Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ
Информатика және ақпараттық
технологиялар кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
тақырыбы: ___ Компьютерді қолданушыларды электронды__
ақпаратпен қамтамасыз ету жолдары
тақырыбы
Студент: ___Нурекешова Ж. Қ.
қолы аты-жөні
Мамандық шифры 050111-Информатика
Топ ___Т-441
Жетекші: Абишова А. А қолы аты-жөні
Семей 2008 жыл
ЖОСПАРЫ
Кіріспе . . . 3
1 тарау. Компьютерді қолданушыларды электронды ақпаратпен қамтамасыз ету жолдары 1. 1. Оқыту процесін компьютерлендіру . . . . . . 5
1. 2. Электронды оқытудың негізгі мәселесі - электронды ақпаратпен қамтамасыз ету . . . 11
1. 3. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі -
оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдалану . . . 25
1. 4. Мультимедиа құралдары мен технологиялары . . . 38
1. 5. Қашықтан оқыту . . . 39
2 тарау. Delphi программалау ортасында Қазақстан туралы мәліметтер қорын даярлау
2. 1 Мәліметтер қорын құруда Delphi-дің мүмкіндіктері . . . 41
2. 2 Мәліметтер қорын басқару программасы . . . 48
Қорытынды . . . 51
Пайдаланған әдебиеттер . . . 54
КІРІСПЕ
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» дегені мәлім. Ендеше қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіледі. Ол заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, оқу мен тәрбие ісін жетік игерген, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген жан болғанда ғана білігі мен білімі жоғары жетекші тұлғаға айналады. Ал Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы» мектептегі білім беруді ақпараттандыруға негіз қалап отыр.
Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі мақсаты - оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру. Осы мақсатты орындау барысында оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыруда жаңа әдістерді қолдану қажеттілігі туындайды.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында да « . . . экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру . . . » және « . . . кәсіби міндеттерін дербес әрі шығармашылық тұрғыда шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзіретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті маманды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болды . . . » деп атап көрсетілген. Сондай-ақ «оқу үрдісіне педагогикалық және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды кеңінен пайдалану - жалпы білім беруді дамытудың басты бағыттарының бірі» делінген.
Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім кеңістігінің деңгейіне республика міндеттерін көтерудің тиімді жолы - білім беру саласын толықтай ақпараттандыру. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында білім беру жүйесін ақпараттандыру осы саладағы мемлекеттік саясат негізінде анықталып, осы жүйедегі басты міндеттердің біріне айналып отыр. «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады.
Индустриалдыдан ақпаратты өркениетке көшудің қазіргі кезеңінде қоғам дамуының негізгі факторы мемлекеттің қызметін құрайтын саяси-экономикалық, әлеуметтік салаға белсенді әсер ететін ақпараттық-коммуникациялық сала болып табылады және экономиканы ғаламдандыру мен қоғамдық қатынастар үрдістері айқындайды.
Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауында өткен ғасырдың отызыншы жылдарында сауатсыздықпен күрес жүргізілгендей, компьютерлік сауаттану жөніндегі ауқымды іске азаматтарды тарту қажеттігі айтылған және мемлекеттік қызметке жаңа қызметкерлерді қабылдау кезінде компьютерді, интернетті және электрондық поштаны қолдана білу дағдысы міндетті талап болуға тиіс екендігі атап көрсетілген. Осыған байланысты XXI ғасырда ақпараттанған қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегідей міндеттерді шешу көзделіп отыр: компьютерлік техниканы, интернетті, электрондық оқулықтарды оқу үрдісіне пайдалану арқылы білім сапасын көтеру.
Қазіргі уақытта «қоғамды ақпараттандыру», «білім беруді ақпараттандыру» деген сөз тіркестері біздің сөздік қорымызда жиі кездеседі. Олай болса, қоғамды ақпараттандыру дегеніміз - ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерінің күнделікті тұрмысқа ауқымды енуінің нәтижесі, яғни адам өміріне іс-әрекеттік интеллектуалды түрлерінің жан-жақты әсер етуімен ролінің жоғарылауына байланысты объективті прогресс. Ол оқыту мазмұны, әдісі мен ұйымдастыру түрлерінің өзгерісін тездетеді. Бұл үрдістегі негізгі мәселе: білім берудің мазмұны мен мақсатын өзгерту болып отыр.
Ақпараттық мәдениет дегеніміз тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез - келген ақпарат көзін - анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын т. с. с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Ақпараттық мәдениет - бұл әңгімелесе білу, теледидар, хабар талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мәліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу және де өзгелердің еркіндігіне әсер ететін жағдайларды өз еркіндігіңді шектей білу.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында « . . . экономиканың барлық салалары үшін жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрларды даярлаудың сапасын арттыру . . . » және « . . . кәсіби міндеттерін дербес, әрі шығармашылық тұрғыдан шешуге, кәсіби қызметтің тұлғалық және қоғамдық маңызын түсінуге, оның нәтижелері үшін жауап беруге қабілетті кәсіби құзыретті жеке тұлғаны, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім беруді басқарудың тиімді жүйесі құрылатын болады . . . » деп атап көрсетілген. Ал Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасында «Қазақстандағы жаңа қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық шарттар білім беру саласында ұстанымдық жағынан жаңа жағдайлар жасады. Орта білім беру жүйесінен демократиялық мемлекеттің және нарық экономикасының талаптарына жауап беретіндей етіп түпкілікті қайта құру талап етіледі» деп жазылған.
Қазақстан Республикасы дүние жүзінің дамыған елдері сияқты орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың нақты жолына түсуі тиіс, яғни біріңғай ақпараттық білім беретін желіге негізделген ақпараттық-білімдік біртұтас кеңістігін жасау қажет. Бұл орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаның міндеттерінің бірі - мектептерді жаппай компьютерлендіру.
Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың ғаламдық үрдісінің негізіне айналдыруға мүмкіндік береді. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның жеделдеп даму барысына қоғамның экономикалық жағдайы, адамдардың тұрмыс деңгейі, ұлттық қауіпсіздік, бүкіл дүниежүзілік қауымдастықтағы мемлекеттің рөлі тәуелді болады. Ақпараттық-коммуникациялық технологияның қарқындап дамуы кез келген компьютерді қолданушының әлемдік ақпараттық кеңістікке енуіне мүмкіндік туғызады.
Ақпараттандырудың негізгі бағыты ХХІ ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғарғы тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Осыған сәйкес қазіргі білім жүйесінің ерекшеліктеріне: оның іргелілігі, алдын алу сипаты және және оларға қол жеткізу мүмкіндіктері жатады.
1 тарау. Компьютерді қолданушыларды электронды ақпаратпен
қамтамасыз ету жолдары
1. 1. Оқыту процесін компьютерлендіру
Қазіргі кезеңде оқулықтар теориясы, оқытудың жаңа ақпараттық технологиялармен жобалау әдістемесі жасалуда. Оқыту процесін компьютерлендіру үрдісі мұғалімдердің қызығушылығын, шығармашылық ізденісін, электронды оқулықтарды жасау технологияларын және оларды іс-тәжірибеде қолдану әдістерін игеруге ұмтылысын тудыруда. Электронды оқулықтың ерекшелігі модульдікке сәйкестігі, жоғары мобильділігі мен оқуға, үйренуге икемділігі.
Оқу пәндерінде электронды оқулықты пайдаланудың нәтижелілігі мынада:
- тез арада қайтарма байланыс болуын қамтамасыз етеді (интерактивті қасиет) ;
- қажетті ақпараттық материалдарды жылдам тауып алуға мүмкіндік береді;
- гипермәтіндік түсіндіруден жан-жақты ақпараттық мағлұматтар алады;
- әрбір жеке тұлғаның, білімін, білік іскерлігін әрбір тараулар бойынша тексеруге, бағалауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, электронды оқулықты мынадай жағдайларда қолдануға болады:
- теориялық материалды өз бетімен оқып-үйренуге, зерттеуге мүмкіндік береді;
- сабақты иллюстрациялы материал ретінде жабдықтауда көмектеседі;
- сабақта және сабақтан тыс уақытта өз бетімен әр түрлі деңгейлі, шығармашылық тапсырмалар орындауға мүмкіндік берілген;
- емтиханға дайындық кезеңдерінде пайдаланылады.
Оқу пәндеріне электронды оқулықты қолдану өте тиімді. Оқушылар өздерінің білім көлемін өз бетімен толықтырып, емтихан материалдарына дайындалады және ақпараттық білім арқылы танымдық ойлауын қабілеттіліктерін дамытады. Электронды оқулықтарды пайдалану оқушылардың жоғары белсенді дүниетанымын және өзіндік жұмыс аясын кеңейтеді, жан-жақты ақпараттандыруға, білім мазмұнын ізгілендіруге көмектеседі.
Қазақстанда оқыту ісін ақпараттандыру білім беру сапасын көтереді, оқушылардың әдістемелік өсу деңгейін қамтамасыз етеді.
Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң нәтиже беріп отыр. Атап айтсақ, электронды оқулықтарды сабақта қолдану нәтижесінде мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.
Сонымен қатар, электронды оқулықтарды пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен шығармашылық тапсырмаларды орындайды. әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша тапсырмалар орындап, тесттер шешіп, карталар және схемалармен жұмыс жасауға дағдыланады.
Электронды оқулық арқылы пәндер бөлімдерін түрлі суреттер, видео көріністер, дыбыс және музыка тыңдату арқылы көрсетуге болады. Бұл әрине, мұғалімнің тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі әсерлі. Пәндердегі меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады.
Электронды оқулықтармен компьютерлік оқу әдістемелік құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар зерттеуге құштар, өзі белсенді жеке жұмыс істей алады. Мұғалімнің жұмысын жеңілдетіп, оқушыны пассивтіктен құтқарады.
Компьютерді пайдаланудың қазіргі заманға сай өркендеуі білім беру саласында көптеген жаңалықтар ашты, сонымен қатар жаңа мақсаттар да қойды. Ақпарат құралдарының орасан дамуы, компьютердің адамдар үшін күнделікті тұрмыс қажетіне қолданылуы, интернеттің пайда болуы - осының бәрі білім беру жүйесін жан-жақты жаңартуға септігін тигізеді.
Оқыту үрдістерінде оқыту әдістерін тиімді пайдалану, білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру арқылы жаңа оқыту технологиясын енгізу оқыту үрдісінің толыққанды дамуына мүмкіндік жасайды. Оқыту үрдісінде компьютерге негізделген жеке әдістемелер (оқушының ақпаратты дұрыс қабылдай алуы) оқу мақсаттар мен жағдайларына байланысты тиімді қолданылуы қажет. Жеке әдістемелік құралдармен оқыту барысында оқушының материалды дұрыс меңгеруіне, пәнге деген қызығуын арттыруына, дағды, зейін, т. б формалардың дамуына оқытудың тиімді психологиялық ұстанымдарын ескеру оқушының игерген білімінің дұрыс қалыптасуында басты роль атқарады.
Білім беру жүйесін тұтастай ақпараттандыру оқушының білім сапасын арттыру мен жаңа оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігі мынадай артықшылықтармен сипатталады.
- Олар оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. Ол оқыту үрдісіндегі жаңа оқыту технологиясының үш нұсқасы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
- «тереңдетілген» технология ретінде (компьютерлік оқытуды жекелеген тақырып немесе тарау бойынша қолдану) ;
- негізгі технология ретінде (белгілі бір бөлімді оқытқанда қолданылатын технологиялық қоры) ;
- монотехнология ретінде (барлық оқыту, оқытуды басқару үрдісі, яғни диагностика, мониторинг компьютерді қолдануға негізделген) .
- Білімге бір-бірінен үлкен арақашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында (дистанциондық формада) отырып қол жеткізуге болады. Бұдан концептуалды ұстанымдарды қалыптастыру мүмкіндігі төмендегі формада жүзеге асады:
- оқыту - бұл баланың компьютермен қарым-қатынасы;
- баланың компьютерлік оқытуға икемделе алуы;
- оқытудың диалог түрінде болуы;
- мұғалімнің кез келген уақытта оқу үрдісіне өзгерістер енгізе алуы;
- оқушы мен компьютердің өзара байланысы барлық түрде болуы: субъект-объект, субъект-субъект, объект-субъект;
- жеке және компьютермен байланыс кезіндегі психологиялық ахуалын демеу.
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдірілуі олардың тарамдалуы мен оқу материалының сапасын арттырады.
Компьютер оқу материалын беру мүмкіндігін едәуір кеңейтеді. Түсті графиканы, мультимедияны, бейне техниканың барлық мүмкіндіктерін пайдалану оқушыға ерекше психологиялық әсер етеді. Сонымен қатар компьютер оқу мотивін күшейтуге мүмкіндік береді. Әртүрлі зерттеулер гуманитарлық бағытта оқытылатын пәндер сабақтарында компьютерді, яғни электронды оқулықтарды пайдаланғанда оның оқыту қызметтерінің жан-жақтылығын көрсетеді.
Компьютерлік оқытудың екі түрін бөліп көрсетуге болады. Оқушы мен ЭЕМ арасындағы өзара тікелей байланыс бірінші түрге тән. Ол оқушыға берілетін тапсырманы анықтайды және оған қажетті көмек көрсетеді. Мұнда оқу процесі мұғалімсіз жүреді. Мұғалімнің көмегі тек қана компьютер шеше алмайтын сұрақтар, яғни программаның болатын кемшіліктер кездескен жағдай да ғана қажет болады. Екінші түрі компьютер оқушымен емес, педагогпен жұмыс істеуімен сипатталады. Ол мұғалімге оқу процесін жүзеге асыруға көмектеседі, мысалы, оқушылардың орындаған бақылау жұмысының нәтижесін олардың жіберген қателерін және орындауға кеткен уақыттың қаншалықты екенін анықтауға көмектеседі. Бұл нәтижелер компьютер зердесіне жинақталып оқушылардың берілген есепті белгілі бір уақытта шығару нәтижелерін салыстыруға, салыстыру нәтижесін талдау арқылы оқытудың қандай түрін таңдап алуға болатынына көмек жасайды.
Оқу процесінде компьютерді қолданудың мынадай тиімді жақтары бар:
- компьютермен жұмыс істеу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
- компьютер оқыту барысында оқушылардың еске сақтау, қабылдау, ойлау т. с. с. дербес ерекшеліктерін есепке алуға көмектеседі;
- компьютер оқушыларға белсенді түрде көмектеседі, ол есептің жауабын жылдам бер деп асықтырмайды, оқушыға ешқашан дауыс көтеріп ұрыспайды, есеп қате шығарылса оның дұрыс жолын көрсету мүмкіндігі бар, білмеген жерін қайталап қарауға болады;
Компьютерді оқыту құралы ретінде қолданудың жемісті нәтижесін қолында жетілдірілген программалар жиынтығы бар, тәжірибелі мұғалім қолданғанда ғана көруге болады. Компьютер оқытудың тиімділігін және мұғалім еңбегінің өнімділігін арттырады. Алайда, компьютерді орынсыз, олақ қолдану компьютерлік оқыту пікірін теріске шығаруы мүмкін.
Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану үшін, алдымен мұғалімнің өзі компьютерлік сауаттылықты және компьютерлік оқытудың біліктілігі мен іскерлігін меңгеруі қажет.
Ғылым мен техниканың талаптарына қарай білімнің көлемі ұлғайып, мазмұны барған сайын күрделене түсуде. Бұл процес тереңдеген сайын, оқушылардың дербес ерекшеліктері айқындала түсетіні анық. Демек, қысқаша айтқанда, әр оқушы өз қабілетінің мүмкіндігіне қарай оқу материалдарын әр қилы меңгеретінін психологтар дәлелдеп берді.
Білімнің баяндылығы принципі бұрын оқылған материалдарды әрдайым еске ұстап және оларды оқу барысында пайдаланып отыруды көздейді. Сондықтан математиканы оқыту процесін оқушылар алған білімін ұзақ уақыт есте сақтайтындай, оларды одан әрі өрістететіндей және есеп шығаруға қолдану іскерліктерін дамытатындай етіп ұйымдастыру қажет.
Білімнің баяндылығы принципін жүзеге асыру үшін математиканы оқыту кезінде мұғалімге мынадай талаптар қойылады:
- өткен материалды қайталауды іскерлікпен ұйымдастыру;
- оқушылардың білімі мен икемін уақытында тексеріп, олардың біліміндегі олқылықтарды дер кезінде ескертіп және жойып отыру;
- оқушыларға ұсынылатын есептер мен жаттығулардың жүйелілік сипатына ерекше назар аудару.
Ал оқушыларға мынадай талаптар қойылады:
- оқу материалын анық әрі қысқа баяндап, әрбір теориялық жаттығуларды практикалық мысалдармен қуаттап үйрену;
- өздік жұмыстардың алуан түрлерін тиянақты орындай білу;
- негізгі ұғымдардың анықтамаларын, теоремаларды, формулаларды және т. б. анық әрі тез еске түсіруге машықтану;
- теорияны қарапайым есептерді шығаруға қолдана білу.
Республика мектептерінде оқу процесін компьютерлендіруде қиыншылық туғызып отырған мәселелердің бірі компьютерлік техниканың немесе программалық жабдықтардың жетіспеушілігі болса, екінші жағынан оқытушы мұғалімдердің компьютерлік техника алдындағы дәрменсіздігі, оны сабақ өткізуге қолдануға деген ниетінің жоқтығы. Біздің ойлауымызша мұның басты себептерінің бірі пән мұғалімдерінің компьютердің мүмкіндіктерін білмеуінің салдарынан оған деген қызығушылығының жоқтығынан, тіпті кей жағдайларда сабақ процесінде компьютерді пайдалануға ашық түрде қарсы шығуынан болып отыр. Кейбір мұғалімдер фундаменталды пәндерді оқытуға есептеу техникасын пайдалануға болмайды, ол зиянды, яғни қажетті іскерлікті меңгеруге кедергі келтіреді деп есептейді.
Оқу процесіне компьютерді енгізу оқытушының міндеті жөніндегі сұрақты қайта қарау қажеттігін тудырады. Әдеттегі, оқытушының оқушыны толық басқаруы, яғни оқытушы тапсырма бермесе немесе сұрап үлгермей жатса оқушы үндемей отыра беретін жағдайдан құтылуымыз керек.
Білім беруге компьютерді енгізуді бір жағынан мемлекет талаптарына сай оқу процесін компьютерлендіру деп, екінші жағынан оқытуды жандандыру құралы деп қарау қажет.
Компьютерді қолданған оқу процесін сырттан қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметін көз алдыға әкеліп көрсеткендей болады. Дәстүрлі оқыту жағдайында мұғалім сыныптағы әр оқушының жұмыс істеу ерекшеліктерін ескеріп отыруы мүмкін емес. Компьютерді қолданғанда бұл жағдай толығымен шешіледі. Оқытушы оқушылардың әрқайсысының жұмыстарын бақылап отыруға, басқа оқушыларға кедергі келтірмей үлгерімі төмен оқушылармен жекелеме жұмыс істеуіне болады. Сабақтан тыс уақытта оқытушы компьютер жадында сақталған оқушылардың жұмыстарына талдау жасап, тақырыпты оқушылардың меңгеру деңгейін анықтауға мүмкіндігі мол болады. Дәстүрлі оқытуға қарағанда, компьютер оқушының ойлау қызметінің даму процесін жан-жақты, терең түсінуге оң жағдай туғызады.
Жаңа түсінікке байланысты компьютерлік оқыту кезінде оқытушы, оқушыларды бағыттап отыратын, жағдай жасайтын және оның қызметі жүзеге асуын қамтамасыз ететін режиссердің міндетін атқарады.
І. 1. 2. Электронды оқытудың негізгі мәселесі - электронды ақпаратпен қамтамасыз ету.
Қазіргі кезде жоғарғы оқу орындарында ақпараттық-коммуникациялық технология қашықтан оқыту жүйесінде де, дәстүрлі университеттерде де кеңінен қолданылады. Осыған байланысты дәстүрлі оқыту мен қашықтан оқытудың арасындағы шекараны жою, яғни оқытуға бүтіндей әдісің қажет екендігін болжайды. «Электронды оқыту» термині білім беруде ақпараттық және коммуникациялық технологияны қолдану аумағында бірқатар терминологиялық ұғымдарды жалпылау болып табылады.
Электрондық оқыту бейне, аудио, мультимедия технологиясы мен олардың әртүрлі комбинацияларын енгізуге байланысты болып отыр.
Сымсыз интерфейспен, портативті құрылғылардың көмегімен оқытудың өзіндік сипаттамалары бар. «кез келген қолайлы жерде кез келген уақытта оқыту ыңғайлы» қағидасымен қатар ұялы оқытуда бірқатар шектеулер қойылатыны белгілі. Оған мысал ретінде графиканың дұрыс берілмеуін, коммуникацияның тұрақты жұмыс істемеуін келтіруге болады. Сондықтан оқытуды басқарудың бағдарламалық құралдары оқытылатын ресурспен байланысты қадағаланып отыруы және оқытатын ресурсқа кіруге мүмкіндік болмаған жағдайда да тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік берілуі керек. сонымен қатар кішкентай экраннан ақпаратты алудың ыңғайлылығы да ескерілуі тиіс. Жинақталған тәжірибелер мен әдістемелер өз кезегінде педагогиканың жаңа бағыттарының бірін қалыптастыратын мәселелерді жүйелеуді талап етеді.
А. Соловов оқу үрдісін қашықтан және дәстүрлі ұйымдастыруды өзара кіріктіру «электрондық оқыту» терминіне сай келетінін айтады. Мәселен, Еуропада, АҚШ-та және Ресейде ұялы оқыту жайлы көптеген жобалар бар. Бұл ұялы оқыту (m-Learning) электрондық оқытудың әлеуетін толыққанды іске асыруға мүмкіндік береді.
Электрондық оқытуды ғылыми-әдістемелік негіздеу ұялы оқытудың да аспектілерін қамтуы керек. Сондықтан «электрондық оқыту» ұғымы ұялы оқытуға қарағанда кеңірек. Демек, электрондық оқыту қағидалары ұялы оқыту шеңберінде де қолданылуы шарт.
Электрондық оқытуды жасау мен енгізу үшін оқытуды басқару, ақпаратты алмастыру қажет. Электрондық оқытудың технологиялық құралдарын былайша топтастыруға болады:
- Ақпараттық құралдар, мультимедиялық бағдарламалар және Интернет.
- Электрондық оқытуды әзірлеудің бағдарламалық құралдары.
- Оқу үрдісін басқарудың ақпараттық жүйесі.
Электрондық оқытудың негізгі мәселесі ақпараттық-коммуникациялық технология негізінде ақпараттық білім беру ортасын құру және оны тиімді пайдалану болып табылады.
Дидактикалық тұрғыда электрондық оқытудың төмендегідей маңызды мәселелері анықталады:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz