Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін


Пән: Жалпы тарих
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   

Ресей тарихы көне заманнан бүгінге дейін

Сіздердің алдарыңыздағы Ресей тарихынан емтиханға дайындалуда көмек көрсететін оқу құралы.

Авторлар материалдарды Ресей тарихы бойынша жоғарғы оқу орындарында тапсырылатын емтихандарды ескере отырып жинақтады

Сонымен қатар, соңғы жылдары Ресей Федерацияның жоғарғы оқу орындарында осы пән бойынша емтихан қабылдау тәжірибесі де ескерілді:

Оқу құралында тарихи материал қысқаша баяндалады, көбіне отандық тарих мәселелеріне баса назар аудырылады. Оқу құралы ең алдымен, Ресей тарихы бойынша базалық білім береді және фактілер, оқиғалар, ұғымдар арқылы тарихи үрдістің қалай жүргенін жете түсінуге мүмкіндік береді.

Студенттерге емтиханға дайындалуда оқу құралына енгізілген анықтамалық материалдар, тарихи терминдер мен ұғымдардың анықтамалық сөздігі, маңызды оқиғалардың хронологиялық кестесі, сондай-ақ, персоналийлер үлкен көмек көрсетеді. Хронологиялық кесте және сөздік фактілер мен оқиғаларды есте сақтауға көмектеседі.

Оқу құралында басқа оқулықтар мен оқу құралдарында толық берілмеген тақырыптар ашып көрсетіледі. Сондай-ақ, дискуссиялық сұрақтар беріліп, ол өз кезегінде студенттердің тарихи оқиғаға байланысты көзқарастарының қалыптасуына септігін тигізеді.

Оқу құралының бір бөлігі Ресей мәдиниетіне арналған.

Бұл мәдени үрдістердің ғасырлар бойы қандай дәрежеде жүргендігін бақылауға мүмкіндік береді

Сондай- ақ, оқу құралында барлық бөлімдерге байланысты тест тапсырмалары берілген. Олар студенттердің білімдерерін тексеруде және оны бекіте түсуде көмек береді.

Емтиханда студент келесі нәтижелерді көрсетуі қажет :

  • Материалды жетік білуі.
  • Тарихи түсініктер мен термендерді білуі.
  • Тарихи оқиғардың арасына байланыс орната білуі.
  • Фактілерге сараптама жасап, өз қорытындысын шығару.
  • Тарихи картамен жұмыс істей алуы.
  • Маңызды тарихи оқиғалардың хроналогиясын білуі.

Авторлар емтиханға жақсылап дайындалуда бұл оқу құралы сіздерге көмекші болады деп сенеді.

Оқу құралын А. И. Геруен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің әлеуметтік ғылымдар факультетінің оқытушылары : В. В. Баранов ( I - IІ, XII - XV тараулар ), И. М. Николаев ( IV - VII, XV ), Б. Г. Рожков ( VII-XII, XV тараулар, тестер ) жазды.

І тарау. Ежелгі Русь

Славян әлемі. Ежелдегі шығыс славяндар

Шығыс славяндардың тарихы тереңде жатыр. Олар үндіеуропалық тіл тобына жатады, ал олардың әуелгі отандары Карпат тауларының солтүстік беткейі болып табылады. Шығыс славяндары венедтер, славяндар немесе атпен византиялық деректерде келтіріледі. Карпаттан славяндар оңтүстікке, Солтүстік - батысқа және шығысқа жылжып, славян тайпаларының 3 бұтағын құрды : оңтүстік ( балқан славяндары ), батыс ( чех, морав, поляктар ), және шығыс. Шығыс славяндар VI - VII ғасырларда Днепрге келіп, кейін біртіндеп Ильмень көліне және Оканың жоғарысына жетті.

Славяндардың қөші-қоны басқа тайпаларға, ең алдымен, литва және угро-фин тайпаларына тәуелді болды. Славяндардың ертедегі тарихына көшпелі халықтардың көші-қоны да әсер етті ( готтар-ІІІ ғ., ғұндар-VI ғ. ) .

VI ғасырдан бастап дала зонасында түркі тілді тайпалардың белсенділігі арта түсті, олардың қатарына аварлар жатты. VIII ғасырдың ортасында Днепр маңындағы славяндар Каспий маңы мен Қара теңіз маңына бекіп алған хазарларға тәуілділікке түсті. Хазар мемлекетіне (қағанатына) әр түрлі тілде сөйлеп, әр түрлі діндер ұстанатын халықтар кірді, дегенмен Хазар қағанатындағы басқарушы тап иудаизмді ұстанды. Днепр бойы, Дон, Еділде өз биілігін орнатқан хазарлар және т. б. тайпалар белсенді түрде сауда жүргізе бастады. Жаулап алушы хазарлар мен бағынышты славяндар арасындағы қатынастар тұрақты болмады.

Шығыс славяндардың көршілері варягтар болды, олар да шығыс славян тайпаларының дамуына септігін тигізді.

Славяндар және басқа халықтар варягтар деп Скандинавиядан шыққан нормандарды атады. ІХ ғасырдан бастап олардың әскери және сауда дружиналары шығыс славяндардың жеріне келді. Олардың Византия қызықтырған еді (гректермен және арабтармен сауда жасау, табыс табу жолында әскери шапқыншылықтар жасау ) .

Шығыс славяндардың тұрмысы мен айналысқан істері

Славяндарда ұзақ уақыт бойы патриархалды тайпалық тұрмыс сақталды. Әрбір тайпа рулардан тұрды, яғни бір - біріне туыс отбасылары бірге тұрып, жалпығы орта меншік иеленген және оларды ақсақалдар басқарған. Ру ақсақалдары өз руларында үлкен беделге ие болды, ал вече (кеңес) тайпаның барлық мәселерін шешті.

Отбасыларының шаруашылық әрікеттері біртіндеп күрделене бастаған кезде ру қауымдастығының орнына көршілік қауымдастық (вервь) келді. Вечеде барлық отбасы өкілдері жиналды және жалпы істерді шешу үшін ақсақалдарды сайлады. Осылайша, көршілік қауымдастыққа туысқан адамдар емес, әртүрлі руларға жататын отбасылар кірді. Сауданың дамуына байланынысты славян қалалары бой көтере бастады. Киев- паляндарда, Чернигов-солтүстіктегілерде, Любич - радимичтер, Смоленск -кривичтерде, Новгород-ильмен славяндарында т. с. с. қалаларда саудамен айналысатын адамдарды қорғау мақсатында дружиналар құрылды. Мұндай дружиналардың басында, көп жағдайда варягтардан шыққан конунгтер тұрды (князьдер) . Олар біртіндеп қалалардағы биілікті басып алып, беделді князьдерге айнала бастады.

Көне орыс жылнамасы “Повесть временных лет” жылнамасында мұндай варяг князьдіктері, Киевте Аскольд және Дирдің бастамасымен, Новгородта Рюрик, Полоцкіде Рогволдтың ықпалымен құрылғаны жайлы айтылады.

Славяндардың негізгі бөлігі қалашықтарда өмір сүрді. Олар әрдайым суға жақын жерлерде - өзен - көлдердің маңында орналысқан.

Славяндардың негізгі шаруашылығы жер өңдеу болды. Сондай-ақ, славяндар мал шаруашылығымен айналысты, алайда қолайсыз климат жағдайына байланысты ол және аңшылық кең таралды.

Славяндар табиғи күштері мен қайтыс болған ата-бабаларын, көк аспан мен жерді құрмет тұтты, яғни пұтқа табынды.

Көк аспан сварог, ал, найзағай мен күннің күркіреуін перун деп атады. Перун соғыста жеңіс әкеледі деп сенді. От пен күннің жақсылық әкелетін күші Дажьд құдай, ал олардың жамандық әкелетін күш иесін Хорс деп атады. Дауыл мен жел құдайы Стрибог болды.

Ежелгі славяндар табиғаттың кез келген құбылысын құдайдың әрекеті деп қабылдап, түрлі құрбандықтар шалып отырды. Славяндарда ғибаратхана

(храм) болмады. Олар көп уақытқа дейін құдайлардың бейнелерін салған жоқ. Кейінірек олардың ағаштан жасалған тұрпайы бейнелері (идолдары) жасалатын болды.

Құдайлар мен адамдарды байланыстырушы абыздар да болмады. Құрбандықты кез-келген адам шала алатын. Солай бола тұрса да, славяндарда қалауын біле алатын адамдар - валхва - верундар немесе кудесниктер болды.

Шығыс славяндарда мемлекеттің құрылуы

Мемлекеттің пайда болуы - қоғамның дамуынадағы заңды құбылыс. Ол өте ұзақ үрдіс болып табылады, сол себепті өмір сүрудің мемлекеттілік формасына өткенде болатын кез-келген оқиға маңызды.

Алғашқы қауымдық қоғамдар адамдар 2 принципке сүйеніп өмір сүрді. Және кімнің қуаты күшті болса соған.

Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүрлерге келіспеушілік сирек кездесетін. Алайда, алғашқы қауымдық қоғам бірдендеп өзгере бастады. Жеке отбасы ру қауымдастығының көзқарасымен санаспайтын болды. Жаңа әрі біршама күрделі тәртіптер жүйесін жасау қажет болды. Жеке меншік теңсіздігі пайда болды, адамдар өмір сүру қажеттіліктерін өтеудің басқа жолдарын іздестіре бастады. Мысалы, табыс табудың әскери жорықтар жасау сияқты жолы.

Әрине, мемлекеттің пайда болуында экономикалық фактордың орын алғанын жоққа шығаруға болмайды, алайда барлығын тек шаруашылықтың дамуымен байланыстырған да дұрыс емес. Мемлекет қоғам мүшелерінің көпшілігінде ру биілігін шектеу қажеттілігі туғанда пайда болады (дәстүрлер мен өз беделіне сүйенген ақсақалдардың патриархалды билегін шектегенде) . Мемлекетттік биліктің алғашқы кездердегі қызметі Сот пен соғыс болған еді ( қауымдастыққа кіретін адамдарды қорғау, қауіпсіз сауда қатынастарын қамтамасыз ету, көршілерге шабуылдар жасау ) .

Киев Русінің құрылуы ІХ-Х ғасырларда Солтүстік, Орталық және Шығыс Еуропа территориясында жүзеге асты. ІХғасырдың бірінші жартысында Ұлы Морав князьдігі, ІХ-Х ғасырда Чех князьдігі құрылды. ІХ ғасырдың екінші жартысында Ежелгі поляк мемлекеті құрылды. ІХ ғасырда Хорватия мен Серб жерлерінде мемлекеттілік пайда болды. ІХ ғасыр біріккен Англосаксон корольдігі, ІХ ғасыр Дат мемлекеті құрылды.

VII-IX ғасырларда шығыс славяндарда рулық құрылым мүлде жойылып, мемлекеттіліктің құрылуында кедергі болған жоқ. Көршілік қауым бұрынғы тайпалық дәстүрлерге сүйеніп билік жүргізе алмады. Өткені, олар өздерінің қауіпсіздігін сақтауға да әлсіз болған еді. ІХ ғасырда князь билігі біртіндеп күшейе түсті. Бұл үрдіс сыртқы факторлардың әсерінен жылдамдады. Шығыс Еуропалық жазықтың солтүстігінде варягтар шабуыл жасап тұрды, оңтүстігінде славян және түрік тайпалары өзара қарым - қайшылықта болған еді.

Тарих ғылымында славяндарда мемлекеттіліктің пайда болғаны туралы пікірталас бұрыннан -ақ қалыптасқан.

Көптеген жылдар бойы нормандық теория беделге ие болып кеоген еді. Бұл теория бойынша шығыс славяндарда мемлекетті Скандинав әскерлері құрған. Славян қоғамындағы саяси үрдістерге варягтардың тікелей қатысы болғандығын да теріске шығаруға болмас. Дұрысы, шығыс славяндарда мемлекет Скандинавтықтардың арқасында емес, олардың қатысумен арқылы құрылды.

“ Повести временных лет ” жылнамашысы 862 жылы новгородтық ақсақал Гостомыслдың өзінен кейін ұрпағы болмай, Новгородқа норман князі Рюрикті шақырғаны жайлы айтады. Рюрик қалаға бекініп, билік жүргізе бастайды. Ол қайтыс болғаннан кейін билікті варяг қолбасшысыларының бірі Олег басып алады. 882 жылы Олег Киевке жарық жасайды. Ол кейін Киевті өзінен ертерек басып алған варягтар Аскольд пен Дирді өлтіреді. Киевті басып алу “варягтардан бастап гректердің жеріне” дейінгі территорияны біріктіруге мүмкіндік берді. Киев төңірігіне көптеген шығыс славян тайпаларын біріктіру оңайға соққан жоқ. Киев князінің билігі алым жинау мен тайпалар арасындағы қарама - қайшылықтарды шешуге келіп тірелді.

Олегтің өлімінен соң биілік Рюриктің баласына Игорьге көшті. Бұл князь тұсында 945 жылы оның тойымсыздықпен салық жинауына наразы болған халық бірінші рет көтеріліске шығып, князьді өлтіреді.

Игорьдің әйелі Ольга күйеуінің өлімі үшін кек қайтарғанымен, кейін алым жинауда жеңілдіктер енгізіп, оның жиналатын жері-погостаны бекітеді.

Осылайша, біртіндеп Киев билігінің астында Ежелгі Русь мемлекеті- Киев Русінің қалыптасуы жүзеге асты. Бұл ертефеодалдық мемлекет болды, өйткені мұнда рулық қауымның қалдықтары, әскери демократияның элементтері, “қанға-қан” арқылы кек қайтару әлі де болса сақталып қалған болатын.

Мемлекет басында Ұлы Киев князі тұрді, ол біршама беделді князьдер мен боярлардан тұрған кеңеске басшылық етті. Князь дружинниктері алым жинаумен, сот істерімен және т. б. ұсақ істермен айналысты. Князьге оның туыстары, ірі вотчиналарға иілік еткен боярлар вассалдық тәуелдікте болды. ІХ-ХІ ғасырларда халық жиналысы-вече белсенді жұмыс істеді.

Русьтің шоқынуы.

Шығыс славяндарда мемлекеттің құрылуы экономикалық және саяси өмірде ғана көрініс топқан жоқ, сонымен қатар рухани соның ішінде христиандық құндылықтарға араласудан.

Князь Владимир Святославич тұсында діни реформалар жүргізілді. Алғашында Владимир Ежелгі Русьтің пұтқа табынушылықтарын реформалауды ойлады. Бұл әртүрлі орыс жерлерінде табынатын құдайларды біріктіруге жасалған қарам боды. Алайда, пұтқа табынушылықты мемлекеттік дінге айналдыру жүзіге аспады.

988 жылы Владимир Византиядан христиандықты қабылдап, өзі шақынады, кейін өз боярларын шоқындыруға, біртіндеп бүкіл халықтың шоқынуына бұйрық береді. Русьтің шоқынуы адамдар арасында мемлекет ішінде және қоршаған әлеммен қатынастардың орлауына ықпал етті. Осы оқиғалардан Орыс православиелік шіркеуінің тарихы бастау алады.

Сыртқы саясат.

Феодалдық мемлекетті нығайтудағы тағы бір міндет Киев князьдерінің сыртқы саясаты еді. Олег, Игорь, Святослав, Владимир және т. б көрші жерлерді қосып алу саясатын жүргізді.

Русь әрдайым печенег, хазар, половец, сияқты көшпелі тайпалардың шапқыншылығына ұшырап отырды. Сондықтан, мемлекет шекарасын ұлғайту және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету сыртқы саясатағы негізгі міндеттер болды.

Олег пен Игорь Византиямен соғыс жүргізгені, 911 және 914 жылдары онымен келісім жасағандары белгілі. Олар жасаған жасықтың мақсаты әскери табысқа жету ғана емес, тиімді сауда қатынастарын орнату болды.

Светославтың жорықтары біршама әсер қалдырды. Оның тұсында Еділ бұлғарларына беріп, жиі-жиі Русьтің шекті аймақтарына шабуыл жасап тұратын Хазар қағанатын құлатты.

Владимир I тұсында көшпенділердің жорықтары көрініп тұруы үшін қамалдар тұрғызылды. Орыс дружиналар Солтүстік Кавказ бен Еділ арқылы Каспий тенізіне сәтті жорықтар жасап, шығыспен сауда байланыстарын кеңейтті.

Киев Русін нығайтуды Ярослав Мудрыйдың үлесі эор болды. Дегенмен, қарудың күшімен құрылған мемлекет берік болды. ХІ ғасырда князьдер мен феодалдардың арасындағы өзара қырқысу Русьтің бірлігін бұзді.

Галич- Волын жері.

Ежілгі Русьтің шеткері оңтүстік - батысында Галич жері (Карпат маңында) және орналысты Волын жері (Буга жағалауында ) орналасты : Бұл жерлерді көбіне Червон Русі деп атылды. Құнарлы топырақ бұл жерде феодалдық жеригерушіліктің ерте пайда болуына жағдай жасады. Русьтің оңтүстік-батысына боярлардың қуаттылығы тән, олар жиірек князь билігіне қарсы шығып тұрды.

Волын жерінде оқшаулану үрдісі ертерек жүрді. Мұнда 1134 жылы Владимир Мономахтың немересі Изъяслав билік басына келгенге дейін көп князьдер ауысты. Кейінірек Галич жері құрылды. 1099 жылы Владимир - волын князі Роман Мстиславич галич князі болып тағайындалғанға дейін жеке өмір сүрген еді. Осылайша, бірыңғай Галич- Волын князьдігі құрылды. Роман боярлар арасындағы өзара талас- тартысқа шек қойып, кейін тіпті Киевті биледі. Оның өлімінен соң бұрынғы тартыстарға половец поляк жәневенгр әскерлері жиірек араласыпотырды. Романның ұлы Даниил 1238 жылы қарсыластарына тойтарыс беріп, Русьтің шапқыншылықтары мен ордалық иеліг ету бұл князьдіктең өз бетіше саяси дамуын тоқтаты.

Владимир - Суздаль князьдігі.

Солтүстік-шығыс Русь көне Русь мемлекетінің шеткері аймағы болды, оны қалын ормандар қоршап жатты. ХІ-ХІІ ғасырларда бұл аймақтарға оңтүстік-батыс Русьтен және Новгород жерінен славяндар қоныс аудара бастады.

Бұл қоныс аудару половец шапқыншылықтарылады және боярлық вотчинаның күшеюімен байланыстырылады. Осы үрдіс ауыл тұрғындарының қатарын көбейтіп, жаңа қалалардың бой көтеруіне әкелді.

Бұл жердің әуелдегі астанасы Ростов болды. Ярослав Мудрый Ярославльдің негізін қалады, сол кездегі жылнамаларда алғаш Суздаль аталады. 1108 жылы Владимир Мономах Владимир қаласының негізін қалады.

Князьдікті Всеволод Ярославич басқарды және кейін оның ұрпақтары, алдымен Владимир Мономах, одан соң баласы Юрий Долгорукий билік етті. Юрийдің тұсында Суздаль князьдіктің астанасына айналды. Оның баласы Андрей Боголовский феодалдық батыраңқылық кезіндегі қарапайым князь болды. Соғыстарда жеңіске қол жеткізіп Киевті басып алды, Новгородты бағындырды. Оның мақсаты Солтүстік-шығыс Русьті Киев Русінен оқшау ету болды.

1174 жылы Андрей қастандықпен өлтіріліп, билік үшін күресте оның ағайындыларының бірі большое Гнездо деген атқа ие болған Всеволод жеңіске жетті.

Новгород жері.

Русьтің солтүстік-батысында Новгород және Псков жерлері орналасты. Мұнда климат және біршама құнарсыз жерлер егіншіліклің дамуына кері әсерін тигізді. Князьдік династия мұнда орнаған жоқ. Князьге көптеген қызметтер жүктелді: дружина басшысы, сот істерін атқарушы. Сонымен берге, князьге көптеген шектеулер де қойылды, мысалы, қалалық басқару ісіне араласпады, Новгород жерлеріне иелік етуге құқығы болмады.

Новгородта биліктің жоғарғы органы вече халық жиналысы болды. Жоғағы Новгородтық топ боярлық болып табылды.

Новгород әрқашан сауда қаласы болды, сондықтан қаланың саяси өмірінде көпістер маңызды роль атқарды. Төменгі топ өкілдерін “ қара адамдар ” құрады: қалада - қолөнершілер, ауылда-шаруа қоғамдастығы. Новгород Софиялық және саудалық болып екіге бөлінді.

Вечеда негізгі қалалық биліктер: посадник, тысяцкий, владыка (архиепископ) сайланды. Сауда негізінен Батыс Еуропамен жүргізілді (Ганзей одағымен сауда келісімдері) Қала қолөнері өте жоғары деңгейде болды. Новгородтықтардың білімді грамоталар дәлел болады.

Моңғол - татарларға қарсы күрес және Алтынорда

билігінің орнауы.

ХІІІ ғасырдың басында Моңғол тайпаларының бірігуі жүрді. Оған негізінен Моңғолдардың қуатты империясының негізіне қалаушы Темүжіннің (Шыңғысхан) дипломатиялық және әскери әрекеттері жағдай жасады.

Моңғолдар алғашқы соққыны Сібір және Қытай халықтарына беріп, 1219 - 1221 жылджары оларды бағындырды, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Кавказ және половец даласына жорықтар жасады. Половецтердің бір бөлігін бағындырған соң, орыс далаларына жылжи бастады. Сол кезде половец хандарының бірі Котян орыс князьдерінен көмек сұрайды. Моңғол -татарлар 1223 жылы 31 мамырда Калка өзіні бойында орыс әскерін күйрете отырып, жеңіске қол жеткізеді.

1236 жылы Шыңғыс ханның немересі Батый орыс жеріне басып кірді.

Моңғол-татарлар, ең алдымен, Еділ бұлғариясын және даланың көшпелі халықтарының барлығын өз қоластына қаратты. Тұңғыш күйреген орыс қаласы Рязань еді. Владимир және Черников князьдері Рязаньға көмек көрсетуден бас тартып, қала 6 күннен соң алынады.

1238 жылы моңғолдар Ока өзіннің бойымен Владимир Суздаль жеріне жылжыды. Басты шайқас Каломнада болып, Батый төртінші күні Владимир қаласын алды. Владимир алынғаннан кейін Солтүстік-шығыс Русьтің қалалары бірінен соң бірі алына бастады. Князьт Юрий Всеволодович моңғолдар Владимирге енлмес бұрын өз князьдігінің Солтүстігіне әскер жинау мақсатымен кеткен болатын. 1238 жылы 4 наурызда Сити өзіні бойында орыс әскери жеңіліске ұшырып, князь Юрий қаза тапты.

1239-40 жылдары Батый Оңтүстік Руське жорыққа атанды. 1240 жылы 9 күн ішінде Киевті бағындырды.

Орыс халқы барынша күресті, алайда өзара талас-тартыс алауыздықтың болуы сәтсіздікке ұшыратып отырды.

1242 жылы Моңғолдар Еділдің төменгі ағысы бойында жаңа мемлекет- Алтын Орданың ( Жошы ұлысы ) негізін қалады. Оның құрамында Еділ бұлғарларының жері; половицтер жері, Қырым, Батыс Сібір, Орал маңы, Харезм Кірді. Орданың астанасы Сарай болды.

Моңғолдар орыс князьдерінен өздерін құрметтеуді талап етті. 1243 жылы алғашқы болып Алтын Ордаға сый-сыяпаты мен Владимир- Суздаль князі Ярослав Всеволодович келді.

Орыс князьдері Орданың жиі қонақтары болды. Олар мұнда “князь” титулын және жарлық алу үшін келетін еді. Моңғолдар өз мүддесін ойлап, орыс князьдерін жиірек бір - біріне қарсы қойып отырды.

Князь Александр Ярославич алтынордалықтармен жақсы қарым- қатынас орната білді.

Алтын ордаға тәуелділік, ең алдымен, алым төлеуден көрінді. Оның мөлшерін анықтау мақсатында тұрғындардың санағы жүргізілетін. Русьте алым - салықты жиналуын бақылау үшін Хан өкілі-басқақтар жібіріліп отырды. Ұлы басқақтың Владимирде резиденциясы болды. Орыс шіркеуі алым төлеуден босатылды.

Батыйдан кейін моңғалдардың 1252 жылы Суздаль князьдігін күйреткен жорығы жасалды. Жалпы, ХІІІ ғасырдың төртінші ширегенде Орда орыс жерін қаңыратқан 15 жорық жасады.

Алтын ордаға тәуелділік феодалдық батыраңқылық есебінен де жүзіге асырылды. Ел астанасы Киевтен Владимирге көшірілді. Князьдіктер өз ішінен бөлініп жатты: Владимир-Суздаль княздігінен 14 жаңа князьдік бөлініп шықты. Суздаль, Городец, Ростов, Тверь және Мәскеу князьдіктері ерекше маңызға ие болды. Князьдер Владимир «тағы» үшін өзара күрес жүргізді.

Неміс және швед феодалдардының Солтүстік - батыс

Руське қауып төндіруі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан, Хақназар хан
Ресейдің қазақ жерлерін басып көшуі
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Абылай ханның тарих сахнасына шығуы
Қазақстанның патшалы Ресейге бодан болуы
Түркітануға байланысты алғашқы зерттеулер
Түркітануға кіріспе
«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдарындағы қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресі
Ғасыр басындағы қазақ әдебиеті мен қазақ баспасөзінің, интеллигенцияның қалыптасуы
Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы және оның мәні
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz