Желтоқсан көтерілісі — 1986 жыл


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

КММ №82 жалпы білім беретін мектеп

16 желтоқсан - Қазақстан Тәуелсіздігін жариялаған күн

Конференция

Желтоқсан көтерілісі

Желтоқсан көтерілісі - 1986 жылы 17 - 19 желтоқсан аралығында Алматыда болған қазақ жастарының КСРО үкіметінің отаршылдық, әміршіл-әкімшіл жүйесіне қарсы наразылық қимылдары. Бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.

Себептері

Көтерілістің басталуына Мәскеудегі орталықтың республика халқының пікірімен санаспастан Ресейдің Ульянов облысы партия коммитетінің 1-хатшысы Г. В. Колбинді ҚКОК-нің 1-хатшысы етіп тағайындауы түрткі болды.

Қазақстан тәуелсіздігін алған соң Желтоқсан көтерілісі туралы шындық қалпына келтіріліп, бұл жөнінде “Желтоқсан. 1986. Алматы. ”, “Желтоқсан құрбандарын жоқтау”, “Ер намысы - ел намысы” жинақтары, К. Тәбейдің “Мұзда жанған алау”, Т. Бейісқұловтың “Желтоқсан ызғары” кітаптары мен “Желтоқсан” газеті жарық көрді, “Аллажар” (1991, реж. Т. Теменов), “Қызғыш құс” кинофильмдері түсірілді.

Оқиғаға қатысқандарды саяси тұрғыдан қуғындау басталды. 99 адам сотталды, 264 студент оқудан шығарылды. 1987 ж. жазда КОКП Ок қаулысы шығып, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтшылдығының көрінісі ретінде бағаланды. Желтоқсан оқиғасы қоғамның саяси өмірін демократияландыруға серпін берді.

Осы күнге дейін мемлекет желтоқсан көтерілісінің тарихи маңызын жоғарлатуға зор үлес қосып келеді. Көтерілісінің құпиялары толығымен ашылған жоқ.

17 желтоқсан күні таңертеңгі сағат 8-де қаладағы Л. И. Брежнев атындағы алаңға (қазіргі Республика алаңы) саяси тәуелсіздікті талап еткен ұрандармен алғашында 300-дей адам жиналып, кешкісін көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Бірақ көтерілісшілердің қойған талап-тілектері аяқ асты етіліп, “бұзақыларды” күшпен тарату мақсатында алаңға құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен арнайы әскери күштер тобы жеткізілді. КСРО ІІМ-нің бұйрығы негізінде дайындалған “Құйын - 86” операциясы бойынша көтеріліс қатыгездікпен басып жаншылды.

18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскер күші қолданылды. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, қала көшелеріне аттандырылды.

Осы әскери күштер 19 желтоқсан күні қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Алаңдағы көтерілісшілер таратылған соң ішкі істер бөлімдеріне 2401 адам жеткізілген (Алматы түрмесіне сыймағандықтан, қала сыртына апарып тасталғандарды қосып есептегенде барлығы 8, 5 мың адам ұсталған) . Желтоқсан көтерілісі құрбандарының қатарында Е. Сыпатаев, С. Мұхаметжанова, К. Молданазарова, Қ. Рысқұлбеков, М. Әбдіқұлов, Л. Асанова сынды ержүрек қазақ жастары бар.

Желтоқсанның 19 - 23 аралығында халықтың наразылық шерулері мен митингілер Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Арқалық, Павлодар, Жамбыл, Талғар, Сарқан, т. б. қалалары мен Сарыөзек, Шамалған, Шелек елді мекендерінде жалғасты.

Желтоқсан көтерілісіне КОКП ОК-нің қаулысымен “қазақ ұлтшылдығының көрінісі” деген баға беріліп, көтеріліске қатысқан азаматтар қуғын-сүргінге ұшырады. КСРО-ның тоталитарлық, отаршыл саясатына қарсы қазақ жастарының азаттық күресі тарихи маңызы бар үлкен оқиға болды.

Желтоқсан көтерілісі туралы

Кино:

"Аллажар", Желтоқсан көтерілісінің бар көрінісін Қаллдыбай Әбеновтың осы фильмінде керемет баяндалады.

Қаллдыбай Әбенов

1988-89 жылы фильмді бастағанда «маған ешкім кедергі жасамағанда, әлі де болса көптеген ақиқатты жарыққа шығарар ма едім?» деп ойлаймын кейде. Алаңда, алаңнан тыс жерлерде 2000-нан астам шейіт болған жастарымыздың денелерін толық еркіндігіміз болғанда, бәлкім, біз табар ма едік. Ақиқаттың көбі оқиғадан кейін-ақ жойылды. Мен фильмді Желтоқсан оқиғасына қатысқан, түрменің азабын шегіп келген уыздай жастарымыздың айтқан әңгімелері, бойынша түсірдім. Қазақтың ұл-қыз­дарын шырылдата сабап жатқан жерлерін өздерінің айтуларымен жасадым. Толқуды да оқиғаның бел ортасында болған балалардың әңгімесінен алдым

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні - тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні. Тәуелсіздік күні мерекесі әр жылдың 16-желтоқсанында аталып өтеді. Бұл күн ұлттық, мемлекеттік деңгейдегі елеулі мереке болғандықтан 16-17-желтоқсан күндері күнтізбеде демалыс болып табылады. Жыл сайын республика азаматтарының арасында мәдениет қайраткерлері, әлеуметтік саладағы ерекше қызметімен көзге түскен мамандар, әскери шенділер мен офицерлер, құқық қорғау саласының қызметкерлері және ел өміріндегі белсенді өзге де сала өкілдері елеулі еңбек еткендері үшін мемлекеттік марапаттармен (наградалар) марапатталады. Тәуелсіздік күнінің құрметіне абақтыдағыларға рақымшылық жасалады. 16-желтоқсан күні Қазақстанның барлық жерлерінде мерекелік мәдени ойын-сауық іс-шаралары ұйымдастырылады. Кешке қарай үлкен орталықтардың аспаны отшашумен көмкеріледі. Тәуелсіздік тек қазақстан тұрғындары үшін емес, сонымен бірге, шетелдердегі қазақ қандастарымыз үшін де маңызы зор мереке. Алыста, ата жұрттан жырақта жүрсе де Қазақстан үшін алаңдайтын, еліміздің болашағына біркісідей зор үмітпен қарайтын қандас бауырларымыз бұл күнді қалпақтарын аспанға лақтыра қуанып атап өтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Желтоқсан оқиғасының тарихтағы орны
Тәуелсіздік жолындағы күрес
Желтоқсан көтерілісінің құрбандары
Қазақстан Компартиясы ОК-нің V Пленумы өтуі
Дақпырт пен шындық
Алматыдағы 1986 ж. Желтоқсан көтерілісі: себебі, сипаты, салдары
Колбиннің құйтырқы саясаты
Желтоқсан көтерілісі жайлы
Қазақ әдебиетіндегі желтоқсан тақырыбы
60-80-ші жж. Қазақстан
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz