Қазақстандағы большевиктік тәртіп


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы: Кеңес билігі тұсындағы ұлт зиялыларының оппозициялық қызметі (С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев) диплом жұмысы

Жоспар:

Кіріспе

I тарау. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жүйеге ұлт зиялыларының қарсылығы.

  1. Жер мәселесіне байланысты ұлт зиялыларының көзқарасы.
  2. Ұлттық мемлекеттілік үшін күрес.

II тарау. Қазақстандағы большевиктік тәртіп.

2. 1 Қазақстанда кеңестік саяси бақылау жүйесінің дамуы.

2. 2 Қазақстанның мемлекеттік және партия қызметкерлеріне қарсы қуғын.

2. 3 Қазақ өлкелік комитетенің III пленумы.

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Тарихтың өзекті арнасы- жеке тұлғалардың, тарихи қайраткерлердің туған еліне, халқына сіңірген еңбегін, олардың қоғамдық - саяси және әлеуметтік процестердегі ролін ашу болып табылады. Сонымен қатар, жеке тарихи тұлғалардың өзінің азаматтық құқығының сақталуы, оның қайраткер ретінде қалыптасу мәселесіне көп көңіл бөлінуі тиіс. Халқының жадында, тарихтың сарғайған құжаттарға толы қойнауында аты да, қызыметі де сақталған, соңына қалдырған мұралары бүгінгі ұрпақтың рухани қазынасына айналып отырған қасиетті қазақ жерінің азаматтары аз емес. Тотлитарлық жүйе кейінірек ақтамаған, кезінде « халық жауы» аталған азаматтар, сондай - ақ, тотолитарлық жүйеге адал қызмет жасаған, өмірі де, көзқарасы да осы жүйенің өзі тәрізді қайшылықты, бірақ бүгінгі тарихымыз әлі күнге әділ баға бермеген қайраткелер де бар.

Олардың қатарындағы С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаевтар кеңестік жүйеге аянбай қызмет етіп, сол жүйенің өзі әділетсіз жазалаған ұлт зиялылары. Сондықтан да тағдырлары аса күрделі тұлғалар болмысымен туған халқына қайта оралып, жалпы жұтшылықтың тарихтан сабақ алар нысанына айналуда. Осығын дейін жазылған Отандық тарихымызда олардың қайраткерлік қызметі өз дәрежесінде бағаланды деп айтуға әлі ертерек. XX ғасырдағы күрделі (20-30 жж) тарихи оқиғаларға белсенді түрде тікелей араласып, Республиканың қоғамдық саяси өмірінде өзіндік терең із қалдырған ұлт - зиялыларының еңбектерін оқып, білу арқылы, біз Отандық тарихымызды одан әрі байыта түсуге, терең түсінуге жол ашпақпыз. Олардың қайраткерлік еңбегіне объективті баға беру ұлттық тарихымыз үшін ғана емес, егемен Қазақстанның жас ұрпағын рухани және саяси тұрғыдан тәрбиелеу үшін де керек. Ұзақ жылдар бойы ішкі қайшылығы мол өтпелі тарихи кезеңнің аталмыш тұлғаларының өмірі мен қызметі туралы салиқалы пікір айту, ғылыми зерттеу жүргізіп, қорытындылар жинау қиын да ауыр. Оның басты себебі С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев кеңестік жүйенің ірі қайраткері бола тұрып, сол жылы республиканы басқарған Ф. Голощокиннің ұсынылған бағытына ашық қарсы болып, өз пікірлерін тайсалмай батыл айтып, ақырында республиканың Партия ұйымында қолдан жасалған «оңшыл ұғымға» жатқызылуы. Олардың тарихи тұлғасы кеңестік тарихымызда жалаң, бір жақты баяндалуы, « ұлтшылдыққа» жөнсіз айтылуы да бұл тақырыпты шынайы, сындарлы, яғни жаңаша зерттеу қажеттігін айқындай түседі. Бүгінде Қазақстан Республикасы егемен ел атанып, өзінің тарихын жаңаша көзқараспен жазып жатқанда, оларды бұрынғы қате, сыңаржақ пікірлерден арылтуымыз қажет. Зерттеу тақырыбын өзекті ете түсетін тағы бір нәрсе - кезінде Кеңестік Қазақстандағы 1920ж II жартысында қабылданған әртүрлі заңдар мен қаулыларға Ж. Мыңбаевты білмейінше баға беру қиын. Қаз. АКСР ОАК тарапынан жарық көрген мұндай құжаттарға Ж. Мыңбаев қызмет бабына байланысты қол қойып отырған. Мұның өзі өткен 20-30 жылдардың қоғамдық саяси астарларын, әсіресе тарихшы - ғалымдардың зерттеуін қажет етеді. Қайраткер ең алдымен партияға қызмет етуі тиіс болды. Сонымен қатар өзіндік ойы бар, принципшіл басшылар, жікшілдер атанып, әр түрлі « шиналарға» мүше болып кете барды.

Ұлттық қайраткерлердің ұлт жандылығын, туған ұлтқа жанашырлығын көрсету, Каммунистік Партияның орыстандыру, интернационализм идеологиясына нұқсан келтіретін болғандықтан, қайраткер болмысын ашатын, мазмұнды зерттеулерге іс жүзінде тыйым салынып, керісінше, коммунист «тапшыл» тұлғалардың қоғамдық саяси қызметтерін барынша көтермелеп зерттеуге жол ашылды. Бұл пікірімізге тақырыбымызға қатысты Мыңбаев туралы ішінара мәселе көтерген кеңестік зерттеулерде қайраткерге объективті бағалар берілмегені дәлел бола алады. Ал ұлт зиялылары тарихына олардың көзқарасына, ой толғауларына ішкі, рухани мәдениетіне, қоғамның қайшылықты әлеуметтік саяси өміріне тоқталмай тарихи дамудың күрделі құбылыстарын ашып көрсету мүмкін емес. Әсіресе, 20-30 жылдарды қарастырғанда, тоталитарлық коммунистік партия мен ұлттық зиялы қауымның саяси қарым-қатынасы мәселесін естен шығаруға болмайды. Сонда ғана ұлт зиялыларының төңкеріс және одан кейінгі тоталитарлық жүйе қалыптастыра бастаған кезіндегі ролін шынайы анықтауға, айқындауға және қазіргі уақыттағы оның көптеген сындарлы, күрделі мәселелерінің мәнін толық түсінуге болады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі :

Егер уақыт тұрғысынан, жалпы алғанда Ж. Мыңбаев, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтың қызметтерін зерттеуге арналған жұмыстарды екі кезеңге бөлуге болады. Алағашқы кезең XX ғасырдың II жартысынан 80 жылдардың орта тұсына дейінгі уақытты қамтиды. Бұл кеңестік тоталитарлық қоғам тұсында оларды бір жақты қаралау және негізсіз айыптау мазмұнындағы еңбектердің жазылуы немесе пайда болу кезеңі. Бұларда негізінен ұлтшылдық сипатта қателіктер жіберген, сол үшін қызмет бабында төмендетілген, партия саясатының 20- жылдардағы негізгі мәселелері бойынша оңшыл ауытқушыларға ұрынған қайраткер ретінде сипатталады. Екінші кезең -1980 ж соңынан 1990 ж бергі уақытта өмірге келген дүниелер. Бұл кезең жариялылық ықпалы мен тарихи шындықты айтуға талпыныс білдірген зерттеушілердің біртіндеп Қазақстанның егемен ел болуына байланысты жарық көрген еңбектерге ұласуымен ерекшеленеді. (Ж. Мыңбаевтың 100 ж, С. Қожановтың 90 ж, С. Сәдуақасовтың 100 жылдық мерей тойларына арналған материалдар ) Ж. Мыңбевтың өмірі мен қызметі туралы алғашқы зерттеулердің қатарына түрлі баспасөздерде жарияланған бірлі - жарым мақалаларды жатқызуға болады.

Қазақстанның белгілі жазушысы С. Мұқанов « Өмір мектебі» атты трилогиясында « Адай уезінен шыққан жұмысшы революционер Ж. Мыңбаев » деп дәріптеген. ( 1, 93бет) Жазушы еңбегінде Мыңбаевтың атын атап, қызметін елегені байқалады. 1976 ж. жарық көрген «Қазақ совет энциклопедиясының» 9-шы томындағы Ж. Мыңбаевқа арналған өмірбаяндық анықтамада біраз қателіктерге жол берілген. (2, 241 б ) Онда Мыңбаевтың Орал губернаторлық АК төрағасы болған уақыттары жаңсақ жазылып, сонымен бірге оның Түрксіб темір жол құрылысы

« Союзхлебте» атқарылған қызметтері көрсетілмеген және мұнда да оның өмірбаяны « ұлтшылдық бағыт ұстанды» деген айыптау сөздермен аяқталған. 1980 жылдардың ортасында жарық көрген «Қазақстан Коммунистік партиясы тарихының очеркі» атты кітаптан мынадай жолдарды оқуға болады: « . . . Сәдуақасов, Қожанов, Мыңбаев және басқалардың тобы шын мәнінде және күрес әдісі бойынша ауылдағы ауқатты топтардың ықпалын бейнелейтін әрекеттегі топтар екенін атап көрсетті . . . »(3, 183-184 бб) В. И. Устинов қазақтың белгілі азаматы Т. Рысқұлов туралы жазған «Зампред совнаркома Российской Федераии» атты кітабында «Обоснованно и партийно принципиально выступал Т. Рыскулов при решении проблемы «советизации аула»- релизация в услвиях Казахстана курса партии, оживление деятельности советов . . . Он активно выступал против групповщины различных групп и группирловок, возглавляемых Ходжановым, Мынбаевым, Садвакасовым и. т. д действовал против беспринципных основ родоплеменной вражды». (4, 18б) Бұл еңбектен автордың Голощекин төңірегін екі жікке бөліп, Қожанов, Мыңбаев, Сәдуақасовты «партияның жаулары» ретінде көрсетуге тырысты. Жоғарыдағы 80 жылдардың екінші жартысында басталған қоғамдық өзгерістер 1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігін жариялауы Отандық тарих ғылымына да игі әсерін тигізді дедік. Бұл шындық. Тарихымызды жаңа көзқарас тұрғысында зерттеген еңбектер осы тұста жарық көре бастады. Шолу түріндегі мақалалар жариялана бастады. Мысалы, 1989 ж «Жалын» журналында Ж. Бектұров «Алыс жылдардың бір дерегі» мақаласын жариялады. Онда «Ж. Мыңбаев Астрахань жақтың қазағы. Осы күні бұл адам жайлы жөнді ештеңе айтылмайды. Бәйбішесі осы беріге дейін Алматыда тұрады деуші еді. Ж. Мыңбаевтың бұлайша ұмыт қалуына жұрт білетін белгілі милиция қызметкері Ж. Ералиевтің 1929 жылы қаза табуы әсер еткендей» делінген. (5, 70-73бб ) 1990 жылы «Арай» журналында І. Қозыбаевтың «Ел қамын жеген екеу кім?» мақаласында Л. Троцкиймен пікірлескен екі қазақ қайраткерін анықтауға тырысады. Онда : « Осының бәрін саралап, салмақтай келе әкімшіл - пәрмендік системадан көрген тепкіден, Орталық Комитет пен Қазақ Өлкелік Комитетіне қайта - қайта барып, өз мақсатымызды ұқтырамыз деген үміттің үзілуінен, голощекиншілермен күрестен түк шығара алмай қажығандықтан Троцкийге барып жолығуға мәжбүр болған, ел қамын жеген екі азамат- Сәдуақасов пен Мыңбаев деуге әбден болады» деп жазды. ( 6, 71-73бб) Әдебиеттанушы Д. Қамзабекұлы қазақ зиялыларының ішінде күрделі тағдыр иесіне, ірі қайраткерге арналған «Смағұл Сәдуақасов» атты еңбегінде «Қазақстан кеңестердің II съезінен кейін көп ұзамай республикадағы саяси ахуал қатты өзгерді. Орталықтың мұнда I хатшылыққа жіберген Ф. Голощекин қазақ елінде өзінің «Кіші октябрінің» идеологын іздеп, өкімет басындағыларды саралаумен болды. Кешікпей С. Сәдуақасов, С. Қожанов, Ж. Мыңбаев оның сын нысанына ілікті» деген жолдар бар. (7, 25б) Белгілі журналист М. Қазыбек пен тарихшы ғалым Ғ. Маймақовтың «Құпия кеңестер» атты кітабында 90 жылдарға дейінгі архив қойнауынан зерттеушілердің алып тануына мүлде тыйым салынып келген үш бірдей құпия кеңес құжаты тұтас күйде алғаш рет талданды. (8, 9б) Бұл кеңестерде көтерілген мәселелер дер кезінде күн тәртібіне қойылған еді. Құпия кеңес алғаш 1923 жылы өтті, тарихқа IV ұлттық кеңес ретінде енсе, екінші 1926 жылы Мәскеуде Т. Рысқұловтың тікелей басшылық етуімен ұлт өкілдерінің жеке кеңесі болды. Соңғы кеңес орталықтың тапсыруы бойынша жеке кеңесті жоққа шығаруға арналған Ф. Голощекин өткізген жиын. Ұлт зиялыларының тағдыры осы кеңестерде қабылданған шешімдерге орталықтың берген саяси бағасымен тығыз байланысты. 30 жылдары қазақ зиялыларына қарсы саяси қуғын - сүргін ұйымдастырылғанда осы кеңеске қатысушылар ұлтшыл деп айыпталды. Ж. Мыңбаев науқанға ерте қайтыс болғандықтан ілікпеді. Осылайша 1926 жылдың өзінде өз мәселелерін шешу жөніндегі ұлттардың бастамалары бір жола тұншықтырылып, ұлт мәселесін шешу Орталықтың қолына толық өтті. Тіпті осы мәселені көтерген әлгі кеңестердің өздері де «құпияға» айналып, олардың құжаттары мәңгіге архивке жөнелтілді. Белгілі тарихшы ғалымдар М. Қойгелдиев пен Т. Омарбековтың «Тарих тағылымы не дейді» еңбегінде кеңес өкіметі тұсында барынша бұрмаланған Ж. Мыңбаев, С. Сәдуақасов, С. Қожанов еңбектеріне лайықты баға беріледі. (9) Ұлт зиялыларының оппозициялық қызметіне байланысты байсалды ойлар дарынды жас тарихшылар С. Серікбаевтың «XX ғ. 20 жылдарындағы Қазақстандағы әлеуметтік, саяси өмірдегі Ж. Мыңбаевтың мемлекет қайраткері ретіндегі тарихи орны» (А., 2000), Ф. Рысқалиеваның «Ж. Мыңбаевтың өмірі мен қоғамдық - саяси қызметі» (А., 2004) атты диссертацияларынан көптеген мәліметтер кездеседі.

Деректік негізі. Бітіру жұмысының деректік қорындағы материалдарды бірнеше топқа бөлуге болады. 1- кезекте мұрағаттық құжаттар ҚРОМА-нің №5 «Қырғыз (қазақ) жұмысшы, шаруа және қызыл әскер депутаттарының ОАК-ті» деген қорынан Ж. Мыңбаевтың қоғамдық, саяси, кәсіби қызметтеріне қатысты мәліметтер кездеседі. (12, 42п) 2- кезекте қазақ тіліндегі мерзімді баспасөздер XX ғасырдың басында жарық көрген газет-журналдарда ұлт зиялыларының мүддесіне байланысты туындылар аз емес. Мысалы, С. Садуақасовтың «Еңбекші қазақ» газетінің 1925ж 5 мамырдағы санында жарияланған «Ойланатын уақыт жетті»мақаласы (13, 18б), С. Қожановтың «Қызыл Қазақстан» журналында 1925 жылы басылған «Жалаң ұрандардан іске өту керек», (13, 37б) «Еңбекші қазақ» газетінің №24 санында жарық көрген «Наурыз туралы» атты мақалалары солардың бірі ғана. 3- кезекте ұлт зиялыларының жарық көрген еңбектері. С. Сәдуақасовтың 2003 жылы басылып шыққан 2 томдық шығармалар жинағы. 4- кезекте Қазақ Компартиясының съезд, конференция, пленумдарының қарарлары мен шешімдері жинақталған 2 томдық еңбек те дерек қорын байыта түседі.

Бітіру жұмысының мақсаты аталған деректер мен зерттеулерге сүйене

отырып, қуғын сүргінге ұшыраған ұлт зиялыларының қиын тағдырлары мен кеңес билігі тұсындағы оппозициялық қызметтерінің мәнін терең түсіну, жан-жақты білім жинау.

Бітіру жұмысының міндеті осы мақсатты жүзеге асыруда мынадай міндеттер жүктеледі :

- С. Қожанов, С. Сәдуақасов, Ж. Мыңбаевтың өмірбаяндарына қысқаша шолу (мемлекеттік қызметтеріне дейінгі кезең) жүргізу.

-Ұлт зиялыларының жер мәселесіне байланысты көзқарастары туралы баяндау.

-Ұлт зиялыларының ұлттық мемлекеттілік үшін күресіне тоқталу.

-Қазақстанда кеңестік бақылау жүйесінің дамуын ашып көрсету.

-Қазақстандағы мемлекеттік және партия қызметкерлеріне қарсы қуғынның себептерін айқындау.

-Қазақ өлкелік комитетінің III Пленумының нәтижесін тарихи тұрғыдан талдау .

Бітіру жұмысының методологиялық негізі. Тақырыпты талдауда біз соңғы уақыттағы Отандық тарихи ғылымында болып жатқан методологиялық өзгерістерге сүйендік. Кеңес дәуірінде ұлт зиялыларының оппозициялық қызметі Сталиндік қуғын сүргінге ұшырау себептеріне байланысты зерттелінбеді. Сондықтан да зерттеу барысында жүйелілік, объективтілік, тарихи-салыстырмалылық секілді ғылыми принциптер негізге алынды. Сондай-ақ, осы тақырып төңірегінде соңғы уақытта қалыптасқан жаңа ғылыми көзқарастар, тұжырымдар мен ой пікірлерді мүмкіндігінше басшылыққа алынып, бітіру жұмысын жазу барысын талдау, жинақтау, қорыту әдістері қолданылды.

Бітіру жұмысының хронологиялық шегі. Ұлт зиялыларының саяси және қоғамдық мемлекеттік қызметтеріне қатыстыоқиғалар негізінен 1917-1938 жылдардағы күрделі тарихи кезеңді қамтиды .

Бітіру жұмысының құрылымы кіріспе, негізгі бөлімі екі тараудан және қорытындыдан тұрады. Пайдаланылған әдебиеттерге сілтемелер жасалған.

I тарау. Кеңес дәуіріндегі Қазақстандағы қоғамдық-саяси жүйеге ұлт зиялыларының қарсылығы

Әрбір елдің өзін-өзі басқаруы ұлттық мүддеге қызмет ететін мемлекеттік құрылыс арқылы іске асады. Мемлекетті басқару алдымен сол халықтың ғасырлар қайнауынан тамыр алатын тарихи ерекшелігіне, өзіндік табиғи болмысына, сондай-ақ басқа да халықтардың адамзаттық прогресшіл өмір тәжірибесіне негізделсе керек. Сонда ғана үдемелі дамуға жол ашылмақ. Басқа жол тұйыққа тірейтін жол. Ал осы биік мақсаттарды өмірлік шындыққа айналдыратын нақты қайраткер адамдар, солардың мыңдаған кедергілерді жеңген жігері көзге бірде көрінсе, бірде көрінбейтін мыңдаған түрлі қиындықтарға мұқалмаған қайсар рухы. Басқаша айтқанда, белгілі бір тарихи кезеңдерде немесе дәуірлерде халықтың асыл арманын, тілек-мұратын білдіруші де оларды жүзеге асыру үшін күресуші де сол қайраткерлік дәрежеге көтерілген адамдар. Өтпелі күрделі кезеңдерде халық олардың іс-әрекетінен, мақсат-мүддесінен, тіптен мінез-құлқынан бүгінгі өзінің алдында тұрған азапты сауалдарға жауап, іс-қимылына негіз боларлық сүйеніш іздейді. Қазақ елінің осындай ұлдары - Смағұл Сәдуақасов, Сұлтанбек Қожанов және Жолау Мыңбаев.

XIX ғасырдың соңы XX ғасырдың басында өмірге келіп, халық қамымен саяси өмірге араласқан ұлт зиялылары осы ғасырдың соңында кейінгі ұрпақтардың назарын өзіне қайта бұрғандай қандай сіңірген еңбегімен, үлгі өнегесімен құрметті? Бұл сауалға жауап беру үшін, әрине, олардың голощекиндік зорлықпен, тапшылдық көзқараспен, жаңа қалыптасып келе жатқан тоталитарлық жүйемен күресін және басқа ерлік істерін тізіп шығуға болар еді. Бірақ олардың бәрі де мәселенің ең негізгі қырын, негізгі мәнін ашып бере алмайды. «Сәдуақасовшылдық», «Қожановшылдық», «Мыңбаевшылдықтың» жаулары өлердей қорыққан ең басты «міні» өткінші бір күндік, бірер жылдық науқандық шаралардан мәңгі елдік, ұлттық мүддені дер кезінде ажырата алуында, саяси басшылықтың назарын соған аударып, сол үшін еңбек етіп, күрес жүргізуінде еді. Дәлірек айтқанда, жаңа қалыптасып келе жатқан ұлттық мемлекеттік биліктің сұранысына сай жаңа саладағы қайраткер болып қалыптаса бастауында еді. Оның топтық, интернационалдық мүдделерді ұлттық мүддеге қарсы қойған орталық билікпен және халық мүддесімен санаспаған не оны алған қызметіне айрыбастаған жергілікті басшылықпен келісе алмауы да сондықтан болатын. Қазақ тарихында «голощекиншілдік» пен «сәдуақасовшылдық» мемлекеттік басқарудағы бір-бірімен бітісе алмайтын екі ағым космополиттік және табиғи патриоттық көзқарастар болатын. Тоталитарлық жүйе жағдайында бұлардың алғашқысының үстемдік алуы да таңданыс тудырмайтындығы сондықтан.

Аталған ұлт зиялыларының саяси өмірбаяндары мен өмір жолдарына үңілсек.

Смағұл Сәдуақасұлы 1900 ж. сол кездегі территориялық айырым бойынша Ақмола облысы, Шарлақ уезі, Қараой болысы, Жарқын ауылында (қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Ұялы-Жарқын ауылы) дүниеге келген. [16, 45 б. ] Әкесі Сәдуақас Тұрабайұлы (1872-1937) хақ жолын ұстанған, қоңыр дәулетті молда болған. Ол Смағұлдай ұлды тәрбиелеп өсіргені үшін қанқақсап 1937 ж. нақақтан атылған. Анасы Мәжікен (1879-1938) перзенті Смағұлдың қайғылы қазасы мен күйеуінің жазықсыз айдалғанын көтере алмай құсадан дүние салған. Жалғыз бауыры-қарындасы Орынбасар да (1916-1990) өмірден өгейлік, тағдырдан тәлкек көріп өкіметтен бір тиын зейнетақы алмай көз жұмған. Смағұл ұшқан ұяның қайғылы халі, міне, осындай. Бұл тарих. Исі алаштың құрықпен ұсталып, тұсалған шынайы тарихының бір ұшқыны.

1912 ж. ауылындағы Әбіл молда Қуанышұлының шығыс пен батыс білімін қатар негіз етіп алған мектебін тәмамдаған Смағұл өмірінде түрлі дәрежедегі бірсыпыра оқу ордасының табалдырығын аттайды. 1912-1915 жж. екі класты Полтовка орыс-қазақ (қырғыз) училищесінде, 1916-1918 жж. Омбы ауыл шаурашылығы училищесінде, 1918 ж. Омбы политехникалық институты жанындағы кооперация курсында, Омбы ауыл-шаруышылығы институтының кооперация факультетінде оқиды. Кейінірек, саясаттан мүлде шеттетілген жылдары, дәлірек айтсақ, 1928-1932 жж. аралығында Мәскеу темір жол құрылысы инженерлері институтын жасанды құрылыс (искусственное сооружение) мамандығы бойынша оқып бітіреді. [17, 7 б. ]

Ол еңбек жолын мұғалімдік қызметтен бастаған. 15 жасында Шарлақ уезі, Сиыршы аулындағы орыс-қазақ мектебінде ұстаз болған. 1918 ж. Ақмола облыстық жергілікті жер басқармасы жанындағы екі айлық қазақ оқытушыларын даярлайтын курста кооперация қисыны мен табиғаттанудан, екі жылдық қазақ курсында жаратылыстану, физикадан сабақ берген. Сол жылдың соңында аталған басқармадағы қазақ бөлімінің оқу ісі меңгерушісі болған. 1918 жылы желтоқсан айында Омбыдағы «ЦентроСибирь» аталатын Батыс Сібір кооперативтер бірлестігі Одағының саудадан тыс істер бөліміне нұсқаушы қызметіне алынып, бір жарым жылдай жұмыс жасаған. Смағұл Сәдуақасов 1920 ж. бастап сегіз жыл ғұмырын Қазақ автономиялық республикасының қалыптасуы мен нығаюына жұмсайды.

Смағұлдың қайраткерлік тұсауы 1914-1918 сәуірде Омбыдағы қазақ жастарының «Бірлік» ұйымына кіргенде-ақ кесілген.

Батыс Сібірдің, қазақ далалық облыстарының саяси, экономикалық және мәдени орталығы есебінде болған Омбыға бүкіл Арқа, Алтай, тіптен Шу қазақтарына дейін балаларын орысша білім алуға жіберетін.

Бүкіл Ресейді қамтып Сібірге де жеткен реврлюциялық өрлеу мұндағы қазақ шәкірттеріне де ықпал болып, олар 1914 ж. 18 сәуірде «Бірлік» ұйымын құрады. Оның ұйымдастырушыларының қатарында Асылбек және Мұратбек Сейітовтар, Мұхтар Саматов, Мағжан Жұмабаев, С. Сәдуақасов, А. Біржақсин болды. Кейінірек «Бірлік» жастарының басшылық ядросын құрған бұл ұйымның бірінші жетекшісі болып Шаһмардан Әлжанов сайланған.

Құжаттардың көрсетуіне қарағанда 1917-1918 жж. «Бірлік» ұйымында белсенді атсалысқандардың қатарында С. Сәдуақасов та бар. Ұйымның идеологиялық тізгіні М. Жұмабаевтың, ұйымдастырушылық жұмыс М. Саматов, Ә. Байділдиннің үлесіне тиеді.

1917 ж. 1-4 қазан аралығында «Бірліктің» кеңейтілген жиналысы өтеді. Оған Ақмоладан «Жас қазақ», Көкшетаудан «Жас ұран», Спасскіден «Жас дәурен» т. б. жастар ұйымдарынан шамамен 100-ге жуық өкілдер қатысады. Жиналыс қаулысында былай делінген: «Жиылыс Орынборда өткен жалпықазақ съезінің қаулысын қуаттайды . . . Жиылыс қазақ саяси партиясы «Алашты» заман талабына сай, көздеген мақсатқа тез қол жеткізе алатын партия санайды, сондықтан оны қолдайды, халық арасына оның пікірлерін таратуды өз мойнына алады». [9, 48 б. ]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Большевиктік тәртіпке және қазақ зиялылары 1917-1920 жылдарындағы қызметіне жаңаша тарихи саяси көз жүгірту
Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы: сипаты, шаралары, сабақтары
Қазақстан кеңестік тоталитарлық жүйенің қалыптасу кезеңінде (1921-1939 жж.)
Азамат соғысы кезіндегі Кеңес үкіметінің экономикалық саясаты
Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалы
Экономикалық дамудың кластерлік принципі - елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Қазақстан азаматтық қарсыластық жылдарында - Қазан төңкерiсiнiң Қазақстанның қоғамдық саяси өмiрiне әсерi
Голощекин және оның сойылын соғушылар
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz