Голощекин Қазақстанда билік құрған азалы жылдар
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Ф.И. Голощекиннің Қазақстанға дейінгі өмірі 3
Ф.И. Голощекин Қазақстанда билік құрған азалы жылдар (1925.1933) 4
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13

Ф.И. Голощекин Қазақстанда билік құрған азалы жылдар (1925-1933) 4
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 13
Кіріспе
Тарихымызды білмей тұрып алға жылжудың қиын екені белгілі. Сондықтан
бүгін де өткенімізді ой елегінен өткізіп, барымызды екшеп, жоғымызды іздеп
жатқан жайымыз бар. Ата тарихымызды таразылап жатқанымыз да содан.
Мың өліп, мың тірілген қазақ өз басынан небір күйді кешпеді. Солардың
ішінде, әлдебіреу қазір тамсанып есіне алатын Кеңес заманының әдейі қолдан
ұйымдастырған "Ұлы" жұттың — ашаршылықтың зардабын айтып жеткізу мүмкін
емес. Халқымыздың тарихындағы қаралы кезең — "Ақтабан шұбырындының" өзі
ашаршылықтың азалы ақпарларымен шендесе алмайды. Қазақ халқы елінен,
жерінен жөңкіле көшті, сан мыңдап қырылды, малынан айырылды. Ел басына
үйірілген кесепаттың ауырлығы сондай: анасы — баласын, баласы апасын
көмусіз қалдырды. Әйтсе де, тұтастай бір халыққа қарсы қолдан жасалған осы
нәубет туралы кеңес дәуірінде әңгіме айтпақ түгілі, тіпті ол жөнінде еске
алудың өзіне тиым салынған болатын.
Біздер бүгіндері кейбір адамдардың әңгіме арасында бұрын бәрі жақсы
еді, қоғам барынша әділ еді, қарапайым жұрттың қамын ойлайтын еді деп
жататынын естіп қаламыз. Ал енді ол қоғам жөніндегі шындықтың төркіні мүлде
өзгеше сипатта болғанын көпшілігіміз біле бермейміз. Бүгінгі жұмыс тақырыбы
осы кезең жөнінде және осы нәубетті ұйымдастырушы қанқұйлы Ф.И.
Голощекиннің Кіші Қазан идеясы төңірегінде болмақшы.
Ф.И. Голощекиннің Қазақстанға дейінгі өмірі
Ф.И. Голощекин 1876 ж. Псков губерниясында майда буржуазиялық дәулетті
жанұяда туды. ХХ ғасырдың басын Голощекин ресейлік социал-демократтардың
қатарында қарсы алды. Ол 1903 жылдан РСДЖП (Ресейлік социал-демократиялық
жұмысшылар партиясы) партиясының мүшесі. 1905 жылдан 1912 жылдың арасында
ол жеті реет түрмеге отырды. Сол себепті де большевиктер арасында ол
танымал адамға айнала бастады.
Оның тағдырына әсер еткен негізгі жағдай оның Турухан өлкесінде жер
аударылуы болды. Орталық Сібірдегі бұл өлкеде ол Монастырный атты әкімшілік
орталығында өз жазасын ол И.Сталинмен және Я.Свердловпен бірге өтеді.
Голощекиннің қандыбалақ екендігі Қазақстанға келмей жатып-ақ белгілі
еді. Ол патшаның жанұясын ұйымдастыруға белсена қатысқан және соның басы-
қасында болған еді. Николай II және оның жанұясы 1917 жылдың тамызынан
күзет астына алынып, ал 1918 жылдың шілдесінен Екатеринбург қаласында
болатын. Дәл осы қалада Мәскеуден түскен бұйрық бойынша оның жанұясын жою
көзделіп жүзеге асырылды. Ал бұған жетекшілік етушілердің бірі Орал
облвоенком Ф. Голощекин еді.
Қазан төңкерісінің жеті жылдығына орай Троцкий өзінің Октябрь (Қазан)
сабақтары атты кітабын жариялап өзінің партиядағы көшбасшылығын
негіздейді. Бұл кітапта ол өз қарсыластарын айыптап сынайды. Осы 1924
жылдың желтоқсан айында Голощекин Самара қаласында Троцкизмге қарсы атты
баяндама жасап сөз сөйледі. Мұның сол кезде-ақ көшбасшылықты И. Сталинге
беруге қосылатынын айқындайды. Осыны ұққан Сталин Голощекиннің еңбегін
дұрыс бағалай біліп оның билеп-төстеуіне ұланғайыр Қазақстан аумағын берді.
"Партия тарихын жазушылар Голощекиннің Қазақстанға қалай тап
болғандығы туралы анық жазбайды, басшы болғанын бірақ көрсетеді.
Былайынша айтқанда, Филипп Исаевичті бірінші хатшылыққа ешкім, соның
ішінде қазақстандық коммунистер сайлаған жоқ. Ол бұл қызметке тағайындалды.
Яғни, Сталиннің РК (б) П-ның XII съезінде "...необходимо подобрать
работников так, чтобы на и люди, умеющие осуществлять директивы, могущие
принять эти директивы, как свои родные и умеющие проводить их в жизнь", -
деп айтқан тұжырымдамасы жүзеге асты.
1925 жылдың күзінде Қазақстанға да осындай пысықай орындаушы тап
болған еді.
Ф.И. Голощекин Қазақстанда билік құрған азалы жылдар (1925-1933)
Голощекин қазақ жері екі жарым ай толмай жатып-ақ 1925 жылдың
желтоқсан айында Қызылорда қаласында партконференцияда былай деп
қодыраңдады: "ауылда шын мәнінде Совет өкіметі жоқ, байдың билігі, рулардың
үстемдігі бар екенін мәлімдеді". Ол осылайша өзі келгенге дейін кеңес
үкіметін құруға қатысқандардың еңбегін де бағаламады.
Ең қызығы, Филипп Исаевич өз кабинетінен аттап шығып, бірде-бір ауылға
аяқ баспаған".
Қазан төңкерісінің 10 жылдығына орай ол екі кітап авторы болды – бірі
Қазақстан Қазан сынағында, екіншісі Кеңес үкіметіне 10 жыл. Бұл екі
кітабында да сол ұрда-жық әдетінен аунымай бір әнге басқан ол ауылда
азамат соғысын жүргізу керек деп байбалам салды. Оның мұндай саясатына
қосылғысы келмегендерді ол зиянды элементтер ретінде қарастырды.
Сталиннің атына хат жазып онда Кіші қазан идеясын мақұлдауын өтініп
одан рұқсат алды.
Сөйтіп, Голощекин Қазақстанда "Кіші Қазан төңкерісін" жасауға кірісіп
те кетті. Өзінің осы ойын жүзеге асыру бағытында небір айла-қулыққа, адам
ойына келмейтін небір зұлымдықтарға барғанын Валерий Федорович Михайловтың
"Ұлы" жұттың жазбалары" атты кітабынан табуға болады. Мұны В.Ф. Михайлов
өзіне тән суреткерлікпен былайша өрнектейді.
"Адмирал Колчак: "қазақтарды басқару оңайдың оңайы, қалың көпшілік
интеллигенцияның көзін жойсаң болды, - қазақтарды бағындырғаның" - деген
екен дейтін лақап сөз бар. Сібірдің билеушісі солай деп айтты ма, айтпады
ма, - ол жағы белгісіз, бірақ Колчактың аз уақыт билігі кезінде бірде-бір
қазақ интеллигенциясы қиянат көрген жоқ. Алайда, от жанбаса түтін қайдан
шықсын, бәлкім, көкейінде ондай ой болуы да мүмкін. Өлкелік партия
комитетінің бірінші хатшысы Голощекин 1930 жылы қазан айында қазақ
республикасының құрылғанына он жыл толған мерекесіне байланысты өткен
Алматы қаласы партия активі жиналысында осы ойды ашық болмаса да, астарлы
түрде жеткізді.
Қазақстан экономикасын дамытуда бiртiндеп отырықшыландырудың, сонымен
қатар, оның индустрияландырумен қатар жүргiзiлуi қажеттiлiгiн айтып, дабыл
қаққан С.Сәдуақасов сияқты қайраткерлердiң пiкiрi есепке алынбады. Кейiн
олардың күштеп отырықшыландыруға қарсы шыққанын Голощекин мен оның
шабармандары түсiнбей, дал болды. Алматы қалалық партия белсендiлерiнiң
жиналысында А.Г. Дискантов отырықшыландыруға қарсы тап жауларының күресi
жөнiнде айта келiп, ... ұлтшылдар осыдан бiрнеше жылдар бұрын партияны
отырықшыландыруды жүргiзбедiң деп сынаса, ендi жаппай отырықшыландыру
басталған кезде, тағы да қарсы шығып отыр, өйткенi олар бұл шараның қазақ
еңбекшiлерiн байдың қанауынан құтқаратынына күмән келтiрiп, жер
шаруашылығын техника және механикаландыру негiзiнде өркендетуге қарсы 3
деп бағалады.
Алайда, 1922-1928 жылдарда бiртiндеп отырықшыландыру мәселесi жерге
орналастырумен сабақтас болғандықтан, кейiнге қалдырылды. Қазақ шаруаларына
отырықшы халықтың жер мөлшерiне сәйкестендiрiп жер беруге, оны жаратуға
мүмкiндiк туғызуға өкiмет мүдделi болмады. Әсiресе, бұл бағыт республика
партия ұйымына Ф.И.Голощекиннiң басшы боп келуiнен кейiн одан әрi күшейдi.
1925 жылдан бастап қазақтарды бiрiншi кезекте жерге орналастыру, оны
мемлекет тарапынан қаржыландыру жұмысы тоқырап, ақыры, 1927 жылы тоқтап
тынды.
Бұл кезеңде отырықшыландыру мәселесi емес, керiсiнше, қазақтарды жерге
таластыру арқылы тап күресiн шиеленiстiретiн Кiшi Қазан ойраны басталды.
Оның басты мақсаты – қазақтарға берiлетiн жер көлемiн азайтып, Ресей және
басқа республикалардан қоныс аударушыларды орналастыру арқылы егiстiк
көлемiн ұлғайту болды.
Голощекин қазақ халқының рухани көсемдері мен ұстаздарын жаңа құрлысқа
қатыстыруға шын ниетімен құштарлана қойған жоқ, - сондықтан да ұлтшыл деген
атақты барлығына таңумен болды. Бұл оның ұстанған тактикалық тәсілі еді,
"ұлтшылдарға" уақытша тек қана уақытша ғана төзуге келісті, ал одан соң
оларды өмірден аластап тынды".
Қазақстанға Ф.И. Голощекиннің өлкелік партия комитетінің бірінші
хатшысы болып келуі қазақ халқына адам айтқысыз бақытсыздық әкелді.
Голощекин әміршіл-әкімшіл басқару жүйесіне арқа сүйеп, небір сұмдық амал-
айла, зымияндық әдіс қолдану арқылы қазақ зиялыларын бір-біріне айдап
салды, "халық жауы" деп жала жауып, мыңдаған қазақ азаматтарының қанын
төкті. Голощекиннің тікелей басшылығымен 1929 жылы - 31, 1930 жылы - 82,
1931 жылы - 80 жалған "контрреволюциялық ұйымдар" ашылып, бұл ұйымдардың
мүшесі болды деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке шығар азаматтары
қамауға алынды.
Нәтижесінде, елдің саяси өміріне "Садвакасовщина", "Рыскуловщина",
"Сейфуллиновщина" тәрізді атаулар енгізіліп, қазақтың бетке ұстар
азаматтары шетінен өлімге қиылып кете барғанын және өзінің осындай қанқұйлы
саясатын ақтап алу мақсатында Голощекин идеологиялық бағытқа кезенген
оқпанын бір сәтке де ауытқымағанын кітапта мына тәрізді көптеген нақты
деректер келтірілген.
"С.К. деген біреу "Советская степь" газетінің 1927 жылғы 27 мамырдағы
нөмірінде Қазақстан Жазушылар одағы жөнінде былай деп хабарлады:
"Шығарманың саяси бағыты автордың қай ағымның иесі екендігіне
байланысты айқындалады. Алдын-ала жүргізілген есепке қарағанда, ұлтшыл
авторлардың күшімен 14 кітап, КазАПП-тықтардың 16 және жолбикелердің 9
кітабы жарық көрген... Ұлтшыл авторлардың өздеріне тән айырмашылық бар
(Байтұрсынов, Әуезов, Дулатов, Кемеңгеров, Омаров, Абай, Жұмабаев).
... Ұлтшылдар қазақ даласы мен халқын таптан тыс, шын мәнінде
шабыттана жырлайды, ал шынтуайтына келгенде өз қаламдарын Совет өкіметіне
қарсы бағыттаған".
Көріп отырғанымыздай, марқұм Абай Құнанбаевтың өзі де қырағы сынның
қырына ілігіп, революциядан соң Кеңес өкіметінің қас-жауы деп жариялайды.
Осылайша қазақ жазушылары мен мәдениет өкілдері қудалауға ұшырады. Одан
басқа тұтқындау, тергеу және үкім шығару туралы бір ауыз сөз де айтылмады.
Өйткені, Голощекиннің қудаланған азаматтардың кіналары жөнінде келтіре
қоятын нақты дәлелдері жоқ еді. В.Ф.Михайлов бұл тұрғыда "Қазақстан
Компартиясы Орталық Комитетінің Мағжан Жұмабаев, Ахмет Байтұрсынов және
Жүсіпбек Аймауытовтың творчестволық мұрасын зерттеу жөніндегі
қортындысынан" мынадай үзінді ұсынады:
Мағжан Жұмабаев туралы: "...1926 жылы негізсіз айыпталып, он жылға
түрмеге кесілді. Астыртын қызметі үшін керек деген желеумен оған 1921 жылы
"Алқа" атты ұйым құрды-мыс деп жадағай кінә тағылды. Ал шын мәнінде бұл
алқаны Сібір халықтарын Қазақ республикасы туралы кенінен хабардар ету үшін
Сібір революциялық Комитетінің жанындағы Қазақ АССР- інің өкілдігі
ұйымдастырған еді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz