Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік



Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері 4
1.1. Заңдылық қағидаты 8
1.2. Сот құзыретінің ерекшелігі 9
1.3. Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмеушілік 10
1.4 Судьялардың тәуелсіздігі 12
2. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік 15
3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары 25

ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

КІРІСПЕ 3
1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек көздері, субъектілері 4
Заңдылық қағидаты 8
1.2. Сот құзыретінің ерекшелігі 9
Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмеушілік 10
1.4 Судьялардың тәуелсіздігі 12
2. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік 15
3. Мемлекеттік басқару: ұғымы, қағидаттары, басқару органдары 25
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30

КІРІСПЕ
Әкімшілік құқық - қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін
құқықтық нормалардың жиынтығы, құқықтың бір саласы. Атқару билігі мен
мемлекеттік басқарудың іске асырылуы барысында, тұлға мен мемлекет, азамат
пен атқару билігі органдары, мемлекеттік басқару саласындағы азаматтардың
құқықтары мен бостандықтарын қорғау, іске асыру, олардың шенеуніктер
тарапынан бұзылуынан не шектелуінен, озбырлықтан қорғау барысында пайда
болатын қоғамдық қатынастарды реттеу әкімшілік құқықтың мәні. Ақша-қаржы
қоры кез келген қоғамның, мемлекетің, жеке және заңды тұлғалардың
материалдық жағдайын қалыптастырады. Ондай қордың болмау әрекет жасауды
қиындатады. Қазақстан Республикасының қаржы саласында әрекет жасайтын
құқықтық нормативтік кесімдерді, қаржы құқығының қағидаттары, әдістері,
жүйесі, бюджет, салық және оның түрлері сияқты санаттар мен ұғымдарды
білуге Қаржы құқығы негіздері көмектеседі.
Қоғамдағы және құқық саласындағы барынша жағымсыз, қауіпті әрекеттің
(әрекетсіздіктін) бірі қылмыс. Өскелен ұрпақты қылмыстық қылықтардан ауаша
жүруге тәрбиелеу қоғамның міндеті. Сондықтан оқу құралының Қылмыстық құқық
негіздері деп аталатын алтыншы бөлімінде қылмыстық құқықтың пәні,
әдістері, қағидаттары, жүйесі, қылмыстық заңнаманың ұғымы, қағидаттары,
атқаратын міндеттері, кылмыс ұғымы, қылмыстың белгілері, қылмысқа қатысу,
қылмыс жасаудың сатылары, кылмысты топтамалау, жаза, жазадан, қылмыстық
жауаптылықтан босатудың негіздері сиякты ұғымдардын мазмұндары ашылады.
Қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді дұрыс құқық пен заңға сәйкес
жүргізу, іс жүргізу саласындағы заңнамалардың талабын бұлжытпай орындау,
соттық тексерудің, үкім, шешім қабылдаудын әділдігі осының барлығы адамның
санасында құқықтық әділеттіліктің нышандарының нығаюына ықпал жасайды. Іс
жүргізудің пәні, әдістері, жүйесі, институттары, санаттары жайындағы
ақпараттар жетінші бөлімде жинақталған.
1. Әкімшілік құқық: мәні, пәні, әдістері, дерек негіздері, субъектілері

Әкімшілік құқықтық нормалардың көмегімен реттелетін, қоғамдық
қатынастардың жүйесі әкімшілік құқықтың пәні болып табылады. Әкімшілік
құқықтың пәні төмендегідей бес құрамдас бөлшектен тұрады.
Әкімшілік құқықтың пәні:
Біріншіден, Республика Президентінен бастап, мемлекеттік
кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің әкімшіліктеріне дейінгі аралықта,
атқару билігінің, мемлекеттік басқарудың барлық деңгейлерінде іске
асырылуының үрдісі барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар. Бұл жерде,
ең алдымен экономиканы, әлеуметтік-мәдени, әкімшілік-саяси жұмыстарды
ұйымдастыру сияқты сыртқы іс-әрекеттерді орындау үшін құрылған атқару
билігі органдары мен мемлекеттік басқару органдарының бүкіл жүйесі
әрекетінің сыртқы көрінісін айтып отырмыз.
Екіншіден, ақпараттық-талдау, іс-жүргізу, жұмысқа қабылдау, қызметпен
ауысу, жұмыстан шығару, тәртіптік жауаптылық, мадақтау, материалды-
техникалық жабдықтау т.с.с., қай жерде істеліп жатқанына қарамастан, мейлі
ол атқару, заң шығару немесе сот билігі органдарында болсын, бәрібір, өзара
ұқсас, бір типтес болып келетін, барлық мемлекеттік органдардың ішкі
ұйымдастырушылық қатынастары. Бұл аталған іс-әрекеттер, көмекшілік,
қосымшалық сипатта болып, әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі.
Үшіншіден, әкімшілік құқықтың пәніне, мемлекеттік-биліктік құзыретке
ие, мемлекеттің атынан, бүкіл Қазақстан Республикасының аумағында әрекет
жасайтын жалпы мемлекеттік бақылау қызметі кіреді. Бақылау барлық
мемлекеттік органдардың қабылданған нормативтік актілерді орындауы мен іс-
әрекеттерінің заңдылығына ғана бағытталып қоймайды, олардың мақсаттылығын,
қажеттілігін де қамтиды. Жалпы мемлекеттік бақылау осынысымен прокурорлық
бақылаудан ерекшеленеді. Жалпы мемлекеттік бақылаудың қолданатын шаралары
тәртіп бұзушыларды қызметтен, жұмыстан шығару (босату), ақшалай айыппұл
салу сияқты тәртіптік сипатта болады. Кеңес мемлекеті кезінде жұмысшы-шаруа
инспекциясы, бақылау министрлігі, партиялық-мемлекеттік бақылау, халықтық
бақылау деген сияқты бақылаудың бірнеше түрлері өмір сүрген.
Төртіншіден, әкімшілік құқығы пәні, әкімшілік құқық бұзушылық жөніңдегі
істі қарау кезіндегі судьялар мен соттардың іс-әрекеттерін де қамтиды. Бұл
жерде соттар әділ сот органы болып отырғанымен, белгілі бір әкімшілік істі
қараған кезде әкімшілік кодекстің бабтарына сүйенетіндіктен олардың қызметі
әкімшілік құқықтың пәніне кіреді.
Бесіншіден, әкімшілік құқық пәніне кейбір азаматтық қоғамның кейбір
институтарына мемлекет өзінің жекелеген мемлекеттік-биліктік құзыретін беру
барысында пайда болатын қоғамдық қатынастар да жатады. Себебі олардың
көпшілігі әкімшілік құқықтың нормаларымен реттеледі. Мысалы, полиция
көмекшілеріне, халық жасақсыларына қоғамдық тәртіпті сақтауға ат салыса
отырып, құқық бұзушыларды ұстау, құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға
құқық беріледі.
Әкімшілік құқықтың әдістері. Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал
жасаушы тәсілдік сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік
бірнеше ерекшеліктерімен өзгешеленеді. Біріншіден, әкімшілік құқық
әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғарғы
органдардың бұйрығын, тапсырмасын, талаптарын, тыйым салуларын орындайтын
сатылылығы. Мысалы, азаматтық-құқықтық қатынастар үшін тараптардың
(жақтардың) еркінің теңдігі болса, әкімшілік құқықтық әдісте бір жақтың
екінші жақтың еркінен үстемдігі байқалады. Бұл әсіресе атқару билігі
органдарымен, кәсіпорындармен, мекемелермен, ұйымдар мен азаматтар
арасындағы қарым-қатынаста көрінеді. Бұл жерде әкімшіліктер көп жағдайда
мемлекеттік-биліктік құзыретке ие, сондықтан олардың қолында мәселені
шешудің құқықтық сипаттағы міндетті шешім қабылдайтындықтан, азаматтарға
қарағанда еркі үстем, ал адамдар солардың еркіне бағынып, айтқанын істейді.
Сонда аталған іс бір жақтың (тараптың) еркіне екінші жақтың бағынуын
көрсетеді. Бұндай бағынушылыққа өз еркімен ғана емес, мәжбүрлеу арқылы да
қол жеткізілуі мүмкін. Мысалы, бағдаршамның қызыл жарығына жүріп жол
ережесін бұзған жүргізушіні жол полициясының қызметкері ешкімнің айтуынсыз
өзі тәртіп бұзушыны жауапқа тарта алады. Егер жүргізуші қарсылық көрсетіп,
бағынбаса оған күш қолданып, мәжбүрлеуге құқы бар.
Әкімшілік құқық әдістерінің келесі бір ерекшеліктері құқықтық
нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың
бұлжытпай орындалуы. Бұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не
белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін. Мысалы, қоғамдық
орындарда тәртіп сақтау, көшені арнайы көрсетілген жерден қиып өту немесе
жеке топтарға арналған, жүргізушілерге автокөліктерімен жүруге,
автокөліктерін қоюға тыйым салатын ережелерді айтуға болады. Сонымен, көп
жағдайда әкімшілік құқықтың әдістері билік және бағыну, бұйрықтарды,
талаптарды орындау сипатында болады. Дегенмен, әкімшілік құқықта
горизонталды қарым-қатынастарды реттейтін тараптардың (жақтардың) тепе-
теңдігі сақталатын жағдайлар да аз емес. Мысалы екі министрліктің
арасындағы қатынас ешқандай бағыныштылыққа құралмайды. Әр министірлік
өзінің жұмысымен айналысып үкімет басшысына ғана бағынады. Әкімшілік
құқықтың бағынушылық (командалық, бұйрықтық) әдісінен басқа өзара біріккен
әрекет, келісіп істеу, келісім, үйлесімділік, әкімшілік шарт сияқты
әдістері бар.
Әкімшілік құқықтың дерек көздері дегеніміз мемлекеттік билік ресми
мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің
көріну мен бекітілуі. Олар дерек көздері болу үшін төмендегідей бірнеше
белгілерге ие болуы керек: субъектілердің белгілі бір нысандары орындауға
міндетті бір не бірнеше мінез-құлық ережелері (құқық нормалары) болуы
керек; мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен орындалатындай мемлекеттік билікпен
ресми мойындалуы қажет; әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің іс-
әрекеттерінде белсенді қолданылатындай практикалық маңызға ие болуы керек;
әкімшілік құқықтық қатынастар субъектілерінің қандай да бір құқықтық
маңызды іс-әрекеттер жасауы үшін негізі болуы керек; қоғамдағы өмір сүріп
отырған құқықтық жүйе мен ғылыми-құқықтық доктринаға сәйкес келуі керек.
Әкімшілік құқықтың төмендегідей дерек көздері бар: Қазақстан
Республикасы Конституциясы; халықаралық, мемлекетаралық шарттар; Қазақстан
Республикасы конституциялық заңдары; Қазақстан Республикасы заңдары;
Қазақстан Республикасы Президентінің, Парламентінің; Үкіметінің, жергілікті
мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдарының актілері; әкімшілік
соттық прецеденттер; әкімшілік шарт; ғылыми құқықтық доктрина.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері — адамның және
азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, халықтың
денсаулығын, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын, қоршаған ортаны,
қоғамдық имандылықты, меншікті, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,
мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, ұйымдардың заңмен
қорғалатын құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау,
сондай-ақ олардың жасалуының алдын алу. Аталған міндеттерді жүзеге асыру
үшін әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар әкімшілік жауаптылықтын
негіздері мен қағидаттарын белгілейді, қандай әрекеттердің әкімшілік құқық
бұзушылық болып табылатынын және олардың жасалғаны үшін қолданылатын
жазалардың түрлерін, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адамға қай
мемлекеттік органның (лауазымды адамның) қандай әкімшілік жаза және қандай
тәртіппен қолдануы мүмкін екенін айқындайды.
Әкімшілік құқықтық нормативтік актілердің жасалуы, тәртіп бұзушылықтың
барысында туындайтын әкімшілік іс жүргізу немесе әкімшілік үрдіс мынандай
қағидаттарға негізделіп іске асырылады:

1. Заңдылық қағидаты

Әкімшілік құқық бұзушылық, оларды жасағаны үшін қолданылатын ықпал ету
шаралары тек әкімшілік кодекспен белгіленеді. Әкімшілік кодексте
көрсетілген әрі белгіленген негіздер мен тәртіптен басқа жағдайларда, ешкім
де әкімшілік жазаға, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді
қамтамасыз ету шараларына тартылуға тиіс емес. Сот, әкімшілік құқық
бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар)
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді жүргізу кезінде Қазақстан
Республикасының Конституциясын, әкімшілік кодексін, өзге де нормативтік
құқықтық актілердің талаптарын дәл сақтауға міндетті. Қазақстан
Республикасы Конституциясының жоғары заң күші бар және Қазақстан
Республикасының бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Заңмен және Қазақстан
Республикасы Конституциясымен белгіленген ережелер арасында қайшылықтар
болған жағдайда конституцияның ережелері қолданылады.
Соттар адамның және азаматтың конституциямен баянды етілген құқықтары
мен бостандықтарына нұқсан келтіретін заңдар мен өзге де нормативтік
құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот, қолданылуға жататын заң
немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың
Конституциямен баянды етілген құқықтары мен бостандығына нұқсан келтіреді
деп тапса, ол іс жүргізуді тоқтата тұруға және осы актіні конституциялық
емес деп тану туралы ұсыныспен конституциялық кеңеске жүгінуге міндетті.
Сот конституциялық кеңестің шешімін алысымен іс жүргізуді қайта бастайды.
Соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті
органдардың (лауазымды адамдардың) әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
жүргізу кезіңде заңды бұзуына жол берілмейді және заңмен белгіленген
жауаптылыққа, қабылданған актілердің жарамсыз деп танылуына және олардың
күшінің жойылуына әкеп соғады.
2. Сот құзыретінің ерекшелігі

Соттың құзыреті, оның юрисдикциясының шегі, оның әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс жүргізуді жүзеге асыру тәртібі заңмен белгіленеді және
өз бетінше өзгертуге болмайды. Қандай атаумен болса да төтенше немесе
арнайы соттарды құруға жол берілмейді. Төтенше соттардың, сондай-ақ заңсыз
құрылған өзге де соттардың шешімдерінің заңды күші болмайды және орындалуға
жатпайды. Кімнің болса да соттың биліктік өкілеттігін иемденуі заңмен
көзделген жауаптылыққа әкеп соғады. Әкімшілік кұқық бұзушылық туралы істер
бойынша, өзінің қарауына жатпайтын іс бойынша іс жүргізуді жүзеге асырып,
өз өкілеттігін асыра пайдаланған немесе әкімшілік кодексте көзделген
әкімшілік құқық бұзушылық туралы қағидаттарды өзгеше түрде бұзған соттың
шешімдері заңсыз және күші жойылуға тиіс. Соттың әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер жөніндегі шешімдері әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен тек
тиісті соттарда ғана тексерілуі және қайта қаралуы мүмкін.
Азаматтардың заң алдыңда теңдігі Әкімшілік құқық бұзушылық жасаған
адамдар заң алдыңда тең және тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік
жағдайына, нәсілі мен ұлтына, сеніміне, жынысына, тіліне, дінге көзқарасына
және істейтін жұмысының сипатына, тұратын жеріне, қоғамдық бірлестіктерге
қатысына, сондай-ақ кез келген өзге де мән-жайларға қарамастан әкімшілік
жауаптылықта болуға тиіс.
Кінәсіздік презумпциясы Өзіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы
іс қозғалған жеқе адам өз кінәсі әкімшілік кодексте көзделген тәртіппен
дәлелденбейінше және өз өкілеттігі шегінде істі қараған судьяның, органның
(лауазымды адамның) заңды күшіне енген қаулысымен белгіленбейінше, кінәсіз
деп есептеледі. Ешкім де өзінің кінәсіздігін дәлелдеуге міндетті емес.
Кінәлілікке келтірілген кез келген күдіктер өзіне қатысты әкімшілік құқық
бұзушылық туралы іс қозғалған адамның пайдасына түсіндіріледі. Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы заңдарды қолдану кезінде туындайтын күдіктер де оның
пайдасына шешілуге тиіс.
Кінә қағидаты Жеке адам тек кінәсі анықталған құқық бұзушылықтары үшін
ғана әкімшілік жауаптылықта болуға тиіс. Жеке адамның кінәсіздіктен
келтірген залалы үшін объективті кінә тағуға, яғни әкімшілік жауаптылыққа
тартуға жол берілмейді. Қасақана немесе абайсыз әрекет жасаған жеке адам
әкімшілік құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танылады.

3. Қайтадан әкімшілік жауаптылыққа тартуға жол берілмеушілік
Бір құқық бұзушылық үшін ешкімді де екі рет әкімшілік жазаға тартуға
болмайды.
Ізгілік қағидаты Қазақстан Республикасының әкімшілік Құқық бұзушылық
туралы заңдары адамның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Құқық бұзушылық
жасаған адамға әкімшілік жаза қолданғанда адам жанын күйзелтуді немесе
адамның қадір-қасиетін қорлауды жазалау мақсаты етіп қоюға болмайды.
Жеке басқа қол сұқпаушылық
Ешкімді де әкімшілік кодексте белгіленген негіздер мен тәртіптен
өзгеше ретте әкімшілік ұстауға, ішкі істер органына (полицияға) немесе
басқа мемлекеттік органдарға алып келуге, жеткізуге, жеке басын және жеке
адамның заттарын тексеруге болмайды. Әкімшілік кодексте белгіленген
жағдайларда және тәртіппен тек судьяның қаулысы бойынша ғана әкімшілік
жазалау шарасы ретінде қамауға алу қолданылуы мүмкін. Әрбір ұсталған, ішкі
істер органына (полицияға) немесе басқа мемлекеттік органға алып келінген,
жеткізілген адамға ұстаудың, алып келудің, жеткізудің негіздері, сондай-ақ
оған тағылып отырған әкімшілік құқық бұзушылықтың заңдық сипаты дереу
хабарланады. Мемлекеттік орган (лауазымды адам) заңсыз ұсталған, алып
келінген, жеткізілген немесе судьяның қаулысында көзделген мерзімнен артық
қамауда отырған адамды дереу босатуға міндетті.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іске қатысушылардың ешқайсысын зорлық-
зомбылық, қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтын әрекетке
ұшыратуға болмайды. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу процесінде
адамның не оның заңды өкілінің еркіне қарсы жеке басқа қол сұғылмаушылықты
бұзатын іс-әрекеттер жасау тек әкімшілік кодексте тікелей көзделген
жағдайларда және тәртіппен ғана мүмкін болады. Өзіне қатысты әкімшілік жаза
шарасы ретінде қамауға алу таңдалған адамды, сондай-ақ әкімшілік ұстауға
ұшыраған адамды ұстау оның өмірі мен денсаулығына қатер төнуін болдырмайтын
жағдайда жүзеге асырылуға тиіс. Заңсыз қамауға алудың, өмірі мен
денсаулығына қатерлі жағдайларда ұстаудың, оған қатыгездікпен қараудың
салдарынан азаматқа келтірілген залал заңда көзделген тәртіппен өтелуге
тиіс.

Жеке бастың ар-ожданы мен қадір-қасиетін құрметтеу
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу кезінде іске қатысушы
адамның ар-ожданын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемітетін шешімдер мен
іс-әрекеттерге тыйым салынады, адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді, сол
сияқты ол құпия сақтауды қажет деп есептейтін жеке сипаттағы мәліметтерді
Әкімшілік кодексте көзделмеген мақсаттар үшін жинауға, пайдалануға және
таратуға жол берілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу
барысында соттың, басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың
заңсыз іс-әрекеттерімен адамға келтірілген моральдық залал заңда
белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.
Жеке өмірге қол сұқпаушылық Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, поштамен,
телеграф арқылы және өзге де хабарламаляр алысу құпиясы. Азаматтардың жеке
өмірі, жеке басының және отбасының құпиясы заңның қорғауында болады.
Әркімнің жеке салымдар мен жинақ ақша, хат жазысу, телефонмен сөйлесу,
поштамен, телеграф арқылы және өзге хабарламалар алысу кұпиясына құқығы
бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу барысында осы құқықтарды
шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен жол
беріледі.
Меншікке қол сұқпаушылық Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Ешкімді де
сот шешімінсіз өз мүлкінен айыруға болмайды. Мүлік пен құжаттарды алып қою;
көлік құралын, шағын кемені басқарудан шеттету; көлік құралын, шағын кемені
ұстау; көлік құралдарын, шағын кемелерді тексеру; аумақтарды, үй-жайларды,
көлік құралдарын, тауарларды, өзге де мүлікті, сондай-ақ тиісті құжаттарды
тексеріп қарау тек әкімшілік кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен
жүргізілуі мүмкін.

1.4 Судьялардың тәуелсіздігі
Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және тек Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңға бағынады. Судьялар мен соттар
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өздеріне бөгде ықпал болмайтын
жағдайларда шешеді. Соттардың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне
қандай да болмасын араласушылыққа жол берілмейді және ол заң бойыңша
жауаптылыққа әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді. Судья
тәуелсіздігінің кепілдіктері Қазақстан Республикасының Конституциясымен
және заңмен белгіленген.
Іс жүргізу тілі Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық
туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекетгік тілде жүргізіледі, ал қажет
болған жағдайда іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік
тілмен тең қолданылады. Судья, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді
қарауға уәкілетті органдар (лауазымды адамдар) өз каулысымен қаралатын іс
бойынша іс жүргізу тілін белгілейді. Белгілі бір іс бойынша іс жүргізу
соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның
(лауазымды адамның) қаулысымен белгіленген тілдердің бірінде жүзеге
асырылады. Іс жүргізіліп жатқан тілді білмейтін немесе жеткілікті дәрежеде
білмейтін іске қатысушы адамдарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде
мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтініштер жасау, шағым беру,
істің материалдарымен танысу, оны қарау кезінде сөз сөйлеу, аудармашының
қызметін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуге қатысушы
адамдарға басқа тілде жазылған заңға байланысты қажетті іс материалдарың іс
жүргізілетін тілге тегін аударып беру қамтамасыз етіледі. Құқық бұзушы мен
жәбірленушіге тапсырылуға тиісті іс жүргізу құжаттары олардың ана тіліне
немесе олар білетін тілге аударылып берілуге тиіс. Аударма жөніндегі
шығыстар және аудармашының көрсеткен қызметі мемлекеттік бюджет есебінен
төленеді.
Куә айғақтарын беру міндетінен босату Ешкім өзіне-өзі, жұбайына
(зайыбына) және заңмен белгіленген шектегі жақын туыстарына қарсы айғақ
беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға
қарсы куәгер болуға міндетті емес. Аталған адамдар айғақ беруден бас
тартуға құқылы және олар бұл үшін қандай да болмасын жауаптылыққа тартылуы
мүмкін емес.
Білікті заң көмегін алуға құқықтарды қамтамасыз ету Әркімнің әкімшілік
іс жүргізу барысында заңға сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
Заңмен көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізудің жариялылығы. Сот,
әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар
(лауазымды адамдар) осы істерді жүргізуді ашық түрде жүзеге асырады. Заңға
сәйкес мемлекеттік құпиялар болып табылатын мәліметтері бар істерге
қатысты, сондай-ақ соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға
уәкілетті органның (лауазымды адамның) бала асырап алудың құпиясын
қамтамасыз ету, жеке бастың, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен
қорғалатын өзге де құпияны, азаматтар өмірінің интимдік жақтары туралы
мәліметтерді сақтау қажеттілігіне не ашық қарауға кедергі келтіретін өзге
де мәнжайларға сілтеме жасаған іске қатысушы адамның өтінішін
қанағаттандыру кезінде іс жүргізу жабық түрде жүзеге асырылады.
Азаматтардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы
хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың
келісімімен ғана ашық іс жүргізу барысында жария етілуі мүмкін. Керісінше
жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары
жабық іс жүргізу тәртібінде жария етіледі және зерттеледі. Аталған ережелер
жеке сипаттағы мәліметтері бар фото және кино-құжаттарды, дыбыстық және
бейнежазбаларды зерттеу кезінде де қолданылады. Іске қатысушы адамдар мен
ашық іс жүргізуге қатысып отыратын азаматтар іс жүргізіліп жатқан үй-
жайдағы өздері иеленген орыннан іс жүргізудің барысын жазбаша түрде немесе
аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Іс жүргізу барысында кино
және фотосуретке түсіруге, бейнежазбаға, тікелей радио және телехабарларды
таратуға соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті
органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, іске қатысушы адамдардың
пікірлері ескеріле отырып жол беріледі. Бұл іс-әрекеттер істің қалыпты
жүруіне кедергі жасамауға тиіс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы
мүмкін.

Іс жүргізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету
Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу соттың, әкімшіліқ құқық
бұзушылықты қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын
және іс жүргізуге қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда
өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам іс
жүргізу кезінде қатысып отыруға тілек білдірген адамдардың жеке бастарын
куәландыратын құжаттарын тексеруді, өздерін тексеріп қарауды және олар
әкелген заттарды тексеріп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнінде өкім
бере алады. Іс жүргізу іс-әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану бостандығы
Соттың, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органның
(лауазымды адамның) іс-әрекеттері мен шешімдеріне әкімшілік кодексте
белгіленген тәртіппен шағымдануға болады. Іске қатысушы адамның әкімшілік
құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды әкімшілік кодексте
белгіленген тәртіппен қайта қаратуға құқығы бар. Шағымды шағым берген
адамға зиян келетіндей етіп немесе шағым өз мүддесіне орай берілген адамға
зиян келетіндей етіп қарауға жол берілмейді.
Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы
қорғау. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы
бар. Мүдделі адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын
мүдделері бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшін заңда
белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. Прокурор өзіне жүктелген
міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтардың, ұйымдардың
құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін сотқа талап
қойып (арыз жазып) жүгінуге құқылы. Ешкімге ол үшін заңмен көзделген
соттылығы оның келісімінсіз өзгертілуге тиіс емес.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауапкершілік

Жеке адамның, әкімшілік кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық көзделген
құқыкқа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс-әрекеті не
әрекетсіздігі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті не
әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады. Әкімшілік құқық
бұзушылықтың объектісі мемлекеттік әкімшілік құқықтық нормалар реттейтін
қоғамдық қатынастар саласы болып табылады. Әкімшілік құқық бұзушы әкімшілік
құқық бұзушылықтың субъектісі болады.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың негізгі белгілерінің бірі әрекет және
әрекетсіздік қосылып іс-қимыл деген құқықтық ұғымды құрайды. Іс-қимыл
құқыққа сәйкес және теріс қылық болып екіге бөлінеді.
Әкімшілік әрекет — міндеттер мен заң талаптарын орындамау, бұзумен
тікелей байланысты, құқық бұзушының мінез-құлығының белсенді тұрпішіні.
Міндеттер мен заңды талаптарды орындамаумен тікелей байланысты құқық
бұзушының мінез-құлығының бәсең түрпішіні әкімшілік әрекетсіздік деп
аталады. Мысалы, сауда кәсіпорны бастығы, дер кезінде сатылатын тауарларды
оларға берілетін сертификатпен қамтамасыз жасамағандықтан, сатып алушылар
тауарлардың шығу тегіне байланысты ақпараттарды уақытында біле алмады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзінің іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) құқыққа қарсы сипатын сезінсе, оның залалды салдарын
алдын ала білсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы
түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкімшілік құқық бұзушылық
қасақана жасалған деп танылады. Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жеке
адам өзінін іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) зиянды салдарының туындау
мүмкіндігін алдын ала білсе, бірақ жеткілікті негізсіз оның алдын алуға
болады деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік жауапкершіліктің түсінігі
Әкімшілік жауапкершіліктен босату жағдайлары
Әкімшілік жауапкершілік түсінігі, негізгі белгілері. Әкімшілік жауапкершіліктің нормативтік-құқықтық негізі
Әкімшілік жауапкершілік
Жеке тұлғалардың әкімшілік құқықтық жауапкершілігі
Әкімшілік жауапкершіліктен босату
Заңды тұлғалардың әкімшілік жауапкершілігі
Әкімшілік жауапкершілік ұғымы және оның ерекшеліктері
Әкімшілік жазалау түрлері
Әкімшілік жауапкершілік ұғымына түсініктеме
Пәндер