Сызба геометрия



Жоспары:
I. Сызба геометрия пәні
II. Сызба геометрияның дамуының қысқаша тарихы

III.Сызба геометрияның қазіргі бағыттары.

Пән: Математика, Геометрия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

I. Сызба геометрия пәні

II. Сызба геометрияның дамуының қысқаша тарихы

III.Сызба геометрияның қазіргі бағыттары.

Сызба геометрия пәні

Техникада күрделі құрылыстарды, үйлерді немесе машиналарды, сол сияқты
олардың жеке бөліктерін (детальдарын) жобалау жұмыстары әдетте олардың
кескіндерін жазықтық бетіне түсіруден басталады. Мұндай кескіндерді чертёж
деп атайды. Чертёж ерекше ережелер бойынша арнаулы чертёж кұралдарының
көмегімен орындалған графиктік кескін болып табылады.
Чертёж: белгілі бір техникалық идеяны
жарыққа шығаруда ең негізгі документ болып есептелінеді. Чертёж көмегімен
кез келген заттың — жай қарапайым гайкадан ірі гидро-электростанцияға дейін
— формасы, өлшемдері жәнс басқа берілген элементтері туралы барлық керекті
мәліметтерді беруге болады. Осымен қатар, жазықтық екі өлшемді (ұзындығы
және ені бар) жазықтық бола тұра да, оның бетінде үш өлшемді (ұзындығы, ені
және биіктігі бар) кеңістіктегі заттар кескінделеді.
Біздің
заманымызда адам өмірінің чертёж қолданылмайтын саласын атау қиын.
Өндірістерде чертёж бойынша дербес детальдар жасалынып, олардаи
механизмдер, машиналар құрастырылады. Чертёж бойынша тұрғын, өндіріс үйлері
салынады, үй тұрмыс бұйымдары, мебель, киім т. с. с. заттар жасалынады.
Сондықтан чертёждерді салу және оларды оқи білудің қазіргі кезде манызы
зор.Чертёж тек құрылыстар мен машина жасау жұмыстарында ғана емес, сонымен
катар ауыл шаруашылығында, жерге орналастыру ісінде, көгалдандыру
жүмыстарында, геологиялық барлау жұмыстарында, кеме жүргізуде,
аэронавигация тағы басқаларда кенінен қолданылады.Чертёждердің түрліше салу
тәсілдері сызба геометрия пәнінде оқылады.Сызба геометрия геометрияның
баска тараулары сияқты математикалық ғылым болып табылады. Бұл пән барлык
техникалық жоғары оқу орындарында және педагогикалык институттар мен
университеттердің физика-математика факультеттерінде оқылады.
Сызба геометрия — заттардың формаларын, өз ара
байланысын және олардын геометриялық зандылығын графиктік жолмсн, яғни
чертёж арқылы, зерттейтін гсометрияның бір бөлімі. Геометрияның баска
бөлімдерінде чертёж тек көмекші қүрал ретінде қолданылады, өйткені, онда
чертёж геометриялық фигуралардың қасиеттерін сипаттау үшін ғана керек. Ал
сызба геометрияда чертёж геометриялық бейнелердің касиеттерін тікелей
тексеруде ең негізгі документ болып саналады.Жоғарыда айтылғандарға
байлапысты, сызба геометрия пәнінде негізінен мына төмендегі мәселелер
қарастырылады:Біріншіден, заттар кескіндерін жазықтық бетіне салу
тәсілдерін жетілдіру;
Екіншіден, геометриялық денелердің кеңістікте өз ара
орналасуы туралы есептерді графиктік жолмен шешу тәсілдерін зерттеу;

Үшіншіден, фигуралардың берілген кескіндері бойынша олардың геомет-риялық
қасиеттерін анықтау;
Төртіншіден, сызба геометрия тәсілдерін ғылым мен техниканың кейбір
теориялық және практикалык мәселелерін шешуде қолдану.Техника тілін, яғни
чертёж тілін жетік меңгеруде, чертёжді дұрыс салуда жэне оларды еркін оқи
білуде сызба геометрияның рөлі зор.Әсіресе, бұл пәннің инженерлік кадрлар
дайындаудағы маңызының зор екепдігін атап көрсетуге болады. Инженер, сызба
геометрияны білмейінше, өзінің күиделікті практикалык жұмысын дұрыс атқара
алмайды. Оларға бұл пән жаңа құылыстарды, машиналарды, т. б. жобалауда
және орындалған жобалары бойынша оларды жасауда өте қажет. Сонымеи катар,
сызба геометрия сызу курсына чертёждің дәлдігі мен айқындылығын қамтамасыз
ететін бірқатар қорытындылар шығарып береді.Әрбір оқушы сызба геометрпяны
оқи келе, өзінің кеңістік елесіп дамытып, логикалык дұрыс ойлауға
дағдыланады.Қазіргі заманның күрделі техникасын олардың чертёждеріне қарап
үйренуге болады. Чертёждер адам ойын білдіруде еш нәрсемен салыстыруға
болмайтын бірден-бір кұрал болып есептеіледі. Сондыктан да
чертёжді техниканың тілі дейді. Бұл туралы профессор Курдюмов (1853—1904)
өз тұсында былай деген. Егер чертёж техника мамандарының екінші тілі
болса, онда сызба геометрия — бұл тілдің грамматикасы, өйткені чертёж
сөздердің орнына сызыктар мен нүктелерді пайдалана отырып, баска
кісілердің ойларын дұрыс үғынуға және өз ойларымызды баска кісіге дүрыс
түсіндіруге көмектеседі. Әрине, сызба геометрияның казіргі даму дәрежесіне
және оның тәсілдерімен шешілетіп түрліше күрделі ғылми және техникалық
мәселелердің түрлеріне карай қазіргі сызба геометрияны тек техникалық
сызудың грамматикасы деу жеткіліксіз. Ол жаңа сызба геометрия, яғни түрліше
курделі теориялық және практикалык, есептерді едәуір оңай графиктік
жолмен шешетін дербес ғылым ретінде танылған, жоғары сызба геометрия
дәрежесіне жетіп отыр.

Сызба геометрияның дамуының қысқаша тарихы

Сызба геометрияның мазмұнын баяндайтын және негіздейтін кескіндер салу
тәсілдерінің дамып өнер мен техннканың практикалык талаптары тудырған.
Кескіндерді жасау кезені тіпті адам өмірінің біздің заманымызға дейінгі
кезеңімен сабақтас. Ерте заманның зәулім кұрылыстарынын біздің заманға
дейін сақталғандарыиан олардың күрылысыида жоспар және кескіндер
пайдаланғанын көреміз. Бізге жазба күйінде жеткен ерте кездегі тандаулы
еңбектердің бірі Рим архитекторы Марк Витрувндің (біздің заманымызға
дейінгі 1 гасыр) Архитектура туралы он кітап деген трактаты болып
табылады. Витрувидің ец-бектсрінде перспсктивалы кескіндерді салуға жататын
алғашқы шарттар мы-салы, басты пүктслер жэне көру нүктелері туралы
шарттар анғарылады.

Өте ерте заманда пайда болған кескіндер салудың әр алуан тәсілдері
қоғамның материалдык дамуына карай үлкен өзгерістерге ұшырап отырды.
Геометриялық бейнелердің жуық түр-дегі қарапайым кескіндерін жаеаудан
адамзат бірте-бірте осы обьектілердің геометриялық қасиеттер і н сип а тт а
йтын проекциялық чертёждерді жасауға көшті.
Қайта өркендеу
дәуірінен кейін мәдениеттің жаңа өрлеу кезеңі басталды. Құрылыс пен
ғылымның қайта дамуына байланысты перспективаның теориялық негіздсрі
жасалып, сызба геометрия тарихының жаңа даму кезеңіне жол ашылды. Шебер
кәсіпкерлердің тәжірибесін пайдалана отырып, итальян галымы Леоп
Баттиста Альберти (1404—1472) теориялық перспектива негіздерін салды.
Италияның кемеңгер сурстшісі, ғалымы әрі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Инженерлік сызбаны модульдік технология арқылы оқыту
Жазықтықтағы нүктенің координаталары
Негізгі мектепте геометрия курсын визуализация құралдары көмегімен оқытудың теориялық негіздері
Сызба геометрия, математика ғылымының жеке бір саласы
Центрлік және параллель проекциялар
Тіректік конспектіні геометрияны оқыту процесінде пайдалану
Сызу тарихы
Қазіргі сызуларға қойылатын талаптар
ҚАРАПАЙЫМ САЛУ ЕСЕПТЕРІ
Қолданбалы геометрия мен компьютерлік графика саласында ғылыми жұмыстармен айналысу үшін, сызба геометриясының теориялық негіздерін жеткілікті деңгейде игеру
Пәндер