Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі



Ж О С П А Р

1. Құран Кәрім . Ислам дінінің негізгі көзі
2. Негізгі бөлім: Құран Кәрім Алланың сөзі
3. Ислам . ақыл мен ғылым діні
2. Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Құранның мәдени маңызы
Құран Kәpiм - Алланың cөзi. Бұл сөздерді уәхи арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммед салаллаһу ғалейһи уәссаламға Жебірейіл періште жеткізіп отырған. Құран Kәpiм Пайғамбарымыз жадыға сақтап алғанша уйретілді. Сонан соң ол өз кезегінде бұл сүре және айаттарды сауатты сахабаларға жаттатып, жазғызып отырды. Соның нәтижесінде біздердің қолымызға Алла Тағаланың адамзат баласына жіберген соңғы cөзi - Құран Kәpiм тиіп отыр.
Қолдағы бар деректерді салыстыра отырып, Құран Kәpiм уәхи арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (c.F.c.) Хижра жыл санауы басталғанға дейінгі 609 жылы (Милади ece6i) рамадан айында түсе бастаған. Алғашқы он үш жыл бойы Құран Kәpiм Меккеде, соңғы он жыл бойы, яғни Пайғамбарымыз Мұхаммед (C.F.C.) қайтыс болар 632 жылға дейін Мединеде түсіп отырған.
Құран Kәрім адамзат баласына арабша тілде түскен. Онда Ислам діні, Шариғат үкімдері, пайдалы насихаттар, Пайғамбарлар қиссасы айтылуымен бipre ғибадат қылудың шарттары түсіндірілген. Сондай-ақ, әдептілік, мейірбандылық, имандылық, ата мен анаға, перзенттepiнe деген құрмет сықылды тербиелік мәні зор сөздер айтылған. Құран Kәрімді арабша түпнұсқасында, біріншіден, Алла Тағалаға ғибадат етеміз, екіншіден, тура жолды керсететін ғибрат аламыз, Алладан рахмет өтініп, күнәларымызға кешірім сұраймыз.

Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Хадис Шарифтерін толық оқып, ұғыну дәрежесіне жеткенімізде ғaнa Құран Kәрімнің мазмұнын түсінеміз. Құран Kәрімді ізденіп, түйсініп оқыған адам уақыт өте келе бұл өмірдің жалған, өткінші екеніне нағыз өмір о дүниеде екеніне көзі жеткен болар едік. Бұл жаратылыс, он ceriз мың ғалам Алла Тағаланың қалауымен бipте-бipтe қарама-қарсы түстерден, ұғымдардан, заттардан құралған. Мысалы: ақ пен қара, зұлымдық пен мейірімдікті, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен өткінші, от пен су, жер мен аспан, Күн мен Ай, жарық,

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р

1. Құран Кәрім - Ислам дінінің негізгі көзі
2. Негізгі бөлім: Құран Кәрім Алланың сөзі
3. Ислам – ақыл мен ғылым діні
2. Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы

Құранның мәдени маңызы
Құран Kәpiм - Алланың cөзi. Бұл сөздерді уәхи арқылы Пайғамбарымыз
Мұхаммед салаллаһу ғалейһи уәссаламға Жебірейіл періште жеткізіп отырған.
Құран Kәpiм Пайғамбарымыз жадыға сақтап алғанша уйретілді. Сонан соң ол өз
кезегінде бұл сүре және айаттарды сауатты сахабаларға жаттатып, жазғызып
отырды. Соның нәтижесінде біздердің қолымызға Алла Тағаланың адамзат
баласына жіберген соңғы cөзi - Құран Kәpiм тиіп отыр.
Қолдағы бар деректерді салыстыра отырып, Құран Kәpiм уәхи арқылы
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (c.F.c.) Хижра жыл санауы басталғанға дейінгі 609
жылы (Милади ece6i) рамадан айында түсе бастаған. Алғашқы он үш жыл бойы
Құран Kәpiм Меккеде, соңғы он жыл бойы, яғни Пайғамбарымыз Мұхаммед
(c.f.c.) қайтыс болар 632 жылға дейін Мединеде түсіп отырған.
Құран Kәрім адамзат баласына арабша тілде түскен. Онда Ислам діні,
Шариғат үкімдері, пайдалы насихаттар, Пайғамбарлар қиссасы айтылуымен бipre
ғибадат қылудың шарттары түсіндірілген. Сондай-ақ, әдептілік,
мейірбандылық, имандылық, ата мен анаға, перзенттepiнe деген құрмет сықылды
тербиелік мәні зор сөздер айтылған. Құран Kәрімді арабша түпнұсқасында,
біріншіден, Алла Тағалаға ғибадат етеміз, екіншіден, тура жолды керсететін
ғибрат аламыз, Алладан рахмет өтініп, күнәларымызға кешірім сұраймыз.

Құран Кәрім Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) Хадис Шарифтерін толық
оқып, ұғыну дәрежесіне жеткенімізде ғaнa Құран Kәрімнің мазмұнын түсінеміз.
Құран Kәрімді ізденіп, түйсініп оқыған адам уақыт өте келе бұл өмірдің
жалған, өткінші екеніне нағыз өмір о дүниеде екеніне көзі жеткен болар
едік. Бұл жаратылыс, он ceriз мың ғалам Алла Тағаланың қалауымен бipте-
бipтe қарама-қарсы түстерден, ұғымдардан, заттардан құралған. Мысалы: ақ
пен қара, зұлымдық пен мейірімдікті, жақсылық пен жамандық, қуаныш пен
өткінші, от пен су, жер мен аспан, Күн мен Ай, жарық, жұлдыздар мен солған
жұлдыздар т.б. Мінe, толып жатқан бұл тылсым құпиялардың жауабы, Алла
Тағаланың көрсеткен тура жолы осы Құран Kәpiмнің мазмұнында.
Tinтi, осы біздің XX ғасырда ашылған кейбір ғылыми жаңалықтардың сонау
VII ғасырда Құран Кәрімде айтылғаны, дәлелденгені бұл қасиетті кітаптың
шынында да Алланын cөзі екенін дәлелдемей ме?! Мәселен, адам қалай өcin-
өнетіні Құран Kәрім арқылы мұсылмандарға сол замандарда бeлгілі болса, бұл
құбылыс (эмбирология ғылымы) әлем ғалымдарына рентген сәулесі ашылғаннан
кейін ғана белгілі болды. Сондай-ақ Құран Кәрімде астрономия, физика,
биология, жағрафия, т.б. салалар бойынша да көптеген ғылыми тұжырымдар сол
замандарда белгілі болған. Miнe, осылардан кейін Құран Кәрімді қалай
құрметтемейсің!...
Құран Kәрімді бүкіл дүниеге Ислам ғұламалары тұжырым еткен тәжуит
ережелері арқылы сауатты түрде оқуымыз керек. Тәжуит ережелеріне бағынбай
сауатсыз окылған, сондай-ақ әріптері аз махражынан шығарылмай оқылған
айаттардың мағынасы бұзылып, дұрыс келмейтін түсініктерді береді. Істеген
ғибадатымыз Алла Тағаланың разылығына жете алмайды. Сондықтан Құран Kәрімді
тәжуит ережелерімен, әріптері толық, махраждан шығарып оқуымыз уәжіп
етілген "Құранды өте дұрыс оқыңыз" деген Алла Тағаламыз.
"Құран Kәрімді кім өзі үйреніп және оны бipeyre үйретсе, ол ең жақсы
адам болады", - деп Пайғамба-рымыз Мұхаммед Мұстафа (с. ғ. с.) айтқан еді.
Негізінде, Құран Kәрім тұтас бip кітап. Ол іштей - 30 параға, 114
сүреге бөлінеді. Нақты мәліметтер бойынша Құран Кәрімде - 6236 айат, 77934
сөз, 325743 әpin бар.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (c.ғ.c.) сахабаларынан бастап,қазipri күнге
дейін қасиетті Құран Кәрімді тұтас жатқа айтатын мүміндер бар. Оларды
дінімізде - қарилар деп атайды. Егер осы бастан Құран Кәрімді жатқа
айтатын қари болуға ниет еткен мұсылман балалары бар болса, олардың өз
уақытын текке жібермей кірісе бepyiнe болады. Ceбeбi, Құран Кәрімді күніне
бip айаттан жаттағанның өзінде оны толық, жаттап шығуға 17 жыл уақыт қажет
болады екен...
Құран- ислам дінінің ең негізгі басты кітабы. Соныдқтан да ол
діннің ғана емес, араб әдебиетінің классикалық үлгісі. Араб әдебиеті
тарихында кітап болып басылып, жарық көрген тұңғыш көркем шығарма.

Ахмет Ясауидің Диуани Хикмет шығармасы
Қожа Ахмет Иассауи қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам қаласының
маңында емір сүрген сөз қадірін түсінетін өз заманының білімді адамы болған
Шайх Ибрахимнің от басында X — ғасырдың соңында дүниеге келеді. Қай жылы
туылып қайсы жылда дүниеден өткені жайлы әзірше нақты дерек жоқ. Диуани
хикметте өзінің жазғанына сүйенсек бір жүз жиырма бес жас жасағаны жайлы
баяндайды. Әзіргі Қолда бар нақты дерек 1992 жылы Түркістандағы "Мұра"
баспаханасында басылған, Қожа Ахмет Иассауи атындағы қазақ-түрік
халықаралық Түркістан университеті жанындағы Ахмет Иассауидің
лабараториясы, "Әзірет Сұлтан" қорық-музейі" қызметкерлерінің қатысуымен
жарыққа шыққан Сафи ад-дин Орын Қойлақының "Насаб-нама" — қолжазба
шежересі. Сафи ад-дин Орын Қойлақы Қожа Ахмет Иассауи мен туыс Садр шайхтың
немересі, Ахмет Иассауидің ізбасар мұрагері ретінде шежерені XII ғасырдың
соңы немесе XIII ғасырдың басталу кезеңінде жазған көрінеді.
Осы көне шежеренің деректерінде Қожа Ахмет жайлы біраз мәліметтер бар.
Сафи ад-дин Орын Қойлақи Насаб-намасында "Қожа Ахмат Иассауинің атасы
Ибрахим шайхның бір асхабы бар ерді-Мұса қожа атлығ. Бу Мұса-қожа 15 жыл
Ибрахим шайхның хилуатында хизмат қылды. Ибрахим шайх Мұсақожаға: "Хизр
(алайх иссалам)ның ишараты бірла Иасы елінде суфра тұтқыл" деп ижазат
берді. 43 жыл Иасы елінде суфра тұтты... Ол уақта Иассауи Ахмет қожа 20
йашында ерді...Шайх Ахмат Иассауи (рахмат аллах һалаихи) Сарйум уалайатыдын
келіп йасы елінде 100 йыл шайхлық қылдылар...
Иассауи Ахмат қожа атаның 120 йыл өмірі болды. 120 мың Сайид-у мүриді
болды. 40 хилует ханасы бар еді. Хилуетке кірүр ерді, 41-чі чиқар ерді деп
жазады.
Сафи ад-дин өзінің әкесі жайлы "Иана Суфи Мұқаммад Данышманд Зарнұхи
келді. Қожа Ахмад Иассауиның хизматларында 40 йыл қылуат қылды. Анда кедін
шайх Ахмад Иассауи Суфи Мухаммад Данышмандга изажат берді: "Барғыл Отырарда
суфра тұтқыл-деп айтты. Суфы Мұхаммад Данышманд Отырарда 40 йл суфра тұтты"
дейді.
Насап — намадағы осы бір сездерге терең талдау жасап, үңіле түссек бір
қатар мәселелердің беті ашылатын сияқты.
Бірінші: Қожа Ахмет өзі Диуан хикметте баяндаған 125 жасқа Насабнамада
Сафи ад-дин айтқан 120 жас қайшы келеді. Бұл екі деректің қайсысын негізге
алған жөн деген сауал туады. Біздің ойымызша, екі деректе дұрыс,
айырмашылығы тек алғашқысы ай есебі мен, соңғысы бір жылды — күн есебімен
есептеген. Арабтарда бұл астраномиялық есепті "Қамари" "Шамси" Яғный ай,
күн, жыл есебі деп аталған. Біздің қолданып жүрген Мілләттік жыл есебіміз
күн тізбегіне сай келетінін ескеріп Насабнамада жазылған 120 жасты негізге
алғанымыз жөн деп есептейміз. Ахмет Иассауи туылған және дүниеден өткен
жылы жайлы әртүрлі болжамдар бар соның ішінде 1993 жылы "Жібек жолы"
журналындағы мұражай қорығының бөлім меңгерушісі шығыс танушы Зікірия
Жандарбековтың Түрік ғалымы Ф. Көпурлуның дерегіне сүйене отырып Иассауи
1080 жылдар шамасында туылып 1200 жыл төңірегінде дүниеден өткен болжамы
Насабнамадағы дерекке сәйкес келетін сияқты.
Екінші: "Сүфра" және "сүфрадарлік" терминін насап наманы шығарушылар
алқасы "Көнеден қалған құнды мұра" деген айдармен берген алғы сөзінде, екі
жақты мағнаға ие дейді. Біріншісі, араб елдеріндегі аңыз бойынша Мұхаммет
ибн ал-Ханафиядан қалған "сары орамал кімде болса имамдық соған өтеді —
деген аңызға байланысты болса, екіншісі "сұфрадарллік" термині қазіргі
түркі халықтарының әдет-ғұрпында қалыптасқан кісі қайтыс болғаннан кейінгі
берілетін жетісі, қырқы, жылы әруақтарға атап құдайы беру сияқты, жол
жорамалдардың пайда болуына, және түркі халықтарының діни сенімдерімен
исламның әдет ғұрыптарының синтезделуіне тікелей әсер еткен сияқты" депті.
"Насаб-нама".
Насабнамадағы "Сұфра" сөзінің мәні жоғарыда айтылған екі пікірдіде
қуаттамайтын сияқты. Олай деуіміздің себебі "Сұфра" араб сөзі ол әлдеқашан
түркі тектес халықтардың тіліне сіңісіп, үн елеп нан илегенде басқада
тағамдар дайындағанда жаятын бұйым, Науайи шығармаларының лұғатында Суфра
араб сөзі оның баламасы дастархан екенін жазып қойыпты. Науани асарлари
Луғаты.
Орта ғасырлық Бүхара хандарының сарайында "Дастарханшы" деген лауазым
иесі болғанын баяндайды. Сафи ад-дин Насап намасында өзінің он бесінші
бабасы "Исхаң бап Ғазатқа атланар болса 100000 ер бірла атланұр ерді. 85
жыл падшаһлық қылды Хизыр-у йлйяс (алайх ис-салам бірла сухбатлік үшін 80
йыл сұфрадарлық қылды. Бір күнде 100 қой 10 соқум кечар ерді" дейді.
Насабнаманың 33 бетінде "Иана Маулана Сафи ад-дин Урунк Қойлақи айтур:
"Менің уафатым болмышта кишидин хасс-у һаммадын бу насабнаманы оқысалар,
ұлық атамның халал мулкларыны, суларыны Даһуа қылсалар, уа сахл тұтсалар-
мен Маулана Сафи ад-дин Урунк Қойлақы турурмен, қыиамат болса, амнан уа
сыдқан, ол кімсага дұшман болғаймын" деп айтқан сөздеріне ой жүгіртіп
қортындыласақ "суфра" "суфрадарлық" "қонақ жай", "қонақ жай меңгерушісі" —
дастарханшы болып шығады. Бұл қонақжайда арып ашып келген мүсәпір дәруштер,
жетімдер мен жарла-жақыбайлар күтілетін жай болса керек. Тіпті бұл жайда
сопылықтың қағидаларын оқытатын мектеп болуы да ықтимал деген тұжырымға
келуге болады. Жоғарыда айтылған шайх Ибраһим өзінің қилуат қызметкері Мұса
қожаны, қызыр (алаих иссаламның) ишаратымен Иасы елінде суфра тұтқын деп
жібереді. Ол 43 жыл Иасы елінде суфра тұтады. "Ол уақтыда Иассауи Ахмет
қожа 20 иашында ерді" деуі "Иасы елінде 100 йыл шайықлық қылдылар" деген
сөздері Қожа Ахметгің өмірінен біраз нақты дерек береді. Бұл жерде әкесі
Ибраһим анасы Қарашаштан жетім қалған Қожа Ахмет, Иасы елінің суфрадары,
әкесінің асхаб — қызметкері болған Мұса қожаның тәрбиесінде болуы ықтимал.
Осы елдегі Арыстанбаб ешаннан аманатын әрі тәрбиесін алған Қожа Ахмет өсе
келе Бұхара барып атақты Юсуф Хамаданидан діни білім сопылық тағлімін
үйренеді. Юсуф Хамадани өлгеннен соң өз ұстазының орнын басып, ұстаздық
етіп бірнеше жылдан соң атақты ғұлама атағы мен Түркістанға қайта оралады.
Сол кезде Орта Азияда кеңінен тараған Нақшыбандық Абдулхалық Ғыждуүанйдің
"Көңіл жарда тән базарда" деген қала сауда буржуазиясының мақсаты мен берік
байланысты сопылық ағымға қарсы, Иасауилік сопылық ағамды дүниеге
келтіреді.
Ахмет Иассауи өте дарынды өз дәуірінің жақсы жаманын жетік білетін сөз
зергері болған. Өз тұстарының психологиясын терең үйреніп бұл жолда өзінің
ақындық дарынын да іске қосқан. Қожа Ахмет Иассауидің бізге жеткен "Диуани
хикмет" (Даналық жайындағы) кітабы XII ғасырдан сақталған ең құнды әдеби
ескерткіштердің бірі. Түркі тілді халықтардың Орта ғасырлық әдеби мұрасы.
Диуани хикмет қазақ әдебиетінің де ескі үлгісі болып саналады. Ахмет
Иассауи өлеңдерін хикмет деп атап, білімдарлық данышпандыққа теңейді. Оның
хикметтері діни-мистикалық, дүние қызығынан безетін, тәркі-дүниелік,
жұмбақ, түсініксіз ұғымдарға құрылған күйрек дүние деп жетпіс жыл бойы сын
соққысының астына алынып оны зерттеген зиялы ғалымдар жазалануына
қарамастан халық оны қастерлеп оқып теберік етіп жасырын күйде сақтап
келген. Бұл жәйт хикметтің тәрбиелік мәні мен адамға әсер ету ықпалының
ерекше күштілігін аңлатады.
Тәуелсіздік алған елімізге демократия мен жариялылық, сөз бостандығының
желі есе бастады. Шөліркеген қалқымыз сусындарлық қайнар бұлағының көзі
ашылды. Сүйікті отанымыз Қазақстан тәуелсіздік құқығына иеленіп, күшімізге-
күш, жігерімізге жігер қосылып, қуанышымыз қойнымызға сыймауда. Ұлттық
байлығымыз ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиетіндегі шариғат негіздерінің көрінісі
Құран – тұтастай тұңғиық ғылым
Ислам дінінің негізгі рухани құндылықтары
Әлемдік дін
Тафсир пәнінен лекциялар жинағы
Ислам діні туралы жалпы мағлұмат
Хадис пәнінің оқу-әдістемелік нұсқаулары
Дін мен ғылымның байланысы
Дін және мәдениеттің арақатынасы жөнінде қыруар пікірлер айтылуда
“Тафсир” пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Пәндер