Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы


Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
География факультеті
Физикалық география кафедрасы
Дипломдық жұмыс
Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу
Орындаған
4 курс студенті Лұқпанов Р.
Ғылыми жетекші
г. ғ. к., доцент: Керімбаев Н. Н.
Нормабақылаушы
Қорғауға жіберілді Тұрапова Р. О.
«» 2007ж.
Кафедра меңгерушісі
г. ғ. д., доц. : Мұқашева Ж. Н.
Алматы 2007
МАЗМҰНЫ
беті
Кіріспе
І Тарау. Жайыз өзені атырауының физикалық
географиялық сипаттамасы
2 Тарау. Жайық өзені атырауының ландшафтық құрылымы
3 Тарау. Жайық өзені ландшафтына ГАЖ жасау
РЕФЕРАТ
Берілген бітіру жұмысының тақырыбы: «Жайық өзені атырауындағы ландшафтарды ГАЖ арқылы зерттеу».
Орындалған жұмыстың мақсаты: Жайық өзені алабының ландшафттық құрылымдары және олардың ГАЖ-ын жасау. Табиғат ресурстарын тиімді пайдалану стратегиясын жасаудың көп ақпаратты және объективті негізін салуда, жерлердің деградацияға ұшырау процесстерін болдырмауда және ескертудегі ГАЖ-дың маңызын баяндау.
Берілген жұмыста негізгі мәтін 43 парақ, соның ішінде 2 карта, 25 әдебиет көздері, 7 кесте, 6 сурет пайдаланылған.
Жұмыста келесі жаңа сөздер кездеседі: Географиялық ақпараттық жүйе (ГАЖ), өзен алабы, ландшафттық құрылымдар, мұнай, газ, ресурс, техногендік ластаушы көздер.
Жұмысты жазу барысында келесі зерттеу тәсілдері қолданылды: әдеби, графикалық, картографиялық.
Кіріспе
Каспий теңізі - жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Теңіз Қазақстанның батыс бөлігінде орналасқан. Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені - Жайық. Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.
Жайық өзені Орал тауының Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның Қазақстан жеріндегі ұзындығы 1084 км, ал су жиналатын алабы 220 млн. км 2 . Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.
Атырау облысының жер бедерінің басты ерекшелігі, оның ойпатты жазық болып келуінде. Геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады. Соның нәтижесінде көпшілік жерлердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялық құрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс - Каспий маңы синеклинасының үстінде орналасқан. Каспий маңы ойпаты - теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Ондағы Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.
Зерттеліп отырған ауданның климаты тым континеттік, қуаң, қоңыржай. Қыста Азия максимумы, ал жазда Азор максимумы мен Оңтүстік Азия минимумы тармақтары әсер етеді. . Қаңтардың орташа температурасы -14 -15 о С құрайды, ал шілденің орташа температурасы +26 о С. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 190-300 мм. Қар жамылғысы солтүстігінде130-140, оңтүстігінде 70-80 күн жатады.
Зерттеліп отырған аумақтағы кен қабаттарының пайда болуы тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандағы антиклиналдар сияқты әр түрлі қатты жыныстар кедергілеріне тығыз байланысты, сондықтан кендердің басым көпшілігі тектоникалық экрандағы кедергілер маңынан ашылды. Әдетте триастық мұнайлар жеңіл, күкірті аз болады. Ал юралық мұнайлар әдетте ауыр, бірақ күкірті аз келеді.
Жайық өзенінің суы жоғарғы және ортаңғы өзен ағындыларымен қалыптасады. Жайық өзенінің төменгі ағысында бір де бір сағасы жоқ. Өзен көбінесе қар суымен қоректенеді. Өзеннің төменгі бөлігінде су тасуы сәуір-маусым айларында болады.
Жайық өзені - Каспий алабының ортаңғы және төменгі ағыстарындағы балық шаруашылық маңызы зор, жалғыз реттелмеген өзен болып табылады. Жайық өзенінің қатты ағындысы және суының лайлылығы жазық жерлердегі Каспий теңізіне құятын өзендерге қарағанда жоғары.
І Тарау
Жайық өзені атырауының физикалық
географиялық сипаттамасы
1. 1. Зерттеу аймағының физикалық-географиялық орналасуы.
Каспий теңізі - жердің ағынсыз ең ірі су қоймасы. Бұл су қоймасын оның өте үлкен өлшеміне, теңіз суына ұқсас суының тұздылығына, режиміне қарап теңіз деп атайды. Каспий теңізінің деңгейі Әлемдік мұхиттан әлдеқайда төмен жатыр. 2000 жылдың басында оның биіктік белгісі - 27 абс. м. Каспидің осы деңгейге сәйкес келетін су айдынының ауданы - 393 мың. км 2 , ал су көлемі - 78600 км 3 . Орташа тереңдігі және ең терең тұсы тиісінше 208 және 1025 м.
Каспий теңізі оңтүстіктен солтүстікке қарай 1200 км-ден астамға созылып жатыр. Орташа ені 320 км. Жағасының жалпы ұзындығы 7 мың км. Каспий Ресей, Қазақстан, Түркменстан, Әзірбайжан және Иран елдері аумағының жағаларын шайып жатыр. Каспий теңізі Қазақстанның батыс бөлігінде. Ең терең тұсы оңтүстік бөлігінде, қазақстанды бөлігі онша терең емес 200-328 м шамасында. Солтүстік Каспийдің тереңдігі 15-20 м-ден аспайды. Ірі шығанақтары: Комсомол, Маңқыстау, Кендірлі, Қаақ, Қарабұғазкөл және т. б. Жалпы ауданы 350 км 2 50-ге жуық аралдары бар. Аты - ежелгі заманда осы теңіз жағасын қоныстанған Каспий тайпаларына байланысты қалыптасқан. Сонымен бірге Гиркан, Хазар және Хвалын деген тарихи аттары бар. Каспий теңізі және оның жағалауын мекендеген тайпалар туралы алғашқы түсініктер сонау Ежелгі Греция кезінде жинақтала бастады. Геродот еңбектеріне енді. Орыс теңізшілері арасында бұл теңіз туралы деректер ІХ-Х ғасырларда тарады. ХVIII ғасырдың басында І петрдің талабына сай Каспий теңізі жан-жақты зерттеле бастады. А Бекович-Черкасский және т. б. экспедициялар. Кейіңгі кезеңдерде теңізді И. Ф. Саймонов, Н. А. Иващинцев, П. С. Паллас, С. Г. Гмелин, Г. С. Карелин және т. б. зерттеді. Теңіздің және оның төңірегінің табиғат сырларын анықтауда И. М. Апполов, Л. С. Берг және т. б. ғалымдар зор еңбек сіңірді. Республикада теңізді және оның алабын зерттеуге ҚР ҒА-ның және Қазақ Гидрометеорология институтының ғалымдары мен мамандары араласуда. Су қоймасы балыққа бай, ал оның қойнауы мұнай мен газға толы. Бұл су қоймада шеміршекті балықтардың ертедегі өкілдері - бекіре, шоқыр балық, пілмай, сондай-ақ балықтардың басқа да бағалы түрлері (көксерке, торта балық, сазан, табан балық және т. б. ) тіршілік етеді. Каспий теңізі айтарлықтай жақсы зерттелген, бірақ оның режимінде шешілмеген жұмбақтар көп. Ең басты ерекшелігі соңғы жылдары теңіздің су деңгейінің тұрақталмауы болып отыр. Су деңгейі күрт төмен түсіп немесе күрт көтеріліп бірқатар өзекті проблемалар туғызып отыр. Оның үстіне бұл су деңгейі өзгерісін жел қума және жел бөгет құбылыстары одан әрі ушықтыруда. Каспий теңізінің деңгейінің төмендеуі 1929 жылдардан басталып, 1977 жылға дейін созылды (29, 02 м-ге дейін төмендеді) . Алайда 1978 жылдардан бастап су деңгейі күрт көтеріліп, қазіргі кезде бұл мөлшер 2 м-ден асып кетті. Теңіз деңгейінің күрт жоғарылауынан күрделі экологиялық мәселелер туындады: жағалауды, елді мекенді, порт имараттарын, ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерді, мұнай кәсіпорындарын және т. б. су басты.
Каспий теңізінің солтүстік жағалауы: ойпатты, құмды, тастақты жазық, теңіз суының шалқып шегінуінен кең алқапты шөгінді-лайлы қайраң қалыптасқан. Маңқыстау жағалау абразивтік (жемірмелі) жарқабақты болып келеді. Солтүстік бөлігінің жағалауы қарқынды түрде өсіп келеді. Оған теңіз суы деңгейінің төмендеуі, атыраудың күрт өсуі және мол терригендік материалдың келіп түсуі ықпалын тигізеді. Оңтүстікке қарай жағаның аккумуляциялық түрі басым бола береді.
Теңіз түбі бедерінің ерекшелігі: солтүстігі тайыз сулы, көлбеулене келген шөгінділі жазық, оңтүстігі - шоңғалды терең ойыстар. Түбінің бедері мен гидрологиялық ерекшеліктеріне қарай теңіз: Солтүстік Каспий, Орта және Оңтүстік Каспий болып ажыратылады. Каспийдің ең таяз жерінің тереңдігі 4-8 м.
Теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың Жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды) . Ағындының қалған 5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд) . Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.
Орал тауының шығыс беткейінің көпшілік өзендері Тобыл, Исет, Тура, Тавда, батыс беткейіндегі өзендері Печора, және Волга, Кама, Белая, Вишера алаптарына жатады. Ал Оңтүстік Оралдың негізгі өзені - Жайық.
Орал тауының көпшілік өзендері, соның ішінде Жайық өзені жоғарғы ағысында бойлама аңғарлармен баяу ағып, содан кейін бағытын күрт өзгерте жоталарды, жондарды кесіп өтіп жазық бөлікке шығады.
Жайық өзені Орал тауының (Оңтүстік Орал тауы) Үйтас жотасындағы биіктігі 637м Нәжім тауынан басталып, Башқұртстаннан Челябинск және Орынбор облыстарының жерін басып өтеді де, Тобыл өзенінен пайда болған өзендердің, Мұғалжар және Жалпы Сырт шоқыларынан аққан суларға қосылып, молайып барып Каспийге құяды. Сонымен қатар теңізге солтүстік жағынан Еділ, Жайық, Жем, Ембі, Терек өзендері құяды. Олардың жылдық жиынтық ағындысы Каспий теңізіне құятын өзендердің жылдық ағындысының 88 % құрайды. Батыс жағалауынан ірі өзендер: Сулак, Самур, Кура және бірқатар кіші өзендер құяды (шамамен 7 % ағынды) . Ағындының қалған 5 % иран жағалауы өзендері береді (Горган, Херез, Сефидруд) . Шығыс жағалауында Қарабұғаз-көлді қоса алғанда бірде бір тұрақты ағынсу жоқ.
Жайық атырауының алғашқы нақты сипаттамалары 1627 жылы Ресейде құрастырылған «Үлкен сызба кітапта» келтірілген: Жайық, Ойыл, Сағыз және Жем т. б. алаптар қағаз бетіне түсіріліп, жан-жақты дерегі берілген. Семен Ремезов ұлдарымен бірігіп құрастырған «Сібірдің сызба кітабының» «Қуаң және жолсыз тастақты дала сызбасы» атты тарауында Батыс Қазақстан, соның ішінде Жайық бойы туралы бұрін белгісіз болған географиялық-картографиялық еңбектер беріледі. Міне осы 17 ғасырдан бастап Атырау өңірі Ресей назарынан тыс қалдырылмай, табиғи қорлары игеріле бастады, елді мекендер ірге көтерді, Еділ бойындағы қалаларға Жайық балығын тасу жолға қойылды.
Жайық өзенінің ұзындығы 2534 км., оның су жиналатын алабы 220 млн. км 2 , егер бұған Үлкен және Кіші Өзен, Ойыл және Сағыз өзендерінің алқабын қоссақ 307 млн. км 2 болады. Қазақстан территориясында Жайық өзенінің ұзындығы 1082 км. Жайыққа Самара, Ор, Елек, Утва өзендері құяды. Сулылығы жағынан Жайық өзені Қазақстанда төртінші орынды алады.
1. 2. Ауданның геологиялық құрылымы
Облыстың солтүстігін өзен аңғарларымен тілімделген, юра, бор жыныстарынан түзілген жонды жазық Жалпы Сырттың оңтүстік сілемі алып жатыр. Жайық өзенінен шығысқа қарай Жалпы Сырт Орал маңы үстіртіне ұласады. Бұл өңір төрттік кезеңнің саздақ, құм қабаттарынан жамылған бор жыныстарынан құралады, биіктігі 110-263 м. Каспий маңы ойпаты жас төрттік және сол кездегі тұздылығы жоғары болған шөгінділерден тұрады. Солтүстік-шығыстан оңтүстікке қарай Жайық өзені ағады. Жайық өзенінің аңғары аллювий шөгінділерінен құралған. Облыстың аумағы түгелдей дерлік тұз күмбездерінен түзілген.
Геологиялық құрылымы бойынша Орал тауы палеозойда меридиандық бағытта созылған геосинклинальдық жүйе болған, герцин қатпарлығы нәтижесінде біржола бекіген жер қыртысының ірі құрылымдарының бірі. Ортаңғы карбонға дейін геосинклинальдық аймақ, ортаңғы тристан кейінгі уақытта тау массивтерінің қарқынды көтерілулері мен мүжілулерінің және шөгінділердің қалың қабаттары жиылу провинциясы болды. Ортаңғы тристан бастап Орал таулары планформалық режимде дамыды. Орал тауларында барлық геологиялық жүйелердің жыныстары түгел кездеседі. Вулкандық әрекеттер докембрий мен палеозойда күшті болды. Ордовик, силур эффузияларының қалың қабаттары және бұлармен жастас интрузиялар Солтүстік және Орта Оралда біріншісін докембрий мен каледон қатпарлықтары, екіншісін герцин, үшіншісін киммерий мен альпі қатпарлықтары құрайды. Герцин қатпарлығының ерекшелігі - шығыс беткейдегі жоғарғы карбонда басталған қатпар түзуші қозғалыстардың батыс беткейге ауыса келе ондағы пермь жыныстарын қатпарлыққа жиырғандығы. Аталған қатпарлықтар және олармен байланысты магмалық әрекеттер нәтижесінде Орал алды бөктерлік ойпаңы, Солтүстік Орал ойысы, Орал-Тобыл анклинорийлері қалыптасты.
Атырау облысы платформалық геофизикалық деректер бойынша 7-20 км-лік тереңдікте және көршілес аудандармен салыстырғанда өзгеріске түскен шөгінді-жанартаулы және интрузиялық жыныстардан қалыптасқан. Платформалардың сынуының салдарынан ірі блоктарға ыдыраған.
Каспий маңы ойпаты геологиялық құрылымы жөнінен батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне, яғни Жайық өзеніне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерімен көмкерілген, Каспий теңізінің солтүстік айдынымен шайылып жатқан жазық аймақ. Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке немесе шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды. Сөйтіп Нарын және Тайсойған құмды белестері пайда болған. Олардың биіктігі кейбір жерлерде 10-12 м-ге көтеріңкі келеді. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және олардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ал ұзындығы 1, 5-2 км, ені 200-300 м-ге жетеді. Бұлар негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді.
Қарастырып отырған аумақта жер асты суларының қалыптасуы, олардың ауысуы және азаюы аймақтың геологиялық жағдайымен тығыз байланысты. Облыстағы қуатты шөгінді түзілімдерінде жатқан жер асты сулары мөлшерінің сан алуындығымен, гидродинамикалық, гидрохимиялық, гидротермикалық қасиеттерімен және қалыптасу шарттарымен ерекшеленеді. Мұнда су ұстайтын шөгінділердің құрылымдық және гипсометриялық жағдайына, литологиялық құрамына, тереңдік дәрежесіне қарай әртүрлі болып келеді.
Тұз үстіндегі, тұз астындағы қысымды кешендер шөгінділердің түріне қарай жіктеледі. Тұз үстіндегі қысымды су кешендері өз кезегінде төменгі дәрежедегі кешендерге бөлінеді. Оларға пермотриасты, юралық, борлық, палеогендік, неогендік және төрттік кешендер болып ажыратылады.
1. 3. Ауданның жалпы жер бедері және пайдалы қазбалары
Атырау облысының жер бедерінің басты ерекшелігі, оның ойпатты жазық болып келуінде. Геоморфологиялық тұрғыдан жер бетінің биіктігі барлық аудандарда теңізге қарай көлбеулене кеми түседі, яғни Каспий маңының депрессиясы жақсы айқындалады. Соның нәтижесінде көпшілік жерлердің абсолюттік биіктігі теңіз деңгейінен төмен жатыр. Облыс жері түгелімен Каспий маңы ойпатының құрамына енеді және аздап Жем үстіртінің батыс шетін алып жатыр. Бұл екі геоморфологиялық құрылым Орыс платформасының күрделі әрі әр текті алқабы болып табылатын терең тектоникалық ойыс - Каспий маңы синеклинасының үстінде орналасқан. Синеклиза екінші кезекті бірқатар тектоникалық құрылыммен күшейе түскен. Кристалдық жыныстар мұнда 20-30 км-лік аса тереңде, палеозой мен мезокайназой шөгінділерінің астында жатыр.
Каспий маңы ойпаты - теңіз түбінен босаған алғашқы аккумуляциялық жазық. Орографиялық жағынан жайпақ, теңізге қарай көлбеу жатқан орасан зор ойпаң. Атырау облысының солтүстік шетінің абсолюттік биіктігі нөлдік горизонталь сызығына сай келеді. Ал оңтүстік шетінде Каспий теңізінің жағалауы мұхит деңгейінен 27 м төмен жатыр. Облыс рельефінің көтеріңкі жері шығысындағы Жем үстірті. Бұл геомофрологиялық құрылым жаңа тектоникалық қозғалысының инверсиялық көтерілімінен пайда болған. Үстірттің биік жері облыс жерінен тысқары жатыр. Облыстың ең биік жері - қиыр оңтүстік-шығысындағы Үстірт. Осылайша зерттеліп отырған аудан рельефі шығыстан батысқа қарай да көлбеу келеді. Каспий маңы ойпатының қазіргі рельефінің антропоген дәуірінде бірнеше рет болған теңіз трансгрессияларымен байланысты. Соңғы теңіз трансгрессиялары алдыңғысының жасап кеткен рельефін қайта тегістеп отырған. Каспий теңізінің деңгейі ең жоғары көтерілген Төменгі Хвалын трансгрессиясы кезінде қазіргі 80 м биік, ал мұхит деңгейінен 50 м биікке жетті. Бүкіл Атырау және Батыс Қазақстан облыстары жерін су басты. Каспий маңы ойпаты теңізден түгелдей голоценде босады. Теңіз суы шегінген кезде біртіндеп емес, арасында тоқтап, кідіріп отырған.
Сонымен қатар теңіз шегінген кезде эрозиялық әрекеттер қарқынды өтеді, өзен аңғарлары оңтүстікке қарай ұзарып созылып, теңіз жағалауларында желпуіш тәрізді атыраулар жасап жылжып отырған. Үлкен атырау Жайық өзенінің сағасында Бақсай-Новобогат аралығында байқалады. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай 150 км созылған, табанының ені 80-100 км. Бірінің үстіне тірі түзілген, екінші қатардағы, төрт үшбұрышты шағын атыраулардан тұрады. Олардың әрқайсысы Каспий теңізінің трансгрессиясы мен шегінуінің тарихына байланысты түзілген. Жайық атырауының биік жері солтүстікте, салыстырмалы биіктігі 5 м, табанының биіктігі 27 м биікте жатыр. Мұндай аллювийлі атыраулы жазықтар Ойыл, Сағыз, Қайнар және Жем өзендерінің төменгі ағыстарында да кезігеді.
Каспий маңы ойпатының жер бедерін құруда желдің маңызы зор. Құмды жазықтарда эолды рельеф формалары кеңінен тараған. Олар теңіз трансгрессияларының және өзендердің алып келген аллювиальді дельталық шөгінді жыныстарында жақсы дамыған. Облыс жерінің Еділ-Жайық өзендерінің аралығындағы Нарын құмы алып жатыр.
Каспий маңы ойпаты батысында Ергеней қыратымен және Еділдің тармақталған атырауымен, солтүстігінде Жалпы Сырт шетімен, шығысында Оңтүстік Орал етегіне, яғни Жайық өзеніне жалғасатын Жем үстіртімен, оңтүстік-шығысында Үстірттің кемерімен көмкерілген. Бұл күнде алғашқы ежелгі жазықтың белгілері тек теңіз жағалауында ғана сақталған, ал су жиегінен солтүстікке немесе шығысқа қарай қашықтаған сайын жазықтың ежелгі ерекшелігі жойыла бастайды. Еділ, Жайық, Жем, Сағыз өзендерінің бұрынғы арналарының төңірегінде құмды жондар қалыптасқан және олардың биіктігі кейде 7-15 м-ге, ал ұзындығы 1, 5-2 км, ені 200-300 м-ге жетеді. Бұлар негізінен хвалын кезеңінің құмды-сазды жыныстарынан қат-қабатталып түзілген, гипстелген, тұзға қаныққан, кейде сілтісізденген болып келеді.
Зерттеліп отырған аймақта қалың шөгінді қабатармен байланысқан әр түрлі пайдалы қазындылар мол. Олардың ішінен қоры аса бай әрі негізгісі мұнай болып табылады. Атырау өңірінде мұнай өндіру 1899 жылдан басталды. Атырау облысының оңтүстік-шығысында шоғырланған карбонат жыныстарының мол аймағынан ондаған жылдар бойы игеріліп, қазақ елінің мұнай-газ өндірісінің негізі болып табылатын бұрынғы кендерге қосымша соңғы жылдары аса ірі Теңіз мұнай кені ашылды.
Кен қабаттарының пайда болуы тектоникалық, литологиялық және стратиграфиялық экрандағы антиклиналдар сияқты әр түрлі қатты жыныстар кедергілеріне тығыз байланысты, сондықтан кендердің басым көпшілігі тектоникалық экрандағы кедергілер маңынан ашылды. Әдетте триастық мұнайлар жеңіл, күкірті аз болады. Ал юралық мұнайлар әдетте ауыр, бірақ күкірті аз келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz