Ветом - пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы



Жоспар
Кіріспе
2. Әдеби шолу
3. Өзіндік зеріттеу
4. Қорытынды
5. Ұсыныс
6. Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

1. Кіріспе
2. Әдеби шолу
3. Өзіндік зеріттеу
4. Қорытынды
5. Ұсыныс
6. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанның агро-өнеркәсіптік кешені ұлттық эканомиканың базалық
салаларының бірі болып табылады.
Ветеринария ғылымының жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімінде олардың
пайда болу себептерін , сатыларын анықтау әдістерін емдеу әрекеттерін және
сақтау шараларын жетілдіре қадағалайды. Пәннің негізін жалпы биология ,
биологиялық химия, физиалогия мен патологиялық физиология, азықтандыру ,
фармокология , аурутану және экономика пәндері құрайды.
Ішек инфекциялары және тағы басқа аурулармен күресуде
антибиотиктер мен сульфаниламид препараттарының рөлі зор. Бірақ,
оларды ұзық және жүйесіз турде пайдаланғаннан ауыз қуысының, ішектің,
терінің және тағы басқа мүшелердің симбиотикалық микрофлорасының
құрамы өзгереді, микроорганизмдердің дәрілік заттарға тұрқты штамдары
пайда болады. Нәтижесінде щартты патогенді микроорганизмдердің
стафилакокк, протей, гемолитикалық E.coli, Candida тұқымдасына жататын
саңырауқұлақтар және тағы басқа дамуы байқалады. Олар зақымдалған
ет, сүт өнімдері арқылы адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан патогенді
және шартты патогенді микроорганизмдергн антогонистер активтігі
жоғары, олардың тұрақтылығының дамуына қарсы әсер ететін және
пайдалы микрофлораның құрамын бұзбайтын препараттар қажет.
Енді ғалымдар бактериялық препараттарға назар аударуда.
Соңғы кезде антибиотиктердің орнына құрамында адамның немесе
жануардың қалыпты микрофлорасының тірі микроорганизмдері немесе
қоршаған ортаның сапрофиттері бар дәрілік препарат - пробиотиктер
қолдануда.

Әдеби шолу

Пробиотиктердің жалпы сипаттамасы

1 Ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы және жұқпалы емес
аурылары нәтижесіндегі төлдердің өлімі , еріксіз союдың көбеюі, мал
өнімділігінің және өнім сапасының төмендеуі мал шаруашылығына елеулі
шығын келтіреді.
Көптеген аурулар иммунды жетіспеушілік жағдайының дамуымен өтеді. Бұл
жағдайда иммунитет күрт төмендейді , ал организм кірген ауру
қоздырғышымен күресе алмай қалады. Қолданылып жүрген антибиотиктердің
және басқа да антимикробтық препараттардың көбі иммуносупрессорлар
болып табылады.лоар иммунді жетіспеушілікті одан әрі дамытып ,
аурудың емделуіне емес, керісінше, аурудың созылмалы түрге өтуіне
немесе өршуіне апарчп соғуы мүмкін.
Көптеген антибиотиктер бауырдың, қан түзуші ағзалардың, зәр шығару
жолдарының зақымдалуын, кілегей қабықтарының бұзылуын, аллергиялық
реакцияларды тудырады. Оларды буаздық кезінде пайдаланғанда жаңа
туған төлдерде әртүрлі паталогиялар байқалуы мүмкін.
Ішек инфекциялары және тағы басқа аурулармен күресуде антибиотиктер
мен сульфаниламид препараттарының рөлі зор. Бірақ, оларды ұзық және
жүйесіз турде пайдаланғаннан ауыз қуысының, ішектің, терінің және
тағы басқа мүшелердің симбиотикалық микрофлорасының құрамы өзгереді,
микроорганизмдердің дәрілік заттарға тұрқты штамдары пайда болады.
Нәтижесінде щартты патогенді микроорганизмдердің
стафилакокк , протей, гемолитикалық E.coli, Candida тұқымдасына
жататын саңырауқұлақтар және тағы басқа дамуы байқалады. Олар
зақымдалған ет, сүт өнімдері арқылы адамға жұғуы мүмкін. Сондықтан
патогенді және шартты патогенді микроорганизмдергн антогонистер
активтігі жоғары, олардың тұрақтылығының дамуына қарсы әсер ететін
және пайдалы микрофлораның құрамын бұзбайтын препараттар қажет.
Енді ғалымдар бактериялық препараттарға назар аударуда.
Соңғы кезде антибиотиктердің орнына құрамында адамның немесе
жануардың қалыпты микрофлорасының тірі микроорганизмдері немесе
қоршаған ортаның сапрофиттері бар дәрілік препарат - пробиотиктер
қолдануда.
Алғашқыда “пробиотик” сөзі басқа микроорганизмдердің өсуіне деп
беретін бір қарапайымдының өндірген субстанциясын сипаттау үшін, ал
кейінірек жанурлардың ішек микрофлорасына әсер ету арқылы жақсы
эффект көрсететін азықтық қоспа ретінде қолданылған. Содан кейін “
шектің микробтық балансына үлес қосатын организм және заттар
субстанциялар ” деп қарастырған1981 жылы Torben Riise
пробиотиктерді “... ішектегі қалыпты жағдайды ұстап тұру үшін
қажетті бактерияларды көп мөлшерде енгізу арқылы жануарлардың
асқорту трактісінің пайдалы микрорганизмдерін көбейту “ деп түсінуді
ұсынды. Ал 1989 жылы Fuller пробиотиктерге “ ішектің микробтық
балансын жақсарту жолымен жануарға пайдалы әсер ететін азыққа тірі
микробтық қоспа “ деген анықтама берді. Пробиотиктердің бұл соңғы
анықтамасы ғылыми әдебиеттерде қазіргі уақытқа дейін қолданылуда.
Соңғы он жыл ішінде Bac.subtalis штамдарының бірқатарын
негізге алып, өндірілген, сыналған және ветфармкеңесте бекітілген
бірнеше пробиотикалық препараттар бар.Оларға : Ветом 1.1., Ветом 3,
Ветацил , Биосептин, және тағы басқа жатады. Бұл препараттарды
зерттеу нәтижесінде, олардың шартты патогенді микрофлораға
антимикробтық әсер ететіні анықталды.
Симбионт бактериялар мүшелердің бетінде қабықша түзеді, сол
арқылы “иесі” мен сыртқы орта арасындағы қарым- қатынасқа белсенді
қатысады.
Симбионт микроорганизмдердің қызметтері әртүрлі:
▪ азықты қорыту, сіңіру қызметін атқаратын мүшелердің қызметін
күшейту ;
▪ зат алмасу процесін жылдамдату;
▪ биологиялық активті заттарды витамин, ферменттер, гормон
тәрізді заттар түзу;
▪ уларды бейтараптау;
Сонымен қатар, қалыпты микрофлора өзінің белсендік тіршілік ету
барысында көптеген ауру қоздырғыштарына, олардың дамуына қарсы әсер
етеді, организмді инфекциядан қорғайды.
Көмекші бактериялардың тіршілігінің өнімі зиянды
микроорганизмдермен бәсекелкстікте болумен қатар, “иесінің”
қорғаныштық жауабын күшейтеді. Аз дозасының өзінен жалпы оң нәтиже
болады, симбионт бактериялар “иесінің” организмінде белсенді
көбейеді, қауіптілік тудырмайды , бөтен микробтарға күшті әсер етіп
дамиды. Өз жұмысын аяқтағаннан кейін симьионт бактериялар
организмнен шығып кетеді немесе саны азаяды.
Патогенді микрофлора пробиотикалық препараттардың құрамындағы
бактерияға үйрене алмайды. Себебі олардың өмір бойлық түраралық
күресу әдісі бірдей дәрежеде немесе одан да жоғары дәрежеде
дамыған. Сонымен қатар патологиялық және пайдалы микроорганизмдердің
организмге түсу жолдары бірдей болып келеді. Жүргізген зерттеулер
нәтижесінде пробиотиктерді қолдану кезінде жануарлардың салмағы және
өнімділігі артып, антибиотиктерді пайдаланып алдын алу шараларын
жүргізген өнімдермен салыстырғанда жақсырақ сақталынады.

Ветом- пробиотиктерінің ветеринария саласында қолданылуы .

Ветом 1.1

Бұл препараттар келесі ауруларды емдеу және алдын алу үшін
қолданылады:
▪ диарея синдромды ішек- асқазан аурулары;
▪ бактериялық инфекциялар сальмонеллез, кокцидоз,
колибактериоз, дизентерия және тағы басқа ;
▪ вирустық инфекциялар грипп, парагрипп, рота- және паровирусты
энтерит, ринотрахеит, гепатит, етқоректілердің обасы;
▪ дисбактериоз;
▪ сонымен қатар иммунды жетіспеушілік жағдайдың коррекциясы
үшін, өсіду стимулде үшін және ауыл шаруашылық жануарлардың
төлдерінің дамуын жақсарту үшін.

Әсер ету механизмі.
Ветом 1.1. препаратының негізгі әсер етуші компоненті альфа-2-
интерферонды синтездейтін рекомбинантты Bac.subtilis штаммының
бактериялары. Осыған байланысты бұл препарат патогенді және шартты
патогенді саңырауқұлақтардың, бактериялардың , вирустардың кең
спектріне қатысты активтігі жоғары. Препаратты қолданғанда
гуморальдық және клеткалық иммунитет, организмдегі регенерациялық
процесстер ынталандырылады, организмнің арнайы емес резистенттігі
жоғарлайды, зат алмасу қалпына келеді. Препарат қабылдағаннан кейін
15-20 минут өткенде әсер ете бастайды. Барлық егу жұмыстарымен
қатар қолдануға болады, препарат олардың тиімді

Қолдану әдісі және дозалары.

Препаратты әр жануарға жекелей немесе топтап азыққа қосып
беру әдісімен , сонымен қатар иттерге тазарту клизмасынан кейін тік
ішекке қолдану ұсынылады.

Алдын алу мақсатында жануарлардың алғашқы күндерінде :

▪ торайларға 5-7 тәулік күніне 1-2 стандартты дозадан немесе
75 мгкг 5 рет 48 сағаттық интервалмен;
▪ буаз мегежінге төлдеуге 20 күн қалғанда 300 мг –нан 24
сағат интервалмен;
▪ бұзауларға 10 күн 50-100мгкг 24 сағат интервалмен;
▪ балапандарға 5 тәулік күніне 1 рет 75мгкг;
▪ тауықтарға 5 тәулік күніне 1 рет 100 мгкг ;
Алдын алу курстарының арасы 2 айдан кем емес.
Емдік дозалары жануар түріне, ауру сипаты мен дәрежесіне байланысты:
▪ торайлар диспепсиясында - 50мгкг күніне 2-3 рет толық
емделгенше;
▪ бұзаулар диспепсиясында- 50 мгкг күніне 3 рет немесе
75мгкг күніне 2 рет;
▪ иттерге етқоректілер обасының ішекте формасында және
парвовирусты энтеритте – 50 мгкг күніне 2 рет немесе 75мгкг
күніне 1 рет.
Емдеу курсы 10 күннен аспау керек. Емдеу курстарының арасы 1 айдан
кем болмау керек.

Жалпы мәліметтер.

Ветом 1.1 препараты ақ, құрғақ, ұсақ кристалды ұнтақ, иісі жоқ,
дәмі тәтті, суда жақсы ериді. 5 және 50 грамдық орамада болады.
Жарамдық мерзімі 2 жыл.

Ветом 1.1 препараты:
▪ емдеу уақытын 1,5-2 есе қысқартады, ауру жеңіл формада, асқынусыз
өтеді;
▪ жағымсыз әсері жоқ;
▪ кез-келген дозада улылығы жоқ;
▪ канцерогенді, лизтагенді, аллергенді, эмбриотоксикалық,
тератогенді қасиеті жоқ;
▪ қолданылуы ыңғайлы: дәл дозалауды қажет етпейді;
▪ жағымды тәтті дәмі, жеңіл ыңғайлы орамада;
▪ ерекше сақтау жағдайын қажет етпейді;
▪ ораманы ашқаннан соң да ұзақ сақталады.

Ветом 1.1 асқазан- ішек ауруларын емдеу мен алдын алу,диаеряның
белгілері байқалғанда, бактериялогиялық (сальманеллез, кокцидиоз,
колибактериоз, дизентерия) және вирустық (рота-, паравируста, энтерит,
грипп, парагрипп, ринотрахеит, гепатит, етқоректілер обасы және тағы басқа)
қолданады,сонымен қатар иммунды жетіспеушілікті қадағалау және асқазан
–ішек қызметін жақсартады, мына жануарлардың: ауылшаруашылық малдары ( ірі
қара және ұсақ мал, шошқа, жылқы), үй жануарлары (ит, мысық және тағы
басқа), және жыртқыштардың, солармен қоса құс пен терісі бағалы аңдарды.
Төлдердің өсуі мен дамуын жақсарту, қосымша салмақты қосуда. Препарат ұнтақ
түрінде қолданады.

Ветом - Bacillus Subtillis

Биологиялық активті заттар түзуші мол спектрлі спора түзуші аэробты
бактерия. Қазіргі уақытта бактериальды антибиотиктердің 200-ге жуық түрі
сипатталған. Bacillis subtilis антибиотигінің жиырмаға тақауы зерттелген.
Сонымен қатар Bacillis subtilis бактериялары (сенная палочка)- сыртқы
ортада кең таралған және көптеген пайдалы әсері бар ( Смирнов В.В. және
тағы басқалар,1992ж):
өнім шығарушы антибиотиктар арқасында патогенді және шартты- патогенді
ортаның антогонисті болып табылады (стафилококктар, стрептококктар,
сальмонеллдер, ашытқы саңырауқұлақтар, протея) және тіршілік ету ортасын
ашыту қасиеті бар;
ұлпалардың шіріп бөлінген өнімдерін жоятын ферменттері бар;
бірқатар аминқышқылдар, витаминдер, биологиялық иммуннобелсенді факторларды
синтездейді .
Жоғарыда айтылған көптеген пайдалы қасиеттер Ресейдегі және
шетелдегі зерттеушілер назарын аударды:
бактериальды инфекция кезінде патогенді микрофлораға антибиотикалық әсер
етеді;
имммуннодефицит кезіңде және вирусты ауруларда иммунды жүйені реттеуші
қасиеті бар.
1.“Ветом” препаратының басқа ұқсас препараттардан айырмашылығы
бар, препараттың негізін құраушы бактериалық штамның күшейтілген әсері бар,
ол интерферонның түзілуіне жағдай жасайды, өйткені оның құрамында адамның
лейкоцетарлы гені бар. Цитокин- вирусты ауру кезіңде арнайы емес
резистенттілікті құруда басты рөлді атқарады. Сонымен қатар интерферон
иммунокомпонентті жасушалардың әсерлі қызметін белсендетеді, бұл иммунды
статусты қалпына келтіреді және көтереді
Ветом препаратына ұқсас дәрілік заттардың үш тобын жатқызуға
болады:
- bacillis subtilis негізінде жасалған бактериалық препараттар;
антибиотиктер;
қабынуға қарсы иммунды реттеуші заттар.
2. Малдардың асқазан- ішек ауруларын емдеу үшін дәстүрлі түрде
химиотерапиялық антимикробты заттар –антибиотиктер қолданады. Антибиотик
қолданғандағы кері әсерлер: дисбактериоздың пайда болуы, антибиотиктердің
иммунносупрессорлық әсерінен жалпы иммундық белсенділік төмендейді,
төзімділіктің пайда болуы және тағы басқа. Сонымен қатар бұл препараттар
қымбат және парэнтеральды енгізу себебінен прблема тудырады.
Антибиотиктерге қарағанда Ветом преапараты ағзаға жұмсақ әсер ете отырып,
иммуносупрессия, дисбактериоз және тағы басқа жағымсыз әсер етпейді. Бұл
препаратты антибиотиктен кейін де қолдануға болады. Сол арқылы пайда болған
жағымсыз әсерді жояды “антибиотикотерапия”. Ветомды ауыз қуысы беру арқылы
қиыншылық тудырмайды және бағасының төмен болуы емдеу процесін жеңілдетеді.
3.Қазіргі кезде ауылшаруашылық малдарының ауруларын алдын
алуында, диагностикасы мен иммунды жетіспеушіліктіжөндеуге өте аз көңіл
бөлінеді. Ветомды қолдану арқылы бұл проблемаларды шешудің басқа да
әдістері қолданылады. Бактериальды штамның еерекше қасиеті - ол ауру мал
ағзасында иммунды реттейді.
Ветоммен емдеу кезінде вирусты аурудың этиологиясын төмендетеді,
өткені препараттың антибактериалық белсенді қасиеті бар. Ветомның кері
әсері жоқ (дене қызуының көтерілуі, бас және бұлшық ет аурулары, құсу,
жүрек айну, аллергиялық реакция).
Ветомның негізгі қасиеттері .
1.Емдеу мен алдын алудағы өте жоғарғы әсері. Ветомды монотерапия
ретінде қолданып басқа да препараттармен қолданғанда алынатын әсері:
▪ емдеу әсері жоғарылайды;
▪ 1,5-2 есе емделу уақыты кемиді, ауру жеңіл және қауыпсыз
өтеді;
2. Ветомның қарсы көрсетілімдері жоқ, қолдану мен беру кезінде қауыпы
жоқ, сонымен қатар:
- жанама әсері жоқ;
- қай доза да болса да қауыпты емес, көп мөлшерде және жиі қолданған
кезде де;
- конценогенді, мутогенді, аллергенді, эмбриотоксинді, таратогенді
қасиеттері жоқ.
3. препаратың әмбебаптығы:
- препаратты емдеу және алдын алуда да қолданады;
- препаратты прафилактика ретінде қолдана отырып ағзадағы жетіспейтін
пайдалы бактерияларды қайта толтырады және ол басқа дәрілік
заттармен жойылмайды;
- көптеген ауруларға қарсы қолданылады, соның ішінде грипп, ОРВИ, ішек
инфециясы, дисбактериоз және тағы басқа;
- басқа дәрілік заттармен өзара әрекеттесуі өте жақсы (антибиотиктен
басқа);
- үй жануарларын емдеу кезінде де қолдануға болады;
- малдардың жасына шектелмейді.
4. қолдану мен сақтауының ыңғайлығы:
- дәрінің мөлшері нақты дәлдікті қажет етпейді;
- жағымды, тәтті ; ыңғайлы қапталған, сақтау мерзімі ұзақ дәріні ашқаннан
кейін де;
- сақтауында айрықша нұсқаулар жоқ.

Бауыр

Бауыр- печень- һерег- ас қорыту бездерінің ішіндегі ең үлкен,
құрылысы күрделі – түтікті болып келетін , паренхимадан тұратын ағза.
Бауырдың түсі оның қанға толуы байланысты кейде қара -қошқыл, кейде ақшыл-
қоңыр болып келеді. Әрбір малдарда оның құрылысының өз ерекшеліктері бар.
Бауырдың организмде атқаратын негізгі қызметтері:
- бауыр өзінен өт бөліп шығару арқылы ас қорыту процесіне тікелей
қатысады ;
- организмде улы ьзаттарды усыздандырады;
- бауыр капиллярларыныңэндотелий мен куфер торшаларының фагоциттік
қасиеті бар;
- қан элементтарының түзілуіне қатысады;
- организмдегі иммунитеттің қалыптасуына әсер етеді;
- бауырдың гормондық қасиеті де бар;
Сонымен, бауыр организмде ас қорыту, қан элементтерінің түзілу, зат
алмасу ( гормондардың алмасуын қоса ) процестеріне жан-жақты қатысы бар
күрделі ағза.
Бауыр аурулары көбінесе басқа негізгі аурулардың көлеңкесінде қала
береді де, нақтылы анықталмай қалады. Ас қорыту жүйесінің барлық аурулары,
зат алмасуының бұзылуы, тіпті өкпе-жүрек аурулары да бауырға әсерін
тигізбей қоймайды. Сондықтан да клиникалық тұрғыдан дені сау деген малды
соя келе оның бауырының зақымданғанын табу ғажап емес.
Малдардың бауыр аурулары көбінесе олардың паренхимасындағы зат
алмасуының бұзылуы салдарынан болатын өзгерістермен сипатталады. Ондай
өзгерістер сырттан азықпен келетін, организмнің өзінде іште түзілетін улы
заттардың әсерінен болады.әсіресе малдың физиологиялық төзімділігі шегіне
жеткен жағдайларда жиі кездеседі.
Бауырдың зат алмасу процесіндегі орталық рөлінің маңызы өте зор. Ло
организмде болатын барлық құбылыстарға қатынасады.
Бауыр ауруларының ішінде жиірек кездесетініоларда зат алмасу
процесінің бұзылуынан болатын – гепатоз ауруы.сонымен қатар көптеген
жағдайларда бауырдың қабынуынан да кездестіруге болады. Тіпті кейбір
авторлар екуін бір-біріненбөлмей, бірге санауерек деген пікір білдіреді.
Олар оны ауруды анықтаудың, әсіресе оларды бір-бірінен ажырата білудің
қиындығымен түсіндіреді.
Бауыр аурыларының шаруашылықтарға тигізетін шығындары да аз емес. Олар
:
- ауру малдың өнімінің күрт төмендеуі;
- малдан алынатын ең қымбат зат – бауырдың іске аспай қалуы ( тамақ
ретінде, дәрілер жасау үшін );
- ауру малды емдеуге, күтіп-бағуға кететін шығын.
Бауырды малдың тірі кезінде тексеру қанша қиын болғанымен, оны арнайы
әдістерді қолдана отырып жете зерттеуге мүмкіншілік бар. Мұндай жағдайда
сипалау, нұқу, қандағы пигменттердің, ферменттердің мөлшерін анықтау,
биопсия әдісімен зертеулер жақсы нәтиже береді.
Малдың бауыры оң жақ және сол жақ жартылардан тұрады. Оң жақ
бөлігінде өт қабы оргаласқан. Осы жерден бауырға бауырдың күре тамыры мен
артериясы кіреді. Міне, бауырдың бір ерекшелігі- ол осындай екі қан тамыры
арқылы қанмен қамтамасыз етіледі.
Гистологиялық құрылысында бауыр жеке-жеке бөліктерден тұрады. Ұсақ-
ұсақ өт капиллярлары осы бөліктердегі торшалардың арасынан басталады да,
жинақталып, үлкейіп бауыр өзегіне айналады. Ол барып өт өзегін түзеді.
Бауыр торшалары – гепатоциттер. Олардың екі полюсы, синусоидалық және
биллярлық, бар. Синусоидалық полюсы өт капиллярлары жағында орналасқан.
Өттің түзілу процесі. Өт бауыр торшаларың бөліп шығаратын секреті.
Оның негізгі бөлігі өт қышқылдарынан тұрады. Құрамында холестерин,
ферменттер, минералды заттар болады. өт бауыр торшаларында түзіліп, өт
қабына жиналады. Өт сұйығы оларда сақталады. Өт сұйығы өт өзегі арқылы 12-
тұтам ішекке бөлініп, сол жерден бастап ас қорыту процесіне қатынасады.
Өттің ас қорыту прцесінде маңызы өте зор:
- өт қышқылдары ішекте май қышқылдарымен қосылып, суда еритін қоспа
түзеді;
- майды эмульсияға айналдырып, май түйіршіктерін көбейтіп, оған липаза
ферменттерінің әсер етуіне жақсы жағдай жасалынады;
- өт сұйығы ішектердің жиырылуына оң әсер етеді;
- көкбауыр мен ішектерде бөлініп шығатын ферменттерді белсенді түрге
айналдырады;
- асқазандағы қышқылдықты қалыптастырады;
- организмге зиянды микробтарды жояды.
Бауырдың зат алмасу процесіндегі маңызы:
- белоктың алмасуында – жаңа амин қышқылдары, альбуминдер мен
глабулиндер, аммиктан мочевина түзіледі. Ерекше белоктар пайда болады.
- көміртегінің алмасуында – ұшатын май қышқылдарының, гликогеннің,
глюкозаның алмасуларын реттейді;
- майдың алмасуында – май қышқылдары мен кетон заттарының алмасуын
реттейді;
- су мен тұздардың алмасуында – организмде қышқылдық- сілтілік тепе-
теңдіктің ақталуын реттейді;
- витаминдердің алмасуын жақсартады.
Бауырдың әсіресе пигменттернің , оның ішінде билирубиннің түзілуіндегі
маңызы өте зор. Билирубин қалыпты және патологиялық жағдайларда
эритроциттерден босаған гемоглобиннен бауырда және тор – эндотелиалды
жүйеде түзіледі. Эритроциттер сау организмде 100-120 тәулік өмір сүреді.
Тәулігіне 0,8-1 %-ы талқандалады да , олардан босаған гемоглобиннің 65-80%-
ы жңа эритроциттер құрауға қатынасады. Ал 20-35% -ы глобин мен гематинге
ыдырайды.Міне осы босаған гематиннен билирубин түзіледі.
Осылай түзілген билирубин қандағы альбуминмен қосылып , бауырдағы
Купфер торшаларына түседі.оның синусоидалық полюсінда қайтадан билирубин
мен альбуминге ажырайды. Бұл билирубин ерімейтін, кері реакция беретін
билирубин.
Егер билирубин транаминаза ферментімен қосылыпбилирубин-глюкорон
қышқылы қоспасын түзсе, ондай билирубин еритін және тікелей реакция беретін
билирубин.
Тәжірибе жүзінде бос және байланыстағы билирубиндерді ажыратуға
болады. Ауру малдың қанында билирубиннің көбеюі бос билирубиннің
шоғырлануына байланысты. Ал бос билирубин организмде эритроциттер көп
талқандалғанда , әсіресе эритроциттер гемолизінде, көп шоғырланады.
Қанның сары суындағы байланыстағы билирубиннің көбеюі билирубиннің
гепатоциттерден бөлінуі бұзылғанда байқалады да, ол өт өзектері арқылы
бөлінеді.
Ішектерге түскен билирубин уробилногенге айналады да, оның 70 %-ы
қан арқылы қайтадан бауырға келіп түседі. Қалған аз бөлігі үлкен қан
шеңбері арқылы бүйректерге барып зәр арқылы уробилин ретінде; нәжіске
қосылып стеркобилин ретінде организмнен бөлініп шығады.

Бауыр ауруының жіктелуі. Бауыр ауруары:
▪ бауыр аурулары;
▪ өт жодарының аурулары болып бөлінеді.
Бұл аурулардың бір-бірінсіз жеке болуы сирек кездеседі. Сондықтан
да ауруларды бұлай бөлу ағзалардың басымырақ жарақаттануына
байланысты болады.
Бауыр ауруының бөлінуі:
▪ бауырдың қабынуы – гепатит:
▪ бауырда зат алмасуының бұзылуы- гепатоз.
Гепатоз майдың алмасуының бұзылуынан болатын және амилайдоз болып
екіге бөлінеді.

Бауырдың созылмалы ауруы цироз гипертрофиялық және атрофиялық болып
бөлінеді.
өт жолдарының ауруы:
▪ өт жолының қабынуы;
▪ өт қабының қабынуы;
▪ өт жолдарында, өт қабында тастардың түзілуінен болатын ауру.

Ауру малдарды жан- жақты тексерудің ;қанды, несепті, нәжісті
биохимиялық зеріттеудің нәтижесінде аурулардың негізгі клиникалық
белгілерін төмендегідей топтастыруға болады. Оны боуыр ауруларының
синдромдары деп атайды:
1. Сарғаю- сары ауру- желтуха- icterus;
2. Холемия- қанға өт қышылының түсуі;
3. Бауырдың қызыметінің нашарлауы;
4. Қан құрамындағы өзгерістер;
5. Бауыр- көкбауыр синдромы;
6. Бауыр күре тамырындағы қан қысымының жоғарылауы.

Сары ауру өз алдына жеке ауру емес. Аурулардың клиникалық
белгілерінің жиынтығы.
▪ Организімдегі өт пигменттерінің алмасуы бұзылып , олардың кейбір
тіндер мен ағзаларда шоғырлануы салдарынан кілегей қабықтардың ,
терінің, шелдің, дәнекер тіндердің сарғаюымен сипатталады.
Өт пигменттерінің организімде алмасуы өте күрделі түрде жүретін
процесс. Билирубин торэндотелиальді жүйеде түзіледі де, қан арқылы бауырға
барып, купфер торшаларында шоғырланады. Ары қарай бауырдағы эпители-
гепатоцид торшаларына өтеді. Ол торшаларда өзгерген билирубин өтпен бірге,
өт өзектері арқылы ішектерге келіп түседі. Осы жерде бактериялар мен
ферменттердің әсерінен уробилиногенге айналады. Аздаған бөлігі нәжісте
стеркобилинге айналып , организімнен сыртқа шығарылады. Негізгі бөлігі
ішектерден қанға өтіп , қақпа тамыр арқылы бауырға келіп, одан қайта
билирубин түзіледі. Қалған аз бөлігі бауырда ары қарай ыдырамай, қайта
қанға келіп , бүйректер арқылы несеппен бірге бөлінеді.
Сау малдың қанында әлі бауырға жетпеген , соған қарай бағытталып
бара жатқан ғана билирубин болады. Егер қанда бауырдан өткен билирубин
болсы, ол бауырдың қызыметінің бұзылғандығының бірден – бір белгісі (
тікелей реакция ) . Қанның сары суындағы билирубинді анықтағанда, оның
құрамында уробилиноген де, стеркобилиноген де болуы мүмкін.
Сары аурудың үш түрін ажыратуға болады:
▪ Механикалық;
▪ Паренхиматоздық;
▪ Гемолитикалық (қанның еруіне байланысты).
Сарғаюдың механикалық түрі малдарда сирек кездеседі, өттің ішекке
келуінің жартылай, не толық тоқталуымен сипатталады.
Негізгі себебі - өт жолының тастармен , тоғышарлармен , ісікпен
бітелуі.
Дамуы. Бітелген жердің жоғарғы жағындағы өт өзегіндегі қысым
жоғарылайды, ол кеңиді. Одан өт лимфаға өтіп, лимфаның кеуде өзегі арқылы
қанға қосылады. Өт капиллярлары мен лимфа саңылауларының арасында тікелей
қатынас пайда болады. Міне осылай қанда бауырдан өткен, тікелей реакция
беретін билирубин шоғырланады.
Клиникалық белгілері. Көздің склерасы, клегей қабықтар, тері және
басқа да ағзалар сарғаяды. Билирубин несеппен бөлініп , оны сары түске
бояйды. Оны бөлінген зәрдің көпіршігінен анық байқауға болады. Мұндай
құбылыстың организмге улылық әсері жоқ, бірақ ішекке өттің қажетті мөлшерде
бөлінбеуінің салдарынан ас қорыту, әсіресе майдың қорытылу процесі
бұзылады. Ішектерде шіру процесі үдей түседі де, улы заттар шоғырлана
бастайды. Қанда өт қышқылдары пайда болып, аурудың холемия синдромы дамиды.
▪ Сарғаюдың паренхиматоздық түрі бауыр торшаларының құрлысының
өзгеруіне байланысты тек пигменттердің ғана емес; белоктардың,
көміртектердің, майлардың, витаминдердің, судың алмасуларының
бұзылуларымен сиптталады.
Малдар жедел уланғанда, бауырдың паренхимасы қабынғанда, онда улану
салдарынан зат алмасуы бұзылғанда кездеседі. Ішектен келген уробилиноген
бауырда қабылданбай, зәрмен бөлінеді. Бауырдың усыздандыру қабілеті
бұзылады. Бауыр арқылы өткен билирубин өт жолдарына бөлінеді, аздаған
бөлігі қанға өтіп, несеп арқылы шығарылады. Негізгі клиникалық белгісі –
сарғаю. Қанда тікелей және кері реакция беретін билирубин анықталады. Зәрде
билирубиннің анықталуы – аурудың эте ауыр түрі.

▪ Гемолитикалық сарғаю торэндотелиальді жүйеде, әсіресе
көкбауырда эритроциттердің еруімен сипатталады.
Көкбауырдың көлемі ұлғаяды (гиперплазия ) . бастапқыда қанда
гемоглобин көбейеді, гиперхромды анемия байқалады. Артынан , қан түзетін
ағзалардың қызметтерінің компенсаторлы түрде жоғарылауына байланысты,
құрамында гемоглобині аз эритроциттер көбейеді де , анемия гипохромды түрде
болады. Кейде гемоглобин Көкбауырдың көлемі ұлғаяды (гиперплазия ) .
бастапқыда қанда гемоглобин көбейеді, гиперхромды анемия байқалады.
Артынан , қан түзетін ағзалардың қызметтерінің компенсаторлы түрде
жоғарылауына байланысты, құрамында гемоглобині аз эритроциттер көбейеді де
, анемия гипохромды түрде болады. Кейде гемоглобин зәрмен бөлінеді –
гемоглобинурия. Торэндотелиальді торшаларда билирубин көп түзіледіде, ол
қан плазмасында шғырланады. Қанда кері реакция беретін билирубин
анықталады. Бұл бауыр арқылы өтпеген билирубин , ол нашар ериді, сондықтан
тіндерге сіңбейді, зәрмен бөлінбейді. Сарғаю белгісі бәсең болады.
Организімнің қаға өт қышқылы түсуі арқылы улануы – холемия. Мұндай
улану жүйке, жүрек – қан тамырлары жүйелеріне әсер етеді. Қанда өзгерістер
болады. Бұл синдромға жалпы депрессия , қаңғыма нервтің қозуы, малдың көзі
аларып, дірілдеп – қалшылдап, қастанып, қанының азаюы жатады. Малдың тәбеті
жоқ, ас қорыту процесі бұзылады, арықтайды.

Бауырдың қызметінің жеткіліксіздігі бауырдың торшалары
зақымданғанда жиі кездееді. Егер білінетін белгілерінің бірі- уробилинурия.
Ол купфер торшаларының қызметінің бұзылғанының дәлелі. Организімде негізгі
зат алмасу роцестері бұзылады, бауырдың залалсыздандыру қабілеті
нашарлайды. Соның салдарынан қанда сүт қышқылы, кетондар, басқа да улы
заттар шоғырланады. Ауыр жағдайда орталық жүйке жүйесінің қызметі бұзылады.

Бауыр – көкбауыр синдромы. Бауырдың кейбір аурулары көкбауырдың
үлкеюін тудырады. Екі ағза да анатомиялық құрлысы жағынан да, физиологиялық
қызметтері жағынан да бір – біріне ұқсас . Екеуі де: қан қорының орны;
фагоцитті, иммунды қызметтері күшті; қанның еруіне, пигменттердің алмасуына
тікелей қатынаса алады; торэндотелиальді тіндер мен қан тамырларына бай.
Көкбауырдың ұлғаюы көбінесе торэндотелиальды жүйесінің гиперплазиясы мен
гипертрофиясына байланысты болады.

Бауыр күре тамырындағы қан қысымының жоғарлауы бауыр ауруларының өте
ауыр барысында, одан қанның қайта шығуы қыйындағанда байқалады. Ең негізгі
клиникалық белгісі- құрсақ қуысында сұйықтың жиналуы – асциттің дамуы.

Бауыр қызметінің жеткіліксіздігінің 3 сатысын анықтауға болады:
▪ Бірінші сатысында бауыр құрлысында айтарлықтай өзгеріс
байқалмайды, ол қанға толған . жүректің оң жақ жартысының
қызметінің нашарлауы байқалады;
▪ Екінші сатысында бауыр торшаларында өзгерістер пайда болады,
оның қызметі нашарлайды;
▪ Үшінші сатысында бауыр паренхимасы жарақаттанады, созылмалы
аурулар пайда болып, дами түседі.
Гепатит – бауырдың қызарып, ұлпалардың сұйықты сіңіріп, олардағы
зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан өлі еттенуімен, гепатоциттердің
еріп, басқа да құрылыс материалдарының бұзылуымен сипатталатын, біртұтас
қабыну процессі.
Ауру малдардың барлық түрлерінде де кездеседі.
Себептері мен дамуы. Аурудың негізгі себептерінің қатарына малардың
әртүрлі улармен улануы жатады. Улы заттар қан тамырлары, немесе өт
жолдары арқылы бауырға келіп, ондағы бауыр және торэндотериалды тіндерді
тітіркендіреді. Торшалардың қызметтері нашарлайды, олардағы зат алмасу
процесібұзылады, кейбірі өледі. Осының салдарынан жалпы ағзаның
қызметтері нашарлайды.
Ауыр жағдайда бауырдағы ферменттердің қызметтері бұзылады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары
Ірі қара малдың конъюнктивиальды қапшығының құрамын гельминтологиялық зерттеу
Қара малдың көз патологиясын П. П. Гатин-Б. К. Ильясов бойынша емдеудің тиімділігі
Қанның физикалық қасиеттері
Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының табиғаты және ауа-райының ерекшелігі
Қазақстанда бұзаулар арасында жиі кездесетін ішек инфекциялық ауруларына жалпы сипаттама
Жануарлардың абсолютті өсуі - дене салмағының соңғы және бастапқы арасындағы айырмашылық
Мал шаруашылығы халқымыздың ата кəсібі, республика экономикасының басты саласы
Ауру малдарды тіркеу журналы
Ветеринариялық істі ұйымдастыру
Пәндер