Алихан Бөкейхан



Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындығы қазақ зиалыларының, қоғам және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға . Әлихан Нұрмұхамед Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып «буржуазиялық ұлтшылдықтың » синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған орасан мол аманат.мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты. Көрнекті қоғам қайраткері. Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IY Мемлекеттік думасы мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, Санк.Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы ұлт.азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұнғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметтің төрағасы; ғұлама ғалым . ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист . міне, ардақты азаматымыздың халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше атқарып өткен сан . қиалы қызметінің бұл болар . болмас көрінісі ғана.
Ә.Н.Бөкейхан 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы үезінде, Тоқырауын облысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7.ші ауылда дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақторғай ауданына қараған Қаратал совхозының жері (сщвхозға 1992 жылы Ақторғай аудандық кенесінің шешімімен Ә.Н.Бөкейхан есімі берілді. Әлекенің есімі жергілікті орта мектепке де беріліп отыр).
Әлихан ата.тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымынан, Бөкейханнан тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұлы болған . Он бір ұлдың бірі . Әлиханның арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туды. Мырзатайдан Нұрмұхамед ( Әлиханның әкесі елдегі аты Мұқан), Коске, Шолақ, Әптіхан, Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзілхан, Тәтіхан, деген бес ұл мен Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұнғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып барып, жіргілікті молданың қолына оқуға береді.
Әзіханұлы Райымхан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген Нұрмұхамет қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. Училищені ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы үезі бастығы оған «Бұл куәліктің иесі Қарқаралы үезі Тоқырауын облысы сұлтанның баласы, мұсылман, он алты жастағы Ңұрмұхамедұлы Әлихан, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған мектепке 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеніп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытты... Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесінде1886 жылдың маусымында болған соңғы сынақтан

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Құқық және экономика колледжі

Алихан Бөкейхан

Тексерген: Бойтекенова А
Орындаған: Джакубаева И

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басындығы қазақ зиалыларының, қоғам
және мемлекет қайраткерлері қатарындағы аса ерекше тұлға - Әлихан
Нұрмұхамед Бөкейхан. Оның есімі ұзақ жылдар бойы сирек аталып буржуазиялық
ұлтшылдықтың синонимі ретінде қаралып келсе, кейінгі ұрпаққа қалдырған
орасан мол аманат-мұрасы бір кісінің ғұмырындай уақыт шаң басып жатты.
Көрнекті қоғам қайраткері- Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам
қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және
мұсылман халықтары съезінің депутаты, IY Мемлекеттік думасы мұсылман
фракциясының Бюро мүшесі, Санк-Петербор масоны, қазақтың 20 ғасыр басындағы
ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұнғыш
саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы
үкіметтің төрағасы; ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы,
этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы әрі дарынды публицист – міне, ардақты
азаматымыздың халқы үшін, халқының жарқын болашағы үшін соңғы демі біткенше
атқарып өткен сан – қиалы қызметінің бұл болар – болмас көрінісі ғана.
Ә.Н.Бөкейхан 1870 жылы кешегі Семей облысы, Қарқаралы үезінде,
Тоқырауын облысы, Тоқырауын өзені бойындағы нөмірі 7-ші ауылда дүниеге
келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақторғай ауданына қараған Қаратал
совхозының жері (сщвхозға 1992 жылы Ақторғай аудандық кенесінің шешімімен
Ә.Н.Бөкейхан есімі берілді. Әлекенің есімі жергілікті орта мектепке де
беріліп отыр).
Әлихан ата-тегі Шыңғыс ханнан бері келе жатқан төре тұқымынан, Бөкейханнан
тарайды. Көкжал Барақханның баласы Бөкейхан қазақтың таққа отырған соңғы
хандарының бірі.
Бөкейханның бес әйелінен он бір ұлы болған . Он бір ұлдың бірі - Әлиханның
арғы бабасы Батыр. Батырдан Рүстем, Әшімтай, Мырзатай туды. Мырзатайдан
Нұрмұхамед ( Әлиханның әкесі елдегі аты Мұқан), Коске, Шолақ, Әптіхан,
Нұрмұхамедтен Әлихан, Смахан, Базылхан, Әзілхан, Тәтіхан, деген бес ұл мен
Нұрбек атты бір қыз туады. Әлихан тұнғышы.
Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі 1879 жылы Қарқаралыға алып
барып, жіргілікті молданың қолына оқуға береді.
Әзіханұлы Райымхан ақсақалдың айтуынша, көзі ашық, көкірегі ояу Әлихан
молданың оқуын қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық бастауыш мектепке өз
еркімен ауысып кетеді. Бұл әрекетін бір келгенінде естіп білген Нұрмұхамет
қарсылық білдірмейді, ақ батасын береді. Бастауыш мектепті бітіргеннен
кейін ол Қарқаралы қаласының үш жылдық училищесіне түседі. Училищені
ойдағыдай бітіргеннен кейін Қарқаралы үезі бастығы оған Бұл куәліктің иесі
Қарқаралы үезі Тоқырауын облысы сұлтанның баласы, мұсылман, он алты жастағы
Ңұрмұхамедұлы Әлихан, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған
мектепке 1879 жылдың 16 қыркүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін
тәрбиеніп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытты... Қарқаралы қаласының үш
жылдық училищесінде1886 жылдың маусымында болған соңғы сынақтан
(емтиханнан) өткенен соң, халалық училище курсының сабақтарын өте жақсы
деген бағамен бітірді делінген аттестат алды...Қазақ мектебінде оқып жүріп
ол, Нұрхамедұлы, етікші мамандығын меңгеріп алды және бұл кәсіппен өз
бетінше шұғылдануына ерікті -делінген куәлік береді. Бұл куәлік 16
жастағы Әлиханға Омбыға жүрер алдында берілсе керек. 1886 жылы ол Омбыға
келіп, жергілікті 4жылдық техникалық училищеге пасионер болып
қабылданады.
Омбының техникалық училищесі ( ОТУ ) 1882 жылы Ресейимператорының
жарлығымен ашылған. Училище жаңа салына астаған Сібір темір жолы
таробына арнап төменгі техникалық мамандар даярлауға тиісті болатын. Біраз
балалар училищенің емтихандарынан өте алмай қайтып кетіп жатқан 10 жыл
ішінде мамандық алып шыққан 70түлектің ( кейінгі жылдары училище құлдырап
кеткен )14% дворян балалары 3%- дін басылары, 59%-қала тұрғындары және
24% шаруа балары екен. Ал училищенің мақсаты мен білім дірежесін ОТУ
–дың көп жылғы директоры – Н. Е. Доброхотовтың 1886 жылы тұңғыш
түлектері алдында сөйлеген сөзінен аңғаруға болады.
ОТУ-дың төртжылдық курсында дәстүрлі сабақтармен қатар, теориялық
механика, көтергіш мәшинелер мен сорғыштар сияқты күрделі пәндерді
қамтиды. Ағаш өңдейтін, темір құрал-сайман жөндейтін шеберхана мен физика-
химия кабинеттерінде күнбе-күн сабақтар өткізілетін. Ал 3-ші сыныптан 4-ші
сыныпқа өтетін жылы оқушылар зауыттарға, диірмен және теміржол
шеберханаларына тәжірибелік жұмыстарға жіберілетін.
Міне, Алиханның Омбы техникалық училищесіндегі оқуы осындай жағжайда
өтіп жатады. Жазғы демалыс күндерін елінде өткізетін.Ал оқу бітіретін
мезгіл жақындағанда ОТУ директорына өзінің оқуын жалғастырғысы
келетіндігін, Санкт- Петербордың императорлық Орман институына түспек ойы
бар екендігін білдіреді. Директор өз тарапынан Қарқаралы уезінің бастығына
оның (Әлиханның) өте жақсы оқып, үлгілі тәртіп көрсетуіне байланысты...
оның жоғары оқу орнына баруы өте қажет, сол себепті оған оқуға бару үшін
қазақ қауымдастығы стипендиясының берілуі жалғаса берсін... - деген
өтініш хат жолдайды.
Санкт-Петерборға 20 жасында келген Әлиханның студенттік күндерін қалай
өткізгендігі жайында Англияның әйгілі білім ордасы – Оксфорд
университетінің Орта Азияны зерттеу қоғамы өзінің Қазақтар 1917жылға
дейінгі орыстар туралы ата кітабында Ә. Бөкейхан... Орман институтының
студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді
араласып әрқашан да әсіресе солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу
пікірталастаға ол экономикалық материализм қағидаларын дес бермей
қорғайтын - деген мәлімет берілген . Ал Санкт – Петерборлық Новая жизнь
газета 1906ж Ә. Бөкейхан 1894 ж , Орман институтының 4-ші курс студенті
күндері студентік толқуларға қатынасты... - деп жазды. Жоғарыда берілген
құжат үзінділерінде айтылғандай, Әлихан күнделікті сабақтарына қоса,
студенттердің саяси, әдеби, экономикалық және т.б. студентік үйірмелердің
жұмысына қызу араласып, студенттік толқуларға қатысады. Осы жылдары
Әлиханның саяси көзқарасы өалыптаса бастайды, екі ғасырға жуық Ресей
Империясының қол астында отырған ескі феодалдық қарым –қатынастарда әлі
арыла қоймаған, рулық, феодалдық күрес – тартыстан көзін аша алмаған туған
халқының тағдыры оны қатты толғандыра бастайды. Қараңғылық пен надандық
шырмауынан құтыла алмай отырған халқына, ең алдымен, білім мен мәдениет
керек екндігін анық ұғады. Халқын Еуропаның мәдениеті жоғары елдері
санатына қосуды арман қылып, елдің тұрмысын, мідениетін, білімін көтеруді
өзінің алдына мақсат етеді.
Құжатханалардан табылған материалдарға қарағанда, Әлихан жандармерия
баспанасының назарына алғашқы рет осы жылдары – ақ ілігіп, саяси
сенімсіздердің қара тізіміне алынады. Айта кету керек: Әлихан бұл
тізімінен патша өкіметі күйреп,Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 ж
қыркүегінде Халық жауы болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ.Орман
институтын ойдағындай бітіріп, Әлихан Бөкейхан 1894 жылы Омбы қаласына
қайта оралады. Әлиханның Омбыдағы жылдары оның көрнекті қоғам,саяси
қайраткер ретінде де, педагоктық,ғалымдық, әдибиеттанушылық талантын жан-
жақты ашып берді. Сонымен қатар, ол Омбыда патшалық тәртіптің қуғын-
сүргінінде көрді, екі рет заңсыз-сотсыз абақтыда да отырды.
Әлихан Бөкейхан –ормантанушы ғалым, экономист.Ол қазақ халқының тұрмыс-
тіршілігін,мәдениетін, шаруашылығын, төрт төлік малын, жер-суын, қысқасы,
әлеуметтік-экономикалықжағдайын жан-жақты зерттеген санаулы ғалымдардың
бірі. Санк-Петерболдың Орман институтын орман экономисі мамандығымен
бітіреді де,1894жылы Омбы қаласына қайта оралады. Оралған бойда алдымен
төменгі дәрежедегі орман мектебіне қабылданып, екі жылдай өз мамандығы
бойынша дәріс оқиды. 1896 жылдан бастап Әлекең ғылыми жұмыстарға көңіл
бөледі.
Әлихан Бөкейхан- қазақтын мал шаруашылығын зерттеуді ғылыми жолға қойған
бірегей ғалым. Шербина экспедициясынан кейін 1903 жылы С.П.Швецов
бастаған Сібір темір жолы бойында орналасқан Челябі мен Том қалалары
аралығын мекендеген қазақтардың мал шаруашылығың зертеуге бағытталған
экономикалық экспедицясының басы –қасында болды. Экспедиця Сібір темір жол
басқармасының тапсырмасы мен қаржысына жүргізілгенді. Әлекен өзіне
экспедиця жүктеген мақсатқа сай, қазақтың қой және қой шаруашылығының егжей-
тегжейін терен зерттейді. Сол өнірдегі қой шаруашылығымен қоса ол бүкіл
қазақ даласының түпкір-түпкіріндегі, атап айтсақ, Жетісу, Сырдария
бойындағы қазақтардың қой тұқымдарын, шаруашылықтарын түгел қамтып, бір-
бірімен салыстыра отырып қарастырады соның нәтежесінде Әлихан қазақтын қой
тұқымдары және қазақтың қой шаруашылығы жайында бұрын соды болмаған үздік
монография жазды. Монографияда қазақы қойдын түрлі тұқымдары туралы, жем
азығы, жайлымы, малдын түрлі ауруларымен емдеудін әдістері жайында, қысқасы
, қазақтын қой шаруашылығына қажетті алуан түрлі мәліметтер берілген. Бұл
еңгбек экспедициясының басқа материалдармен бірге Материалы по
экономическому обследованию раионов Сибирскои железнои дароги деген үш
бөлімнен тұратын кітап болып 1904ж Том қаласынан басылып шығады.

Әлихан Бөкейханның тұңғыш зерттеуі – Женщина по Киргизкой былине
Қобланды атты көлемді мақаласы Ташкентте Түркістан генерал –губернатор-
лығы жанынан шығып тұрған Түркістан уалаяты газетінің 1899ж 9, 20
мамыр және 3 маусым күнгі сандарында жарияланды. Зерттеуіне ол қазақтың
жалпы ауыз әдебиеті шығармаларына шолу жасап, оларға академиялық сипаттама
берді.
Әлекең Қазақтың 1915ж 120 санды жарық көрген Роман бәйгесі атты
мақаласында Міржақып романы Бақытсыз Жамал кішкентай ғана кітап. Мен
мұны Қазаққа сын жазбақ болып алып едім. ..- деп жазды.
Әлихан Бөкейхан – тұңғыш Абайтанушы. Абай Құнанбайұлының
шығармашылығын жаңа заманның тынысы, лебі деп түсінді, қалыптасып келе
жатқан қазақтың жаңа ұлттық әдебиетінің бастамасы деп бағалады ол.
Сондықтан да Абайдың қалдырған мұрасын жинап халықына тезірек танытуға,
таратуға асықты.Абайдың есімі мен шығармашылығын орыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлихан Бөкейханның биографиясы
Әлихан тұңғышы
Ә. Бөкейханның ғылым мен ұлттық дамуға қосқан үлесі
Ә.Бөкейхан – қазақ халқының ұлы
Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында
Әлихан Бөкейхан: Ұлтын сүю- білімнен емес, мінезден
Әлихан Бөкейхан туралы
Ә. Бөкейхан - ұлы мұрат жолындағы көшбасшы
Алихан Бөкейханов өмірбаяны
ӘЛИХАН БӨКЕЙХАННЫҢ ӘДЕБИ-СЫН ЗЕРТТЕУЛЕРІ
Пәндер