Қаржы нарығының экономикағы рөлі және мәні



I ТАРАУ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Қаржы нарығының түсінігі, құрылымы
1.2 Қаржы . валюта механизмінің экономикадағы рөлі
1.3 Қазақстан Республикасындағы валюта нарығының құралы мен құрылымы

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
I ТАРАУ. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ ЭКОНОМИКАҒЫ РӨЛІ ЖӘНЕ МӘНІ
1.1 Қаржы нарығының түсінігі, құрылымы

Валюта әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан валюта қатынастарының ақшалай сипаты – валютаның
маңызды белгiсi. Валютаның ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша валютаның қызмет етуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Валюта қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Валютаның арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Валюта қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.
Валютаның түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
валюта қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада валюталық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, валютаның қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi валютаның өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған валютаға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған экономикадан
қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға
көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге валюта
нарығының құрылуы талап етіледі. Қазақстанда валюта нарығы бұрынғы
уақыттарда болған емес.
Валюта нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз ететін
нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды
бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене
байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында валюта нарығы валюта
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдалануды, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие
нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Валюта нарығы экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін
неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Функционалдық тұрғыдан валюта нарығы – бұл шаруашыылқ жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың
жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық әсіресе
инвестициялық процестерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымының, ең алдымен бағалы
қағаздардың сан алуандығы қол жеткізеді.1
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы валюта нарығының жұмыс
істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
• Реттелетін тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және
арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімдігі;
• Ұлтттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру;
• Несие нарығының жандандырылуы, оның толық комерциялануы.
Валюта нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
• Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық
нысандарының дербестігі;
• Валюта ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтандырылған түрде
қаржыландыру, қаржыларды кәсіпорындар арасында орналастыру;
• Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және
басқа да активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
• Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату, республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің тапшылықтары
мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс.
Валюта нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта
бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып
қоймайды. Оның жұмыс істеуі әміршіл-әкімшіл экономикаға тән сатылас
әдістің орнына деңгейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта тиімді бөлуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар валюта нарығы бағалы қағаздардың бағасын
белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді.
_________________

1 Бертаева К. Ж.. Казахстанский валютный рынок. А., 2005.

Валюта нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын
жабу үшін мемлекет ақша эмиссияламайды, нарықта еркін жүретін бағалы
қағаздар шығарады.
Валюта нарығында капитал деп ақша капиталдары түсiндiрiледi.
Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдарының құрамды бөлiгi болып
табылады. Осы құрылымды келесi 2-шi суреттен көре аламыз:
Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектiсiнiң қызметiн
атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара
қатынастардың жиынтығы болып табылады. 2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай
қарыз капиталдар нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлiнедi.
Ақша нарығы мерзiмi бiр жылға дейiнгi банк операцияларының қысқа мерзiмдегi
мiндеттерiне байланысты қалыптасады.
Капиталдар нарығы банктiң орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi
операцияларына қызмет етедi. Осы нарық өзара ипотекалық нарыққа (кепiлдiң
қарыз куәлiгiмен операцияялар жүргiзу) және валюталық (бағалы қағаздармен
операциялар жүргiзу) нарыққа бөлiнедi. Валюта нарығының субъектiлерiне
банктер мен олардың клиенттерi, қор биржалары жатады, операциялардың
объектiлерiне – жеке кәсiпкерлердiң және мемлекет институттарының бағалы
қағаздары жатады.

Сурет-1 – Валюта нарығындағы капиталдың орны

Экономикалық категория ретiнде валютаның мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Валюта әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық
ұдайы өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша
қатынастарын ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты
– валютаның маңызды белгiсi. Валютаның ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың
нысанын және валютаның құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса
көрсетедi. Ақша валютаның қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.

Валютаның түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада валюталық әдiстердiң көмегiмен iске асады. [1]
Сөйтiп, валютаның қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi валютаның өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Валюта капиталы объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Валютаның
басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң валюта ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау
жасау болып табылады.
Экономикада валюта ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.

2. Қаржы – валюта механизмінің экономикадағы рөлі

Сыртқы экономикалық қызметтің дамуындағы валюта-қаржы қатынастарының
маңызы мен рөлі - Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның
жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық
қаржы-несие институттарымен сауда, несие, инвестициялық, борыштар, есеп-
қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты
қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл – валюталық есеп-
қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің
экономикалық агенттерінің сыртқы қатынастарға түсуін сипаттайды. Бұл
қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл
атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды
дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.
Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған валюта
механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы саласында
мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртық экономикалық қызметтің
қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ
шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарды нақты түрде көрсетеді.
Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық
ұйым, кәсіпоырн және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады.
Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және
халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе
отырып, оны жүзеге асырады.[2]
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының
бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше
айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие
– қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар – ұлттық шаруашылықтарының
қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк
шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан
қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген элементтерi ерте Грецияда және
ертедегi Римдегi вексель түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне
Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында
орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады. Мұнда аудармалы вексел
бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және
өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы
халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық
қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдiк
экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң
шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық
байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен
экономика, дипломация мен коммерция, өнеркәсiптiк сауда мен өндiрiс
бiр – бiрiмен өзара байланысуы валюталық қарым – қатынастардың ұлттық
және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк
нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай
капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше .
Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және
қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың интернационализациялануы жағдайында ұдайы өндiрiстiң
сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым
деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта
түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң
арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi.
Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен
валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.[3]
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу
механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Валюта – нарықтық қатынастардың
құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы.
Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған
қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы
саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртқы экономикалық қызметтің
қаржылары өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валюта ғана емес, сондай-ақ
шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда көрініс табады. Мұндағы
бөлгіштік қатынастағы субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма
және басқалары шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық
экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық
процесінің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге
асырады.
Әлемдік байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша
көрінеді:
• қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі
бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қажетті қаржы ресурстарын
жұмылдыру;
• халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
• халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей
қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың және жаһанданудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық
байланыстарға мыналар жатады:
1) Сыртқы сауда;
2) Шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды
тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа да бағалы қағаздар арқылы
үлестік қатысу;
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан
экономиканың өндірістік негізі – халықаралық өндіріс жүйесін дамыту.
Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның
капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге
ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі
біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар
өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция
салымдарының көлемі 1,4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған
компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері
жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе
түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алғашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды
құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған
елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік
Кореяның Дэу, Сингапурдың Крейтив технолджи (компютерлік мультимедиялық
рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа
индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды.
Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта
қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда
атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған
Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік
инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына
кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының
негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.
3) Елдің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы; сыртқы
экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен
қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа
ұйымдарға жарналар төленеді;
4) Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
5) Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді
ұстау жөніндегі есеп-қисаптарды жүргізу.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді дамыту Республиканың
шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және несие қатынастарының негізінде
орын алады.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі
қалыптасып отырған құрылымына байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі
шикізатқа, түсті металдарға, отынға, астыққа және мұнай өнімдеріне
байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың тиімді және
тұрақты экономикалық дамуына кері әсер етеді. Бұл жағдайды келесі 1-ші
кестеден көре аламыз.[4]
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім-
ақша мен шығындардың ара салмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім ақша
Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның
құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті
және ғылымды көп қажет ететін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады. [5]
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық
экономиканы дамытудың қолайлы факторы болып табылады.
Сонымен қатар экспорттың жоғары болуы елдің төлем балансының оң
айырмасын тудырады. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері
есебінен елдің импорты қаржыландырылады.

Кесте 1
Өнеркәсiп өнiмдерiнiн экспорттау және импорттау құрылымы (%)

Өнiм 1998 1999 2002 2003 2005 2006
Минералды өнiмдер экспорт
43,6 43,9 55,2 58,0 61,0 65,0
импорт 16,7 11,3 13,2 14,0 12,0 12,0
Қымбат емес металдар
экспорт 32,5 32,1 25,4 24,0 23,0 20,0
импорт 11,6 9,4 11,2 14,0 11,0 12,0
Өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерi,
машина жасау және т.б.
экспорт - - 8 8 7 7
импорт - - 58 55 60 58

Өнеркәсiп өнiмдерiнiн экспорттау құрылымының көрсеткіші (%)

Өнеркәсiп өнiмдерiнiн импорттау құрылымының көрсеткіші (%)

Ендi келесi тiкелей шетел инвестицияларының өнеркәсiп саласындағы
үлесiн көре аламыз. Кестеден көретiнiмiз шетел инвесторларының тiкелей
инвестиция тартудағы мақсаты бiздiң елдiң экономикасының тұрақты дамуы
емес, қайта бiздiң елдiң қойнауындағы шикiзат қорының молдығы болып отыр.
Олар өз инвестицияларын шикiзат саласына құю арқылы тез арада пайда тауып,
елiмiздiң шикiзат бағытындағы тұрақсыз экономикалы ел бола беруiне
ықыласты. Өйткенi, олар өңдеушi салаға инвестиция салса, ол салалар кейiн
дамып, сол елдердiң өздерiне бәсекелес болып табылады. Сондықтан, елiмiз
ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуi үшiн отандық
инвесторларды осы салаға тарту, отандық өнеркәсiп салаларын басты орынға
қойып, оларға қолдау көрсетуi керек. [6]
Әлемдік валюта және қаржы жүйесі сыртқы экономикалық қызметті
жүргізудің негізі ретінде - Валюта ( италиян сөзi , сөзбе - сөз – құн ) –
елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу
айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше
формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек
бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi
болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы туралы
Қаржы нарығындағы нақты сектор
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік – эконмикалық дамуының орны мен ролі
Жұмысбастылық мәселесі қалалар мен жұмысшылар елді мекендерінде өте өзекті, көкейтесті мәселелер
Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі
Аймақтардың қаржы саясаты саласындағы әлемдік тәжірибе
Экономикалық ой және инвестиция
Қазақстан экономикасы - қайта құру жылдарында
Коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Пәндер