Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым – дефектология



Ж О С П А Р:

1. Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым . дефектология.
Көру кемістігі бар балалардың ерекшелігі.
Есту кемістігі бар балалардың ерекшелігі.
Тілінде кемістігі бар балалардың ерекшелігі.

2. Табиғи кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Көру кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Есту кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Тілінде кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Дефектология- бала дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың бұзылуы себептерін зерттейтін ғылым. Латынша "defektus" - кемістік, яғни жетіспеушілік, "logos" - ілім. Бұл категорияға жататындар: кереңдер, нашар еститіндер, соқырлар, нашар көретіyдер, ақыл-ойы нашар дамығандар, логопаттар (жүріс-тұрысы икемсіздер), сөйлеу тілінде мүкісі барлар жатады
Дефектология курсының мақсаты - әр түрлі дәрежедегі дамуында ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру..
Дефектология курсының міндеттері:
1. Дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның тарихы, қазіргі кездегі жағдайы мен дамуының бағыттары жайлы білімдерді беру;
2. Мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық синаттама беру;
3. Арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жуйесін, яғни білім беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілі мен формаларьш ашу;
4. Мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің жолдарын көрсету;
5. Дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін ашу;
6. Қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
7. Балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зертгелуінің объективті зандылықтарын жүзеге асыру;
8. Балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін іске асыру;

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
Ж О С П А Р:

1. Табиғи кемістігі бар балаларды зерттейтін ғылым – дефектология.
Көру кемістігі бар балалардың ерекшелігі.
Есту кемістігі бар балалардың ерекшелігі.
Тілінде кемістігі бар балалардың ерекшелігі.
2. Табиғи кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Көру кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Есту кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.
Тілінде кемістігі бар балалармен тәрбие жұмыстарын жүргізу.

Дефектология- бала дамуындағы әр түрлі ауытқулар мен денсаулықтың
бұзылуы себептерін зерттейтін ғылым. Латынша "defektus" - кемістік, яғни
жетіспеушілік, "logos" - ілім. Бұл категорияға жататындар: кереңдер, нашар
еститіндер, соқырлар, нашар көретіyдер, ақыл-ойы нашар дамығандар,
логопаттар (жүріс-тұрысы икемсіздер), сөйлеу тілінде мүкісі барлар жатады
Дефектология курсының мақсаты - әр түрлі дәрежедегі дамуында
ауытқуы бар балалардың психофизикалық дамуындағы ерекшеліктерін
қалыптастыру, осы тұрғыдағы балаларға коррекциялық тәрбиелеу жұмыстарын
жүргізуінің бағыты мен оқытудың мазмұны туралы білімді қалыптастыру..
Дефектология курсының міндеттері:

1. Дефектология ғылыми білімінің саласы ретіндегі ұғымы туралы, оның
тарихы, қазіргі кездегі жағдайы мен дамуының бағыттары жайлы білімдерді
беру;
2. Мүмкіндіктері шектелген балалардың негізгі топтарына психологиялық
синаттама беру;
3. Арнайы мекемелердің әр түрлі типіндегі білім беру жуйесін, яғни білім
беру мазмұнын, принциптерін, оқу тәсілі мен формаларьш ашу;
4. Мүмкіндіктері шектелген балалардың әлеуметтік еңбекке бейімделуінің
жолдарын көрсету;
5. Дамуында ауытқуы бар балаларды интерактивті тұрғыда оқытудың үлгісін
ашу;
6. Қажетті кәсіби және тұлғалық қасиеттерді қалыптастыру;
7. Балалардың физикалық дамуын, ақыл-ойын терең және жан-жақты зертгелуінің
объективті зандылықтарын жүзеге асыру;
8. Балалардың кемістігін жою, түзету және орнын толтыру мүмкіндіктерін
іске асыру;
9. Аномальді балалардың қоғамдық ортадағы өмірі мен белсенділік
ерекшеліктерін зерттеу;
10. Аномальді балаларды тәрбиелеу жүйесінің даму принциптерін,
білім алуын жақсартуды жолға қою;
11. Арнаулы мектептердегі оқушыларды практикалық белсенділікке
даярлау;

Аномальді балалар біздің елімізде жылдан-жылға азаюда. Жұқпалы
ауруларды профилактикалық емдеу әдістерімен жолға қою арқылы елімізде
жасөспірімдердің денсаулығы жақсарып келеді.
Баланың кеміс болуы оның нәресте кезінен немесе іштен туа пайда
болуы мүмкін. Біздің елізде фармакология жақсы дамыған. Егер бұрын балалар
әр түрлі аурулардан көп шетінесе, ал қазір медицина мен фармакология
саласының жақсы жолға қойылуынан балалар өлімі аз, дегенмен ауырған
балаларда қандай да болмасын кемістік, яғни дефект болуы мүмкін. Мысалы,
менингит, энцефалит ауруларына шалдықкан балалар өлімі аз, дегенмен мұндай
аурулардан соң балалардың ақыл-есі кеміп, өсуі нашарлайды, яғни аномальді
болып қалуы мүмкін. Бірақ бұл кемістіктер түрлі сатыда болады:
1. өте қиын кезеңде соқыр немесе керең боуы мүмкін;
2. есту қабілетінің нашарлауы, көру қабілетінің нашарлауы мүмкін.
Бірақ бұл кемістіктер ескерілмей қалуы да мүмкін. Мұндай кемістіктерді дер
кезінде емдеу керек.
Балалар дамуындағы аномальді балаларды арнаулы мектептерге
жібереді. Аномальді балалар - физикалық немесе психикалық дамуы ауытқыған
балалар. Кемістік немесе дефект балаларда іштен туа және жүре пайда болуы
мүмкін. Іштен туа пайда болған кемістіктің болуы әр түрлі себептерге
байланысты:
1. тұқым қуалаушылық;
2.жаңа дамып келе жатқан ұрыққа сыртқы ортадан
химиялық, механикалық, температуралық әсерлердің ықпал етуі;
3. тамақтанудың нашарлығы;
4. организмге суық тиюдің әсері.
Жүре пайда болған кемістік - бұл баланың нәресте кезінде жұқпалы
аурулармен науқастануы, мысалы, эпидемиялық менингит, полиомелит, қызылша,
скарлатина т.б. аурулар.
Аномальді балалар - термині бұл арнаулы мекгептерде оқытылатын
балаларға арналған. Аномальді балалардың негізгі топтары:
1. есту мүшелері нашар дамыған (кереңдер, нашар
еститіндер).
2. көру мүшесі нашар дамыған (соқырлар, нашар
көретіндер).
3. күрделі құрылымды кемістігі барлар.
4. ақыл-есі нашар дамығандар.
5. сөйлеу қабілеті нашар дамығандар (алалия, тұтықпа,
дислалия, диззартрия).
Аномальді балаларды тәрбиелеу және оқыту олардың физикалық дамуына
және ақыл-ой дамуына қарай ұйымдастырылады. Кейбір балалардың кемістіктерін
түзегеннен кейін, оларды кәдімгі мектептерде оқытуға болады. Ал
кейбіреулері арнаулы мектептерде оқытылады және сонда тәрбиеленеді.
Аномальді балалардың білім алу қабілеті әр түрлі болады. Кейбір балалардың
білімді меңгеру дәрежесі кәдімгі жалпы білім беретін мектептердің жай ғана
оқу бағдарламасын игерумен шектеледі. Ал, кейбіреулердің мүмкіндіктері
шексіз болады. Әрбір категориядағы балаларға біздің елімізде белгілі оқу
орындары белгіленген:

1. Керең, нашар еститіндерге арналған мектеп.
2. Соқыр және нашар көретіндерге арналған мектеп.
3. Қосалқы мектептер (ақьш-есі нашар дамыған балаларға
арналған).
4. Логопед пунктері (тіл кемістіктері бар балаларға
арналған).
5. Сөйлеу қабілетін түзету мектептері ( күрделі тіл
кемістіктері бар балаларға арналған).

6. Барлық топтағы балалар үшін бала-бақшалар.
Мемлекет тарапынан жәрдем беретін арнаулы орындар.
Аномальді балаларды тәрбиелеу және оқыту бұл күрделі педагогикалық жұмыс
болып есептелінеді. Аномальді балаларды оқыту және тәрбиелеу -
әрбір мектептің оқу жоспары және бағдарламасы негізінде құрылады. Арнаулы
мектептерге арналған оқулықтар шығарылады, бұл оқулықтар оқушылардың
ерекшелікгеріне қарай дайындалады.
Ақыл-ойы кем, өсуі нашар (аномальді) бала тәрбие ісінде, оқытуда
көптеген қиьшдықтар келтіретіні белгілі. Әдетте, кемістігі бар бала ақыл
ойы мен өсуінің бұзылуы оның организмі жаңадан қалыптаса бастаған кезде
пайда болады. Балалардың көпшілігінде ондай бұзылу 1-2 жас шамасында, яғни
организм әлі қалыптасып, жетілмеген мезгілде болады. Балалардың өсіп-дамуы
бұзылған кезде алуан түрлі ауытқушылық болғандықтан, аномальды балаларды
зерггеу қиыңдай түседі. Мысалы, есту мүшелері, көзі зақымданады, баланың
кимылында, жүріс-тұрысында икемсіздік байқалады, орталық жүйке жүйесі және
т.б. қызметі бұзылады. Ондай бұзылудың қайсысы да баланың есіп-дамуына өз
тарапынан әсер етеді.
Аномальді балалар қай кезде де философиялық ойға негіз болып
келеді. Сондықтан да философтар, егер баланың құлағы есітпесе, көзі
көрмесе, дұрыс сөйлемесе оның дүниені, өзін, қоршаған ортаны таньш-білуі
қалай етеді деген мәселемен шұғылданды.
Аномальді балаларды зерттеумен медицина және биология ғылымының
өкілдері де шұғылданады. Организмнің аномальдық тұрғыда бұзылу механизмі
қандай? Бір немесе екі орган жұмыс істемей қалғанда, басқалары өзара қандай
қалыпта болады? Баланың орталық жүйке жүйесі бұзылғанда, сезім органдары
қандай күйде болады? Міне осындай мәселелермен ерте кезден айналысуда.
Қазіргі уақытта дамуында ауытқуы бар балалардың ішкі процестері мен
механизмдерін танып білуге көп көңіл бөлінуде.
Психологтарға келетін болсақ, олардың назарын қашанда аномальді
балалар аударып келгені мәлім, ал педагогтар керең баланы оқытуға бола ма,
көзі көрмейтін балаға жазу үйретуге бола ма деген мәселемен айналысуда.
Осыған байланысты бұлардың арасында прогрессивті және реакцияшыл
көзқарастары бар көптеген теориялар да орын алды. Педагогтар аномальді
балаларды оқытудың әр түрлі жүйесін қолданып, бар күш жігерін жұмсап бақты.
Біздің елімізде аномальді балаларды тәрбиелеп, оқытудың
мемлекетгік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе
бойынша бастауыш білім беретін сыныптар жұмыс істеп қана қоймайды, сонымен
қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді. Арнаулы
мекемелердің құрылуымен бірге дефектология ғылымы да дамып келеді.
Дефектологтар алдында аномальді балаларға кімдерді жатқызуға болады деген?
- деген басты проблема тұрды. Мұндай балалардың даму ерекшелігі қандай?
Олардың типологиясы қандай болуы тиіс?;
Аномальді балалардың ақыл-ойы дамуын педагогикалық тұрғыдан
анықтау өте қиын. Ақыл-ойы кем бала белгілі бір дәрежеге дейін ғана
көтеріле алады, сондай-ақ мылқау-керең балалар да дамудың жоғарғы сатысына
көтеріле алмайды, өйткені олардың сөйлеуге тілі болмайды дегенді жақтайтын
неше түрлі жорамалдар пайда болды. Ғалымдардың бірақтары қалыпты балалық
шақты бірнеше кезеңге бөледі: 0-3 жасқа дейін -биологиялық кезең, 3-7 жасқа
дейін - алғашқы дағдылар кезеңі, 7-12 жасқа дейін — нақтылы керіп білгенін
көңілге түйетін кезең. Ал, адам баласының нағыз даму кезеңі, олардың ойынша
12 жастан басталады. Осыған байланысты Пелле барлық аномальді балалар
керендік, соқырлық және т.б. қандай кемістіктерге ұшыраса да 12 жастан
жоғары олардың ақыл-ойы өспейді дейді, яғни оның пікірінше ондай балаларға
ойлау жат.
Дефектологтар аномальді балалар жөніндегі мұндай көзқарастарға
қарсы шықты. Бұл проблеманы шешуде белгілі психолог Л.С. Выготский үлкен
үлес қосты. Аномальді балалардың дамуындағы кемістікті ол бірінші сатылы
және екінші сатылы деп бөлді. Егер баланың естуі бұзылып, көзі көрмей
қалса, биологиялық бірінші кемістік. Бірінші кемістіктен кейін табиғи
сипаты мүлдем өзгеше, екінші кемістік пайда болады деп көрсетті. Керең
баланың құлағы зақымдалғаннан кейін екінші кемістік пайда болып, ол бүкіл
сөйлеу органдары дұрыс болғанына қарамастан, сөйлемей қалады. Баланың тілі
болмағанына байланысты, оның ұғымы мен түсінігі де әлдеқайда төменгі
дәрежеде дамиды. Егер адамның көзі көрмесе, ол өзін қоршаған тіршілікке,
айналасына көз жібере алмайды. Сөйтіп онда дәл осы кеңістіктегі тіршілік
женіндегі ұғымның дамуы жеткіліксіз болады.
Бірінші кемістік - организмнің белгілі бір қолайсыз жағдайлармен ұштасуы.
Ол жағдайлар іштен туа немесе тұқым қуа және туғаннан кейін пайда болуы
мүмкін. Өмірде нағыз тұқым қуатын кемістіктер соншама көп те емес, демек,
біз көбінесе туғаннан кейінгі кемістіктің дамуымен көп ұшырасамыз. Ал,
туғаннан кейінгі кемістіктер көптеген жағдайда бала өмірінің алғашқы
жылында пайда болады. Энцефалит, менингит т.с.с. аурудың түрлері көп
жағдайда есту, интеллектуалдык ерекшеліктері бұзылады.
Екінші кемістік - бірінші кемістіктен қалған организм ақауларының
нәтижесі. Бала оларды өз өмірі ішінде, бірінші кемістік қалыптасқаннан
кейін алады.
Бірінші кемістік - аса күрделі де ауыр кемістік, денедегі бір мүшенің
бұзылуы. Бірақ жеке адамның дамуындағы одан да ауыры - екінші кемістік. Ол
баланың сан қырлы болып өсуіне әсер етеді, оның жалпы өсуіне, ой-өрісінің
дамуына кедергі болады.
Баланың дұрыс қалыптасуына негіз болатын басты жағдайлар:
1. Баланың бас мнының дұрыс қызмет жасауы: психикалық дамудың негізі - бұл
уақытша нерв байланыстарының құрылуы. Ал бұл үшін баланың бас миы сырттан
келген тітіркендіргіштерді анализдеп, синтездеп алуы керек, сонымен бірге
тұрақты уақытша нерв байланыстарын құру қажет. Ал, егер де түрлі ауыр
жағдайларға байланысты адамның бас миында ауытқулар болса, онда баланың
дұрыс психикалық дамуы бұзылады. Бұл жағдайда баланың миы анализ, синтез
процестерін атқара алмайды. Уақытша нерв байланыстарын тұйықтай алмайды.
Бас миының бұзылуының нәтижесінде екінші сигнал системасының бірігіп
жұмыс атқаруы бұзылады.
2. Баланың физикалық жағынан дұрыс дамуы: осыған байланысты дұрыс жұмыс
қабілетінің, нерв процестерінің тонустарының дұрыс болуы. Әсіресе, әлсіз
балаларда осы процестер дұрыс дамымайды. Мұндай балалардың бас миы барлық
уақытта тежеліп тұрады, сондықтан бұл балалар әлсіз
тітіркендіргіштерге жауап қайтарып, ал күшті тітіркендіргіштерге дұрыс
жауап бермеуі мүмкін. Мысалы, егер мұғалім осындай балаларға сабақ
үстінде қатты сөйлейтін болса, онда оқушының бас миы белсенді түрде жұмыс
істемейді, ол сыныппен бірге жұмыс істей алмайтын болады, мұндай балалар
өзінің дамуында кешеуілденеді, бірақ оларды ақыл есі кем балалар
категориясына жатқызуға болмайды. Олар ерекше денсаулығын түзейтін
шараларды, режимдерді талап етеді.
3. Сезім мүшелерінің сақталып дұрыс қызмет атқаруы: мысалы, көрмеу, естімеу
ауытқулары ақыл-ой кемдігімен байланысты емес. Бірақ нашар есту балада
айналадағы дыбыстарды естуде түрлі қиыншылықтарға әкелуі мүмкін.
Қабылданатын сөз-сөйлем олар үшін үзіліп естіледі, сөз-сөйлемнің
грамматикасын түсіну бұзылады, сонымен дұрыс жазу процесі де бұзылады.
Міне осы ерекшеліктерге байланысты бала артта қалушылар қатарына
қосылады. Бұл балаларды ақыл-есі кем балалармен шатастырмау қажет, бүл
балалар арнайы мектептерде оқылады. Мысалы, соқырлар, нашар көретіндер,
керендер, нашар еститіндер. Балалардың бала-бақшаларда, жанұяда, мектепте
жүйе бойьшша оқытылуы. Жүйелі түрде оқыту ғана балаларда дұрыс ақыл-ойды
қалыптастырады.
Инфекциялық аурулар, мидың зақымдалуы - бұлардың барлығы мидың
қабыну процесіне және оның сыртқы қабығы мен тамырларының қабынуына әкеліп
соғады. Осы зақымдалулардың барлығы балалардың ақыл-ойының кем болуына
әсерін тигізеді. Бала дамуының ауытқуы ана организімініңішкі органдарының
зақымдалу себебіне байланысты болады.
Дефектология ғылымы келесі салалардан тұрады:
1. Тифлопедагогика - көзі нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу
саласы. (грек сөзі ~tuphlos - соқыр).
2. Судропедагогика -есту органдары нашар балаларды оқыту және тәрбиелеу
саласы. (латын сөзі -surdus -кереңдік).
3. Олигофренопедагогика - ақыл-есі нашар дамыған балаларды оқыту
және тәрбиелеу саласы (грек сөзі - olygos - аз phren-ақыл).
4. Логопедия- тіл кемістерін зерттеу, одан сақтандыру және алдын алу
жұмыстары. (грек сөзі logos- peideia - тәрбие)

Дефектология көптеген ғылымдармен байланысты. Дефектология
аномальді балалардың психологиялық ерекшеліктерін білу мақсатында жалпы
психологияға сүйенеді. Дефектология мен педагогиканың алдына қойған
мақсаттары бір бағытқа негізделген, сондықтан олар мына мәселелерді шешеді:
білім беру әдісінің мазмұны, бағдарлама түзу принципі, арнаулы мектептерге
арналып шығарылған оқулықтар, бағдарлама мазмұны, қабылдау ерекшеліктері.
Дефекгология ғылымы жалпы педагогикадағы білімнің мазмұнына сүйене отырып,
аномальді балалардың әр категориядағы мүмкшдіктеріне қарай өздерінің білім
беру жүйесін ендіреді.
Дефектологая ғылымы медицина, ортопедия, спорттық емдеу, массаж
атты салалармен байланысты. Бұл сала қозғалыс аппарат функциясының бұзылуын
емдейтін профилактикалық емдеу түрлері. Дефекгология өзінің әдістемелік,
әлеуметтік және ғылыми жетістіктері жағынан аномальді балалар дамуындағы
теориялық және практикалық жағынан жаңа кезең болып табылады. Өзінің даму
кезеңінде дефектология үнемі жаңа ғылыми ізденістермен, жаңалықтармен
байыпталып отыр. Біздің елімізде аномальді балаларды тәрбиелеп, оқытудың
мемлекеттік негізі құрылған, арнаулы мекемелердің жүйесі бар. Бұл жүйе
бойынша бастауыш білім беретін сыныптар ғана жұмыс істеп қоймайды, сонымен
қатар орталау және орта білім беретін сыныптар да жұмыс істейді.
Дефектологияның зерттеу аймағындағы негізгі мақсаты - аномальді балаларға
жалпы білім беру болып табылады.
Оқу процесіндегі қиындықтар кейде көру қабілетінің бұзылуымен
байланысты болады. Шар тәрізді көз алмасы бас сүйекгің көз шарасында
орналасқан. Көз алмасы келесі бөліктерден тұрады: ақ қабықша, қасаң қабық,
тамырлы қабықша, түсті қабықша. Қасаң қабық пен түсті қабықшаның арасында
мөлдір сұйық болады. Жарық сәулесі көздің қарашығы арқылы көздің ішіне
өтеді. Қарашықтың артында мөлдір көз бұршағы, шыны төріздес дене және тор
қабықшасы орналасқан. Тор қабықшасында жарық сәулелерінің тітіркенуі
әсерінен қозу толқыны пайда болатын клеткалар орналасқан.
Зат анық және нақты қабыдданған кезде дұрыс рефракция болады, яғни,
заттан келетін сәулелер тор қабықшасында шағылысады, содан заттар анық
қабылдаданды.
Көрудің жақыннан және алыстан көргіштік түрлері жиі кездеседі.
Жақыннан көргіштік күшті рефракцияны сипаттайды, яғни, заттан келе
жатқан сәулелер тор қабықшасьшың алдында шағылысады., содан алыстағы
затгардың бейнесі анық көрінбейді.
Алыстан көргіштік әлсіз рефракцияны сипатгайды, яғни, заттан келе жатқан
сәулелер тор қабықшасының артында шағылысады, содан заттардың бейнесі
жақыннан бұлыңғыр болып қабылданады. Сондықтан жақында орналасқан заттарды
қабылдау үшін ынталы зейін қажет. Балаларды алыстан көргіштік жақынан
көргіштікке қарағанда сирек кездеседі.
Алматы қаласының 4000-ға жуық оқушылары зерттелінген. 7 жастағы балаларда
алыстан көргіштік - 18 %, ал 17 жастағы балаларда - 5 %-тей көрініс берген.
Бұл жағдай балаларда көздің жарық сәулесінің сынуы жасқа байланысты
дамитынын, алыстан көргіштік біртіндеп жойылатынын көрсетеді.
Астигматизм - затардың бейнесі тор қабықшада бір нүктеде шағылыспайды,
керісінше тор қабықшадан әртүрлі қашықтықта орналасқан бірнеше нүктеде
шағылысады, содан заттардың бейнесі қате қабылданады.
Көру қабілеті бұзылуының бұл түрлері рефракцияның ауытқуларымен
байланысты, бірақ бұлжағдай көзілдірік кию арқылы орнына келе алады. Мұндай
балаларға мектепте және отбасында дұрыс санитарлық-гигиеналық жағдайлар
жасалуы қажет. Таблица, карта, кесте, тақтадағы оқу материалдарын балалар
дұрыс қабылдай алулары қажет.
Нашар көретін балаларға арналған арнаулы мектептерде балалар екі топқа
бөлінеді: соқырлар және нашар көретіндер.
Соқырлар - бұл жарықты туйсіне алмайтын балалар. Егер қалыпты
жағдайда біздің көруімізді 1-ге тең деп алсақ, онда қараңғы мен жарықты
ажырата алатын адамның көруі 0,03-0,04-ке тең болады.
Соқырлар өте әлсіз жарықты түйсіне алады, яғни, жарық пен қараңғыны
ажыратады. Осындай көру қалдықтары соқырларды айналадағы өмірге бейімделуге
көмектеседі.
Нашар көретін балалар - бұл топтағы балаларда біраз көру қалдықтары
сақталған. Бұл балалар көзілдірікті қолданған уақытта олардың көруі 0,04-
0,2 арасында болуы керек. Нашар көретін балалар үшін арнаулы контактты
линзалар, лупалар қолданылады., оларды жазуларды 4 есе үлкейтіп көрсетеді.
Типографиялық шрифттерді 10 есе үлкейтіп көрсететін арнаулы станоктар
қодданылады.
Бұл мектептерде арнайы парталар және күшті жарықтар орнатылған.
Оқулықтар үлкен шрифтпен басылған, әр сыныпта 12 оқушы оқиды.
Жақыннан көргіштік, алыстан көргіштік және астигматизм атты кездің
бұзылуы бар балалар кәдімгі жалпы білім беретін мектептерде оқиды.
Соқырлар арнаулы мектептерде Луи Брайл (нүктелі шрифт) жүйесі арқылы
оқытылады. Сонымен қатар түрлі оқу машиналары да қолданылады. Мысалы,
типографиялық белгілер белгілі дыбыс сиганалдары арқылы беріледі.
Есту органы адам организмінде өте үлкен рөл атқарады. Адамның есту
органы үш бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ.
Сыртқы құлақ- құлақ қалқанынан және сыртқы дыбыс тесігінен тұрады.
Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін қабылдайды да, оны сыртқы дыбыс
тесігіне бағыттап жібереді. Сыртқы дыбыс тесігінің ұшында дабыл жарғағы
орналасқан. Дыбыс толқыны дабыл жарғағын қозғалысқа келтіріп тұрады.
Ортаңғы құлақ дабыл жарғағының ар жағында орналасқан, оның іші ауаға
толы. Дабыл жарғағының ар жағында бір-бірімен ретімен жалғасып 3 есту
сүйекшелері: балғашық, төс, үзеңгі орналасқан. Осы есту сүйекшелерінің
болуының арқасында дыбыстың күші артады.
Ішкі құлақ бас сүйек қуысының ішіне қарай кіріп тұратын самай сүйегінің
терең түкпірінде орналасқан. Ішкі құлақ - бұл қуыстар мен имек каналдар
жүйесі болып табылады. Бұл сүйек лабиринтінен, жарғақша лабиринтінен, иірім
түтігінен тұрады. Иірім түтігін толтырып тұрған сұйықтықтың тербелістері
дыбыс қабылдайтын клеткаларды тітіркендіреді. Осындай тітіркенудің әсерінен
есту рецепторларында қозу толқыны пайда болады. Қозу толқыны есту нервінің
бойымен миға беріледі.
Сыртқы құлақтың зақымдалуы. Іштен туа біткен сыртқы құлақтың зақымдалуы
сирек кездеседі. Сыртқы құлақтың толық бітеліп қалуын атрезия дейді.
Атрезия сыртқы дыбыс тесігінің қабынуынан болады. Атрезиядан тек операция
жасап жасанды сәуле жасау арқылы емделуге болады. Сыртқы құлақтың
зақымдалуына сыртқы дыбыс тесігінде жиналып қалған құлық та жатады. Сыртқы
ортадан енген шаң мен микробтар құлақта бөгеліп қалады. Алайда құлағын
үнемі жуып жүрмейтін салақ адамда құлық сыртқы дыбыс тесігінде жиналып
қалуы мүмкін. Бұл құлақтың естуін әлсіретеді. Құлақтың құлығын еш уақытта
сіріңкемен, қарындашпен, түйрегішпен тазалауға болмайды. Бұл әрекет, дабыс
жарғағын зақымдайды, не оны тесіп жіберуі мүмкін, осының салдарынан адамның
естуі нашарлайды, не адам тіпті естімей қалады, Егер адамның құлағына кұлық
жиналып қалса, ол маман дәрігерге баруы тиіс.
Ортаңғы құлақтың зақымдалуы. Ортаңғы құлаққа ауру қоздырғыштар енсе, ол
ауыр зардаптарға әкеліп соқтырады. Бұл жағдайда ортаңғы құлақ қабынады. Бұл
әр турлі себептерден болады. Мысалы: ангина, грипп ауруларымен ауырған
кезде ортаңғы құлаққа ауру тудыратан микробтар тусуі мүмкін. Кейде ірің
дабыл жарғағын тесіп жібереді. Егер қабыну процесі ішкі құлақты да қамтитын
болса, онда ішкі құлақта орналасқан есту рецепторларының зақымдануы көбіне
кереңдікке әкеліп соқтырады. Есту органын өте қатты дыбыстардан қорғау
қажет.
Ішкі құлақтың зақымдалуы. Ол мына себептерге байланысты: қабыну
процесінің ортаңғы құлақтан ішкі құлаққа көшуі; инфекциялық аурулардың
асқынуы; ми қабынуының құлаққа таралуы.
Есту органының күшті бұзылуы – бұл өздігінен немесе емделудің
нәтижесінде есту органының жақсармауы. Есту органының күшті бұзылуы екі
түрлі болуы мумкін: іштен туа біткен, журе пайда болған. Іштен туа біткен
есту органының күшті бұзылуы өте сирек кездеседі, Оның себептері:
1. Тұқым қуалаушылық. Мысалы: керең ата-анадан, есту фунциясы кем
балалар туылуы мумкін.
2. Әйелдің екі қабат кезінде түрлі инфекциялық
аурулармен ауруы.
3. Әйелдің түрлі дәрі-дәрмектерді қолдануы.
Жүре пайда болған себептер:

1. Ортаңғы құлақтың күшті қабынуы.
2. Мұрын және жұтқыншақ аурулары.
3. Ауыр инфекциялық аурулар (менингит, қызылша, скарлатина).
4. Туылу кезіндегі баланың алған жарақаттары.

Есту органының бұзылуы сөз-сөйлем функциясына да өз әсерін тигізеді:
1. Неғұрлым бала нашар еститін болса, соғұрлым нашар сөйлейді.
2. Неғұрлым баланың есту органы ерте бұзылса, соғұрлым оның сөз-сөйлемі
де қиынырақ болады.
3. Неғұрлым ертерек баланың сез-сөйлемін түзетуде түрлі тәсілдер
қолданылса, соғұрлым оның сөз-сөйлемі де
жақсы дамиды.
Есту функциясының бұзылу дәрежесіне қарай есту жетіспеушілігінің екі түрін
айыруға болады: кереңдер және құлағының мүкісі барлар.
Кереңдік - есту қабілетінің толық жойылуы, не біреудің сөйлеген сөйлемін,
сөзін қабылдай алмауы.
Құлағының мүкісі барлар- сөз-сөйлемді қабылдаған
кезде түрлі қиыншылықтардың кездесуі. Бірақ сөз-
сөйлемді қабылдағанда түрлі тәсілдер колданылады
(дауысты қатты шығару, дыбыс күшейткіш
приборларды қоддану, нашар еститін адамның құлағына жақындап сөйлеу).

Есту жетіспеушілігінің түрлеріне байланысты балаларды да екі топқа бөледі:
Кереңдер.
Нашар еститіндер.
Кереңдердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арналған арнайы мекемелер
Дефектология жеке ғылым саласы ретінде
Дамуында кемістігі бар балаларды тәрбиелеу мен окыту күрделі әлеуметтік және педагогикалық мәселе
Дефектология
Дефектология ғылымына жалпы түсінік
Дефектология пәнінің негізі
Дефектология ғылымы
Балалардың дыбыс айту ерешеліктері
Арнайы педагогиканың сыныптамалары
Пәндер