Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тіл білімі және салалары



МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Тіл білімі және салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
3. Тіл қоғамның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
4. Тіл , ойлау және сөйлеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Тіл білімінің басқа ғылымдармен байланысы, тіл білімі және салалары
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Тіл білімі және
салалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...4
2. Тіл білімінің басқа ғылымдармен
байланысы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .10
3. Тіл қоғамның
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .12
4. Тіл , ойлау және
сөйлеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..14
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 15
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .16

КІРІСПЕ

Қазақ тіл білімінің даму кезеңдерінде әсіресе, Қазан төңкерісінен
кейінгі онжылдық ерекше аталады. Қазақ әдеби тілінің Кеңес дәуіріндегі
дамуын мерзімді баспасөз тілінің негізінде зерттеген С. Исаев: Совет
өкіметінің алғашқы жылдарының өзінде–ақ көркем шығарма тілінің дамуымен
қабат ресми стильдің көрінісі ретінде ғылми шығарма, публицистикалық
шығарма, баспасөз тілі өз алдына жеке қалыптасып дами бастады, - деп жаза
отырып, мынадай қорытындыға келеді: Совет дәуіріндегі газет-журнал тілін
зерттеудің нәтижесінде жазба тіліміздің бір ізге түсіп, нормалана бастауын
да байқай аламыз. Басқасын былай қойғанда, тіпті 1920 жылдардың бас кезі
мен аяқ кезіндегі газет-журналдың тілінде біраз айырма байқалады. 20
жылдардың аяқ шенінде баспасөз тілінің екшеленіп, сараланып, қажетсіз
элементтерден арыла түскенін көреміз. Әсіресе, кітаби тіл дәстүрінің
элементтері құлдырап, кеми бастағанын анық байқауға болады
20-жылдары А. Байтұрсынұлы бастаған қазақ зиялыларының ғылым тілін ана
тілінде қалыптастыру жөніндегі бастамалары ғалымдарымыздың айрықша назарын
аударатындығы ілгеріде де айтылды.
Сөз мәдениеті пәнінің қазіргі жай-күйі алдымен қазақ тіл білімінің
өткендегісімен және бүгінгі даму деңгейімен, жалпы тілтанымдағы дәстүрлі
парадигмалардың жаңа парадигмаларға ығысып орын беру үрдісімен де
байланысты. Қазақ сөз мәдениетінің пән ретінде қалыптасуының алғышарты
ретінде әсіресе қазақ тілі бойынша жазылған алғашқы оқулықтар мен оқу
құралдарында (А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев,
С.Аманжолов т.б.) грамматикалық, орфографиялық, орфоэпиялық нормалардың
ереже түрінде берілуі әдеби тілдің кодификацияланған нормаларды
қалыптастыруда маңызы ерекше болды

1. Тіл білімі және салалары

Жалпы түркологиядағы сияқты қазақ тілі білімінде де ерте заманнан
бері сөз болып келе жатқан бірнеше салалар бар. Олардың қатарына тілдің де,
ол туралы ғылымның да негізіне жататын фонетика, лексикология, грамматика
деп аталатын салалар жатады. Бұл үшеуінің әрқайсысы өз ішінен әртүрлі тарау-
тармақтарға жіктеледі. Енді аталған үш салаға жеке-жеке тоқтала отыра,
олардың зерттелу тарихын сөз етейік.
Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдық
бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер
жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады.
Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр
дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі
болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе Орхон енесей жазуы деп
аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі
қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден
ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес.
Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген
пікір айтады. Түркі халықтары қолданған жазудың екінші түрі — көне ұйғыр
жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі
әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде
қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс
графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі
халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің
дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол
қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында
қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан
оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол
себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне
сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі
халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына
қызмет етіп келді.
Түркі халықтары графикасының XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы
өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:
Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне
сәйкестендіріп қолдану кезеңі:
Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.
Латыннан крилл жазуына кешу.
Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының
көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген
істер арқылы да байқатуға болады.
Фонетика ғылымының дамуы. Тілмен танысу, оны үйрену я үйрету атаулының
барлығы да алдымен оның дыбыстық құрамын, дыбыстың түрлерін, қалай айтылып,
қалай таңбаланатынын айқындаудан басталатыны белгілі. Осы себептен де болар
өткен ғасырлардан басталатын түркі тілімен танысу бағытындағы алғашқы
қадамның қай-қайсысында болса да фонетика мәселелеріне қатысты алды-көпті
пікірлер кездесіп отырады. Тіпнті сонау Гиганов, А. Левшин„ Халфин,
Қазамбектердің, олардан берірек шет ел түркологтары Г. Дерфер, М. Рясянен,
В. Котвич, орыс түркологтары В. Радлов,. Н. Ильминский, П. Мелиоранский т.
б. жазған оқулықтардың, халықпен таныстыру мәніндегі әр түрлі мазмұнды
жазбалардың көпшілігінде сөз болып отырған халық тілінің дыбыстық жүйесіне
қатысты айтылған азын-аулақ пікірлер кездесетіні аян. Бұлардың барлығын
бірдей түркі фонетикасының дамуына қосылған үлес деп санамағанымызбен
түркологияның бұл саласын қалыптастырудағы алғашқы қадам демеске лаж жок.
Теңіз тамшыдан құралады дегендей ғылым атаулының қай-қайсысы да осындай
бастамадан, алғашқы қадамнан жүретінін ескерген жөн. Өткен ғасырдан
бастауын алған түркі тілдері фонетикасы кеңестік кұрылыс дәуірінде әрі
қарап дамыды. Бұл мәселе кеңес өкіметі орнауының алғашкы жылдарынан бастап-
ақ практикалық мақсатта болса да кең арқаға түсті. Өйткені осының алдында
сөз болған графика мен орфография мәселелерін дұрыс шешу, сауатсыздықты жою
үшін тілдің дыбыстық құрамын, онын өзіндік заңдылықтарын білу қажет.
Осы қажеттілікті өтеу үшін С. Самойлович, Н. Дмитриев, С. Малов, И.
Батманов, Н. Баскаков, А. Кононовтар еңбек етті. Осылармен қатар түркі
республикаларындағы жергілікті ұлт кадрлары да қыруар жұмыстар істеді.
Олардың әрқайсысы туған тілдерінің дыбыстық жүйесік жан-жақты зерттеу
істерімен шұғылданды. Осындай зерттеулер арқасында кейінгі кездерде түркі
тілдері материалдарын молырақ қамтыған жалпы түркологиялық мәні бар кең
көлемді салыстырмалы-тарихи еңбектер жарық көре бастады. Олардың қатарына
Түркология секторы ғалымдарының күшімен 1984 жылы Мәскеудің Наука
баспасынан жарық көрген Сравнительно-историческая фонетика тюркских
языков атты енбекті, Щербактың 1970 жылы шыққан Сравнительная фонетика
тюркских языков, Черкасскийдің, Тюркский вокализм и сингармонизм,
Мельниковтың, түркі тілдері фонетикасын математикалық логика әдісімен
зерттеген еңбектерін жатқызуға болады.
Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық
құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен
говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және
типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді.
Жалпы түркологиялық мәні бар зерттеулердің қазақ тілі фонетистері
еңбектеріне де игілікті әсерін тигізетіні даусыз. Сондықтан да оларды қазақ
тілі фонетика ілімінің дамуына кіріспе ретінде алдық.
Отандық түркологиядағы сияқты фонетикалық зертлер қазақ тілі білімінде
де аз емес. Бұл салада тынымсыз еңбек етіп, елеулі із қалдырған ғалымдар
барлық. Қазан революциясына дейінгі дәуірдегілерден И.Ильминский, П.
Мелиоранский, В. Катаринский, ғасырымыздың бас кезінен бастап, 1927 жылға
дейін еңбек еткен А. Байтұрсынов, Кеңес дәуіріндегілерден Е. Омаров,
Т. Шонанов, X. Досмұхамбетұлы, Қ. Жұбанов, С. Аманжолов, Н. Сауранбаев, I.
Кеңесбаев, соңғылардан Ж. Аралбаев, С. Татубаев, Ә. Жүнісов, А-Қошқаров, т.
б. атауға болады.
Ғылыми фонетикамыздың дамуына аз да болса үлестерін қосқан басқа да
ғалымдар жоқ емес, біз солардың ішінен фонетика мәселелерімен кебірек
айналысқан, арнайы зерттеген және өздерін осы саланың маманымыз дейтін
ғалымдар еңбектеріне ғана тоқталдық.
Қазақ лексикологиясының зерттелуі.Бұл саланы қалыптастырып, дамытуда
түркологтар болсын, қазақ тілі мамандары болсын әлем лингвистикасында
орныққан қағидаларға, сыннан өткен үлгілерге сүйенгендіктері, соларды
басшылыққа алғандары шындық.
Қай заманда болса да лексикология ғылымының, бастамасы тілдегі
сөздерді есепке алу, оның құрамындағы сөздердің мән-мағыналарын айқындау
істерінен, яғни әр түрлі сөздіктер жасаудан, басталған. Мұндай бастамасыз
тілдің сөздік құрамы туралы мәнді бірдеңелер айту мүмкін емес. Осы себептен
болар, лексикографиялық жұмыстың бастамасы көне заманға кетеді.
Казіргі заман лингвистикасы лексикографияның негізгі объектісі болып
есептелетін сөздіктерді, алды энциклопедиялық сөздік, лингвистикалық
сөздік, екі кесек топқа бөледі.
Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал
болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының
атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап,
лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл
саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып
орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік
саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік
мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға
мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік
лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері
мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды
бағыттарының бірі. Ол тіларалық байланыс жағдайындағы кез келген тілдің
өмір сүру формасына, қоғамдық қызметінің ауқымы мен сипатына қатысты
айқындалатын тілдердің қызмет ету ерекшеліктерін қарастырады”,- деп
анықтама береді. Тілдің қоғамдағы орны оның қатысымдық деңгейімен,
нормалану дәрежесімен, құқықтық мәртебесімен, конфессиялық ерекшелігімен,
оқытылу, меңгерілу сипаттарымен өлшенеді.
Ғалым С.Аманжолов зерттеулерінің желісі тілдің қоғамдық ерекшелігіне
шоғырланған. Автор тілдің барлық белгілерін оның қоғамдағы орнымен,
әлеуметтік өзгешелігімен байланыстырды. Автор тұжырымдарының басым
көпшілігі лингвистиканы қоғамдық ғылым ретінде қарастыруға саяды. Адам
қоғамына мән бере келе, оның мүмкіндігін жоғары бағалай отырып, ғалым тек
қоғам бар жерде ғана тіл өмір сүреді, оны зерттеп, өркендетер тіл ғылымы
дами алады деп түйіндейді. Осыған сәйкес, кез келген тіл білімінің саласын
С.Аманжолов “адам қоғамының зор табысы, ғылыми жетістігі” деп дәйектеді:
”Мыңдаған жыл өмір сүрген адам баласының дүние тануына үнемі қызмет еткен
тіл, тек қарым-қатынастың құралы ғана емес, ол дамудың да және. күрестің
де құралы болуымен қатар, грамматика сияқты адам баласына зор қызмет
істейтін өте маңызды ғылымды тудырды. Бұл ғылым адам баласының ұзақ
өміріндегі тұрмыс үшін күрес жолында жасаған тәжірибелерін, ойлауының ұзақ
уақыт абстракциялануы арқасында топшыланған жетістіктерін қорытқан да білім
болып отыр”. Ғалымның жоғарыда келтірілген үзіндісінде “адам баласы” деген
тіркес қатарынан үш рет кездеседі. Тілші көпшілік назарын тілдің қоғамдық
маңыздылығын, оның табиғи әрі танымдық ерекшелігін, функционалды сипатын
тіл арқылы айқындауға бағыттаған. Осы орайда, қоғамдық факторлармен бірге
зерттеуші тілтанымдық құралдарға зер салды, ол тілдік амалдарды тек қарым-
қатынас функциясында ғана емес, дүниені тану, тәжірибе жинау, ойлау, білім
алу негізі деп сұрыптау қажеттігін ескертті. Құрылымдық типология
тұрғысынан барлық тілдер тең дәрежелі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіл білімі ғылымы туралы түсінік
Тіл білімі тарихы пәні бойынша ОҚУ-ӘДIСТЕМЕЛIК КЕШЕН
Тіл білімі тарихындағы негізгі кезендер
Тілдің пайда болуы және жалпы тіл білімі
Тіл білімі туралы жалпы түсінік
Тіл білімі және оның салалары
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Жалпы тіл білімінің нысаны мен негізгі проблемалары, салалары
Тіл білімін зерттеу әдістері
Әлеуметтік лингвистика. Әлеуметтік лингвистикаға қатысты көзқарастар
Пәндер