бекітеді.
Осыған орай, дәлелдеме ретінде қазіргі заманғы түріндегі
орфографиялық әдістің нәтижесін пайдалану қарсылықтар мен ұсыныстар
туғызады. Бұл әдістердің мәні қызметтік-іздестіруші итке оқиға болған
жерден тиісті тәсілмен жиналған және консервацияланған ауа
үлгілерінің құрамына кіретін қандай да бір тұлғаны немесе затты
таңдату болып табылады.
Бұл әдістің әлі толық жетілмегенін мойындау қажет, өйткені, итпен
жасалған таңдаудың шындыққа сәйкестігін объективті түрде тексеруге
мүмкіндік беретін сенімді әдістеме жоқ. Иістердің табиғаты, олардың
қалыптасу механизмі және қайталанбастығы толығымен анықталған жоқ.
Иттердің иіс бойынша адамдарды таңдауының дұрыстығын тексеру үшін
жүргізілген тәжірибелер, осы әрекеттердің нәтижелерінің дұрыстығына
көптеген, анықталуымен жойылуы мүлдем емес болатын кездейсоқ
факторлардың әсер ететіндігін көрсеткен.
Мұндай жағдайларда одорологиялық әдіс нәтижелерін қылмыстық іс
бойынша дәледеме ретінде пайдалану сот қателеріне алып келуі мүмкін.
Құқық нормаларын дұрыс қолдану көп жағдайларда олардың ізгілік
мазмұнын түсінуге байланысты болады. Мәселен, бағыттау, жала жабу
істері бойынша қылмыстық іс қозғау және іс жүргізу тұлғаның ары мен
ожданы сияқты ізгілік ұғымдарын түсінбей, мүмкін емес. Осы ұғымдардың
мазмұнын түсінбей, тергеу экспериментін, куәландыруды жүргізу туралы
сұрақтарды дұрыс шешу мүмкін емес.
Бірқатар жағдайларда, сот өндірісін жүргізіп отырған тұлғаға заң
бірнеше нормалардың ішінен біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Бұл
жағдайларда тұлғаның ізгілік санасы, заң нормаларының этикалық
мазмұнынын түсіну дұрыс шешімнің кепілі болып табылады.

§ 2. Тергеу этикасы және тергеу әрекеттерін орындаудың тактикалық амалдары

Тергеу орындарының қылмыстарды ашу және тергеу жөніндегі қызметінің
айрықша жағдайларында сынатын, қоғамда әрекет ететін мораль нормалары
жиынтықта тергеу қызметінің ізгілік негіздерін қалыптастырады. Бұл
нормалар, міндеті басқа да кез келген кәсіби этика сияқты кәсіби
міндеттерді сәтті орындауға септігін тигізу болып табылатын тергеу
этикасының зерттеу пәні болып табылады.
Өздерінің кәсіби міндеттерін орындаулары кезінде қызметшілердің
қызметін реттейтін моральды талаптар оларды қателерден сақтай отырып,
дұрыс жүріс-тұрысты таңдауға көмектеседі.
Тергеу этикасы қылмыстық істерді тергеу және ашу жөніндегі
қызметке қоғамда әрекет ететін мораль нормаларын қолдану туралы
ғылым – сот этикасының бір бөлігі ретінде – қылмыстық сот өндірісінің
мақсаттарын жүзеге асыруға, атап айтқанда, іс жүргізудің тактикалық
амалдарына, яғни тергеу әрекеттеріне мораль тұрғысынан жол беру
мәселесін анықтауға септігін тигізуі қажет.
Тергеу тактикасы тактикалық амалдардың мазмұнын, олардың іс
бойынша шындықты орнатуға бағытталуын анықтайтын, қылмыстық іс жүргізу
заңының нормаларына негізделеді. Құқықтық нормалармен, психология
ерекшеліктерімен, логика және басқа ғылымдардың ережелерімен бірге,
тактикалық амалдарды құрау және тәжірибеде орындау жүзеге асырылатын
шынайы негізді мораль нормалары құрайды.
Құқықтық талаптарға сәйкес келмейтін тактикалық ұсыныстар мораль
тұрғысынан қатаң сынға алынуы тиіс: мораль қағидалары мен құқық
нормаларын елемейтін тергеу амалдары заң шығарушымен теріс
бағаланады.
Тергеу әрекеттерінің құқытық реттелуі – тергеліп жатқан істің
ерекшеліктерін ескере отырып түрлі тактикалық амалдарды қолдануға,
тергеудің анағұрлым әсерлі болуына қол жеткізуге мүмкіндік беретін
ізгілікті реттеумен толықтырылады.
Мораль нормалары құқық нормаларымен бірге, қылмыстарды ашу және
тергеу процесін реттей отырып, біршама (сынып) өзгеріп, кәсіби
қызметтің осы түрінің ерекшеліктерімен және тергеу органдары
қызметкерлерінің ізгілік санасы ойнайтын рөлмен шарттандырылатын
айырықшылыққа ие болады.
Мораль нормаларының қылмыстық сот өндіріснде айқындалуының
айырмашылығы олардың сапасын өзгертпейді, оларды тергеушінің,
прокурордың, судъяның, анықтаманы жүргізуші тұлғаның, адвокаттың ерекше
ізгілік нормаларына айналдырмайды. Сондықтан да, жалпы ізгілік
қағидаларын толықтыратын, кейде тіпті, олардың әрекет етуін шектейтін,
лауазымдық қызметтің және сот өндірісінің кәсіби қатысушыларының
қызметтен тыс жүріс-тұрыстарының айрықша ізгілік нормалары туралы айту
дұрыс болмас еді.
Сот өндіріс кезінде тергеу әрекеттерінің қайсыбір тактикалық
амалдарын қолдануға жол берілетіндігін анықтау үшін тергеу мақсаттары
мен оларға жеткізудің тәсілдерінің үйлесімділігі туралы сұрақты ізгілік
тұрғысынан шешудің маңызы зор.
Сот әділдігінің терең ізгі мақсаттарына кез келген тәсілдермен қол
жете бермейді. Тек ізгілік тәсілдері ғана, негізінде гуманизм және
әділеттілік қағидалары жатқан мақсаттарға қызмет ете алады.
Бір кезде тергеу барысында жол берілмейтін тәсілді қолдану
қылмысты ашуға, кінәлілерді әшкерелеуге септігін тигізген болуы мүмкін.
Алайда, бұл мұндай тәсілді үнемі қолдануға, оны тергеу тәжірибесіне
енгізу үшін ұсынуға болады дегенді білдірмейді. Мұндай тәсілдерді
қолдану тергеушіні бейморальдандырады, азаматтардың мүдделеріне зиян
келтіреді, қылмыстық істер бойынша әділетсіз шешім шығаруға, іс жүргізу
нормалары мен мораль талаптарының бұзылуына әкеп соқтырады.
Қайсыбір тактикалық амалдардың қолданылуына жол берілетіндігін
бағалау кезінде тергеушінің өзінің ізгілік сипатын сақтайтын тәсіл ғана
ізгі немесе армен ақталған болып саналатындығын есте ұстағаны жөн –
қайсыбір күрес тәсілдерін жол берілтіндігінің немесе берілмейтіндігінің
негізінде жатуы тиіс жалғыз критерий (белгі) осындай.
Тактикалық амалдардың мақсаты тергеу әрекетін жүргізу барысында
қандайда бір мән-жай жөнінде толық және шынайы ақпарат алу, ал ең түпкі
мақсаты – іс бойынша шындықты анықтау. Тактикалық амалдардың бұл мақсаты,
оларға жол берілетіндіктің негізгі критерийлерінің бірі болып табылады.
Тактикалық амалдардың қатарынан, шындықты анықтауға кедергі келтіретіндері,
тергеушіні жаңылдыратын және сот қателігіне әкеп соқтыратындары алынып
тасталуы тиіс.
Тактикалық амалдарды қолдану, бірқатар жағдайларда, адамның
психикалық аясына ықпал етумен байланысты болады. Сондықтан, тергеу
тактикасы үшін тергеу әрекетін жүргізу барысында тұлғаға жол берілетін
психикалық әсер етеуді барлық жағдайларда құқыққа қайшы және ізгіліктің
болып табылатын психикалық күштеуден шектеудің маңызы зор болып
табылады.
Қылмыстық іс жүргізудегі құқыққа сай психикалық ықпал ету психикалық
күштеуден, ықпалға түсіп отырған тұлғада позициялардың бірін таңдау
екендігінің болуымен ерекшеленеді. Бұл, сырт көрініс еркін болып
көрінетін таңдау бұрын қолданылған психикалық күштеудің және содан
туындаған күйдің салдары болып табылатын жағдайларды санамағанда дұрыс
болып табылады.
Сондықтан, тергеу тактикасында тұлғаға құқыққа сай және ізгі
ықпалға психикалық әсер етуге, қайсыбір позицияны таңдау еркіндігін
қамтамасыз етуге бағыттала отырып, “ психикалық процесстердің ағымы үшін
қолайлы жағдайлар туғызу, тұлғаның белсенді психикалық күйлерін қолдау мен
оның психикалық қасиеттерін айқындау түріндегі адам психикасына жағымды
ықпал ету” ретінде түсінілетін ықпалдығына жатқызуға болады 1. Кәсіби
деформациялану тергеу психикасын жоққа шығарады, тергеушіні
қылмыстылықпен күресте белсенділіктен айырып, тергеудің түрлі
тактикалық амалдарын пайдалануға кедергі келтіріп, оны “ тергеулік
құлықтар” мен “психологиялық қапқандарды” қолдануға итермелейді.
Қылмыстарды тергеу барысында бұл дәлелдемелерден айыруға, заң нормаларының
бұзылуына, тұлға мүдделерінің жаншылуына әкеп соқтырады. Тергеушінің
кәсіби деформациясы не селқостық, не күдіктілік нысанында көрініс табуы
мүмкін. Тергеушінің күдікшілігі адамға адамгершілікпен қарау талабына
қайшы келеді. Күдіктілік адам тағдырына селқос қараумен ұштасады,
тергеудегі теріс пікір мен айыптаушы көзқарасқа, тергеудің
біржақтылығына, тәсілдерді таңдаудағы білместікке алып келеді.
“Тергеу органдарының тәжірибеде істейтін қызметкерлерінің арасында,
– дейді Ю.Феофанов осы құбылыс туралы, – шындықты тану туралы
философиялық санат түрліше өзгереді. Шындық танылатындықтан, ал сен оны
тани алмасаң онда сен жұмысты нашар істейсің, сен тиісінше нұсқау алуың
керек. Егер тергеуші кәсіби (заңдарды тастай салса) және ізгілікті (арын
ұмытса) қайсар бола алмаса, онда ол өзіне қажет “ шындықты” табады.Енді
мұнда заңды кінәлауға болмайды, мұнда оның тек ары кінәлі болады” 1.
Тергеу этикасы осы жағымсыз құбылыстардың алдын алатын маңызды фактор
болып табылады. Тергеушіге ықпал ете отырып, ізгілік нормалары оның ізгі
санасының дамуына септігін тигізеді, оның моральдық мәденитін
арттырады.
Адамды жоғарғы құндылық деп жариялай отырып және барлығын және
әркімді бір-біріне аяушылық, адамгершілік сезімдерімен қарауды,
адамның құқытары мен мүдделерін сақтауды міндеттей отырып ізгілік
нормалары адамдарға деген немқұрайдылықтың селқостықтың кез-келген
көріністерін қатаң теріс бағалайды.
ІІІ ТАРАУ

Судьялардың қызметіндегі этикалық бастаулар

§ 1. Сот әділдігінің ізгілік бастаулары

Сот өндірісінің барлық сатылары мен оның барлық қатысушыларының
қызметіне тән этикалық бастаулар судъялардың қызметіндегі сот
әділдігін жүзеге асыруда ерекше маңызға ие болады.
Ежелгі мифология (аңыз ілімі) сот әділдігін – Фемида құдайының
бейнесіндегі керемет қорғаушыға тапсырды. Жас, әдемі және қатал әйелдің
бір қолында таразы, екіншісінде қыылыш, көздері жоғарғы әділдіктің
белгісі ретінде жабылған.
Ұғымның өзі белгілі бір ізгі мазмұнды, ізгі мәнді қамтиды, сот
әділдігі жай ғана соттың қызметін білдірмейді, бірақ әділ сотты, арлы
сотты білдіреді 1.
Сот біздің мемлекетіміздің жүйесінде маңызды орынды алады. Оның
шығармашылық және белсенді рөліне көптеген нәрсе және ең алдымен,
қылмыстылықпен күрестің сәттілігі тәуелді болады. Оның бүкіл қызметі
заңдылықты қатаң сақтай отырып, халықтың атынан және оның мүддесінде
жүзеге асырылады. Құқық нормаларын дұрыс қолдана отырып, сот істерін қарау
кезінде заңдылықты сақтай отырып, Іс жүргізудің жариялылығы мен жоғарғы
мәдениетін қамтамасыз ете отырып судъялар азаматтарды әділеттілік
органдарына және заң беделіне құрметпен қарау сарынында тәрбиелейді.
Бұл барлық сот қызметкерлерінің құрметті парызы.
Сот өзінің бүкіл қызметімен азаматтарды өз Отанына берілгендікке,
заңдарды нақты, адал орындауға, меншіктің барлық нысандарын аялап қарауға,
тәртіпті сақтауға, мемлекеттік парызына нақты қарауға, басқа
азаматтардың құқытарын, ары мен ожданын сыйлауға тәрбиелейді. Бұл міндетті
орындау үшін сотқа ең алдымен өз қызметін дұрыс ұйымдастырып алу, әр сот
қызметкерінің өзінің қызметтік міндеттерін жалпыазаматтық мәдениет және
заңдылық талаптарына сәйкес орындауын қамтамасыз ету қажет.
Біздің түсінігімізше басқару мәдениеті азаматтардың мұқтаждары мен
қажеттіліктеріне мұқият қарауы да, олардың өтініштері мен арыздарын
жедел қарастыруды да қамтиды. Біздің әр мекемемізде мейірімділік, адамды
құрметтеу жағдайы орнауы тиіс.
Сот қызметінің мәдениеті ең алдымен, заңдылық пен мәдениеттілікті
қатаң сақтауды білдіреді. Сот отырысында қаралуы тиіс барлық сұрақтарды
судъялар заң негізінде өз құқықтық санасын моральдық жоғарғы
қағидаларына сәйкестендіріп, өзінің істің барлық мән-жайларын сыртқы
ықпалды жоққа шығаратын жағдайларда жан-жақты, толық және объективті түрде
зерттеуге негізделген ішкі сеніміміен шешеді.
Жоғарғы ұйымдық және мәдени деңгейде өткен әр сот процесі, заңды
негізделген және әділ сот актісі өзінен-өзі азаматтарға тәрбиелік ықпал
жасайды. Бұған біраз дәрежеде, сот отырысындағы іскерлік және қатаң
салтанатты жағдай, аппараттың нақты және жедел жұмысы, бөлмелердің
мәдени қалпы, сот өнідіріс ережелерін нақты және ауытқусыз орындау
септігін тигізеді.
Сот талқылауы процесінде этикалық бастаулар мейлінше айқын көрініс
табады. Бұл сот талқылауы сатысының орны және маңыздылығымен, оған
қойылатын талаптармен, ой жүргізілетін жағдай және мән-жайлармен
түсіндіріледі.
Сот талқылауының сатысы қылмыстық іс жүргізудің басты шешуші сатысы.
Онда сот істің барлық мән-жайларын зерттеп, не сотталушыны кінәлі деп
танып, оған қылмыстық жаза қолданатын, не оны ақтайтын үкім шығарады.
Сот қылмыстық істі жүргізудің жариялылығы мен бәсекелестігі
жағдайында, іс жүргізудің барлық қатысушыларының қатысуымен, сот
отырысының залында отырған азаматтардың көзінше талқылайды. Мұндай
жағдайда іс жүргізудің қатысушыларының жүріс-тұрысының барлық
ережелерін сақтау туралы талабы күшейеді. Сотқа, оның әрекеттерімен
шешімдеріне сенім жағдайын қалыптастыру үшін, сотталушыға,
жәбірленушіге деген сезімтал және мұқият қатынасты орнатқан, қатысып
отырғандардың, іс әділдікпен шешілетініне сенімін арттыру маңызды. Кез
келген, тіпті аздаған қателікті мұнда түзеген қиын және ол әрқашан да
жағымсыз салдарға ие болады.
Қылмыстық істерді талқылау барысында пайда болатын ізгілік
қатынастар бірінші кезекте, қылмыстық сот өнідірісінің бәсекелестігі
қағидасымен анықталады. Шынымен-ақ мұнда қылмыстық іс жүргізу қызметінің
нақты үш бағытын (функциясын); прокурор қолдайтын айыптау; айыпталушы
және қорғаушымен жүзеге асырылатын қорғау және қылмыстық істі шешу, яғни
соттың сол әділдігін жүзеге асыруын қарастыруға болады. Мұндай бөліп
қарастыру әбден әділетті болып табылады, өйткені қылмыстық іс жүргізуде
судья да, айыпталушы да, қорғаушы да болып, бір ғана тұлғаның әрекет
етуі психологияның барлық заңдарына қайша келеді.
Сот талқылауы барысында бәсекелестік қағидасын қамтамасыз ету,
төрағалық етушінің кәсіби ізгілік парызына жататын негізгі
міндеттердің бірі, оның мәні, соттың тек өзінің кәсіби функциясын
орындауын, яғни айыптаушы немесе қорғаушы көзқарастарын ұстану емес,
турасын айтқанда, сот әділдігін жүзеге асыруын, қылмыстық істі барлық мән-
жайларды , толық және объективті түрде зерттеу негізінде мәні бойынша
шешуін білдіреді.
Аталған міндет сонымен қатар, айыптаушы, қорғаушы, айыпталушы,
жәбірленуші үшін өтініштер жасау, дәлелдемелер келтіру, оларды зерттеуге
қатысу, қылмыстық іс бойынша соттың алдында өз пікірілерін білдірудің
мүмкіндігін шынайы қамтамасыз етуді де білдіреді. Қылмыстық істің соттық
талқылаудың бәсекелестігі, ізгілік аспектісі айыптау мен қорғаудың
адал, объективті түрде және негізді, ақылға қонымды, дұрыс жүзеге
асыруды білдіретін сот жарыссөздерінде жарқын көрініс табады.
Сондықтан, кейде кездесетін, бір жағынан прокурордың немесе
адвокаттың қорлаушы, бейтактикалық сөздері, екінші жағынан, оларды
төрағалық етушінің елемеуі жағдайлары ізгілік тұрғысынан жол
берілмейтін болып табылады.
Соттарға қойылатын барлық ізгілік талаптары соттың қылмыстық іс
жүргізудегі орнымен анықталады. Тек сот қана айыпталушыны кінәлі деп
тануға және оған заңмен көзделген қылмыстық жазалау шарасын қолдануға
құқылы. Демек, судъялар іс бойынша шындықты анықтау үшін, қылмыстық
жауаптылыққа тартылған тұлғаның тағдырын әділетті шешу үшін толық құқықтық
және моральдық жауаптылықты көтереді. Сот соттық талқалауда басқарушылық
жағдайды иемденетіндіктен, ол іс жүргізу қатысушыларының барлығының
заңдылықты сақтауын қадағалау үшін ғана емес, сонымен қатар, олардың өз
қызметінде ізгілік бастауларын сақтауын қадағалау үшін де жауапты
болады. Бұл өз кезегінде, судьялардың өздерінің ізгілік тұрғысынан
алғанда, кіршіксіз болулары керектігін білдіреді.
Судья болу – бұл үлкен және биік мәртебе, оны ақтау қажет, оған
лайықты болу керек. Сот әділдігін жүзеге асырушының парызы кіршіксіз,
кемшіліксіз орындалуы тиіс.

§ 2. Сот алқасының ішкі қарым-қатыстарының этикасы

Сот талқылауы барысында сотқа қатысушылар әділетті шешім
шығарылатындығына сенетіндей жағдай қалыптасуы қажет.
Соттың алдында тұрған міндеттерді сәтті орындау оны тиісінше
ұйымдастыру және оның әрекет етуінің қатаң анықталған кепілдіктері бар
болған кезде ғана мүмкін болады.
Халықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттың қорғау мақсатының маңызы мынада
Адвокаттың алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісі
Қылмыстық істер бойынша адвокаттық қорғау
Сот отырысында алқабилер қатысуымен жүргізілетін сот өндірісіндегі адвокат: риторикалық аспект
Қылмыстық iстер бойынша адвокаттың сот процесiне қатысуы
Тергеу әрекеттерінің түрлері
Жауап алудың түсінігі, маңызы және түрлері
Арнайы жедел-іздестіру шаралары
Адвокаттар көрсететiн заң көмегiнiң түрлерi
Криминалистика пәні жүйесі және міндеттері
Пәндер