Өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қалыптасуы



МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Адамзат қоғамының бір күйден екінші жағдайға өтуінің объективті салдары 6
1.2 Өтпелі экономика: оның түрлері, нышандары, сипаты және міндеттері 9
1.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері 12

2 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
2.1 Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы 14
2.2 Өтпелі экономика кезіндегі макроэкономикалық процесттерді мемлекеттік реттеу мәселелері 24
2.3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы құрылымдық тұрғыдан қайта құру мәселелері 26

3 ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК.ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ
3.1 XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының әлеуметтік.экономикалық саясаты28
3.2 Көп деңгейлі кәсшкерлікті дамыту, экономикалық даму мен әлеуметтік ахуалды жақсарту жолдары 30
3.3 Әлеуметтік.экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен алатын орны 31

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ
4.1 Экономикалық қызметтің қозғаушы факторларын жүзеге асырудағы әлеуметтік. экономикалық тенденциялардың мәнімен түрлері 39
4.2 Экономикалық дамудың иңдустриалдық. инновациялық моделі 40
4.3 Еуразиялық мемлекетаралық экономикалық қатынастар 42

5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ «ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ОНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ» АТТЫ ТАҚЫРЫПТА САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ 44
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 6
1.1 Адамзат қоғамының бір күйден екінші жағдайға өтуінің объективті
салдары 6
1.2 Өтпелі экономика: оның түрлері, нышандары, сипаты және міндеттері
9
1.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің
ерекшеліктері 12

2 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ 14
2.1 Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы 14
2.2 Өтпелі экономика кезіндегі макроэкономикалық процесттерді 24
мемлекеттік реттеу мәселелері
2.3 Қазақстан Республикасындағы экономиканы құрылымдық тұрғыдан
қайта құру мәселелері 26

3 ӨТПЕЛІ КЕЗЕҢДЕГІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ 28
3.1 XXI ғасырдың қарсаңындағы Қазақстан Республикасының
әлеуметтік-экономикалық саясаты 28
3.2 Көп деңгейлі кәсшкерлікті дамыту, экономикалық даму мен
әлеуметтік ахуалды жақсарту жолдары 30
3.3 Әлеуметтік-экономикалық саясаттағы шағын кәсіпкерліктің рөлі мен
алатын орны 31

4 ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК- ЭКОНОМИКАЛЫҚ
ДАМУДЫҢ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ 39
4.1 Экономикалық қызметтің қозғаушы факторларын жүзеге асырудағы
әлеуметтік- экономикалық тенденциялардың мәнімен түрлері 39
4.2 Экономикалық дамудың иңдустриалдық- инновациялық моделі 40
4.3 Еуразиялық мемлекетаралық экономикалық қатынастар 42

5 ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ, ОНЫҢ БАСТЫ МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ АТТЫ
ТАҚЫРЫПТА САБАҚ ӨТКІЗУДІҢ ӘДІСТЕМЕСІ
44
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 62
ҚОСЫМША 65

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Ұрпақтары сан жылдар бойы аңсаған және сол үшін
табандылықпен күрескен Қазақстан 1991 жылы өз егемендігі мен тәуелсіздігіне
қол жеткізді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін нарықтық экономикаға
көшуіне байланысты экономика саласында және басқа салаларда да түбегейлі
өзгерістер енгізілуде. Енді біз экономикамызды көтеріп, халық тұрмысын
жақсарту, дамыған өркениетті елдер қатарына қосылу, Азиялық барыс болу
жолдарын іздестірудеміз. Экономика - біздің болмысымыздың негізі. Сондықтан
экономика неғұрлым жоғары дамыған болса, сол елдің халқының материалдық
және рухани жағдайы да соғұрлым жақсы болады десек артық емес.
Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш құштер өндірістік қатынастармен
диалектикалық бірігу жағдайында болады. Өндірістік қатынастар - бұл
өндірістің қоғамдық түрде жүзеге асуы. Өндірістік қатынастар - бұл
меншіктік қатынастар.
Өндірістік қатынастардың өндіргіш күшпен бірігуі өндіріс әдісін
құрайды, яғни қоғамның экономикалық құрылуы, оның экономикалық базасы.
Экономикалық, немесе өндірістік қатынастар отбасылық, діни, құқықтық,
мәдени, саяси, әлеуметтік қатынастармен қосылып қоғамның қондырмасын
құрайды. Базис пен қондырма бірігу жағдайында болады. Базистің өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтары қоғамның жаңа
күйге көшуіне объективті жағдайлар тудырады. Бұл кезде коңдырма қоғамның
бір күйден баскасына көшуіне көмектесуі мүмкін немесе өтеуге кедергі
жасайды.
Адамзат қоғамы өзінің бүкіл тарихында өндіргіш күштер деңгейі мен
өндірістік қатынастар сипаты арасындағы объективті туыңдаған қайшылықтардың
әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан
басқасына, төменгі өркениет баспалдағынан жоғарғысына ауысуы. Меншік
түрлерінің ауысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік катынастар
пайда болады.
Адамзат өркениеттілігі баспалдағымен қоғам көтеріле отырып, қауымдастық
(қоғамдық) меншік түрінен жекеге, жекеден қоғамдыққа (мемлекеттікке)
қозғалыс жасап, экономиканы тек кана рынокпен немесе тек қана мемлекетпен
басқарады. Қазіргі жағдайда өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
арасындағы қайшылықтар адамзат қоғамының аралас экономикаға, аралас меншік
(жеке мен мемлекеттік) түріне, басқару тәсілінің аралас (рынок пен
мемлекеттік) жүйесіне көшуімен жойылады.
Қазіргі нарық заманында замандас, тұстас елдің экономикасын
кәсіпкерліксіз елестету қиын. Кәсіпкерлік саласы және оның жағдайы басынан
трансформациялық процестерді кешіп жатқан елдер үшін өте үлкен маңыздылыққа
ие болып отыр. Кәсіпкерлік экономиканың ең нәтижелі секторы және
экономиканы жандандырудың бірден-бір жолы екенін бұл күнде көпшілік жақсы
түсінеді және де еркін кәсіпкерлік өзін-өзі, өзгені қажеттіліктерімен
қамтамасыз етудің алтын кілті деген ұғым қазіргі кезде қалыптасқан.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде өтпелі экономиканың теориялық
негіздері, Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің
ерекшіліктері қарастырылған.
Екінші бөлімде өтпелі экономикадағы әлеуметтік-экономикалық
қатынастардың қалыптасуы теориялық және практикалық жағынан жан-жақты
қарастырылады.
Үшінші және төртінші бөлімдерде өтпелі кезеңдегі Қазақстан
Республикасының әлеуметтік- экономикалық стратегиясы және экономикалық
дамудың қазіргі кезеңдегі беталыстары туралы мәселелер қарастырылды.
Сондай-ақ соңғы бөлімде орта мектептерде жоғарыда аталған тақырып
бойынша сабақ өткізудің әдістемесі және дәріс сабағы мәтіне келтірілген.
Зерттеудің мақсаттары:
- өтпелі экономиканың теориялық негіздерін, әртүрлі елдерде өтпелі
дәуірдегі ортақ заңдылықтары мен алғышарттарды іс жүзіне асырудың
ерекшеліктерін оқып-үйрену;
- Қазақстан Республикасында өтпелі экономикадағы әлеуметтік-
экономикалық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына талдау жасау;
- елімізде шаруашылықты ұйымдастырудың формалары мен әдістерін одан
әрі жетілдіру және халықаралық тәжірибеге сүйене отырып, ірі, шағын және
орташа кәсіпкерліктің даму беталысын анықтау.
Жұмыста диалектикалық әдісті, жалпығылымдық талдау мен синтез жасау
әдістерін қолдану негізінде төмендегідей мәселелерді шешу міндеті қойылды:
- өтпелі кезеңдегі Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық
даму стратегиясын жүзеге асырудың негізгі жолдарына талдау жасау;
- Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының экономикалық және
құқықтық негіздерін зерттеу және соның нәтижесінде оның дамуының беталысын,
болашақ бағыт - бағдарын анықтау.
Зерттеудің практикалық маңызы:
- жас ұрпаққа өтпелі кезеңнің мәні, оның өзіндік ерекшелігі,
заңдылықтары, даму жолдары туралы түсінік беру;
- еліміздің экономикалық дамуында Қазақстан - 2030 стратегиялық
бағдарламасының қалай және қандай жолдармен іс жүзіне асырылып жатқандығы
туралы жан-жақты сипаттама берілген;
- жалпыға бірдей орта білім беретін мектептер "Қазақстандағы өтпелі
экономиканың ерекшеліктері, оның басты міндеттері және оларды шешу жолдары"
атты тақырыпта "Экономика негіздері " пәнінен сабақ өткізудің әдістемесі
келтірілген;
- шағын кәсіпкерлікті ұйымдастыру, дамыту көпжақты, көпқырлы
мәселелерді қамтитындығын жастарға түсіндіре келіп, оны өркениетті негізде
іс жүзіне асырудың нақты механизмдері көрсетілген.

Дерекнеме. Диплом жұмысын орындау барысында Қазақстан
Республикасының Конституциясы, өтпелі кезең негіздерінің теориялық
негіздерін зерттеуге арналған және оны одан әрі жетілдіруге бағытталған
Қазақстан Республикасының Заңдары мен заңдық күші бар Жарлықтары, Ел
басымыз Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан - 2030" стратегиялық бағдарламасы,
Қазақстан халқына Жолдаулары басшылыққа алынып, қазақстандық экономистер
Я.Ә.Әубәкіров, Т.А. Әшімбаев, Н.К. Мамыров, В. Дмитриев, С. Оразаева, М,
Абдуллаұлы, Б.К. Окаев, Н.И. Клейн, О.Ж. Әлиев, Е.Ж. Жатқанбаев сияқты
экономистердің Қазақстанда өтпелі экономиканың алғышарттары мен
заңдылықтарының қалыптасуы мен дамуының әртүрлі жақтарын зерттеуге арналған
еңбектері мен ғылыми мақалалары пайдаланылды.

1 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Адамзат қоғамының бір күйден екінші жағдайға өтуінің объективті
салдары

Қазіргі экономикалық теорияда ең аз зерттелген мәселе – қоғамның
экономикалық жүйесінің бір типінен екіншісіне көшірудің салдары мен өтпелі
экономиканың мән-жағдайы. Бұл дүниежүзілік қауымдастықтағы барлық елдердің
өзінің даму деңгейі мен экономикалық жағдайының сипаты тұрғысынан, әртүрлі
күйді кешуімен түсіндіріледі. Сондықтан экономикалық теорияда қоғамның даму
сатысындағы құбылыстардың басты көрсеткіштеріне әзірше біркелкі көзқарас
жоқ. Демек, қоғамның бір күйден екінші күйіне көшудің мән-жағдайы жайында
біркелкі түйінделген ой да жоқ. Баршаға белгілі нәрсе – еңбек құрал
–жабдықтарының дамуын деңгейіне қарай қоғам дамуын жіктеп бөлудің
төмендегідей түрлері бар: тас дәуірі, қола және темір дәуірі.
Белгілі ғалым Л.Морган (1818 – 1881жж.) еңбек құрал сайманының даму
деңгейіне қарай жабайы дәуір, жыртқыштар және өркениетті дәуірлер деп
бөледі.
Ағылшын ғалымы әрі ірі философы Давид Юм (1711-1776 жж.) еңбек құрал-
сайманының дамуы негізінде қоғамды – ең қарапайым, көне, феодалдық және
капиталистік деп бөледі.
Американ социологы әрі экономисі Уолт Ростоу (1916ж.) Экономикалық
өсу сатылары теориясын ұсынды:
I – дәстүрлі қоғам, мұнда өндірістің дамуы әлсіз сипатқа ие;
II – қарқынды өрлеу үшін экономикалық жағдай жасау стадиясы;
III – қарқынды өрлеу кезеңі, мұнда экономикалық прогрестің күші өседі
және қоғамда билік жүргізе бастайды;
IV – толыққандылыққа қарай қозғалу, мұнда жаңа техника кең көлемде
таралады;
V- тұтынудың жоғары жаппай дәуірі.
Осы қысқаша шолып көрсеткендей, қоғамның әртүрлі даму күйі еңбек кұрал-
сайманыныц даму денгейімен ғана емес, сондай-ақ өндіріс процесіндегі адам
қатынастарыньщ сипатымен, яғни өндіріс әдістерімен байланыстырылады.
Қоғамды өндipic әдісімен бөлу мәселесін тереңірек зерттеген К. Маркс болды.
К. Маркс өндipic әдісін бәсеке бөліп қарайды:
а) алғашқы қауымдық;
ә) құл иеленушілік;
б) феодалдық;
в) капиталистік;
г) коммунистік.
Қaзipri Батыс экономикалық теория мектебі адамзат тарихындағы қоғам
күйін үшке бөліп карайды:
а) аграрлық;
э) индустриалдық;
б) постиндустриалдык (акпараттық).
Қоғам дамуы бойынша көптеген әртүрлі классификацияға белу ғалымдарды
қоғамның дамуы сатыларының біркелкі көрсеткіштерін жасауға итермелейді.
Ғалымдардың қоғамның даму деңгейі бойынша классификацияға бөлу ұсынысының
әртүрлілігіне қарамай-ақ, оларда жекелеген ортақ элементтер баршылық. Бұл
өтпелі экономика үшін алғашқы салдарларды тұжырымдауға көмектеседі.
Ғалымдардын есептеуінше өтпелі экономика теориясы адамзат коғамының үш
ipi негізгі күйінен бастау алуы керек.
6ipiншіден, мұндағы дәстүрлі экономика (нарыктық емес) еңбек құрал-
жабдығы ең қарапайым. Біздің ойымызша, бұған алғашқы тұрмыстық қауым, құл
иеленушілік және феодалдық өндіріс әдісі еніп, мұнда тауар айырбасы
тұрақталған, локальды сипат алып, яғни айырбассыз тікелей үлестіру белең
алады;
- екіншіден, нарықтық экономика, бұл индустриалды даму дәуірін
(капитализм) қамтиды.
- үшіншіден, постиндустриалды қоғам экономикасы, бұл нарықтық типтеп
экономикадан кейін жүзеге асады.
Американ ғалымы Д. Бэлл постиндустриалды қоғам тұжырымдамасын жасай
отырып, бұл жүйенің төмендегідей бес белгісін келтіреді:
а) өңдейтін сала экономикасьшан қызмет көрсететін экономикаға көшу;
ә) тұрғындардьң экономикалық белсенділігінде дене еңбегі жұмыскерлері
емес, ой еңбек жұмыскерлерінің қарқынды орындалуы, әcipece ғылыми-
техникалық мамандар;
б) баскару аясында электрондық-есептеу техникасы шешімін қабылдап, оны
көбірек қолдану;
в) саясатты қалыптастыруда жаңалықты өндіру негізі ретінде теориялық
білімнің басшылық ролінің болуы;
г) жаңа қоғамның маңызды инструменттері болып корпорация саналмайды,
университет пен зерттеу орталықтары болмақ.
Постиндустриалды қоғамньң экономикасы - бұл ақпараттық экономика.
Меншік тұрғысынан бұл экономика пострыноктық типтегі аралас экономика
ретінде қаралды.
Егер қоғамды оның даму баспалдағы арқылы бөлетін теориялық
көзқарастарды жинақтайтьш болсақ, онда схемалық түрде негізінен үш жікке
бөлуге болады:
а) формациялық;
ә) өркениеттілік;
б) нарықтық;
- формациялық жіктеу қоғамның төмендегідей формацияға бөлінуін
қарастырады: алғашқы тұрмыстық қауым, құл иеленушішік, феодалдық,
капиталистік және коммунистік (формация – өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастардың (әлеуметтік-экономикалық) және қондырмалық институттың бipi
екендігі);
- өркениеттілік жіктеу қоғамды үш дәуірге бөлуді қарастырады:
аграрлық, индустриалдық және постиндустриалдық (ақпараттық);
- нарықтық жіктеу қоғамды - нарықтық және нарықтық емес деп бөліп
қарайды.
Нарықтық емес қоғамда: алғашқы тұрмыстық қауым формациясы, құл
иеленушілік формациясы, феодалдық формация және жоспарлы-әміршіл
экономикалы социализм жатады.
Нарықтық қоғам еркін бәсекедегі таза капитализм дәуірін қамтиды.
Дәстүрлі экономикалық қоғам қазіргі әлемнің Азия, Африка және Латын
Америкасының 140-тай елінде өмір сүруде, ал ондағы өндіріс бөлу және
айырбастау дәстүрге, салтқа, жекелеген ғұрыптарға негізделген және аралас
экономикалық қоғам негізінен индустриалды дамыған елдерді қамтиды.
Жоғарыдағы көрсетілген қоғамды жіктеуде қайшылық жоқ, қайта олар бірін-бірі
толықтырады. Дәуірлерді нені өндіргенмен емес, қайта қалай өндіргендігімен
және қалай өндіргіш күштермен айыра аламыз деп жазған К. Маркс. Өндіргіш
кұштердің даму деңгейі коғамдық процестің жалпы критериі болып табылады.
Басқаша айтсақ, меншік түрінің, әртүрлі жағдайында жұмыс күші өндіріс құрал-
жабдығымен қайтіп біріктіріледі, қалай үйлестіріледі және қалай экономикада
басқарылады: нарықтық бәсекелістік арқылы, жоспарлау арқылы немесе екеуінің
көмегі арқылы ма, яғни аралас басқару жүйесі: мемлекет пен нарық арқылы.
Белгілі ғалым-экономистер, америка жоғарғы оқу орнына арналған
Экономикс оқулығының авторлары Р. Макконнелл мен Л.Брюдың көзқарастары
бойынша, әлемдегі индустриалды дамыған елдерді екі белгісімен ажыратуға
болады:
1. Өндіріс кұрал-жабдығына деген меншіктің түрлері бойынша;
2. Осы экономикалық қызметтің үйлестіру және басқару әдістері
бойынша.
Қоғамдық өндіріс құрылымында өндіргіш құштер өндірістік қатынастармен
диалектикалық бірігу жағдайында болады. Өндірістік қатынастар - бұл
өндірістің қоғамдық түрде жүзеге асуы. Өндірістік қатынастар - бұл
меншіктік қатынастар.
Өндірістік қатынастардың өндіргіш күшпен бірігуі өндіріс әдісін
құрайды, яғни қоғамның экономикалық құрылуы, оның экономикалық базасы.
Экономикалық, немесе өндірістік қатынастар отбасылық, діни, құқықтық,
мәдени, саяси, әлеуметтік қатынастармен қосылып қоғамның қондырмасын
құрайды. Базис пен қондырма бірігу жағдайында болады. Базистің өндіргіш
күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы қайшылықтары қоғамның жаңа
күйге көшуіне объективті жағдайлар тудырады. Бұл кезде коңдырма қоғамның
бір күйден баскасына көшуіне көмектесуі мүмкін немесе өтеуге кедергі
жасайды.
Адамзат қоғамы өзінің бүкіл тарихында өндіргіш күштер деңгейі мен
өндірістік қатынастар сипаты арасындағы объективті туыңдаған қайшылықтардың
әсерінен бір күйден екіншісіне, бір қоғамдық экономикалық формациядан
басқасына, төменгі өркениет баспалдағынан жоғарғысына ауысуы. Меншік
түрлерінің ауысуына байланысты жаңа прогрессивті өндірістік катынастар
пайда болады.
Адамзат өркениеттілігі баспалдағымен қоғам көтеріле отырып, қауымдастық
(қоғамдық) меншік түрінен жекеге, жекеден қоғамдыққа (мемлекеттікке)
қозғалыс жасап, экономиканы тек кана рынокпен немесе тек қана мемлекетпен
басқарады. Қазіргі жағдайда өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың
арасындағы қайшылықтар адамзат қоғамының аралас экономикаға, аралас меншік
(жеке мен мемлекеттік) түріне, басқару тәсілінің аралас (рынок пен
мемлекеттік) жүйесіне көшуімен жойылады.
Тарихқа терең үңіле отырып байқағанымыз, бұрынғы заманның өзінде меншік
түрлері таза күйінде болған емес, олардың кез келгенін баскасымен аралас
күйінде кездестіреміз. Мүндай жағдай көрнекті түрде біздің дәуірімізге
дейін VI-IV ғасырда Ертедегі Рим мен Ертедегі Грецияда байқалды. Ол елдерде
сол кезде кене дүниелік (антикалық) меншік өмір сүрді.
Көне дүниелік (антикалық) меншік - қауымдық меншік түрінің жерге деген
синтезін құрайды. Бұл мемлекеттік міндеттерді және әрбір азамат меншігін
шешудің негізі болып табылып, оларға ол еркін шешім қабылдай алады. Осы
дәуірге Ертедегі Афина мен Ертедегі Рим жетістігі дәлел, әсіресе жеке
тұлғаның, мәдениеттің өрлеуі, сондай-ақ азаматтық, саяси және экономикалық
өмірдің дамуы қарқынды болғаны тән.
Бұрынғы социалистік елдерде, КСРО-мен қоса 70-ші жылдардан бастап,
өндірістік қатынастар сипаты өндіргіш күштер даму деңгейімен қайшылыққа
келді. Бұл мемлекеттік меншіктің басқа меншік түріне қарағанда 90 %
болуымен, барлық ұлғаймалы өндіріс аясын терең монополиялап, экономика
дамуын тежеуден байқалады. Осы елдердің экономикасы қатаң орталықтан
жоспарлаудың қысымында болып, экономикалық мүдделікті жоққа шығарып, ғылыми-
техникалық прогреске селқос көңіл бөлді. Қоғамдық өндірістің тиімділігі 70-
шы жылдардан бастап қатты төмендеп, тауардың тапшылығы жалпы белең алды.
Экономика өндірістің жеткіліксіз дамуынан экономикалық дағдарысқа тап
болды. Осыдан барып нарыққа өтудің объективті қажеттілігі туды. Өтудің
қажеттілігі 1985-ші жылғы сәуірден бастап анық байқалды. Осы жылдан бастап
мемлекеттік басқару аппаратында қайта құру термині пайда болып, ол 1987-
ші жылдьщ маусым айынан нарық басқарудың бөлінбейтін элементі ретінде
дәріптелді.

1.2 Өтпелі экономика: оның түрлері, нышандары, сипаты және міндеттері

Өтпелі экономика типтерін ету процестерінің сипаты мен ауқымы бойынша
айырады. Өтпелі экономиканың ғаламдық және локалды типтерін бөліп қараймыз.
Ғаламдық адамзаттың бір дәуірден екінші дәуірге етуімен байланысты:
индустриалдык дәуірге дейінгіден индустриалдыққа өту немесе
индустриалдықтан постиндустриалдыққа (ақпараттық); екі өркениетіліктен
(шығыс және батыс) біркелкі әлемдік өркениетке ету.
Жоғарыда аталған дәуірлер шеңберінде локалдық өтпелі процестер жүзеге
асады: дәстүрлі экономикадан әртүрлі моделдегі рыноктық экономикаға өту.
Бұл кезде ғаламдық өту процесі өтпелі экономиканың локалды нышаны мен
типтеріне қатты әсер етеді:
а) инерциялы экономика. Қоғам мен оның экономикасы қысқа мерзімде
өзінің сипатын, түрін және жағдайын өзгерте алмайды.
Инерциондық өтпелі экономикада ұзақ мерзім кезіне бұрынғы ескі экономикалық
түрлерді сақтауды жүзеге асырады. Экономиканы, оның түрін, жай-күйі мен
құрылымын, кадрларды қайта оқытуды өзгерту, жана экономикалық ойды 5-10
жылда қалыптастыру мүмкін емес, ал 500 күнде жүзеге асыру қиын болмақ.
Қазақстан Республикасы нарыққа өтудің екінші бағдарламасыңца өтпелі
кезеңдегі экономиканың инерциялығы ескеріліп, ескі әміршілдік-әкімшілдік
басқару элементін жаңа нарықтық қатынастарға жайлап ауыстыруға бет-бұрыс
жасалды;
ә) өтпелі экономиканың тұрақсыздығы. Бұл жағдайда кез-келген ең жаңа
экономикалық түр мен қатынастар тез жойылады. Сондықтан тұрақты түрде ең
толыққан, ең тиімді, рыноктық қатынастардың динамикалық жаңа түрлерін
іздестірген дұрыс;
б) өтпелі экономикадағы ескі және жаңа экономикалық элементгер, түрлер,
бөлшектердің бір мезгілде болуы. Мұнда бір мезгілде кетіп бара жатқан
Мемлекеттік меншік түрімен бірге жеке меншік пайда болып, ол әр түрде
байқалады. Сөйтіп аралас меншік түрі пайда болады: мемлекеттік, жеке
меншікпен араласқан түрде және т.б.;
в) өтпелі экономиканың тарихилығы:
өту белгілі тарихи мерзім кезінде жүзеге асады; өтудің өзі белгілі
мемлекетте болады. Нақтыласақ, Қазақстан Республикасында өтпелі кезеңнің
аяқталуы шамамен ХХІ-ші ғасырдың басына белгіленуде.
г) өтпелі экономиканың өзіне тән арнайы құбылысы, тіршілігі және
ерекшелігі бар. Себебі, бұл кезеңде барлық әлемдік қауымдастыктағы елдер
әртүрлі даму баспалдағында болып, экономикалық жүйенің біркелкі емес
моделін қолдануда.
Егер нарықтық жүйеге енетін елдерді алатын болсақ, оларды бір-бірімен
былай: нарықтық экономикадағы мемлекеттің ролі бойынша, мемлекеттік
меншіктің жалпы құрылымдағы әртүрлі меншік түрлеріндегі үлесі бойынша,
монополиялык және олигополиялық нарықтардың бар болуы бойынша, еркін
нарықтық сектордың үлесі бойынша айыруға болады. Нарықтық экономикадағы
елдер дәстүрлі экономикадан нарықтық экономиканың қазіргі жаңа түріне -
әлеуметтік бағытталған әрі басқарудың аралас түріне көшуде.
Бұрынғы социалистік елдердің нарыққа өтуі адамзат қоғамы дамуындағы
қайталанбас нәрсе. Олардың нарықтық экономикаға өтуінің өзіне тән
ерекшелігі бар. Бұл өту құбылысы дәстүрлі түрде емес, жоспарлы экономикаға
енетін аздаған мемлекеттердін өзіне қатысты ерекшелігімен сыпатталады.
Жоспарлы экономикадағы аздаған елдердің өзінде өту мерзіміне әсер
ететін кәдімгідей айырмашылықтар болады. Нақтыласақ, ТМД елдерінде жеке
меншік болған емес, ал 90 % жуығы мемлекеттік меншік үлесіне тиді.
Сондықтан мемлекетген алу мен жекешелендіруге Польша мен Венгрияға
қарағанда көп уақыт қажет болды. Біз атап отырған екі елде мемлекеттік
меншік үлесі 14 %-дан асқан жоқ, ал жеке меншік үлесі - 76 % құрады.
Осыдан байқайтынымыз, Польша мен Венгрияға нарыққа өтудің жедел
шоктық варианты әбден келеді, ал бүл Ресей үшін болмайтын жай. Алайда
Ресейде осы аталған өту варианты 500 күн бағдарламасымен жүзеге асты.
Өтпелі процестер өзінің сипаты жағынан табиғи-эволюциялық және табиғи-
реформаторлық болып келеді.
Қоғамның бір жүйеден екіғшіісіне табиғи-эволюциялык процеске көшуі
әдетте ғаламдық эволюциялық процесс шеңберінде байқалады. Алайда ғаламдық
өзгерістер шеңберінде өтпелі процесс табиғи-реформаторлық сипатқа ие болуы
мүмкін. Өтпелі процестің табиғи-реформаторлық сипаты өтпелі экономиканың
локалдық типінде байқалуы мүмкін.
Мысал ретінде, реформаторлық сипаттағы локальды өтпелі экономикаға
1917 - ші жыддан кейінгі Ресейдегі социализм құрылысы кезеңін айта аламыз.
Осындай жағдай 1946 - шы жылдан соң Шығыс Еуропа мен Азия елдерінде болды.
Реформаторлық сипаттағы эволюциялық типке мысал ретінде, соғыстан кейінгі
Германияның тоталитарлык қазіргі типтегі нарықтык экономикаға өтуін
айтамыз. Белгілі неміс ғалымы әрі экономисі Людвиг Эрхардтың (1897-1977
жж.) жасаған бағдарламасының негізінде өту жүзеге асты.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағытталған аралас нарықтык
экономикаға өтуі ТМД елдеріндегі сияқты эволюциялық-реформаторлық сипат
алды. Нарықтық экономикаға өтудің Қазақстан Республикасындағы басты
міндеттері мыналар:
1. Мемлекеттік меншікті мемлекеттен алу және жекешелендіру.
Мемлекетсіздендіру - мемлекеттің экономиканы тікелей басқару қызметін алып
тастауын айтамыз. Меншікті жеке меншікке жекешелендіру мемлекетгін
абсолюттік монополиялық меншіктілігін жоюды білдіреді. Мемлекеттік
меншіктің үлесі азайып, шамамен 30-40 % шеңберде қалады.
2. Қазақстандық кәсіпкерлердін әлеуметтік жігінің қалыптасуы
(еңбекке қабілетті тұрғындардың жалпы санының 10-15 % қамту).
3. Нарықтық инфрақұрылымның қалыптасуы, басты нәрсе — тауар мен кор
биржасы және басқада әртүрлі нарықтың құрылуы.
4. Бәсекелістік пен кәсіпкерлікті дамыту мақсатымен экономиканы
монополиясыздандыру.
5. Бағаны бейтараптандыру, сұраным мен ұсыным негізінде рыноктық
сипаттағы бағаға көшу.
6. Экономиканын қаржы-экономикалық тұрақтануы.
7. Өтпелі кезеңде тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін мықты
қамтамасыз ету.
Нарыққа ету өзіндік мақсат емес, әлеуметтік бағытталған аралас
экономиканы құрудың құралы. Экономика адам үшін емес, экономика адам үшін
болуы керек.

1.3. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға өтуінің
ерекшеліктері

Нарықтық қатынастардың Қазақстан Республикасындағы қалыптасуының
ерекшелігі көптеген факторлармен байланысты түсіндіріледі: ұлттық,
әлеуметтік-демографиялық, ғылыми-техникалық, ұйымдық-құрылымдық, табиғи-
шикізаттық, табиғи-климаттық және географиялық сипаттармен.
Біріншіден, өтпелі экономиканың ерекшелігі сонда, Қазақстан өтуді
тұтастық шеңберінде, егемендікте және өз мемлекеттілігінде жүзеге асырады.
Екіншіден, экономиканың өтуін Қазақстан алғашқы рет әлемдік практикада
әкімшілдік - әміршілдікпен ғана емес, сондай-ақ коғамдык меншіктегі
жоспарлы экономикалық жүйеден, жеке және аралас меншік түріне негізделген
нарыққа өтуді жүзеге асырды. Әкімшілдік - әміршілдік экономикадан нарыққа
етудің халықаралық тәжірибесі Жапония мен Оңтүстік Кореядағы басқарудың
әкімшілдік - әміршілдік элементін қолданғандығы қажет нәрсе. Бірақ көзді
жұмып қойып, ұлттық кұндылық пен дәстүрді ескермей жат елдің тәжірбиесін
көшіре салу, экономиканы реформалауға толық мүмкіндік жасамайды. Сондықтан,
әлемдік еркениеттілікгің біздің ұлттық құндылығымызбен дәстүрімізге сай
болатындай тенденциясына бағыт ұстағанымыз жөн.
Үшіншіден, Қазақстанның территориялық - географиялық жағдайы -
өркениеттіліктің батыс пен шығысты қосатын ерекше орыны болып табылып,
өтпелі кезеңдегі экономикаға айрықша әсер етеді.
Төртіншіден, Қазакстан Республикасындағы экономиканы реформалау
созылған экономикалық дағдарыс жағдайында өтуде.
Ол КСРО-ның ыдырауымен, бұрынғы жалпы одақтық халық шаруашылығы
кешенінің экономикалық байланыстарьшың үзілуімен түсіндіріледі. Жалпы
одақтық экономикамен интеграциялық елдерде болған, еліміздің қауқарлы
ғылыми-техникалык, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы әулеуеті талап
етілмей қалды.
Бесіншіден, өнеркәсіптегі мемлекеттік сектор негізінен ірі кен-байыту,
металлургиялық, химиялық және химия-мұнай кәсіпорығщарынан тұрады. Ауьш
шаруашылығында ірі кәсіпорындар - совхоздар көп болды. Ресггубликада олар –
2059 - ға жетіп, барлық ауыл шаруашылығы кәсіпорынының 75 % құрады.
Қазакстан совхоздары ТМД-ғы ең ірі болып келіп, олардың әрқайсысында орташа
алғанда 15 мың шамасынан аздау егіс көлемі және 16 мыңнан астам ірі қара
мал басы болды. Осындай ерекшеліктер осы аядағы жекешелендіру сипатына әсер
етпей қоймады.
Жекешелендіру тек қана үшінші кезенде (1996-1998 жж.) ғана аяқтала
бастады. Сондай-ақ жекешелендіру мен өндірісті көтеру өнеркәсіптегі
сияқты ауыл шаруашылығында шет ел инвесторларының қатысуымен жүзеге
асты.
Реформалау практикасы көрсеткендей, Қазақстан Республикасы таңдап алған
бағыт - аралас әлеуметтік бағыттағы нарықтық экономиканы қалыптастыру -
республиканың өзіндік жағдайын, өзінің моделін құру факторын көбірек
ескереді. Қазақстан ары қарай реформаны жүргізгенде басқа елдің өтпелі
экономикадағы әлсіздігі мен жетістіктерін ескере отырып, нарықтық
экономиканың өзіне тән ұлттық моделін құрады.

2 ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

2.1 Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы

Өтпелі кезенде нарықтық экономикаға ету меімлекет үшін киын мәселелерді
көдденең тартады: меншік қатынастарын өзгерте, қайта құру, жалпы жаппай
мемлекеттік меншіктен өндіруші мен меншіккердің жақындасу түрлерін табу,
тіпті олардың толық бірігуін қамтамасыз ету. Демек, мемлекеттік меншікті
реформалау, оны жекешелендіру, мемлекеттік мүліктің жеке объект және жеке
ұжымдық (ұжымдық-топтық) иелігіне ауыстыру мәселесі туындайды. Мемлекеттік
кәсіпорындарды жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалык еркіндігі мен
жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.
Бұрынғы кейбір социалистік елдерде мемлекеттік меншік басқа меншік
түрлерінің жалпы құрылымына қарағанда артықтау болады. Осы жағдай ел
экономикасында бәсекелестіктің болмауына, алып келіп, өндіріс тиімділігін
төмендеуіне, өндіруші кәсіпорындар тұтынушыны билеп төстеуіне және тапшылық
экономикасынын пайда болуына алып келді.
Осылардың барлығы бәсекелестік нарықтық ортаны құру үшін мемлекеттік
меншікті реформалау қажетгілігін анықтады. Осыны жүзеге асыру өндірушінің
тұтынушыға өктемділігін жоюға, өндіріс тиімділігін арттыруға, нарықты
жоғары сапалы тауар мен қызмет көрсетумен барынша толтыра түседі.
Өтпелі экономика кезіңдегі мемлекеттік қатынастарды баскдша қүрудың
халықаралық тәжірибесі меншік түрлерін өзгертудін эволюция-реформаторлық
тәсілін, жекешелеңдіру тәсілін кеңірек қолдануды дәріптейді.
Экономикалық әдебиеттерде мына екі терминді: мемлекеттен алу мен
жекеншелеңдіруді бір-біріне теңестіріп қарайды. Алайда
мемлекетсіздеңдіру термині мемлекетген тікелей басқару қызметін альш
тастауды түсіндіреді. Басқаша айтқанда, мемлекеттік кәсіпорынға өзінше
еркіндік беру меншік түрін ауыстырумен байланысты емес. Мемлекетсіздендіру
мемлекетгік кәсіпорьшдардьщ толық коммерциялық есепке кешуін білдіреді.
Мемлекетсіздендіру - жекешелендіруге дейінгі аралык баспалдақ.
Ал жекешелендіру термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін
білдіреді.
Жекешелендірудің мақсаты:
өтпелілік максатты алға тартып, жеке меншік топтарын кұру;
мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджетгі толтыру үшін сату.
Мемлекетгік меншікті жекешелендірудің халықаралык практикасы
көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
- қатаң вариантты жекешелендіруді қаркынды жүргізу;
- жұмсақ вариантты жекешелендіруді ақырындап жүргізу.
Жекешелендіру - мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өзгеру ретінде өтпелі
экономика кезінде ТМД еддерінде ғана, Шығыс Еуропада және нарықтық
экономикасы дамыған елдерде: Ұлыбритания, Франция, Германия мен АҚШ-та
кеңінен қолданылады. Алайда, жекешелендірудін мақсаты нарықтық экономикасы
дамыған елдер мен нарықтық экономика түскен елдерде әртүрлі. Егер нарықтық
экономикасы дамыған елдерде жекешелендіру мемлекеттік бюджетке қосымша
қаржы тартуды мақсат етсе, өтпелі экономика елдерінде жеке меншікгі құру
құралы болып. соньш негізде бәсекелестік нарықтық ортаны қалыптастырады.
Дамыған елдерде жекешелендіру негізінен жекешелендірудің бір моделінде
жүзеге асты. Ол модель мемлекеттік кәсіпорындарды банк, сақтандыру
компаниялары, кейде тұрғындардың сатып алуына негізделген еді.
АҚШ-да мемлекеттік кәсіпорынды сату ұзақ мерзімде - 5 жылдын аумағында
жүргізіледі. Бір мезгілдегі (бірден төленетін) төлем жалпы төленетін
соманың 20 % - нан аспауы керек. ТМД мен Шығыс Еуропа елдерінде
жекешелендірудін өте күрделі моделі қолданылды.
Венфияда кәсіпорынды олардың жұмыскерлері сатып алды. Онда
жұмыскерлердің қаржылары ғана емес, кәсіпорынның тапқан пайдасы мен банк
несиелері қолданылады.
Чехославакияда шағын кәсіпорындар аукцион арқылы сатьшса, ірі
кәсіпорындар тұрғындар қаржысын, банк несиелерін және шетел капиталын
тарту арқылы жекешелендірілді. Сондай-ақ Чехословакияда кәсіпорындар сатып
алу үшін тұрғындарға купон мен чектер тегін таратылады. Чек пен купондар
жекешелендірілген кәсіпорынның акциясына айырбастау үшін берілген.
Ресейдегі жекешелендірудің басты мақсаты - мемлекеттік мүлікті сатып
алу негізінде меншіккер топтарын тезірек қалыптастыру болды. Тұрғындар үшін
біркелкі мүмкіндіктер жасалды. Осыны жүйеге асыру үшін барлық тұрғындарға
жекешелендіру чегі ваучерді берді. Олардың әрқайсысыньщ қүны 1000 рубль
бодды. Иегерлері оны еркін коладана алды: ваучерді сатуға,
жекешелендірілетін объект акциясын сатып алуға, өз ваучерін 600-дай
жекешелендіру қорының кез-келгеніне салуға мүмкіндік жасады.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған моделге
ұқсастықпен жүзеге асырылды.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізілді: бірінші кезеңде тұрғындардан
қайтаруды қажет етпейтін тұрғын - үй купонын қолдана отырып, үйлерді
(пәтерді) жекешелендіру жүзеге асты; екінші кезенде тұрғындар
қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық
жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай кор Қазақстанда
120-дай болды.
Жекешелендірудің бұл тәсілінің кемшілігі сонда, жекешелендіру
инвестициялық купон иесінін өз бетінше шешім қабылдау құқы жоқ, тек қана
оны инвестициялык қорына сала алды. Бұл адамның нақты кәсіпорынды
жекешелендіруге қатысуына тікелей кедергі жасады.
Жекешелендіру процесі кәсіпорынды жұмыскерлердің сатып алу мүмкіндігін
қарастырып, ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды, акционерлік қоғам-
шаруашылығын құрып, олардың акциясының 51 % мемлекетке жатты.
Бірақ мемлекеттің холдинг типіндегі акционерлік қоғамға катысуы
айтарлықтай нәтиже бермеді, әлсіз, банкрот болған кәсіпорындар тіріле
алмады. Мемлекетгің координациялық, басқару қызметі кәсіпорын басшыларын
бекітумен, өндіріс өнімін үйлестірумен және пайданы холдинг қажеттілігіне
қолданумен шектелді. Бұл айналым қорын жоюға және кәсіпорынды банкроттыққа
алып келді.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерге қарағанда, ТМД мен Шығыс Еуропа
елдерінде, үшінші әлем дамушы елдерінде жұмсақ жекешелендіру варианты
қолданылады. Бұл вариант - Чили, Индонезия, Индия, Алжир, Марокко, Мексика,
Түркия, сондай-ақ жаңа индустриалды екі елде - Оңтүстік Корея мен Тайванда
қолданылды.
Жұмсақ жекешелендіру ерекшелігі сол, бұл вариантта мемлекетгік
секторды жылдам бұру қарастырылмаған, қайта оның қызметін баскаша
ұйымдастырып, ұзақ мерзімде жекешелендіру көзделген. Бұл іс-шаралар
мемлекеттік кәсіпорынның экономикалық еркіндігін ақырындап ұлғайтумен,
олардың баға саясатының бір бөлігін либерализациялаумен, арнайы қатысу
қоры арқылы акционерлеп, бақылау пакет акциясьш мемлекеттің сақтауы арқылы
жүзеге асады.
Қазақстан тәжірибесі көрсеткендей, холдингтік-акционерлік қоғамды
колдану жекешелендірудің барлық мәселесін шешпейді.
Өтпелі экономикада мемлекетсіздендіру саясаты мен меншікті
жекешелендіру мемлекеттік меншіктің монополиялық жағдайын бұзу мен
экономикаға нарықтық, сыйпат беріп қоймай, сондай-ақ, экономикалық дамуды
тұрақтандыру мен экономикалық өсуге жетуді көздейді:
ұлттық экономикаға шетел инвестициясын тарту;
мемлекеттік субсидияны тарту есебінен мемлекеттік қарызды қысқарту және
жеке кәсіпорындар мен тұрғындардың табысын ұлғайту, нәтижелік мақсат -
тұрғындардың өмір деңгейін көтеру; бәсекелестік нарықтық орта жасау.
Экономиканы әкімшілдік - әміршілдік басқару жүйесі кезінде мемлекеттік
меншік түрі өте қатты дамыды. Практика көрсеткендей, меншікті
мемлекеттендірудін басты екі олқылығы болды:
а) еңбек адамы сол меншіктің билеушісі (иегері) жағдайын жоғалтады және
оны тиімді қолдануға жігерленбейді;
ә) өндірісті басқаруда бюрократтану жүріп, экономиканың артықшылығы
тапталады.
Шетел тәжірибесі көрсеткендей, мемлекеттік меншік 30 - 40 % болғанда,
нарық өзінің экономикалық тиімділігін сипаттайтын сапасын жоя бастайды.
Сондықтан Қазақстан Республикасында нарықтық экономикалық қалыптасуы көп
укладты экономиканың дамуын қарастырады. Мемлекеттік меншікті меншіктің
басқа түріне өзгерту мен реттеу жүзеге асты.
Меншік құқығы экономиканы мемлекеттен алу мен жекешелендіру арқылы
жүргізіліп, мемлекеттік мүліктер азаматтарға берілді.
Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен меншікті
алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізілді:
- бірінші кезең 1991-1992 жылдар;
- екінші кезең 1993-1995 жылдар;
- үшінші кезең 1996-шы жылдан басталып, 1998-ші жылдың бірінші
жартысына дейін созылды.
Қазақстан Республикасывда мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі
мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын
қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз
ету;
шағын және орта бизнесті дамыту;
шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-
шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық
құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
Қазақстан Республикасының ерекше меншік объектілері жекешелендіруге
жатпайды. Олар - жер, оның байлығы, су, әуе кеңестігі, өсімдік пен
жануарлар дүниесі, еддің тарихи және мәдени кұндылықтары.
Мемлекеттен меншікті алу - жай емес, кең көлемді процесс. Ол
мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысуын
қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын
көздейді. Мемлекеттен меншікті алудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің
қалыптасуына, бәсекелестік пен кәсіпкерліктің және әлеуметтік-бағытталған
нарықтық экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау.
Мемлекетген алу мен жекешелендіруге мемлекет меншік объектілері -
кәсіпорьш, бірлестік, ұйымдар және олардьщ бөлімшелері, сондай-ақ,
әлеуметтік аяның мәдени қызмет көрсету объектілері, мемлекеттік тұрғын-үй
қоры және басқада құндылықтар жатады. Мемлекеттен толық алу кәсіпорынның
бақылау цифры мен міндетті мемлекеттік тапсырысының, материалдық ресурсқа
лимиттер тұтынушыны әкелушіге және бағаны орталықтан бекітуге жоғарғы
ұйымға бағыну институтын жоюды талап етеді. Әртүрлі меншіктегі кәсіпорындар
арасындағы экономикалық қатынастар келісім негізінде құрылады.
Қазақстан Республикасында мемлекетгік меншік объектілерін мемлекеттен
алу мен жекешелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекетгік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концепсияға беру;
в) мемлекетгік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде
құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорьш мүлігін сатып алуы:
д) мүліктері мемлекеттік меншікке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын
мүлігін заңды тұлғаға және азаматтарға конкурс немесе аукцион ақрылы сату.
Бұл құбылыс агроөнеркәсіп кешенінде былай жүзеге асады:
совхоз бен басқада ауылшаруашылық кәсіпорындары фермерлік және шаруа
қожалықтары, шағын кәсіпорын мен олардың ассоциациялары және басқа
мемлекеттік емес шаруашьшық түрлері ретінде қайта құрылды;
ашық және жабық типтегі акционерлік қоғамды құру;
құс фабрикасы мен кешендерін, теплицакомбинаты акционерлік, шаруашылық
қоғамы немесе серіктестігі етіп қайта кұру;
рентабелді емес мемлекеттік ауылшаруашылығы кәсіпорын мүлігін занды
және жеке тұлғаларға аукцион арқылы сату: 1997 жылы 1 қантарда 2400 кеңшар
(совхоз) мен ұжымшар (колхоз) қайта құрылып, 47000 шаруашылық субъектілері,
оның ішінде 3200 шаруа қожалығы құрылды.
Меншікті мемлекеттен алу мен меншікті жекешелеңдіру тығыз байланыста
болады.
Мемлекеттік меншікке жататын барлық, халық шаруашылық салалары -
кәсіпорын, мекемелер немесе ұйымдар жекешелендіру объектісі болып табылады.
Жекешелендірілген объект жеке тұлғаға жеке меншік ретінде сатылуы мүмкін,
ал топтасқан адамдарға - жалпы меншік үлесін бөлу негізінде жүргізіледі.
Жекешелендірудін төмендегідей тәсілін айтуға болады:
а) аукциондық, жекешелеңдірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса
соған сатылады;
ә) конкурстық - таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып
алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
Қазақстан Республикасы 1993 жылы қараша айынан бастап жаппай
жекешелендіруге көшті. Мақсаты - тезірек меншіккерлер тобын қалыптастыру.
Тұрғындарға бірдей мүмкіндіктер жасау үшін инвестициялық жекешелендіру
купондары берілді. Қазакстандық моделдің негізгі ерекшелігі мынада:
Жекешелендірілген инвестициялық купондарды қайтарымсыз үлестіру;
Жекешелендірілген инвестициялық купонды тек қана
инвестициялық - жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі болды.
Инвестициялық жекешелендіру қоры азаматтардың жақсы кәсіпорында
жекешелендіруге қатысуына кедергі жасайды. Бір жағынан Қазақстан
Республикасында қабылданған модель Ресейлікке жақындау. Оларды
жекешелендіру чек-ваучерді тегін тарату қарастырылған. Алайда, Қазақстандық
инвест-купонды иеленушілер оны тікелей жаратуға құқы жоқ. Сондай-ақ
инвесткупонның ваучерден айырмашылығы сол, номиналды бағасының болмауы. Осы
жағдайлар Қазақстан Республикасында бағалық қағаздар нарығын қалыптастыруды
баяулатады. Басқада келеңсіз мәселенің бірі - инвестициялық қор қызметін
қосымшалап шектеу. Ресей чектік инвестициялык қордан өзгешелігі сол әрбір
біздегі инвестициялық қордың құқы жоқ:
Қазақстан Республикасы тұрғындары инвестиция купонын 5 % артығын
шоғырландыра алмауы;
бір аукционда кәсіпорын акциясыньщ 10 % артығын алу алмайды;
бір ғана жекешелендірілген объектіге жиналған инвестициялық купонның 5
% - дан артығын сала алмайды.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттен алу мен меншікті
жекешелендіру меншік құрылымын түпкілікті өзгертті. Жеке
меншіккерлер тобын қалыптастырды.
Монополды мемлекеттік экономика жағдайында кәсіпкерлік кызмет кұқығы
тек мемлекетке ғана жатады. Нарықтық экономика кәсіпкерлік қызметпен
айналысуды тек мемлекетке ғана жүктемейді, әрбір кәсіпорын мен индивидке де
мүмкіндіктер жасалады. Бұл нарықтық экономиканы тап-тұйнақтай етіп, ҒТП
талаптарына сай болуға және тұтынушы кажеттілігін қанағаттандыруға жағдай
жасатады. Өтпелі кезеңдегі мемлекеттің алдындағы басты міндеттердің бірі -
кәсіпкерлік құрылымды құру. Оларды масштабы бойынша шартты түрде майда,
орташа және ірі кәсіпкерліктерге бөлеміз. Кәсіпкерлік субъектісі бойынша да
бөлінеді: кәсіпкерлік субъектісіне - әртүрлі экономикалық қызметке
қатысатындар, жеке индивидтер жеке тұлғалар және жалпы экономикалық
мүдделер мен келісім - шарт міндеттерімен біріктірілген адамдар тобы
жатады. Ал, ұжымдық кәсіпкерлікке: серіктестік, кооператив, акционерлік
қоғам, холдингтер және мемлекетгік кәсіпкерлікті айта аламыз.
Неміс ғалымы әрі экономисі Йозеф Алоиз Шумпетердің (1883-1950 жж.)
ойынша, кәсіпкерлік жаңа игілікті дайындауға немесе басқа бір сапалы жаңа
игілікті жасауға бағытталған. Сондай-ақ ендіріске жаңа тәсілді өндіруге,
затты өткізетін жаңа нарықты игеруге; жана шикізат пен жартылай фабрикаттар
көзін табуға өндірісті талапка сай, баскаша құруға күш салады.
Кәсіпкерлік өз бетінше тіршілік пен тәуелсіздікке негізделген
шаруашылық тәсілі, экономикалық ойлаудың ерекше типі.
Кәсіпкерлікті құрудың өзекті мәселесі - мемлекеттік меншікті
мемлекеттен алу мен жекешелендіру болып табылады. Олар нарықтык экономикада
бәсекелестік ортаны құрып қана қоймайды, сондай-ақ еркін кәсіпкерлікке жол
ашады. Белгілі ағылшын ғалымы әрі экономисі Альфред Маршалл айтқандай,
нарықтық экономиканьщ басты қасиеті - өндіріс пен кәсіпкерліктің
еркіндігі. А. Маршалл бойынша, кәсіпкер - экономикалық процесті
жеделдетуші.
Нарықтық экономикаға өту еркін кәсіпкерлікке жол ашты, бірақ барлық
мәселені шеше алмады. Оны шешу үшін мемлекеттің үйлестіру ролі қажет.
а) шағын кәсіпкерлік және оның мәселелері.
Халықаралық практика көрсеткендей, шағьш кәсіпкерлік капитал тезірек
айналатын салаларда пайда бодды. Ондай салаға - сауда, қоғамдық
тамақтандыру мен қызмет керсету аясы жатады.
Нарықтық экономиканы реформалайтын қарқынды экономикалық саясат бағаның
либерализациялануынан басталады және онымен байланысты инфляцияның өсуі
тұрғындардың жинақ қорының құнсыздануы мен пайыздық, өсімінің тез
көтерілуіне қарай, шағын бизнестің қаржылық базасының жоюылуына алып
келеді. Бұл шағын бизнестің қалыптасуы мен оның инвестициялық қызметін
барынша тұсаулап тастайды. Шағын кәсіпкерлік көптеген жиналым мен үлкен
салықтардың құрсауында қалады. Өткелі кезендегі қалыптасып отырған
экономикалық жағдай кәсіпкерлік қызметін ынталандыру жағдайын жояды.
Алайда, нарықтық экономиканың қалыптасуын кәсіпкерліксіз елестеу мүмкін
емес.
Қазіргі әлемдік экономика жағдайында ірі монополияның ары қарай
қарқынды дамуы шағьш және орта фирмалардың сақталуымен тікелей сабақгас.
Бұл ғылыми-техникалық революция мәселелерімен де байланысты. Көптеген жаңа
заттардың түрлерін шағын және орта кәсіпорындар өндіре бастайды. Себебі,
өндірістегі алдыңғы орынға таласа отырып, олар сұраным өзгерісіне тез арада
жауап береді және өндірістің тұтынушыны қанағаттандырмаған жаңа нәрселерін
іздей бастайды. Сондықтан шағын фирмалардың жұмыстағы бір адамға шаққандағы
ғылыми-зерттеу және конструкторлық жұмысқа шығындары ірі кәсіпорынға
қарағанда әлдеқайда жоғары.
Қазіргі кезде шағын бизнестің жалпы алғанда нарықта жаңа өнімдер өндіру
көлеміндегі ролі өте жоғары.
АҚШ-да федералдық сатып алу басқармасының мәліметі бойынша, 50 - ші
жылдың ортасынан бастап 70 - ші жылдың ортасына дейін шағын фирмалар (1000
адамнан аздау мекеме жатады) елдегі әртүрлі жаңалықтардың жартысына жуығын
тапқан. Тіпті, ашқан жаңалықтардың ширегіне жуығы 10 адамнан тұратын
фирмаларға келген. Арріе шағын компаниясы персональды (жеке бастың)
компьютерді шығаруды алғашқылардың бірі болып игеріп, кейін оны ең мықты
өндірушілерге айналды. Шағын өндірісті игергендерден авансценаға американың
қазіргі белгілі компаниялары Ксерокс, Тексас инструментс, Полороид
сияқтьшар шықты.
Капиталистік елдерде тұрғындарды жұмыспен қамтуда шағын бизнестің ролі
өте зор. АҚШ-да соңғы 10 жылдың ішінде 60 % - дай жаңа жұмыс орны 20
адамнан аздау жұмыс істейтін кәсіпорындарға келеді. 80-ші жылдардың басында
жұмыссыздықтың қатты өсуіне байланысты көптеген ғалым, экономист және
мемлекет қайраткерлері шағын бизнесті жаңа жұмыс орнын табудың құралы
ретінде қарап, ірі кәсіпорындағы жұмыстылықты қысқартудың орнын толтыратын
қабілетгілігі барлығын байқалды. Сондықган да капиталистік елдердің үкіметі
тарапынан шағын бизнеске әртүрлі көмек көрсетіледі.
Шағын және орта бизнестің болуы ірі фирма (монополия) мүдделерінде
толық қанағаттандырады. Бүгіндері енімді дайындау үшін мыңдаған детальдар
керек болады. Оларды өндіру үшін көптеген шағын және орта фирмалардың
маманданып, сонымен қатар олар концернмен контракт жүйесімен байланысқан.
Кейбір ірі электротехникалык, автомобиль монополияларында және басқада
салаларда тұрақты түрде 20-30 мындай шағын компаниялар жұмыс істейді. Жалпы
шағын және орта фирмалардың көп белігі ірі монополиялармен контракт жасай
отырып өмір сүреді. Мысалы, Францияда 40 % шағын және орта кәсіпорындар ірі
монополиялармен байланысты. Сондай-ақ, АҚШ-да контракт жүйесімен 400 мыңға
жуык немесе 25 %-дай шағын кәсіпорындар қамтылған, оларда 4,5 млн адам
жұмыс істейді. Осындай жағдайды Жапонияда да кездестіруге болады.
Шағын бизнесті кең тарату техникалық, қызмет көрсету саласында да
кездеседі. Осындай кәсіпорынды ашу үшін аздаған капитал қажет. Өндірістен
қолы босап, жұмыссыз қалғандар езі айналысатын тіршілік көзін ашуға
талпыныс жасайды.
Жалпы 80-ші жылдардың басында шағын кәсіпорында тек қана иегер отбасы
мүшелерінің еңбегін қолдануға, Жапонияда барлык жұмыс істейтіндердің 32 %,
Италияда - 29 %, Францияда 21 % қамтылған.
Монополистік емес фирмалар бірқатар жаңа салаларда өзінін жағдайын
кәдімгідей бекітіп алған, әсіресе алдыменен ақпараттық кешенде. Ғылыми —
техникалық прогресс негізінде іскерлік қызмет көрсету спектрі ЭВМ -
негізінде - ақпаратгы өндеу, бағдарламамен қамтамасыз ету, инжиниринг,
консультациялық бизнес және т.б. қалыптасты. Мұндай қызметтер түрі
ресурстарды шоғырландыруды аса қажет етпейді және шағын компаниялар
шеңберінде ойдағыдай жүзеге асыруға болады. Мысалы, Германияда
бағдарламамен қамтамасыз етуде 3700 астам фирма қызмет етуде, онын ішінде
шамамен 70 % 10 адамнан аздау жұмыс істейтін компаниялар құрайды.
Жоғарыдағы ойымызды жинақтап, қорытындылайтын болсақ, онда шағын және орта
бизнестің ролі төмендегі алты қызметте байқалады.
Біріншіден, шағын өндіріс нарық конюктурасының өзгеруіне жедел реакция
байқатып, нарықтық экономикаға икемділік көрсетеді. Мұндай іс әрекетке ірі
алпауыт - кәсіпорындар қол жеткізе алмайды.
Екіншіден, шағын және орта бизнес көптеген қолданылмаған қаржы
құралдарын тиімді жұмсауға жұмылдырады. Мүндай бизнес түрі болмағанда, бұл
ресурстар қолданылмас еді.
Үшіншіден, шағын және орта бизнес бәсекелестік ортаны қальштастыруда
кәдімгідей үлес қосады. Себебі, кез келген мемлекетке жоғары
монополияланған экономика жағдайында бірінші мәні бар нәрсе.
Төртіншіден, шағын және орта бизнес тұрғындарды жұмыспен қамтуда үлкен
роль атқарады. Өнеркәсібі дамыған елдерде барлық жұмыс істейтіндердің 50-60
% қамтыса, жаңажүмыс орндарының 70-80 % құрайды.
Бесіншіден, жоғарыда атап өткеніміздей, ғылыми-техникалық прогресті
дамытуда шағын өндіріс айтарлықтай роль атқарады. АҚШ-да шағын бизнеске
ғылыми-техникалық жаңалықтардың (жеке бастылык, компьютер, көбейткіш
аппараттар, Полороид фотоаппараты) 50 % жатады.
Алтыншыдан, әлеуметтік шиеленісті жұмсартуда шағын және орта бизнес
орны ерекше роль атқарады. Тұрғындар қиын дағдарыс кезінде бұл жерден жұмыс
тауып өздерінің қабілеттерін жүзеге асырады.
Кәсіпкерліктің халықаралық тәжірбиесінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика мәні, маңызы
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
Экономиканың жүйелердің негізгі типтері
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
ӨТПЕЛІ ЭКОНОМИКА ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастарды қалыптастырудың өзiндiк ерекшелiктерi
Экономика пәнінен дәрістер
ТРАНЗИТТІК (ӨТПЕЛІ) ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Әкімшілік және нарықтық экономика: салыстырмалы талдау
Пәндер