Зоналық топырақтар



ЖОСПАР:
І. КІРІСПЕ
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Зоналық топырақтар
2. Зонааралық (интразоналық) топырақтар

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

ЖОСПАР:

І. КІРІСПЕ

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Зоналық топырақтар

2. Зонааралық (интразоналық) топырақтар

ІІІ. ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ

Жоғарыда келтірілген топырақтардың әлемдегі таралу заңдылықтары, Жер
бетінің алтыдан бір бөлігін алып жатқан кеңбайтақ тәуелсіз мемлекеттер
достастығы елдеріне де тән. Бұл өзгерістердің терістіктен оңтүстікке
қарай жылжығанда межелері анық байқалады.Әр түрлі зоналарға бөлінуі де
осыдан.
ТМД елдерінің негізгі бөлігі мұхиттардан алыс, ішкі құрлықтарда
орналасқан. Ресейден басқасының жер көлемдері аса көп емес.Терістік жарты
шардың бұл бөлігінде құрлық секторында терістіктен оңтүстікке қарай
кездесетін яғни, Арктикалық тундрадан бастап оңтүстіктегі құрғақ шөлдермен
қатар ылғалды субтропикалық зоналық топырақтарға шейін түгел кездеседі.
Топырақ түзуші факторлар зоналық тәртіпке бағынып, ретімен тарағандықтан,
осы факторлардың әсерінен топырақ та осы тәртіпке бағынады.

1. Зоналық топырақтар

Жазық территорияларда терістіктен оңтүстікке қарай байланысты
топырақтың да өзгеріп әр түрлі зоналарға бөлінуін топырақтың көлденең
(ендік) зоналығы дейді.
Ал биік таулы аймақтарда табиғат жағдайы жазық алқаптарға қарағанда
өзгеше. Таулы аймақтардың ауа райы да, өсетін ағаш, өсімдіктері мен жан –
жануарлар дүнисі де басқаша. Бұл өзгерістер тау етегінен жоғары көтерілген
сайын анық білініп, көзге түседі. Географиялық жағынан алып қарағанда
таулы аймақтар бір алқапта орналасқанымен жоғары қарай өрлеген сайын
Табиғаттың , климатының өзгешелігі байқала береді. Осындай өзгерістерді
топырақтан да көруге болады. Топырақтың былай өзгеріп, әр түрлі зоналарға
бөлінуін топырақтың тік (белдеулік ) зоналылығы деп атайды. Кеңбайтақ
ТМД елдерінің әр аймақтарында топырақтардың көлденең зоналықтары да
және олардың тік(,белдеулік ) зоналықтары тараған алқаптары кездеседі.
Дегенмен жер бетінде таулы алқаптардың аздығына байланысты
негізінен топырақтың көлденен зоналық таралуы басым. Соған байланысты
біздер ТМД елдерінің жазық территориясындағы негізгі зоналық
топырақтардың қысқаша сипаттамасына тоқталамыз. Оны солтүстіктен
оңтүстікке қарай келтіреміз.

1. Полярлық белдеу. Тундра зонасы. Бұл зона Ресейдің солтүстік
шеті бөлігін алып жатыр. Оған Солтүстік Мұзды мұхиттағы кейбір арктикалық
аралдар да кіреді.
Бұл зонаның көлемі 180 млн гектардай, яғни ТМД елдерінің барлық
жер көлемінің 8,1% - ін алып жатыр. Бұл көлемге негізінен Сібір
өңіріндегі таулы алқаптардағы таулы – тундралық топырақтар көлемі 150 –
160 млн гектар жерде қосылады. Геологиялық дәуірі жағынан алып қарағанда,
бұл аймақ мұз дәуірінен кейін босаған ең жас аймақ.
Біршама жерлерін әлі де мұз басып жатыр. Бұл Ресейдің ең суық
зонасы. Қысы 7 – 8 айға дейін созылады да, жазы өте қысқа әрі салқын
болады. Бұл зонадағы вегетациялық кезеңнің ұзақтығы небары 2 – 3 ай
ғана. Ылғалы аз түседі, жылына 150 – 300 мм, әрі күні суық, булану аз
болады және топырақтың астын мыңдаған жылдан мәңгі тоң басып
жатқандықтан, ылғалдың жерге сіңуі де жоқтың қасы. Ылғалдың жер бетіне
сіңуінің мардымсыздығынан аз түскен ылғалдың өзі бұл жерде керекті
мөлшерден артық. Батыстан шығысқа қарай мөлшері азайып, оның есесіне күн
суыта түседі
Бұл аймақта қалыпты өмір сүруге қажет күн сәулесі жетіспейді, ауа
– райы суық, тіршіліліктің дамуына қолайсыз. Күннің суықтығынан топырақ
қабаттары ұзақ жылдар бойы тоң болып жатады. Тек жаздың 2 – 3 айларында
ғана топырақтың беткі жұка қабаты еріп, мұздан арылады. Жалпы тундраның
өзі терістіктен оңтүстікке қарай үш зонашаға бөлінеді: 1. Арктикалық
тундра;
2. Кәдімгі тундра;
3. Орманды тундра;
Алғашқысы ең терістіктегі қар– мұз басқан жалаңаш тундра. Екіншісі
жөнді дамымаған батпақты – глейлі топырақтар, біркелкі түзілмеген ойдым –
ойдым бөлшектерден тұрады . Булану аз болғандықтан, жер бетін ылғал
басып, оның астына ауа бармағандықтан,онда анаэробтық құбылыстар жүріп,
топырақтағы.Осындай топырақтарды глейлі топырақтар деп атайды.Жалпы
“тундар” деген түсінікті береді.Жөнді дамымаған, мәнгі мұзы мол топырақтар
орманның өсуінесөзсіз қолайсыз.Мұнда глейлі-батпақы шөптер ,мүктер қыналар
өседі.Ал оңтүстікке жылжыған сайын орманды зонаға шекараласбөлігінде,
әсіресе өзен бойларында орманды-тундра зонашасы орын алады.Табиғат жағдайна
сай мұнда өсетін өсімдікьер де шамалы .Негізінен қына мен мүк ,қышқыл өлең
шөптер, бұталарбқара бүлдірген өніп-өседі,ал оңтүстікке таман жылжыған
сайын тапал қайын, шілік және басқа ағашар өсетін орманды-тундра
басталады.Дегенмен бұл жерлердің де ағаштары мардымсыз.
Тундра топыраға тоңның әсерінен әр түрлі бөлшекке бөлінетіңыдырмалы ,
батпақты- күлгінді болып келеді.
Бұл зонада негізінен бұғы шаруашылығы жақсы дамыған. Егіншілік жоқтын
қасы. Кейбір жел тимейтін ықтасын жерлерге топырақты дұрыстап өндеп,
тындайтқыштар енгізіп, көң төгіп, аз мөлшерд ерте пісетін көкеніс, басқа
да дақылдар егуге болады .Ал жабық жылытқысы бар қондырғылыарда
көкеністерді жыл бой өсіруге болады.
2.Бореалды белдеу. Орманды зонаның күлгінді және шымды-күлгінді
топырақтары. Тундраның оңтүстігіне қарай өте кең алқапты орманды зонасы
аалып жатыр.Оның көлемі ТМД елдерінің , негізінен Ресейдің территориясының
52%-ке жуық (11520 мың км2).Негізінен орманды тайга. Зонаның 20%-ке жуығы
батпақты жерлер. Олар ойпатты Сіьір, Беларус,Балтық бойы аймақтарын
қамиды.Бұл аймақта да өткен дәуірлерде түгелдей мұз жатқан.Сондықтан мұз
әсерінің қалдықтары әлі сақталған.
Бұл зонаның да ауа райы салқын, дегенмен тундрадан көп жылы.Қысы ұзақ,
әрі суық қатты болса , жазы қысқа , жылына жерге 350-900 мм-дей мөлшерде
ылғал түседі.Булану аз болғандықтан , түскен осы ылғалдың өзі мөлшерден
артық юолып топырақ қабаттарындағы суға ерігіш және басқа да заттарды
топырақ астына шайып әкетеді. Ал мұның өзі біраз жерлерде батпақты
аймақтардың пайда болыуна әкеп соғады.
Кең алқапты зонаның батысынаң шығысына қарай ауадан түсетін ылғал
азайып, күн суыта түседі.Бұл заңдылық Қиыр Шығыста, мұхит жағалауында
бұзылып, мұнда ауадан түсетін ылғал да молайып , ауа райы да біршама
жылынады.Дегенмен жалпы зона бойынша бір типке жататын топырақ түзіледі.
Себебі зонаның Батысы мен Қиыр Шығысындаауадан түсетін ылғал молырақ
болғанына қарай орташа температура жылырақ, булану мол (3- кесте )
болады.Әрине әр аймақтын табиғиклиматтық ерекшіліктеріне сәйкес
топырақтардың да жергілікті провинциялық өзгешіліктері анық байқалады.
Орманды зонаның кейбір пункттерің климаттық көрсеткіштері
(Ресейдің агроклиматтық анықтамасы бойынша)
№ Мәліметтер Орташа жылдықҚантар Шілде айының Орташа
алынған қалалар t айының орташа t жылдық
орташа t жауын-шашын
,мм
1 Калинград 7 -2,7 17 700
2 Мәскеу 3,7 -10,8 18 620
3 Пермь 1,2 -16 18 610
4 Тобол 0,3 -19,3 17,8 449
5 Якутск -10,4 -43,5 19 208
6 Қиыр Шығыс 4,6 -13,5 20,6 540
(Владивасток)

Зонаның әр алқаптарындағы қар жамылғысының қалындығы да әрқалай.
Еуропалық бөлігінде оның қалындығы –орта есеппен 50-60 см, Сібірде 20-30
см.Сібірдің қары жұқалау болғанымен, ауа райы өте суық, муңда мәнгі тондар
жатыр,жаңбыр жазда мол жауады. Жалпы жер юедеріне келсек , Енисей өзеніне
шейін жазықтық , ал одан шығысқа қарай таулы аймақтар. Сонымен зонаның
жалпы 64%-жазық алқаптар,таулы алқаптарда зона территориясының 36%
орналасқан.
Зона жерін негізінен орман алып жатыр.Оның солтүстігінде суыққа
төзімді қылқан жапырақты ормандарға ұласады. Шырша , сәмбі тал, қарағай ,
кей жерлерде емен , жабайы жүзім, шетен және қайын , көктерек өседі.Шөбі
жайқалған шабындықты жерлер және батпақты аймақтар да ұшырасады.Жауын-шашын
мол вегетациялық уақыт жеткілікті болғандықтан.
Топрақтын жоғарғы қабаттарынан шайылып , сіңген заттар топырақтар
астында 50-60 см терендікте немесе одан да төменде жиналады. Бұл аймақтың
топырағы негізінен төмендегідей үш зонашаға бөлінеді: күлгінді , шымды-
күлгінді және шымды-шалғынды топырақтар.
Күлгінді топырақтар. Топырақтар күлгінді қаюаты орман төсенішіне жабық
жатады.Орман төсенінішінің қалындығы 7-8 см (А1).Бұл қабаттың төмен айрықша
(А2) күлгіді ұнға ұқсаған ақ қабат жатады.Күлгінді қабаттың қалындығы 30-
35 см –дей. Бұл қабаттан қышқылған, суға еритін жылжымалы заттардың барлығы
шайылып кеткенімен, онда суға аз еритін кремнии қышқылы қалады.Күлгіді
қабаттан кейін топырақтың иллювиалды(жиналмалы В) қабаты басталады. Бұл
қабаттың тереңдігі 80-90 см-ге дейін жетеді. Түсі қызғылт-қоныр, тығыздығы
қатты. Топырақтың бұл қабатына жоғарыда жатқан А2 қабатына темір мен
алюминийдің тотықтыры жиналады, ал тез жылжитын заттар бұл қабаттарға дейін
өтеді.
Шымды-күлгінді топырақтардың күлгінді топырақтардан айырмашылығы сол,
мұнда орман төсеніші жөнді емес, қалындығы небары 2-3 см ғана.Төсенішті өзі
сынып түскен , шіріген ағаштар мен қуруған шөптердің қалдықтарына тұрады.
Бұл төсеніштен кейін шымды қабат басталады.Оның түсі-қоныр-
сұр,қалындығы10-20 см.Бұл қабатта негізінен шөптердің тамырлары таралған.Ал
одан кейін аса дамымаған күлгінді қабат жатыр.Тек қана шалғын шөп өсетін
ормансыз жерлерде шымды-шалғынды топырақтар кездеседі. Бірақ бұл зонада
олар көп емес.Оның біразын шалғынды батпақты топырақтар алып жатыр.
Өсімдіктер үшін қоректік заттарға бұл зонаның топырақтары кедей, оның
қарашірігі де өте аз (0,5-1,5%) , топырақт ортасының реакциясы (pH-4.5-
5.5).
Бұл зонада ТМД елдерінің негізгі орман шаруашылығы дамыған. Егін ,
бау-бақша егуге зонаның батыс Еуропалық жақ бөлігінде тек 4,5-5,-% жер
игерілген.
Хлық тығыз орналасқан Мәскеу,Санк-Петербург, Балтық бойы
мемлекеттері, Беларус аймақтарндағы зонаның көп жерлері көптен
егіншілікке игеріліп , топырақтары жақсы өнделіп, тыңайтқыштар еңгізудің
нәтижесінде қолдан мәденленген топырақтарға айналып жақсы өнімдер беруле.
Бір жақсысы бұл аймақтарда ауадан түсетін ылғал еккен егістіктерді жақсы
қамтамсыз етеді. Сндықтан мұнда көптеген көкеністер, картоп, мал азықтық
шөптер, астық егістер тұрақты жақсы өнім береді. Тек бұл аймақтарда күн
көзін мол пайданалатын дақылдар егілмейді.
3.Суббореалды белдеу. Орманды –дала зонасындағы сұр және
сілтітісізденген қара топырақтары. Күдгін топырақты зона мен қара
топырақты зоналардың арасында жіңішке болып ирелендеп , батыстан шығысқа
қарай созылып , өтпелі зона- орманды-далалы, орманның сұр және шалғынды-
даланың сілтісізденген қара топырақтары жатыр.Бұл негізінен ормандар мен
ормансыз шалғынды шөп өсетін алқаптардың топырақтары.Жалпы орманды- дала
зонасынсың көлемі 150 млн. Гектардай немесе ТМД елдерінің 6,8%-ін қамтиды.
Орманды территориаларда орманның сұр топырағы , ал ормансыз жерлерде
шалғынды қара топырақ пен сілтісізденген қалын қабатты қара топырақ
таралған.
Ауа райы орманды зонадан жылылау , ал далалы зонадан салқындау.
Зонаның батыс бөлігі жылырақ және жауын –шашын молырақ ал шығысқа қарай
күн суыта түсіп , ылғал мөлшері азаяды.
ТМД елдеріндегі суббореалдық белдеудің жылылау әрі ылғалы молырақ
мұхит секторларына жақын орналасқан Батыс Еуропа мен Қиыр Шығыстың кең
жапырақты ормандары түбінде орманның құба топырақтары түзіледі. Батыста
бұл Карпат тауларының етектері, Калининград облысының жерлерін, Беларусь
пен Литва мемлекеттерінің батыс бөліктерін, шығыста теңіз жағалау
өлкесінің таулары арасындағы ойпаттарын, Хабаров өлкесінің және Амур
облысының оңтүстіктерін қамтиды. Бұл топырақтардың жалпы көле мі 20 млн
гектардай жерді алып жатыр.
Бұл зонаның топырақтарында қоректік заттар мол, физикалық қасиеттері
қолайлы, құнарлы келеді.Орманның сұр топырағының құрамындағы қара
шіріндінің мөлшері 2 – 6 % , ал шалғынды қара топырақтарда қара шірік
мөлшері 10 %.Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жыртуға жарамды сапасы орта жерлер
Жер бетінің биогендік компоненттері Жер шарының топырақ жамылғысы, таралу заңдылығы
Жыртуға жарамды сапасы орташа жерлер
Белдеулер
Жазық жерлердң топырақтары
Қазақстанның топырақтары мен табиғи зоналары және олардың сипаттамалары
Тау топырақтары
Қазақстан топырақтарының экологиясы
Топырақ — табиғат көркінің айнасы
Топырақтану және топырақ географиясы
Пәндер