ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
1.1 Ұлттық банктің мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Ұлттық банктің атқаратын қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.3 Ұлттық банктің құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...16

2. Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
2.1 Ақша нарығын реттеудегі ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
2.2 Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .29
2.3 Ұлттық банк Қаржы департаметінің . қаржы агенті ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...40
Кіріспе
Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттейтін орган ретінде".
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б. нарықтармен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурсын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықшы нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әртүрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы
Пайдаланған әдебиеттер
Нормативтік-құқықтық актілер:
1. 1995 жылғы 30 наурыздағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң
2. 1996 жылғы 24 желтоқсандағы «Валюталық реттеу туралы» Заң
Ғылыми әдебиеттер:
3. Ғ.С.Сейітқасымов. Ақша, несие, банктер. Алматы, «Экономика» баспасы, 2002 ж.
4. Б.А.Көшенова. Ақша, несие, банктер. Алматы, «Экономика» баспасы,
2000 ж.
5. Құлпыбаев С Қаржы.. Алматы, «Экономика» баспасы, 2005 ж.
6. Мақыш Банк ісі. «Экономика» баспасы, 2002 ж.
Қосымша әдебиеттер:
7. Егемен Қазақстан – 2005 - 3 қыркүйек
8. Егемен Қазақстан – 2004 – 19 мамыр

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын реттеуші орган ретінде

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері, мақсаты және құрылымы
1.1 Ұлттық банктің
мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.5
1.2 Ұлттық банктің атқаратын
қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .10
1.3 Ұлттық банктің
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6

2. Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде
2.1 Ақша нарығын реттеудегі
ерекшеліктер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..20
2.2 Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етудегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.3 Ұлттық банк Қаржы департаметінің - қаржы агенті
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...33

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... 38

Пайдаланған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .40

Кіріспе
Менің курс жұмысымның тақырыбы - "ҚР Ұлттық банкі қаржы нарығын
реттейтін орган ретінде".
Бұл курс жұмысымда негізінен Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі
рөлі қарастырылады.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған жоспарлы
экономикадан қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық
экономикаға көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен
бірге қаржы нарығының құрылуын талап етті. Қазақстанда қаржы нарығы бұрын-
соңды болған емес.
Қаржы нарығы - бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорынның, фирманың, банктің, жинақтаушы зейнетақы қорларының,
сақтандыру институттарының, мемлекеттің және халықтың уақытшы бос ақшасын
жұмылдыруды, бөлуді және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық
қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі
болып табылады және тауар, ақша, кредит, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен (капитал, жұмыс күші, тұрғын үй, жер, алтын және т.б.
нарықтармен) етене байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы ресурсын
үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді пайдаланудың,
ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысын ұтымды ұйымдастырудың айрықшы нысаны
болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие нарығы түрінде
де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі шаруашылық жүргізуші
субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әртүрлі нысанда реттейтін
нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін неғұрлым жалпы ұғым
болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде және шаруашылық практикада қаржы нарығы ұғымы
ақша, валюта кредит, капитал нарығын қоса отырып, кеңінен түсіндіріледі.
Бұл қаржыны жалпы ақша мен құн категорияларына бара-бар категория ретінде
қарастыратын практикамен болады, өйткені экономикалық ресурстардың кез
келген түрі . Меншіктің титулдары болып табылатын ақшамен немесе тиісті
бағалы қағаздармен, басқа құжаттармен ортақтастырылуы мүмкін.
Қаржы нарығы мынададай нарықтардан құралады:
Айналыстағы қолма-қол ақша нарығы
Несие капиталының нарығы
Қор нарығы: бағалы қағаздар нарығы, туынды бағалы қағаздар нарығы
Ақша нарығы дегеніміз қолма қол ақша ғана емес, қолма-қол емес төлем
қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Несие нарығы несие бойынша банктердің несие операцияларымен болады.
Ақша мен несие нарықтары, әдеттегідей, айналым активтерінің қозғалысына
қызмет етеді.
Капитал нарығында қоғамдық өндіріс қатысушыларының орташа және ұзақ
мерзімді қорланымдарының қозғалысы жүзеге асырылады.
Қаржы нарығында бағалы қағаздардың қозғалысымен ортақтастырылатын
экономикалық қатынастар болып табылатын бағалы қағаздар нарығы маңызды
орын алады. Қор құндылықтарының – бағалы қағаздар мен туынды бағалы
қағаздардың айналысымен байланысты болғандықтан оны қор нарығы деп те
атайды.
Осы нарықтарды реттеуші орган Ұлттық банк болып табылады. Сондықтан
менің ойымша, Ұлттық банктің қаржы нарығын реттеудегі рөлі өте зор.

1.Ұлттық банктің мақсаты, атқаратын қызметтері, құрылымы.
1.1.Ұлттық банктің мақсаты.
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алғаннан соң
КСРО Мембанкінің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың
желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның Мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал
1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады. Ол
Республикадағы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейіндегі банкі, өз
қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы
бойынша жүргізеді және осы Жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен
қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын
және басқа заңдарды, халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Еліміздегі барлық несие жүйесін реттеуші ұйым рөлін атқара отырып,
орталық банк экономикамызда басты орын алады.
Орталық банк еліміздің эмиссиялық және резервтік орталығы ретінде ақша-
несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда
табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне
жетекшілік етуге бағытталады.
Орталық банктің тарапынан ақша-несиелік реттеудің негізгі объектісіне
экономикамыздағы жалпы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасы жатады.
Ұлттық банк – бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен
айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке
ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық банкте барлық
кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі
Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы
жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банк
мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық банктен несие
ала алады.
Ұлттық банк – заңды тұлға, дербес балансы бар, өзіне тікелей бағынатын
төменгі бөлімшелерімен бірге тікелей байланыстағы біртұтас
орталықтандырылған құрылым, іс-әрекетін толық шаруашылық есеп негізінде
жүргізеді. Әр түрлі салық жинаудан, баж салығын және кеден салығын төлеуден
босатылады. Ол республиканың кез келген жерінде және одан тыс жерлерде
өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын
үкіметпен келісіп, үнемі кеңісіп жүргізеді. Үкімет Ұлттық банктің
міндеттемелері бойынша жауапты емес, дәл сол сияқты, Ұлттық банк үкіметтің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Үкіметтің өкілдік және атқарушы
органдарының Ұлттық банк пен оның құрылымдық бөлімшелерінің заңды
қызметтерін атқаруға араласуға құқығы жоқ.
Ұлттық банк – бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті
алтын валюта резервтерден, басқа да материалдық бағалықтардан тұратын
мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.
Қазақстан Ұлттық банкі Қазақстан Республикасы заңдарының негізінде
өзінің қызметіне қарай Ұлттық банк берген лицензия негізінде кейбір банктік
операция түрлерін жүргізетін барлық банктердің, банктік емес қаржы
мекемелерінің міндетті түрде орындауы үшін нормативтік актілер шығарады. Ол
нормативтік актілер Қазақстан Ұлттық банкінің хабаршысы, Вестник
Национального Банка Казахстана атты қазақ және орыс тілдерінде шығатын
ресми басылымдарда жарияланады. [2;56]
Ұлттық банктің негізгі міндеті – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы
тұрлаулығын қамтамасыз ету. Сондықтан ол:
1. ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысу мен валюталық қатынастарды
ұйымдастырады;
1. ақша, несие және банк жүйелерінің тұрақты қызметін қамтамасыз етеді;
1. несие берушілер мен салымшылардың, сондай-ақ шетел валютасының сатып
алу-сату және айырбастау операцияларын жүргізетін банктік және басқа
ұйымдардың мүддесін қорғау және олардың жұмысын бақылау сияқты
мемлекеттің экономикалық саясатын жүргізеді.
Ұлттық банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып
табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Мүліктің құралу
көздеріне – банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен қарыздар
және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады. Негізгі қорлары
ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік құралдар мен
басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиесілі болып табылатын
меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банктің жарғылық капиталы 20 млрд.
теңгеден қалыптасады және оның міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Жарғылық
капитал мемлекеттік бюджеттен бөлінген қаржыдан, мемлекет берген негізгі
қордың құнынан және Ұлттық банктің алған пайдасынан құрылады.
Резерв капиталы жарғылық капиталы мөлшерінен тұрады. Таза табысы есебінен
толтырылып, жүргізілген операциялар бойынша шығындарды өтеуге жұмсалады.
Ұлттық банкінің қаржылық жылдағы пайдасы сол жылға жатқызылатын табыстар
мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Ондай шығындарға: активтер
амортизациясы, оның ішіндегі банкноттар мен монеталардың құндарының бір
бөлігі жатады. Пайданың жарғылық, резервтік және басқа қорларды құрғаннан
қалған бөлігі республикалық бюджетке аударылады.
Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі
келесідей құқылық формалары кездеседі:
мемлекеттің 100% қатысуымен капиталын құрайтын біртұтас банк формасында
(мысалыға: Ұлыбритания, ГФР, Франция, Канада, Ресей, Қазақстан);
акцияның бір бөлігі мемлекетке тиеселі немесе мемлекеттің қатысынсыз
акционерлік қоғам формасында (Жапония, Бельгияда);
орталық банктің функцияларын біртұтас атқаратын тәуелсіз банктер жүйесі
(АҚШ-та).
2004 жылдан бастап, Ұлттық банкі туралы ҚР заңына жасалған соңғы
толықтырулар мен өзгерістерден кейінгі Ұлттық банкінің басты міндеті –
еліміздегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сол сияқты, Ұлттық банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі;
мемлекеттің ақша-несие саясатын жасау;
төлем жүйесінің қызмет етуін қамтамасыз ету;
қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы
қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына
бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құралады:
меншікті қаражат есебінен:
2. басқа банктерден тартылған және Ұлттық банкте шартты негізде
орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
3. ҚР төңірегіндегі тартылған қаражаттардан;
арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар
есебінен.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем
құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие
жүйесінің қызмет ету жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу
жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа
қаржы-несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу
мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз
клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа жасаса, Ұлттық банкі де
соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік
мекемелер болды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан
салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде
банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар
береді.[1;32]

1.2. Ұлттық банктің атқаратын қызметтері
Ұлттық банктің міндеті оның атқаратын қызметтері арқылы орындалады:
Біріншіден, Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын
жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен
және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша-
несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған
жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары
бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға
дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы
вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады.
Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, сонымен қатар мемлекеттік
қағаздарды, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және
өтеу мерзімі бір жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және
сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің
нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін
анықтайды.
Екіншіден, Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны
(теңге мен тиынды) эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын,
теңге мен тиындардың пішінін (дизайн), олардың қажет мөлшерін анықтап,
дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражаттарын шығаратын, теңге мен тиынның
қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді
ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ қолданылған ақша белгілерін
айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен
шұғылданады.
Үшіншіден, банктердің банкісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк
республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты
(жоғары өтімді, қауіпсіз) бағалы қағаздармен және басқа активтермен
қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк – екінші
деңгейдегі банктер үшін соңғы сатыдағы несие беруші. Несиені ұлттық
валютамен де, шетел валютасымен де, сондай-ақ қамтамасыз етілген, ия
болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгіленген
тәртіппен және мерзімге береді. Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу
формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін
банкаралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін
төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Төртіншіден, үкіметтің және мемлекеттік органдардың банкі және агенті
қызметін атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы
қарызын өтеуге қатысады, Қаржы министірлігінің шоттары бойынша дебеттік
қалдықты (сальдо) болдырмау үшін қажетті іс-шараларды қабылдайды. Қаржы
министірлігімен келісілген шарт негізінде мемлекеттік бағалы қағаздарды
орналастырып, олардың депозиторлық ісін жүзеге асырады.
Бесіншіден, банктердің ісін бақылау және қадағалау қызметі. Ол үшін
Қазақстан территориясында, сондай-ақ одан шет жерлерде банктермен олардың
филиалдарын ашуға рұқсат және банктік операциялар жүргізуге лицензия
береді. Барлық банктер, банк емес қаржы мекемелері және олардың клиенттері
міндетті түрде орындауы үшін банк ісі, есептеу, есептесу, валюта
операцияларын жүргізу мәселелері бойынша нормативтік актілер шығарып,
олардың орындалуын қадағалайды.
Банктердегі бухгалтерлік есеп айырысудың, бухгалтерлік, банктік және
басқа есептің мерзімін, формасын, тізімін, тәртібін және әдісін бекітіп,
сондай-ақ олардың орындалуын бақылайды. Банктер мен олардың филиалдарының
қызметін жергілікті жерде немесе аудиторлық ұйымдарды шақырып бақылайды.
Ұлттық банк өзінің бақылау қызметін атқару үшін банктердің балансын,
есебін және басқа құжаттарын тексереді.
Алтыншыдан, валюталық реттеу және валюталық бақылау қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк шетел валютасындағы бағалы қағаздардың айналым аясын
және тәртібін белгілеп, шетел валютасымен жүргізілетін операцияларға
қажетті кезде, оның ішінде проценттік мөлшер деңгейіне шектеу қояды.
Резиденттер үшін шетел валютасын және валютасындағы бағалы қағаздарды
Қазақстанға аудару, әкелу, әкету және салып жіберу тәртібін белгілеп,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының резиденттерінің республикадан тыс шетел
валютасында шот ашуының мақсатын, тәртібін және жағдайын анықтап, шот ашуға
рұқсат береді.
Ұлттық валютаның шетел валютасымен салыстырып, курсын реттейді.
Халықаралық есеп айырысуды ұйымдастырып, шетелдермен валюта-қаржылық және
несие-есеп қатынастарын жетілдіреді. Шетелден алынған банктік несиенің
есебін жүргізеді.
Жетіншіден, елдің алтын валюта қорларын басқару қызметі. Оны атқару
үшін Ұлттық банк мемлекеттің алтын валюта қорларын қалыптастырып, олармен
операция жүргізеді. Қазақстан Республикасы Президентінің Бағалы металдарға
және асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы Заң
күші бар Жарлығына сай бағалы металдардың алғашқы саудасына бірінші сатып
алушы құқығымен қатынасып, қазақстандық және басқа өндірушілерден (сатып
алушылардан) Ұлттық банктің алтын валюта қорын толтыру үшін бағалы
металдарды сатып алады. Оларды сақтауға қабылдап, одан әрі сақталуын
қамтамасыз етіп, қажет жағдайда заңға сәйкес сатады.
Президенттің немесе үкіметтің тапсырмасы бойынша Ұлттық банктің
қоймасында сақтау үшін үкіметтік (бюджеттік) резервке алынған құндылықтарды
қабылдайды. Алтын және басқа да бағалы металл құймаларын, монеталарды,
өңдеген және өңделмеген табиғи асыл тастарды ішкі және сыртқы нарықта сатып
алу және сату операцияларын жүргізеді
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңға сәйкес мынандай
қызметтер мен операцияларды орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан
Републикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан
Републикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы
жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі
және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Републикасы аумағында еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Републикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын,
өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге
лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін
өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық
позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие
беруші болады, қайта қаржыландару саясатын жүргізеді;
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және
айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі
пруденциалдық нормативтер белгілейді;
- Қазақстан Републикасында ресми мөлшерлемелерді өзгерту арқылы банктік
пайыз мөлшерлемелерінің деңгейін реттеуді жүргізеді;
- Қазақстан Републикасында информациялық процестерді ақша-несие реттеуі
әдістерімен бәсеңдете алмаған жағдайда Ұлттық банк банктердің
операциялары бойынша несиелік салымдарды шектеу және пайыз
мөлшерлемелерін өзгертуге құқықтар береді.;
- Қазақстан Републикасында есеп айырысу тәртібін, жүйесін және
нысандарын анықтайды, қазақстандық теңге мен банкаралық есеп
айырысулардың мезгілінде және үзіліссіз жүргізілуін қамтамасыз ететін
жүйенің жұмыс істеуін ұйымдастыруы тиіс; Қазақстан Республикасында
валюталық реттеу мен валюталық бақылауды жүзеге асырады және валюталық
операциялардың барлық түрін жүргізуге құқылы;
- Банк ісі, есеп, есеп айырысу, валюталық операциялар жүргізу бойынша
банктерге, валютаны сатып алу, сату және айырбастау операцияларын
жүзеге асыратын мекемелерге және олардың клиенттеріне орындауға
міндетті нормативтік актілер шығарады, сонымен қатар, олардың
орындалуын бақылайды;
- Бақылау және қадағалау функцияларын қамтамасыз ету үшін банктерге,
шетелдік валютаны сатып алу, сату, айырбастаумен айналысатын ұйымдарға
бухгалтерлік, статистикалық, тағы басқа есеп берудің тізімін, формасын
және мерзімін бекітеді;
- Егер заңды актілермен басқалары қарастырылмаса, Қазақстан
Републикасының Үкіметімен келісіп, банктердің және басқа шаруашылық
субъектілерімен жүзеге асырылатын есеп айырысу, ағымдағы бюджеттік
және басқа да шоттардан төлем жүргізу кезегін, есеп айырысуларды
реттеу мақсатында бекіте алады;
- Ұлттық банкіге жүктелген функцияларды жүзеге асыруға көмектесетін
ұйымдарды құруға және оларды басқаруға қатысуға құқылы;
- Қолма-қол банкноттар мен монеталарды есепке алу, сақтандыру, тасу және
инкассациялау ережелерін бекітеді, банкноттар мен монеталарды тасуды,
сақтандыруды және инкассациялауды қамтамасыз етуге қатысады,
банкноттар мен монеталардың мемлекеттік резервтік қорларын құрады;
- Қазақстан Републикасы банктерінің жиынтық балансын құрады және тұрақты
түрде жариялайды;
- Ішкі және сыртқы активтер бойынша болжамды есептер шығарады;
- Ақшалай қаражаттарды есепке алуда қате кеткенде немесе қолдан жасалған
құжаттар бойынша есепке алынған қаражаттар анықталған жағдайда
клиенттердің және банктердің шоттарынан ақша қаражаттарын сөзсіз
шегеру құқына ие;
- Қазақстан Републикасындағы банктер жүйесіне кадрларды дайындауға
қатысады;
Сирек жағдайларда мемлекеттік бюджеттің қаражаттары арқылы
қаржыландаратын несиелік-есеп айырысу және ұйымдардың кассалық қызмет
көрсетуімен байланысты операциялар жүргізеді.
Қазақстан Републикасының заңдарына сәйкес болатын басқа да қызметтер
атқарады. [4; 41]

І.3. Ұлттық банктің басқару құрылымы.
Қазақстанның Ұлттық банкі – тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас
орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық банктің басқару органына:
Басқарма және директорлар кеңесі (Директорат) жатады.
Оның жоғары органы – Басқарма, ол 9 адамнан тұрады. Оған Ұлттық банктің
төрағасы, бес лауазымды адамы және Президенттен бір, Республика Үкіметінен
екі өкіл кіреді. Президенттен, Республика Үкіметінен және Ұлттық банктен
кірген басқарма мүшелерін тиісінше Президент, Үкімет және Ұлттық банктің
төрағасы бекітеді және қызметтен босатады.
Ұлттық банктің төрағасын республика Президенті Парламентпен келісе отырып
6 жыл мерзімге тағайындайды. Егер төраға қызметтен кеткісі келсе 2 ай бұрын
алдын ала Президентке арыз жазуға құқылы. Оны қызметтен Президент босатады.
Төраға Ұлттық банктің қызметіне жауапты. Ұлттық банк төрағасы Ұлттық банк
атынан және сенімхатсыз мемлекеттік органдармен, банктермен, несиелік,
халықаралық және басқа ұйымдармен қатынастарда жұмыс істейді. Ұлттық банк
төрағасы Ұлттық банк қызметі бойынша шұғыл және атқарушы-бұйырушы шешімдер
қабылдауға, Ұлттық банк атынан келісім-шарттар жасауға өкілетті. Бірақ,
бұған басқармаға берілген өкілеттіліктер кірмейді. Оның орынбасарларын
төрағаның ұсынысымен Республика Президенті төрағаның бекітілген мерзіміне
тәуелсіз 6 жыл мерзімге бекітеді. Төрағаның орынбасарларын қызметінен
төрағаның ұсынысымен республика Президенті босатады. Сондай-ақ төрағаның
орынбасарлары өз еркінше қызметінен кеткісі келсе, онда 2 ай бұрын төраға
арқылы Президентке арыз береді.
Ұлттық банктің Басқармасының мәжілістері қажетті кезде, бірақ айына
кемінде бір рет өткізіліп, онда Ұлттық банктің, жоғарыда айтылған
қызметтерін орындайды, ал Ұлттық банктің күнбе-күнгі қызметін басқаратын
орган – Директорлар Кеңесі. Кезектен тыс мәжілістер Ұлттық банк төрағасының
немесе басқарманың үш мүшесінің талабымен өткізіледі. Директорлар Кеңесі
Президенттің Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар
Жарлығына сай Ұлттық банктің қарауындағы барлық мәселелер бойынша шешім
қабылдайды.
Ұлттық банктің облыстық басқармалары өз қызметін Ұлттық банк белгілеген
уәкілдік шегінде атқарып, оған есеп беруге міндетті.
ҚР Ұлттық банкінің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және
басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
- банк қызметіне қатысы бар ҚР Ұлттық банкнің нормативтік құқықтық
актілерін бекіту;
- Ұлттық банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру
мөлшерлемесін белгілеу;
- жекелеген банктік операциялар түрлерін жүргізуге лицензиялар беру туралы
шешім қабылдау;
- банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
- алтын валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
- ҚР валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
- ҚР Ұлттық банкісінің жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және
Президеттің бекітуіне беру;
- ҚР Ұлттық банкінің жылдық балансын және табысы мен зияны туралы есебін
қарау және бекіту;
- ҚР Ұлттық банк туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік
қордың қалыптасу тәртәбі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді
пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент
директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін
тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
- банктер үшін пруденциальдық нормативтер мен басқа да міндетті нормаларды
және шектерді бекіту;
- еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықтау және бекіту;
- ҚР Ұлттық банкнің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы
шешім қабылдау;
- Директорлар Кеңесінің құрамын бекіту;
- бухгалтарлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не
арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;
Ұлттық банктің оперативтік басқару органы – директорлар кеңесі болып
табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық банк төрағасы, оның
орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.
Ұлттық банк тек қана ҚР Президентінің алдында есеп береді. Есеп беру
мыналарды білдіреді:
- Парламенттің келісімімен ҚР Президенті ҚР Ұлттық банкінің төрағасын
6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
- ҚҰБ төрағасының орынбасарларын да ҚР Ұлттық банк төрағасының
ұсынуымен ҚР Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
- ҚҰБ-нің жылдық есебін ҚР Президенті бекітеді;
- Ұлттық валютаның – теңгенің айшығының тұжырымын ҚР Президенті
бекітеді;
- ҚР Ұлттық банкінің ҚР Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне
байланысты ақпараттарды беріп отыруы.
Ұлттық банк өзінің негізгі қызметтерін жергілікті жерлердегі облыстық
басқармасы Алматы қалалық филиалы арқылы атқарады. Бұл филиал Ұлттық банк
атынан жұмыс істейді. ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚР
Ұлттық банк бекіткен өкілеттігі шегінде ғана жүзеге асырады.
Ұлттық банктің функциональдық құрылымына департаменттер мен дербес
басқармалары бар:
- зерттеу және статистика департаменті;
- шетел операциялары департаменті;
- ішкі операциялар басқармасы;
- монетарлық операциялар департаменті;
- сыртқы байланыстар бөлімі;
- заң қызметі департаменті;
- әкімшілік департаменті;
- қолма-қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
- инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
- бухгалтерлік есеп департаменті;
- есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
- операциондық басқарма;
- төлем жүйесі басқармасы;
- бақылау және аудит департаменті;
- персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
- халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
- мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі;
Сонымен қатар, ҚҰБ құрылымына мынадай дербес бөлімшелер де кіреді:
- Мемлекеттік сақтау қоймасы;
- Ресей Федерациясындағы ұлттық банк өкілеттілігі;
- Банкноттық фабрика;
- Монета сарайы;
- Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (ҚБЕО);
- Қазақстан ипотекалық компаниясы;
- Ипотекалық несиелерді кепілдендіру қоры;
- Процессингтік орталық;
- Актуарлық орталық;
- Банктік сервистік бюро;

2 Ұлттық банк қаржы нарығын реттеуші орган ретінде.
2.1. Ақша нарығын реттеудегі ерекшелігі.
Ақша базасы – бұл Ұлттық банк шығаратын ақшалары. Оған айналымдағы қолма-
қол ақшалар, міндетті және артық резервтер жатады. Міндетті резервтер –
бекітілген нормативтерге сәйкес Ұлттық банкідегі арнайы шотта несие
корреспонденттік шотында сақталуына міндетті банк депозиттерінің бөлігі
(бұл Ұлттық банкінің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктерімен
қолданылатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің
ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы, олардың банкінің кассасына үздіксіз оралып
отыру жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында ақша банкноталарын өндіру және коммерциялық
банктерге инкассациялауға лицензия беру бойынша өз күштерін енгізумен
байланысты, қолма-қол ақшаның жағдайы 1996 жылға дейінгі кезеңмен
салыстырғанда өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттағы
қаражаттарының қалдығы шегінде қолма-қол ақша түрінде қолдау алады, сонымен
қатар, операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығына шек қойылмайды.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы
қағаздардаң шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де болуы мүмкін.
Қолма-қол ақша түріндегі эмиссия – айналысқа банкноталар мен монеталардың
қосымша шығарылуын сипаттайды.
Қазақстандағы теңгенің көп мөлшерде эмиссиялануының негізгі себептерінің
бірі – кәсіпорындар арасындағы дәстүрлі қолма-қолсыз есеп айырысулардың
біртіндеп қолма-қол есеп айырысуларға ауысуы, бұны әрине, жағымсыз құбылыс
деп есептеуге болады.
Бірақ 1995 жылы жағдай жақсара бастады, бұл кассалық түсімдердің кассалық
шығындардан көбеюі нәтижесінде қолма-қол ақшаларды эмиссиялаудың үлес
салмағы банк кассасында берілуі қысқарды.
Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік қарыздық оперциялардың
процесінде іске асады. Банкідегі депозиттер сомасы несие ақшаны құру үшін
қажет потенциалын жасайды. Банк салымдарын чек эмиссиясы немесе қарыз беру
арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар құрылады. Бұл операциялардың сызбасы
келесідей: 100 ақша бірлігіндегі депозит үшін міндетті резерв 15 ақша
бірлігін құрайды, қалған 85 ақша бірлігі банк арқылы қарызға берілуі
мүмкін. Сонда айналымдағы ақша массасы: 100+85=185 ақша бірлігі болады. Бұл
- сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа ақшаның құрылуын білдіреді. Осы
жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде өздері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың ақшалай-несиелік тұрақтылығындағы орталық банктің атқарылатын рөлі
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы туралы мәлімет
Қаржылық нарықты мемлекеттік реттеудің тәсілдері
Банктік қызмет
Экономикалық ұғымдар
Екінші деңгейлі банктердің бағалы қағаздармен жасайтын операцияларын эмиссиялық операциялар
Қаржылық институттардың қызметін реттеу
Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін талдау
Қазақстан даму банкінің қызметі жəне инвестициялық жобаларды несиелеуі
БАНКТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАС НАҚТЫЛЫ БАНКТІК
Пәндер