Радиохабар таратудың міндеттері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым министірлігі
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті
Қазақ филология кафедрасы
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Радио хабарлардың тілі мен стиль ерекшеліктері
Орындаған:
Тексерген:
Жоспар:
І. Кіріспе:
Радиохабар таратудың орны мен рөлі және қоғамдағы
алатын орны
ІІ. Негізгі бөлім
- Радио және тыңдарман
- Радиохабар тарату міндеттері
- Радиоаудиоторияны зерттеудің әдіс-тәсілдері мен пішіндері
- Радиохабардың пішіндік және стильдік бейнелеуші
құралдары
ІІІ. Қорытынды:
Радио - ғасырдың үлкен ақпарат құралы
І. КІРІСПЕ
Радио - халыққа жаңалық жеткізу, хабар-ақпарат беру жолындағы ең шапшаң, оперативті құрал. Радио хабары программаларында ақпарат негізгі орынға ие, зор міндет атқарады.
Радиоақпараттың бір ерекшелігі - оның документальдылығы. Бұған адамның дауысын, түрлі әндер мен дыбыстарды пайдалану арқылы қол жетеді.
Бүгінгі заман адамдары үшін ақпарат көздері көп-ақ. Олардың қай-қайсысы болса да, “уақыт-алтын” деген қағиданы берік ұстанып, хабарды қысқа да мазмұнды, тартымды да қызықты етіп беруге тырысады. Радио да осы мақсатты көздейді.
Радио өзінің ағартушылық, насихатшылық қызметін сонау ХХ ғасырдың басынан бастау алады. 1914-1917 жылдарда дүниеге даңқы тараған қысқы сарайдан саяси-тәрбиелік мәні бар ел зиялыларының сөздерін, патшаның нұсқауларын таратып, хабарлап халықты хабардар етіп тұрған болатын. Пайда болғаннан бастап ел арасында зор ықпалға ие болған және де “ұзын құлақ” деп аталған - радио осы күнге дейін өз деңгейінде жұмыс істеп келеді.
Радиохабар тарату арқылы радиожурналистер жылдам ақпарат таратып отырады, себебі бұқаралық ақпарат құралдарының ішіндегі ең жылдам хабар жеткізуші - радио болып табылады.
Басқа ақпарат құралдарынан радионың ерешелігі ол өзіне аса көп назар қажет етпейді, белгілі бір уақыт мезетін немесе қарап тұрып сен оны тыңдамайсын. Радионы күнделікті тірлікті істеп жүріп, өзіне ешқандай кедергі келтірмей-ақ естіп жүре бересін, сонымен қатар жай естіп жүрмей, белгілі бір ақпарат қорын жинайсыз, мейлі ол жануарлар, машина, ауа райы және т. б. туралы болсын. Яғни сен толыққанды, жан-жақты қазірше айтқанда комуникативті боласыз.
Радионың бірінші табиғи қасиеті - жеделдігі. Қалыптасқан БАҚ жүйесінде бірде-бір басқа құрал мұндай жеделділікті қамтамасыз ете алмайды. Газет ақпараты оқырманына жету жолында күрделі бірнеше процесті: деректі жинау, терім, беттеу, көбейту және тасымалдауды бастан өткеріп, бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейінгі уақытты қамтуы мүмкін. Телевизияда соңғы жылдары ғарыштық байланыс құралдары арқылы оқиға ортасынан тікелей хабар беру үрдісі жолға қойылды. Бірақ ол көп шығынды, қымбат техникалық құралдарды қажет ететіндіктен екі телеарнаның бірінің шамасы жетпейді, сондықтан сирек, үлкен компаниялардың ғана тәжірбесінен орын алған. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында соңғы уақытта радио тәсілін қолдану етек алып келеді, яғни тікелей эфирде телефон арқылы ақпарат беру жиі кездесіп жүр, БАҚ қатарына соңғы 10 жылда қосылған Интернеттің де өзіндік шектеулері бар. Дүниежүзілік компьютерлік желіде ақпарат сайтқа орналыстырылған сәттен бастап, оны кез келген шартараптан оқуға мүмкіндік туады. Ол үшін де тұтынушының ақпарат таратушы сайтын тауып, ондағы дерекке жол табуы үшін кәсіби машығы болуымен қатар іздеуге уақыт жұмсауына тура келеді. Радиожурналист болса оқиға ортасында жүріп, көрген-білгенін тікелей эфирге шығып баяндай алады. Соңғы жылдары қауырт дамып, кең қолданысқа ие болған ұялы телефондар бұл үрдіске жаңа тыныс әперді, радионың мүмкіндігн бұрынғыдан да арттырды. Радиотілші төтенше жағдайларда болсын, тез өзгермелі спорт жарыстары болсын, ақпаратын жеткізу мақсатында орталық студия арқылы байланысқа қосылып, тікелей эфирде жұмыс істей алады. Қазіргі заманғы байланыс технологиясы радио ақпарат таратуды аз шығынмен тікелей эфир жағдайында жүзеге асыруға мүмкіндік туғызды. Яғни, ақпаратты тұтынушысына жеткізу жеделдігі жағынан телевизия да, Интернет те радионың алдына шыға алмайды. Радио ең жедел, икемді, әрі аз шығынмен жұмыс істейтін құрал болып қала береді.
Радио тыңдарман үшін аса қолайлы болып табылады және бұл қасиетінің маңызы айрықша. Радионы тыңдау үшін арнайы уақыт бөлу, болмаса күш міндетті емес. Үй шаруашылығында тірлікпен айналысып жүріп те, жұмыс уақытында да, тамақтанып отырып та, автокөлікте келе жатып та, сейіл құрып жүріп те радионы еш кедергісіз тыңдай бересіз. Радио әмбабап ақпарат таратуымен де қолайлы. Ауа райынан бастап маңызды саяси оқиғалар, төтенше жағдайлардың барысы, экономикалық көрсеткіштер туралы, болмаса спорт әлеміндегі қызықты деректердің барлығы кезегімен әуе толқынында тарап жатады. Тыңдарман өзін қызықтырған хабарға зейінін күшейтеді, болмаса кейбір мағлұматтарға аса назар аудармайды. Сөйтіп, өзінің сол уақыттағы сұранысына орай қажетті ақпараттарды қолайлы жағдайларда екшеп отырады. Бәсекелестік жағдайында радиостанциялар саны өте көп, сондықтан да соңғы жылдары радионың хабар тарату бағыт-бағдары да өзгеріп, ол тыңдармандардың сұранысына маманданып, белгілі бір аудиторияға, әлеуметтік топтарға бейімделе бастады. Бір радио жедел ақпарат пен музыкаға көңіл аударса, екіншісі ескі әуендерді қайта жаңғырту арқылы тыңдарманын тартады, үшіншісі белгілі бір музыкалық бағытты \попса, рок, джаз т. т. \ ғана қолдайды, тағы бірі жас өспірімдер үшін хабар таратады, соған орай сөйлеу стилі мен әдісін де сақтайды. Осыған байланысты әртүрлі радио форматтары көбейеді, радионың аудиториясы да түрлене түсті. Міне, осның бәрінде радионың табиғатынан қолайлылылғы басты рол атқарады.
Радионың үшінші бір қасиеті - тыңдарманына психологиялық әсері, немесе эмоциональдығы. Адамның есту қабілетіне құрылған радио тыңдарманның қиялы мен сезіміне де өзгеше әсер етеді, басқа БАҚ құралын еш қайталамайды. Адам табиғатынан естіген жағдайларды көрініс ретінде елестететіні белгілі. “Қиял жүйрік пе, көк дөнен жүйрік пе”, дейтін қазақ үшін ой-санаға әсер етудің мәні айрықша. Оның үстіне, көбіне көшпенді-отырықшылықты кәсіп еткен қазақ үшін оның өзіндік тарихи жетілу эволюциясы мен дәстүр-салты бар, ол ұлттық гендік қорымызда сақталып, ұрпақ арқылы атадан балаға беріліп келеді. Далалық қазақтың табиғат құбылыстарын жетік меңгергендігін, аса зерек және сезімтал болғандығын, физиологиялы мықты болғандығын күрделі қоршаған ортада табиғи сұрыптаудан өтіп, жетілгендігімен түсіндіруге болады. Дала абыздары том-том кітапқа парапар дастандарды жатқа оқып, ауызша ұрпағына жеткізген, жаңа ғана дүниеге суырып салу жолымен келген күйді екіншісі сол заматта қағып алып, қайта тартып беру үрдісі қалыптасқан. Күйшіден домбырашының абыройы биік болған деседі. Яғни, күйді шығарған адамнан, оны бұлжытпай орындап ары қарай насихаттап, таратқан адамның жауапкершілігі жоғары дегенді аңғартса керек.
Радио табиғатынан агресшіл емес, керісінше жұмсақ та жағымды, жайлы. Радиоақпарат көбіне оптимистік болып келеді, өмірлік жақсы тонус қалыптастырады. Әлеуметтік психологтар тосын қайғылы оқиғаның телевизиямен салыстырғанда радиодан естілгенде санаға жұмсақтау жететіндігіне назар аударған. Өйткені, телеақпарат жүйкеге тікелей әсер етсе, радиодан естілген жаманат хабар псхологиялық қорғаныс факторына тап келетін көрінеді. Мұның өзі радионың өзіндік табиғатын сақтай отырып, телевизия сияқты пәрменді құралмен қатар өмір сүре алатындығына көз жеткізеді.
1. РАДИО ЖӘНЕ ТЫҢДАРМАН
Әлемнің бүгінгі келбетін коммуникация айқындайды. Ол қаншалықты жақсы дамып, өскелең сүраныстарды қанағаттандырса, арзан әрі сапалы болса, сол қоғам ашық деп есептеледі. Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстанда ашық экономикалық саясат орнығып, меншік формаларының қатар өмір сүруіне жол ашылды, техника мен технологиялар нарығы қалыптасты. Бірақ, бүгінгі БАҚ күрделі жанды организм және ол көп бағытты. Оның бір жағында шығармашылық үжым, олардың ізденісі мен ұстанған бағыт-бағдары тұрса, екінші жағында одан да күрделі аудиториясы тұр.
Бұқаралық коммуникация қүралдарының арасында радионың мүмкіндігі кең, әрі таралуы еркін. Радиосигналдың жетпейтін жері жоқ, аз шығынмен оны қандай қашықтыққа болсын жеткізуге болады. Тіпті телевизияның мұндай қамтуға техникалық мүмкіндігі шектеулі. Шағын қуатты күшейткіштер телевизиялық сигналды ары кетсе 5-10 шақырым радиусқа жеткізеді, ал сол қуатпен радиосигнал одан ондаған есе қашықтыққа тарайды. Мұны социологиялық зерттеулер де дәлелдеп отыр. БАҚ саласында мониторинг жүргізумен айналысатьш "Гэллап медиа Азия" фирмасының мағлұматтары бойынша қазақстандықтар радионы орташа 220 минут тыңдаса, телевизияны 176 минут көреді. Орташа тәуліктік тыңдармандар саны 500 мыңға дейін жетеді. Яғни, әрбір үшінші қазақстандық радионың күнделікті белсенді тыңдаушысы болып табылады. Радио адамдардың сенімді серіктесіне айналып, күнделікті тыныс тіршілігіне біте қайнасып араласып кеткен, әлеммен байналасымен қарым-қатынастың қайнар көзіне айналған.
Радионың мұндай кең ауқымды таралуы оның физикалық жэне психологиялық табиғатынан туындайды:
- Біріншіден, ақпарат жеткізетін электромагнитті тербелістер радиокүшейткіш қуаты жететін аумақты түгел қамтиды, яғни радиохабарлар барлық жерге дерлік еркін жегеді;
- Екіншіден, радиосигналды бірқальшты және сапалы қабылдайтын қазіргі заманғы қабылдағыштар шағын ғана болып келеді, эрі қуатты үнемді пайдаланады, соның есебінен адам кез келген жағдайда, тәулік бойы радиотолқынға қүлақ түріп жүре алады.
Радиоақпараттың аудиториямен қатынасы эр уақытта осылай болған жоқ, ол тарихи бірнеше кезеңді бастан кешіріп барып қалыптасты. Алғашқы радиохабарлар топтық (ұжымдық) сипатта болды, алаңдар мен көшеде, клубтар мен жиындарда тыңдауға бағытталды. 40-50-жылдары радио отбасылық сипат ала бастады, енді оны эр шаңырақта жеке тыңдайтын болдық. Ғылыми-техникалық прогрестің жаңа жетістіктеріне сай радио шағын ғана қүралға айналды, сондықтан қазір ол көбіне жеке қабылдагыш ретінде пайдаланылатын болды. Радионы қазір көбіне үйде, көлікте, жолда, жұмыста тыңдаймыз. Оның аудиторияға бағытталуы өзгеруіне байланысты хабар тарату стилі де күрделі өзгерістерге үшырады, алғашқы ұрандау, үндеу тэсілінен жақын, жылы қарым-қатынасқа дейін жетілді, қазір адамдардың көңілін аулау, демеуге, эмоциялық тепе-теңдікке жетуіне бейімділік танытып келеді.
Радиохабар тарату бүгінде кең аудиторияға бағытталады жэне оны екі категорияға бөлуге болады. Бірінші - мүмкін аудитория, яғни радиохабар аумағының барлығы соған жата-ды. Екінші - нақты аудитория, сол станция хабарларын ұдайы тыңдап, "өзінікі" санайтын тыңдармандар. Алғашқысы көбіне техникалық мүмкіндігімен байланысты болса, нақты аудитория уақыт өге келе, көбіне радиоарнаның шығармашылық күш-қуаты мен қарымына байланысты қалыптасады. Тиісінше, нақты аудитория радиостанцияның беделін, тартымдылығын, рейтин-гін жэне соған орай жарнама тарту мүмкіндігін айқындайды.
Арнаның табысты болуын айқындайтын факторлардың бірі радиожурналист пен тыңдарман арасындағы қарым-қатынастың ерекшелігінен туындайды.
Радионың аудиториясы кеңістікте шашырап жатыр, соған қарамастан оның жиынтық белгілері де жоқ емес. Радио миллиондар аудиториясына бағытталганымен, оны көбіне жеке немесе шағын топ болып тыңдайды. Сондықтан да журналистің әуе толқынындағы әңгімесі солардың әрқайсысының жүрегіне жеке жол табуы тиіс. Барлық аудиторияның сұраныстары мен қажеттіліктерін дөп басу, ортақ тақырып таңдау, оларға қызықты эңгіме қозғау, көңіл күйін табу, соған сәйкес қарым-қатынас стилін қалыптастыру журналистен кэсіби біліктілік пен білімді, парасаттылықіы талап етеді. Аудитория дөрекілік пен менсін-беушілікті кешірмейді, мүмкіндігінше жылы сөйлеп, жоғары мэдениет таныту керек. Сонда ғана екі арадағы қатынас сенімге ие болады, хабар ашыла түседі, діттеген мақсатына жетеді.
Радионың аудиториясы тек қана шашыраңқы емес, сонымен бірге психологиялық әркелкі де. Өйткені, сол сәттегі тыңдарманның көңіл күйі әр түрлі болып келеді және хабар тыңдаудағы мақсаты, оны жетектеген мотив әрқалай болып жатады. Біреу ақпарат алғысы келеді, екіншісі көңіл көтеруге бейім, енді біреу тілдесуге, сұхбаттасуға зэру. Міне, осының бэрінің ортақ белгісін тауып, көңіл хошын қанағаттандыру, назарын аудару күрделі психологиялық міндет.
Радиохабардың тағы бір ерекшелігі - ол көбіне бір бағытты, тыңдарманына қарай бағытталған, кері байланыс жоқтың қасы, телефонмен мыңнан біреулер ғана хабарға қатысып жатады. Яғни, эмоциялық шарпу, түйісу сэтін эфирдегі автор сезіне қоймайды. Театр мен концерттегі көңіл-күй-ахуалы басқаша, аудитория реакциясы сезіліп тұрады, соған байланысты өнер иесі өз бағдарламасын реттеп отырады. Ал, радиоэфирдегі эңгіме қүмғасіңген судай әсер қалдыруы мүмкін. Көпжылдық тәжірибе оның қате екендігін дэлелдеді. Журналист үшін көз алдында жоқ "сағым" аудиторияны сезіну екінің бірі қол жеткізе бермейтін қасиет, ол шығармашылық жанның дарынымен қатар жүреді. Осы арада қазақ белгілі түлға Әнуарбек Байжанбаев феноменін еске алудың реті келіп тұр. Бір жылдары бүкіл тыңдарман Қазақ радиосын осы диктор арқылы танып, білді, оқыған хабарларын ұйып тыңдады, содан оның айтқандарына деген сенім орнықты, "менікі" деген меншіктік сезім, жақындық қалыптасты. Тіпті, жүздеген адам еңбек ететін шыгармашылық үжымға хат жазса да Әнекеңнің атына жазды, жүзін көрмесе де мұңын айтты, көңілін ақтарды, танымаса да көмек сұрады. Міне, "ғайып" тыңдарманмен психологиялық қарым-қатынас орната білудің құдіреті, жандылығы.
Аудиториямен қатынаста радиостанцияның бағдарламалық түрі, бүгінгі ұғымдағы форматы маңызды рөл атқарады. Соған байланысты радиоарналар аудиоториясын шамалап, тақырыптарын таңдайды, бағдарламалар кестесін түзеді, стилін қалыптастырады, ортақ талаптарына сэйкес қызметкерлерді жұмысқа тартады. Қазір бізде Қазақ радиосы ғана қоғамдық-саяси радиостанция болып табылады жэне форматы жағынан ақпараттық-сазды болып келеді. Басқа радиостанциялардың барлығы дерлік музыкалық форматты алдыңғы қатарга шығарған, ақпараттардың үлес салмағы өте аз, арнайы сараптамалық бағдарламалары жоқ. Соның ішінде, "Шалқар" радиосы көбіне "Алтын қордағы" материалдарды қайталап ұсынады, музыканы көп таратады. "Ретро" радиосы өткен жылдардың музыкасын еске салып отырады. "Авторадионың" тыңдарманы көбіне жүргізушілер мен жолаушылар болғандықтан соларға қатысты ақпарат пен жарнаманы көп береді. Басқа радиостанциялар белгілі бір музыкалық бағытқа жэне аудиторияға бағытталған саясат жүргізеді.
Радиохабарын қабылдау көптеген психологиялық факторлардың басын қосатын өзгермелі де қарқынды процесс. Радионы тыңдаудың өзіндік ерекшелігі бар және оны төмендегідей типтерге бөлуге болады.
Тыңдарман-іздеуші радиоқабылдағышты бұрап отырып, өзінің рухани сұранысына және эмоциялық көңіл-күйіне байланысты арнаны таңдайды.
Радиохабарды негізгі іспен айналысып жүріп, саналы түрде қабылдамай екінші қатарда тыңдауға да болады, бұл фондық деп аталады. Яғни, радиодан тарап жатқан сөз бен сазға аса зейін қоя бермейсіз, бірақ не айтылып жатқаны көмескі болса да белгілі, қажет жағдайда назарыңызды аударып, толыққанды тыңдарманға ауыса аласыз.
Іріктеп тыңдау - әркім талғамына сай өзін қызықтыратын мағлұматтар мен хабарларды іздеп отырып тыңдайды, зейін қойып, саналы қабылдайды.
Мақсатты тыңдау - ақпаратты тыңдауға барынша назар аударылады. Күнделікті кестедегі уақытын күтіп отырып тыңдайсыз. Болмаса белгілі бір авторлардың эфирге шығуын күтесіз. Ауа райы туралы деректің өзіне мақсатты түрде назар аударасыз. Яғни, психологиялық күш-қуатыңыз хабарды толық тыңдап, қабылдауға жұмсалады.
Әрине, аталған типтер таза күйінде сирек кездеседі, көбіне араласып кетеді, бір күйден екіншісіне ауысады.
Қазіргі ақпараттық тасқын жағдайында адамның санасы сырттан келетін қысымды шектеп, таңдап, екшейтін қабылдауға бейімделуде. Үнемді ойлау принципіне сай маңызды, қажет де-ген ақпаратқа психологиялық күш жүмсалып, жадыда сақталады да, кейбір мағлұматтар назардан тыс қалады. Сондықтан, радио-журналист үшін аудиторияның талап-тілегін ескеру, назарына ілігетін ақпаратты ғана жеткізу оңай шаруа емес. Осыны ескеріп, радиоарналар өз аудиториясын шектеуге, дұрысы нақтылауға ұмтылып келеді.
Бұқаралық ақпарат құралының пәрменділігі мен шы-ғармашылық ізденісінің нәтижелілігі де айналып келгенде аудиторияның қабылдауына байланысты. Айтылған сөз қүлаққа жетіп, санаға сэуле түсірмесе, сезімді шымырлатпаса, далаға айтылғандай болады. Сондықтан эр рсдакция, әр арна өзінің аудиториясын зерттеп, біліп, кері байланыс жасайды, соған байланысты ақпарагтық саясатын белгілеп, түзетулер енгізіп отырады.
Радиоаудиторияны зерттеудің арнайы әдіс-тәсілдері, мамандандырылған қызметтері қалыптасқан. Радиостанция басшылары бұл іске маңыз беріп, қажетінше қаржыландырып, тапсырыстар беру арқылы жүйелі мағлұмат алып отырғаны жөн. Радиожурналист те өзінің күнделікті жұмысында аудиторияны сезініп, солардың талап-тілектеріне құлақ асып жұмыс істесе, еңбегінің нәтижесі де бірден көзге көрінеді, әрі пәрменді болады.
Аудиторияны ғылыми зерттеудің әдістері, техникасы мен тәсілдері журналистің ақпаратпен жұмыс істеуіне ұқсас келеді. Дегенмен, осы салаға маманданған социологтар оны терең, әрі жан-жақты жүргізетіндігін назардан шығармаған абзал. БАҚ аудиториясын зерттеумен социологияның бір саласы - әлеуметтік социология айналысады.
Аудитория дегеніміз - бұқаралық ақпарат құралдарымен қарым-қатынаста болатын: ақпаратты тұтынатын, өңдеуге жэне бағалауға қатысатын қоғамның бір бөлшегі, тұрғындардың бір тобы болып табылады. Аудитория ұғымының сипаты кең, ол бірнеше қырынан қарастырылады. Ақпаратты тарату сипатына қарай электронды құрал, яғни телевизия, радио жэне Интернет аудиториясы, немесе баспасөз аудиториясы болып бөлінеді. Қамту аумағына қарай радио республикалық, облыстық, аудандық немесе қалалық жэне ішкі тораптық болып жіктеледі. Сол сияқты эр бағдарламаның, радиожурналдың, айдардың, радиостанцияның, тіпті жүргізушінің өз аудиториясы қалыптасады. Сонымен бірге элеуметтік демографиялық бел-гілеріне қарай да аудитория белгілі бір сипаттарға ие болады. Мы-салы, жастар аудиториясы, зейнеткерлерге арналған бағдарлама, діни бағдарламалар, әйелдер аудиториясы, неміс немесе кәріс тілді тыңдаушылар, эскери қызметкерлерге арналған топтама сияқты жіктеле береді. Тіпті соңғы жылдары әлемдік тэжірибеде ер мен эйелдер аудиториясын ажырату да бел алуда. Яғни, белгілі бір арнада әйелдердің сұраныстарына, қызығушылығына арналған хабарлар басым болады. Радиотыңдаушылардың табысына қарай бағытталған хабарлар, сол арқылы байлық пен кедейлікті ескеретін арналар да кездеседі. Сол сияқты кейбір сганциялар тьщдармандардың өмір салтын, кәсібін де ескереді, өз бағдарламаларын үй шаруасындағыларға немесе автомобилистерге арнайды. Аудиторияның қызығушылығына қарай спорттық хабарлар жэне діни бағыттағы арналар да .
Әрине, мұның бэрінде шарттылық басым, көбіне бір тыңдаушының өзі соның бірнешеуін қамтуы да мүмкін ғой. Көлік жүргізеді, спортты жақсы көреді, дінге сенеді, музыкаға да бейім дегендей. Дегенмен, социолог мамандар радиохабар өз аудиториясын мүмкіндігінше дэл анықтап, адресті жұмыс істесе, соғұрлым рейтингі жоғары болатындығын, пәрменділігі өсетіндігін дэлелдеп отыр. Бүгінгі ақпараттық тасқын жағдайында оны ескермесе тағы болмайды.
ІІ. радиохабар таратудың міндеттері
Радиохабарларын таратудың міндеттері (функциясы) дегенде бұқараралық ақпарат құралдарына ортақ ұстанымдар туралы сөз болды. “Функция” сөзін сөздіктер міндеттері, қызметтік мақсаты мен шеңбері деп түсіндіреді. Осы ұғымды басшылыққа ала отырып, радиохабарын таратудың міндеттерін айқындайтын болсақ, оның ауқымы кең екендігіне және қоғамдық сипаты басым екендігіне назар аударамыз. Өйткені, радионың аудиториясы кең, оның тыңдармандары қоғамның әр түрлі әлеуметтік топтары, хабардың өзі әр түрлі жағдайда тыңдалады. Радиожурналист те қоғамдық қарым-қатынастардың белсенді мүшесі мүшесі ретінде көпшілік мүдесіне қызмет етеді, солардың ақпараттық және рухани сұраныстарын қоғамдық қатынастармен байланыстырады. Соған қарамастан бұқаралық хабар тарату үшін ортақ мына бір 3 факторға назар аударамыз.
- Радиохабарын тарату ісі бір мезгілде бірнеше міндетті қатар
атқарады, яғни ол көп функционалды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz