Қанның физикалық қасиеттері


Жоспар.
1. Кіріспе
2. Әдеби шолу
3. Өзіндік зерттеулер
4. Ұсыныс
5. Қорытынды
6. . кестелер мен слайдтар
7. пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Президент Жолдауы - әр жылдың басты құжаты. Биылғы жолдаудың өткен жолдауларға қарағанда орны бөлек. Себебі, бұд Жолдауда әлемдегі экономикалық дағдарысқа төтеп беру мәселесіне ерекше маңыз берілді. Оның ішінде, ауыл шаруашылығы секторынан алатын болсақ елімізде ауыл шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіншілігіміз бар. Соңғы төрт жылда ғана ет өндеу саласының қуаты -68, сүт өндеу қуаты - 67, көкеніс өндеу қуаты - 53 пайызға артты. Қазіргі жолдауда Елбасымыз осы мәселерге өте үлкен мән беріп отыр. Іске асыру үшін келешек мамандар біз жасалатын алдағы бағдарламаларға сай қызмет атқаруымыз керек. Ветеринария саласын өркендетуге жүйелі жұмысжасауымыз қажет.
Жануарлар мен адамның жұқпалы ауруларға төзімділігі тек қана оның иммунитетінің күйіне ғана емес, сонымен қатар табиғи резистенттілігіне де бағынышты болады. Микробтармен ең бірінші “күреске” шығатын осы табиғи төзімділіктің факторлары. Тек бұл қорғаныс шегі бұзылса ғана келімсектерге иммунды жүйе тойтарыс бере бастайды. Табиғи төзімділіктің факторлары универсальды болады да, кез келген бөгде заттарға (антигендерге) қарсы тұрады, ал иммунитеттің қорғаныс өнімдері жануарларды тек қана белгілі бір микрооргнизмнің немесе басқа да антигендердің зиянды әрекеттерінен қорғайды.
Табиғи резистенттілігінің қорғаныс факторларының қатарына терінің, кілегейлі қабықтардың, сөл бездерінің тосқауылдық қызметін, сілекейдің, қан сарысуының және басқа да биологиялық сұйықтықтардың бактерицидті заттарын, дене қызуының көтерілуін, асқазан сөлінің қышқылдық қасиетін, ұлпаның қабынуын және тағы басқаны жатқызуға болады. Бұл факторлар организмнің генетикалық тұрақтылығын сақтауға жауапты туа біткен қорғаныс механизмдері болып табылады. Лейкоциттер қабыну аймағында шоғырланып, микробтардың денеге жиялуына кедергі жасайды. Қабыну дене қызуын немесе ұлпаның жергілікті қызуын көтеріп, ацидоз және гипоксия құбылыстарын тудырып, микроорганизмдердің жаппай жойылуына жағдай туғызады.
Міне осы тұрғыдан алғанда қанның иммунды факторларын еске ала отырып біздің алдымызға қойған міндетіміз бұзау қанының морфалогиялық құрамына әсерін зерттеу.
Әдеби шолу .
1. “Антибиотиктер ағзада микробиоцинозды бұзады, ал оны жиі қолданғаннан инфекция қоздырғышы төзімді болып алады. Бұл прооблемаларды шешуге пробиотик препараты көмектеседі. Оның құрамына тірі бактериялар кіреді, сондықтан ағзадағы ішек биоценозды қалпына келтіреді. Ветеринария саласында пробиотикті көп бағытта қолданады, биоценозбен қоса иммунитетті жөндеу, гормональды және ферментті жүйені қалпына келтіреді “ - деп Клименко В. В. өз мақаласында айтып өтті. “Агробиоцентр” ғылыми өндірістік фирмасы.
2. Соколов В. Д. , СПбГАВМ жазуынша -“Зерттеулердің және клиникалық материалдардың қорытындылары бойынша, пробиотиктердің келесі қасиеттері дәлелденген : иммуностимулятор, өсуді күшейтеді, адаптогенді, қабынуға қарсы, диареяға қарсы (антидиарея), антимикробты реабилитациялық, дезинтоксикациялық және тағы басқа. ”
3. Сонымен қатар пробиотик препараттарының қолдану спектрі :малдардың және төлдердің (постнатальды кезеңінде) ауруларының алдын алу; иммунитеттің гуморальды және жасушалық факторларын стимулдеу және резистенттілігін күшейту ; асқорту процесін жақсарту және мал өнімділігін жоғарлату; эндогенді және экзогенді токсиндерді детоксикациялайды деп Г. А. Ноздрин өз мақаласында жария етті.
4. “ Ноздрин препаратының зиянды әсері табылған жоқ. Сондықтан тәжірибие қорытындысы бойынша “Ноздрин” препаратын бұзаудың бронхопневмания кезінде емдеуге қолданады. Сонымен қатар оның профилактикалық және емдік қасиеті бар”- Е. А. Реутова, Г. А. Ноздрин, О. В. Кирилюк жария етті.
5. Жануарлардың ауруларының түрлі этиологиясын емдеу мен алдын алуда ветеринарияда түрлі антимикробты препараттар қолданаылады. Пробиотиктердің жоғарғы антимикробтық әсері бар. Бірақ басқа препараттарға қарағанда пробиотиктер патогенді және шартты патогенді микроорганизмдермен антогонистік қарым-қатынаста болады. Сол себептен ішек-қарын микрофлорасына жағымсыз әсер етпейді. Г. А. Ноздрин, А. Г. Ноздрин, А. Б. Иванова НГАУ.
6. Төлдерді өсіру технологиясында пробиотиктерді қолдану асқазан аураларының алдын алуы болып табылады. Әлемдік тәжірибеге сүйенсек пробиотиктер жылы қандылардың ішектерінде шартты патогенді бактериялардың контаминация қаупінен сақтайды . А. Н. Панин, Н. И. Малик ФГУ ВГНКИ. Журнал “Ветеринария” 2006ж 7выпуск.
7. Кейбір бактериялар витаминдер мен амин қышқылдарының синтезінде қатысады . Ішектің перистальтикасы асқазан микрофлорасына тікелей байланысты, сонымен қатар липидтердің, ақуыздардың және көмірсулардың ашуы мен сіңірілуінде басты рөл атқарады. Шендеров Б. А. 1998ж.
8. Мал ағзасында үнемі тіршілік ететін микроорганизмдер көп пайда әкеледі. Осылар қалыпты жағдайда ауру қоздырғыштарына қалыпсыз жағдайлар тудырады. Ағзаның спецификалық емес ркзистентілігінің төмендеуінен ағзаға көмектескен микроорганизмдер енді зиянды әсер етеді. Аликаев В. А. 1974ж., Немова М. А. 1968ж.
9. Пробиотик препараттары қышқылдық ортада да тіршілік ете алады, эпитолияциттерге жабысып алады, кілегейде колония түзеді, антимикробты субстанцияларды өндіреді, патогенді микрофлораның мөлшерінен тыс өскенде және көбейгенде ескертеді. Запруднов А. М., Мазанкова Л. Н. 1999ж.
Қанның маңызы.
10. Қан салыстырмалы тұрақты құрамымен және физика-химиялық қасиеттерімен сипатталатын сұйық зат. Қан, лимфа және ұлпа аралық сұйық бүкіл дене клеткаларын, ұлпаларын жуып жатқандықтан организмнің ішкі сұйық ортасы деп аталады. Бір клеткалы қарапайым организмдер сыртқы ортадан қажетті заттарды бүкіл денесі арқылы қабылдап, керексіз ыдырау өнімдерін сол арқылы бөліп отырады. Ал жоғарғы сатыдағы жануарларда мұндай мүмкіндік жоқ. Олардың сыртқы қабығының рөлін орындайтын терісі қоршаған ортадан қажетті заттарды сіңіре алмайды. Сондықтан жануарлар организімінің клеткалары сыртқы ортамен қан арқылы байланысады. Бірақ қан тамырлардан шықпайды да, клеткалармен тікелей жанаспайды. Организм клеткалары қан құрамынан пайда болатын клетка аралық сұйықпен, немесе лимфамен ғана жанасады. Сол себепті қанды шартты түрде ғана организмнің ішкі ортасы, ал лимфа мен ұлпа аралық сұйық шын мәнісіндегі ішкі орта деп саналады.
Қан арқылы клеткалар мен ұлпаларға қажеттік қоректік заттар мен оттегі жеткізіліп, лоардан зат алмасу негізінде қажетсіз ыдырау өнімдері шығарылып отырады. Бұл тұрғыда қан тасымалдаушы қызмет атқарады. Мысалы, қан клеткаларға глюкоза, амин қышқылдары, май, минеральды заттар, дәрмендәрілер(витамин), су және оттегі сияқты ыдырау өнімдерін алып шығады да, оларды бөлу мүшелеріне (бүйрек, тер безі, өкпе және тағы басқа) апарады.
Тоқтаусыз айналыста болудың арқасында қан денеде жылудың біркелкі таралуына мүмкіндік береді де, жылу реттеуші қызметін атқарады. Қанның жәрдемімен жылудың артық мөлшері сыртқы ортаға бөлінеді.
Әр түрлі мүшелер мен клеткалардың әрекеті кезінде түзілген өнімдері, ішкі секреция бездерінде пайда болған биологиялық белсенді заттарды (гормондарды) тасымалдап, қан организм клеткаларын, ұлпаларын, мүшелерін өзара байланыстырады, демек байланыстырушы - корелятивтік қызмет атқарады.
Қан организмде қорғаныштық қызмет атқарады. Ол қан құрамында лейкоциттер (ақ түйіршіктер) мен әр түрлі қорғаныш днелердің болуына байланысты. Лейкоциттер фагоцитоз процесіне бейім келеді де, қорғаныш денелер (аглютинин, преципитин, антитоксин, гемолизин тағы басқа ) организмге өткен микробтарды, лоар бөлетін улы заттарды (токсиндерді) зиянсыздандырыды және организмге жат белоктарды ыдыратады, сүйтіп организмге түрлі ауруларға қарсы тұра алатын қабілет - иммунитет береді.
Қанның құрамы мен мөлшері.
Қан -қызғылт түсті сұйық зат. Ол плазмадан және қан клеткаларынан тұрады. Қан клеткаларына қанның қызыл түйіршіктеі (эритроциттер), ақ түйіршіктер(лейкоциттер) және қан табақшалары (тромбацтттер) жатады.
Қан құрамының 60%плазмадан, 40%-қан түйіршіктерінен тұрады. Қалыпты жағдайда қанның жалпы мөлшері дене массасының 5-8%шамасында. Жылқыларда ол дене салмағының 1/15, ірі қара мен қой ешкіде - 1/10-1/13 бөлігіндей болады. Қанның жалпы мөлшері жасқа, жынысқа, малдың физиологиялық жағдайына, қоңына қарай өзгеріп отырады. Мысалы, жаңа туған төлдерде еркек малда, буаз малда қанның мөлшері көбірек, ал семіз малда - азырақ болады.
Организмдегі қан мөлшерінің жартсынан сәл көбірегі қан тамырларында айналымда болады да, қалған бөлігі қор ретінде қан қоймасы (депосы) деп аталатын арнаулы органдарда сақталады. Оларға бауыр, көк бауыр және тері жатады, бауырда қанның жалпы мөлшерінің 20 %, көк бауырда 16%, ал теріде 10 % жинақталады.
Айналымдағы қан мен қордағы қанның арақатынасы тұрақты болмайды, ол организмнің физиологиялық күйіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, организм тыныштық жағдайда болса, қордағы қанның мөлшері көбейіп, ал дене жұмысы, қимыл әрекет кезінде- айналымдағы қанның мөлшері артады. Қордағы қан арқылы сыртқы ортаның әсеріне қарай өзгеріп отыратын оргнизм мұқтаждықтары қамтамасыз етіледі. Қансыраған жағдайда айналымдағы қан мөлшері, қан қсымының деңгейі, осы қордағы қан арқылы сақталады.
Қанның физикалық қасиеттері.
Қан қызыл түсті, қоймалжың, кермек дәмді, тұтқыр сұйық. Артерия қанының түсі ашық-қызыл, ал вена қаны қоңыр қызыл болады. Судың тұтқырлығы бір өлшем шамаға тең деп алынса, онымен салыстырғанда плазманың тұтқырлығы 1, 7-2, 2 ал қанның тұтқырлығы 5, 0-ке тең. Қанның тұтқырлығы оның құрамындағы түрді белоктардың мөлшері мен эритроциттердің санына байланысты. Қанда белоктардың мөлшері өсіп, эритроциттердің саны көбейсе, қанның тұтқырлығы артады.
Қанның тығыздығы ( меншікті салмағы) -1, 050-1, 060. ол эритроциттердің санына тәуелді өзгереді. Себебі эритроциттердің меншікті салмағы 1, 025-1, 034 аралығында болады.
Жануарлар организмінің физиологиялық жағдайын сипаттайтын қан қасиеттерінің бірі оның беттік керіліс күші, ол қан құрамындағы белоктардың мөлшеріне байланысты. Қанның беттік тартылыс күші айтарлықтай тұрақты болады. Бұл қасиет қан құрамында әр түрлі органикалық қышқылдар мен қосылыстарды ерімейтін тұздарға айналдырып, тұндырып отырытын кальции иондарының болуына байланысты.
Қанның осмостық қысымы болады. Осмостық қысым деп жартылай өткізгіш жарғақтан еріткіштің (судың) өтуіне жүмсалатын күшті айтады.
Несіпбаев Т. “ Жануарлар физиологиясы” Алматы “Қайнар”-1995ж.
Пробиотик.
“Пробиотик” термині 1977жылы Ричард пен Покерман ұсынды. Олар микроорганизмдерді және оның ферментациясының өнімін білдіреді, сонымен қатар патогенді микрофлораға қарсы антогонисті белсенділігін көрсетеді.
Ең алғаш бұл туралы 1903 жылы Илья Мечников, орыс биологі айтқан. Мечников ілімі бойынша ішектердегі шіріткіш бактериялардың өнімімен адам организмнің улану нәтижесінде адам уақытынан бұрын кәртейеді.
Пробиотиктерді қолдануда қандағы макрофагтар
құрамының өзгерісі.
11. Жануарлардың организіміне қоршаған ортаның көптеген, әртүрлі факторлары әрдайым әсерін тигізеді. Жануарларда індетті ауруларға арнайы бейімделуімен қатар арнайы емес қоршаған ортадағы әртүрлі қолайсыз факторларға қарсы төзімділігі байқалады. Көп жағдайда мұндай төзімділік жануарлар организімінің табиғи резистенттілігі деп аталады.
Табиғи резисттенттілік жануар организімінің сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларна қарсы тұралуымен түсіндіріледі. Бұл ұғым организімнің физиологиялық реактивтілігімен тығыз байланысты, яғни қоршаған ортаның тітіргендіргіштерге жауап беруімен сипатталады. Организімнің резистенттілігі ағзалар мен жүйелердің физиологиялық функциялары сияқты гормональды жүйе мен вегетативті нерв жүйелерінің орталық нерв жүйесі арқылы реттелуімен сипатталады.
Қазіргі уақытта ауру организімнің табиғи резистенттілігіне үлкен назар аударылуда. Бұл жалпы биология, генетика, имуналогиядағы жетістіктермен ғана емес, ауруларға барынша төзімді, жоғарғы өнімді мал өсірудің жаңа әдістерінің қажеттілігі мен түсіндіріледі.
Жануарлардың көптеген патологиялық процестері қан құрамының өзгеруіне апарып соғады. Физиологиялық және патологиялық процестерді тану, диагностикалық мәні мен тиімділігі дұрыс зеріттеу нәтижесіне тікелей байланысты болады.
Қанның эритроциттерінің көрінісі.
Қан түзушілер туралы дұрыс көзқарастар қанның қызметі мен құрамын білу, организімде өтіп жатқан қалыпты және потологиялық қалыпты процесстерді анықтауға және оларды қажетті бағытта өзгертуге көмектеседі.
Сүтқоректілер қанының элементтерінің негізгі массасы қызыл қан түйіршіктері- эритроциттерден тұрады. Көптеген ғалымдардың айтуынша, барлық малдардағы эритроциттер ядросыз домалақ пішшінді, шеті жуандау валик тәрізді клеткалар. Эритроциттер мен гемоглабин организімдегі газ алмасуға белсенді түрде қатысады. Сонымен қатар эритроциттер организімнің иммунобиологиялық статусын құру процесіне де қатысады.
Эритроциттердің көлемі тұрақты болмайды, ол қанның осмостық конентрациясына, малдың түріне және клеткалардың жасына байланысты өзгереді. Малдың жасы мен оның эритроциттерінің көлемінің арасында еш тәуелділік жоқ. . кейбір эритроциттердің мөлшеріндегі айырмашылықтар сол бір малда ғана байқалуы мүмкін. 0, 5-1 мкм мөлшеріндегі аздаған ауытқулар қалыпты деп есептелінеді, көрсеткішке патологиялық мәндегі қорытынды берілмейді.
Табиғи препараттарда эритроциттер жасыл-сарғыш дөңгелекше тәрізді, олардың гемоглабині аз, шетке қарағанда бозғылттау көрінеді. Боялуы жағынан ортохроматинді, яғни бояудың бір түрі қышқылдық бояулармен боялады. Сондықтан Романовский әдісімен бояғанда эритроциттер қызғылт түстес, орталары ақшыл құрылымсыз болып келеді. Олар өте тар капилярлардан еш бөгетсіз өтіп кетуі мүмкін. Эритроциттер формасы қоршаған ортаның физико-химиялық жағдайына байланысты. Сау малдардың қанының эритроцитарлық көрінісі эритроциттердің боялуы мен көлемінің біркелкілігінен тұрады. Эритроциттердің тұрақты мөлшері олардың өмір сүруінің 20-30 күнге ұзаруымен физиологиялық реттеушілік арқылы сақталып тұрады.
Гемоглобин . Эритроциттер өзінің негізгі қызметі- оттегі мен көмір қышқыл газын тасымалдауда құрамында ерекше белок - гемоглобиннің болуының арқасында атқарады. Эритроциттердің жалпы массасының 34%, ал құрғақ затының 90% гемоглобиннен тұрады. Гемоглобин глобин белогі мен төрт молекулалы бояғыш зат- гемнің күрделі химиялық қосылысы. Оның молекулалық салмағы - 68000. гем- белсенді топ, ол гемоглобинге әртүрлі газдармен байланысқыштық қасиет береді.
Гемоглобин әр түрлі қышықлдардың әсерімен гем және глобинге ыдырайды да, гем геминге айналып, кристалдар түзеді.
Қандағы гемоглобин мөлшері калометрия әдісімен Сали құралы арқылы анықталады. Қалыпты жағдайда қанда 10-15г/л гемоглобин болады. Оның мөлшері малың жасы, жынысы, физиологиялық күйі, өнімділігі және тағы басқа жағдайлар әсер етеді.
Қандағы гемоглобиннің жалпы мөлшері эритроциттердің гемоглобинмен қанығу дәрежесіне де байланысты.
Қанның лейкоциттерінің көрінісі.
Протаплазманың қасиеті мен түйіршектелуінің сипатына байланысты. Барлық түссіз қан клеткаларын екі негізгі топқа бөледі: протаплазмасында түйіршіктері бар клеткалар - гранулоциттар және түйіршіксіз агранулоциттер.
Ақ қан түйіршектерінің барлық клеткалары түйіршіксіз формаларға (лимфоциттер, гистоциттер, моноциттер) және түйіршікті гранулоциттерге (базофильдер, эозинофильдер, нейтрофильдер) бөлінген.
Лейкоциттер, әсіресе нейтрофильдер (таяқша ядролы, бунақты ядролы) фагоцитоз клеткалары болып саналады. Нейтрофильдер төрт класқа бөлінеді: миелоциттер, жас, таяқша және бунақтыядролы. Лейкоциттердің барлық жетілген формаларының нуклеотидтері сирек және құрылымы да орташа интенсивті боялатын ядролары бар. Пісіп - жетілу процесінде домалақ формадан созылыңқыраған формаға ауысқан ядролардың қайта түзілуі болады.
Протоплазма клеткаларының пісіп- жетілу шегіне байланысты, лейкоциттерге тән, мөлдір плазма мен нәзік спонгиоплазмаға бөлінетін эктоплазма мен эндоплазмаға ыдырайды. Ақ қан түйіршіктерін ажырату үшін олардың көлемін, пртоплазмасының боялуын және ядросының қасиетін анықтайды. Ядро көлемін анықтағанда оның көлемінің протоплазма мөлшеріне қатынасына көңіл аударады. Лимфоциттегі кіші ядро протоплазманың кішкене қабаттарымен қоршалса, гистоцит пен моноциттегі үлкен ядро протоплазманың үлкен қабатымен қоршалған.
Гранулоциттер . Базофилдер- гранулациттер немесе бұлтты жасушалар, дөңгелек немесе дөңгелек - сопақша пішінді, d-8-15нм. сілтілік бояулармен боялатын торшалар. олардың солған қызғылт-күлгін түсті цитоплазмасында көкшіл түске боялған ірі түйіршіктері, пішіні тұрақсыз көкшіл-қызғылт түсті ядросы болады. Базофилдер жалпы лейкоциттерінің 0, 3-0, 5 пайызын құрайды. Олардың түйіршіктерінің құрамында қанды ұйытпайтын гепарин және капиллярларды кеңейтетін гистамин деген заттар жинақталады. Базофильдер қоректік заттарды да тасымалдайды, сондықтан оларды трефоциттер (қоректендіргіш торшалар) деп те атайды.
Эозинофилдер -ірі домалақ жасушалар, d -8, 2-19, 2нм. Олардың цитоплазмасы қышқыл бояулармен (эозинмен) көгілдір, ал түйіршіктері қызғылт түске боялады. Эозинофилдер түрлі токсиндерді залалсыздандырады, бөгде белоктарды ыдыратады. Олар лейкоциттердің жалпы санының 1-3 пайызын құрайды. Кей ауруларда эозинофил саны көбееді, таяқша тәрізді, жас және миелоцитке дейін.
Нейтрофилдер. Дөңгелек жасушалар, d-7-15 нм. Сілтілік те, қышқыл да бояулармен боялады. олардың цитоплазмасы солғын қызғылт, ал түйіршіктері- күлгін-қзғылт түстіекледі. Нейтрофилдер даму сатыларына қарай миелоциттер, балғын, таяқша ядралы, сегмент ядролы болып бөлінеді. Олардың негізгі қызметі - фагоцитозжүргізу және микробтардың дамуын тежейтін заттарбөлу. Сан жағынан нейтрофилдер лейкоциттердің ішіндегі ең көбі, сондықтан да олар фагоцитоз құбылысында маңызды рөл атқарады.
12. Агронулоциттер . Лимфоциттер. Домаланған немесе сопақша ядросы бар жасуша. Диаметрлері әртүрлі кіші лимфоцит-4, 5-6, 5; орташа 6, 5-10 ; үлкені 10-18. Лимфоцитердің құрамында липаза бар, сондықтан ол ішек сіңіруінде өз рөлін атқарады. (Синельников) .
13. Оның цитоплазмасының базофилды құрамында нуклеотидтің біраз мөлшері бар, сондықтан ол иммунді денелерді өндіреді. (Догерти и Вайт, 1945ж) .
14. Сонымен қатар ол қан плазмасындағы ақуыздан трефон өндіреді. (Хрущев) .
15. Моноциттер (грекше «monos - бір, жалғыз. «cуtos» клетка) . Түйіршіксіз лейкоцит: Д-10-20мкм. Цитоплазмасы сұр түсті, ядросы дөңгелек, бұршақ немесе таға тәріздес. Моноциттер макрофагтың қозғалғыш тобына жатады. Макрофагтар негізінен ретикуло-эндотелиалды жүйенің құрамына кіретін клеткалардан түзіледі.
Ретикуло- эндотелиалды жүйе қан тамырлар арнасына бөгде заттардың, микробтардың енуіне жол бермейтін, гистологиялық құрылымның диффуздық жүйесі. Оның құрамына:
1. ретикулярды ұлпа
2. синусоидты капиллярдың эндотелиі
3. дәнекер ұлпалардың гистоциттері
4. қан моноциттері кіреді.
Осы барлық клеткалық элементтер кейде тез тітіркену жағдайына келеді де, активті макрофагтарға айналады.
Макрофагтар моноциттер аралық алмасу (липоидтты, темір метоболизмінде) мен қантамыр арнасына, потологиялық процестердің, көбінесе қабынудан түскен микробтармен күресуге үлкен рөл атқарады. Макрофагтардың негізгі функциясы - микроорганизімдердің, бөгде клеткалардың, өлген клеткалардың қалдығының фагоцитозы. Олар тек бөгде антигендерді жойып қана қоймай, антигеннің бөгде материалын өңдейді.
Организімге қауіп -қатер әкелетін антигендердің өңделуі туралы хабарлар Т- және В- лимфоцит клеткаларына беріледі. Макрофагтардан түскен антигендік хабарлар антиген молекулаларымен қоса, РНК макрофаг комплексі ретінде лимфоциттерге түседі. Макрофактармен өңделген антиген өзінің имуногендігін біршама жоғарылатады делінген. Т - лимфоциттер мен макрофагтар арасында тура және қайтымды байланыс бар. макрофагтар сүйек милық бағаналы клекалардан түзіле отырып, монобласт, моноцит сатыларына өтеді. Олар дәнекер ұлпасында гистоцид, өкпеде альвеолярлы макрофагтар, лимфа түйінінде, көкбауырда Купфер клеткаларының формасы ретінде ажыратылады.
И. И. Мечников 1903 жыдары клетка ішілік қоректену мен қабыну реакциясын зерттей отырып, организмге енген микробтар мен бөгде клеткаларға жауап реакциясы сіңірумен, қорытылуымен қоса мезодермалық клеткалармен және бірінші кезекті лейкоциттермен зақымдануын залалсыздандырумен түсіндіреді. Бұл құбылысты ол фагоцитоз деп атады. И. И. Мечников фагоциттердің екі тобын ажыратты: микро- және макрофагтар. Микрофагтар- нейтрофильді полинуклеарлар, яғни біршама протаплазмасы бар амеба тәрізді қозғалатын лейкоциттер. Макрофагтар - қан айналымындағы моноциттер.
Моноциттер - ерекше клеткалар. Олар фагоцитозға қатысуымен қатар организімнің иммунобиологиялық жүйесінің күйзелуіне үлкен қызмет атқарады. Сонымен қатар организімнің аурулармен күресуінде имунитетті қалыптастыруда да ролі зор. Макрофагтар өңделген антигендерді тасымалдаушы, антигендік ақпаратты Т-, В- лимфоциттермен тасымалдайды. Т-клеткаларын белсендендіруге қатысады, лимфоциттермен гуморальдық және клеткалық имунитеттегідей әсерлеседі. Макрофагтардың көп мөлшері қабыну процесінің . Созылмалы инфекцияларда олар гранулемалардың түзілуіне қатысып, фагоцитарлық, активтілікке ие көп ядролы клеткаларға айналады. Макрофагтар ферменттік және жұтушы активтілігімен қатар, макрофагтың көп микробтар түрлеріне байланысты.
В. Н. Никитин “Атлас клеток крови” . Москва 1949ж.
Қан жүйесінің аурулары.
Барлық қан элементтернің ең арғы тегі - полипотентті бағана клеткалары. Ол клеткалар жіктелуіне байланысты 6 топқа топтастырылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz