Төменгі ағынның қалыптасу факторлары


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе

1 Төменгі ағынның қалыптасу факторлары 5

1. 1 Жер беті құрылысы 5

1. 2 Геологиялық құрылысы 7

1. 3 Климаттық жағдайлары 9

1. 3. 1 Атмосфералық жауын-шашындар және қар жамылғысы 9

1. 3. 2 Ауа температурасы 14

1. 3. 3 Гидрографияның жалпы сипаттамасы 16

2. БАСТАПҚЫ АҚПАРАТ 21

2. 1 Төменгі ағынның сипаттамалары 21

2. 2 Аумақтың гидрологиялық зерттелуі 21

2. 3 Гидрологиялық қатарларды көпжылдық кезеңге келтіру 23

3. Өзендердің төменгі ағынының қалыпы 25

3. 1 Төменгі ағынды есептеудің ұстанымдары 26

3. 2 Төменгі ағынның статистикалық сипаттамалары 29

4 ТӨМЕНГІ АҒЫННЫҢ КЕҢІСТІКТІК ТАРАЛЫМЫНЫҢ ЗАҢДЫ-ЛЫҚТАРЫ 29

4. 1 Сужинау ауданының төменгі ағынға әсері 29

4. 2 Сужинаудың орташа биіктігінің әсері 31

ҚОРЫТЫНДЫ 35

ТЕРМИНДЕР ТІЗІМІ 37

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ КӨЗДЕРІНІҢ ТІЗІМІ 41

КІРІСПЕ

Халық шаруашылығында, бірінші кезекте сушаруашылық жобалауларында кең қолданылатын негізгі гидрологиялық сипаттамалардың бірі, өзеннің төменгі, соның ішінде минималды ағыны болып табылады. Оны әрі қарай зерттеу мен бағалау маңыздылығы, су ресурстарының қазіргі замандағы жетіспеушілігінің өсе түсуі мен географиясы жағынан кеңейіп келе жатқан интенсивті су тұтыну аудандарындағы су жүйелерінің, жеке су нысандарының экологиялық күйінің нашарлауына байланысты арта түседі.

Еліміздің аумағының үлкен бөлігінде, сабасына түсу кезеңінде өзендер көбіне жер асты суларымен қоректенетіндіктен, төменгі ағын жер асты және жер беті су нысандарының су алмасуының өзара байланысының объективті сандық көрсеткіші болып табылады. Су орталары мен өзен алаптарына антропогендік күш түсіру нәтижесінде болып жатқан су ресурстарының сандық және сапалық көрсеткіштерінің өзгеруі, бірінші кезекте су тұтыну мен су пайдалануды шектейтін (лимиттайтын), ең сезімтал индикатор ретіндегі өзендердің төменгі, минималды ағынында байқалады [1] .

Осы сипаттаманы зерттеудің бастапқы кезеңінде Кеңестер Одағы елдері өзендерінің минималды ағынын зерттеуде Г. Н. Петров, А. М. Норватов, Н. Д. Антонов, В. А. Урываев, А. А. Соколов, А. Г. Курдов, М. Х. Шевелев ең үлкен еңбек сіңірді. Шоғырланған пішіндегі оларды есептеу әдістері А. Владимировтың «Өзендердін төменгі ағынын есептеу» атты еңбегінде өздерінің орынын алды. Біздің болашақтағы жұмысымыздың басты мақсаты болып Ертіс өзенінің негізгі салаларының минималды ағынын, оның генезисін есепке ала отырып, қазіргі заманғы есептеулер технологиясы базасында, есептеу техникаларының көмегі арқасында ықтималдылық- статистикалық әдістерімен зерттеу болып табылады.

Өзеннің төменгі ағынының негізгі есептеу сипаттамасы ретінде өзгергіштік параметрлерімен өзен ағынының минималды тәуліктік мәні пайдаланылды. Ықтималдардың таралу қисығын параметрлеу статистикалық сипттамаларды төменгі ағынның қалыптасуының табиғи факторларын есепке ала отырып икемді, негізделген және объективті түрде жүргізуге мүмкіндік береді. Есептеулер бақылаулар мәліметтерінің бар болуы кезінде, жетіспеушілігінде де жүргізіледі. Осы мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттерді орындау қажет:

  1. минималды ағын уақыттық қатарының статистикалық құрылымын, бастапқы ақпараттың генетикалық және статистикалық, біркелкілігін анықтау;
  1. арту ықтималдары таралу қисығының параметрлерін есептеу үшінуақыттық қатарлардың, репрезентативтілігін таңдауды және минималды ағынның көпжылдық өзгергіштігін суреттеу үшін теориялық функцияны негіздеу;
  1. эпизодтық гидрометриялық бақылауларды тарта отырып бастапқыақпараттардың көлемін үлғайту мүмкіншіліктерін анықтау

Бітіру жұмыстың бірінші бөлімінде Ертіс өзенінің негізгі саларының минималды төменгі ағынын құраушы физикалық - географиялық факторлар қарастырылды. Климат, жер құрылысы, қарастырылды. Екінші бөлімінде минималды ағынның сипаттамасын негіздеуге түсініктеме берілді. Үшінші бөлімінде Ертіс өзенінің негізгі саларының минималды төменгі ағынының статистикалық параметрлері есептелінді. Ол үшін гидрологиялық катарлар көпжылдық кезеңге келтірілді. Төртінші бөлімде төменгі ағынның кеңістіктік таралым заңдылықтары қарастырылды.

Жұмыстың мақсаты - Ертіс өзенінің негізгі саларының минималды төменгі ағынын есептеу және оны құрушы факторларды қарастыру.

Міндеттер. Белгілі әдістерді қолдана отырып Ертіс өзенінің негізгі саларының минималды төменгі ағынын құрушы физикалық - географиялық факторлармен байланысын зерттеу, сонымен қатар негізгі статистикалық сипаттамаларлын есептеу. Кеңістіктік таралым заңдылықтарын қарастыру.

  1. ағынның қалыптасу факторлары

Төменгі ағынның мерзімдік кезеңі және мәні, оның құрылуына, режиміне үлкен әсер тигізетін, физикалық-географиялық факторлармен тығыз байланыста болады. Төменгі ағынның режимін анықтайтын физикалық-географиялық факторларды екі топқа бөлуге болады: 1) климаттық факторлар және 2) жер бетінің төселме факторлары [2] .

Климаттық факторлар аумақтық жалпы сулылығының қалыптасуы үшін негізгі болып табылады. Жауын-шашындар грунттық сулардың көбеюуіне мүмкіндік жасайды, ал булану оларды қөректенуді және оның қорын азайтады.

Климаттық факторлар, соның ішінде жауын-шашындар, төменгі ағынның аумақ бойынша таралымын географиялық зоналық заңдылықтарымен анықтайды.

Ертіс өзені алабы төменгі ағынының өзгеру сипаты үлкен тау массивтерінің болуына байланысты белдеулік және вертикалдық географиялық зоналықпен айқындалады. Олар үшін жауын-шашындардың өзгеруі жергілікті жердің биіктігіне тәуелді.

Төменгі ағынға гидрографиялық желінің дамуы да ерекше әсерін тигізеді. Гидрографиялық желілері дамыған аумақтарда төменгі ағын, әдетте жоғары болып келеді. Мұндай жағдай Ертіс өзені алабының оң салары алабтарына тән.

Топырақ-грунт факторы да аса маңызды болып табылады. Ағынның жер асты жинаушылары бола отырып, олар көп сулы кезеңдерде суды ұстап қалып отырады, ал кейіннен аз сулы кезеңдерде суды беріп отырады. Осы жағдайлардың барлығы төменгі ағынның қалыптасу факторларын зерттеуде аса маңызды жәйт болып келеді [3-5] .

  1. Жер беті құрылысы

Шығыс Қазақстан облысы Алтайдың оңтүстік - батыс бөлігін, Зайсан қазаншұңқырын, Қалба мен Сауыр - Тарбағатай жоталарын, Ертіс маңы жазығын және Сарыарқаның шығыс бөліктерін қамтиды.

Шығыс Қазақстан облысы аймақты оң және сол жағалауға бөліп тұрған Ертіс орналасқан. Бүгінгі күнде оның ауданы 283, 3 мың км 2 . Жалпы оңтүстіктен солтүстікке 6°-қа созылған, ал батыстан шығысқа қарай тіпті 10°-қа дейін барады. Ең шеткі солтүстік координатасы 51°04 / , оңтүстігі - 45 0 50 / с. е., батысы 76°50 / , шығысы 87 0 20 / ш. б.

Шығыс Қазақстан облысы географиялық орнының ерекшелігі, оның ең ірі Еуразия континентінің тұңғиық ортасында орналасуы. Облыс территориясында планетаның континенталды полюсы мен Еуразияның географиялық орталығы орналасқан.

Шығыс Қазақстан жерінің табиғаты өте әркелкі. Жер бедерінің амплитуда интервалы теңіз деңгейінен 145 м-ден 4500 м-ге дейін. Территорияда климаттық, өсімдіктер дүниесінің, топырақтық меридиандық заңдылықпен таралуын анық байқауға болады [6] .

Облысымыздың жер бедері өте күрделі жэне әртүрлілігімен белгілі. Ертістің сол жақ бөлігі жазықты, жоталы, ұсақ шоқылы болып келсе, оң жақ бөлігі таулы болып келеді. Мұнда шамамен 80% - ға жуығы биіктік белдеулер.

Батыс субаймағының жер бедері келесі ірі табиғи - территориялық кешендерге бөлінеді: Ертіс маңы жазығы, Шыңғыстау тауы, Көкпекті - Шар ұсақ шоқысы, Тарбағатай жоталар жүйесі, Алакөл қазаншүңқыры. Әрбір табиғи-территориялық кешен төменгі деңгейдегі болып есептелінеді. Батыс субаймағының жер бедері түрлері: жазықтық, тау алды, ұсақ шоқылы, аласа таулы, орташа таулы және биік таулы, ал кейбір жерлерде тау аралық құламалар. Субаймақтың Солтүстік - Батысын толығымен жазықтық алып жатыр. Бұл Батыс - Сібір ойпатының оңтүстік бөлігі болып келеді. Құлынды және Ертіс маңы жазығын осы аймаққа жатқызамыз.

Ертіс маңы жазығы жер бедері тегіс болып келеді. Бірақ кейбір жерлерінде жалпақ жапырақты орман асулары көптеп кездеседі. Олардың абсолютты биіктіктері 200-400 м., ал салыстырмалы биіктігі 50-100 м-ден аспайды.

Семей қаласының оңтүстігінде жер бедері жазықтықтан ұсақ шоқыларға ауысады да, біртіндеп көтеріле бере Қалба жоталарына дейін барады.

Көкпекті - Шар ұсақ шоқысы, аласа жоталы аумақ болып келеді. Мұнда абсолютті биіктік 400-50 метрден 800-900 метрге, ал салыстырмалы биіктігі 20-дан 250 метрге дейін жетеді. Бүкіл ұсақ шоқы мүлдем аз тілімделген. Жота беткейлері көбіне тегіс болып келеді. Бірақ кейбір жерлерде аласа тау массивтері кездеседі. Семей - Тау - 606 м, Дегелен - 1085 м, Арқалық - 507 м, Делбегетей - 730 м, Қандығатай - 1025 м және тағы басқалары.

Ертістің сол жағалауымен, Семейдің оңтүстік - батысы және Шағана мен Мұқыр өзендері ортасында орналасқан Семей - Тау аласа болғанымен ені 10 км-дей болатын тік жартасты гранитті массивтерден тұрады.

Қазақтың ұсақ шоқылары орталығына таяу аласа таулы Шыңғыстау созылып жатыр. Мұнда, солтүстік жотасы Ханшыңғыс - 1152 м, орталығында Шыңғыстау - 1077 м, оңтүстігінде Ақшатау. Ең биік нүктесі Қособа тауы -1505 метрге дейін жетеді. Бұл жоталар Алтай тауларынан Шар өзенінің тектоникалық аңғары арқылы бөлініп тұр, ал оңтүстік - шығыс және шығыс Тарбағатай таулары мен Зайсан қазаншұңқырымен қосылып жатыр.

Жалпы Шыңғыстау жоталары ежелгі платформада орналасқандықтан уақыт өткен сайын аласарып келе жатыр. Болашақта бүл жоталардың бедері толығымен тегістеліп жазықтыққа айналып кетуі әбден мүмкін.

Шыңғыстаудан шығысқа қарай, Шар мен Көкпекті өзендер алабында Шар - Көкпекті ұсақ шоқысы созылып жатыр. Жер бедерінің ерекшелігі -жалпақ беткейлі қатты тілімделген жоталар. Ұсақ шоқылар бойында жекелей Алакөл құламасы жер бедері - Сасықкөл және Алакөл көлдері орналасқан, теңіз деңгейінен 340-600 метр биіктегі тегіс жазықтық. Жазықтың кейбір жерлерінде аласа таулы массивтер байқалады. Кеуіп қалған су арналары жиі кездеседі. Тек жыныстарға сіңіп үлгермеген бастауындағы қасуларды ғана аңғаруға болады.

Міне батыс субаймақ жер бедерінің ерекшеліктері осындай. Бұл Батыс Сібір ойпатының жазықты оңтүстік - шығыс бөлігі, Оңтүстік - батыс Алтай және Қалба жотасы, Қазақтың ұсақ шоқылары массивтері, Балқаш, Алакөл мен Зайсан құламаларының бөліктері және Тарбағатай жоталары.

  1. Геологиялық құрылысы

Геологиялық құрылысы мен жер бедерінің ерекшелігіне байланысты Шығыс субаймағы негізгі ірі және күрделі бес табиғи - территориялық кешенге бөлінді: Кенді Алтай; Оңтүстік Алтай, Қалба қыраты, Зайсан құламасы, Сауыр - Тарбағатай тауы. Эндогендік және экзогендік процестер мен құбылыстар нәтижесінде әрбір табиғи - территориялық кешенде жер бедерінің әр түрлері мен пішіндері қалыптасты.

Жер бедері түрлері: биік таулы, орташа таулы, аласа таулы, тау алды және тау аралық құламалар. Жер бедері пішіндері: өзен аңғарлары, беткі түзеулер, мореналар, эрозиялық қалдықтар, жартастар және тағы басқалары.

Табиғи - территориялық кешені жер бедерінің ерекшелігін әртүрлі деңгейде қарастыру [7] .

Таулы жер бедері: тау алды - абсолюттік биіктігі 300-600 м. Оба өзенінің орта ағысы мен Үлбінің оң жағалауында жер бедері жоталы жазықтық болса, облыстың солтүстік-батысы, Ертіс пен Бұқтырма аралықтары және Нарымның оң жағалауы үсақ шоқылы болып келеді.

Аласа таулы - биіктігі 600-1500 м. Беткейлері тегіс, «тік бағаны», «төсеніш», «шіркеу» бейнесіндегі жалаңаштанған жартастар.

Орташа таулы - биіктіктері шамамен 1800-2000 м. Мұнда тау сайлары мен аңғарлары, жартасты беткейлер - осы арқылы тау өзендері өз бастауларын алады.

Биік таулы - 2000-3000 м және одан да биік. Мұнда жарлар жиналады және де мұздықтар қалыптасады. Тау аралық құламалар ішіндегі ең үлкені Зайсан. Құламалардың ішінде Оңтүстік Алтай - Марқакөл, Бобровка, Орловка; Кенді Алтай - Нарым, Риддер, Зырян; Қалба қыратында - Тайынты, Сібе; Сауыр - Тарбағатайда - Шілікті.

Кенді Алтай - Ертістің оң жағалауы және Оба мен Нарым аралықтарында орналасқан. Түсті және сирек кездесетін металдардың осы аймақта көптігіне байланысты «Кенді» атағына ие болған.

Кенді Алтай солтүстік - батысқа созыла орналасқан Листвяга, Холзун, Көксу, Тегеріс жоталарынан тұрады. Бұларға батысынан Оба, Иванов, Үлбі жоталары жалғасады. Листвяга жотасынан батысқа қарай аласа Бұқтырма жотасы орналасқан. Тау шыңдары мүнда жалпақ немесе дөңгелек тәрізді, жиі жартастар мен үшкір тастар кездеседі. Кенді Алтайдың ең биік нүктесі - Выше Ивановский - 2776 м.

Оңтүстік Алтай Кенді Алтайдан Нарым - Бұқтырма құламасы арқылы бөлінеді. Батысынан шығысқа қарай Нарым, Сарымсақты, Алтай Тарбағатайы жоталары орын тепкен. Оңтүстігіне қарай Күршім және Оңтүстік Алтай жоталары созыла орналасқан. Марқакөл көлінің оңтүстігін толығымен Азутау жотасы қамтып жатыр. Оңтүстік Алтайдың максималды биіктігі 2800-3600 м., ең биік нүктесі 3871 м. Осы жоталарда екі тау мүздығы бар. Мұнда терең сайлар мен биік жартастар көптеп кездеседі. Сондықтан бұны альпілік жер бедері деп санайды [7] . Қалба қыраты Ертістің сол жағалауындағы Көкпекті, Бөкен, Шар өзендері аңғарлары аралықтарында орналасқан. Оңтүстік Алтайдың батысындағы жалғасы болып есептеледі. Жота ұзындығы 200-230 км, ал ені небәрі 50-70 км. Ең биік нүктесі Сары шоқы тауы - 1608 м. Жалпы жер бедері аласа таулы, беткейлері тік жартастары.

Сауыр - Тарбағатай жоталар жүйесі. Сауыр жотасы әлде қайда биігірек. Ең биік нүктесі: Мұзтау 3816 м. Тіпті шыңында мұздықтар да бар. 2000-2400 м биіктікте ежелгі беткі қабат түзілуі байқалады. Сауырға параллель Сайқан жотасы орналасқан, ал батысын Маңырақ жотасы жалғастырады. Оның биіктігі 2058 м. Тарбағатай жоталары әр түрлі биіктікте көтеріліп қалған ірі блоктардан түрады. Олардың шыңдары жалпақ, мұздықтар мүлдем жоқ, ал биіктіктері 2000-2500 м.

Сонымен шығыс субаймағы жер бедері баспалдақ тәрізділігімен, шыңдарының жалпақтылығымен және таз аралық құламалардың көптігімен ерекшеленіледі.

1. 3 Климаттық жағдайлары.

1. 3. 1 Атмосфералық жауын-шашындар және қар жамылғысы

Ылғал мөлшерінің таралуы Шығыс Қазақстан территориясында әр түрлі шамада. Ылғалдың жылдық мөлшерде әр түрлі аудандарда 170-тен 1800 мм және одан да жоғары мөлшерде. Ылғалдың таралуына негізінен тау жоталары қатты әсерін тигізеді. Олар негізгі ылғалды ұстап толады жэне ішкі аймақтарға таралуын жібермейді.

Атмосфералық ылғалдылық мөлшері жер бедерінің биіктігі мен беткейлердің көлбеулігіне байланысты биік таулы аудандарға қарай 1000-1300 мм-ге дейін артады. Ылғалдылық көп мөлшері батыстан келетін ауа ағындарының ылғалын бірінші болып қарсы алатын Кенді Алтай жоталарына түседі. Иванов жотасындағы (2800 м биіктікте) Громотуха өзенінің жоғарғы ағысында Шығыс Қазақстан облысы жэне ТМД-ң азиялық бөлігі бойынша ылғалдылық ең көп мөлшері (2100 мм шамасында) түседі. Ылғалдылық көп мөлшері сонымен қатар Оңтүстік Алтайда байқалады. Нарын, Тарбағатай және Оңтүстік Алтайдың тау беткейлерінде жылдық жауын-шашын мөлшері 1300 мм шамасында. Облыс территориясының оңтүстігі Тарбағатай мен Сауыр беткейлеріне ылғал мөлшері 700 мм-ден көп. Таудың шығыс беткейінде батысына қарағанда ылғал көбірек түседі. Тау аралық аймақтарда ылғал мөлшері жылына 100-200 мм-ге азаяды (Зайсан қаласы мен Ақсуат ауылы) .

Жылдың суық мерзімінде жылы мерзіміне қарағанда ылғал аз түседі. Қысқы ылғал мөлшері 36-45% дейін, ал оңтүстік қыраттарда 15-20% дейін азаяды. Қар жамылғысы. Күзде және қыста ылғалдың қар күйінде түсуі өзен ағыстарының қалыптасуына жэне жер асты суларының толуына әсер ететін факторлар болып табылады. Көктемде өзендердің және жер асты суларының толысуына негізінен түскен қардың мөлшері әсер етеді. Қар күйіндегі судың көп мөлшері Кенді және Оңтүстік Алтайда көп жинақталады. Үлбі мен Тұрғысын өзендерінің бастауларында бұл шама су қабатының 750 мм-ден, ал Қалба ауданында Ертістің сол жағалауында 200 мм-ді, Сауыр жоталарында 300 мм-ді, Үржар ауданында 300-350 мм-ді құрайды. Ең аз мөлшерде қар жамылғысы Зайсан қазаншүңқырында (25мм), Ертістің батыс және солтүстік жағалау бөліктеріне түседі. Қардың көп мөлшерде таралуы негізінен жылдық және қатты ылғалдылық таралуына байланысты. Бірақ олар кейде желмен жер бедерінің әсеріне байланысты таралады. Желдің біршама жоғары әсері облыс территориясының солтүстік және батыс бөліктерінде (орташа айлық жылдамдығы 7-6 м/с) байқалады. Облыс территориясының ылғалдануы булану мен жауын-шашын мөлшеріне байланысты. Алтай таулы аймақтарында 1000-1800 мм және одан да жоғары ылғал түседі, ал булану 600 мм-ден аспайды. Мұнда әдетте беткейлік ағыстар пайда болады. Территорияның оңтүстігі, оңтүстік - батыс пен батыс бөліктерінде, әсіресе Зайсан мен Алакөл қазаншұңқырларында булану мөлшері

Кесте 1 Жауын-шашын мөлшерінің таралымы

№:
Бекет: Бекет
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: Жауын-шашындардың мөлшері, мм
№:
Бекет:
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: жылына
суық кезеңде (11-3)
жылы кезеңде (4-10)
№: 1
Бекет: Семиярка
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 230
62
168
№: 2
Бекет: Шемонаиха
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 315
91
224
№: 3
Бекет: Семей
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 270
84
186
№: 4
Бекет: Риддер
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 666
128
538
№: 5
Бекет: Өскемен
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 487
163
324
№: 6
Бекет: Зыряновск
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 636
238
398
№: 7
Бекет: Селезнёвка
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 378
110
268
№: 8
Бекет: Катон-Карагай
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 450
95
355
№: 9
Бекет: Үлкен Нарым
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 381
97
284
№: 10
Бекет: Самар
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 398
148
250
№: 11
Бекет: Орловский кенті
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 354
103
251
№: 12
Бекет: Марқакөл қорығы
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 560
185
375
№: 13
Бекет: Көкпеті
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 334
146
188
№: 14
Бекет: Күршім
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 268
94
174
№: 15
Бекет: Теректі
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 339
144
195
№: 16
Бекет: Тұғыл
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 186
58
128
№: 17
Бекет: Ақсуат
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 213
53
160
№: 18
Бекет: Ақжар
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 245
70
175
№: 19
Бекет: Зайсан
Жауын-шашындардың мөлшері, мм: 320
80
240

жылдық жауын - шашын мөлшерінен бірнеше есе асып түседі. Мысалы, Теректі Мүйіс аумағында (Зайсан көлінің оңтүстік - шығыс шеті) топырақ бетінің булану шамасы жауын - шашын мөлшері 178 мм болғанда 1101, 4 мм қүрайды. Яғни, ылғал 1000 мм-ге жетпейді. Сондықтан бұл аймақтарда беткі өзен ағыстары өте аз болатын шөл және шөлейт ландшафтары қалыптасқан. Көпжылдық тоң. Көпжылдық қар, қарлықтар мен Алтай (2300 м-ден жоғары) мен Сауыр мұздықтары (3300 м-ден жоғары) көпжылдық тоңдардың таралу үлескілерін анықтайды. Бүл көп таралған келесі физика-географиялық үрдістерімен сипатталады: мұздықтардың, мұз дөңдерінің, шоғырларының және топырақ софлюкацияларының, тоңды топырақ қабаттарының түзілуі, сонымен қатар ежелгі пенеплендердің тегістелген аймақтарындағы ауқымды батпақтану (кесте 1) [8-12] .

а)

б)

Сурет 1 Бірінші топтағы өзендердің жаз-күз төменгі ағынының суық кезеңдегі жауын-шашын мөлшерімен (а) және екінші топтың жылдық жауын-шашын мөлшерімен байланысы (б)

Қарастырылған аумақта, гидрологиялық бақылаулардың мәліметтері бар және шамамен аудандары бірдей болып келетін сужинаудың екі тобы таңдалынды, - 1-ші топ сужинау аудандары 209-ден 267 км 2 -ге дейінгі және 2-ші топ сужинау аудандары 888-ден 1190 км 2 -ге дейін.

Өзендердің бірінші тобына: Левая Березовка өзені - Средигорное ауылы, q=2, 80л/с*км 2 , х=184 мм; Сержиха өзені - Сержиха ауылы, q=6, 25л/с*км 2 , х=268 мм; Большая Речка өзені -Большая Речка ауылы, q=4, 30л/с*км 2 , х=221 мм -

а)

б)

в)

г)

Сурет 2 Оба - Шемонаиха от Х, мм ст. Шемонаиха-Риддер, r=0. 63 (а) ; Үлбі - Үлбі Перевалочная Х год , ст. Риддер, r=0. 75 (б) ; Күршім-Вознесенка, ст. Вознесенска, r=0. 56 (в) ; Бұқтырма-Печи, Катон-Қарағай, r=0. 34 (г) өзендерінің төменгі ағынының жаз-күз кезеңіндегі жауын-шашын мөлшерімен байланысы

Уба-Большие Пороги және Шемонаиха стациялары бойынша орташаланған; Журавлиха өзені -Риддер қаласы, q=6. 50л/с*км 2 , х=296 мм, Проходной белок енгізілді. Жаз-күздік төменгі ағынның суық 4-6 айлар кезеңіндегі жауын-шашын мөлшерімен тығыз байланысы алынды (сурет 1 а) .

Өзендердің екінші тобына: Белая өзені -Белое ауылы, q=7, 70л/с*км 2 , х=612мм; Белая Берель өзені - Берель ауылы, q=12, 0л/с*км 2 , х=588мм; Үлбі өзені - Белый Луг ауылы, q=13, 2л/с*км 2 , х=672мм; Тұрғысын өзені -Кутиха ауылы, q=22, 5л/с*км 2 , х=843мм енгізілді. Жылдық жауын-шашын мөлшерімен тығыз байланыс алынды. Корреляция коэффициенті 0, 93 құрады (сурет1 б) . Бұл жерде жаздық шауын-шашындардың жер асты суларын толықтырудағы үлкен маңызын көреміз.

Келесі тұрғызылым (сурет 2) әр жылдағы төменгі ағын мәндерінің әр кезеңдегі жауын-шашын мөлшерімен байланыстарын көрсетеді.

1. 3. 2 Ауа температурасы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Іле Алатауы өзендерінің қалыпты жылдық ағындысын бағалау
Өзеннің негізгі салалары
Ағынды, эрозияны және су сапасын басқару
Іле атырауында арналық процестердің гидроморфологиялық дамуы
Өрт қауіпсіздігі негіздері туралы ақпарат
Өрт қауіпсіздік негіздері
Нұра өзенінің негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеу
Алапішілік атыраудың дамуы мен қалыптасуы
Шарын өзені алабының климаттық ерекшеліктері
Ертіс өзенінің жоғарғы ағысының қазіргі экологиялық жағдайы және су сапасын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz