Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері



Жоспар
Кіріспе

1.ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың теориялық негіздері

1.1. Коммерциялық банктер қызметіндегі ресурстарының мәні мен ролі
1.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудағы ерекшеліктер
1.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарының қалыптасуы

II . Тарау Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері

2.1.Коммерциялық банктердің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдау
2.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
2.3. Коммерциялық банктердің адам ресурстарын басқару

ІІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетідіру

3.1 Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару стратегиясын қалыптастырудың жолдары.
3.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірудің негізгі факторы ретіндегі инновациялық механизм

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
Коммерциялық банктерiнiң ресурстарын басқаруды жетiлдiру мәселелерi
Жоспар
Кіріспе

1-ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын
басқарудың теориялық негіздері

1.1. Коммерциялық банктер қызметіндегі ресурстарының мәні мен ролі
1.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудағы ерекшеліктер
1.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарының
қалыптасуы

II – Тарау Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің
ресурстарын басқару әдістері

2.1.Коммерциялық банктердің қазіргі жағдайы мен даму тенденцияларын талдау

2.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері

2.3. Коммерциялық банктердің адам ресурстарын басқару

ІІІ Тарау Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын
басқаруды жетідіру

3.1 Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару стратегиясын
қалыптастырудың жолдары.

3.2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірудің негізгі
факторы ретіндегі инновациялық механизм

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халыққа
жолдауындағы Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси
модернизациялауды жеделдету жолында, біздің стратегиялық міндетіміз-
бәсекеге барынша қабілетті елдер қатарынан беделді орын алу ерекше атап
кетеді. Осы мақсатқа жетудегі маңызды рольді экономикалық субъектілерді
басқару, сол сияқты коммерциялық банктерді басқару алады.
Экономикада экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде,
өндірістік процестерді жүзеге асырушы фирмалар (кәсіпорындар) шығады.
Өндіріс процесінің негізгі элементтеріне ақша құралдары, тауарлар,
жеткізушілер, сатып алушылар жатады. Коммерциялық банк – бұл өз
клиенттеріне қарыз беретін, тұрғындардың ақша құралдарын бөлу сияқты
қаржылық қызмет көрсетулер мен айналысатын кәсіпорын. Қаржылық қызмет
көрсетулерді (ақша құрамдары) тауар ретінде көруге болады. Банкке ақша
салатын клиенттерді сатып алушылар ретінде, банк қызметін өндірістік
процесс ретінде. Банк қызметін ұйымдастыру өрісінде банктік қызмет
көрсетулерді өндіріс қызметінің тиімділігін жоғарылатуды қамтамасыз ету,
қажет. Үнемі өзгеріп отыратын ортада, банктік құрылымның адаптациясын
қамтамасыз етуші объект ретінде, банк экономикасының негізіне жататын
элементтердің әрекеттестігі мен құру механизмін айқын көрсету қажет.
Басқару операцияларымен қатар өндірістік опреациялар коммерциялық
банк қызметінің маңызды бөлігі болып табылады.
Банк қызметі өрісінде жоғары технологиялар мен ақпараттандырудың
дамуы жағдайында,банктің экономикалық қызметінің мәні туралы ғылыми
түсініктеді алдағы уақытта жетілдіру, актуалды мәселелердің бірі болып
табылады. Өндірістік процесс (банк қызмет) үшін басқару жүйесі өте маңызды.
Басқару ролінің үнемі өсуі - өндіріс сипатын нығайту мен даму процесіндегі
басты тенденция.
Банктік қызметті басқару, банктік технологияларды жетілдіру мен
өңдеуді, банк өнімдері мен қызмет көрсетулерін сапалы деңгейде
қамтамасыздандыру, барлық есепайырысу түрлері мен банктік операциялардың
орындалуын жоспалау мен бақылауды, персоналдармен қамтамасыздандыруды,
таза табыстың тұрақтылығын ұстап тұруды кіріктіреді. Дамудың әр кезеңінде
экономикалық субъектілердің қажеттілігіне сәйкес, басқарудың неғұрлым
тиімді формалары мен әдістерін іздестіру, әрқашан рационалды
шаруашылықтандыру шарттарының бірі және болады.
Нарықтық қатынастар жағдайында шаруашылық субъектінің экономикалық
механизмін оның ресурстарының уақытылы қалыптасуынсыз басқару мүмкін емес.

Елдей экономикалық дамудың қазіргі уақыттағы кезеңі, кәсіпорындардың
ғана емес, коммерциялық банктердің де ресурстарын басқарудың ғылымдылығына
деген талаптарды күшейтеді. Барлық экономикалық агенттер үшін нарық
заңдарын қолданудың әдістері мен формаларын неғұрлым тиімді өңдеуді қажет
етеді. Нарықтық экономиканың барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын
жүзеге асыру, осыған байланысты болады. Коммерциялық банктердің ресурстарын
басқару – бұл экономикалық қатынастардың субъектілері банк дамуының күрделі
міндеттерін шешуге, жақсартуға мүмкіндік беретін, қуатты тетік болып
табылады. Басқару әдістері мен ұйымдастырушылық формаларын үнемі және
үздіксіз жетілдіріп отыруынсыз, банк қызметін жоғарылатудағы, жаңа
технологияларды ендірудегі, ресурстар тиімділігін өсірудегі ілгерілікті
елестету мүмкін емес.
Осымен байланысты, экономикалық агент ретіндегі коммерциялық
банктердің ресурстарын басқаруды жетілдірумен байланысты ұсыныстарды өңдеу,
мәселелерді ғылыми дәлелдеуге ие болды. Бірақ, Қазақстанның қаржылық нарығы
тұрақтанбайынша, банктер үшін әлі де болса күтпеген және жиі болатын
өзгерістер тән болады.
Табыстылық аспектілерін толық есепке алатын. Ресурстарды басқару
әдістерін өңдеу, банктің сенімді және сапалы жұмысында басты орынды болып
қала береді.
Дипломдық жұмыс мақсаты – нарықтық экономика жағдайындағы
экономикалық агент ретіндегі коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды
жетілдірудің жолдарын анықтау. Бұл мақсаттарға жету үшін келесі
міндеттерді орындау қажет:
- экономикалық қатынастардың субъектілері ретінде коммерциялық
банктердің ресурстарын басқарудың мәні мен міндеттерін талқылаумен
байланысты, қазіргі уақыттағы сұрақтарға қарастыру;
- қазақстан Республикасының макроэкономикалық процестерінің комерциялық
банктер ресурстарының қалыптасуына әсер етуін зерттеу
- қазақстан коммерциялық банктерін ресурстармен қамтамасыз ету үшін
сыртқы ортаның ерекшеліктерін талдау, олардың қызметінің тиімділігін
жоғарылататын резервтерді айқындау;
- коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістерін сипаттау,
қазақстандық банктерде әдістерді қолдану ерекшеліктерін қарастыру;
- коммерциялық банктердің қаржылық ресурстарының қалыптасуын жан-жақты
зерттеу және талдау;
- ресурстарды басқару тиімділігін жақсарту бойынша экономикалық талдау
негізінде ұсыныстарды дайындау;
- адам ресурстарының қалыптасуына, коммерциялық банктердің кадрлар
саясатының әсер етуін сипаттау;
- коммерциялық банктерде адам ресурстарын пайдаланудың тиімділігін
талдау;
- қазақстан коммерциялық банктерінің ресурстарды басқару
стратегияларының негізгі бағыттарын өңдеу;
- қаржылық ресурстардың қалыптасуының көзі ретінде коммерциялық
банктердің табыстылығын жоғарылату бойынша ұсыныстарды енгізу;
- коммерциялық банктерде инновациялық процестердің тенденцияларын
анықтау.

Бұл дипломдық жұмыста банктік қызметті басқару аясында отандық және
шетелдік ғалымдардың концепциялары мен теориялары қолданылды. Сонымен
қатар, Қазақстан республикасының Ұлттық банкінің заңды және нормативті-
құқықтық актілері, статистика агенттігінің, Қазақстан Республикасының ЕДБ-ң
мәжілістері пайдаланылды.
Жұмыстың бірінші бөлімінде коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың
теориялық негіздері, олардың даму ерекшеліктері анықталады. Ал екінші
бөлімінде Қазақстанның коммерциялық банктерінің ресурстарын басқару
әдістерінің қазіргі уақыттағы жағдайына талдау жүргізіледі. Үшінші бөлімде
коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдіру жолдары өңделіп,
қарастырылады.

1-ТАРАУ Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын
басқарудың теориялық негіздері

1. Коммерциялық банктер қызметіндегі ресурстарының мәні мен ролі

Экономикалық ресурстар дегеніміз – бұл экономикалық игіліктерді
өндіру үшін қолданылатын элементтер. Солардың ішінде ең негізгілеріне
жататындар:
- адам еңбегі;
- адамның іс-қимылымен айналымға тартылған жер, су, ауа, пайдалы
қазбалар, өсімдік және жануар әлемі, табиғи энергетикалық көздер
түріндегі табиғи ресурстар;
- шаруашылық қызметте қолданылатын негізгі және айналымдағы құралдар
түріндегі өндіріс құралдары;
- еңбек және материалды – заттық ресурстарды иеленуге мүмкіндік беретін
ақша құралдары;
- экономикалық өнімді жасау үшін қажетті ғылыми-техникалық,
технологиялық, ғылыми, басқару ақпараты түріндегі ақпараттық
ресурстар;
- өндірістік факторларын неғұрлым тиімді қолдану мүмкіндіктерін
кіріктіретін адам ресурстарының ерекше түрі ретіндегі кәсіпкерлік
мүмкіндіктер.

Экономистердің айтуынша, қолма-қол ресурстар шектеулі, яғни қазіргі
қоғамдық даму деңгейіндегі біздің қажеттілігімізді қанағаттандыру. Ол аз.
Әрине ресурстың шектеулілігі біршама. Қоғам дамуымен ол шындықтарды жеңуге
болады. Бірақ ресурстардың шектеулілігінің де өз орны бар. Бұл дегеніміз
барлық қажілеттіліктері бір уақытта және толықтай қанағаттандыру мүмкін
емес.
Ресурстарда неғұрлым ұтымды пайдалануға тырысу, ресурстарының
шектеулілілігінің салдары болып табылады.
Көптеген экономикалық мақсаттарға шектеулі ресурстардың неғұрлым
альтернативті нұсқауларын пайдалана отырып, соғұрлым максималды
қажеттіліктерді қанағаттандыруға қол жеткізуге болатындығы жатады.
Аристотель, одан кейін орта ғасырдағы ойшылдар еңбектері негізгі
экономикалық ресурстардың біріне жатқызған. Сол сияқты дүние жүзіндегі
бірінші экономикалық мектеп-меркантилизм де осы ойды қолдаған. Физиократтар
мектебі экономикалық ресурс ретінде жерге көп көңіл аударған. Адам Смит
ресурс ретінде еңбек, жер және капиталды қарастырған. Бірақ осы өндірістің
үш факторының теориясын анық қалыптастырған француз экономисі Жан Батист
Сэй. Ағылшын экономисі Альфред Маршал кәсіпкерлерлік қабілеттілікті
төртінші фактор ретінде қосуды ұсынды. Көптеген қазіргі заман экономистері
экономикалық өсудің факторы ретінде қазіргі уақытта бірінші орынға Білім
факторын шығаруда. Оны әр түрлі атауда, яғни технология, ғылыми-техникалық
прогресс, ғылыми, ақпарат.
Бәріне белгілі болғандай, ресурстың теориялық талдауын тереңдетпей,
ғылыми-техникалық дамудың ілгері бағыттарын жүзеге асыру, қызмет көрсету
аясы мен өндірісті дамытудың экономикалық және әлеуметтік критерийлерін
табу, жоспарлау және басқаруды жетілдіру сияқты дамыған.
Нарықтық экономиканың маңызды халық шаруашылық мәселелері шешілмейді.

Бұдан басқа, нарықтық экономикада әлауқатты максимизациялау мен
тиімділікті жоғарылату тіке түрде өзара шарттасқан. Бұл жағдай коммерциялық
банктермен кеоммерциялық ресурстары жататын тиімділігін қозғалысының
құрылымдық факторының маңызын өсуімен түсіндіріледі.
Экономикалық ресурстар кәсіпкерлік инициативамен біріктірілген
басқару арқылы өндіріске тартылып, біртіндеп оның факторына айналады.
Фактордың әсер етуі нәтижесінде өндірістік процесс қызмет көрсету,
орындалған жұмыс, тауар, өнім түріндегі экономикалық өнімдердің пайда
болуына әкеледі.
Экономикалық ресурсының жұмыс жасап тұрған өндіріс факторы ретінде
қайта құрылуы, белгілі бір уақытты қажет етеді, яғни ресурстарды өндіріске
тартумен олардың өндіріс процесінің агенті ретінде қатысуы арасында
ресурстарының алғашқы фактор ретінде қайта құрылуы үшін белгілі бір уақыт
қажет болады. Өндірушілер өндіріс факторын құру үшін бастапқыда керекті
ресурстарды табады, шығындалады. Одан кейін осы факторларды қолдана отырып,
өндірілген өнімдерді сату арқылы шығындардың орнын толтырады. Сондықтан,
экономикада бастапқыда бір іске қаражат салып, жағдайын жасап, өндірістік
процестің алдыңғы жағдайынан өтіп, содан кейін керекті нәтижесіне алуға
тура келеді.
Қаражатты салу, ресурстарды тарту және олардың өндіріс факторына
айналуы арасындағы аралық уақыт, әр түрлі өндіріс факторы үшін әрқалай
болуы мүмкін, неғұрлым көлемі бойынша салмақты өндірістің негізгі
құралдыры: ғимарат, құрылыс, машиналар, құрылғылар. Ақша құралдары
өндіріске тартылғаннан бұрын қоймада өлі жүк ретінде біраз уақыт жататын
материалдар мен шикізат өндіріс қорларын құру, өсіру үшін қажет болады.
Осыған қатысты энергия, материал, түріндегі айналмалы капитал
өндірістің негізгі құралдарынан ерекшеленеді. Ол дереу өндіріс факторына
айналып, өндірістің нәтижелі өніміне ауысады. Осы өнімді сатудан түскен
ақшаға қайтадан айналысып құралдыр сатып ашылады.
Осылайша, өндірістік процесс коммерциялық банктерде өтеді.
Айырмашылық, коммерциялық бактерде ресурстарды қайта құру нәтижесіне тауар
емес, ақша массасын өсіру жатады.
Коммерциялық банк – бұл делдал ұйым, клиенттерге қызмет көрсетудің
басты негізгі:
1) несиелік – клиенттердің 2 түрлі тобына, бірін- банк өз қаражаттарына
сене отырып несиелейді,, екіншісі банктен қарызға ақша ала отырып
несиелейді.
2) Төлем- есептесу – барлық клиенттерге.
Коммерциялық банктер өндірістік кәсіпорындар, сауда ұйымдары, банктік
емес қаржы секторы мен тұрғындар сияқты нарықтың қатысушылары үшін нарықтық
экономика мен шаруашылық байланыстың қиын жүйесінің жетекшісі ретінде
қызмет атқарады. Банк, операцияның екі тобын жүзеге асырады: заңды және
жеке тұлғалардан ақшалай салымдарды қабылдау және оларға ақшалай несиелерді
беру (сонымен қатар иегердің тапсырысы бойынша капиталды салымдарды
қаржыландыру). Біздің ойымызша, осы операциялар банк қызметіндегі
инновациялық, ақпараттық, қаржылық ресурстардың қажеттілігін анықтайды.
Банктің қаржы ресурстары эмиссиялық, тартылған және өзіндік
қаражаттарымен құралады. Өзіндік капитал бағалы қағаздар нарығына
орналастыру арқылы жұмылдырылады,. Өзіндік ресурстарға резервті капитал мен
бөлінбеген таза пайда жатады. Резервті капитал ағымдағы таза пайдадан
шегеріп отырудан қалыптасады. Ол валюта курсы мен бағалы қағаздардың түсіп
кетуінен болатын зияндарды жабу үшін арналған.
Коммерциялық банктердің ресурстық базасын құрайтын негізгі көздерге
жататындар: несиелік операциялардан түсетін табыс; шетел валютасымен
операциялар; клиент базасының өсуі; қызмет көрсету спектрының кеңеюі мен
санының өсуі (комиссиялық кіріс); бағалы қағаздармен операциялар;
коммерциялық есепайырысу шотындағы қалдық түріндегі тартылған қаражаттар;
басқа банктерден тартылған қаражаттар үлесі; өзіндік капитал; өзіндік
бағалы қағаздар эмиссиясын орналастыру және басқа да активті операциялар.
Коммерциялық банктердің өзіндік капиталы Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкінің активтері мен міндеттемелерімен орнатылған нормативті
арақатынасты ұстап тұруы қажет, оның өсу тегі банктің өсу шегімен
пропорционалды және активтер мен міндеттемелердің сапасына тәуелді болуы
керек. Банктің өзіндік капиталы сомасының оның активінің сомасына қатынасы,
қаржылық тұрақтылықтың көрсеткіші болып табылады. Өзіндік капитал
шығымдарды жұмсартуға қажетті амотизатор сияқты, осы қатынастың өсуі,
экономикалық тұрақтылықты көрсетеді. Банк ісінде капитал деп банк иелерімен
салынған қаражаттарды айтады және ол акционерлік капитал, қосымша капитал,
ойда болмаған шығындарға арналған резервтер және бөлінбеген таза табыстан
тұрады. Сонымен қатар капитал банктің несиелік қызметінің болашақта дамуын
қолдау және оның физикалық құрылымын кеңейту үшін негіз болып табылатын
басқа да ұзақ мерзімді активтерге қосымша қызмет етеді.
Экономистердің айтуынша, коммерциялық банктердің негізгі капиталы
банктің ресурстарының ұзақ мерзімді өмір сүру мүмкіндігін қамтамасыз ету
және күнделікті қызметінде маңызды функцияларды атқарады. Біріншіден,
капитал пайда болған мәселелерді басқарушы топ шешкенге дейін ағымдағы
шығындардың орнын толтырып, банкроттықтан сақтайды. Екіншіден, жеткілікті
депозиттер көлемін тартқанға дейін бактің құрылуы ұйымдасуы мен қызмет етуі
үші қажетті қаражаттармен қамтамасыз етеді. Жаңа банкке ашылуына дейін жер
алу, құрылыс немесе ғимаратты жалға алу, құрылғыларды орналастыру,
жалданбалы персоналдарды алу үшін қаражат керек. Үшіншіден, банкке деген
клиенттердің еншісіне қолдау бере отырып, өзінің қаржылық күшіне
кредиторларды сендіре біледі. Экономикалық құлдырау кезеңін бастан кешіп
жатқан күнде де, банк қарыз алушының несиелік қажеттіліктерін
қанағаттандыра алатындығына сенімін қамтамасыз ету үшін капитал көлемі
жеткілікті болуы қажет. Төртіншіден, капитал жаңа қызмет көрсетулерді,
ақпараттар мен құрылғыларды өңдеу мен ұйымдастырушылық өсу үшін қажетті
қаражаттармен қамтамасыз етеді. Өсу кезеңінде құрылыстың жаңа қуаттары мен
жаңа қызмет көрсетулер ұсынумен байланысты тәуекелден қорғану және қолдау
үшін банк капиталды қажет етеді. Біздің ойымызша, қосымша капиталды тарту
клиенттерді жаңа қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету үшін ғимараттарды алу
үшін немесе филиалдар үшін жаңа офистерді салуға мүмкіндік береді.
Қазақстанның коммерциялық банктері өз қызметтерін ұзақ мерзімді
перспективада нығайту уақыты жетті. Өзіндік капиталдың рөлі банктің өмір
сүру мүмкіндігі мен өсу арақатынасына әкеп соғатын реттеуші типтік ретінде
қызмет етуінде. Бұл реттеуші институты мен қаржы нарығының несиелер мен
тәуекелді активтің өсу қарқыны капиталдың өсу қарқынымен бірдей болуы тиіс
деген талабымен байланысты. Өзінің кридиттері мен депозиттерін жылдамдықпен
ұлғайта бастаған банк (қазіргі Қазақстандық банктерге қатысты) бақылаушы
инстанциялардан қосымша капиталды тарту немесе кредиттер мен депозиттердің
өсуін баяулату керектігі туралы белгі ала бастайды. Біздің ойымызша
капиталдың жағдайын тиісті органдардың реттеп отыруы, тәуекел деңгейін
шектеудің маңызды құрамына айналды. Банк капиталының реттеуші тетігі
ретінде нарық сенімсіздік тудыратындықтан Қазақстан Ұлттық банкісінің
реттеуімен капитал көлемі банк қызметінің бір бөлігі болып қалыптасуда.
Алайда ерікті нарық салымшылардың салған қаражаттарының жоғалу мүмкіндігін
әкелетін тәуекелдің барлық түрлерін басқарудың тиімді құралына
жатпайтындығы айтылуда. Қазіргі уақытта барлық банктерге өзіндік капитал
көлемінің минималды стандарты қолданылуда. Капиталдың басты сыртқы
көздеріне жататындар: жай акцияларды сату; артықшылығы бар акцияларды сату;
капиталдық қарыз міндеттемелерін шығару; банк активтерін сату; жылжымайтын
мүлікті жалға беру; акцияларды қарыз міндеттемелеріне ауыстыру.
Қәсіпорынның жақсы қызмет етуінің шартына оны экономикалық (қаржылық,
адамдық, инновациялық, ақпараттық) ресурстармен қамтамасыз ету жатады. Бұл
жерде шешуші рөлді резервтермен ақша құралдарының жеткілікті санының қолма-
қолдылығы; қосымша шығындарды, минималды төлемдер арқылы қосымша ақша
құралдарын ала алу мүмкіндігі алады. Негізгі тірек өзіндік көзге жататын
таза табыс болуы керек.
Қазақстанның таза табысы нарық қатынастарының маңызды категориясы
ретінде белгілі фуункцияларды орындайды.
Біріншіден, таза табыс Қазақстанның қызметі нәтижесінде алынған
экономикалық тиімділікті сипаттайды. Таза табыс соңғы қаржылық нәтижені
көрсетеді. Таза табыстың көлеміне мынадай факторлар әсер етеді: нарық
конъюнктурасы, тұтынатын отын-энергетикалық және материалды-шикізат
ресурстарына деген баға деңгейі, амортизациялық аударымдар нормасы,
өткізетін өнімдерге деген баға деңгейі, жалақы, шаруашылық деңгейі,
басшылық пен менеджерлердің жетіктілігі, өнімнің бәсекеқабілеттілігі, еңбек
пен өндірісті ұйымдастыру, өндірістік және қаржылық жоспарлардың жағдайы.
Екіншіден, таза табыс ынталандырушы қызмет атқарады. Оның мағынасы,
таза табыс бір уақытта негізгі қаржылық ресурстарының элементі және
қаржылық нәтижесі болып табылады.
Осындай функцияларды таза табыс коммерциялық банктерде орындайды.
Банктің таза табысына әсер ететін факторларға: нарық конъюнктурасы,
несиелік ресурстарға деген баға деңгейі (несиеге пайыз); пайыздық емес
кірістер мен шығыстар, банктік қызмет көрсетулердің бәсекеқабілеттілігі,
банктік қызметті ұйымдастыруы, персоналдардың жетіктілігі.
Нарықтық экономикалық жағдайында таза табыстың мәні зор. Таза табысты
алуға деген ұмтылыс тауар өндірушілерді. өндіріс шығындарын азайта отырып,
тұтынушыларға қажетті, өндіріс өнімдерінің көлемін ұлғайтуға бейімдейді.
Дамыған бәсеке кәсіпкерлерлік мақсатқа ғана емес, сонымен қатар қоғамдық
қажеттілікті қанағаттандыруға қол жеткізеді. Кәсіпкер үшін таза табыс
құнның неғұрлым өсуіне қол жеткізуге, сол салаға инвестициялау ынтасын
тудыратын белгі болып табылады шығындар да өз ролін ойнайды. Олар өндіріс
өнімдерін ұйымдастыруға кеткен қаражаттар есебінде және т.б. қателіктерді
келесіде болдырмауға мүмкіндік береді.
Коммерциялық банктер де жоғарыда айтылып кеткен мақсаттармен сәйкес
жүріп отыруы тиіс. Таза табысты өсіру үшін оларға клиенттерге қажетті
банктік қызмет көрсетулерді, пайыздық емес шығындармен байланысты
шығындарды азайту, тұрақты табыс әкелетін операцияарды жүргізуді жетілдіру
қажет.
Коммерциялық банктердің кірістері мен шығыстары арасындағы
айырмашылықты көрсете отырып, максималды пайда алу, ал есеп және есеп беру
жүйесімен байланысты қалыптастыру моделі, коммерциялық банктердің қызмет
етуінің негізгі мақсаты болып табылады. Пайда көлемінің өсуі банктің
неғұрлым жоғары сыйақы алуы бойынша тәуелді операциялар шоты арқылы қалай
етілуі мүмкін деп отандық және шетел зерттеушілері анықтайды. Нарықта банк
өз қызметін жүзеге асыра алады, егер табыстары оның шығындарынан асып жатса
мұндай банкті тиімді деуге болады.
Экономикалық қатынастардың субъектісі ретінде коммерциялық банктердің
басты ерекшелігі – олардың бір уақытта несиелер және қоғамдағы ақша
құралдарын бөлуші рөлін атқаруында. Бұл дегеніміз ақша операцияларының ең
қарама-қарсы тобының бар екендігін көрсетеді. Активті және пассивті.
Пассивтерді микродеңгейде басқаруды коммерциялық банктер көп пайда
табу және қаржылық ресурстарды қолдау мақсатымен жүзеге асырылады.
Коммерциялық банктерде пассивтердің 70 пайызы (қаржылық ресурстар)
депозиттік операцияларды жүргізу нәтижесінде қалыптасады.
Біз экономистердің пікірімен келісеміз. Олардың айтуынша, депозиттік
операцияларды жүзеге асыра отырып, банктер келесідей қағидаларға
бейімделуі тиіс:
- депозиттік операциялар болашаққа пайда табу үшін жағдай жасай отырып,
банктің пайда алуына жәрдемдесетіндей ұйымдастырылады.
- Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде депозиттердің әртүрлі
формаларының сәйкес және депозиттік опреациялар субъектілерінің әр
түрлі болуына талпыну керек.
- Депозиттік операцияларды жүзеге асыру барысында осы операциялар
арасында өзара келісімділік пен өзара байланыстылықты және несиелік
салымдар, депозиттер сомасы мен мерзімі бойынша қарызды беру кезіндегі
операциялады қамтамасыз ету қажет.
- Депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде банк балансын ұстап
тұруды қамтамасыз ететін жедел депозиттерге ерекше көңіл бөлу керек.
- Депозитті операцияларды ұйымдастыра отырып, банк депозит шотарындағы
еркін (активті операцияларға тартылмаған) құралдар резервінің
минималды болуына талпынуы тиіс
- Депозиттерді тартуға икемджейтін көрсетулердің сапасы мен мәдениетін
және банктік қызмет көрсетулердің дамуы үшін шаралар қолдануы қажет.
Егер жоғарыда аталып кеткен қағидаларды ұсталатын болса, осы қағида
Қазақстанның коммерциялық банктерінің қаржылық ресурстарының қалыптасу
деңгейінің өсуіне өз септігін тигізер еді.
Коммерциялық банктер өндірісіндегі ерекше белгіге активті және
пассивті операциялар арасындағы тәуелділік жатады. Банктер өзге капиталмен
айрықша стратегиялық әрекет жасайды. Сондықтан банктік ресурстарды несиелеу
және инвистициялау масштабы көбіне коммерциялық банктердің бос ақша
капиталын тарта алу қабілеттілігіне тәуелді болады. Активтер мен
пассивтердің жапы байланысынан басқа, қаражаттарды тарту және орналастыру
сияқты басқа да операциялар түрлері арасында көптеген байланыстар бар.
Банк клиенттері, әсіресе ірі жеке қарыз алушылар мен салымшылар,
әдетте, банктен кең ауқымды қызмет көрсетуді алуға құштар. Қарыз капиталы
нарығындағы өткір бәсеке, банктердің жаңа қызмет көрсетулер мен әр түрлі
операция түрлерін енгізуіне мәжбүрлейді. Осылайша, ағымдағы шоттыашу әдетте
қаражаттарды қолма-қолсыз аудару және шоттар бойынша әр түрлі операцияларды
орындаумен, қарсы мерзімді несиелер берумен, сейфтерді қолдаумен,
банкоматтармен жүзеге асырылады.
Коммерциялық банктерде жеткілікті қаржы ресурстарының болуы банк пен
қарыз алушы арасындағы несиелік қатынастың дамуына, коммиссиялық және
делдалдық функциялардың активті түрде орындалуына, капиталды бағаны
қағаздараға инвестициялауға әсерін тигізеді. Қосымша қызмет: көрсетулерді
ұсына отырып, банк ұсақ салымшыларды да қызықтырады клиент базасының болуы
банктік бизнесті енгізудің алдын ала жағдайын жасау болып табылады. Клиент
базасының дамуынсыз банктік қызметті жүзеге асыру мүмкін емес.
Коммерциялық банктер қызметіндегі ерекше ролді адалдық ресурстар
алады. Экономистер еңбек ресурстарын еңбек қызметі үшін қажетті физикалық
дамуы мен интеллектуалды қабілеттілігі бар тұрғындар ретінде анықтайды.
Еңбек ресурстарын толықтыру қазір және болашақта еңбеккеқабілетті жас
тұрғындар есебінен құрылып отырылады. Сондықтан ол негізінен елде болып
жатқан демографиялық процеспен анықталады.
Егер банк қызметінің ерекшелігін ескеретін болсақ, онда маңызды болып
Қазақстанның еңбек потенциалының жағдайы алады, яғни адамдық ресурстардың
саласы мен потенциалды мүмкіндіктері. Еңбек потенциалының салалы
сипаттамасы физикалық, интеллектуалдық және жене тұрғыны кіріктіреді.
Коммерциялық банктердің дамуына табиғат пен қоғам дамуының әртүрлі
аспектілері бойынша білім және тәжірибесін жинау, ғылыми – тезникалық,
экономикалық және мәдени жетістіктер әсер етеді. Білім ядросы білім және
ғылыми зерттеулер болып табылады. Бұл екі спецификалық сфералар өздерінің
қызметкерінің негізгі объектілері арқылы тығыз байланысты. Бір
жағынан,ақпарат ағымдары арқылы, екінші жағынан, оқытушыға ғылыми кадрлар
арқылы. Банк қызмет үшін кадрлар білімінің болашақта өсуіне мүмкіндік
беретін ғылыми зерттеулер процесі маңызы болып табылады. Банк ісіндегі
теория мен практиканың тығыз байланысы, еңбек өндірісі мен экономикалық
өсудің жоғарылауын ескертетін ғылыми-техникалық жетістіктерді меңгеруге
және персоналдың жан-жақты дайындығын қаматамасыз етеді.
Коммерциялық банктер еңбек ресурстарын қалыптастыруда төмендегідей іс-
шаралар жүйесін жүргізулері тиіс:
- қажетті жоғары квалификациялы персоналдармен қамтамасыз ету;
- міндеттердің өзара сәйкестігі мен оларды орындайтын адамдарды реттеу;

- осы адамдардың жеке мүмкіндіктері мен өндірістік қажеттіліктеріне
сәйкес анықталған квалификация деңгейін кепілдендіру;
- осы адамдардың банктің кешенді қызметіне ынталы түрде қатысуын
қамсыздандыру

Банктік стратегияны жүзеге асыру бойынша банк бағдарламасын орындау үшін
қажетті қызметкерлердің қабілеттіліктері мен тәртібін кіріктіретін әр
лауазымның сапалы білімі коммерциялық банкқызметінде маңызды орын алады.
Сірә, қазіргі уақтта банктердің соқтығысып жатқан сыртқы ортадағы
әрдайымғы өзгерістері тұсында, болашақта талап етілетін болжамдар
белгісіздік тудырады. Бірақ бұл жағдай банктерді болашақта сапалы
персоналдары негізінде сәйкес іс-шараларды өңдеу қажеттілігінен
құтқармайды. Осы тұста болжау кезінде жіберілетін қателіктерге уақыт
жіберіп алмау үшін іс-қимылдың жеткілікті кең спектрі болатындай шаралар
өңделуі тиіс.
Ғылыми – техникалық революция банктік операциялар мен есеп айырысулар
техникасына едәуір әсерін тигізеді. Қазақстан коммерциялық банктері
шығындары азайту мен таза табысты көбейту, еңбек тиімділігін өсіру үшін
жоғары өндірістік құрылғыларды өңдеуге үлкен қаражаттарды салады. Қазіргі
уақытта қолма-қол ақшалармен есеп-айырысу және төлем-есеп-айырысу
құжаттарының көшірмесінің қажеттілігін біршама қысқартатын банктің
коммуниациялық тізбегімен байланысы негізінде электронды аударымдар кең
қолданылуда.
Қазіргі автоматтандырылған жүйе жоғары тиімділікке қол жеткізеді, егер
квалификация деңгейі адекватты, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыған,
техникалық тәртіпті қатаң ұстайтын қызметкерлермен қаматамасыз етілген
болса. Өз білімі мен ақылын, шығармашылық мүмкіндіктері мен профессионалды
қабілеттіліктерін, ғылыми-техникалық нәтижелерге қол жеткізугедайындығы
қолданылған адам еңбегң ғана экономикалық және әлеуметтік нәтижелер
деңгейін анықтауға, бар мүмкіндіктерді объективті жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Банктік процестердің дамушы технологияларының, ғылымсыйымды өнімдер мен
қызметкөрсетулердің қазіргі уақыттағы нарық конъюнктурасынан қызмет
нәтижелерінің тәуелділігінің күшеюі, интеллектуалды еңбекқабілеттілігі бар
әрбір жұмысшының джаңа бағыттағы ғылым, техника, технологияны жылдам
меңгеруіні, профессионалды жұмылдырудың қалыптасу қажеттілігін алдын-ала
анықтайды.
Коммерциалық банктердің ресурстарының тиімді қолдануы, инновациялық
процестің прогрессивті деңгейімен, қолданылатын стандартты емес
ұйымдастырушы экономикалық және технологиялық шешімдердің салыстырмалы
салмағымен анықталады. Эксперттердің бағалауы бойынша, коммерциялық
банктердің 70-80 пайызына күш жұмсалымдары өз қызметіндегі инновациялық
жаңару үшін күнделікті мәселелерді шешуге, тек 20-30 пайызы инновациялық
жобаларды тиімді өткізуге кетеді.
Маңызды технологиялық, басқарушылық және ақпараттық жүйелердің
сенімділігі жатады. Инновациялық өнімдерді өткізуге тиімділігіне
ұйымдастырушы – экономикалық факторлардың әсер етуін күшейту, түркі
құрылымдық өзгерістер мен инновациялық өзгерістер мен инновациялық
белсенділікті өсіру қажеттілігі ғылыми-техникалық прогрестің даму
тенденциясы есебімен банк персоналдарын мақсатты бағыттаудағы дайындау
және қайта дайындаудың объективті қажеттілігін алдын-ала анықтайды.
Қазіргі уақытта коммерциялық банктің жақсы қызмет етуі үшін, ақпарат
маңызды ресурс болып табылады деген түсінік бар. Қызмет үшін тек
материалды, қаржылық және адамдық ресурстардың болуы жеткіліксіз, сонымен
қатар жаңа технологиялар туралы ақпарат болу керек және оларды тиімді
қолдана білу қажет.
Ақпарат, ақпараттық ресурстар әрқашанда болған, бірақ бұл ресурста
өздерінің ерекшелігінен экономикалық категория ретінде қарастырылмаған,
қайткенмен де адамдар оны басару үшін қолданған . Коммерциялық банк
технологиялық; әлеуметтік, экономикалық және осылардың арасындағы басқа
қатынастарымен жұмыс жасайтын адамдармен және банктің құрылымдық
бөлімшелернің жиынтығынан қалыптасатын өзінің ішкі ортасын тудырады.
Банктің ақпараттық ресурстарын құрайтын ішкі және сыртқы ақпараттары
болады.
Коммерциялық банктердің ақпарттық ресурстарының негізгі көздеріне
заңдар, жарлықтар, қаулылар, бұйрықтар, шешімдер, сонымен қатар, басқа да
нормативті және заңды актілер жатады.
Ақпараттық көздердің басқа тобын Қазақстан Республикасының Ұлттық
банкі реттейді және коммерциялық банктермен операциялық жұмыстарды
жүргізудің тәртібіне жатады, атап айтқанда қаржылық есеп беру,; қаржы
нарығының жағдайы туралы мәлімет; ақша айналымына қатысты ақпарат, жеке
санымдар мен эмиссиялық процестер. Қазіргі кезде банк жүйесі мен басқа
банктер туралы ақпаратты орналастырмай, өз қызметін жүргізу мүмкін емес.
Бұл жерде ашылған шоттар сомы, жеке тұлғаларға қызмет көрсету көлемі,
теңгелік және валюталық салымдар бойынша төленетін пайыздар банктің
инвестициялық қызметі, сонымен қатар банк-корреспонденті мен банк-
клиенттерінің қаржылық жағдайы туралы ақпараттар маңызды болып табылады.
Басқа қаржы институттары коммерциялық банктердің қызмет ету шартына
тікелей әсер етеді. Өйткені нарықтың негізгі қаржы құралдарымен
жүргізілетін операциялары, оның негізгі көзі ғана емес, сонымен бірге
өтімділік деңгейін ұстап тұруға қажетті құрал және пайыздық тәуелден қорғау
мақсатында жүзеге асырылатын қаржылық құрастырудың блогына жатады.
Біздің ойымызша, Қазақстан коммерциялық банктері мен сыртқы экономикалық
кешеннің бір-біріне әсері айтарлықтай маңызды. Осы тұста банктерге
үкіметтің сыртқы экономикалық саясаты мен мемлекеттік реттеу жүйесінің
дамуы туралы ақпараттардан хабардар отыраулары қажет.
Қазақстанда басты рөлді халықаралық қаржылық институттар алады –
халықаралық валюталық қор, Европалық даму банкі, ірі шетел инвесторлары.
Ақпараттар көлемінің көптігі – банк бизнесінің ажырамас бөлігі
екендігі, банк қызметінің ерекшелігі болып табылады. Коммерциялық банктер
жоғары интенсивті ақпараттар жұмысына жатады, сондықтан олар ақпараттар
жүйесінің дамуына көп көңіл бөлулері қажет.
Бірінші таңда, кез-келген берік орныққан банктің қол астында жергілікті
корпаративті желімен біріккен компьютері болуы тиіс. Барлық банктер үшін
өз серіктестерімен, қызметкерлерімен, клиенттерімен оперативті, көп
функционалды және сапалы байланысты ұйымдастыру мәселесі тұр.
Ақпараттық ресурстардың тиімділігі, коммуникативті функциялардың – бір-
бірімен және сыртқы ортамен басқару жүйесінің әр түрлі компаненттерінің
ақпараттық өзара қатынасу мүмкіндігін сапалы жүзеге асырумен анықталады.
Сондықтан коммуникативті функциялардың жүзеге асыруды ұйымдастыру мен
технологиясы коммерциялық банктердің қызметінде үлкен маңызға ие.
Коммуникациялық техника құралдарына: стационарлық және ұялы телефон
байланысының жүйесі мен құралдары, телеграфты байланыстардың жүйесі мен
құралдары, ақпарат берудің тұрақты жүйесі мен құралдары және модеміді
байланыс, спутниктік байланыстың құралдары мен жүйесі жатады.
Сонымен, коммерциялық банктердің ресурстары олардың қызметінің негізін
салушы болып табыады. Алайда, қазіргі коммерциялық банктердің жағдайыүшін
ұзақ мерзімде тұрақты жұмыстарға қол жеткізу үшін ресурстарды басқару
ерекше маңызға ие.

2. Коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудағы ерекшеліктер

Басқару – бұл қоғамдық қажеттіліктерді қайта бөлу, айырбастау, өндірістік
сферада, сонымен қатар, өндірістік емес сферада коллективті еңбек жүйесінің
мақсатты бағытталуын жүзеге асыруда, жетекшілік, ұйымдастырушылық және
әкімшілік, ұйымдастырушылық және әкімшілік сипаты не ерекше қызмет түрі.
Кәсіпорындарды, сонымен бірге коммерциялық банктерді басқару процесін,
оптималды қаржылық нәтижелерге қол жеткізу үшін әр түрлі әдістер мен
техникалық құралдардың көлемімен жұзеге асырылатын, әлеуметтік –
экономикалық процесс ретінде қалыптастыруға болады.
Басқару түсінігінің жеке және ең маңызды аспектілерін жете ұғыну үшін
оның жалпы анықтамасын қарастырайық.
Біріншіден, басқару бұл жете ұғынылған процесс, яғни басқарушы тұлға
қолданылатын басқару іс-әрекеттерінің түрін алдын-ала ойластырады,
белгілейді, ұғынады. Басқарудың өзі адамдардың ақылының жемісі болып
табылады.
Екіншіден, басқару – бұл объектілерге ақпараттық ықпал ету болып
табылады.
Басқару – бұл мақсаттарға қол жеткізу. Кәсіпорынның негізгі жүйе
қалыптастырушы мақсаттары әлеуметтік болуы тиіс. Себебі, оның қызметі
қоғамдағы және оның жеке мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға
бағытталған. Осы тұста қоғамға пайдалы ұйым ғана бәсекелестік күресте
жеңіп шығады.
Өндіріс, пайдалану мен өндірудің өзін ұстап тұру үшін қажетті материалды-
заттық өнімді, тауарларды, қызмет көрсетулерді жасайды. Айналыс,
экономикалық қызметтің өнімін сату мен оны тұтынушыға беруді қамтамасыз ете
отырып, тауар және қызмет көрсетулерді өндірушіні тұтынушымен біріктіреді.
Өндірісі айналымы мен қызмет көрсетуі, экономикалық агент ретінде саналатын
коммерциялық банктердің фукнциясына жатады.
Бүгінгі күнде Қазақстандағы нарықтық экономиканың жандалуы үшін
коммерциялық банктердің ресурстарын басқару ерекшеліктерін басқарумен
байланысты сауалдарды өңдеу үлкен мәнге ие.
Банктердің ресурстарын басқару термині кең ғылыми және практикалық
айналысықа жуырда енгендігін ескеру қажет. Негізінен банктердің өтімділігі
мен төлем қабілеттілігі деген түсініктер қарастырылатын. Дегенмен соңғы
жылдардағы зерттеулер ресурстарды басқару мәселелеріне арналып, банктердің
мәселелерін шешудегі ресурстардың мәні, функциялары мен орны таңдалуда.
Мамандардың айтуынша, басқару құрылымы – бұл әртүрлі ішкі және сыртқы
өзгерістер кезінде негізгі қасиеттерін сақтайтын, ұйымның өз-өзіне сенімін
қамтамасыз ететін, нақты ұйымдық формада жүзеге асырылған, ұйымды басқару
объектілері мен субъектілерінің тұрақты байланысының жиынтығы.
Басқарудың классикалық құрылымына сызықтық, функционалды, сызықтыз-
функционалды құрылымдар жатады. Арнайыға матрицалық, өнімдік, аймақтық,
виртуалды құрылымдарды жатқызады.
Ұйымдастьырушының көзқарасы бойынша,коммерциалық банкті экономикалық
объект ретінде қарастыру қажет, яғни экономикалық нәтижелерге қол жеткізуге
мақсатты бағытталған, басқару органдарына бағынатын, сыртқы ортамен және
өзара байланыста отырып топтасқан бөлімшелер, адамдар мен материалды
ресурстардың жиынтығы.
Шығындарды қатаң бақылаудың қажеттілігі өсуде, әсіресе, қызметті
реттеуге деген және банктік емес ұйымдардың өндіретін және көрсететін арзан
тауарлары мен қызмет көрстулерінің нарықта пайда болуына кететін жұмсалатын
өсуі. Мұндай бақылау орталықталықтандырылған ақпараттарды өңдеу мен
басқаруды жетілдіру көмегімен жүзеге асуы мүмкін. Кең таралған нарықтағы
спецификалық өнімдердің нақты орнын анықтау үшін, нарықтың жағдайы туралы
ақпараттар ағымын өңдеу қажеттілігі өсуде деп есептейді отандық
экономистер.
Сонымен қатар, табыстарды басқаруды жетілдіру жетілдіру қажет,
өйткені,банктің тиімді қызметі үшін оң қаржылық нәтиже керек.
Коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруда техника мен технологияның
дамуының, ақпараттардың таралуының, экономикалық қатынастарыдың дамуының
маңызы аз емес.
Бүгінгі күнде техникалық прогрестің жылдам қарқынмен дамуы кезінде
шешімдерді жылдам және дәл қабылдай білу қажет.
Банктің ресурстарын басқару, яғни оның қаржылық жағдайы көбіне банктердің
тәжірибесінен талабы мен интуициясынан тәуелді болады. Сәйкестендірілген
ақпараттарға жүйелі түрдегі дайындық, банк мамандарының маңызы тірек
болады.
Ғалым- экономист Б.М. Баландин өздерінің ірі аймақтық банктерінің
бірінде, ресурстарды басқару тәжірибесі негізінде алынған коммерциялық
банктер үшін оларды құру ақпарттары мен қағидалар жүйесін қарастырған:
Бірінші – ақпараттар жүйесі стратегиялық мақсаттарға жақын болуы тиіс.
Мақсат – берілген тәуекел деңгейінде пайданы максимизациялауды қаматамсыз
ету. Стратегия мен мақсат спектрының болуы ақпараттар жүйесін құру
шаблонының жоқтығын білдіреді. Мақсаттарымен, бақылау көрсеткіштерімен
салыстыру жүйенің маңызды қағидаларының бірі. Динамика сапасын нәтижені
мақсатпен салыстыра отырып қана бағалауға болады.
Екінші – мониторинг. Ресурстарды басқару бойынша комитет қысқамерзімді
және ортамерзімді басқарумен айналысады, ал жедел басқаруды банктің тікелей
сәйкестендірілген бөлімшілеріне қалдырады. Сондықтан, мониторингтің
уақыттық үзілістері күнделікті, апталық, айлық ақпараттарды дайындаудың
негізгілері болып табылады.
Коммерциялық банктердің ресурстарын басқаруды жетілдіру үшін банктік
механизмді реттеудің маңызы зор. Банктік механизм түсінігі үш өзара
байланысты бөлімді кіріктіреді: банкішілік басқару, операцияларды басқару,
персоналдарды басқару.
Банктік механизмді қолдану, шаруашылық қызмет процесінде пайда болатын
банктік, қаржылық және әлеуметтік – психологиялық нақты міндеттерді шешуді
қарастырады. Ол, нарықтық жағдайдаәр түрлі банктік операциялар жүргізу
процесінде, басқарушылық және банктік қызмет нәтижелері бағаланған кезде,
банктік қызметпен қамтамасыздандырылған. Банктердің ресурстарын басқаруды
өңдеу мен қамтамасыздандыру, өзіне активті және пассивті операцияларды
кеңейту сияқты маңызды бағыттарды және олардың жеке элементтерін – пайыздық
саясат, инновациялық өңдеу, пайыздық емес шығындарды бақылауды
қаматамасыздандыру, кірістер мен шығындардың оптималды құрылымын
кіріктіреді.
1-кесте 2003-2006 жылдар аралығындағы коммерциялық банктердің табыстары
бізге Қаззақстандық коммерциялық банктерінің қандай қаржылық ресурстар
есебін табыс табатынына көрініс береді.
Кесте нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады, коммерциялық
банктердің табыстарының негізгі көздеріне басқа банктерде орналасқан
қаражат активтерінің бөлігіне жататын кез-келген пайыздық депозиттер;
кредиттер бойынша активтермен келетін пайздық табыс жатады. Сонымен қатар
табыс әкелетін жанама активтер (соның ішінде банктің еншілес
кәсіпорындарынан алынатын табыс немесе банктік меншігін қолданудан түскен
ренталық табыс).
Кредиттер бойынша пайыздар мен комиссия банктік резервтердің негізгі
бөлігін құрайды. (алайда, олардың жалпы сомасының үштен екі бөлігін
құрайды). Кредиттер бойынша табыстардан кейін маңызды бойынша келесісіне
инвестициялық қағаздарға салынатын және салынбайтын салықтық бойынша
түсімдер, мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алу туралы келісімдер бойынша
пайыздық табыс, факторингтік және лизингтік операциялар жатады.

1- кесте - Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің табыстары

млрд. теңге
Статья атаулары 01.01.2003 ж. 01.01.2004 ж. 01.01.2005 ж. 01.01.2006 ж.
1. Сыйақы алумен 43,1 56,7 65,9 73,5
байланысты таза
табыс
2. Өзге 36,6 43,7 44,6 47,3
қызметтерден
түскен табыс
3. Бағалы 6,6 4,7 7,9 8,7
қағаздармен
операциядан түскен
табыс
4. Табыстардың 86,3 105,1 118,4 129,5
барлығы
5. Таза табыс 30,1 45,2 64,1 86,2

Қаржылық ресурстарды басқару, келісілген пайызды қалыптастыруды,
жеткілікті пайыздық маржаны анықтауды, клиенттердің мүмкіндігі
есебіменпайыздарды есептеу мен төлеу тәсілін таңдауды кіріктіруі тиіс. Бұл
жерде банктің икемді саясаты қажет.Коммерциялық банктер үшін банктік
несиелік емес қызмет көрсетулердің мазмұнын анықтау мен таңдауын болжайтын,
пайыздық емес табыстарды басқару маңызды болып келеді. Банк қызметкерін
қызықтыратын жалақы жүйесін өңдеу, банк үшін сәйкес әдістемелік
қамсыздандыруды құру, банк өнімнің өзіндік құнын бақылау, жеке қызмет
көрсетулер бойынша банктік комиссияны нһанықтау. Әдісі туралы шешімдерді
тиімді қабылдау қажет.
Шындығында көптеген отандық банктер кең таралған операциялар бойынша
пайда табуға талпына отырып, бұл табыс түрлеріне көп мән бермейді.
Банкісін жүргізудің шетелдік тәжірибесі көрсеткендей, дәл осы жоғарыда
айтылып кеткен қызмет көрсетулерге көшбасшы әлемдік банктер көп көңіл
бөледі.
Зерттеушілер жазады: пайда алу,жандану үшін банкирлер нарықтық
экономикаға әсер ете алатын икемделген кәсіпкерлерге айналулары тиіс:
Қаржылық либерализация, қатаң бәсеке мен диверсификация банктер алдына жаңа
мәселелерді қояды және жаңа тәуекелдердің пайда болуына әкеп соғады. Бұл
мәселелер, егер банк жақсы басқарылатын болса шешіледі.
Біздің ойымызша, жанама шығындарды қамтамасыз етуге бағытталған
қаражаттарды ғимарат пен құрылғылар эксплуатациясымен байланыстын
шығындардықарыздар бойынша пайыздық төлемдердің салымшыларға төленетін
пайыздардан табыс алумен байланысты негізгі шығындардың есебін әрдайым
бақылап отыру керек.
Зерттеулер көрсеткендей, коммерциялықбанктердің таза табысы банктің
берген несиелеріне байланысты болады. Бір несиенің қайтарылмауы (ал
көптеген банктер бір айда бір немесе бірнеше емес, көп емес береді) бір
дегеннен теріс қаржылық нәтижелерге әкеп соғады, ал бұл жағдайды тез арада
түзеуді, тәжірибе көрметкендей, барлық банктер жүзеге асыра
алмайды.Сондықтан, банктер қаржылық ресурстарды басқару үшін осы саулдағы
негативті сәттерді жоятын іс-шараларды асырулар тиіс.
Банктің активті және пасиивті басқару стратегиясы,олардың табыстылоығы
мен өтімділігіне қарастыру бағалаудан шыға отырып, банктің әртүрлі актив
түрлері мен пассивтерді бөлу туралы шешімдерді қабылдауын білдіретін,
портфельдік ыңғай прцесінде жүзеге асырылады.
Активтердің өсуіне қарай, банктің тартылған ресурстарды сақтау және
қайтаруда, клиент алдындағы жауапкершілігі артады. Бұл тартылған ресурстар
бойынша ақшалай міндеттемелерді жылдам өтеу үшін активтер мен ақшалай
құралдар резервтерінің тепе-теңдігін талап етеді.
Көптеген банктер бір жыл ішіндже бағалы қағаздарды сатып алады, сатады
және өтейді, бұл операциялар көбінесе бағалы қағаздардың бастапқы құнына
қатысты бойынша табыс (немесе шығын) әкеледі. Бағалы қағаздармен
жүргізілген операциялардан түскен табыс, несиелер бойынша пайыздық табыстар
аналогиясы бойынша операциялық табысы ретінде қарастырылады және табыс
салып салынады.
Ресурстарды басқарудың актуалды міндеттерінің біріне, оларды пайдалану
тиімділігі мен бағыттарын үйрену болып табылады. Осымен қатар бағалауға
есеп беру кезеңінде ашылған табыс бөлігі ғана емес, сонымен бірге өткен
жылдардан жиналған табыстар жатады.
Коммерциялық банктердің персоналдарын басқару – бұл банктік және еңбек
ресурстарын пайдалану арқылы нақты анықталаған мақсаттарға нарық
жағдайында қол жеткізуге бағытталған проффесионалды қызметтің дербес түрі.
Банктің персоналдарын басқару технологиясы қолайлы мерзімдер мен аз
шығындар тиімділігіне қол жеткізу үшін ұйымдағы адамдармен жұмыс жасауда
қолданылатын тәсілдер жиынтығымен тұрады. Бүгінде білімді, сенімді,
тәртіпті, жылдам меңгеретін персоналдары бар, жақсы ұйымдасқан банк қана
бәріне үлгереді және ұтады. Мұндай жағдайда, персоналдармен жұмыс жасау,
оларды оқыту мен дамытудағы уақыт факторы басты рөлді атқарады.
Қазақстанның банктік тәджірибесінде персоналдарды басқарудың үш
деңгейлі жүйесі қалыптасқаны белгілі: Банк басқармасы және оның төрағасы,
персоналдармен жұмыс жасау бойынша профессионалды бөлімшелер,
персоналдармен жұмыс жасау бойынша банктің басқарушы бөлімшелері.
Коммерциялық банктердің тәжірибесі көрсеткендей, жүйе өзін ақтап қана
қоймай, срндай-ақ оң нәтижелер әкеледі.
Адамдық ресурстарды басқаруды, адамдар бәсекелестік күресте
стратегиялық мақсаттарға жету үшін басқа ресурстармен қатар орналастырып,
ынталандырып, дамытып отыруды қажет ететін банктің игілігі ретінде
қарастырылуы керек.
Көптеген Қазақстан коммерциялық банктерінің стратегиясын талтау,
тиімді пайдалануға негізделгенбанктік қызмет көрсетулердің өндірісін
жаңарту жүйесі, олардың даму бағытының негізіне жатады. Бірақ жаңарту
моделінің әрбір банк үшін аса маңызды жеке сипат беретіндігін және
банкішілік мүмкіндіктерді талдаудың нәтижесі екендігін ұмыту керек.
Ұзақ мерзімге есептелген жаңарту стратегиясы топтасқан материалды
адамдық және қаржылық ресурстарды қамтамасыз ететін банктің іскерлік
стратегиясына негізделуі тиіс. Коммерциялық банктердің негізгі
мақсаттарының біріне барлық бөлімдердің біртұтас жүйе ретінде қолайлы
қызмет етуі жатады. Бұл үшін банктің тұрақты бәсекелестік артықшылығына қол
жеткізуге, жалпы корпаративтік стратегиялардыф жүзеге асыруға бағытталған
барлық ресурстар мен күштерді біріктіретін, функционалды бөлімшілердің
қызметін қамтамасыз ететін ұйымдық басқарушылық әдістер жиынтығын пайдалану
қажет.
Сондықтан да, коммерциялық банктердің ресурстарын тиімді басқару үшін
инновациялық қызметті ескеру қажет.
Коммерциялық банктердің ресурстарын басқарудың дұрыс емес факторынан
табуға ерекше көңіл бөлу керек. Оларға жататындар: банктің басқарушылары
мен қызметкерлерінің басқару процесіндегі жетіктігінің әлсіздігінен болатын
техникалық қателіктер; уақытша көздерді ( банкаралық несиелерді) тарту
жолымен пайда болған ауыр қаржылық жағдайды жасыру әрекеті, іске аспайтын
активтер мен шығындарды қысқарту жоламен есеп беруді бұрмалау әрекеттері,
тікелей алдау мен алаяқтық.
Осындай факторларды өз уақытында табу, банктерге әсер ете алатын
құқықтары бар мемлекеттік бақылау органдарының міндетіне жатады, керек
болған жағдайды, банк басшылығын алып тастауға, таратуға немесе банкті
қайта құрғызуға құқығы бар.
Жоғарыда қарастырылғандарға қарай отырып, мынадай қорытынды жасауға
болады, яғни коммерциялық банктердің экономикалық агент ретінде ресурстарды
басқаруға мәні – ресурстық базаны қалыптастыру кезіндегі іскерлік
операцияларды жүргізудің ғылыми ыңғайлылығын жүзеге асыруында.
Коммерциялық банктердің ресурстарын басқару міндеттеріне жатады.:
- максималды табыс алу үшін қажетті шараларды анықтау;
- банктік нарық кеңістігін қалыптастыру; ағымдағы операциялық жүргізу
үшін жеткілікті деңгейде өзіндік өтімділікті ұстап тұру қажеттілігі
үшін есеп айырысулар мен төлемдерді жүргізудің толықтылығы мен өз
уақыттылығын қамтамасыздандыру;
- жүйелік, жақсы дайындалған аномастикалық ақпарат;
- банктік операцияларды бақылау, ақша құралдарының активтері менң
резервтерін дұрыс үйлестіру;
- табысты өсіру үшін қажетті жаңа банктік өнімдермен, жаңа
технологиялармен үнемі жұмыс жасау, яғни банк қызметіне инновациялық
процесті енгізу;
- қолма-қолсыз есепайырысулармен байланысты қызмет көрсетулерді
кеңейту;
- банк қызметкерлерінің квалификациясын жоғарылату.

1.3 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерінің ресурстарының
қалыптасуы
Коммерциялық банктердің ресурстарының қалыптасуы мен қуысының масштабы,
олардың жұмысының екі негізгі көрсеткішін сипаттайды: біріншіден, бизнес
несиелерді ұсынуға несиелік келісім-шарттардың келісілген сомасы;
екіншіден, қарастырылатын коммерциялық банктердің аясында халық
шаруашылығына жұмсалатын несиелік салымдардың жалпы көлемі. Осындай келісім-
шарттар мен салымдар көп болған сайын банктің ақша нарығындағы жағдайы мен
таза табысы тұрақты болады. Бұдан басқа банк жағдайына оның бағалы
қағаздарымен жүргізетін операциялары және кленттерге ұсынатын әр түрлі
байланыстан тыс қызмет көрсетулері әсер етеді.
2005 жылдың 14 ақпанында болған Қазақстан қаржыгерлерінің III
Конгресінде Н.Ә.Назарбаев өз сөзінде атап кетті Қазақстан Республикасының
банк жүйесі банктік қызметтің халықаралық стандарттарына жауап береді, ал
жеке параметрлер бойынша ТМД елдерінің банктік секторын басып озуда. Меншік
капиталының көлемі орта шамасымен бір банкке шаққанда 30 млн. долларды
құрайды.
Тек осы соңғы үш жылда банк секторындағы меншік капиталының жиынтығы
2,8 есеге өсіп, бір млрд. доллардан асты.
Қазақстан банк жүйесінің негізін үш ірі банк- Казкоммербанк АҚ,
Тұран Әлем Банкі АҚ, Халық Банк АҚ құрайды. Қалған коммерциялық банктер
көлемі бойынша үлкен үштікке жол беруде. Ұсақ банктер компаниялар мен
өндірістік топтарға сыртқы сауданың жеке бағыттарына (мысалы, екі банк
Қазақстан-Қытай саудасына қызмет көрсетеді, біреуі-Пәкістан саудасын)
қызмет көрсетеді, немесе елдің басқа аймақтарында жұмыс жасайды.

2. Кесте-Активтері бойынша Қазақстан банктерінің үздік ондығы (КаSе, А
категориясы) 01.01.2006 ж
Банк атауы Көлемі
1 Қазкоммерцбанк 704057
2 Тұран Әлем Банкі 618302
3 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Банк ісі» лекциялық курсы
Коммерциялық банк: табиғаты және ерекшеліктері
Банктік менеджмент, құрылымы және оның қазақстандағы қажеттілігі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Банктік құқық – банк жүйесіндегі кешенді құқық ролі
Қаржы нарығының теориялық негіздері
КСРО Өнеркәсіп - құрылыс банк
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің жалпы мінездемесі, құқықтық негіздері, құрылу ерекшеліктері
Коммерциялық банктердің пассивті операциялары
Қазақстан Республикасының банк жүйесі негіздері жайлы
Пәндер