Мәліметтер қорын жобалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

Информатика кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Пән аты : Информатиканың теориялық негіздері

Тақырыбы: Мәліметтер қоры

Мамандық шифры: 050111-Информатика

Студент: Нұрслямов Т. Н . Топ : Т-141

Аты-жөні

Қолы:

Жетекші: Каженова Ж. С. Күні:

Аты-жөні

Қолы :

Баға: Күні:

2007 жыл

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ. . . . . 3

I-ТАРАУ .

  1. Мәліметтер қоры жайлы түсінік . . . …. 5

II-ТАРАУ

2. 1 Мәліметтер қорын жобалау . . . 8

2. 2 Мәліметтер қорын бақару жүйесі . . . 15

2. 3 МҚБЖ бойынша білімді жалпылау мен бақылау . . . 20

ҚОРЫТЫНДЫ . . . . 23

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . . 24

КІРІСПЕ.

Ақпараттық процестерді сипаттау кезінде “ информация ” терминімен қатар “ мәліметтер (данные) ” термині қатар қолданылады. Оған төмендегідей анықтама береміз:

Мәліметтер бұл белгілі бір формадағы көрсетілген және ары қарай қолдануға арналған қандай да бір жүйені, құбылысты, процесті немесе объектіні сипаттайтын ақпарат. Тұрмыстық деңгейде мәліметтер кез-келген информациялық массив деп есептелінбейді. Мысалы:оқулықтың және әдебиеттің тесті, суретшінің суреті, фильмдер және т. б мәліметтер деп қарастырылмайды. Бірақ оның мазмұнында бар ақпарат мәліметтер деп танылады. Компьютерлік жүйеде немесе компьютерде мүмкін формадағы ақпараттың көрсетілуі, текст, сурет, музыка және т. б мәліметтер деп есептеледі.

Информатикада сыртқы жадыда сақтаулы немесе компьютер жадысына жүктелген программа тексті де мәліметтерге жатады. Мәліметтерге бірнеше классификациялық белгілер тән. Олардың негізгісі- мәліметтер типі, келесі белгісі мәліметтерді қарапайым және құрылымданған белгісі бойынша бөлу. Қарапайым мәліметтерге символдар, сандар, және логикалық берілгендер жатады. Қарапайым мәліметтердің жалпы және міндетті ерекшелігі болып оның әрбіреуінің бір мәні және жеке аты барлығы табылады.

Мән мәліметтер орналасқан жады ұяшықтарының мазмұны. Аты (идентификаторы) мәліметтердің программа тексінде белгіленеді. Қарапайым мәліметтер күрделі мәліметтерді құрайтын кірпіштер болып табылады. Оларды біріктіру жолдары көп. Мәліметтерді және олардың арасындағы байланысты біріктіретін ақпараттық массив құрылымданған мәліметтер деп аталады.

Жалпы өңдеу барасында мәліметтердің мәндерінің өзгеру мүмкіндігіне қарай олар айнымалылар және тұрақтылар болып бөлінеді. Айнымалылар программа орындалу барысында мәндерін өзгертуі, ал тұрақтылар өзгертпеуі болып табылады.

Мәліметтердің қай этапта қолданылуына байланысты олар: енетін, аралық және шығатын мәліметтер болып бөлінеді. Енетін мәліметтерге программа орындалуына қажет және оған жұмыс процесіне дейін немесе жұмыс барысында енгізілетін мәліметтер жатады. Аралық мәліметтер программаның орындалу барысында жасалуы және көбінесе пайдаланушыға көрінбейді. Шығарылатын міліметтер программа нәтижесі болады.

Мәлiметтер қоры ұйымының пайда болуы программалық жабдықтау саласында ең қажет жетiстiктердiң бiрi болып табылады. Мәлiметтер қорын ұйымдастыру және пайдалану программалау өнерiне деген қызығушылықтың артуына әсерiн тигiздi. Мәлiметтер қорынсыз қазiргi уақытта барлық қаржылық, өнеркәсiптiк, халыққа

қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару

мүмкiн емес десе де болады

Мәлiметтер қоры деп-белгiлi бiр тәртiптер бойынша бiр құрылымға келтiрiлiп ұйымдастырылған мәлiметтер (деректер, ақпараттар) жиынын түсiнемiз.

Мектепте бұл тақырыпты оқытуда МҚБЖ - нiң қызметi мен мүмкiндiктерi жөнiндегi әңгiмеден бастауға болады.

Курстық жұмыстың мақсаты: МҚБЖ - нiң командалар жүйесi жөнiнде түсiнiк алу, меню арқылы оның қолданылу саласы жайлы ұғымды нақтылы кеңейту; алгоритмдер мен атқарушылар жайлы ұғымды нақтылап кеңейту; мәлiметтер типi жүйесiмен және оның өңделуiмен танысу.

I-ТАРАУ

1. 1 Мәлiметтер қоры ұғымы жайлы түсiнiк.

“Мәлiметтер қоры “ ұғымының пайда болуы программалық жабдықтау саласында ең құнды жетiстiктердiң бiрi болып табылады. Мәлiметтер қорын ұйымдастыру және пайдалану программалау технолгиясын байытып, программалау өнерiне деген қызығушылықтың артуына әсерiн тигiздi. Мәлiметтер қорынсыз қазiргi барлық дерлiк қаржылық, өнеркәсiптiк, халыққа қызмет көрсететiн ұйымдардың жұмысын ұйымдастыру, басқару мүмкiн емес десе де болады. Сондықтан, әрбiр ұйымның, мекеменiң жұмысын компьютер көмегiмен басқару үшiн мәлiметтер қорын пайдаланатын қолданбалы программалар - автоматтандырылған ақпараттық жүйелер жазылады.

Мәлiметтер қоры деп белгiлi бiр тәртiптер бойынша бiр құрылымға келтiрiлiп ұйымдастырылған мәлiметтер (деректер, ақпараттар) жиынын түсiнемiз. Мұнда мәлiметтердiң қайталануы, бiр-бiрiмен қайшылығы болмауы және өзара үйлесiмдiлiгi қатаң ескерiлуi керек. Бұл шарттар ескерiлмеген мәлiметтер қорын өңдеу программасында көптеген кемшiлiктер болып, қате нәтижелер беретiнi айқын.

Мәлiметтер қорын пайдаланудың негiзiн салған белгiлi математик Е. Ф. Кодд өзара байланыстағы қатыстар арқылы нақты құбылысты, ақпарттар ағымын өрнектеуге мүмкiн екенiн ашып көрсетедi.

Кесте кiлтiнiң мәнi бiрде-бiр қайталанбайтын ерекше болуы шарт, яғни кестеде кiлт бағанасындағы мәндерi өзара бiрдей екi немесе одан да көп жазбалар болуы мүмкiн емес. Бiрнеше атрибуттан құралған жағдайда құрама кiлт барынша ақ атрибуттардан ықшам анықталғаны дұрыс; мұндай кiлттiң құрамында оны өшiрiп тастаған жағдайда ештеңе өзгермейтiн, яғни жазбалардың ерекшелiгiне ешқандай әсер тигiзбейтiн атрибуттар болмағаны жөн.

Мысалы, Student ( FIO, Special, Data rd ) кiлт ретiнде FIO

Немесе Special немесе Data rd жеке жиектерiн қолдануға болмайтыны түсiнiктi:

FIO жиегiнiң кiлтi болмайтыны себебi - кестеде аты-жөндерi бiрдей студенттер болуы мүмкiн ;

Special жиегiнiң кiлт болмайтын себебi - бiр мамандықта бiрнеше студенттердiң дәрiс алатыны;

  • Data rd жиегенiң кiлт болмайтыны себебi - туған күндерi бiрдей студенттер болуы мүмкiн.

Бұл кестенiң кiлтi ретiнде FIO, Special және Data rd жиектерiнiң жиынында алуға болмайтыны анық: жоғары оқу орнында бiр мамандық бойынша бiр күнде туылған аты-жөндерi бiрдей бiрнеше бiлiмгерлердiң кездеспейтiнiне кiм кепiл?

Реляциялық моделде кестелердiң байланысы сыртқы кiлттер арқылы ұйымдастырылады. Сыртқы кiлт - мәндерi басқа бiр кестенiң негiзгi кiлтiнiң мәндерiнен тұратын атрибут. Сыртқы кiлтi анықталған қатыс (кесте) оған сәйкес атрибуты негiзгi кiлтi болып табылатын екіншi бiр қатысқа сiлтеме жасайды деп айтады.

Мәлiметтер қорындағы деректер бiрмәндi және өзара бiртұтас үйлесiмдi болуы үшiн реляциялық моделде шектеушi шарттар анықталады. Шектеушi шарттар дегенiмiз мәлiметтердiң мүмкiн мәндерiн қадағалаушы тәртiптер ; мұндай үйлесiмдiлiк шарттары мәлiметтер қорын өңдеу және өзгерту кезiнде кетуi мүмкiн қателердi болдырмауға мүмкiндiк бередi. МҚ-ның шектеулерi категориялық бүтiндiк және сiлтеме үйлесiмдiлiк болып екi түрден тұрады. Категориялық бүтiндiк шектеуiнiң мағынасы: қатыстың кортеждерi МҚ-ның нақты обьектiсiнiң элементтерiн, реляциялық мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнiң терминiне сәйкес категориясын анықтайды. Мысалы, Кiтап кестесiнiң кез-келген жолындағы жазба нақты бiр кiтапты көрсетедi. Кестенiң кiлтi әртүрлi бiр кортеждi, яғни категорияның әбiр элементiн анықтайды Демек, кестенiң әрбір жолындағы мәліметті оқу немесе өзгерту үшін бұл жазбадағы кiлттiң мәнін бiлу керек.

Жазбаны кесте кiлтiнiң құрамындағы барлық атрибуттары толық анықталмағанша МҚ-на жазу, енгiзу мүмкін емес. Бұл тәртіп категориялық бүтіндік тәртібі деп аталады. Және қысқаша былайша тұжырымдалады - кесте кiлтiнiң ешбiр атрибуты анықталмаған болуы мүмкін емес.

Екiншi шарт мәліметтер кестелеріндегі біртұтастықты қамтамасыз ету үшін сыртқы кілтке сілтеме үйлесімділік деп аталатын шектеу қояды. Егер екi кесте өзара байланыстырылған болса, сыртқы кілттің мәнедері екінші кестеде өзімен байланыста тұрған кілттің мәндерінен ғана тұрады.

Егер сыртқы кілттің мәндерінің растығын МҚБЖ бақыламайтын болса, онда мәліметтердің сілтеме үйлесімділігі бұзылады.

Категориялық және сілтеме үйлесімділік шарттарын МҚБЖ бақылауы тиіс. Категормялық бүтіндікті қамтамасыз ету үшін жазбаларда кесте кілтінің бірдей мәндері болмаса жеткілікті, ал сiлтеме үйлесімділікті қамтамасыз ету күрделірек басқа бір қатысқа сілтеме жасайтын қатысты өзгерткенде осы қатыстағы сыртқы кілтке мүмкін мәндерін енгізсе жеткілікті. Ал сiлтеме жасалып тұрған негізгі қатыстан бір кортежді өшіргенде сілтеме үйлесімділікті қамтамасыз ететін келесі үш жағдайдың біріуін қолдануға болады.

  • негiзгi кестеде қосымша кестеден сілтеме жасалып тұрған ешбір кортежді өшіруге болмайды, яғни алдымен қосымша кетедегі мұндай жазбаларды өшіріп тастау немесе жазбадағы сыртқы кілттің мәнін қажетіне қарай өзгертіп алу керек;
  • қосымша кестеден сілтеме жасалған сәйкес кортежді негізгі кестеден өшіргенде қосымша кестедегі онымен байланысты барлық жазбалардағы сыртқы кілттің мәні анықталиаған мәнге ие болады;
  • әсерлі өшіру(Cascade Deltte) : негiзгi кестеден бiр жазбаны өшіргенде қосымша кестедегі онымен байланыстағы барлық жазбалар жаппай өшіріледі;

II-ТАРАУ

2. 1 Мәліметтер қорын жобалау.

Информациялық жүйелердегі информацияны өңдеудің қолданбалы программасының жобалау әдістерінің негіздерін 1960 жылы ДжМартин, Э. Йордан жёне Констайтн Л. . сияқты белгiлi мамандар қалаған. Программаның бiр жолын жазбас бұрын оны дайындауға кететiн уақыттың 60 пайызынан көбi программаны жобалауға жұмсалады екен.

Қазiргi қолданбалы программаларды дайындау технолгияларының өте мықтылығына қарамастан, егер программаның жобасын жасауға, шешiлуге тиiстi мәселелердi анықтау кезеңiне барынша назар аударып, әбден пысықтамаса, соңында оны жөндеуге көп уақыт жоғалту мүмкiн. Және де егер программа құрылымы, жобасы дұрыс келiстiрiмеген болса, программаға жаңа функция енгiзу немесе ондағы кемшiлiктердi жөндеу үлкен қаржы шығынына да ұшыратуы мүмкiн. Қолданбалы программаны жобалаудың негiзгi кезеңдерiн келесi түрде атап айтуға болады:

1 Мәселенiң қойылымы - тақырыпты зерттеу, яғни шешiлуге тиiстi мәселелердi анықтау.

2 Мәселелердiң шешiлуiн анықтау- программаның үйлесiмдi орындалуын қамтамасыз ету.

3 Алғашқы деректердi (өңделетiн мәлiметтердi ) талдау.

4 Мәлiметтер құрылымын анықтау - бұл реляциялық мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнде (РМҚБЖ ) кестелердi қалыптастыру деп аталады.

5 Қолданбалы программа дайындау.

6 Программаның дұрыстығын орындап тексеру және оны жетiлдiру.

Жалпы, мәлiметтер қорын басқару жүйелерiнде (МҚБЖ) қолданбалы программа жобалауда екi негiзгi бағыт қолданылады:төменнен жоғары және жоғарыдан төмен бастау. Төменнен жоғары жобалау әдiсiнде мәлiметтер қорының құрылымын анықтау алдымен өңделетiн информацияға тән барлық атрибуттарды анықтап алып, оларды қалыптастыру теориясы бойынша жеке обьектерге жiктеуге бағытталған болса, жоғарыдан төмен әдiсiнде алдымен қойылған мәселеге байланысты алдымен жоғары деңгейдегi обьектілер мен олардың байланысы зерттелiп, әрi қарай олар өзара байланыстағы қарапайым информациялық қатыстарға жiктеледi.

Қазiргi кезеңде РМҚБЖ-нiң қолдану әдiстемелерiне сәйкес мәлiметтер қорын жобалау, яғни қолданбалы программа дайындау барысы жоғарыдағы кезеңдердi қамтитын негiзгi үш бөлiмнен тұрады: концептуалдық, логикалық және физикалық жобалау нәтижесiнде үш модель анықталады.

Концептуалдық жобалау кезеңiнде программада қарастырылатын негiзгi мәселелер мен функциялар анықталып, өңделетiн алғашқы информацияны талдау мен оның құрылымын анықтау қарасытырылады. Концептуалдық жобалау нәтижесiнiң бiрi қойылған мәселенiң информациялық моделi - ER- диаграммасы болып табылады.

Логикалық жобалау барысында ЕR - моделi негiзiнде реляциялық жүйелердiң мүмкiндiгi ескерiлген мәлiметтердiң логикалық моделi анықталады. .

Физикалық жобалау кезеңiнде МЛМ нақты РМҚБЖ- де физикалық модельге түрлендiрiледi.

Бұл жұмыста реляциялық мәлiметтер қоры кестелерiн қалыптастыру мәселелерi қарастырылады.

РМҚБЖ - де өңделетiн мәлiметтер кестелерде сақталады: белгiлi бiр обьектiге қатысты информация кесте жолдарын құрайды, кесте бағаналары объектiнi анықтайтын атрибуттарды бiлдiредi. әртүрлi обьектке қатысты кестелерде мәлiметтердiң қайталанып жазылуын болдырмау үшiн олар бiр ортақ белгiлерi бойынша өзара байланыстырылады. әдетте ол үшiн байланыстырушы белгiден (код) тұратын атрибут қолданылады. Демек, реляциялық мәлiметтер қоры өзара байланыстырылған кестеде жазылған мәлiметтер жиынтығы. Мұндай реляциялық моделдiң негiзiн 1970 жылдары Е. Кодд ұсынған болатын. Бұл берiлген кестелерге амалдар қолдану арқылы басқа кестелер анықтауға мүмкiндiк бередi, демек бұл жағдайда барлық информацияны сақталатын және сақталмайтын түрде екiге жiктеу мүмкiндiгi туады, бұл электронды есептеуiш машинаның жадын ұтымды пайдалануға мүмкiндiк бередi.

РМҚ-да кестелерге қолданатын 8 амал бар:

  • жиындарға қолданылатын амалдар: бiрiктiру, қиылыстыру, айырма, декарттық көбейтiндi, бөлу;
  • арнайы реляциылық амалдар: проекция, жалғастыру, таңдау, (шектеулер, сүзу)

Реляцтялық кестелер бағаналарына байланысты негiзгi кесте, байланыстағы кесте болып екiге бөлiнедi.

Негiзгi кесте нақты обьектiге қатысты мәлiметтерден тұрады. Негзiгi кесте атрибуттардың бiреуi ондағы жеке обьект (экземпляр) туралы информацияны қалтқысыз дәл анықтайды, бұл жеке обьектке қатысты мәлiметтердiң кестеде қайталанып жазылмауын қамтамасыз етедi. Мұндай атртбут кестенiң кiлтi деп аталады. Кiлт бiрнеше атрибуттардан тұруы мүмкiн, мұндай кiлт құрама немесе күрделi кiлт деп аталады.

Байланыстағы кестеде екi немесе одан да көп негзiгi кестелердiң кiлттерi болатын атрибуттар болады, олар арқылы осы кестедегi мәлiметтер мен негзгi кесте арасындағы байланыс ұйымдастырылады.

Реляциялық модель сыртғы кiлттерге сiлтеме бүтiндiк шартын қояды, оның мағынасы:байланысты кестедегi әрбiр сыртқы кiлттiң мәнiне сәйкес негiзгi кестеде мән(жазба) болуы тиiс. РМҚ - да әрбiр кестеге тағы да бiр шарт қойылады: кестелер қалыпқа келтiрiлген, яғни дұрыс қалыптастырылған болуы қажет. Бұл мәлiметтер қорындағы информацияның қайталануын және де басқа қайшылықтардың болуын сақтайды.

Мәлiметтер қорындағы атрибуттар екi талапқа сай болуы керек:

  • кестедегi атрибуттар арасында қажет емес функционалдық тәуелдiлiк болмауы керек;
  • - атрибуттарды топтастыру информацияның қайталануын

болдыртпай, базадағы мәлiмдердi өңдеу мен жаңартуды жеңiлдетуi тиiс.

Бұл талаптар қорының кестелерiн дұрыс қалыртастыру арқылы қанағаттандырылады.

Кестелердi қалыптастыру - мәлiметтер қорындағы барлық информацияны өзара байланыстағы, жеке қарапайым кестелерге жiктеу дегендi бiлдiредi. Осы кезеңде атрибуттар барлық функционалдық тәуелдiлiктер анықталады.

Кестелердi қалыптастыру атрибуттардың арасындағы функционалдық тәуелдiлiк ұғымына негiзделген.

1 анықтама . Е кестесiнiң А атрибуттарының әрбiр жеке мәнiне В атрибутының бiр ғана мәнi сәйкес болатын болса, В атрибуты А атрибутына функционалды тәуелдi болып табылады және бұл тәуелдiлiк А- В деп белгiленедi.

Студент кестесiндегi студенттiң аты-жөнi, туған жылы, мамандығы, түскен жылы. студенттiң шифрына функционалды тәуелдi: Шифр-Аты жөнi, Шифр-Туған жылы.

Екi түрлi мағынадағы информациядан тұратын соңғы атрибут Кiру мезгiлi және Шығу мезгiлi жеке атрибуттарына жiктелген, ал Хобби және Телефон атрибуттары толық шешiлмеген: егер жұмысшының үшiншi хоббиi немесе телефоны болса, оны кестеге енгiзу мүмкiндiгi жоқ.

Кестенi 1І¶ - ге келтiру үшiн келесi амалдарды орындау керек:

1 Күрделi атрибуттарды жеке атрибуттарға жiктеу;

2 Қайталанбайтын атрибуттардан жаңа кесте анықтау;

3 Кестелердi байланыстыру.

Егер фирмаға түскен тапсырыстарды тiркеу кестесiн қарастырыстыратын болсақ, . Бұл кестенiң кiлтi - Тапсырыс нөмiрi, бұйым, атрибуттарынан тұратын құрама кiлт, кесте 1Іµ шарттарын қанағаттандырады. Солай бола тұра, бұл кестеде мәлiметтердiң қайталануы орын алады. Мысалы, бiр клиент бiрнеше бұйымдарға тапсырыс берсе, ол туралы информация (Аты, Мекен Жайы) қайталанады, сондай-ақ бұл кестенi өңдеу барысында келесi қайшылықтар кездесуi мүмкiн:

  • фирманың клиентiнiң аты-жөнi мен мекен - жайы ол тапсырыс жасаған жағдайда ғана мәлiметтер қорына енедi, әлi тапсырыс бермеген клиент туралы информация жоқ;
  • тапсырыс болған бұйым туралы жазбаны өшiрсе, тапсырыс және клиент туралы информация да жойылады. Мысалы: клиент осы уақытқа дейiн бiр ғана бұйымға тапсырыс берген болып, бұл бұйым өшiрiлген болса, базада бұл бар клиент туралы информация болмайды.
  • Егер клиенттiң мекен-жайы өзгерсе, осы кестедегi барлық жазбада оның адресiн өзгерту керек болады.

2. 2 Мәлiметтер қорын басқару жүйесi (МҚБЖ) .

Мәлiметтер қорын басқару жүйесi тақырыбын оқытуда оқушылардың қызығушылығын арттыру үшiн МҚБЖ - нiң қиын әрi жеңiл меңгерiлетiн жақтарын көрсеткен дұрыс, мысалы: калькулятор режимiндегi диалогты есептеу. Диалогты мәзiр- программаларды пайдалану оқушыларға жеткiлiктi түрде әртүрлi және қуатты әрекеттер. Тұтасымен алғанда материал өте көлемдi, әрi күрделi. Егер орташа ағылшын тiлдi болатын болса және бұған дейiн формалды логика элементтерi өтiлген болса, онда қызықты iздеу сұрақтарын құру қиын.

МҚБЖ - калькулятор. МҚБЖ - нiң негізгi арналған мақсатына қарамастан, “барлық айнымалыларды беру”, DISPLAY MEMORU командасы ортаны өте ыңғайлы калькуляторға айналдырды. Ескi нұсқалардағы солдан оңға қарай меншiтеу аздап оғаштау.

STORE 2 *3 to a2

Бұл А2 = 2*3 екенiн көрсетедi, яғни 2*3 -тi А2 арқылы белгiлеймiз. Егер бұл есеп оқушыларға таныс болса, Герон әдiсiмен түбiрдi есептеуге диалогты фронталльдық жұмыс жүргiзуге болады. Осындай диалогпен орындалатын программа фрагментi төмендегiдей:

Командалар Математикадағы түсiндiрмесi

S: = 8

STORE 8 TO S Х:=5

STORE 5. 000 TO X Х: =(Х +S/X) /2

STORE (X+S/X ) 2 TO X X: =( X +S/X) /2

STORE (X+S/ ) /2 TO X

Басқа тiлдерде кездеспейтiн ерекше команда “макроқою”

(макроподстановка) итерация процесiн едәуiр жеңiлдетуге мүмкiндiк бередi.

F = “STORE (X+ S) /2 TO X” формуланы F арқылы белгiлеу

F формуласы бойынша есептеу

Егер(мәлiметтер қорын) МҚБЖ - нің пайдланылып отырған нұсқасында математикалық функция болса, онда оны Бейсиктiң орнына диалогты есептеу үшiн пайдалануға болады.

МІБЖ ортасындағы оқуышлардың негзiгi жұмысы дайын - мәзiрмен жұмыс. Келесi деңгей - МҚБЖ ортасында дайын программалармен жұмыс iстеу.

Негiзгi мақсатты ескере отырып және дайын программалық құралдарды меңгерудi оқыту әдiстемесiн оқытудың бiрлiгiн сақтай отырып, мұндай оқушыларды DBASE ортасында құрылған дайын программаларды пайдалануға әкелуге болады. Ол үшiн дайын программа мәзiр арқылы, пайдаланушымен қарым-қатынас тәсiлiмен, диалог арқылы демонстрациялануы тиiс, екiншiден, МҚБЖ-нiң негзгi мүмкiндiктерiмен таныстыруға тиiс. Оған мына әрекеттер жатады.

1 Текстердi жөндеу, оның iшiнде программа тексiн;

2 Алдын-ала дайындалған мәлiметтер қорының жазылуын жөндеу;

3 Мәлiметтер қорын тiк төртбұрышты кесте ретiнде қарастыру;

4 Мәлiметтер қоры бойынша iздеу;

5 Мәлiметтер қорын iрiктеу;

6 Есеп құру

Iздеу шарты мен iрiктеу жолы да дайын күйiнде берiледi, сондай-ақ, ол жазу мысалы қызметiн атқарып, оқушылардың жөндеп түзетуiне мүмкiндiк берiледi.

Сөйтiп, болашақ пайдаланушыны мәлiметтер қорының тiкелей өңдеу командаларымен таныстыру, мысалы, “iрiктеу”, “iздеу”, дәлiрек айтсақ, олардың жазылуымен таныстыру, дайын программа мәзiрi арқылы осы командаларды меңгергеннен кейiн өтедi. Сонымен қатар, оқытудың бас кезiндегi болатын ағылшын тiлдi диалогты да айналып өтедi.

Оқыту ретi. МҚБЖ - нiң қызметi мен мүмкiндiктерi жөнiндегi әңгiмелерден бастауға болады. МҚБЖ ары қарай калькулятор ретiнде пайдаланылады.

Одан кейiн дәл сондай программамен диалог орындалды. Нұсқау бойынша меңгеру мен практикалық орындау берiлген программа мәзiрiнiң пунктi бiрiнен соң бiрi диалогта орындалады. Жөндеу барысындағы нақты әрекет немесе мәлiметтер қорын құру клавиштар қызметiн бiлудi талап етедi.

Мәлiметтер қорында iздеуге арналған шарттың толтырылу дұрыстығын тексеру айтарлықтай мәнi бар маңызды да қызықты тақырып болып табылады. Мәлiметтер қорын толтырудағы мүмкiн болатын қателердi қысқаша түсiндергеннен кейiн оны толтыру дұрыстығын тексеру шарты тұжырымдалады. Оқушылар мұны өздерi табуы немесе тәжiрибелiк жолмен келуi тиiс:

Дұрыстық шартты мәлiметтер жазуынан iздеу қажет, оны LOCATE типтi командамен тексергенде мұндай шартты қанағаттандырмайды.

Дұрыс қойылмаған құрама шартты тексеру барысында, меню программадан жоғалған жағдайда ол қайтадан шақырылып, жұмыс жалғастырылады. Мәлiметтер қорының күйi алдыңғы бақылаудың нәтижесiнде өзгерiп үлгередi.

Әрi қарай оқушыларға программа тексiмен жұмыс iстеу- мәзiр программамен түбiрдi есептеу, ұсынылады. Екнiшi программаның

логикасы әзiрге үйретiлмейдi, оның командалары жеке-жеке қарастырылады.

Осыдан кейiн, МҚБЖ-нiң командалары тiкелей, мәзiр программаның көмегiнсiз ортаның өзiнде диалогтық режимде орындау тапсырылады. Бұдан кейiн, титпi қарапайым мәзiр арқылы жұмыстың ыңғайлылығы айқындала түседi. Мұндағы оқушылардың iс-әрекетiндегi, олардың қызығушлығы iздеудi басқа “ бөтен” мәзiр арқылы емес, өздерiнiң орындауы болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәліметтер қоры туралы ақпарат
Ақпараттық технологиялар факультеті
КОМПЬЮТЕРЛІК ЖҮЙЕЛЕРДІ ЖОБАЛАУ
Пәндік ақпараттарды сипаттау және мәліметтер қорының құрылымын дайындау
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ
Деректер базасына сұраныс құру
ДЕРЕКТЕР ҚОРЫН ЖОБАЛАУ
«Кітаптар магазині» мәлеметтер қорын құру
Есік-терезе жасау цехының тапсырыс қабылдау жұмысын автоматтандыру
Мекемеде жұмысшыларды басқару деректер базасын жобалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz