Қазақстандағы қолма - қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру



ЖОСПАР:
Кіріспе 2

1 бөлім. Қазақстандағы қолма . қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру.
1.1 Қолма.қолсыз есеп айырысу қағидалары 3
1.2 Банктік шоттар ашу тәртібі 5
1.3 Қолма.қолсыз есеп айырысу құралдары. 7
1.4 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі. 11
2 бөлім. ҚР қолма . қолсыз есеп айрысу жүйесі
2.1 ҚР төлем жүйелерінің құрылымы және экономикалық мәні 12

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:

Кіріспе
2

1 бөлім. Қазақстандағы қолма – қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру.

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары
3
1.2 Банктік шоттар ашу тәртібі
5
1.3 Қолма-қолсыз есеп айырысу құралдары.
7
1.4 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі.
11
2 бөлім. ҚР қолма – қолсыз есеп айрысу жүйесі
2.1 ҚР төлем жүйелерінің құрылымы және экономикалық мәні
12

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

1
КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайда ақша шаруашылық өмірдің ажырамас бөлігі болып
табылады. Сондықтан материалдық бағалылықтар мен жабдықтар қызметтеріне
байланысты болатын барлық мәмілелер ақшалай есеп айырысудан тұрады. Ақшалай
есеп айырысулардың өзі екі формаға: қолма-қол ақшалармен есеп айырысу және
қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысуға бөлінеді. Қолма-қолсыз ақшаларды
қолдана отырып, есеп айырысуды ұйымдастыру нақты ақшалармен есеп
айырысуларға қарағанда біршама қолайлы. Мұндай есеп айырысу негізінде
айналыс шығындарын үнемдеуге болады.
Сондықтан да болар, қолма-қолсыз ақшалар айналысы жалпы ақша
айналымының едәуір бөлігін алады. Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар
барысы мынадай шаруашылық аумағында жүзеге асырылады:
-өнімді, қызметтерді және жұмыстарды сату;
-ұлттық табысты бөлу және қайта бөлуде;
-банк несиелерін алу және қайтаруда;
-бюджетке тиісті төлемдерді аударуда;
-халықтың ақшалай табыстарын төлеу және пайдалануда;
-басқа да банкаралық есеп айырысуларда.
Қолма-қолсыз есеп айырысулар толығымен банк мекемелері арқылы
ұйымдастырылатындықтан да, олардың кең көлемде қолданылуына банктердің
торабының ықпалы, сондай-ақ олардың дамуына деген мемлекеттің мүддесінің
ықпалы болады. Өйткені,банк – бұл қолма-қол және қолма-қолсыз ақшалармен
төлемдердің іске асатын орны. Банктегі ағымдық шоттарындағы жазбаша
түрдегі ақшалай қаражаттар қалдығы қолма-қолсыз ақшаларды бейнелейді.
Қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысу – бұл ақшалай қаражаттарды
төлеушілер мен алушылардың шоттарына байланысты жазбаша түрде жасалатын
ақшалай есеп айырысуларды білдіреді.
Сонымен қатар төлем жүйесі туралы түсінік, олардың мәні мен
құрылымына тоқтай отырып негізгі ерекшеліктерін ашу. Төлем жүйесі өз алдына
мынаны ұсынады:
қызметте иеленген материалдық және қаржы ресурстарының міндеттемелерін
аяқталуын;
әдістемелік жиынтық жолының көмегімен соңғы есеп айырысуының аяқталуын;
есеп айырысу процедурасын іске асыратын мекемелер мен кәсіпорындар
жүйелерін. Және де осы курстық жұмыста клирингтік төлем жүйесінің
ерекшеліктері мен маңыздылығын түсіндіру.
Осы курстық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы қолма – қолсыз ақша айналысы
мен есеп айрысу жүйесін зерттеп, маңызды салаларын анықтау.

2
1. Қазақстандағы қолма – қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру

1.1 Қолма-қолсыз есеп айырысу қағидалары

Шаруашылықтағы қолма-қолсыз есеп айырысулар белгілі- бір жүйеге
байланысты ұйымдастырылады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар жүйесі – бұл қолма-қолсыз
ақшалармен есеп айырысуларды ұйымдастыру қағидаларын, оларды ұйымдастыруға
қойылатын талаптарды, сол сияқты құжат айналымына байланысты есеп айырысу
әдістері мен формаларының жиынтығы.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды мынадай талаптарға сәйкес
келуі тиіс:
Біріншіден, өнімді сатудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін
бірқалыпты қаражат айналымына жағдай жасау;

Екіншіден, белгіленген мерзімде төлемді жүзеге асыруға деген
төлеушілердің жауапкершілігі;
Үшіншіден, қолма-қолсыз ақшалармен есеп айырысулардың өз
уақыттылығы, яғни уақытында есеп айырысуға тиістігі.
Біздің елімізде қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу жүйесін
ұйымдастыру негізі КСРО тұсында 1930-1932 жылдары несиелік реформа
барысында жасалған болатын. Содан бері, яғни 1993 жылдарға дейін еліміздегі
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар шаруашылықтың шығын механизміне
бағытталған түрде және экономиканы басқарудың әкімшіл-әміршіл әдістеріне
толық сәйкес келген болатын. Ол кездегі жұмыс жасаған қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар жүйесі, бірінші кезекте, өндіріске және өнімді жөнелтуге
байланысты өзінің жоспарлық тапсырмаларының орындалуына сәйкес, яғни
жабдықтаушылардың сақталуы кәсіпорынның өзінің алдындағы келісімшарттық
міндеттемелерінің орныдалуы үшін экономикалық мүддесі мен жауапкершілігінің
жоқтығын біршама дәрежеде орнын толтыруына мүмкіндік береді.
Бұл қағидалар әсіресе мыналарға қатаң қарайды:
төлеу орны – банк, яғни ол қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуды ұйымдастырушы және бақылаушы болады;
төлеу уақыты - өнімді тиеген соң немесе қызметті көрсеткен
соң жүргізілді, яғни мұнда аванс және коммерциялық несиенің қолданылуына
қатаң тиым салынды;
төлеу келісімі (акцепт) – төлеудің негізіне жатады;
төлеу көзі – сатып алушының меншікті қаражаты немесе банктік
несие, яғнионы алуға құқығы бар болса ғана;
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формасы, яғни олардың
пайдалану аумағы алдын ала анықталады.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулардың барлығы бірдей банк ішінде
айналымда жүретін төлем құжаттары негізінде жүзеге асырылады.
Бірақ аталып өткен қағидалар, сатып алушының төлем қабілетін және
несиелік қабілетіне қойылатын талаптарды ескермеді, соның нәтижесінде есеп
айырысуға қатысушылардың балансының өтімділігіне төлемдер кезегінің бұзылуы
кері әсер етті.
Кейіннен экономикамыздың нарықтық қатынастарға өтуі барысында қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысу формалары мен әдістері, оларды ұйымдастыру
қағидалары толығымен өзгерді. Қазіргі қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысуларды ұйымдастыру қағидаларына мыналар жатады:
Бірінші қағидасы – барлық шаруашылық субъектілердің ақшалай
қаражаттары банк мекемелеріндегі шоттарда сақталып, қолма-қолсыз ақшамен
есеп айырысулар сол шоттар негізінде жүзеге асырылуын көздейді.
Мұнда клиенттерге ақшалай қаражаттарды сақтау және аударымдар жасау
үшін

3
шоттар ашылды. Бұл аталған қағиданың жоспарлы шаруашылық жүйедегі бірінші
қағидадан айырмашылығын, барлық кәсіпорындар және ұйымдардың арасындағы
қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың банк мекемелері арқылы жүргізілуге
міндеттілігінен байқауға болады. Барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың ақшаны
банктегі шоттарда сақтауға міндеттілігі – бұл экономиканы әкімшіл-әміршіл
әдістер арқылы басқаруға ұқсас болып келеді. Нарықтың шауашылық жағдайында
банк арқылы есеп айырысуды жүргізу, шауашылық субъектілердің экономикалық
дербестігін және олардың өздерінің іс-әрекеттері үшін материалдық
жауапкершілігін ескеруі тиіс. Нарық жағдайындағы қолма-қолсыз ақшамен есеп
айырысудың бірінші қағидасының бұл жерде заңды және жеке тұлғаларға қатысы
бар екендігін ескерсек, өткен жүйедегі қағида, ақша айналысындағы нақты
және қолма-қолсыз ақшалардың а расындағы заңды түрдегі алшақтықтың болуына
байланысты, тек заңды тұлғаларға ғана қатысты болғандығын айта кету керек.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың үшінші қағидасы – нарық
формаларын таңдаудағы еркін және оларды банктің араласуынсыз шаруашылық
келісімшарттарында бекітуді көздейді.
Бұл қағида меншік формаларына байланыссыз кез-келген нарық
субъектілерінің келісімшарттық және есеп айырысу қатынастарын
ұйымдастырудағы қатынастардың нәтижелі болуы үшін, олардың материалдық
жағынан жауапкершілігін арттырудағы экономикалық дербестігін сипаттайды.
Бұл жерде банктің рөлі тек қана төлемдерді жүзеге асыруда делдал ретінде
көрінеді.
2000 жылғы 2 маусымдағы Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан
Республикасының банктеріндегі клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу
және жабу тәртібі туралы № 266 нұсқаулығына сәйкес төлеушінің төлем
операцияларының барлық формаларында бас субъектіге айналу тенденциясы
байқалады, себебі барлық қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу формаларында
төлеу туралы бастаманы төлеушінің өзі көтереді. Бұл шарт ел
экономикасындағы нарықтық қатынастардың талабына толық сәйкес
келеді.Сонымен қатар, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуды ұйымдастырудың
мынадай екі қағидасы қолданылады:
1) төлемнің мерзімділігі;
2) төлемнің қамтамасыз етілуі.
Төлемнің мерзімділік қағидасы – шаруашылық несиелік сақтандыру
шарттарында, ұжымдық шарттарда және Қазақстан Республика Қаржы
министрлігінің нұсқауларында көрсетілген мерзімдерге сәйкес есеп айырысуды
жүзеге асыру.
Бұл қағиданы бекітудің экономикалық мағынасы қаражат алушының
төленетін қаражатты уақытта ғана емес, яғни алдын ала келісілген мерзімде
аударуына мүдделі екендігін түсіндіреді.
Төлеу мерзімділігінің қағидасын енгізудің тәжірибелік маңызы бар
десе болады. Кәсіпорындар және басқа да раықтық қатынастар субъектілері
төлемдердің мерзімділігінің дәрежелері туралы ақппараттарға ие бола отырып,
өзінің ақша айналымын ұтымды пайдаланады және заемдық қаражатқа деген
қажеттілікті тура анықтайды және өз баланстарының өтімділігін басқара
алады.
Мерзімді төлем мынадай жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
сауда-салттық операцияларының басталуына дейін, яғни
жабдықтаушының тауарын жібергенге немесе қызметін көрсеткенге дейін, яғни
аванстық төлем түрінде;
сауда-саттық операциясы аяқталғаннан кейін, яғни төлеушінің
төлем тапсырмасы арқылы;
сауда-саттық операциясын аяқталғаннан кейін, біршама уақыттан
кейін – қарыздық міндеттемесіз немесе вексельді пайдалану арқылы
коммерциялық несие жағдайында.
Іс жүзінде мерзімінен бұрын, мерзімі кешіктірілген мерзімінен бұрын
ақшалай міндеттеменің орындалысын білдіреді
4
Мерзімі кешіктірілген төлемдер – бұл көзделген уақытта қарыздық
міндеттемесін орындай алмауына байланысты бастапқы мерзімнің уақытын
ұзарту, яғни жаңа мерзімді белгілеуді білдіреді.
Мерзімнен бұрынғы төлемдер – бұл келісілген мерзімінен бұрын ақшалай
міндеттеменің орындалысын білдіреді.
Мерзімі өткен төлемдер – бұл төлеушіде төлейтін қаржы болмауына
байланысты туындайды, сөйтіп төлем мерзімі жеткен кезде төлеушінің банктік
немесе коммерциялдық несие алу мүмкіндігінің жоқтығын сипаттайды.
Төлемнің қамтамасыз етілу қағидасы – бұл алдындағы мерзімділік
қағидамен тығыз байланысты. Себебі, төлемнің қамтамасыз етілуі төлем
мерзімінің сақталуы үшін ондағы

өтімділік қаражаттардың кепілдеме ретінде болуын білдіреді. Өтімділік
қаражаттарының сипатына байланысты жедел түрде және алдағы уақыттарды
төлемнің қамтамасыз етілуі бір-бірінен өзара ажыратылады.
Төлемнің жедел түрде қамтамасыз етілуі, төлеушіде бірінші класстық
өтімді қаражаттар сомасының болуын түсіндіреді. Бірінші класты өтімділік
қаражаттарға: ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді сипаттағы
ақшалай қаражаттар, сол сияқты оларды ұйымдастырудың сондай формалары
жатады.
Төлемдердің жедел түрде қамтамасыз етілуінің әр түрлі формалары
болады (оның ішінде клиенттің немесе банктің есебінен қосқан қаражаттар
түрінде).
Төлемдердің алдағы уақыттарда қамтамасыз етілуі төлемді
кепілдендіреді, шаруашылықтағы төлем тәртібін, сонымен қатар есеп айырысуға
қатысушылардың барлығының төлем қабілеті мен несиелік қабілеттігін нығайта
түседі.
Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысуға байланысты барлық аталған
қағидалар бір-бірімен өзара тығыз байланысты. Сондықтан да, бұл қағиданың
біреуінің бұзылуы басқаларының бұзылуына жол береді.
Демек, қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысу қағидалары – бұл қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысулар жүйесінің констриктивтік қасиетін немесе қолма-
қолсыз ақшамен есеп айырысуда ақшалардың төлем құралы ретінде қызиет етуін
білдіреді.

1.2 Банктік шоттар ашу тәртібі

Қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысулар бойынша операциялар клиенттердің
банктерлегі ашқан ағымдық және басқа да шоттарында көрсетілді.
Сонымен, қазіргі кездегі еліміздің екінші деңгейдегі банктерінде
шоттар ашу тәртібі 1998 жылғы 29 маусымдағы Ақшалай төлемдер мен
аударымдар туралы Қазақстан Республика заңына және 2000 жылғы 2 маусымдағы
Ұлттық банк Басқармасы бекіткен Қазақстан Республикасының банктеріндегі
клиенттердің банктік шоттарын ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы №226
нұсқаулығына сәйкес жүзеге асады. Осы нұсқаулыққа сай банктерде ашылатын
шоттар мынадай түрге бөлінеді: ағымдығы, жинақ және корреспондентік.[1]
Жоғарыдағы ережеге сәйкес Қазақстан Республикасындағы екінші
деңгейдегі банктерде шот ашу мынадай құжаттарды талап етеді:
1. Резидент – заңды тұлғалар үшін:
Жарғысының көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Филиалдар мен өкілеттік үшін, резидент-заңды тұлғаның басшыларына
берілген сенімхаттың көшірмесі;
Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер
үшін ҚР Қаржы министрлігінен рұқсат қағаз;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған, 3 дана);
Қол қоюшы тұлғаларға арналған бұйрықтың көшірмесі мен лоардың
төл құжаттары мен СТТН;
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісімшарт.
2. Бейрезидент – заңды тұлғалар үшін:
Мемлекет немесе орыс тілінде дайындалған Филиал немесе
өкілеттік туралы ереженің көшірмесі (нотариалды куәландырылған);
Статистикалық карточка;
Мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Филиалдар мен өкілеттік үшін бейрезидент-заңды тұлғаның
басшыларына берілген сенімхаттың көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған) 3 дана
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісімшарт.
3. Шаруа шаруашылығы:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Жерді пайдалануға жер бөлімшесін берутуралы құжаттық көшірме;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған) 3 дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі)
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісмшарт;
4. Жеке кәсіпкерлер үшін:
Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің
көшірмесі;
СТТН көшірмесі;
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған) 3 дана;
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісімшарт;
5. Шетелдік дипломатиялық және консулдық өкілеттер үшін:
ҚР Сыртқы істер министрлігінен берілген, оның
аккредитациясынан растайтын
құжаттың көшірмесі;

Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған) 3 дана:
Жеке куәлігі (көшірмесі);
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісімшарт.
6. Жеке тұлғалар үшін:
Жеке куәлігі (көшірмесі)
Қол қою және мөр басу үлгісі бар карточка (нотариалды куәландырылған) 3
дана;
Банктік шот ашу туралы өтініш;
Банктік шот туралы келісімшарт.

.[2] Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі ҚР
Ұлттық банк Басқармасының №179 қаулысы 2000ж

6

1.3 Қол-қолсыз есеп айырысу құралдары
Қазақстан Республикасы аумағында төлем құжаттарын пайдалану және
қолма-қолсыз төлемдер мен ақшалай аударымдарды жүзеге асыру ережесі туралы
Қазақстан Республика Ұлтық банк Басқармасының 2000 жылғы 25 сәуірде
бекіткен №179 қаулысына сәйкес, заңды тұлғалар арасындағы 4000 айлық есеп
көрсеткішінен асатын, яғни 3488000=(4000*872) теңге сомасынан жоғары
мөлшерде есеп айырысулар тек қана қолма-қолсыз тәртіпте жүзеге асырылуға
тиіс.[3] Осы сәйкес қолма-қолсыз есеп айырысуларда қолданылатынтөлем
құжаттарының түрлеріне мыналар жатады:
· төлем тапсырмасы;
· төлем талабы-тапсырмасы;
· инкассалық үкім;
· чекпен есеп айырысу;
· вексельмен есеп айырысу.
Аталған төлем құжаттарының мынадай өзіне тән көрсеткіштері болуға тиіс:
1) төлем құжатының атауы;
2) төлем құжатының номері, толтырылған күні, айы, жылы;
3) ақшаны аударушының толық аты-жөні және жеке идентификациондық
коды;
4) ақшаны аударушы банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондық коды;
5) бенефициардың толық аты-жөні және жеке идентификациондық коды;
6) бенефициар банктің толық аты-жөні және банктік
идентификациондық коды;
7) төлемнің тағайындалу коды;
8) санмен және жазбаша түрде берілген төлем сомасы;
9) төлемді немесе ақшалай аударымды жасайтын тұлғаның қолдары мен
мөрлері;
10) бенефициардың және ақшаны аударушының салықты төлеуші
ретіндегі тіркеу номері.
Төлем құжаттары өағаз және электрондық жолмен толтырылуы мүмкін.
Төлем құжаттарының дұрыс толтырылуына үлкен мән беріледі. Әсіресе, ондағы
төлемнің тағайындалу коды 1999 жылғы 15 қарашадағы Қазақстан
Республикасының Мемлекеттік классификаторы – төлемдердің тағайындалуының
бірдей классификаторын пайдалану ережесі туралы Қазақстан Республикасы
Ұлттық банктің Басқармасы бекіткен № 388 қаулысына сәйкес болуға тиіс.[4]
Төлемдердің тағайындалуының бірдей классификаторы Қазақстан
Республикасындағы ақша-несие және валюта саясаты, сыртқы қарыз, төлем
балансының параметрлерін, банк жүйесінің жағдайын шұғыл түрде талдау,
жоспарлау және бақылау, сондай-ақ ақша ағымын талдауға мүмкіндік беретін
көрсеткіштер жүйесін қалыптастыруға арналған.
Резиденттік белгісі Қазақстан Республикасының валюталық
заңдылықтарына сәйкес анықталады және былай белгіленеді:
1 - резидент;
2 - бейрезидент.
Экономиканың секторының коды мынадай:
0 – Халықаралық ұйымдар;
1 – Орталық Үкімет;
2 – Аймақтық және жергілікті басқару органдары;
3 – Орталық банктер;
4 – Басқа депозиттік ұйымдар;
5 – Басқа қаржылық ұйымдар;
6 – Мемлекеттік қаржылық емес ұйымдар;
7 – Мемлекеттік емес қаржылық емес ұйымдар;
8 – Үй шаруашылығына қызмет көрсететін, коммерциялық емес
ұйымдар;
9 – Үй шаруашылықтары.
Төлемнің тағайындалу коды операцияның түрін анықтайтын 10 санаттан
тұрады:
0 – Зейнет ақы және жәрдем ақы;
1 – Қолма-қол ақшамен операциялар;
2 – Шетел валютасы және бағалы металдармен операциялар;
3 – Депозиттер;
4 – Займдар;
5 – ҚР-сының бейрезиденттерінің шығарған бағалы қағаздары,
вексельдер және депозиттік сертификаттары және шетел капиталына
инвестициялар;
6 – ҚР-сының резиденттерінің шығарған бағалы қағаздары және
вексельдері, Қазақстан капиталына инвестициялар;
7 – Тауарлар мен материалдық емес активтер;
8 – Көрсетілетін қызметтер;
9 – Бюджетке төлемдер мен бюджеттен төлемдер.
Төлем тапсырмасы мен есеп айырысу. Бұл қазіргі кезде кеңінен
қолданылатын есеп айырысу формасы.
Төлем тапсырмасы – ақшаны аударушының аталған тапсырмада көрсетілген
ақша сомасын бенефициарға аудару туралы қызмет көрсетуші банкке берген
тапсырмасы.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысу кең көлемді төлемдерді жүзеге асыру
үшін қолданылады: алынған тауарлары мен көрсеткен қызметтері үшін, тауарлы
емес операциялар (зейнетақы және сақтандыру қорына төлемдер, салықтық
төлемдер, банкке комиссиондық және т. б. төлемдер) бойынша, жабдықтаушылар
мен мердігерлерге тауары мен көрсетілген қызметтері үшін алдын ала төлеуге,
аванстық төлемдер бойынша.
Төлем тапсырмасы оны толтырған күннен бастап (оны толтырған күн есепке
алынбайды) он күнге жарайды және төлеушінің шотында қаражат болған жағдайда
ғана іске асырылады.

Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді сатып алғаннан кейін
төлеу барысында есеп айырысу сызбасы.

8
1 – тауарды жабдықтау; 2 – төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан
қаражатты шегеру; 3 – бенефициар банкіне қаражатты аудару және алушының
шотына есептеу; 4 – бенефициардың шотына қаражат түскендігін хабарлау.
Екі жақтың келісуі бойынша төлем тапсырмасы мерзімді, мерзімінен
бұрын және кешіктірілген болуы мүмкін. Мерзімді төлем – бұл тауарды
жөнелткенге дейін; тауарды жөнелткеннен кейін, яғни тікелей келісім беру
жолымен немесе ірі мәмілелер барысында бөліп төлеу арқылы жүргізіледі.
Мерзімінен бұрын және кешіктіріп төлеу бұл жақтың қаржылық жағдайына зияны
келмеуі үшін жасалған келісім негізінде төленуі мүмкін.

Төлеуге кепіл болуы мақсатында төлеуші мәміленің шартында төлем
тапсырмасына акцепт беруі мүмкін. Бұл жағдайда банк тапсырмадағы соманы
төлеу үшін тиісті қаражатты жеке бір шотқа аударып қояды. Төлем тапсырмасы
арқылы есеп айырысудың кемшілігіне қаражат айналымының біршама қиыншылығы
мен ұзақтығы және клиенттің шаруашылық айналымынан белгілі бір қаражат
бөлігінің шығып қалуы жатады.
Төлем тапсырмасымен есеп айырысудың артықшылығы, оның әмбебап есеп
айырысу формасы ретінде ішкі банкаралық есеп айырысуларда және
мемлекетаралық жабдықтауларға байланысты, тауарлы және тауарлы емес
операциялар бойынша, сатып алған тауарын төлеу және лдын ала төлеу, аванс
арқылы төлеуде қолданылумен сипатталады.

Төлем тапсырмасы бойынша тауарлар үшін төлемді алдын ала төлеу барысында
есеп айырысу сызбасы.
1 – алдын ала төлеу барысында тауарды жабдықтау туралы келісімшарт жасау; 2
– төлем тапсырмасын банкке беру және шоттан қаражатты шегеру;
3 – бенефициардың банкіне қаражатты аудару және алушының шотына есептеу; 4
– бенефициарға оның шотына қаражат түскендігін хабарлау; 5 – тауарды
жабдықтау.
Төлем талап-тапсырмасы. Бұл қолма-қолсыз ақшамен есеп айырысудың жаңа
формасы, біздің тәжірибеге 1990 жылы енгізілген болатын. Мұнда төлем талабы
және төлем тапсырмасының элементтері қатар қамтылған.
Төлем талап-тапсырмасы – бенефициардың төлеушіге оған қызмет
көрсетуші банкке бағытталған, жөнелтілген өнім, атқарылған жұмыстар және
көрсетілген қызмет құнын жіберілген есеп айырысу құжаттары негізінде төлеу
талабы.
Төлем талап-тапсырмасы бенефициар толтырады да, оны коммерциалық
құжаттармен бірге бірден аударушының банкіне жібереді. Аударушының банкі
төлем талап-тапсырмасын төлеушіге жібереді. Ал аударушы банкке келіп
түскеннен бастап, үш күн ішінде төлем туралы банкке келісімін беруге тиіс.
Төлем талап-тапсырмасы банктегі аударушының шотында ақша болған жағдайда
ғана қабылданады. Төленбеген төлем талап-тапсырмасы 3 күннен 30 күн
аралығында № 1 картотекаға орналастырылуы мүмкін.

9
Төлем талап-тапсырмасы бойынша төлеуден бас тартатын болса, оны осы үш
күн ішінде банкке хабарлайды. Сөйтіп төлем талап-тапсырмасы жөнелту
құжатарымен және төлеуден бас тартуын хабарлайтын құжатпен бірге тікелей
бенефициарға қайтарылады.
Төлем талап-тапсырмасымен есеп айырысудың мынадай артықшылықтар бар:
келісімшарт тәртібінің нгығаюына мүмкіндік береді және құжат айналымын
жылдамдатады.
Инкассалық өкім – заң актілерінде көзделген жағдайда ақшаны
жөнелтушінің
келісімінсіз, оның банктік шотынан ақшаны алу үшін пайдаланылатын төлем
құжаты.
Инкассалық өкім салық және кеден органдарына төленбеген органдарына
төленбеген төлемдерді, сондай-ақ соттың шешімі бойынша басқа да төлемдерді
талап ету жағдайында қолданылады. Мұндағы салық және кеден органдарының
инкассалық өкімінен басқасы міндетті түрде соттың шешімдері, бұйрығы,
қарары және қаулысы бойынша берілетін орындау парағымен бірге жүреді.
Инкассалық өкімде төлемнің тағайындалуы ақшаны аударушының банктік шотынан,
оның келісімінсіз ақшаны алуға құқық беретін заңдық актіге сілтеме
көрсетіледі.
Салық және кеден органдарынан келіп түскен инкассалық өкім сомасы
аударушының шотындағы қаражат көлемінде төленуі мүмкін, яғни қаражат көлемі
толық жетпеген жағдайда, сол құжаттың келесі бетінде жартылай төленді
деген белгі қойылуы тиіс. Қалған сома қаражаттың шотқа түсуіне қарай
төленеді. Тек қана соттың шешімімен келетін инкассалық өкімдер шотта
қаражат сомасы жеткілікті болған жағдайда төленеді, керісінше жағдайда ол
шоттағы қаражат қозғалысына тыйым салынады. Мұндай төлем құжаттары басқа
құжаттарға қарағанда кезектен тыс төленуге тиіс.
Чекпен есеп айырысу. Чекті есеп айырысу барысында төлем құралы
ретінде заңды және жеке тұлғалар пайдалана алады. Чек арқылы есеп
айырысудың қолайлылығы мынада:
егер де төлеуші тауарды алғанға дейін төлегісі келмей, ал
жабдықтаушы төлеуге кепіл бергенше тауарын жібергісі келмеген жағдайда;
сатушы белгісіз болған жағдайда.
Еліміздегі чекті пайдалану барысы 1998 жылы 5 желтоқсандағы ҚР Ұлттық
банкі Басқармасы бекіткен № 266 қаулыға сәйкес жүзеге асады.
Аталған ережеге сәйкес чектер мынадай түрлерге бөлінеді:
Кепілденген чек – чек берушінің банкіндегі шотындағы қаражаттың
көлеміне байланыссыз чекте көрсетілген соманы төлеуге қызмет көрсетуші
банктің беретін кепілін көрсететін чек.
Кепілдендірілмеген чек – чек беруші банктің кепілдігі көрсетілмеген
чек.
Қамтамасыз етілген чек – банкке алдын ала салған депозитпен
қамтамасыз етілген чек;
Қамтамасыз етілмеген чек – депозитпен қамтамасыз етілмеген чек.
Ережеге сәйкес, чек – бұл чек берушінің чекті қабылдаушы банкке, өзара
жасалған келісімшарт негізінде чекте көрсетілген соманы чекті ұстаушыға
төлеу туралы бұйрығы.
Чектер қолма-қолсыз төлемдерді жүзеге асыру және қолма-қол ақша
алу үшін пайдаланылады. ҚР-да чекпен есеп айырысу тек қана ұлттық валютамен
жүзеге асады. Банктен қолма-қол ақшалар алуға арналған чектің түріне
ақшалай чек жатады. Мұндай чектің түрін Ұлттық банктің бекітілген
формасында 2003 жылдың 1 қаңтарына дейін екінші деңгейдегі банктер
өздерінің клиенттеріне беріп келсе, бүгінгі күні тез келген коммерциялық
банк өзінің формасында чекті шығарып отыр. Чекті пайдалану банктен алатын
чектік кітапша негізінде іске асады. Чек алу үшін шот иесі банкке чектік
кітапша алуға өтінішін жасайды.
Аккредитивтік есеп айырысу формасы. Аккредитивпен есеп айырысу
жиі қолданылмайды, бірақ та ол нарық жағдайында біршама тұрақты есеп
айырысу формасы.

10

Аккредитив – бұл сатып алушының тапсырмасы бойынша сатып алушының
банкісінің жабдықтаушының банкісіне аккредитивте көрсетілген құжаттарды
жабдықтаушы бергеннен соң және аккредитивтің басқа да шарттарын орындаған
жағдайда төлемді төлеуге берген шартты ақшалай міндеттемесі. Егер де
аккредитивті ашатын банк, клиенттің тапсырмасы бойынша қаражатты
жабдықтаушының банкіне аударып қойса, онда аккредитивте көрсетілген барлық
шарттардың орындалуы барысында төлемді жүзеге асыру үшін жабдықтаушының
банкінде Аккредитив жеке баланстық шоты ашылады.

Аккредитивтің мынадай түрлері болады:

өтелген және өтелмеген
қайтарылатын және
қайтарылмайтын.
Өтелген – бұл эмитент банктің міндеттемесінің іс-әрекетінің
барлық мерзімі ішінде төлеушінің меншікті қаражаты немесе несиеге клиентіне
берген қаражаты есебінен аударылған жабдықтаушының банкісінде ашқан
аккредитиві.
Өтелмеген – бұл банктердің өзара корреспонденттік қатынастар
орнатуы негізінде жабдықтаушының банкіне сатып алушының банкісінің шотынан
қаражатты шегеруге құқық беру арқылы ашқан аккредитивін сипаттайды.
Әрбір аккредитив қайтарылатын немесе қайтарылмайтын болуға тиіс.
Ондай анықтауыш белгі болмаған жағдайда, ол аккредитив қайтарылатын болып
табылады.
Қайтарылатын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз эмитент банктің
әмірімен өзгертілуі немесе күшін жойы мүмкін. Бұл аккредитив сатып алушының
мүддесін көздейді.
Қайтарылмайтын аккредитив жабдықтаушының келісімінсіз өзгере немесе
күшін жоя алмайды. Себебі, мұндай аккредитив жабдықтаушының пайдасына
ашылған болып табылады.
Аккредитив формасын пайдалану арқылы есеп айырысуда қолма-қолсыз
ақшамен есеп айырысудың барлық негізгі ережелері сақталады: өнім
жөнелтілгеннен кейін барып төлем жүргізіледі; төлем төлеушінің келісімімен
жүзеге асырылады, яғни оған акредитивтің ашылуы дәлел болады;
келісімшарттағы жағдайлардың бұзылуына байланысты төлеушіге төлемнен бас
тартуға құқық беріледі; аккредитив төлеушінің қаражаты есебінен немесе
банктің несиесі есебінен ашылады, егер де төлеушінің аккредитив ашуға
құқығы болса. Аккредитивтің басты артықшылығы, оның төлеуге кепіл болуымен
сипатталады. Сонымен қатар, бұл есеп айырысу формасында бірқатар
кемшіліктер де бар: сатып алушының қаражаты аккредитивтің қызмет ету
мерзімінің ішінде оның шаруашылық айналымынан шығарылып қалады; тауар
айналымы бәсеңдейді, яғни жабдықтаушы аккредитивтің ашылғаны туралы хабар
алғанша, өзінің дайын өнімін жөнелте алмайды және оның сақталуы да қосымша
шығындарды қажет етеді.

1.4 Банкаралық есеп айырысуды ұйымдастыру негізі.

Шаруашылықтағы өнімді жабдықтаушылар мен тұтынушылар арасындағы
қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың жүзеге асырылуы барысында банктер
арасында өзара есеп айырысулар туындайды. Банкаралық есеп айырысулар, егер
де төлеуші мен қаражатты алушы әр түрлі банкте қызмет көрсетілген жағдайда
туындайды. Мұндай есеп айырысулар бүгінгі күні корреспондентік шоттар
арқылы жүзеге асырылады. Нарық экономикасына өтуге байланысты, яғни
көптеген дербес коммерциялық банктердің құрылып, жұмыс жасауына байланысты
банкаралық есеп айырысу жүйесі толық өзгеріске ұшырады. Бұл өзгеріс банктер
арасында өзара корреспонденттік қатынасқа түсуге әкелді.
Қазіргі уақытта корреспонденттік шоттар арқылы банкаралық есеп
айырысуды ұйымдастырудың мынадай екі варианты бар:

11
1 – орталықтандырылмаған, яғни коммерциялық банктердің бір-бірімен
корреспонденттік қатынас орнатуы негізіндегі;
2 – орталықтандырылған, яғни коммерциялық банктер арасындағы есеп
айырысулар Ұлттық банктегі, яғни Қазақстан Банкаралық есеп айырысу
орталығындағы ашылған корреспонденттік шоттары негізінде жүргізіледі.
Корреспонденттік шот – бұл коммерциялық банктердің өзара есеп
айырысуларды жүргізуге арналған елдің орталық банкінде және банктердің бір-
бірінде ашатын шоты. Корреспонденттік шотта банктердің меншікті қаражаттары
және оның клиeнттерінің

несиелік, есеп айырысу және кассалық қызмет көрсетуіне байланысты
операциялары көрсетіледі. Мұндай операцияларға:
банк клиенттерінің ақшалай қаражаттарына аудару және есептеу;
банк клиенттерінің бюджетпен, зейнетақы қорларымен және басқа
ұйымдармен есеп айырысулары;
клиентерге қолма-қол ақша беру және қабылдау;
банкаралық зайымдар және депозиттер, бағалы қағаздар;
ҰБ-пен кассалық операциялар;
берілген несиелер үшін алынған пайыздар және басқа табыстар;
депозиттік шоттар бойынша пайыздар төлеу;
банктің өзінің бюджетке төлемдері;
банктің басқару аппаратын ұстауға жұмсалатын шығыстар т. б. жатады.
Корреспонденттік шотты ашу үшін банктер мынадай құжаттарды Ұлттық банкке
табыс етеді:
корреспонденттік шот ашуы туралы өтініш;
банк жарғысының көшірмесі;
банктік операцияларды жүргізуге рұқсат беретін лицензияның
көшірмесі;
қолдары мен мөрінің үлгісі бар карточка (нотариалды
куәландырылған).

2 Бөлім. ҚР қолма – қолсыз есеп айрысу жүйесі

2.1 ҚР төлем жүйелерінің құрылымы және экономикалық мәні

Төлем жүйесі- бұл төлемдерді өткізуде тосқауыл болмайтын жүйе.
Аздаған нормативтік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ақша жүйесі туралы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 1993 ЖЫЛҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ
Ақша жүйесі: экономикадағы маңызы
Ақша реформасы: ұлттық экономиканың дамуындағы қажеттігі мен маңызы
Қазақстан Республикасының ақша реформасы
Қазақстанда ақша айналымының жағдайы
ҚР қолма-қолсыз ақша айналысын ұйымдастыру
Ақша айналысы және оның дамуы
Ақша айналысының эволюциясы
Ақша айналысының сипаттамасы
Пәндер