Түс көрудің поэзиядағы рөлі



Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1 Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы ... ... ... ...
Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

2 Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі психологизмнің түс көру
тәсілі арқылы берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Иран.Ғайып поэзиясындағы түс көру табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1. Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы ... ... ... ...
Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі
көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

2. Түс көрудің поэзиядағы рөлі
Мұқағали Мақатаев өлеңдеріндегі психологизмнің түс көру
тәсілі арқылы
берілуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ...
Иран-Ғайып поэзиясындағы түс көру
табиғаты ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ...

1. Түс көрудің прозадағы көркемдік қызметі
1.1 Оралхан Бөкей шығармалаарындағы түс көру құбылысы
“Бәрі де майдан” повесінде түс көру және оны жору оқиғасы бірнеше
мәрте кездеседі. Повесте соғыс жылдарындағы қазақ ауылының өмірі Алма
кемпірдің әңгімелеуімен, еңбек армиясының өмірі Ақан шалдың
аузыменбаяндалады. Түс көру, көбінесе алдағыны болжау, сезіну сипатында
көрінеді.
“Құлыным-ай, аман-есен екен ғой. Бәсе, түсімде ақ боз атқа мініп,
Бұқтырма тасып жатқанына қарамастан, салып-ұрып өте шығып еді,-деп көзінің
жасын шылауышымен сүртті”.
Күркіреме бұлағы – ауылдағы ер-азаматтардымайданға аттандырғанда
шығарып салғандағы тұс. Ауыл адамдарының бүкіл үміт-тілегі осы Күрткіреме
бұлағына ауады. Алыс сапардан қайта оралар азаматтарды күтіп алар жер де
осы. “Күркіреме бұлағы азаматтарды майданға аттандырар табалдырық секілді.”
Бірақ кемпірдің түсіне кіретін ауыл маңындағы асау да арынды өзен –
Бұқтырма. Кейіпкердің болашақ өмірінің ишарасы осы өзеннен салып-ұрып өте
шығуынан көрінеді. Халық түсінігінде, түсінде ағынды су көрсе, ол тұнық
болса жақсыға жорылады. Ал, тұңғиық, не лай болса жақсы емес. Азырақ қам
болса керек дер”. Повесте бұл көрінген түс былайша жорылады: “Апам түс
көріпті. Сен ақ боз атқа мініп, Бұқтырманың ағаш басына шығыптасып
жатқанына қарамай өте шығыпсың. Жарығым, есен-аман келеді деп отыр”. Тасып
жатқан өзен аласапыран оқиғаның, арпалыстың белгісі. Осы өзеннен аман-есен
өту - өмір сүрудің нышаны. Мифтік ұғымда Тәңір, теңіз деген сөздердің өзі
су деген мағынамен байланысты екенін С.Қасқабасов талдап көрсетеді. Бірі –
көктегі, екіншісі – жердегі су. Бірі - өлім әлемі, екіншісі - өлім әлемі.
Түсте өзеннің немесе теңіздің суына қарық болу, яғни суға кету –
жамандықтың, қасіреттің нышаны. Халық нанымындағы бұл жору да оқиға
барысынан көрініс береді. Анасының түсінде тасыған Бұқтырмадан өте шыққан
Аққан соғыстан аман-есен оралады.
Ақанның түсі:
“Түнде кезегім бітіп, шаршапкеліп, ұйықтап кеттім. Түсіме алғаш рет
Ақтайлақ пен Бағдат кірді. Екеуі де атқа мініп, өткел бермей, шанағынан
асып-тасыған Бұқтырмадан өтіп барады. Осы кезде асау толқын айдаһардай
ысқырып, екеуін бірдей бүктеп апарып, жалмап жұтып қояды. Жар жағасында
қалған мен айғайлап сондарынан жүгіремін, дауыстап шақырамын. Жым-жырт. Бұл
түс арқылы еңбек армиясында жүрген Ақан майдандағы ағасы Ақтайлақ пен інісі
Бағдаттың оралмайтынын біледі.
“Екеуінен де мәңгілікке айрылғанымды жүрегім сезіп еді.
Бұқтырмадан аман-есен өткен Ақан ауылға оралады, ал сол Бұқтырманың толқыны
жұтып қойған Ақтайлақ пен Бағдат майданда қаза болады. О.Бөкеев
кейіпкерлерінің түсінде Бұқтырма - өмір мен өлім межесі. Және ол түске
тасыған қалпымен енеді.
“Су әлемі – түс жоруда екі түрлі сипатыменкөрінеді. Біріншіс – адам
жаратылысының негізі, тіршілік көзі. Ол алғашқы материялық негіздердің
бірі, аналық бастау мәңгіліктік және тылсымдылық сипаты да бар.
Екіншісі – қауіптің, қатердіңмекені, көз жасының символы. Түске
өзеннің мазасыз қалпы, тасуы кірсе күтпеген қолайсыздық болады.Аласұрған
теңіз, дауыл, тасқын болатын жаманшылықты алдын ала сезіну болып табылады.
Халықтық ұғымдада түстің осындай символикалық белгісібар. Жазушы
кейіпкерлерінің түсіндегі Бұқтырманың тасуы – қауіп-қатер, судан аман өту -
өмірдің ұзақ болуы, суға кету – ажал, қаза болып көрінеді.Суға түсу де
ауыртпалықты, сәтсіздікті білдіреді. “Ардақ” әңгімесіндегі Ардақ өзінің
суға түсіп жүргенін көреді. Көп ұзамай қасіретке ұрынады.
Сонымен, кейіпкерлертағдырын түс көру арқылы болжап білу біз мысалға
келтірген түс көру оқиғаларынан айқын байқалатынын көрдік. Өмір мен өлім
мәселесі түстегі су әлемі Бұқтырма өзені арқылы бейнеленеді. Ақтайлақ пен
Бағдаттың “ суға кеткенін” түсінде көретін Ақан жар жағасында қалады. Яғни,
су - өлім әлемі, жар жағасы – тіршілік әлемі. Халық “су түбіне кетті”,
“суға кеткен тал қармайды”, “су аяғы құрдым” деген тіркестерді осы мифтік
ұғымға негіздеп туғызған. Суда Үббе болады, ол адамдарды өзіне шақырып,
ажал қаптырады делінетін мифтен де судың қауіптік белгісі танылады. Мифтік
дәуір адамдары болжамға, ішкі интуицияға көп сүйенеді десек, сол
дәуірлерден қалыптасқан сенім жазушы кейіпкерлерінің таным-түсінігінен де
елес береді.
Ақанның тасыған Бұқтырмадан ақ боз атқа мініп өтуінің де символдық
мәні бар. “Егер кісі түсінде ерттеулі атқа мінсе, мұратына жетер”. Ақан
мінген ат – ақ боз. Ақ түс те, боз түс те халық ұғымында киелі саналған. Ақ
түс - жақсылық хабардың нышаны, әрі қасиетті түс. Боз түс туралы көне таным
елестерін негізге ала отырып, осы пікірдіт айтуға болады. Ақанның аман
оралуы судан аман-есен өтуімен болжанса, ақ боз атқа мінуі осы болжамды
нақтылай түсетін белгі.
“Көне дүние көшпенділері үшін су – шейіт патшалығы. Оған кеткендер
қайтып оралмайды. Жер тіршілігіне ұқсас құрылғанына қарамастан, бұл –
қыршын өмірлерді қылғып жұтып жатқан мүлде басқаша әлем. Көзге көрінбейтін
албасты осы әлеммен сабақтас, екі қабат әйелдердің ажалы содан, өкпесін
ұрлап алып, суға атып жібереді. Албастыны түріп айдап шығатын тек ақ боз ат
қана,- деп жазады З.Серікқалиев.
“... Кеше көзім ілініп кеткен екен, түс көрдім. Қынымда сармойын,
мүйіз сап пышақ, астымда аспанға атылған арғымақ, уралап батысқа шауып
барады екем деймін... Сенің де күнің жақындап қалды-ау... Шүйіншілі хабарға
жорыдым”.
Түсте көрінетін қылыш, мылтық, пышақ, т.б. адамның өңінде ұл перзентті
болуының белгісі жорамалы. Мұндай халықтық танымға сәйкес жору
кейіпкерлерге де белгілі.
Міне, қарап отырғаныңыздай, бұл повестегі түстер шығарма бойында
өрілген сюжеттің бағдарын бедерлеп, жобасын белгілеп, алдағы болар оқиғаның
хабарын беріп отырады. Автор түсті басты тәсіл ретінде ала отырып, Ұлы Отан
соғысы жылдардағы халық өмірін, қан майданның елге тигізген зардабын, сол
замандағы елдің мүшкіл халін, әке орнына әке болып, ана орнына ана болған
әйелдердің зар илеп, қайғы жұтқан ауыр күндерін, бір уыс жанын орамалына
түйіп, қанды шайқасқа аттанған, Отан үшін айқасқан ерлердің ерлігі, етті
жүрегін Алма шешей мен Ақан шалдың әңгімелеуі негізінде баяндайды.
Түс көру сюжеті – образды-символдық түрде көбінесе түс көрушінің
психологиялық мотивін, инстинкті тілегін, талабын, эмоциясын және сезінуін,
бүкіл сана астарындағы алуан түрлі психологиялық комплексті құрайды. Автор
кейіпкерлеріне түс көргізе отыра, заман шындығын еш бүкпесіз жеткізеді.
М.Ф.Достоевский шығармаларындағы түс көру табиғатын зерттеген әдебиетші –
ғалым Ж.И.Степаньянцтың: ”түс қандай бір нақты қызмет атқармасын, ол
шығарманың негізгі ой-нысанасынан ауытқымайды”, - деген сөзі біздің ойды
нақтылай түседі. (10,102) Повестегі автордың негізгі идеясы Достоевскийдің
мына сөзімен сәйкес келетіндей:”Түстің таңғажайыптылығы сонда өз санаңда
неше жылдан бері жауабын күтіп жүрген сауалыңды қайта жаңғыртып, бейне бір
сәуегейлілікпен шешіп береді. Және ол Сізге жаңа өте күшті сезім не қуаныш
не реніш сыйлайды”.(19,494)
О.Бөкей кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін жарқырата ашу үшін түс көру
тәсілінің көркемдік қызметін, көп қырлылығын, тақырып пен идеяға, уақыт пен
кеңістікке шек қойылмайтын көркемдік еркіндігін жақсы меңгерген жазушы.
Оның шығармаларында түс көрмейтін кейіпкер кемде-кем. Және олардың
бәрі де шығаманың сюжеттік-композициялық құрлымын қолынан шығармайтын
идеялық-эстетикалық құндылықтың қазығы бола білетін, бүкіл туындының
көркемдік дәрежесін биік деңгейге жеткізетін бірден-бір көркемдік тәсіл
болып табылады. О.Бөкей туындыларында фантастикалық түстер кездеспейді.
Олар кәдімгі кез-келген адамға енетін, шындық өмірден алынған шынайы
түстер. Кез-келген түс психологиялық негізде әрқашан реалды көріністермен
байланысты және көркем ойлаумен тығыз қатынаста болады.
Достоевский: ”Фантастиканың өзі шындыққа жанасымды, сондықтан оған
сенуіңізге де болады”,- дейді. О.Бөкей шығармасындағы автор мен кейіпкерлер
ойы жалғасып, бірегей образдарға айналып кетеді. Кейіпкерлері ойшыл мүлде
өзгеше қырменен сезімтал қалпымен ешқандай ұлы істерсіз-ақ өнеге таратып,
үлгі көрсетіп жатады. Шыншылдыққа, батылдыққа, мөлдір, тазалыққа, соның
бірі қосыла келіп – жан сұлулығына үнсіз шақырып тұратын кейіпкерлер.
О.Бөкейдің үлкенді-кішілі шығармаларына тән аңызға бергісіз жұмбақ сыр,
қызық сарын, ілесе жүреді. Кейде тіпті адам сенбес оқиғалардың сілемі
қабаттаса қиял мен шындық арасындағы жұмбақ халдер бірде оқиға арқауында,
бірде күшейткіш көркемдік нақыштар түрінде көрініп қалуы мен келеді.
Д.Әшімханов өз естелігінде: ”Оралхан адамның өзін-өзі жұмбақтау ұстау
қасиетін ерекше бағалайтын” дегендейін жазушы мәңгілікке жұмбақ қалпын,
сыры тереңде жатқан жұмбақ өмірді, сол өмірде шешімі жоқ адамның жұмбақ
әлемін Мәңгілікке ескерткіш ретінде сол адам жаратылғалы бері шешімі жұмбақ
болып келе жатқан Түсті шығармаларына енгізе отыра, айтар ойын жұмбақ
күйінде оқырманына ұсынды. Бұл – жазушының әдебиет айдынына өзіндік
өрнекпен салған сара жолының бір қыры еді.

1.2 Әбіш Кекілбаев туындыларындағы түстің көркемдік құрал ретіндегі
көрінісі
Түс көру тәсілі Ә.Кекілбаевтың шығармаларында өз шыңына жетіп,
көркемдік, характерлік, символдық, мифологиялық, психоаналитикалық қызмет
атқарар әдіс қана,тіпті түгелдей бір туындының тұтқасын құрайтын көркемдік
тұтастыққа ие болғандай.
Мысалы, Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың ақыры” мен “Ханша-дария хикаясы” роман-
повестері бастан-аяқ түстен тұрады де болады.Бұл шығарманың
идеялық,көркемдік тұтастығын құрайтын түс – ішкі монологтыңбір элементі
ретінде кейіпкердің көңіл-күйін, санасында үздіксіз жүріп жатқан психикалық
процесті бейнелейтін бірден-бір тәсіл. Қазақ прозасында соншалықты мән
беріп,одан үлкен философиялық ой, әлеуметтік-қоғамдық мәселе көтеретін
Ә.Кекілбаевтың көркемдік әлемі әлі де ашылмай жатқан арал секілді.(8.122)
Ә.Кекілбаев шығармаларына бір көз жіберіп, түс көру тәсіл көріністерін
байқайық. “Үркердегі” Әбілхайыр ханның түс көріп, оны сонша жерге ат
арылтып досы Тайланға жорытуы, “Аңыздың ақырындағы” Кіші ханым мен
Әміршінің түстері, “Күй” повесіндегі Жөнейттің, “Ханша-дария хикаясындағы”
Гүрбелжін ханымның қыз күніндегі мен ерге шыққаннан кейінгі үнемі кіретін
бір мазмұндағы түстері т.б.Бұл түстердің поэтикасын талдау,мағынасын оқып
тану арқылы біз көркем шығарманың шындығын, кейіпкердің бүкіл табиғатын,шын
бет пердесін,ішкі иірімдерін, көңіл-сана түкпіріндегіқұпия сырды,адам
жанының психологиясына тереңдей енеміз. Біздің ұлттық
менталитетіміздеежелден қалыптасқантүс туралы ұғым-сенім,дәстүрлі жорыту
жолдары Ә.Кекілбаев шығармаларында жаңаша өң алып,олар үлкен әлеуметтік,
философиялық,ғибраттық,психологиялы қ та қызмет атқаратын болды.
Өмірдің мәңгілік құндылығы да осы түстер туралы толғаныстарда кеңінен
әңгімеленеді.Түстер мына өмірдің жалғандығын, бүгінгі тақ пен мансаптың,
байлық пен бақтың Ажал-Ақиқат алдында бір тиындықта құны жоқьығын
тұспалдайды. Осы түстер арқылы философиялық, психологиялық тереңдіктерге
бару,бүкіл адамзат баласына ортақ “мәңгілік құндылықтар”, адамгершілік
мәселелері, кезең, орта,уақыт таңдамайтын көкейтесті проблемалар жөнінде ой
толғау тек Ә.Кекілбаев түстеріне, оның қаламгерлік қуатына тән
қасиет.(6.122)
Сондай-ақ, жазушы түстерді сюжет құруда және әдеби тәсілдерді
түрлендіруде, шығарманың бүкіл көркемдік-құрылысын ажарландыруда бірден-бір
айшықты тәсіл ретінде қолданады.
Жазушы Ә. Кекілбаевтың әрбір шығармасында Түс- Ақиқат.Олар оқушысына
ақыл айтпайды, жол сілтемейді.Ол тек тұспалдайды, ой толғайды. Өмір мен
өлім, тазалық пен настық, қуаныш пен қасірет, адалдық пен жауыздық т.б.
толып жатқан қайшылықтар жайында сыр шертеді.
Енді бір сәт осы түстердің өздеріне, олардың берілу тәсілдеріне де
тоқтала кетейік.
Аңыздық желілерді, мифтік мотивтерді, ертегілік сюжеттерді шағын және
орта жанрда өзіндік стильдік ерекшеліктерін танытқан жазушы Ә.Кекілбаев
ежелгі аңыз бен мифтерден, бүгінгі өмір сүріп отырған дәуірлердің талап-
тілегімен, адамгершілік болмысымен ұтымды ұштастыра суреттейді. Осындай
шығармаларының бірі “Аңыздың ақыры” романында жазушы түс көру тәсілін
аңыздық желіде тарихи шындықты, өмір шындығын көркемдік шындыққа ұластырып
суреттеуде шебер қолданған.
“Аңыздың ақыры” романындағы “Махаббат” атты тараудан бір үзінді:
...Бауыры от құшақтағандай өртеніп барады. Ол төсегіне батылсыз енген жас
жігіттің мойнына оратыла кетті. Бұның баяғыдан бергі сарылып күткен ыстық
іңкәрі басқа ешкімде емес, тек осы ғана... \151-б\ Бұл - кіші ханымның
түсі, екі бетке созылып әйелдің есін алған шебер жігіттің ыстық құшағы түс
емес тап өңдегідей өртеп барады, яғни бұл көрініс бар бояуымен, табиғи
болмысымен бейнеленеді. Өйткені, түс өтірік айта алмайды. Адамның жан
баласына жақ ашып айтпаған, отыз тістен шығармаған шынайы шындықты, ішкі
жасырын құпия-сырды әшкерелеген де осы Түс. Сіз өзге түгіл өзіңізден де
жасырып жүрген құпияңызды ашатын да, жұртқа жария ететін де – Түн, Түс,
ондағы бейсаналы сәттер.Сіздің күндізгі еркіңізге көніп, жасырын жатқан
іңкәр сезімді де оқыста опасыздықпен әшкерелеп қоятын да осы - Түс. Абайдың
ел-жұрттан жасырып, тек жүрегінде ғана сақтап-жаттап жүрген жалғыз есім –
Тоғжан еді. Ұл-қызы бар, некелі жұбайы болса да, елге танылған атақты
Абайды да естен айырып, “Тоғжан” деп толғандырып қойған осы Түс емес пе
еді? Бөгде жұртта, әсіресе Тоғжан деп тіл қатуға қақысы жоқ. Тоғжанның
қайын елінің көзінше – “Жаным!Асылым. Барым бір өзің”-деп бар сырын жұртқа
жариялатып, ішкі әлемін әшкерелеген де осы- Түс.(6,98)
Кіші ханым да күні бойы алыс сапардан оралған Әміршіні ойлап, аңсап,
бар жан – тәнімен соған бағышталды,бірақ Түсінде шебер жігіттің шырмауынан
шыға алмай қалады.Өйткені,ол өтірік өрге баспайтын Түс өлкесінде,өзге
әлемнің ішінде жүр. Ешқандай ақыл-еске, ырыққа көнбейтін бейсаналы елінде
саяхатта жүр. Күндізгі өзін-өзі алдаусыратқан алдамшы, жалған өмірден өзге
шынайы өмір, шындық пен тазалықтың, адалдық пен Ақиқаттың ауылында ол. Өзін-
өзі алдайын, ұстайын десе де,ерікке көнбейтін Түн, Түс деген тылсым күш
оның бүкіл шын бет-пердесін ашып тастады. Өзі де білмейтін,сезбейтін, тіпті
мойындамайтын жүрек сырын Түс әшкерелеп берді. Осы жерде ұйықтап жатқан
адамның қимыл-қозғалысын, дене қалпын (позы спящего) зерттеген көрнекті
психиатр Самюэл Данкелл түс көру сәтінде ашылған ақиқат алдында кім де
болса кіші, өйткені ол күндізгі маскировкаға көнбейтін шынайы шындықтың
қайнар көзі екендігін ескертеді. Сол себепті де Ә.Кекілбаев түстің осынау
психоаналитикалық, символдық, көркемдік мүмкіндіктерін кеңінен пайдалана
білген.
Романның үзіліссіз бір үндестікпен дамып келе жатқан оқиға желісі түс
сюжетімен үзеңгілесіп,сол қалпында дами береді. Біз оқып отырған үзіндінің
сана актісі екені Кіші ханымның түс көру барысындағы ілеспе ішкі күдігі,өз
болжауы арқылы анықталып жатады:” Ханым ұйықтайтын ұлан-асыр кең жайды
барша жарық жалғаннан көлкештеп тұрған алтын шайған ауыр есік сықырсыз
ашылып,аяғының ұшынан басып әлдекім ішке өткендей болды”. Мұны алғашында
түс емес, елес, көзге елестету екен деп қаласыз. ”Кірді де, одан арғыға
батылы жетпегендей босағада тұрып қалды... Апыр-ай, кім болды екен. Ханым
оны танитын сияқты... Күнде-күнде қасында жүрген, күнде-күнде көріп жүрген
біреуі тәрізді. Бірақ жыға тани алмсады...” Осылай ұзаққа созылған түс-
елес сана астарында Кіші ханымды біраз әуре-сарсаңға салады. Ол ұзақ уақыт
мұның кім екендігін білмей, бет-жүзіндегі бейвербалды ишараттарды, сыртқы
психологиялық қимыл көріністерді қадағалаумен болады,сосын ғана шырамытады,
шебер жігітті. Өңінде өзіне ғашық болып, үздіккен жас жігіттің батылы жетіп
бұған келуі Кіші ханым үшін тосын жайт. Екеуінің де ішкі бір іңкәрліктерін
үйлестірген бұл түс ынтық сезімнен туған сананың сәулесі екені сөзсіз.
Өңінде шебер жігіттің салып жатқан махаббат мұнарасында мөлдіреп тұрған мөп-
мөлдір сезімді күнде көрсе де мойындағысы келмеген Кіші ханымның да жүрек
түкпіріндегі жасырын сырын әшкере еткен бұл түс ең бастысы, ұлы Әмірші
алдында сыр алдыртып қояды. Оқып көрелік: “Иә, ол өмірінде өз күйеуінің
алдында,Әміршінің алдында жалғыз-ақ рет күнә істепті. Онда да өңінде емес,
түсінде күйеуінің көзіне шөп салыпты. Бірақ сол жалғыз қылмысының өзін
Әмірші иенің қырағы көзі қалт жібермей, үстінен шығыпты. Бұның бөлмесінде
көп аялдамағаны - әйелінің түсінде шайтансырап жатқанын өз көзімен көргені
ғой, ашулы шыққаны – бұның түсінде өзге еркектің құшағына кіріп,
құштарлыққа берілгенін түсінгені ғой...” (152-б)
Бұл түстің көркемдік - эстетикалық қызметі мен философиялық құндылығы
мынада - жан мен жүректі жегідей жер сезім, ғашықтық дерттің қандай да бір
сезімдік – эмоционалдық құбылыстарды, яғни бейсаналы сәттердегі
психологиялық процестерді паш ету. Осындай терең ой, үлкен философиялық
тұжырымға тірейтін түстің роман оқиғасына одан әрмен әрлеп, ажарландыра
түсері хақ. Мұндағы түс көру тәсілінің кейіпкерлердің мінез - құлқын,
болмыс - бітімін, күрделі ішкі жан дүниесін ашудағы атқарар қызметі де
орасан зор.
Адам атаулыға тән интимдік тәжірибеге сүйенсек, әркім көрген түсінің
мағынасын, оның себеп - салдарын іздейтіні табиғи құбылыс. Сондықтан да
Ә.Кекілбаев шығармаларындағы түс көрушінің түсі де, ондағы оқиға да
оқушысын ойландырмай қоймайды. Және олардың бәрі де романдағы шындықтан
алшақтамайды. Олар бейне бір суреткер - автордың философиялық ойлары
жинақталған, өз бетінше аяқталып тұрған аңыз - әңгіме, новелла секілді.
Түсті алып тастар болсақ көркем шығарманың құндылығынан түк те
қалмайтындай. [6.125]
Негізі Ә.Кекілбаевтың кейіпкерлері ерекше түстер көреді және оны
автор да асықпай, толыққанды түрде баяндайды. Соның бір дәлелі де осы -
Кіші ханымның түсі. Түс көрушінің ұйықтар алдындағы, түс көру
сәтіндегі,тіпті түстен кейінгі дене мен ішкі жан сезімдеріндегі әрбір
психологиялық құбылысты қалт жібермей кеңінен толғап, тереңнен қозғаған
қаламгер қатаң бақылаушы, қыбыр еткен қозғалысты аса қырағылықпен
қадағалауға құмар.
Дүниеде тән опасыздығынан ой опасыздығының ауыр екендігін ежелден
жақсы білетін Әмірші жан мен сананың өзгеге арналғандығын кешіре алмады.
Осы опасыз Түс кесірінен он саусағынан өнері тамған жас жігіт екі бірдей
көз бен қолдан айрылып, домаланған тас секілді зынданға тасталды. Кіші
ханым кешірілмес күнәға батты.
Жазушы Түсті, одан кейінгі ой - толғаныстарды, сезім мен ой
қайшылықтарын, атап айтқанда ашу-кек, опыну мен ақталу, өзекті өртеген
өкініш пен налу, күйзелу мен күйреу т.б. секілді болып жатқан ойлау
процесінен туындап жатқан сыртқы психологиялық сәттердің бірін де не
көзден, не көңілден таса етпей егжей-тегжейлі баяндайды. Және ол баяндаулар
үстірт, сырттай бақылаудан туған оқиға тізу емес, әрбір қалт еткен қыбыр-
қимыл арқылы ой айту, образ ойнату, өмірдің өміршең өнегесін көксеу, адам
тағдырының мәңгілік құндылықтарын меңзеу бар. Оны да бір сәт бақылап
көрелікші :
"Сүйегін сүйреткен ебіл-дебіл бір хал. Енді ханымға бұл дүниеде, бұл
тіршілікте ешқандай қызық қалмағандай. Дарға асса да, басын шапса бәрібір,
өз күнәсін, өз қылмысын мойындап болған... Көңілін түсінде жеңген әзәзіл
өңінде жеңбей ме?... Өз қылмысын өзі осылай мойындаған мойындауға мәжбүр
еткен — түсі. Г.П. Кіші ханым Әміршіге деген адал көңілі, ендігі өмірінің
мәнсіздігі т.б. туралы ой арпалысына түседі. Оның бүкіл өмірін өксітіп
қойған бұл Түстің нендей құдіреті бар? Кіші ханымды да, Әміршіні де,
оқушысын да ойлантып қойған осы түс. Оның айтпағы — тек ой опасыздығы ғана
емес, оны жүзеге асырып отырған табиғат пен Ар-Ақиқат алдындағы адам
атаулының әлсіздігі. [6.126]
Кіші ханым шебер жігіттің таза да адал махаббаты алдында әлсіздік
танытса, Әмірші — Табиғат пен Ақиқаттың алдында, яғни Кіші ханым мен шебер
жігіттің жастығы мен таза махаббатын "күш - айбат", даңқ пен байлық арқылы
табындырып, жас жүректі жаулап алмасын мойындайды. Түс міне, осындай
мәңгілік мәмлеге келмейтін жас пен кәрінің, тазалық пен байлықтың, махаббат
пен жауыздық секілді екі әлемнің қақтығысын, сезім сәйкессіздігін астарлап
жеткізеді. "Жұмыр басты пенденің кез-келгеніне лайық күйбең тірліктің
қарапайым рахатынсыз қонған бақ пен даңқтың қай-қайсысы да соқыр тиынға
тұрмайды екен". Бұл — Әміршінің әлгі түстен кейін сол түске қатысты үш
адамның (Кіші ханым, шебер жігіт, өзі — Әмірші) тағдырын толғана келіп
түйген түйіні.
"Аңыздың ақыры" дейтін төртінші тарауда Әміршінің өз түсі баяндалады.
Мұнда да жазушының терең ойлы, әлеуметтік - философиялық мән-мағынасы терең
адам жанының ішкі иірімдеріне үңгірлей, қазбалай үңілетін айшықты стильдік
мәнері айқын көрініп тұр. Дарынның кәсіби даралық шеберлігі де осы түс көру
тәсілін ерекше бейнелеп беруімен ұштасып жатқандай.
Оқылық: "Ол мынау қарғыс атқан қағынды өлкедей алыстаған сайын
басындағы зіл-зілдей тәжден, үстіндегі оқалы киімнен арылып, тұла бойы
жеңілейіп бара жатқандай көрінді. Бір уақытта тіпті иығындағы лыпа ихрамға
айналып кеткен екен дейді..." 185-188 беттерге дейін созылған түстің
қысқаша мазмұны осындай. Автор Әміршінің көрген түсін ертеңіне еске ала
отырып, ондағы әрбір детальға, әрбір іс-әрекет пен оқиғаға талдау жасау
арқылы жадыңда қайта жаңғыртады: "Есіне таң алдында көрген түсі оралды.
Анау қарлы шыңдар түсіндегі Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мәрудың күйген
бауырдай қоп-қоңыр шоқыларына, көп шуылдақ қиқу салып аң қуып жүрген көк
жасыл қойнау аяғыңды бассаң бұрқ-бұрқ шаң ұшқан Мин алқабына атымен
ұқсамайды. Алайда, түсінде көрген өңірдің шаң-тозаңы, ыстық жалап кеткен
топырақтың күңірсік иісі көкірегіне біржола орнап қалғандай. Ғұмыры
көрмеген алые өлкенің көз алдына тап осынша анық сайрап келе қалғанына
қайран қап отыр. Әлде қажыға сан рет барып қайтқан пірінің әңгімесінің
әсері ме екен. Кешелі - бүгін ойына да алмаған жер түбіндегі киелі өлке
бұның түсіне неге кірді? Әлде ата-баба бұған басындағы мына дағдарыстан
қалай шығудың жолын меңзеді ме... Шынында да, осы қажыға неге бармайды? ...
Осылай өз түсін әзі ұзақ ойға беріле отырып, болжауы осындай тосын түйін
жасатты. Түс-географиялық та, математикалық та өлшеуге сыймайтын, тек
көркемдік уақыт пен кеңістік секілді категорияға тән шексіздігі мен
еркіндігін де осы жерде айқын көрсетеді. Жер жаһанды жаулаған Әмірші болса
да ғұмырында бір рет жолы түспеген өлкені тап өңінде көргендей тау-тасына,
топырағына дейін анық көріп, Құранды да өз қүлағымен өңіндегідей естуі,
елге сүйдірген қағбаның бұдан қашып сүйдірмей қоюы да тек түс көру тәсілі
арқылы жүзеге асатын қиял-ғажайып оқиғалар, эмоционалдық, психологиялық,
сезімдік құбылыстар, эстетикалық құндылықтар екендігін дәлелдей түседі.
Түстің оқиғасы өтіп жатқан жер — Мин алқабы, мұнда түс көруші кейіпкер
көп сынақтан өтеді. Мұндай сынақ роман кейіпкерінің басына түскелі отыр.
Түстегі пейзаж кейіпкер өміріндегі табиғатпен мүлдем қайшы. Әмірші
аулындағы қарлы шыңдарға Арафа мен Мұздалифтің, Саф пен Мәрудің шаң басқан
шөлі кереғар. Бұрын-соңды өңі түгілі түсінде көрмеген бөтен өлкеде Әмірші
өмірінде білмеген қорлықтың, сынақтың бәрін көріп бағады. Әлемді билеген
Әміршімін деп ойлаған ол да көп пенденің бірі екен. Тіпті түсінде кім-
көрінгенге ұстатып жүрген қағба тасының бұл келсе ұстатпауы да көңіліне
күдік ұялатып, ойын аласапыран етеді.
Ә.Кекілбаев өз шығармаларыңдағы түстерде ертегілік уақытты сказочные
время. М.Бахтин ендірген термин. — Г.П. көп қолданады. [6.128]
Әміршіні әрі-сәрі күйге бөлеп, арғы-бергі күнәларын тізуге мәжбүр еткен Түс
одан арылудың да жолын қарастыруға көз сілтейді. Ол қажылыққа барғысы
келіп, үнемі түс жорытып, әр жорық алдында батасын алатын Піріне келеді.
Алайда ол: " — Жаратқан ие, ата-баба, желеп-жебеуші, әулие-әмбие, ақыл
қосса, ол тұспалдары соқырға таяқ ұстатқандай сайрап тұрады. Кие үркіткен,
әруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан, — деді де тыйылып қалды".
Далалық жұрағаттар жады мен өмірлік-тәжірибелік болжамында сан ғасырдан
бері орын алатын діни-мифтік, этнографиялық салт-сананы танытатын түсті тек
жақсылыққа жоруға тырысқан. Әмірші түсі жаманшылықты тұспалдаса да, өзі
іштей жақсылықты тілеп келсе де, Пірі ыңғай бермеді. Әміршінің рухани
күйреуі, міне, осы тоқырау түсінен басталады.
Әлгі түстен кейінгі тынышын тонаған сансыз сауалдарына көңіл
орнығатындай жауап ала алмаған Әміршінін көңіл күйзелісі, күдік пен күмәнға
толы көңіл-күйі, жан дүниесіндегі арпалыс шығарма соңына дейін үздіксіз
жүріп жатады. Жалғандағы жалғыз жанашыр деп жүрген Пірінің өктем пішінінен,
жарытымсыз сезінен соң біржола өмірден безген Әмірші рухани тоқырауға,
адамдық, моральдық тұрғыдан күйреуге ұшырайды. Кеше ғана бүкіл ғұмырының
мән-мағынасына айналған ел билеу секілді астамшылық ой-арманы осы түстен
соң-ақ аяқасты болып, күл-талқаны шығады. Тіпті, мына өмірден баз кешіп,
Қажылыққа да барғысы бар, күнәсінен айрылғысы да келеді. Бірақ, Пірінің
пұшайман пішінінен соң, күрт өзгеріп, тынышын тонаған беймаза тірліктен,
осынау опасыз дүниеден біржола безудің бірден-бір жолы жорық, ұлы жорық деп
шешеді де, шұғыл сапарға аттанады. Бұл сірә, соңғысы да болуы мүмкін?! Әрі
оның жұмбақ әлемінің шешуін осы ұлы шайқастар шешіп бермесіне кім кепіл?!
Бұл туындының өн бойында осылай өріліп, кейіпкерлердің ішкі жан
дүниелеріне жаңаша жол аша білуі, олардың алуан түрлі хал-ахуалын,
көңіл-күйін, психологиялық жағдайларын баяндау шығарма сюжетін дамытуға
дәнекер болады. Әрі бұл түстер оқиғаны өрбітер өлке ғана емес, тап сол
жағдайды туғызатын үзік бір үзіндінің өзі болып табылады. Мұның өзі жазушы
шығармашылығындағы түс поэтикасын танып-түсінуге түрткі болары сөзсіз.
Ә.Кекілбаев шығармашылығына фантастикалық - реалистік, иллюстративті -
психологаялық және сюжетгі түс көріністері тән. Шығарма сюжетіне тірек
болатын мұндай түстер оқушының ойында мәңгі сақталады. Сондықтан да оның
түстерін рет санымен санамалап, циклды түстерге жатқызуға болады. Айталық,
Кіші ханымның түсін бірінші түс десек, әміршінің түсін екінші деп реттеуге
болады.
Екінші, Әміршінің өз түсіне тоқталайық: "...Жан даусы шығып: "Хақ
тағала қай қызметіңе де әзірмін, — деп айқай салып келеді. "Тек жұртқа
жасаған мейіріміңді маған да қия гөр", - деп екі етек боп жалбарынып
келеді. Бірақ тірсегінен қағып өтіп, шыркөбелек үйіріліп, шыр айнала қашып
жүрген қағбаның қасиетті тарғыл тасы бұған бәрібір жеткізер емес" [186-б.].
Мынадай ауыр жазаға қай пиғылынан тап болғанын, оны неге жорырын білмей
дағдарады. Кейіпкердің көркем шығармаға бергісіз мазмұнды, әрбір деталына
дейін айқындалған мұндай шынайы, күрделі оқиғалы түстегі әлем, кісі
күтпеген көптеген оқыс сезімдік психологиялық көріністерімен көкейде
қалатыны бар. Әміршінің түсі, міне, осындай сюжеттік оқиғаға бай, романның
көркемдік құндылығын арттырып тұрған символдық, мифологиялық,
психоаналитикалық сана актісі екендігі шынайы айқындайды. [6.129]
Сондай-ақ оған аң аулауға барғанда оқыстан шыға келген жолбарыстың
неліктен бұған шаппағаны қосымша болып, қайғы үстіне қайғы жамағаны
белгілі. Жолбарыс қарсы алдында тұрса да ол Түс туралы ойланады, оның
шешуін тапқандай болады: "Түсіндегі тастың мұны маңайлатпай қойғаны мынадай
тосын ажалға көрінгсн екен" дейді. Алайда ол тірі қалады, есін жиып
садағымен атып алған олжасы арасындағы осынау қас-қағым сәтте түсіндегі
қара тас секілді Ажал да бұған ұстатпай кетеді. Мұны да жаман ырымта
санаған Әмірші енді өзінің Піріне барып, "анау күнгі түсі мен тосыннан тап
болып, бірақ шаппаған жолбарыс жайын айтып" жауап тосады. Ол тағы да: "Кие
үркіткен, әруақ ренжіткен жерің бар шығар, балам, ойлан" - дейді де қояды.
Міне, бұлардың бәрі қаламгердің адамды қайта тудыруға және жаңартуға
тікелей әкелетін тоқырау түстерінің (кризисных снов) үздік үлгілері
екендігін атап айту керек. Жоғарыда атап еткен Әмірші, Жөнейт, Кіші ханым,
т.б. секілді жарты әлемді билеген адамдардың тоқырау түстерден соң Адам,
Ақиқат, Ажал, Тағдыр алдындағы "аллаларын танып", өздерінің қанды
қолдарымен жеткен жеңістері мен даңқтарының өткіншілігіне өкінеді,
жерінеді, мүлдем жаңарады немесе біржола күйрейді. [6.130]
Мұның бәрі атақты әдебиеттанушы М.Бахтин айтпақшы, тоқырау түстерінің
әдебиетте маңызды роль атқаратынын айғақтайды. Кейіпкерлерге өмірді басқаша
қырынан танып, түсіндіруге тырысқан мұндай тоқырау түстер Ә.Кекілбаев
шығармашылығында көптеп шоғырланған.Сондықтан да Ә.Кекілбаевта түс
көрмейтін кейіпкер кемде - кем. Және олар жәй түс көрмейді. Олардың түстері
өміріне өзгеріс әкелетін, кейіпкерлердің жан дүниесін, өмірге деген
көзқарасын түбірінен жаңартатын түстер. Оған Әбілхайыр, Әмірші, Жөнейт т.б.
түстері куә. Олардың бәрі де Түстерінен соң өздерінің қанды қолдарымен
қиратқан өмірдің мәңгі құндылықтарының қадіріне жетіп, бағалай бастайды.
Ә.Кекілбаевтың "Күй" повесінде де Сырым деген жігіттің Құрбан қариядан
естіген Жөнейт батыр туралы хикаясы да бастан-аяқ түстен тұрады. Күй
шежіресіне айналған бұл аңыз-әңгімеде Жөнейт батырдың ұлы Дәулет күйшінің
жауға барып, қайтыс болғаны, оның құнына әкелінген қазақ күйшісін тірідей
жерге көмгелі батырдың көрген күні азаппен, түні түс көрумен өтеді. Өмірі
мен өнері Дәулетінен айнымайтын күйші күн сайын өз баласы болып түсіне
еніп, Жөнейттің өзін ажал құштырады. Күн мен түнін ауыстырып, ақыл-есінен
айрылғандай ахуал кешкен Жөнейттің күні күн емес. Ол ашумен күйшіні тірідей
жерге көмдіргенімен кейін жаны ашып, талай түн кірпік ілмей, құтқарудың да
амалын ойластырады. Бірақ бәрі ойы, түсі арқылы ғана жүзеге асады. Осы
орайда, түс көру тәсілі қандай көркемдік қызмет атқарып тұр? Жазушы бұл
тәсілді қалай пайдаланады? Бұл повестегі түс көру тәсілінің өзге
шығармалардағы түстерден айырмашылықтары мен ерекшеліктері қандай? деген
сауалдарға жауап беру үшін жазушының өз тәжірибесіне сүйене отырып қана ой-
пікір айтуға болады.
"Күй" повесінде шым-шытырық оқиға жоқ, онда тек ой бар, Жөнейттің
күндіз жорудан, түнде көруден жалықпайтын түсі бар. Тіпті, шығармадағы
оқиғадан түсті бөліп алып тастауға мүлдем болмайды. Өйткені, олар біртұтас
дүние. Бір леппен, бір деммен беріледі. Мәселен: "Ояуында көңілін паршалап
жан жүйесіне ұша сіңіп қалған ойран ой ұйықтаған соң да мазалады. Көзі
ілініп кетсе, аяғының астында жыланша ирелеңдеген қу томар жатқан, қарсы
алдыңнан шабынған буыршындай кеудеңнен қағып, алапат бұталар аңдаған қара
түлей келеді..." деген секілді кілең жүйелі ой ағымына кеңінен орын беріп,
көңілдің ала-құйын асау сезімін селдете жөкелген суреткердің дара стильдік
ерекшелігі, ойлау сипаты, көркемдік әлемі "ә" дегеннен назар аудартады.
Үлкен өнері барда қандай өлімге де бас имейтін тәкаппар тұтқын күйші
тағдыры мен оның аянышты өлімі туралы жазушы толғанысы сана актісі арқылы
айшықталады. Туындының өн бойында өріліп, тақырыпқа тұтасқан түс мазмұны
тұтқын күйшіні қалай құтқарудың амалын таппай тордағы арыстандай аласұрып,
беймаза күй кешкен Жөнейттің жан азабына құрылған. Түс пен өңнің арасындағы
эзотериялық жағдайдағы сананы образды түрде ойнатудың таңғажайып түрлерін
асқан шеберлікпен пайдаланған Ә.Кекілбаев батыр Жөнейттің ішкі бір
үрейінен, рухани күйреуінен хабар береді. Күн мен түннің, анық ақыл мен
шатасқан ойдың арасалмағын ажыратудан қалған Жөнейтке өз баласы Дәулет
болып көзге елестеуі сенімді. Алайда әдеби кейіпкердің түсі кәдімгі
өмірдегі адамдардың түсіне мүлдем ұқсамайтындығы түсінікті. Негізі көркем
шығармада түс автордың қалауына қарай белгілі бір психологияның заңдылығына
байланыстырыла пайдаланатындығы мәлім.
Жөнейт өз түсінде кеше ғана өз қолымен көмген тірі тұтқынды енді
құтқарғысы келіп алас ұрады: "...Жаным-ау ...Мынау Дәулет пе? Бұл қайдан
жүр? Аңтарылып тұрып қалды. Баласы жүзін қырын сап, бұған қарамайды. Жөнейт
баласын жер астынан қазып алғысы кеп, қос қолдап тырналай бастады.
...Қарғам-ау, неге үндемейсің?" Өзінің әлем-тапырық даусынан өзі оянып,
көзін ашып алды". Кейіпкердің түс көру процесі мұнда көркемдік тұрғыдан
талданады. Және түс көру мен одан кейінгі күрделі көңіл-күй күйзелісі
сюжетгің өрбуіне сәйкес оны жүргізетін эмоциялық тон, психологиялық хал-
ахуал құрады. Жөнейттің бірінші күнгі түсінен соң-ақ ұйықтау мен ояну
мезеті психологиялық тұрғыдан өте толыққанды түрде баяндалады. Егерде автор
осы екі аралықтағы байланысты үзіп алған болса, шығармадағы бүкіл көркемдік-
психологиялық шындық нанымсыз болып қалған болар еді. Және түстің өзінен
гөрі одан кейінгі кейіпкердің ойлану сипаты, күрделі психологиялық процесс
бүкіл шығарманың сюжеттік - композициялық мазмұнын
тереңдетіп, түстің психоаналитикалық қызметін жан-жақты танытуға үлес
қосары сөзсіз.
"Анау бір күні түсінен шошып оянып, кешке дейін ес жия алмай қойды.
Қара түлейден шыға келсе, күйшіге бір көк шулан бөрі тісін ақситып,
желкесін күдірейтіп тап-тап беріп тұр. Көре сала мылтығын оқтап еді. күйші:
"Атпа! Оны атқанша мені ат! — деп шыңғырды. Бөрі мұны көріп безе
жөнелді..."
Күйші туралы түн сайын енетін түсі ақыры Жөнейтті өлімге алып келеді.
Күн-түн ойынан бір кетпейтін күйші тағдыры оның "Күні кеше намыс қуған, кек
қуған еңіреген ермін" деген ойының күлін көкке ұшырып, "кек", "намыс" деп
босқа лепіріп жазықсызға тырнағы, нақаққа найзасы батқан желбуаз жендетке
айналғанын мойындатқандай еді. Жөнейт батырға өңінде бір кісі айта алмайтын
Ақиқатты — Түсі түспалдап жеткізіп отыр. Аңыз - әңгімеге құрылған бұл түс
бір емес бірнеше күн қатарынан өнетін болды. Тіпті, түсін жорытып, көңілін
аулағысы келіп Темір бабасына да барады. Алайда, атағы жер жарған әулиенің
өзі "жүні жығылып, ықтап кеткендей көрінеді" оған.
Бүгін де көргені сол түс, сол айдаладағы құм ішінде өлімін күткен
күйші кейпі қайталанды. Мұнда күйшінің басы қу басқа айналыпты: "Ендеше,
сол күйшінің басын жұтқан өзің емес пе?" — деп тісін ақситып, сақ-сақ
күледі. Бұл түсі. Жөнейт қу бастан сырт айналып қашамын деп, сүрініп құлап,
мерт болады. Бірақ, бұл түсі емес, өңі еді.
Мұндағы не ақылсыздыққа не өзін-өзі өлтіруге алып келетін күйреу сон-
катастрофа түсі кейіпкердің өліміне себепкер болады. Өнері бар адамның
өмірі өшпек емес. "Өнер құдіреті кім-кімді өз алдына бас идірмек" деген
ақиқатты, философиялық ой-түйінді тұспалдайды Ә.Кекілбаевтың түстері.
Қазақ жазушыларының ішінде дәл Ә.Кекілбаевтай түске терең мән берген,
оның мағыналық мәнін, табиғатын, поэтикасын танып, оны бояуы қанық көркем
психологиялық көріністермен кестелей білген суреткер сирек. [6.132]
Ә.Кекілбаевтың "Елең-алаң" атты романындағы түсті, түс мазмұнын
оқығанда кейіпкердің өңіңдегі өз ойымен өзі алысқан, санасымен салғыласа
сырласқан, сан сауалдарына жауап іздеген ілкі бір сәттеріне тап болғандай
әсерде боласың. Кейіпкер түсіндегі оқиғаға тікелей қатысып, ондағы сезінген
психологиялық, физиологиялық сезімдерді жаны ауыра қабылдап, бастан
өткереді.
Роман соңындағы Әбілқайырдың ақырғы түсінде тағы да сол баяғы түлкі
кіріп, қырық құбылып кейіпкердің ойынша бірде жендетке, бірде таусылғалы
тұрған талай-тағдырына айналғандай болады. Ол билеген ханға ертеңгі халық
тағдырын сәуегейлікпен тұспалдап берген бұл түсті сұлтан көріп жатып, жол-
жөнекей жорып та жатады. Бірақ, ол тап сол сәтте түс көру сәтінде оның
бірде-бірінен бейхабар еді.
Сөзіміз дәлелді болсын десек, бір-екі үзіндіге үңіліп көрелік: "Қызыл
түлкі аяғы жерге тимей жұлдыздай ағып келеді.
...Апыр-ау, бұл қырық бұлтақ түлкі емес пе? Жаны қысылғанда айлаға
баспайтын ба еді?...Бұл соншама неден қорықты?
...Сорғалап төніп қалған, екі иығына мініп қалған көк тағысы қайқаң
етіп қайта биіктейді. Сақ-сақ күлгеңдей саңқ-саңқ үн шығарады... Құдай-ау,
мынау не өзі — құс па, адам ба?...
"...Осы қашып келе жатқан өзі кім? Расында түлкі ме?...
"Салақ қойшының ұлтарағыңдай сатпақтанып, екі шекесін сабалап келе
жатқан салпаң құлағы айбар жиып, едірейіп-едірейіп шыға келген екен дейді.
Жалт бұрылып қарсы атылды. Аспанға атылды. Төбесінен сорғалап төніп келіп
қалған тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап берді. Аузын ашып, тісін ақситты.
Іліксе қиьп түсуге бел буды... Сұлқ түсіп жата кетті. Көзі тағы да көкке
түсті. Манағы тарғыл бүркіт әлі шүйлігіп жүр. Мұның ендігі күні не болар
екен деп алаңдай шолып айналсоқтап жүргендей... Бірер бетке (4) созылған
түс осымен бітті.
"Сонда әлгі көргені не? Әруақтар көзіне күңдіз елестетпеген нышанды
түнде түсіне кіргізгені ме? Тарғыл бүркіттің мұны қызыл түлкі қылып қуалап
көргені, қанша дегенмен, әруақтардың шақырғаны ғой. Жеме-жемге келгенде
төбесінен сорғалап түспегені, не десе де, бұның басындағы халді түсінгені
ғой. Сонда да айналсоқтап шыға алмай жүргені, қайтсе де желеп-жебейтін
пейілдерінен таймағаны ғой.
Ендеше, баяғы Мәті би айтқаңдай түлкі дәуреннің біржола орнағаны ғой.
Ал, сонда бүның Өлгі тағдырдың жазуындай тарғыл бүркіттің өзіне тап-тап
бергені не болғаны? Өлермендігі ме, Өміршеңдігі ме?...
Не де болса, келешек көрсетер..." Сұлтан өз түсін осылай өзі жориды.
Түсі қандай анық әрі ұзақ болса, оны жоруы да солай, •түстің әрбір деталіне
дейін еске алып, өз-өзіне сауал бере отырып, оның жауабын іздейді. Өзінше
қорытынды, болжау жасайды. Ә.Кекілбаев бұл шығармасында түсініксіз, шым-
шытырық түстерді көп пайдаланбайды, керісінше мұнда көбіне мазмұны айқын,
түсте көрген көріністердің, тіпті адамның түр-түсіне дейін анық әрбір жан-
жәндіктердің қимыл-қозғалысына дейін қанық бояумен беріледі. Ә.Кекілбаевқа
тән бір қасиет — ол түсті кейіпкерінің сол түс көріп жатқан кезінде-ақ сана
астары арқылы оқиғаға тікелей араластырып, ой жарыстырып қояды. Түс көруші
түстегі әрбір әрекетке Өзінің көңіл-күйін білдіріп отырады. Түлкінің әрбір
қимылын қалт жібермей қадағалаған сұлтан "ол неге олай істемейді, өзінің
айлакерлігіне неге салмайды" деп жаны қинала, жан күйерлік жасайды, оның
себеп-салдарын тереңнен талдауға тырысады. Кейіпкер роліне кешкен автордың
психологиялық талдауы таңдай қақтырарлықтай. Ә.Кекілбаев мифологиялық
сипаттағы түс көру тәсілінің көркемдік мүмкіндігн кейіпкердің сол сәттегі
көңіл-күйін, психологиялық жағдайын жан-жақты ашуы үшін асқан шеберлікпен
пайдалана білген.
Түс көру сәтіндегі толғанысты, түстегі оқиға мен түс көруші арасындағы
сезімдік, эмоционалдық, психологиялық байланысты З.Фрейд: "...Адамның түс
көру сәтінде бастан кешетін жан қозғалыстары күндізгі сергек кезіндегіден
мүлдем бөлек... Түстегі образдар мен психологиялық көріністерді сөзге
түсіріп, сол көңіл-күйді қайта бастан кешу көп қиындық тудырады" деп
түсіндіреді.
Адамзатқа бейсаналы сәтте пайда болып, неге олай, ол неге менің түсіме
еніп жүр деген сан сауалдардың тууына себеп болу түс көру табиғатына жат
нәрсе емес. Соңдықтан да суреткердің сауалдарды көбейтіп, соған жауап іздеп
жанталасуы да шындыққа жанасымды. Және түс көру кезінде бейсаналы түрде
бола тұра түгелі ой ағымына құрылған психологиялық түзілістер мен талдаулар
ертеңіне түсті еске алу сәтінде де қайталанады. Түстегі адамдардың,
заттардың, көріністердің образын дәл, анық көзге елестете алмау да көп
қиындық тудырары сөзсіз. Түс көрген кісілердің ертеңіне "келе жатыр екем
деймін", - деп, көбіне болжаммен, күдікпен тұспалдап жататыны да тегін
емес. Түс - адамға бір-ақ рет кіреді. Оны кино лентасындай қайталап көруге
болмайды. Ол тіпті мүмкін емес. Қайталап енгеннің өзінде тап сол мазмұнда,
сол көріністе, болған оқиғаның еш өзгеріссіз көрінуі мүмкін емес. Ол түс
көру табиғатына жат құбылыс. Бір түсті сан рет көрсе де оларды бір-бірімен
шатастыруға болмайды. Мәселен, Жөнейттің, Әбілқайырдың, Гүрбелжіннің
түстерін тек солардың өздері ғана көре алады. Оны басқа кейіпкер көруге
болмайды, ол мүмкін де емес. Керек десеңіз түрбелжіннің қайталап енген
түстері де мүлдем ұқсамайды бір-біріне. [6.134]
Негізі, Ә.Кекілбаев түс көру тәсілін екі мақсатта пайдаланады. Бірі —
кейіпкердің ішкі жан дүниесіне тереңірек үңіліп, ену үшін, яғни
аналитикалық таңдау тұрғысынан келсе, бірі — түс көргеннен кейінгі көңіл-
күйді егжей-тегжейлі талдап жазу үшін қолданады. Суреткердің көп арқа
сүйейтін "тоқырау" түстерінен кейінгі кейіпкердің жан дүниесіндегі ой мен
сезім арпалыстары мен қайшылықтарын қатар қойып, салыстыра бейнелеу ең
ұғымды тәсіл. Кейіпкердің осындай екі әлем, екі ұшты сезім ссәттеріндегі
психологиялық процесті бейнелеу арқылы үлкен әлеуметтік-философиялық ой
қорытуға бейім жазушы түс көрудің поэтикасын шын мәніңдегі көркемдік сапаға
көтере білді.
Ә.Кекілбаев "Елең-алаң" романыңда да түс көру тәсілін кейіпкерінің
ішкі жан дүниесін зерттейтін көркемдік құрал ретінде көп қолданады, Мысалы
балшы қыз Бопайдың түсін алайық: "...Түс көріпті... Түсінде тап осы
Бегәлінің отауының табалдырығының ішінде мал сойып отыр... Мал дегені,
терісін сыпырарда байқады, арлан қасқыр... Жон арқасы көк шуланданып тұр...
Өзінен қан шықпайды, ағыл-тегіл сүт ақтарылып жатыр... Селк етіп қолын
тартып ала қойды". Түсіндегі қан дегені сүт болып шықты, аппақ сүт
ақтарылып жатқанын жақсылыққа жорыған Бопай тап сол күйі ойламаған жерден
алдына жаралы болып, ес-түссіз күйде жеткізілген белгісіз бозбаланың тегін
адам еместігін, бұньң өміріне керемет өзгеріс ала келетіндігіне осы түсті
жору барысьнда көз жеткізеді. Қыз алдында сұлап жатқан жігіттің Бопайға
ертең өмірлік серік болып, жолы да ашық, өзі де аққа жарып, алды жарық
болатынын меңзеген бұл түс тегін енген жоқ. Кейін тұрмысқа шыққан соң да
тап осындай мазмұнда, бірақ басқа жағдайда (түс фабуласы өзгеше) енген қан
орнындағы аппақ сүт символы бейне бір Бопай басына қонған бағы мен бақыты
дерліктей. Осы орайда, бір мазмұндағы бірақ, әр түрлі психологиялық
жағдайда көрінген түстің бұл түріне Бопайдьң Әбілқайыр сұлтанға ерге
шыққаннан кейінгі көрген түстерін жатқызуға болады.
Айталық, бүгін түнде түсіне Ералы кіріп жүр. "Бұлар іште сары табаққа
салып ап сары сазандай аунатып бүйенге қатырған шырын уыз жеп отырғанда, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түр - түс атауларының лингвистикалық тұрғыдан зерттелуі
Фариза Оңғарсынованың лирикасы
Стиль және шығармашылық ерекшеліктері жайлы
Көркем прозадағы түс көру тәсілінің сипаттамасы
Қазақ ұғымындағы түс жору
Қазақ киносындағы түс көрудің режиссерлік интерпретациясы
Түс көру мотивінің түзілуі
Қалқаман Сариннің қазіргі поэзиядағы орны
Зерттеудің әдісі
Түc көру мотивінің түзілуін анықтау
Пәндер