Ежелгі Грекия мен Рим мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. «Антик — (көне, ежелгі)» деген ұғым. Қайта өрлеу дәуіріңде дүниеге келген, бұл терминді итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл атаудың түп-төркіні «ежелгі», «көне», «қадым заман» мағынасын беретін «антиквус» деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің, философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
«Көне», «қадым заман» мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін «Эллиндер»; ал өз елдерін «Эллада» деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманның V-ғасырда Рим империясының құлауымен аяқталды. мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та, ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б. ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне, суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді. Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен

Ежелгі Грекия мәдениеті
Антик дүниесінің өнері деп аталатын ежелгі Грекия мен Рим
мәдениетінің әлемдік өркениетте алатын орны ерекше. Антик — (көне,
ежелгі) деген ұғым. Қайта өрлеу дәуіріңде дүниеге келген, бұл терминді
итальян ойшыл-гуманистері грек-рим мәдениетіне байланысты қолданған. Бұл
атаудың түп-төркіні ежелгі, көне, қадым заман мағынасын беретін
антиквус деген латын сөзінен шыққан. Көне мемлекеттердің мол, мәдени
мұрасы Еуропаның барлық халықтары өнерінің, көркем әдебиетінің,
философиясының, театрының және т.б. дамуына, саяси және құқықтық
көзқарастарының қалыптасуына елеулі ықпал жасады. Өмір шындығын нақты
бейнелеп, көркемділік пен қарапайымдылық, шыншылдық пен шеберлік
қасиеттерімен белгілі болған грек және рим сәулетшілерінің, мүсіншілерінің
және кескіндемешілерінің даңқты мәдени туындылары — көне заман тарихы
туралы ұғымымызды кеңейтіп қана қоймай, мәдениеттің асқақ үлгісі ретінде
күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай отыр.
Көне, қадым заман мәдениетінің негізін қалаушылар ежелгі гректер
екендігін ешкім жоққа шығара алмайды. Олар өздерін Эллиндер; ал өз
елдерін Эллада деп атаған. Антик дүниесінің мәдениеті біздің заманымыздан
бұрынғы бір мың жылдықтың алғашқы ғасырларында қалыптаса бастаған. Оның он
бес ғасырдай уақытын қамтитын ұзақ ғұмыры біздің заманның V-ғасырда Рим
империясының құлауымен аяқталды. мәдениет тарихының қай кезеңін алсақ та,
ол өзінің баға жетпес мәдени құндылықтарымен ерекшеленеді. Сондықтан да
болар, ғалымдар көне мәдениеттің ішінде, әсіресе, грек мәдениетіне ерекше
мән береді, өйткені ежелгі Грекияның әдебиеті, өнері, философиясы және т.б.
ғасырлар бойы Еуропаның барлық елдерінің ақындарына, мүсіншілеріне,
суретшілеріне, жазушыларына, композиторларына сарқылмас шалқар шабыт берді.
Шындығын айтсақ, біздің дүниежүзілік мәдениетпен таныстығымыздың өзі де
гректердің таңқаларлық мәдени қазынасы мен ұшқыр ақыл-ой иелерімен
танысудан басталады. Мұндай ақыл-ой даналығы рухани және саяси-әлеуметтік
өмірдің барлық салаларында — поэзияда, саясатта, ғылымда, құқықта,
кескіндеме, сәулет, мүсін және т.б. өнер салаларында кеңінен көрініс тапты.
Көне мәдениеттің жарқын беттері Эсхил, Софокл, Еврипид, Геродот, фукидид,
Демокрит, Платон, Аристотель сияқты ұлылар есімімен тығыз байланысатын
болды.
Грекияның көне мәдениетінің тамыры тереңде жатыр, өйткені, оның
бастауында б.з.д. III—II мың жылдықтарда Грекия жері мен Эгей теңізі
аралдарын мекендеген тайпалардың өркениеті жатыр. Эгей өркениеті
мәдениеттің қайнар бұлағы болды, міне сондықтан да грек халқының ежелгі
мәдениетінің ең ерте шағы Эгей өнерімен сабақтас. Б.з.д ІІ-мың жылдықта
Эгей мәдениетінің аса маңызды орталықтары Крит аралы мен Пелопоннес
түбегіндегі Микены болғандықтан да Эгей өркениетін Крит-Микены мәдениеті
деп атайтын болған. Грек аңыздарына қарағанда Крит — ұлы жебеуші, найзағай-
тәңірі Зевстің туған жері. Аңыз бойынша гректердің ең басты құдайы Зевс
бұқа бейнесіне еніп, Финикия патшайымы, асқан сұлу Еуропаны алып келеді, ал
одан аралдың болашақ билеушісі Минос туған. Атақты Геракл өз ерліктерінің
бірін дәл осы Крит аралында жасаған, құтырған бұқаға бас үйреткен. Гомер де
өз дастандарында бұл арал қалаларының бай екендігін көрсетеді. Ал шындыққа
белгісіз кейбір аңыздарда Зевс пен Еуропаның баласы Минос ел билеуші
патшалардың ішіндегі ең әділеттісі болыпты-мыс дейтін деректер бар. Алайда
Критті осын-дай есімді патша тек мифологиялық шығармаларда ғана емес, грек
тарихшыларының еңбектерінде кездесетінін естен шығаруға тағы да болмайды.
Крит жайында египеттік текстерде де кейбір деректер ара-тұра кездесіп
қалады.
Гомер дәуірінің мәдениеті (б.з.д. XI—VIII ғасырлар)
(Ежелгі Грекия мәдениетінің келесі кезеңі ұлы Гомердің атымен — Гомер
кезеңі деп аталады. Олай деп аталатын себебі, бұл дәуір жайындағы басты
деректердің негізгі көзі — б.з.д. VIII ғ. Туған Илиада мен Одиссея
дастандары. Соқыр жыршы Гомер, Платонның айтуынша, бүкіл грек елінің
тәрбиешісі болды, өйткені, өзінің бүкіл тарихында ежелгі Эллин туындылары
осы дастандардан нәр алған. Шындығында да Гомер дастандарының құдіреттілігі
де осы бір ұлы адамның дәуір тынысын терең сезінгендігінде болса керек.
Грек дастандарының ішінде, әсіресе Гомер эпосы халық аңыздарының негізінде
жүйелі түрде баяндалады. Жалпы грек поэзиясына халықтың қиялынан шыққан
бейнелерге жан-жақты қасиеттер мен белгілер берілгендіктен болар, оны
кейінгі заманда суретшілер мен мүсіншілер өз туындыларында кеңінен
пайдаланды. Ежелгі Элладаның ең ұлы мүсіншісі Фидийдің Илиаданы оқығанда,
адамдар маған екі есе үлкен көрінеді деген сөзінің астарында терең мағына
жатқан сияқты.
Гомерлік кезеңнің IX-VIII ғасырда рулық құрылыстың орнына біртіндеп
таптық қоғам қалыптаса бастады. Бай зираттардан табылған мол дүниелер де
грек дүниесінде әлеуметтік теңсіздіктің үстемдік еткендігін дәлелдейді.
Жаңа құлиеленушілік қарым-қатынастардың дүниеге келуіне байланысты — грек
мифологиясы да жүйелі түрде қалыптаса бастады. Грек халқы да өзін қоршаған
табиғаттың тылсым құбылыстарының құпиясын танып-білуге талпыныс жасады,
қауіп-қатерлермен өз мүмкіндігінше күресе білді. Бұл өмір үшін болатын
табанды да, табысты күрес болатын. Олай болса күрес бар жерде өлім бар,
күрес бар жерде жеңіс бар деген өмірлік қағиданы ұмытпаған жөн сияқты.
Адам — бар дүниенің өлшемі деп грек философы Протогор тегіннен-тегін
айтпаған болар. Сондықтан да табиғаттың қатерлі күштерін жеңуде адамға тән
қасиеттің бәрі бар, бірақ адамнан да гөрі құдіретті құдайлар бейнелерінің
көптеп берілуі — грек мифологиясына тән қасиет болып саналады.
Ол бойынша:мына жарық дүниені Олимп тауы шыңын мекендеген мәңгілік
құдайлар билейді. Гректердің түсінігінде құдайлардың құдайы — Зевс бастаған
даналар тобы, олар әбден жетілген, керемет адамдар сияқты. Құдайлар
бейнесінің адамға жақындатылғаны соншалық, олардың бойынан тек адамға ғана
тән қасиеттерді молынан табуға болады. Грекия топырағында құдайлар мен
халық қаһармандары жайында талай тамаша хикаялар өмірге келді. Миф деп
аталатын халықтың ауызекі шығармашылығының осы бір түрінде, сонау көне
заман жөніндегі естеліктер мен ақындық қиялдың өзара ұштасып жатқандығын
аңғаруға болады.
Грек ақындары, философтары, тарихшылары, мүсіншілері мен суретшілері
Миф уақиғалары мен олардағы басты кейіпкерлерді өз шығармаларына арқау ете
отырып, заман ағымына және онда қалыптасқан көзқарастарға сәйкес жаңа
мазмұн, жаңа түр беріп отырды.
(Гомер дәуірінен бізге келіп жеткен мәдени ескерткіштер онша көп емес.
Солардың ішіндегі біздің заманымызға келіп жеткен бағалы ескерткіштердің
қатарына геометриялық ою-өрнектермен әшекейленген құмыралар мен қоладан
жасалған мүсіндер жатады. Б.з.д. IX-VIII ғ. құмыраны өрнектеу өнерінің
дамуы нәтижесінде керамика бұйымдарын әшекейлеуде геометриялық стиль
қалыптасты. Геометриялық стиль керамикасының таңдаулы нұсқалары — б.з.д.
VIII ғ. афиналық құмыралар. Құмыраларға салынған суреттердің көркемдігі,
композициясының үйлесімділігі бірден көзге түседі. Құмыралардағы суреттер
лак деп аталатын жылтыр қара бояумен салынған. Геометриялық стиль бойынша
салынған жан-жануарлар мен адамдардың пішіндері айшықты ою-өрнектердің
ырғағына үлкен шеберлікпен бағындырылған.
Археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде Дипилон зиратынан
табылған әртүрлі пішінді заттар (б.з.д. VIII ғ.) көңіл аударуға тұрарлық.
Бұл жерде табылған құмыралардың үлкендігі соншалық, олар адам бойынан да
биік етіп жасалған. Мұндай алып құмыралар жаназа салтына арналып жасалған
болу керек, өйткені олар ақсүйектердің молаларының басында ескерткіш
ретінде қойылған. Бұл ыдыстар ғажайып нақыштармен безендірілген. Онда шейіт
болғандарды жоқтау көріністері, бөлікті жерлеу кезіндегі салттық билер,
жекпе-жек сайыстар мен күймелер жарысы және т.б. шынайы бейнеленген.
Бұл құмыралардың арасынан құрлық пен теңіздегі шайқастар оқиғаларын
баяндайтын тың сюжеттерді: ескекшілері көп зор кемелер бейнелерін де
кездестіруге болады.
Бұл кезеңнің мүсін өнеріне тән нәрсе — құдайларға сыйға тартуға арнайы
жасалынған қыш немесе қола мүсіншілер. Демек, б.з.д. I — мыңжылдықтың
алғашқы ғасырларында өнер саласында көркемдік кәсіп — керамика жетекші орын
алды. Қалай болғанда да гомерліктер жасаған өнер туындылары арқылы қауымдық
құрылыс мәдениетінен таптық қоғамға өту кезеңіндегі өмір шындығын
бейнелеудегі алғашқы талпыныстармен қатар, сол кездегі адамдардың
дүниетанымынан мағлұмат береді.
Гомер дәуірінде жазу болған жоқ, гректің жазба ескерткіштері негізінен
архаикалық кезеңде туындаған. Бірақ алфавиттік жазудың алғашқы нышандары
осы кездің өзінде-ақ байқала бастаған.
Негізінен, Гомер дәуірінде мәдениет құлдырау, тоқырау кезеңін басынан
кешіргенімен де, дәл осы тұста грек қоғамының дамуына, мәдениеттің
гүлденуіне қолайлы алғышарттар жасалғандығын естен шығармауымыз керек.
Архаикалық кезендегі Грек мәдениеті (б.з.д. VІІІ-VІ г.)
Грекия мәдениетінің архаикалық кезеңі б.з.д VIII— VI ғ. аралығын қамтиды.
(Архайос грек сөзі, көне ұғымын білдіреді). Бұл кезең гректердің Мрамор
және Жерорта теңіздерінің жағалауларындағы жерлерді меңгеру — ұлы
отаршылдық кезеңі, бұл — құлиеленушілік құрылыстың кірігу кезеңі, грек
мемлекет-қалаларының өзара саяси-әлеуметтік күрес жағдайында қалыптасу
кезеңі, дәлірек айтқанда қилы-қилы қоғамдық-саяси оқиғаларға толы түбегейлі
терең өзгерістер кежңі.
Дәуір басында-ақ, әсіресе материалдық мәдениет қаулап дами бастады.
Жолдар тартылып, көпірлер тұрғызылды, қалаларда су құбырлары салынды, темір
қару-жарақтар кеңінен қолданыла бастады, металлургия мен құйма тәсілі одан
әрі жетіле түсті. Тұрмысқа қажетті бұйымдарды шығаруды ұлғайтудың арқасында
жалпы гректік рыноктар пайда болды, тұңғыш рет теңге сомдалып, сауда
айналымында кеңінен қолданыла бастады.
Орта ғасырлардағы Батыс Еуропа мәдениеті
Орта ғасырлар — эллиндік-классикалық мәдениеттің құлдырау шегіне
жетіп, ал одан кейін оның жаңа заманда қайта түлеу кезеңімен сәйкес
келетін, ұзаққа созылған біртұтас мәдени дәуірді қамтиды. Орта ғасырлар
мәдениетінің қайнар бұлағы — романдық бастаудан нәр алатын Батыс Рим
империясының мәдени дәстүрлері болып саналады. Олар құқық, ғылым мен өнер,
философия, жоғары құқықтық мәдениет, христиан діні және т.б. Бұл мәдени
дәстүрлер римдіктердің варварлармен күресі кезеңінде тереңдей түсіп,
Батыс Еуропаның пұтқа табынушы көптеген тайпаларының мәдени өмірінде өз
жалғасын таптық. Мұндай мәдени тоғысулар Батыс Еуропалық ортағасырлар
мәдениетінің қалыптасып одан әрі дамуына даңғыл жол ашып берді.
Мәдениеттанушы ғалымдар көне заманнан бастап жаңа заманға дейін созылатын
уақыт шеңберін ортағасырлар деп атайды. Бұл ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz