Тіл білімі және оның салалары



Tіл білімі немесе лингвистика—тіл және оның даму заңдары туралы ғылым. Тіл — қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен қарым-қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында, грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге, мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, са-лыстырмалы-тарихи фонетика, экспериментальды фонетика және т. б. болып бөлінеді. Мұндай ішкі салалар немесе тармақтар жайында мағлүұмат осы кітаптың әр тарауының тұс-тұсында беріледі.
Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу күйінде болады. Тілдің әр түрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы және грамматикалық кұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтарын) зерттейтін салалары да (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болады.
Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны (тілді) шығуы мен тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.
Толық мағынасындағы ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи және. салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. К.Аханов «Тіл білімінің негіздері»
Алматы 1993ж. 1-тарау 3-32 бет
2. Ж.А.Байымбетова «Тіл біліміне кіріспе»
Шымкент 2006ж.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ТІЛ БІЛІМІ ЖӘНЕ ОНЫҢ САЛАЛАРЫ
Tіл білімі немесе лингвистика—тіл және оның даму заңдары туралы
ғылым. Тіл — қоғамдағы адамдардың өз ара пікір алысу, бір-бірімен қарым-
қатынас жасау құралы. Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және
грамматикалық құрылысы болады. Тілдің осы аталған әр түрлі жақтары тіл
білімінің тиісті салаларында, мысалы, тілдің дыбыс жүйесі тіл білімінің
фонетика саласында қарастырылса, сөздік құрамы лексикология саласында,
грамматикалық құрылысы грамматика саласында қарастырылады. Тіл білімінің
осы аталған салаларының әрқайсысы өз ішінде бірнеше салаға немесе бөлімге,
мысалы, фонетика саласы сипаттама фонетика, са-лыстырмалы-тарихи фонетика,
экспериментальды фонетика және т. б. болып бөлінеді. Мұндай ішкі салалар
немесе тармақтар жайында мағлүұмат осы кітаптың әр тарауының тұс-
тұсында беріледі.
Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары даму, біртіндеп жетілу
күйінде болады. Тілдің әр түрлі салаларының даму сипаты мен қарқыны түрліше
болуы мүмкін. Бүтіндей тіл және оның әр түрлі салалары тілдің ішкі даму
заңдары бойынша дамиды. Тіл білімі (немесе лингвистика) тілдің әр түрлі
жақтары мен салаларын, олардың дамуын, өз ара байланысын, тіл дамуының ішкі
заңдарын зерттейді. Тілдің әр түрлі жақтары (дыбыс жүйесі мен сөздік құрамы
және грамматикалық кұрылысы) бір-бірімен өз ара тығыз байланысты болатыны
сияқты, тіл білімінің оларды (тілдің әр түрлі жақтарын) зерттейтін салалары
да (фонетика мен лексикология және грамматика) бір-бірімен өз ара тығыз
байланысты болады.
Тілді белгілі бір дәуірде өмір сүріп тұрған қалпы тұрғысынан
қарастырып, сипаттама беретін тіл білімі бар да, оны (тілді) шығуы мен
тарих бойында дамуы тұрғысынан зерттейтін тіл білімі бар. Алдыңғысы
сипаттама тіл білімі немесе синхрониялық лингвистика, соңғысы тарихи тіл
білімі немесе диахрониялық лингвистика деп аталады.
Толық мағынасындағы ғылым ретінде тіл білімінің өзі тілдерді тарихи
және. салыстыру тұрғысынан зерттеудің негізінде, дәлірек айтқанда, тілдерді
зерттеуде салыстырмалы-тарихи методты қолданудың нәтижесінде, салыстырмалы-
тарихи грамматиканың негізінде XIX ғасырдың басында жасалды. Бұған дейін
де, әрине, тіл білімі болған. Бірақ XIX ғасырға дейінгі тіл білімінде
тілдін және ондағы сан алуан құбылыстардың шығуы, дамуы және олардың
себептері айқындалмай, тек сипаттама берумен шектелініп келді. Бір сөзбен
айтқанда, XIX ғасырға дейінгі тіл білімі тілдегі құбылыстарды ғылыми талдау
тұрғысынан түсіндіру дәрежесіне көтеріле алмай, оларға (тілдік
құбылыстарға) сипаттама берумен ғана шектелді.
Ғылым атаулы, әдетте, екі топқа белінеді: оның бірі — жаратылыстану
ғылымдары, екіншісі — қоғамдық ғылымдары. Ғылым атаулының бұлайша екі
үлкен топқа бөлінуі, сайып келгенде, олардың нені зерттейтіндігімен
байланысты. Шындық болмыстағы құбылыстардың бір тобы материалдық
құбылыстар, жаратылыс құбылыстары болса, екінші тобы — қоғамдық құбы-
лыстар. Материалдық құбылыстарды, жаратылыс құбылыстарын жаратылыс тану
ғылымдары (физика, химия, биология, математика және осылардан бөлініп
шыққан басқа ғылымдар) зерттесе, адам баласы қоғамындағы құбылыстарды (яғни
қоғамдық құбылыстарды) қоғамдық ғылымдар (тарих, философия, саяси экономия,
заң ғылымдары және т. б.) зерттейді. Тіл білімі ғылымдардың осы аталған екі
тобының (жаратылыстану ғылымдары, қоғамдық ғылымдардың) қайсысына жатады?
Бұл мәселе ғылым тарихында түрліше қаралып, осыған орай, түрліше шешіліп
келеді. Мысалы, XIX ғасырда кейбір ғалымдар тілді жаратылыс құбылыстарының
қатарына жатқызды да, осыған орай, тілді зерттейтін тіл білімін де
жаратылыстану ғылымдарының қатарына қосты. Неміс лингвисі Август Шлейхер
(1821—1868) дәл осындай пікірде болып, тілді тірі организм сияқты құбылыс
деп есептеді. Оның пікірінше, тіл де тірі организмше туады, еседі, қартайып
тозады, өледі. Август Шлейхер тілді биологиялық құбылыстардың қатарына
жатқыза келіп, оны (тілді) зерттейтін тіл білімін де жаратылыстану ғылымда-
рынын қатарына қосты. Алайда, Август Шлейхердіц бұл тұжырымы мүлдем қате.
Бұлай дейтініміз: тіл мен тірі организмнің арасында түбірлі айырмашылықтар
бар. Тірі организмнің өлуі бирлогиялық тұрғыдан болмай қойылмайтын
шарасыздық. Ал тіл қандай бір тірі организмнен болсын анағұрлым ұзақ өмір
сүреді. Тіл өз дамуының ішкі заңдары бойынша дамып отырады, бірақ оның тірі
организм сияқты өлуі шарт емес. Тірі организм биологиялық кұбылыстардың
қатарына жатса, тіл қоғамдық құбылыстардың қатарына жатады. Демек, Август
Шлейхердің тілді тірі организм деп, табиғат құбылыстарының қатарына
жатқызуы қаншалықты қате болса, тіл білімін қоғамдық ғылымдардың емес,
жаратылыстану ғылымдарының қатарына қо-суы соншалықты қате. Тіл-қоғамдық
құбылыс, сондықтан оны зерттейтін ғылым — тіл білімі де қоғамдық
ғылымдардың қатарынан орын алады.
Тіл білімінің әр түрлі ғылымдармен байланысын жете түсіну үшін, оның
қоғамдық ғылымдар және жаратылыстану ғылымдарының әр түрлі салаларымен
байланысының әр қайсысына арнайы тоқталу қажет. Тіл білімі мен
әдебиеттану ғылымы филология ғылымдарының құрамына енеді. Білімнің бұл екі
саласы бір-бірімен ертеден бері байланысты. Ақын-жазушының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тілдің құрылымы
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Ахмет Байтұрсыновтың тіл біліміне қажет терминдерінің жалпы сипаты
Қазақ тілі тарихы
Фонетиканың зерттеу нысандары
Тілдің пайда болуы және жалпы тіл білімі
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Пәндер