Живопись өнеріндегі композиция


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе . . . 3

I. Композицияға қойылатын басты талаптар

1. 1Композицияның негізгі заңдылықтары . . . 4

1. 2 Көркемөнер шығармасындағы композицияның маңызы . . . 5

II. Живопись өнеріндегі композиция

2. 1 Живопись өнеріндегі композицияның тәсілдері . . . 8

2. 2 Живописьтегі композицияның кезеңдері . . . 10

2. 3 Живопись өнеріндегі композицияның рөлі . . . 13

Қорытынды . . . 17

Қолданылған әдебиеттер . . . 18

Кіріспе

Бейнелеу өнерінің негізі - шынайы болмыстың көркем образын сомдау. Сонымен қатар өнер адамзат баласының дүниетанымын, ой - өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін адамның жан дүниесін рухани байытады. Өнер иелері тек қана өздерінің өмірден алған әсерлері мен байқауларына ғана емес, сол сияқты адамзат баласының ғасырлар бойы өнердегі жинаған тәжірибесіне сүйенеді. Бейнелеу өнері тарихының даму үрдісінде көптеген түрлері мен жанрлары қалыптасты. Түрлеріне тоқталатын болсақ: сәулет, мүсін, кескіндеме, графика, сәндік қолданбалы және дизайн өнерлері. Бұл өнерлер түрлерінің бәрі дүниенің болмысын, оның жоғары этикалық идеалдарын, сұлулығы мен әсемдігін насихаттайды. Олардың әрқайсысының өзіндік көркем бейнелеу әдіс - тәсілдері, материал, бейне - танымдық әсері, өмірдегі атқаратын роль ерекшеліктері жеткілікті.

Композициялық бірлік суретшінің зат көлемдері мен сызықтарды қалай таратуына, олардың кескіндерін және суреттегі орындарын қалай белгіленгеніне ғана тәуелді емес, сонымен бірге жарық пен қараңғы тұстардағы бейнелерді қалай орналастыруына да байланысты.

Суретті салу барысында, суретші жарық және қараңғы бейнелердің орналасуын жарық пен көлеңкенің таралуын барынша жақсы ойластыруы керек. Өйткені ең соңында композициялық бірлік осыларға байланысты.

Композициялық құрылымның дайындап қойған нұсқасы өмірде жоқ және болуға тиіс емес, өйткені композициялық комбинацияның сансыз түрін санау тұрмақ, ойша елестетудің өзі қиынға соғады. Мысалы, барлық шахматтың комбинацияларын, бір партия ойында санау және болжау мүмкін емес сияқты. Міне, суретшіде де шығармашылық жігер мен тақырыптық және ұшқыр ойлы қасиеттер болуы керек. Себебі композициялық құрылым, негізінен картинаның мазмұнына тәуелді және ешқашан да үйретуге болмайтын ішкі сезімге негізделген.

I. Композицияға қойылатын басты талаптар

1. 1Композицияның негізгі заңдылықтары

Композиция - грек тілінде "құрастыр", "қиылыстыру", "бейнелердің көріністерін дұрыс ұтымды шешу" деген мағынаны білдіреді. Живопись композицияның теориялық мәселесінде еңбек еткен Альберти, Леонардо да Винчи, Э. Делакруа, кеңес үкіметі тұсында - А. А. Дейненка, К. Ф. Юон, Б. Иогансон, Ю. И. Пименевтер болса, ал осы салада терең ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде іргелі еңбектер қалдырғандар: М. В. Алпатов, Е. А. Кибрик, В. А. Фаворский, Н. Н. Волковтар болды. Живопись композициясының кейбір өзекті мәселелері: Н. Н. Ростовцевтің, Г. В. Беданың, Т. С. Комарованың, Л. Г. Медведовтің, А. С. Пучковтың, А. А. Унковскидің, А. Д. Алехиннің еңбектерінде кездеседі. Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындары студенттері, оқытушылары Е. В. Шороховтың "Композиция" атты оқулығын кеңінен пайдалануда.

Живопись мәселесіндегі композицияға келетін болсақ, жалпы композицияға төмендегідей заңдылықтар жатады. Мысалы, натюрморт жанрынан композициялық шығарма орындау барысында негізгі ережелер:

  • объектілерді құрастыру композициясы;
  • денелердің бір-бірімен үйлесім композициясы;
  • денелерді кенеп бетіне ұтымды орналастыру композициясы;
  • түс үйлесімдік композициясы;
  • живопись композициясының ритмі жатады.

Портрет жанрындағы композицияға жататындар:

  • орналастыру композициясы;
  • психологиялық-характерді шығару композициясы;
  • түс-материалдық композициясы;
  • қатпарларды үйлесімдік композициясы.

Пейзаж (табиғат көрінісі) жанрындағы композицияға жататындар:

  • объектіні табу композициясы;
  • кенеп бетіне орналастыру композициясы;
  • табиғаттағы кеңістік композициясы;
  • түс-рең ауқымдық композициясы;
  • көрініс-мезгіл, құбылыс композициясы.

Көп фигуралы живопись композициясына жататындар:

  • тақырыпты ащатын композиция;
  • фигуралар байланысын нақтылайтын композиция (орналастыр) ;
  • оқиғаға байланысты түстер композициясы;
  • идеялық композиция.

1. 2 Көркемөнер шығармасындағы композицияның маңызы

Композиция шығарманың құрылымы тұрғысынан мазмұнның неғұрлым айқын, нанымды, әсерлі шығуына жағдай жасайды.

Қарапайым тілмен айтқанда көркем шығарманың ішкі құрылысы толып жатқан бөлшектерден тұрса, композиция сол бөлшектерді өзара құрастырып, біртұтас етеді. Жұмысты бастар кезде композицияның орны ерекше, ал қалған салалары соған байланыстылығын ұмытпаған жөн. Сондықтан да суретші, нақ нұсқаны қойып, өз орнын белгілеген соң, салынар суретті қағаз бетіне қалайша әсерлі орналастыруды ойластырады.

Композицияның негізгі талабы - шығарманың көркемдік бірлігін табу. Шығарма авторы сурет, кескіндеме, роман, пьеса, симфония, т. б. болсын, солардың жекелеген бөліктерін біріктіріп, тұтас бір әсер беретіндей ету немесе әр қилы дүниелерден ортақ бір композициялық ойға бағындырылған шығарма жасау. Бұл үшін суретші алдымен композицияның орталық нүктесін табу керек. Композицияның қалған бөліктерін соған байланысты құрады.

Көрерменнің көзіне бірден түсетін, көлемі жағынан үлкен немесе көп орын алмайтын, бірақ назарды бірден өзіне аударатын, шығармадағы сәулелі немесе немесе күңгірт тұсты, өзінің айналасындағы ортадан айшықталған, автордың қалауымен ерекшеленген ортаны композициялық орталық (бір немесе бірнеше заттардың тобын) деп атаймыз.

Композициялық орталықты қандай тәсілмен анықтау әр суретшінің өз қалауы. Кейде кейбір картинаның шебер де, нәзік орындалғаны сондай, композициялық орталықты табу оңайға түспейді. Ешқашан да картинаның композициялық орталығын оның геометриялық орталығымен топтастыруға болмайды. Көп жағдайда сәйкес келеді де. Сондай-ақ композициялық орталық тақырыптық орталықпен де қабыса бермейді. Ал геометриялық, композициялық, тақырыптық орталықтардың бір жерден шығуы сирек құбылыс. Мұндай қабысудың классикалық үлгісінен мысал келтірейік.

XVI ғасыра Иалияда әлемнің ұлы суретшісі Леонардо да Винчи өмір сүріп, жұмыс істеді. Бірнеше жылдар бойы ол "Құпия кеш" атты үлкен картина - фреска жасаумен айналысты.

Діни болжам бойынша бұл Христостың өлімінің жақындағанын сезген соң, соңғы рет шәкірттерін жинап сұхбат құру сәті еді. Ленардо да Винчи үшін фрескадағы тақырыптық орталық - Христос тұлғасы. Бұл бейнені жасауға ол бірнеше ай шамасында еңбектенеді. Леонардо фресканың қатаң да ұлы қарапайымдылығын айшықтау үшін оны симметриялық тұрғыдан орналастырған еді. Христостың тұлғасы картинаның математикалық ортасында қалды.

Төбе мен қабырғалардың түзу де, анық сызықтары, перспективалық түйісу де сол орталық бейнеде қиылысады. Мазасызданған шәкірттерінің толқын тәрізді қимылдарының бағыттары да көрермен назарын орталыққа түйістіреді. Сөйтіп, Христос тұлғасы бұл жерде тек тақырыптық және композициялқ қана емес, сонымен бірге фресканың геометриялық ортасы болып табылады.

Біз бүкіл әлемдік көркемөнерде осыншама ойлы композициялық құрылымы дамыған, орындалу жағынан кристалдай таза және кереметтей қарапайым пішінді өзге мысалды білгілейміз.

Композиция суреті үшін негізгі мақсат емес екенін ескеру қажет, өйткені композицияның негізгі мұраты - суретшінің идеялық ойын көрсету. Осыдан композициялық орталық көркем шығарманың композициялық құрылымының түйіскен жері ғана емес, сонымен қатар, шығарма мазмұнын анық көрсетуге қызмет етуі керек.

Композицияның өрнектелу күші композициялық орталық бір уақытта тақырыптық орталық болған кезде арта түспек.

Сонымен, қандай да тақырыпты суреттің компоновкасын бастау, оның композициялық орталығын табудан басталатынын қайталап айтамыз. Суретте композициялық орталық не болатынын ойша болжағаннан кейін, сол зат немесе дененің шамамен сұлбасын, орнын қағаз бетіне түсіру керек. Өзге жұмыс осы нүктеден таралып, біздің қарындашымыздан туындаған, қалған сурет сол орталыққа бағындырылады.


II. Живопись өнеріндегі композиция

2. 1 Живопись өнеріндегі композицияның тәсілдері

Композиция негізінен үш заңдылыққа сүйенеді: өміршілдік, әсершілдік және тұтастық. Бұлардың үшеуі де кез келген тақырыптық картина болсын немесе пейзаж, портрет, сонымен қатар оқу натюрмортында да болуы заңдылық ереже болып қарастырылады. Натюрморт жанрында жұмыс бастағанда, ең алдымен, негізгі композициялық ойды ескеру қажет. Негізгі композициялық ойға кіретіндер:

  1. Сюжет.
  2. Қағаз көлемі.
  3. Болашақ жұмыс орны, суретшігің көзқарасы, орналасуы.
  4. Объектінің үлкен-кішілігі, денелердің байланысы, формат бетінде орналасуы.
  5. Композициялық ортаның анықталуы.
  6. Жарық.
  7. Композиция элементтерін біріктіретін түс реңінің табылуы.

Натюрморт бойынша жасалынатын эскиз - композицияның бірінші баспалдағы. Композицияны құрайтын эскиз түсті композициялық негізде жасалады. Ізденіс эскизі түсетін қағаз көлемді (1/4, 1/8) мөлшерінде болуы шарт. Кейде студенттер бір эскизбен шектеліп жатады, негізінде түрлі түсті комопзициялық эскиз бірнеше болғаны жөн, себебі, біріншіден, солардың ішінен ұтымдысын таңдап алуға жол ашса, екіншіден, студентті осылай заңды тәртіп оқу процессіне қалыптастырады.

Натюрморт живописін жазуда негізінен үш тәсіл қалыптасқан. П. Кончоловский өз тәжірбесінен былай деген: "Нұсқадан дәл түсті алу мүмкін емес, өйткені күн сәулесі әрбір сағат сайын қозғалыста болады. Сол себепті жазу процесінде барлығын да түрлі түсті қатынаста ұстаған жөн". Натюрморт денелерін жазу барысында ең қара қою түстес денелерден бастаған абзал. Онда түстерді өте әсерлі барынша қанық алған дұрыс. Егер де жұмыс процесі керісінше болғанда, жарық түстес денелер бара-бара қарайып, көлеңкелі тұстар тіпті қою қара түске айналып, живописьтің сапасы бұзылады.

Бірінші тәсіл. Дене түстерін бір-бірімен салыстыра отырып, түс қатынастары арқылы кең аумақта жазу. Түс барынша қатты қою алынбайды, керісінше, орташалау, келесі жазу барысында форма, түс, фактура дене көрінісі бірте-бірте сапалы шығуына икемделеді.

Екінші тәсіл. Натюрморт денелеріндегі айқын көрінетін бөлшектерінен бастап жазу. Бұл тәсілде кіші бөліктерді айқындай отырып, келесі денелерді соның дәрежесінде алып келу және тұтастық көрініске жеткізу.

Үшінші тәсіл. Натюрморт ауқымында бір мезгілде бірнеше түйінді көріністерден бастап жазу, олардың түс қатынастары байланыстарын ұстап, айқындау арқылы аяқтау. Натюрморт живописіндегі осы үш тәсілді қатар қойып, бір-бірінен бөлуге болмайды. Осы тәсілдердің үшеуі де үлкен түсті қатынастарды табу, жазу процесіне негізделген. Үлкен түсті қатынастар принципі төменгі мәселелердің тиянақты шешілуінен тұрады.

  1. Натюрморттағы денелер көрінісіндегі көлеңке топтарын, жартылай көлеңке топтарын, жарығы көп топтарын зерттеу, көру, түсіну. Бұл дегеніміз - оларды бір-бірімен салыстыра отырып, бірінен екіншісінің айырмашылығын анықтау.
  2. Натюрморт денелеріндегі барлық жартылай көлеңкелі көріністерді бір-бірінен ажырата жаза біледі.
  3. Натюрморттағы әр түрлі топтағы денелерге түскен жарық мөлшерін түсіну және жазу. Егер натюрморт денелеріндегі өте қатты жарық дене кездессе, оны ақ қағаз түрінде қалдырып қою (камертон), келесі жазу кезеңінде тұтастық көрініске сай әлгі дене қаншалықты түске, реңге енетіні белгілі болады.

Кез келген полотнаны алсақ та, орындалмаса да, композициясыз живопись болмайды сондай-ақ бұл оқу үрдісіндегі живопиське де қатысты мәселе.

2. 2 Живописьтегі композицияның кезеңдері

Жалпы живописьтің қандай да болмасын жанрындағы композицияға келер болсақ. Оны үлкен-үлкен үш кезеңге бөлуге болады.

Бірінші кезең - ізденіс композициясы.

Екінші кезең - орындалу композициясы.

Үшінші кезең - аяқтау композициясы.

Ізденіс композициясы дегеніміз - сөздің аталуынан да байқалады, белгілі тақырыпқа байланысты болмаса арнайы бекітілген оқу бағдарламасына сай объектілерді іздеу, табу құрастыру, реттеу деген мағынаны білдіреді. Айталық, натюрморт жанрында, оқу бағдарламасы бойынша "үй заттарынан құралған салқын фондағы натюрморт" делінген. Алайда тәжірибелі оқытушы кез келген денені алып, нұсқаға қоя салуына жол бермеуі керек. Оқу үлгісіндегі натюрморт болса да, белгілі бір ойды қозғайтын, тарихи-әлеуметтік тақырыпқа құрастырылуы керек. Олай болатын болса, сол тақырыпқа лайықты, оның мазмұнын ашатын заттар болуы заңдылық. Айталық, іздеген денелер табылады. Ендігі мәселе натюрмортты тартымды етіп орналастыру: ондағы денелер байланысын іздеу, матаның үйлесімділігін келтіру, жарық (сәуле) пен денелер байланысын табу. с. с.

Натюрморт қойылымы нұсқа табылды, енді жазу процесіне келгенде де ізденіс композициясының ең қажетті мәселесі туындайды. Бұл жерде көлемі 15-20 см болатын 4-5 қағазға болашақ жұмыс орнын анықтау мақсатында жаттығу жұмыстарын жүргізу. Жаттығу жұмыстарының мақсаты қағаз (формат-планшет) бетіне натюрморт денелерін дұрыс орналастыру, түс-үйлесімділігін табу, ізденіс композициясының міндеті.

Екінші кезең орындалу композициясынан табылған үлгі сурет-түсті этюдтті енді таза кенеп бетіне ұтымды орналастыру. Натюрморт денелерінің формалық-пропорциялық қатынастарын анықтау, матадағы түсіп тұрған, қатпар-құбылыстардың мінезіне көңіл бөлу, жазық бет (стол) пен қабырға (фон) қиылысын табу, жарық пен көлеңке арақатынасындағы шекараны белгілеу, жылт (блик) көріністерін көрсету т. б. екінші кезеңнің міндеті. Сонымен қатар живопсиьтегі аса қажетті әрі күрделісі - ол жазу процесіндегі-түс-рең композициясы. Түстік композиция мәселесінде төменгі алғышарттар орындалуы міндетті:

а) жарық пен көлеңкенің айқын көрінуі;

б) форманың оқшаулау шығуы;

в) материалдық қасиеттің бұзылмауы.

Живописьтің түстік композициясында жарық пен көлеңкенің айқын көрінуі кенеп бетіне маңызды орын алады. Натюрморт денелерінің түс ерекшеліктері белгілі бір мөлшерде көрінуі, бір дене мен екінші бір дененің байланысы, олардың кеңістік немесе фонмен арақатынасы, жарық күшінің түсу деңгейіне де байланысты. Орындалу композициясы процесінде форманы оқшаулау, көрсету живописьтегі өзекті мәселе.

Табиғаттағы кез келген дене өзіне тән формаға ие, яғни формасыз шындық дүние болу мүмкін емес. Олай болатын болса орындалу композициясында форманы құру, форманы іздеу түсінен болсын, немесе сызықтық арқылы болсын живопись өнерінің алғышарты. Айталық, құмыраның композициялық немесе түстік формасының көрінуі, оның айқындалуы құмыра бетіндегі жарықтың белгілі бір заңдылықтарға сүйене отырып орналасуында. Орындау композициясы тұрғысында, яғни тәжірибе ісінде суретші-студент осы заңдылықтарды білуі шарт. Ол қандай заңдылықтар?

Кез келген дене белгілі бір түсте болады, мысалы: табиғи түс: қызанақ - қызыл, жапырақ көктемде - жасыл, апельсин - сарғыш сары т. б.

Табиғи дене түсі үш қасиеттен тұрады:

  1. Табиғи түс.
  2. Сәуле (күш) арқылы өзгеріске ұшыраған түс.
  3. Қанық немесе қанық емес түс.

Табиғи түс дегеніміз - табиғи жаратылыс түсі: күзгі жапырақ - сары, жер - қоңыр, мұз - көк, алма - қызыл т. с. с.

Күн сәулесінің әсерінен өзгерісіне ұшыраған түс дегеніміз - күннің әрбір мезгілінде табиғи түстердің өзгеруі. Яғни таң мезгілінде ағаш көк-көкшіл түсте болса, түс мезгілінде - жасылға айналып, ал кешкі күн батарда сарғыш-қызыл түске боянуы.

Қанық немесе қанық емес түс дегеніміз - біртекті түстердің бір-бірінен айырмашылығы, яғни екі алмада қызыл түстес болып келгенмен, біреуі - ашықтау, екнішісі қанықтау, демек араларындағы өзгешелік түс бар. Осы дене түсінің үш қасиеті живопись сабағында оның ішінде орындалу композиция үрдісінде еске сақтайтын құнды мәселелер. Дене түсінің үш қасиеті живописьтің, қандай да бір жанры болмасын, барлығында да қайталанып отыратын құбылыс. Живопись композициясында ритм деген түсінік бар. "Ритм - грек тілінде қабат немесе қатар деген мағынаны білдіреді. Ритм терминін ежелгі грек философтары Платон, Аристотель, Гераклит т. б. пайдаланған. Аристотель мысалға ритм түрлерін анықтаған, яғни, қозғалыстағы ритм, рең ритмі, әуен ритмі, сөз ритмі т. б. Ежелгі Грек философтары ритмді табиғаттан және адам бойынан, болмысынан іздеген, олар үлкен қатынастағы кіші бөлшектердің қайталануын анықтады. Яғни ритмі табиғатпен егіз кіші бөлшектердің бір-бірімен ритмдік байлансы тұтас үлкен денені құрайды. Осындай құбылыс өнерге де тән нәрсе деп түсінген. Сондай-ақ табиғат кеңістігіндегі көрініс өлі дене болса да, тірі дене болса да ритм арқылы байқалатындығын дәлелдеген. Шындығы да солай, ритмдік құбылыс тәулік бойын алатын болсаң: күн-түн, күн-түн . . . алмасып қайталанып келсе, күннің өзі таң-түс-кеш болып тағы да ритмдік қабатқа түседі. Ритм "тұтас системаның факторы, бұл бір құбылыс тізбектің әрдайым қайталану категориясы. "

Адам бойында 40-қа жуық ритмдік құбылыс болып тұрады екен: дем алу, жүру, ұйықтау, тамақтану ритмі т. б. Медицина тілінде осындай ритм "циткадты" ритм деп аталады. Сондай-ақ экологиялық ритмге жататындар: жарты айлық, апталық, жылдық мезгілдік ритмдер. Адам баласы өмір сүру үшін табиғатпен бірге табиғи ритмді меңгереді. Психологтар мен физиологтардың айтуынша, тума ритм және табиғаттан қалыптасқан ритм болып екіге бөлінеді, алғашқысы "шартсыз" ритм, кейінгісі "шартты" ритм рефлекстері.

2. 3 Живопись өнеріндегі композицияның рөлі

Адамзат баласы қай өнермен айналыспасын, кез келген өнер, композициялық құрылыммен бірге қайнасып жатады. Айталық, театр, сәулет, кино, әдебиет, музыка, бейнелеу өнерінің барлық саласы, соның ішінде живопись бейнелеу өнері де тығыз байланыста. Бүгінгі таңда оның атқаратын сан қилы ерекшеліктеріне көңіл бөлу живопись өнерін оқытып үйрету әдістемесінің қажеттілігінен туып отыр. Олай дейтініміз, сабақ процесі кезінде студенттер осы мәселеге өз дәрежесінде көңіл қоймайтындары, соның нәтижесінде живопсиь өнерін толықтай түсініп, оның әдістемесін қнық игеру сапасы төмендеп бара жатқаны байқалып отыр. Осы мақсатта қойылып отырған проблемалық сұрақ төңірегіндегі теориялық ойларды, тәжірибе барысындағы жинаған тұжырымдарды ортаға тартқанды жөн көрдік. Композициялық заңдылықтарды еске түсірсек; мазмұны мен формасының бірлік заңдылығы, образдық тұтастық заңдылығы, жеке бөлшектердің үлкен негізгі бөлшекке бағвну заңдылығы, өмірлік шындыққа жүгіну заңдылығы, контрастық қарама-қарсылық заңдылығы. Қоғам мен халықтың арасында, адам мен табиғат арасында жоғарыда аталған композициялық заңдылықтар объективті негізде өмір сүреді.

Живопись өнері мен композиция - екеуі бір тұлғалы дүние. Бұларды жеке-жеке бөліп қарауға болмайды. Суретші-студент живопись сабағына келгенде, айталық, натюрморт сеансын бастамай тұрып, бір заңдылықты мұқият түрде шешіп алған жөн болады. Ол - болашақ жұмыс орнын таңдау, өзіне ұнайтын натюрморттық қырын айқындау. Олай дейтініміз, суретші-студент натюрмортты кез келген тұстан отырып жазған болса, сол жердегі көрініс көп ұзамай-ақ суретшіні жолықтырған болар еді. Екіншіден, болашақ салынатын сурет планшетте өз мәнінде шықпауы мүмкін. Айталық, жұмыс орны белгілі болған жағдайда, мұқият түрде натюрморттың құрылымына назар аударып, оны дайындап келген планшеттің көлемін ескере отырып, қалай салу керектігін ойша көз жүгіртіп, нұсқаны планшет бетіне тиімді орналастыру мәселесін шешіп алған жөн болады.

Тәжірибелі суретшілердің практикасына жүгінсек, олар ізденіс эскихдерін нұсқаның әрбір тұсынан жазған. Бұндай тәжірибелі жұмыстар, студент-суретшінің оқып-үйрену жұмысында қолданса да артық болмайды. Живопись бейнелеу өнеріндегі композициялық орны туралы сөз қозғағанда түсініктірек болу үшін, суретші К. Д. Дүйсенбаевтың "Табиғат көрінісі" натюрморт (1978 жылы жазған) картинасын талдап көрелік.

Картинаның алдыңғы қабатында тоқылған себеттен төгіліп жатқан ақ дастархан үстіндегі сарғыш қызыл алмалар мен жасыл-сарғыш тартқан алмұрт жеміс жидектері бейнеленген. Оның оң жақ шетінде үй қабырғасында сүйеп қойған ауыл арбасының дөңгелегі. Картинаның ортаңғы қабаты мен шеткі бөлігінде ауылдың қоңыржай жазғы кештерінің бірі бейнеленген. Табиғат көрінісіне өмір шындығын енгізіп тұрған жаңадан шығып келе жатқан толық ай, кешкі ымыртта, салқынмен жайылып жүрген ақ боз ат пен қызыл күрең жылқы. Композициялық құрылымы да, бояулар реңі де колоритте толықтай шешілген, суретшінің творчестволық көз қарасынан шыққан полотна деуге болады. Біріншіден, композициялық құрылымына тоқталайық. Картинада бөгде зат жоқ, әрбір бейнеленген натюрморт денесінің атқарар рөлі бар.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ортағасырлық сурет өнеріндегі кеңістіктің қабылдануы
Дипломдық жұмыстың живопистен пейзаж жанрында орындалуы
Натюрморт қойылымындағы композициялық орналастыру
Қазақстан бейнелеу өнерінің даму тарихы
Бейнелеу өнері пәніндегі Натюрморт тақырыбы
Табиғатты бейнелеу сабағының әдістемесі
Қазақ күресінің түрлері
Түс және композиция. Майлы бояумен жұмыс істеу
Пейзаж өнердің дербес жанры ретінде
Советтік Қазақстанның бейнелеу өнері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz