Статистикалық мәліметтерді жинақтау



1. Кіріспе
2. Статистикалық жинақтау туралы жалпы ұғым
3. Топтастыру . статистикалық жинақтаудың ғылыми негізі, топтастыру түрлері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Пән: Статистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті
Экономика факультеті
2ГМК-1

Мәнжазба

Тақырыбы: Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау
Орындаған: Алматов Серік
Тексерген:

Жоспар

1. Кіріспе
2. Статистикалық жинақтау туралы жалпы ұғым
3. Топтастыру - статистикалық жинақтаудың ғылыми негізі, топтастыру түрлері
4. Қорытынды
5. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Мәнжазба тақырыбы - Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтастыру. Ол статистикалық зерттеудің екінші буынын қамтиды, және маңызды буындарының бірі болып саналады. Мәнжазбада жинақтау мен топтастыру туралы жалпы ұғым, түрлері туралы жалпы мәлімет берілген.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құрудың қазіргі кездегі қажеттілігін келесідей түсіндіріп өтуге болады. Яғни, статистикалық мәліметтерді тиімді жинақтап, топтарға құрып, жиналған мәліметтер негізінде кесте құру арқылы статистика саласындағы алға қойған міндеттерді айқындауға болады. Елдегі, жалпы қоғамдағы болып жатқан маңызды мәліметтерден нақты деректер алуға, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықтың әл-ауқаты, халық саны, қоғамның барлық салаларындағы ағымдағы мәліметтерден хабардар болуы үшін, нақты деректер негізінде арнайы мемлекеттік қорытындыларды жариялау үшін маңыздылығы жоғары болып отыр. Сондықтан статистикалық мәліметтерді жинақтау, топтау, кесте құру кезінде статистика саласындағы мамандарға мәліметтерді тез әрі сапалы жинақтап, қорытынды шығаруға әрбір Қазақстандық азамат ат салысып, мекемелер, ұйымдардың қолдау көрсетулері маңызды.
Статистикалық мәліметтерді жинақтау - арнайы жүйе бойынша орындалған және қорытынды есептердің көмегімен алғашқы статистикалық материалдардың ғылыми қорытындыламаларын жасау.
Жалпы, топтау келесідей түрлерге жіктеледі: -типтік, (әлеуметтік- экономикалық типі); -құрылымдық (бірыңғай жіктелу құрылымы); -аналитикалық (қоғамдық құбылыстардың ара байланыстығы мен тәуелділігінің алғашқы белгілерінің байланыстығын ашу)
Статистикалық мәліметтерді топтау - алғашқы жинақталған статистикалық мәліметтерді пайдалану негізінде жатыр. Статистикалық мәліметтерді жинақтаудың қорытындысын негізінен статистикалық кесте ретінде береді. Статистикалық мәліметтерге кесте құру - зерттелген қоғамдық құбылыстардың мазмұндамасына сәйкес сандық (цифровой) талдау және арнайы формадағы мәліметтер жинағы ретінде түсіндіріледі. Статистикалық мәліметтерге кесте құру мазмұнына қарай келесідей топтарға бөлінеді: -жай (мұнда тек зерттелетін объектілердің тізімі ғана беріледі); -топтық (мұнда белгілі бір нақты белгілерге қарай жинақталаған мәліметтер топтастырылады.); -күрделі немесе жан-жақты (екі немесе оданда көп белгілеріне қарай топтар туралы мәліметтердің берілуі)
Статистикалық қызмет негізінде деректерді жинауды, өңдеуді, сақтауды және таратуды қамтитын статистикалық ақпаратты өндіру процесі жатыр. Әрбір технологиялық кезеңнің оларды орындауға арналған стандарттарда сипатталған өз ерекшеліктері бар. Статистикалық деректерді өндірудің күрделі әрі ұзақ процесі статистикада бірыңғай ақпараттық жүйе құруды қиындатады. Сондықтан да осы уақытқа дейін ақпараттық технологияларды енгізу жекелеген кезеңдер мен процесстер үшін жүзеге асырылды. Бұл бағытта қазірдің өзінде бірқатар іс тындырылды: - барлық зерттеулер үшін деректерді енгізу мен өңдеуге арналған бағдарламалық кешендер бар, статистикалық сыныптамалар мен анықтамалықтар электрондық түрде ұсынылған және уақытылы жаңғыртылып отырады; - мемлекеттік статистикалық тіркелім жүргізу үшін ақпараттық жүйелер, деректердің серпінділік қатарларының базалары, статистикалық жарияланымдар базалары және басқалары енгізіледі; - қазіргі заманғы технологияларды қолдана отырып, деректерді электрондық почтамен облыстық деңгейден республикалық деңгейге, сондай-ақ аудандық деңгейден облыстық деңгейге беру жүзеге асырылады; - статистикалық ақпаратты тарату республикалық және облыстық деңгейлерде Интернет-сайттар, Web порталдар арқылы жүзеге асырылады, ал жергілікті желілер шеңберінде Интернет технологияларын пайдалана отырып деректер алмасу қамтамасыз етіледі
Деректерді жинау, топтау, кесте құру Мемлекеттік статистикалық тіркелім және Әлеуметтік статистика үшін жасалатын тіркелім негізінде үйлестіріледі. Барлық кезеңдер мен процестер үшін сыныптамалар мен анықтамалықтардың жалпы базасы құрылады, бұл оларды пайдалануды оңтайландыруға және жүйе ішінде берілетін ақпараттың көлемін азайтуға мүмкіндік береді. Жүйе шеңберінде деректерді жинаудың, берудің, өңдеудің, сақтаудың және таратудың толассыз технологиясы пайдаланылады. Қызмет көрсету жүйелерін Интернет арқылы енгізу жолымен статистиканың пайдаланушылары мен респонденттері үшін сервис кеңейтіледі және жақсартылады.

Статистикалық жинақтау туралы жалпы ұғым

Статистикалық бақылау нәтижесінде жиынтықтың әрбір бірлігі туралы деректер бар материалдар алынады. Осы материалдар статистикалық зерттеудің екінші кезеңінде статистикалық жинақтаудың көмегімен жүйеленуі тиіс.
Статистикалық жинақтау- зерттелетін құбылысқа тән елеулі бірқатар белгі бойынша жинақталып қорытындыланған сипаттама алу мақсатында бастапқы деректерді ғылыми өңдеу.
Жинақтаудың нәтижесінде бастапқы материалдар барынша жинақталып қорытындыланған көрсеткіштермен сипатталатын статистикалық жиынтықты құрайды. Бұдан кейін жиынтықталған қорытындылардың негізінде басқа қорытындылайтын көрсеткіштер (орташа және катысты шамалар), сондай-ақ статистикалық талдаудың әр түрлі әдістері есептеледі.
Олар жинақтау зерттелетін құбылыстың жоғалып кетуіне, құбылыстың ішінде көрінбей кетуіне әкеп соқтыруы мүмкін. Осыған жол бермеу үшін осы құбылыстың даму заңы туралы ғылыми негізделген ілімді басшылыққа алған жөн.
Статистикалық жинақтаудың алдында статистикалық бақылаудың деректерін зерттелетін материалдың толық қамтылуына және олар жөнінде алынған мәліметтің сапасына катысты алдын ала тексеру қажет.
Жинақтаудың құрамдас бөлігіне: 1) әзірлемеде қолданылатын топтарды анықтайтын бағдарлама және жалпы жиынтықты және оның жекелеген топтарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; 2) топтық және жалпы қорытындылардың есебі; 3) жинақтаудың соңғы нәтижелерін статистикалық кестелерде ресімдеу кіреді.
Статистикалық жинақтаудың бағдарламасында жиынтық жекелеген белгілер бойынша бөлінуі тиіс топтардың тізбесі болады. Бағдарламада жекелеген топтарды және жалпы бүкіл жиынтықты сипаттайтын жинақталған катысты және орта көрсеткіштер анықталады. Онда сондай-ақ материал әзірленетін аумақтық бірліктер де қарастырылады.
Жинақтаудың бағдарламасы статистикалық материалдың жинақтауларының негізінде толтырылуы тиіс жинақталған статистикалық кестелер макеттерінің түрінде болады.
Деректерді екі желі, яғни мемлекеттік статистика органдары жүйесі арқылы және ведомстволық жүйе арқылы жинақтап қорытындылауға болады. Деректерді ведомстволық өңдеумен салыстырғанда мемлекеттік статистика органдары жүйесі арқылы өңдеудің бірқатар келесі артықшылықтары бар:
1) мемлекеттік статистика органдары жүйесі дұрыс жиынтық қорытынды алуда жалпымемлекеттік мүдделерді қамтамасыз етеді;
2) әкімшілік-аумақтық бірліктердің атқарушы органдарының мүддесінде әкімшілік-аумақтық бөліністі қатаң сақтау мүмкіндігі;
3) жиынтық жұмыстардың қатарлас ағынын жою нәтижесінде жалпы жұмыс мөлшері айтарлықтай қысқарады;
4) материал жинақтаудың төменгі сатысының (аудан, облыстық бағыныстағы қала) өзінде шоғырлануының арқасында есептеу техникасын қолдану және материалдарды бұдан да терең әзірлеу мүмкіндігі пайда болады;
Жинақтау орталықтандырылған және орталықсыздандырылған болуы мүмкін. Орталықтандырылған жинақтауда материал бір немесе бірнеше жерде жиналып, сол жерде өңделеді, алайда осының салдарынан нәтиже кеш алынады. Аумактық-орталықсыздандырылған жинақтауда материал аумақтың іріленуіне орай кезең-кезеңмен әзірленеді және жинақтаудың нәтижесін жылдам алуға мүмкіндік береді. Алайда бұл жағдайда топтастыруды қолдану шектеледі.
Іс жүзінде әдетте аумақтық-орталықсыздандырылған және орталықтандырылған жинақтау қатар қолданылады. Мәселен, 2009 жылы Қазақстанның халық санағының материалдарын әзірлегенде алдын ала қысқаша қорытындылар әрбір елді мекен, округ, аудан, облыс бойынша халық санын есептеуді қамтамасыз ететін негізгі қорытындылардың жиынтық тізімдемесін орталықсыздандырып өңдеу нәтижесінде алынған. Санақтың соңғы қорытындылары санақ бланкілерін орталықтандырып өңдеу арқылы алынды.
Жинақтауды қолмен есептеуге болады. Алайда қазіргі уақытта статистикалық бақылаудың нәтижелері негізінен есептеу техникасының құралдары пайдаланылып әзірленеді. Ауқымды ақпаратты енгізу үшін деректерді оптикалық есептеу, тану, бақылау және нақтылау құрылғылары бар технологиялық кешендер, қолданылады.

Топтастыру - статистикалық жинақтаудың ғылыми негізі

Топтастыру жинақтаудың ғылыми негізін құрайды. Бастапқы материал жинақ процесінде қайсы бір вариацияланатын белгілер бойынша топтарға бөлінеді.
Статистикада топтастыру деп зерттелетін жиынтықты елеулі белгілер бойынша бөлікке бөлу аталады.
Жиынтықтың әрбір бірлігі бірқатар вариацияланатын белгілермен сипатталады. Мысалы, өнеркәсіптік кәсіпорын жиынтықтың бірлігі ретінде өнеркәсіптің белгіленген саласына жатады, сондай-ақ өндірістің көлеміне немесе жұмыс істейтіндердің санына байланысты мөлшерімен, сондай-ақ меншік нысанымен, белгіленген аумақта орналасуымен және басқа да белгілермен ерекшеленеді. Өнеркәсіптік-өндірістік қызметкерлер жынысымен, білімімен, мамандығымен, жұмыс өтілімен, біліктілігімен, еңбекақы мөлшерімен және басқа да белгілермен сипатталады.
Сапа мағынасын қабылдайтын белгілер (жыныс, білім, мамандық) атрибутивтік, ал саны вариацияланатын белгілер (жұмыс өтілі, еңбекақы) сандық деп аталады. Атрибутивтік белгілердің бір түріне балама белгілер жатады.
Егер атрибутивтік белгінің әр түрлі көп саны (мамандықтар, өнімнің түрлері), онда жиынтықтың бірліктерін топтарға негіздеп бөлу үшін номенклатуралар мен жіктелімдер (классификация) қолданылады. Номенклатура деп жиынтықтың жекелеген түрлерінің жүйеге келтірілген толық тізбесі, жіктеме деп жиынтықтың жекелеген түрлерінің толық тізбесі ғана емес, сонымен бірге жиынтық бірліктерінің топтары мен шағын топтары кіретін атрибутивтік белгі бойынша тұрақты іргелі топтастыру аталады. Жіктеу статистикалық стандарт ретінде қарастырылады.
Топтастыру негізделген белгілер топтастыру белгілері деп аталады. Олар экономикалық және әлеуметтік ұғымдар мен терминдерге сәйкестігі бойынша тандап алынады және бұл орайда төмендегі ережелер басшылыққа алынады:
1. Белгілерді жүргізілетін статистикалық жұмыстың мақсатына сәйкес таңдау қажет.
2. Топтастыру белгілері жергілікті жер мен уақыттың нақты жағдайы ескеріліп таңдалады.
3. Күрделі құбылыстар үшін топтастыру бір емес бірнеше топтастыру белгілері бойынша жасалады.
Топтастыру арқылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6 - Лекция. Мәліметтерді статистикалық талдау
СТАТИСТИКА ЖӘНЕ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ
Статистикалық бақылау туралы жалпы мағлұмат
Статистикалық мәліметтерді ұсынудың әдістері
Зерттеулердің сандық әдісін жүргізу процедурасы
Статистикалық мәліметтерді жинақтау мен топтау
SPSS көмегімен эксперимент алынған мәліметтерді өңдеу критерийлері
Статистикалық жинақтау, топтау
СТАТИСТИКАЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕРДІ ЖИНАҚТАУ, ТОПТАУ, ЖӘНЕ КЕСТЕ ҚҰРУ
Статистика туралы түсінік және ғылыми міндеттері мен мақсаттары. Сұрақ-жауап түрінде
Пәндер