Неке және отбасы ұғымы
Мазмұны:
І. Кіріспе. Неке және отбасы ұғымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
ІІ. Негізгі бөлім. Отбасы құқығы негіздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.1 Отбасылық құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Неке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.3 Отбасындағы ерлі . зайыптылардың, ата . ананың міндеттері ... ... ... ... .11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

І. Кіріспе. Неке және отбасы ұғымы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
ІІ. Негізгі бөлім. Отбасы құқығы негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .5
0.1 Отбасылық құқықтық қатынастар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
0.2 Неке ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
0.3 Отбасындағы ерлі - зайыптылардың, ата - ананың міндеттері ... ... ... ... .11
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14
IV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
Кіріспе
Неке және отбасы ұғымы. Заңдық мағынасында отбасы дегеніміз - бұл некеден, туыстықтан, бала асырап алудан немесе балаларды тәрбиелеуге алудың өзге де нысандарынан туындайтын және отбасылық қатынастарды нығайту мен дамытуға септігін тигізетін, мүліктік және мүлікке қатысты емес жеке бастың құқықтарымен байланысқан адамдар тобы. Отбасылық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы отбасылық құқық деп аталады. Отбасы - неке қатынастарын реттейтін негізгі нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасының Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Ата - аналар мен балалардың өзара құқықтары мен міндеттері баланың өаңда белгіленген тәртіп бойынша куәландырылған тегіне негізделеді.
Куәландыру жолдары:
oo баланың анасы екендігін шешесінің медициналық мекемеде бала туғанын растайтын құжаттар негізінде, ал бала медициналық мекемеден тыс жерде туған жағдайда - медициналық құжаттардың, куәлардың көрсетулерінің немесе өзге де айғақтардың негізінде АХАЖ белгілейді. Бір - бірімен некеде тұратын адамдардан туған баланың туу тегі ата - анасының неке туралы жазбасымен куәландырылады.
oo өзара некеде тұрмаған әке - шешеден туған баланың тегі мен шешесінің азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органға бірлесіп берген арызымен анықталады. Мұндай мойындамау болмаған күнде, баланың әкесі сот арқылы анықталады.
Өзара некеде тұрған әке мен шеше қай - қайсысының болса да арызы бойынша туу туралы кітапқа баланың ата - анасы болып жазылады. Некеде тұрамағн анадан бала туған кезде, егер ата - анасының бірлесіп берген арызы немесе соттың шешімі болмаса, шешесінің фамилиясы бойынша жазылады, ал баланың әексінің аты, фамилиясы және шешесінің айтуы бойынша жазылады.
Неке - отбасын құрудың негізі болып табылады. Ерлі - зайыптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туындататын отбасын құру мақсатымен, заңда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықтық одақты - неке деп түсінуіміз қажет.
Егер неке тіркелмесе де, бірақ еркек пен әйел бірге тұрып, балаларын тәрбиелеумен айналысып жатса, мұны да отбасы деп айтуға болады. Егер кәмелетке толған балалары ата - анасымен бірге тұрып, оларға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетсе - бұл да отбасы. Егер кәмелетке толған ағалары мен қарындастары ата - анасыз бірге тұрып, бір - біріне қамқорлық жасайтын болса - бұл да отбасы.
Адамдар арасында некеден, туыстықтан, бала асырап алудан, отбасына тәрбиелеу үшін бала алудан туындайын қатынастар отбасылық қатынастар деп аталады. Бірақ отбасындағы қатынастардың бәрі бірдей құқық жөнімен реттеле бермейді. Отбасындағы қатынастар, негізінен, адамгершілік, ізгілік - өнегелік нормалары негізінде реттеледі. Бұл өзара құрмет, сүйіспеншілік, қамқорлық және имандылық қолдаудың көрінісі. Отбасылық өмір қалыбы, көбінесе ұлттық дәстүрлер мен әдет - ғұрыптарға сүйенеді (үлкендерді қадірлеу, отбасын қамтамасыз ету оның басшысы ретінде толықтай ер адамға жүктеледі, туысқандарды қадірлеп, құрметтеу).
Отбасының ішкі мәселелері отбасы мүшелерінің өзара келісімі бойынша шешіледі. Егер ол мәселе кәмелетке толмағандардың мүдделеріне қатысты болса, оны шешуге балалар да қатыстырылады. Құқықтық нормаларға араласу отбасылық қатынастар бұзылғанда қажет. Жеке басындық қатынастармен салыстырғанда отбасылық мүліктік қатынастар құқық арқылы егжей - тегжейлі реттелеі, өйткені бұл қатынастардың объектісі материалдық игілік болып табылады. Отбасылық құқық азаматтық құқықпен тығыз байланысты. Мәселен, отбасылық құқықпен реттелмеген отбасы мүшелерінің арасындағы мүліктік және жеке мүліктік емес қатынастарды реттеуге азаматтық заңнама қолданылады, өйткені ол отбасылық - некелік қатынастардың мәніне қайшы келмейді.
Отбасы құқығы негіздері
Отбасылық құқықтық қатынастар. Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.
Неке - отбасы заңдары:
oo некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
oo отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
oo ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналаутырудың нысанжары мен тәртібін айқындайды;
oo азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер ҚР Неке және отбасы туралы (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.
Отбасылық құқық қатынастарының субъектілері:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
4. заңмен белгіленген басқа да адамдар;
Объектілері:
1. отбасының мүшелері арасында туатын өзіндік және мүліктік қатынастар;
2. некені қиюдың тәртібі мен шарттары және оны жою;
3. ата-анасының қарауынсыз қалған балаларды басқа отбасыға орналастыру
және тағы басқа болып табылады.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.
Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес), немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік қатынастар құқықтың басқа да саласының, бірінші кезекте азаматтық құқықтың реттейтін пәнін құрайды. Бірақ, аталған қатынастардың басымдылығы бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті - мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса, немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді. Бұған керісінше өзіндік қатынастарды реттеу отбасы құқығының негізгі міндеті болып табылады. Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады. Отбасы құқығының азаматтық құқықтан айырмашылығы да, міне, осыда жатыр.
Сонымен бірге жеке қатынастардың артықшылығы жөнінде сөз қозғағанда мынаны ескерген жөн: бұл қатынастардың барлығы бірдей құқықтық реттеуге жатпайды. Профессор О.С.Иоффе атап көрсеткендей, жеке отбасы қатынастарына жататын заңды тұрғыдан нормалдаудың объективтік мүмкіндіктері белгілі бір дәрежеде шектеулі болады да, сырттай бақылаудың ырқына шығып кетеді.
Отбасы кұқығын зерттеуші белгілі кеңес ғалымы Е.М.Ворожейкин: Өзіндік сенімге ие бола алмаған отбасылық қатынастарды жасанды деп есептеу керек. Көп жағдайда мұндай қатынастар тоқтатылуы тиіс немесе ол басқа жолмен реттелуі керек, деп жазды.
Қазақстан Республикасы отбасы құқығының қайнар көзі Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Неке және отбасы туралы Заңы болып табылады. Осы аталған Заң актісі 1969 жылғы 6-тамызда Республиканың Жоғары Кеңесі бекіткен неке және отбасы туралы Кодексті алмастырды.
Неке және отбасы туралы Заң 7 бөлімнен, 29 тараудан және 213- баптан тұрады.
Бірінші бөлімдегі Жалпы ережелерде неке-отбасы заңдарының негізі жасалып, осы заңмен реттелетін қатынастар, неке-отбасы қатынастарын реттеудің негізгі принциптері белгіленеді.
Неке деп аталатын 2-бөлімде некеге тұру, оны тіркеу, некені тоқтату, ерлі-зайыптылар арасындағы өзіндік және мүліктік қатынастарды құқықтық реттеу туралы нормалар топтастырылған.
Отбасы деп аталатын 3-бөлім ата-аналар мен балалардың құқықтары мен міндеттерінің негізі туралы, ата-аналарды туу туралы жазбалар кітабына жазу жайындағы, ата-аналардың балаларға байланысты құқықтары мен міндеттері туралы, ата-аналарды ата-аналық құқығынан айыру және шектеу жайында, сондай-ақ бала асырап алудың тәртібін айқындайтын ережелер, оны болдырмау және жарамсыз деп тану жөніндегі баптардан тұрады.
Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары деген 5 бөлімде ата-аналардың балаларды асырау және кәмелетке толғандардың ата-аналардың бағып-күтуі жөніндегі міндеттері сөз болады, отбасының басқа да мүшелерінің алименттік міндеттемелері көрсетіледі, сондай-ақ алимент тағайындау және оны төлеу тәртібі берілген.
Жетінші бөлімде шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға неке-отбасы заңдарының нормаларын қолдану мәселелері шешілген.
Неке. Отбасы құқығы бойынша неке - бұл ерлі-зайыптылар арасында мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.
Некені заңды түрде рәсімдеу дегеніміз оны азаматтық хал актілерін жазу органдарында тіркеу болып табылады. Белгілі бір тәртіппен тіркелген некенің ғана құқықтық күші болады. Бұл ереже неке-отбасы заңдары негіздерінің бірі болыптабылады.
Қазақстан аумағында қолданылып жүрген неке және отбасы туралы заңда некені міндетті түрде тіркеу барлық кезде талап етілмеді. Мұндай ереже 1926 жылға дейін болды да, кейін 1944 жылғы 8-шілдедегі КССР Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығы болды. Бұл Жарлық бойынша іс жүзінде некеде болып, бірақ тіркелмеген адамдардың некесі мойындалмады. Ал, мұндай қатынастағыларға бірге тұрған кездерінің уақыты көрсетіле отырып АХАЖ органдарында тіркеу жолымен рәсімдеу құқығы берілді. Кейін ерлі-зайыптылардың бірі қайтыс болған, майданда хабарсыз кеткен жағдайларда аман қалғанының және балаларының мүддесі үшін іс жүзіндегі неке қатынастарын заңдастыру мүмкіндігі сот тәртібімен шешіліп отырады.
Некеге түру үшін заңда белгіленген шарттарды (9-11 баптар) сақтау қажет. Аталған шарттарды оң (позитивтік) деп бөлу қабылданған. Басқаша айтқанда, оңды жағы көбірек болып, теріс жағы болмаған жағдайда некеге тұруға болады.
Оның біріншісіне мыналар жатады: некеге тұратын еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі және олардың неке жасына жетуі.
Некеге тұратын адамдардың өзара келісімі некеге тұрудың шарты ретінде еркек пен әйелдің ерікті және еркін одағы болып табылатын неке мәнінен туындайды. Осы шарт біреудің мәжбүр етуімен болатын неке одағына заң мән бермейтін көрсетеді.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында белгіленгендей, еркектер мен әйелдердің неке жасы - 18. Ертеректе Қазақ ҚСР-інің неке және отбасы кодексінің 16-бабына сәйкес еркектердің неке жасы - 18, әйелдердікі - 17 деп белгіленген болатын.
Неке және отбасы туралы Заңның 10-бабында азаматтық хал актілеріне жазу органдары некеге тұруды мемлекеттік тіркеу орындарында дәлелді себептері болған жағдайда неке жасын екі жылдан аспайтын мерзімге төмендету мүмкіндігі (некеге тұрушылардың өздерінің және олардың ата-аналарының, немесе қорғаушылардың келісімімен) көзделген.
Белгіленген неке жасын кемітудің қажеттілігіне келетін болсақ, мұндай жағдай әдетте неке жасына толмаған, бірақ іс жүзінде некеге тұрғандар үшін, әйелдің аяғы ауырлығы мен баласын тууы үшін жасалады.
Некеге тұруға кедергі жасайтын қолайсыз жағдайлардың, немесе басқа да себептердің болатындығы Неке және отбасы туралы Заңның 11 - бабында қарастырылған. Осы бапқа сәйкес мына тараптағы адамдардың некеге тұрудың тыйым салынады:
1) біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;
2) тікелей ата-тегі бойынша және өзінен тарайтын жақын туыстардың (ата-аналар мен балаларының, атасының, әжесінің және немерелерінің), ата-анасы бір және ата-анасы бөлек әкесі немесе анасы ортақ ағалы-інілер мен апалы-сіңлілердің (аға-қарындастардың);
3) асырап алушылар мен асырап алынғандардың;
4) біреуін болса да психикалық ауруының немесе ақыл-есі кемдігінің салдарынан сот әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдардың.
Заңмен белгіленген шарттар бұзылған жағдайда неке жарамсыз деп танылады. Сондай-ақ жалған неке (Неке және отбасы туралы Заңның 24-бабы) жарамсыз деп танылады. Белгіленген заң тәртібімен тіркелсе де, отбасын құру ниетінсіз заңда белгіленген тәртіппен жасалған және ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін туғызбайтын неке (заңның 1-бабы) жалған неке деп танылады. Некеге тұру фактісінен көрінетіндей, жалған неке кейбіреулердің бас пайдасы үшін ғана жасалады (мысалы, қалада тіркеуге тұру үшін, армия қатарына шақырудан жеңілдік алу үшін т.б.).
Мәжбүрлеп қиылған неке жарамсыз деп танылуы мүмкін.
Некені жарамсыз деп тану туралы талап қоюға құқығы бар адамдар Неке және отбасы туралы Заңның 25-бабында аталған. Некені жарамсыз де тану туралы талап қоюға жұбайлар, прокурор, қорғаншы және қамқоршы және органдар, сонда-ақ осы некені тіркеу кезінде құқығы бұзылған басқа , адамдар құқылы.
Неке жасы жөніндегі шарт бұзыла отырып қиылған неке кәмелет толмаған адамның ата-анасының, қорғаншысының (қамқоршысының) және прокурордың талап қоюымен жарамсыз деп танылады. Егер кәмелеі толмағандардың ісін қорғау кезінде жұбайы он сегіз жасқа толса, онда неке тек соның өзінің талабы бойынша жарамсыз деп танылады.
Заңның некені жарамсыз деп тануға қатысты ережелерінің негіздерін атап көрсетуге болады.
Біріншіден, некені жарамсыз деп тануды сот қана жүргізеді.
Екіншіден, егер некені жарамсыз деп тану туралы іс қаралатын сәтте заңға орай оның қиылуына кедергі жасалған мән-жайлар жойылса, некені жарамсыз деп тануға болмайды. Мысалы, ері некеге түру кезінде басқа әйелімен некелескенін жасырған жағдайда, істі сот қарағанда дейін ол өзінің бірінші қиылған некесін бұзып, ажырасып үлгере алады.
Үшіншіден, некені жарамсыз деп тану осы некені қиюдан туындаған немесе жауаптылардың барлық жеке және мүліктік құқығының, сондай-ақ Неке я отбасы туралы Заңның 27-бабында қарастырылған басқа да құқықтық салдарлардың жойылуына әкеледі.
Алайда некені жарамсыз деп тану осы некенің қиылуы нәтижесінде туған немесе некені жарамсыз деп танығаннан кейінгі 270 күннің ішінде туған балалардың құқығына нұсқан келтірмейді.
Тіркелген некеге ерлі-зайыптылардың арасындағы жеке және мүліктік құқықтар мен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz