ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық қатынастар
Жоспар
1. XIX ғасырдың басындағы Еуропа мемлекеттерінің саясатындағы.Иран
2. Бірінші және екінші орыс.иран соғыстары
3. Англия және Ресей жоспарларындағы Ауғанстан
4. Үнді халықтарының басқыншыларға қарсы күресі

ХІХ ғасырдың I жартысындағы Орта Шығыс және Үндістандағы халықаралық
қатынастар
Жоспар
1. XIX ғасырдың басындағы Еуропа мемлекеттерінің саясатындағы–Иран
2. Бірінші және екінші орыс-иран соғыстары
3. Англия және Ресей жоспарларындағы Ауғанстан
4. Үнді халықтарының басқыншыларға қарсы күресі
XIX ғасыр басында Еуропа мемлекеттерінің саясатындағы – Иран
VIII ғасыр аяғы -XIX ғасыр басынан Еуропа және Шығыстағы билік үшін, Англия
жэне Франция арасындағы, күресте Иран маңызды рөлге ие болады. Географиялық
жағдайын есепке ала отырып, олар қандай да жолмен Иранды араларындағы
күреске кіргізуге тырысқан. Сонымен қатар осы екі державалар, Закавказье
халықтары, Иран және Туркияда билігін сақтауға тырысқан, Ресейге қарсы
шыққан. 1801 жылғы Грузияның Ресейге қосылуы, оның Закавказье елдерін
қорғауы, екі орыс-иран соғыстарының себепкерлерінің бірі болған.
1800 жылы Иранға ағылшын миссиясы жіберіледі, оның басшысы -Ост-Үнді
компаниясының әскери капитаны Малькольм болады. Бұл миссия сэтті болады,
өйткені 1801 жылы Иран шахы өз әскерлерін Ауғанстанға жіберіп отыруға және
Англияның үнді иеліктеріне шабуылдарын тоқтатуға міндеттейтін келісімге қол
қойды. Сонымен қатар, шах француздарды Иранға және Парсы көлінің маңына
жолатпауға мін алады. Ал Англия өз кезегінде, Иранның Франция жэне
Ауғанстанмен соғыс басталған жағдайда, қару-жарақпен қамтамасыз етуге
міндеттенді. Осы келісіммен қатар Иран үкіметімен сауда келісіміне қол
қойылады. Бұл келісім ағылшындықтарға:
- Иранда жер алып, иеленуге;
- Парсы шығанағы жағалауына құрылыс салуға; -Салық төлеместен мемлекеттің
бүкіл территориясында ашық сауда құқы берілді.
Осы келісім, Иранның Англияға тәуелді мемлекетке айналуына жол салды. Әйтсе
де, 1801 жылғы келісім Ресейге қарсы бағытталған болатын.
Францияны Наполеон басқарған жылдары екі рет Шығысқа жол салу әрекеттері
жасалды. Екі шабуыл да сәтсіздікпен аяқталды. Египетте француздар жеңіліске
ұшырады, ал Үндістанға қарсы франк-орыс шабуылы сол қалпы жүзеге асырылған
жоқ. Бірақ француз дипломаттары өздерінің Ирандағы әрекеттерін тоқтатпады.
Бірінші орыс-иран соғысының қарсаңында француз үкіметі шахқа Ресейге қарсы
одақ құруды ұсынды. Англия көмегіне үміттенген шах, француз ұсынысын
қабылдамады.
Бірінші және екінші орыс-иран соғыстары
Грузия Ресейге қосылғаннан кейін, әзірбайжандықтар мен армяндықтар арасында
онымен жақындасу өзекті мәселеге айналды. 1802 жылы Георгиевскіде Дағыстан
және Әзірбайжанның бірқатар феодалдық басшылығының Ресей қол астына өтуі
және Иранға қарсы бірігіп күресуі жайлы келісімге қол қойылады. 1804 жылы
орыс әскерлері Ганджоуды басып алып және Ресейге қосады. Осы жылы бірінші
орыс-иран соғысы басталды. Әжептәуір ешқандай қарсылық кездестірмей орыс
әскерлері Ереван хандығы бағытында қозғалды. Бұл соғыстың ұзаққа созылу
себебі - 1805 жылы Ресей Наполеонға қарсы коалициясына қосылып, негізгі
күштері Франциямен күреске кеткен болатын. Ресеймен соғыста Иран шахы
Англия көмегіне үлкен үміт артқан болатын, бірақ Англия Наполеонға қарсы
коалициясының құрамында Ресеймен одақтас болып, 1801 жылғы келісімді ашық
түрде жүзеге асыруға жасқанады. Бұл ағылшын-иран қатыныстарын нашарлатады.
Бұл жағдайды пайдаланған Наполеон, тағы да шахқа Ресейге қарсы күресте өз
көмегін ұсынды. Ирандықтардың бірқатар жеңілістерге ұшырауы, соның ішінде
Ресейдің Дербент және Бакуды жаулап алуы, шахты Наполеонмен келісуге
міндетті етті. 1807 жылы Иран және Ресей арасында Финкенштейн одақтас
келісіміне қол қойылды. Франция Иранға территориясының біртұтастығын және
Ресейдің Грузиядан жэне басқа территориялардан әскерлерін эвакуациялауды
міндеттеуге кепілдік берді, сонымен қатар, шахқа қару-жарақ және әскери
басшылармен көмек көрсетуді өз мойнына алды. Ал Иран өз кезегінде,
Англиямен барлық саяси және сауда қатынастарын бұзып, оған соғыс
жариялауға; ауғандықтар жолын француздықтарға ашуға, Үндістанды жаулауға
шыққан жағдайда, француз әскерлеріне өз әскери күштерін қосуға келіскен
еді. Бірақ, француз офицерлерінің Иранда болуы ұзаққа созылмады. Тильзит
бейбіт келісіміне қол қойғаннан кейін Финкенштейн келісімі Наполеон үшін
құнсыз болып қалды.
Тильзиттегі оқиғалар ағылшындықтарды да үрейлендірді, олар
Иранмен келіссөздерді жаңартып, Ресеймен соғыста өздерінің көмектерін
ұсынды. Француз жоспарларындағы Үндістанды жаулаудан қорыққан Англия,
жалғыз Иранда емес, сонымен қатар Солтүстік Үндістанда, Ауғанстанда және
Туркияда дипломатиялық қатынастарын нығайта түседі. 1809 жылы Туркиямен
бейбіт келісімге қол жеткізген ағылшын дипломаттары оның Иранмен Ресейге
қарсы өзара одақтық келісімге қол қоюға тартты. Бірақ Иран әскерлерін
жеңілістен не ағылшындықтардың көмегі, не түріктермен одақ құтқармады. 1812
жылы Бухарест орыс-түрік бейбіт келісіміне қол қойылды. Иран одақтасынан
айырылып қалды. Осы жылдың шілдесінде Эреброда Англия және Ресей арасында
одақтық келісімге қол қойылды. Иран үкіметі бейбітшілікті сұрады. Бұл
келіссөздер 1813 жылы қазанда Гюлистан бейбіт келісіміне қол қойылуымен
аяқталды. Бұл келісім бойынша Иран шахы Ресей императорына Карабах,
Ганджин, Шекин, Ширван, Дербент, Кубин, Бакин және Талышин хандықтарын
берді. Ресей Каспий теңізінде әскери флотын ұстау құқына ие болды, Ирандағы
орыс көпестеріне және Ресейдегі иран көпестеріне ашық сауда құқы берілді.
Гюлистан келісімі сонан кейінгі Иран режиміндегі капитуляцияны орнатудағы
келесі қадам болатын.
Иран шахы және оның қоршаған ортасы Әзірбайжан хандықтарының жоғалтуларымен
келіскілері келмеді. Олардың жаңа ойлары ағылшын дипломатиясымен қолданды.
1814 жылы қарашада Ресейге қарсы және Орта Шығыста ағылшындықтардың жаңа
басқыншылықтарына негіз салған, Иран үкіметі мен Англия арасында келісімге
қол қойылды. Онда қарастырылған мәселелер: орыс-иран шекараларын анықтауда
ағылшындықтар араласуы; қандай да Еуропа державаларьшен жаңа соғыс
басталған жағдайда жыл сайынғы субсидия берілуі. Егер Ауғанстан
Үндістандағы ағылшын иеліктеріне қарсы әскери әрекет еткен жағдайда, Иран
Ауғанстанға қарсы соғыс ашуға міндет алды. Бұл келісім, біріншіден Иранды
Англиядан саяси тәуелділікке, екіншіден, Ресеймен қайшылықтарға әкелді.
Ағылшын дипломатиясы иран-түрік жақындасуына, сонымен қатар олардың Ресейге
қарсы әскери одақ құруына әр түрлі әрекет етті. Бастапқыда, Ресейді
әзірбайжан хандықтарын қайтаруға итермелеу үшін, Петербургқа төтенше және
өкілетті елші жіберілді, бірақ дипломатиялық миссия сәтсіздікке ұшырады.
Орыс-иран келіссөздерінің үзілуінде ағылшын дипломатиясы тікелей қатысты
болды. Қалағанына дипломатиялық жолмен жете алмаған Иран, 1826 жылы соғыс
жарияламастан Ресейге қарсы әскери әрекеттерін бастап кетеді. Бірақ әскери
жеңіс, тағы да, орыс әскері жағында болып, шах бейбітшілікті сұрады. 1828
жылы ақпанда Түркменшай жерінде орыс-иран бейбіт келісіміне қол қойды.
Түркменшай келісімі бойынша Иран Ресейге Ереван және Нахичеван хандықтарын
беріп, Закавказьедегі шабуылдарын тоқтатып, Ресейге контрибуция төлеуге
мойын ұсынды. Осы жерде Иран және Ресей арасында сауда туралы ерекше актіге
қол қойылды. Ол бойынша барлық қайшылық мәселелерін бірігіп шешіп,
орыстарға түрғын үйлерді және қоймаларды уақытша беруге және сатып алуға
құқық беріп, орыс көпестеріне Иран территориясында бірқатар жеңілдіктер
берілді.
Ресеймен соғысқа және контрибуция төлеуге кеткен үлкен қаражат бөлігі, Иран
халқын кедейшілікке ұшыратты. Бұл қайшылық орыстарға деген жек көрушілік
тудырды. Мұндай қарсыластық пен қасшылық құрбандарының бірі орыс дипломаты
Грибоедов болды.
XIX ғасырдың ортасына таман Англия және Ресей арасындағы қарама-қайшылықтар
өрши түсті. 30-жылдары Англия Иран, Ауғанстан, Закавказье және Орталық Азия
хандықтарына жеңіл маталарды тасуды көбейтті. Ол Ресейдің Ирандағы
жағдайының нығаюын нашарлатып, Ресейден Кавказ және Закавказье елдерін
итеріп тастау үшін қолынан келгенін істеді.
Ағылшындықтардың басып алушылық жоспарлары жалғыз Иранға ғана емес, сондай-
ақ Герат және Орталық Азия хандықтарына да жоспарланған еді.
30-жылдардың өзінде-ақ Англия Иран және Ауғанстан ізінше-ақ өзінің нарық
табысына Орталық Азия хандықтарын және Гератты айналдыра бастады. Гераттың
стратегиялық маңызы зор болды - аса өндіріс орталығы, негізінде сауда
керуен жолының бастауы Ираннан Кандагар арқылы Үндістан шекараларына қарай
жүріп жатқан еді. Гератты иеленген ағылшындықтар өздерінің үстемдігін
орталық Азия хандықтарына және Хорасанға жая алар еді. Ағылшындықтар
Гераттың Иран немесе Ауғанстанға қосылуына қарсы болып, қадағалап отырды.
Ресейге келетін болсақ, ол Иранда Каджар монархиясы түрінде дәп осындай
одақтасы болған. Ағылшындықтардың Орталық Азияға жақындауын қаламаған орыс
дипломатиясы Иранды Гератты басып алуға итермеледі. Өйткені, Үндістанстанға
апарар кілтті Ресей қолында көргісі келмеді.
1833 жылы Иран басшылары әскерлерімен Ирак басшысын бағындыру үшін шабуылға
шығады. 1835 жылы Иран шахы Мұхамед-Мырзаны таққа отырғызған соң Англия
және Ресей арасындағы Иранға деген талас күшейе түсті. Өздерінің Ирандағы
жағдайын нығайту үшін, ағылшындықтар көптеген әскери миссиясын жібереді.
Бірақ орыс дипломатиясы жеңеді. Сондықтан Жаңа Герат шапқыншылығымен
ағылшын-иран қатынастары күрт нашарлап кетеді. Ал 1836 жылы Англия Иранмен
дипломатиялық қатынастарын үзіп тастайды. Бірден Парсы шығанағында ағылшын
эскадрасы пайда болды. Иран территориясын жаулап алумен қорқытып
ағылшындықтар Гераттағы жаушылықты алып тастады. Бұл ағылшындықтардың
жеңісі болған жоқ. 1841 жылы қазанда Англия Иранға жаңа келісімге қол
қойдыртты. Ол бойынша өзіне үлкен кедендік жеңілдіктер мен Тавриз, Тегеран
және тағы басқа жерлерінде сауда тыңшыларын ұстау құқығын иеленді. XIX
ғасырдың ортасына таман Гераттың қайтадан маңызы өсіп, Орталық Азиядағы
басқыншылықтарына жаңа себеп болды. Бай Герат ауданы Иранның да көзін
тартты. Қырым соғысы жылдарында шах, ағылшындықтардың Севастопольді
жаулауының ұзаққа созылуын пайдаланып, Гератты жаулап алғысы келді. Бірақ
Иран басшылары, 1855 жылы Англиямен достық келісімге қол қойған, ауған
мемлекетінің басшысы Дост-Мұхаммедтен қорықты.
1856 жыл басында Иран әскерлері Иракты жаулап алды. Жауап ретінде Англия
Иранға соғыс жариялап, Парсы шығанағына өз флотын тұрақтандырды. Иран тағы
да Англиямен келіссөз орнатуға міндетті болды. 1857 жылы келісім бойынша
Англия Иран территориясында өз әскерлерін әкетуге, ал Иран Ауғанстан
территориясынан және Гераттан әскерлерін әкетуге мойын ұсынды. Иран шахы
Герат және басқа да ауған территорияларына ешқашан тиіспеуге міндетті
болды. Мұншама тез келісімге кол жеткізу және ағылшын әскерлерін
эвакуациялау Үндістандағы халық көтерілісінің басталуына байланысты болды.
Англия және Ресей жоспарларындағы Ауғанстан
Үндістан, Иран және Орталық Азия арқылы өтетін негізгі сауда жолдарының
қиылысында жатқан, Ауғанстанның географиялық жағдайы Англия мен Ресейді
өзара саяси және сауда байталастығына әкелді. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz