Ms access-деректер базасын басқару жүйесі


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 3
1-тарау. Деректер базасы-ақпараттық жүйенің негізі
- Ақпараттық жүйе және оның топтастыруы. _ _ _ _ _ _ 5
- Деректер базасы жайлы жалпы түсінік. _ _ _ _ _ _ _ _ _ 10
- Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) _ _ _ _ _ _ _ 13
- Деректер базасының құрылымы. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 26
- Деректер базасының негізгі типтері. _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
2-тарау. MS ACCESS-деректер базасын басқару жүйесі.
2. 1. MS ACCESS-тің негізгі ұғымдары _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 31
2. 2. Кесте үлгісінің құрылуы мен модификациясы. _ _ _ _ _ _ _ 36
2. 3. Формалармен жұмыс істеу_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 40
2. 4. MS ACCESS-тегі сұраным таңдау_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 42
2. 5. Есеп берулер мен макрос құрудағы ерекшеліктер. _ _ _ _ _ _ 47
2. 6 ACCESS BASIC тілінде программалау_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 53
Қорытынды_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 56
Әдебиеттер_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ 57
Қосымшалар_ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ __ _ _ _ _ _
Кіріспе.
Біз өмірде әр түрлі анықтамаларды (телефон желісі, теміржол, әуе жолы, т. б) каталогтарды (библиотекалық, өнеркәсіп өнімдері тізімін), тізімдерді (студенттердің, оқушылардың, жұмыскерлердің, т. б, жиі қолданамыз. Көрсетілген әрбір информация көзі объектілер жиынын анықтайды (абоненттелефоны, мектеп туралы ақпарат), сондықтан, жинақталған информацияның ішінен ең керегін таңдап алу көп уақытты талап етеді. Ал керекті информацияны құрастыру, жинақтау, жаңарту бұдан да қиын. Осындай көрсетілген жұмыстар қазіргі уақытта машина иығына артылып, өз шешімін тауып отыр.
Информацияны ЭЕМ көмегімен ұйымдастыру әдістерінің жан-жақты таралған түрінің бірі - Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ), яғни керекті информацияның өңделуі үшін ыңғайлы түрде сақталуы.
Деректер базасын ұйымдастыру және оның информациясын басқару үшін компьютерлік бағдарламалар бар, оларды деректер базасын басқару жүйесі деп атайды.
Бұл деректер базасын басқару жүйесінің білім біру саласында да тигізер пайдасы зор. Атап айтқанда математика сабағында деректер базасының мүмкіндіктерін мүғалімдер де, оқушылар да пайдалана алады.
Біздің өмірімізде орын алатын, қазіргі кезде өміріміздің көптеген салалаларында қолданылатын компьютерлердің мектептеріміз бен үйімізге де жылдам еніп бара жатқанын байқаймыз. Сондықтан біз осы машиналардың балаларды оқытуға қандай әсерін тигізетініні туралы қызу даудың куәгері болып табыламыз. Әрине, компьютерлердің білім беру саласында да тигізер пайдасы зор.
Деректердің педогогикалық банкісін сәтті қолдануды қамтамасыз ету үшін, бізге практикалық дағдымен білім алу керек.
Қазіргі заманғы құбылыстар мен объектілер массивтерінің негізгі принциптерінің құрылымдарымен танысу бітіру жұмысымның басты мақсаты. Осындай массивтер программалы аппаратты құралдармен бірге информациялық жүйе деп аталатын жүйені құрайды.
Жұмыстың мақсаты -фактографиялық информациялық жүйемен танысып, MS ACCESS жұмысының принциптерімен танысу, мәліметтер базасының информациялық жүйенің негізі болатынын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін жүргізілетін жұмыстар:
1 Информациялық жүйе түрлерімен танысу.
2. MS ACCESS-деректер базасының жұмыс режимін сипаттау.
3 . Қазіргі кездегі информациялық жүйе ерекшеліктерін сипаттау.
Ескерту
Бұл жұмыста бұдан былай Деректер базасын басқару жүйесі деген сөз орнына қысқартылып ДББЖ сөзі, ал Деректер базасы сөзі орнына қысқартылып ДБ сөзі жазылады.
1- тарау
Деректер базасы-информациялық жүйенің негізі.
1. 1 Информациялық жүйе жәнен оның классификациясы.
Қазіргі заманғы құбылыстар мен объектілер массивтерінің негізгі принциптері, құрылымдары программалы-аппаратты құралдар мен бірге информациялық жүйені құрайды.
Информациялық жүйелерді шартты түрде фактографиялық және документальды деп бөлуге болады.
Фактографиялық-информациялық жүйеде өмірдегі барлық объектілер туралы деректердің нақты мәндері тіркеледі. Бұл жүйеде объектілер туралы барлық деректер алдын-ала белгіленген форматта компьютерге хабарланады. Фактографиялық-информациялық жүйеде информациялардың белгілі бір структурасы болады. Солар бойынша машина деректердің бірінен-бірін ажырата алады. Сондықтан фактографиялық жүйе қойылған сауалға бірмәнді жауап бере алады.
Ал документальды-информациялық жүйелердің фактографиялық жүйелерден біршама өзгешеліктері бар. Бұндай жүйелердің деректер базасын белгілі бір структураға сәйкес документтер (статья, кітаптар, рефераттар, т. с. с) және графиктік объектілер құрайды. Жүйенің мақсаты қолданушының сұрауындағы шартты қанағаттандыратындай документтер тізімін беру.
1. 2 Деректер базасы жайлы жалпы түсінік.
Деректер деп, біз ЭЕМ-ның жадысында немесе ЭЕМ-ға енгізуге дайындалып қойылған информацияларды түсінеміз.
Информацияларды дайындау оны жалпылау, кодтау және машинаның тіліне көшіруден тұрады.
Деректерді өңдеу деп, деректер массивін түрлендіруді жүзеге асыратын есептердің мәндестілігін түсінеміз. Деректерді өңдеуге деректерді ЭЕМ-ға енгізу, қандай да бір параметр және сын бойынша деректерді таңдау, деректердің құрылымын түрлендіру, деректерді ЭЕМ-ның сыртқы жадысына орналастыру, есептің шешуінің нәтижесі болатын деректерді шығаруды өзіне енгізеді.
Деректер комплексін шешу үшін деректерді өңдеудің өзара байланысқан есептерінің жүйесі құрылады.
Деректерді басқару деп, деректерді өңдеу есебін жетілдіре қалыптастыру үшін қажетті деректердің барлық операцияларының шеңбері түсіндіріледі. Бұл операцияны қамтамасыз етушілерге бөлуге болады, мысалы көшіру және жұмысшылар, бұлар ДӨЕ-нің қолданбалы бағдарламаларымен орындалады.
ДӨЕ-нің (Деректерді өңдеу есептерінің) шешілуінің әдістерінің дамуы 60-шы жылдары деректер базасы ұғымының пайда болуына әкелді, бұл информатика саласының негізі болды. Осы жерде «Деректер базасы деп нені түсінеміз?» деген сұрақ туады.
Деректер базасы деп келесі шарттарды қанағаттандыратын деректер жиынын айтады:
1. Жалпы есепке байланысты қойылған мақсатқа бағытталғандылық.
2. Өмір шындығына қатысты әлдебір облысты бейнелейтін құрылымдылық
шарты немесе модульділік.
3. Өзара байланыстылық.
4. Жинақталған информацияның басқа қолданбалы программалардан тәуел-
сіздігі.
Деректер базасы негізінде кейбір пәндік облыстардың өзара байланысқан деректердің мәндестігі, бұл ЭЕМ-ның жадысында сақталады және бұл деректер есептерді шешуге қолдануды ұйымдастырылғаны айтылады.
Деректер базасының ұғымына байланысты кейбір нақты жағдайларды көрсетейік.
1. Деректер базасын сақтау үшін қандай жады жарамды?
Бұл жады келесі қасиеттерді меңгере алуы керек:
1. ДӨЕ-нің міндеттері көбінесе бірнеше қайталана шешіледі, мұнда бір есептің шешілу нәтижесі кейбір жағдайларда басқа есептерге берілген ізделінді бола алады.
Бұл жағдайларда деректер базасы «деректер банкі» ролін атқара алады, мұнда берілген облыстың есептерін шешу үшін пәндік информация жинақталады. Сондықтан, деректер базасының берілуі тұрақты сақталсын және олардың бар болуы және сақталуы ЭЕМ-нің күйіне тәуелді болмау керек. Бұдан басқа информацияның деректер базасында бағалы болғандықтан жадыға информацияны сақтаудың сенімділігінің жоғары болуы талап етіледі.
2. Деректер базасының (ДБ-ның жадысы ) өте кең көлемді болуы керек және деректер базасының өмір сүру процесінде кеңейтуге мүмкіндік болу керек.
3. ДБ-сында қолданылатын информацияларды іздеу методы деректерге тура қатынасты талап етеді. Қазіргі уақытта тізілген қажеттіліктерге көп мөлшерде магнит дискісіндегі сыртқы жады қанағаттандырады, қазіргі ДБ-ның көпшілігі дискіде сақталады.
Магнит ленталардағы сыртқы жады ДБ-ның көшірмесін түсіру үшін қолданылады.
ДБ-сы қолдану процесінде, деректер керекті мөлшерде ЭЕМ-ның оперативті жадысында есептеледі, мұнда олардың қажетті өңдеуі өтеді.
ЭЕМ-ның ақпаратты құралдарының дамуы негізінде ДБ-сын сақтауға жаңа мүмкіндіктер пайда болуда. ЭЕМ-ны оперативті жадысының тез арада көлемінің ұлғаюына байланысты оперативті жадыға барлық деректер базасын қосымша санауға жиі мүмкіндіктер туады, бұл деректерді өңдеудің жылдамдығын арттырады. Бұдан басқа соңғы уақытта «электронды дискіде»информацияны көп уақыт сақтауға мүмкіндік туады.
Мұндай құрылғылар жоғары жылдам қозғалыстарды меңгереді.
II. Базалардың біркелкі деректері көптеген қолданбалы есептерді шешуге қолданылады. Осымен ДБ-сын басқа кез келген ЭЕМ-ның сыртқы жадысының мәндестігінен айырмашылығы бар. Бұдан басқа, деректердің массиві әртүрлі тәсілдермен табылады немесе деректердің жекелеме көріністері көптеген әртүрлі пайдаланушылармен бірге қолданылады.
III. Деректер базасы сыртқы әлемінің кейбір пәндік облыстарымен информациялы моделі болады. Мұнда, объектінің қасиеттері және мінездемелері туралы деректер сақталады . Шынында сыртқы әлемде объектілер өзара байланысқан, ал ДБ-сында бұл байланыстар бейнеленеді.
Сонымен ДБ-сында барлық деректер байланысқан.
Деректерді ұйымдастырудағы қажеттіліктер.
ДБ-сын жақсы құрастыру тек қана оның ұйымдастырудағы кейбір қажеттіліктерді орындағанда жүзеге асады. Мұндай қажеттіліктерге мыналарды енгізуге болады:
1. Деректерді бірге қолдану.
2. Бірдей базаның деректері бірнеше пайдаланушылармен қолдана алады. Мұнда әрбір пайдаланушы бұл деректерді өзіне ыңғайлы түрде алуы қажет. Бірдей деректерді бір мезгілде әртүрлі пайдаланушы қолданған кезде деректер базасына аздаған ыңғайлылықтар туғызуы керек.
ДБ-сының кеңейтілуі.
ДБ кеңеюге қабілеті болуы керек, бұлар мыналар негізінде болады:
1 . Бір типті деректердің сандарын арттыру.
2. ДБ-сына жаңа типтес объектілерді немесе байланыстың жаңа типі енгізіледі, мысалы «сабақ пәні» және «студент» объектілерінің арасына «баға» байланысы енгізіледі.
ДБ-мен жұмыстың қарапайымдылығы.
Деректерді өңдеу күрделі жүйенің және шығарушының жағдайында, ДБ-сының деректерімен қарапайым жұмыс істеу маңызды орын алады.
1. Деректердің құрылысы логикалық және анық болуы керек.
2. Деректерге тиімді операция анық және жақсы сызылған функциялармен меңгерілілген.
3. Көп еңбекті қажет етпей, әртүрлі қамтамасыз ету операциялары орындайды (көшіру, базаны кеңейту және т. б)
Деректер базасымен жұмыс істеудің қарапайымдылығы программалауға кететін уақытты қысқартады, жүйелерді кейінге қалдыру және пайдалану, сол сияқты оларды құрастыру үшін аздаған мамандықты қажет етеді.
ДБ-сының ену үнемділігі.
Үнемділік деп, мұнда деректерге оперативті жадының алатын көлемінің шектеулілігі кезіндегі ену жылдамдығы түсініледі.
ДБ-сына ену үнемділілігі өте қажет. Қазіргі уақытта деректер базасына ең қажеттісі тұйықтық және тәуелсіздік қажеттіліктері болады.
ДБ-сының тұйықтығы.
ДБ-сының тұйықтығы деп, оның жұмысқа дайындығы түсініледі. ДБ-сының тұйықтығы қиын ұғым, көптеген аспектілерден тұрады.
Кейбіреуін көрсетейік:
1. Физикалық тйықтығы, деректер үлгісінің әдептілігі және магнитті тасушылардағы информациялардың сақталуы.
2. Логикалық тұйықтық, бұл базада деректердің сөзге қарсы келмеуі түсініледі.
3. Деректердің маңыздылығы немесе заттардың нақты жағдайына деректердің сәйкес келуі.
ДБ-сының тұйықтылығы жоғалту ЭЕМ-ның аппаратурасының жұмыстан шығуына прграммамен қамтамасыз еткендігі қателік, дұрыс емес енгізудің технологиясы және т. б. болады. Сондықтан базалардың тұйықтығын қамтамасыз етуде нақты көлемі өте қиын.
Деректердің бағдарламаға тәуелсіздігі.
Деректердің өңдеудің кез келген жүйесі үзіліссіз дамиды-жаңа міндеттер бар нәрселер жаңарады, жаңа есептегіш техника және операциялық жүйелер пайда болады. Мұндай жүйенің дамуы біріншіден, деректер базасын әртүрлі модификациялауда түсініледі. Бірақ-та жалпы жағдайда, деректер құрылысын модификациялау, осы деректерді өңдеудің қолданбалы бағдарламаларына әсерін тигізеді.
Деректердің тәуелсіздік принципі әртүрлі модификациялау кезінде деректер базасын кеңейту және қайта ұйымдастыруда бар қолданбалы бағдарламаларға өзгерту енгізуді қажет етпейді.
1. 3. Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ)
Біздің сөз етіп отырғанымыз деректердің компьютерлі базасы жайлы болғандықтан, бұдан деректермен жасалатын барлық жұмыс программа көмегімен болады. Әртүрлі программалар берілген деректерді әртүрлі көреді, әртүрлі жағдайда қолданады. Бірнеше қолданушы бір-біріне кедергі келтірмей, өздеріне қажетті информацияларды, деректерді алу үшін деректер базасын басқару жүйесін пайдаланады. Олар деректер базасымен жасалатын барлық жұмыстарды қамтамасыз ететін программалар: құру, деректер базасын көптеген қолданушылармен қолданудан құралады.
ДББЖ-нің шешетін міндеттеріне тоқтала кетейік.
ДБ-сын құру үшін, онда әрине қандай деректер сақталатынын және қандай типте болатынын анықтап алу қажет. Бұдан басқа қазіргі компьютерлердің информациялық сиымдылығы, мысалы кітапхана каталогтарына көптеген есе үлкен болғанымен де шексіз емес. Сондықтан міндетті түрде басынан бастап деректерді сақтау көлемін шектеу керек. Бұл үшін информацияның әрбір элементіне нақты ұзындық беру керек. Осындай қасиеттерді сипаттау үшін деректер базасының басқару жүйесінің өзіндік тілі қолданылады. Ол тілді деректерді сипаттау тілі деп атайды. Деректерді сипаттау тілінен басқа ДББЖ мен компьютерді қолданушының арасындағы қатысты сипаттайтын басқа да тәсіл бар, онда программа деректердің әрбір элементінің типі, өлшемі және атына байланысты сұрақтар қояды, ал қолданушы осы сұрақтарға ЭЕМ-мен диалог түрінде жауап қайтарады. Деректердің жалпы сипаттауын метадеректер деп те атайды.
ДББЖ-нің келесі міндеті компьютер жадысына деректерді енгізумен қамтамасыз ету немесе басқа деректер базасын жүктеу.
Бұл этапта ДББЖ-сі енгізілетін информацияның дұрыстығына бақылау жасауды жүзеге асырады. Мысалы, деректерді типі бойынша тексеруге болады. Егерде санның орнына әріп енгізетін болсақ, программа оны жадына жібермейді және дисплей экранына сәйкесінше хабарын шығарады. Кең көлемді деректер базасын жүктегенде, бұл іс өте қажет, себебі олар енгізуде кеткен қателіктерді ерте білуге көмектеседі. Енгізілген информацияны компьютер жадына орналастыруды, деректер базасының схемасы мен элемменттер бейнесінің көмегімен ДББЖ басқарады.
ДБ-сын пайдалануда қолданушының алдында қандай міндеттер пайда болады?
Ең басты міндет ДБ-сын жаңарту немесе ескірген деректерді жаңалармен алмастыру, жаңа информациялармен толықтыру. ДБ-ның бұл міндетін реттеу ісінде де ДББЖ шешуге көмектеседі. Содан кейін қолданушы деректердің барлық сақталып тұрғандарын, тек өзіне сол кезде қажеттілерін таңдап алуға ұмтылады.
Өз сұранысымен ол ДББЖ-сін ұсынады. Бұл үшін сұрақтардың арнаулы тілдерін қолдануға болады, олар өмірдегі тілге жақындау немесе басқа құралдар қолдануға болады, қайсысы керекті информацияны таңдау ісін кеңейте түседі.
Егер деректер базасын бір мезгілде бірнеше адам қолдана алса, онда ДББЖ-сі олар бір-біріне кедергі жасамау мәселесін реттеп отырады. Бұдан басқа, ДББЖ-сі машина істен шыққанда негізгі ақпаратты сақтай білу керек. Бұл есептер шеңбері деректер базасын толық қамтамасыз ету деп аталады. Сондықтан алынған деректер негізінен қандай да бір өңдеуге ұшырайды. Мұндай өңдеудің ең көп қолданылатын түрі сортқа бөлу. Мысалы, сандарды кемімелі немесе өспелі деп, ал символдардың жолын алфавиттік ретпен сорттауға болады. Кей кезде бүтіндей блоктарды немесе элементтердің бірігуін шығаруға тура келеді.
ДББЖ-сі мұндай өңдеуді қамтамасыз етуі керек. Соңында алынған информацияны ыңғайлы және көрнекті түрде ұсынуға болады. Бұл дегеніміз график, цифрлі деректері бар диаграмма немесе таблицалар болуы мүмкін. Кестелерді немесе графиктерді шығару дисплей экранында жүргізіледі. Осындай процедураларды ДББЖ-нің құрамына кіретін санақ генераторы орындайды.
Барлық осы айтылғандардан бізде екі жақты пікір қалыптасады . Бір жағынан қазіргі кездегі ДББЖ-сін қолдануөте жеңіл көрінеді, ал екінші жағынан деректер базасын қиын құрылымды етіп құра білу керек. Ол үшін бірнеше арнайы тілдер мен ДББЖ-нің ішкі жүйесін меңгеру қажет. Бірақ деректер базасын үлкен ЭЕМ үшін, коллективті адамдар үшін құрылғанын ажырата білу керек. Бірінші жағдайда ДБ-сын құру өте ауыр болады және оны программистер, өңдеушілер құрады . Ал екінші жағдайда, ДБ-сын өңдеуде әдетте едәуір қарапайым мақсаттар талап етіледі. Сондықтан мұнда қарапайым құралдарды қолдануға болады.
Олар программасыз қолданушының барлық қажеттілігін өтей алуы керек. Мұндай жүйелердің мүмкіншіліктері соншалықты аз емес. Осындай болса мынадай деректер базасын құруға болады, қандай да бір мектептің оқушылары туралы деректер базасын құруға болады. База құру кезінде уақыт қысқарады. Канцелярлық жұмыстың негізгі бөлігін ЭЕМ-дер көмегімен жүзеге асыруға болады. Онда әрине ДБ-сының тигізер пайдасы зор.
Деректер базасын басқару жүйесі (ДББЖ) келес әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін программалар пакеті:
1. Қолданушының тілдік құрылымдарымен қамтамасыз ету және деректерді басқаруға мүмкіндік беру.
2. Деректердің логикалық моделін құптау.
3. Деректердің толық сақталануы, деректерді қорғау және оларды өңдеуге мүмкіндік беру.
ДББЖ-нің қолдануы түрлері олардың моделімен тығыз байланысты. Практикада келесі модельдер анықталған: сеттік, иерархиялық және реляциялық. Практикада кең қолданылатын реляциялық деректер базасы. Реляция-қатынас сөзінен шыққан.
1. 4. ДБ-ның құрылымы.
Өзіндік деректер базаңды құру үшін, ең алдымен ол базаның қандай элементтерден құралатынын анықтап алуымыз қажет. Мысалы, егер біз математика немесе физика формулаларының анықтамалығының көшірмесін құрғымыз келсе, онда әрине оған:алгебра, геометрия, математикалық анализ, механика молекулалық физика және т. с. с. бөлімдерді енгіземіз. Бұларды белгілі бір жазбаға біріктіре отырып, олар арасында анықталған байланыс орнатамыз. Осындай байланыстардың болуы деректер базасының құрылымын анықтайды.
Қолданушының көп бөлігі компьютерде жұмыс істеуді бастағанда алдымен текстік файылдармен жұмыс істеуге машықтанады. Бірінші этапта компьютерді қолайлы интелектуалды жазу машинкасы ретінде қолданады. Бірақ дәл осы кезде төмендегідей элемменттерден тұратын примитивті информациялық жүйенің ойлай білмегені:
а ) текстік редакторды текстерді манипуляциялау инструмент ретінде
б ) текстік файылдар тобын өңдеу объектісі ретінде қолданған.
Келесі этапта адамдар текстік файылдарды амбарлы кітапша ретінде әртүрлі жазба деректерін сақтау үшін пайдаланды.
Мысалы, өзінің кітапханасының каталогы, адрестер, басқарма аттары, ауру тарихын, телефон номерлерін, т. с. с.
Осындай амбарлы кітапшаларды деректерді көрсету мен орналастыруды қолданушы өзі ойлап табады. Сонда біздің қарастырып отырған текстік файылдар құрылымданған информацияларға жатады. Осыларға қарап біз информациялық жүйенің анықтамасын толық та нақты түрде тұжырымдай аламыз.
Информациялық жүйе деп белгілі әдіспен струкураланған деректер мен деректер сақтау үшін құрылған ақпаратты-программалы құралдар жиынын айтамыз. Информациялық жүйелердің мақсаты деректерді объектілер арасында байланыс орната отырып өңдеу. ДБ-сы теориясында деректерді әдетте атрибут деп, ал объектілерді маңыз деп атайды. Объект, атрибут және байланыс информациялық жүйенің фундемантальды түсініктері.
Объект - аты болатын және объектілердің бір-бірінен айырмашылығы болатын зат. Мысалы, әрбір мектеп-объект, сол сияқты адам да объект бола алады. Объектілер тек материалды заттар ғана болмайды, абстракталы түсініктер:театрлы қойылымдар, өнер де объект бола алады.
Атрибут - әйтөуір бір объектіні сипаттайтын кейбір көрсеткіштер.
Информациялы жүйелерде «сапалы» деректер жиі қолданылады. Кейбір объектілер жиынының атрибуты, меншікті атрибуты бар объектілер бола алады. Мысалы, жеке адам үшін жоғарғы оқу орны атрибут болып табылады. Екінші жағынан белгілі бір оқу орны-«жоғары оқу орындары» объектілер жиынының үлгісі және деректер жиын: ректордың аты жөні, адресі, мамандықтар, студенттер саны, т. б арқылы сипатталады. Мұнда ректордың өзі өз кезегінде «жеке адам» объектілер жиынының үлгісі болып табылады. Осылайша, әр түрлі жиындардың объектілер үлгісі арасындағы байланыс орнатуға мүмкіндік туады.
Атрибуттардың мүмкін мәндерінің тізімі классификатор деп аталады. Мысалы, жеке адам азаматы болатын мемлекет «мемлекеттер жиынының объектісі» бола алады және өз кезегінде атрибуттар мәнінің тізіміне ие бола алады.
Кейде белгілі бір объекті үшін бір ғана дерек бірнеше мәнге ие болады. Мысалы бір ғана фирма әртүрлі тағамдар түрін өндіреді.
Бұндай деректер қайталанушы топ деп аталатын топ құрады. Нақты объектілердің кейбір деректерінің мәндері тұрақты, ал басқаларының мәндері уақыт ағынымен өзгеріп отырады. Ары қарай «атрибут» терминінің орнына «деректер»сөзін қолданамыз. Содан кейін деректер базасының термині- «өріс» сөзіне көшеміз. Қатынас кесте түрінде анықталғандықтан оның әрбір бағанасы деректер атрибуттарын анықтайды. Оларды өрістер деп атайды. Өрістер міндетті түрде латын әріптерінен басталып құрамына сан немесе символдық белгілер кіруі мүмкін, өрістер жазулармен анықталады. Жазулар дегеніміз деректер базасындағы информацияның негізгі бірлігі.
- Қарапайым екі өлшемді құрылым.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz