Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

Бұл курстық жұмыста африканың тропикалық елдеріне экономикалық-географиялық тұрғысыдан толық сипаттама берілді.

Курсттық жұмыс 25 беттен, кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

1 Африканың тропикалық елдерінің физикалық-географиялық жағдайы

1. 1 Географиялық орны, жер бедері мен климаты . . . 8-10

1. 2 Халқы мен еңбек ресурстары . . . 10-12

1. 3 Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы . . . 12-13

2 Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы

2. 1 Африканың тропикалық елдеріндегі экономиканың дамуы . . . 14-16

2. 2 Африканың тропикалық елдеріндегі туризмнің қазіргі

жай-күйі . . . 16-19

2. 3 Африканың тропикалық елдерінің сыртқы экономикалық байланыстары . . . 19-20

Қорытынды . . . … . . . 21

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі …… . . . ……… . . . …… . . . 22

Қосымша . . . 23-25

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі: Африканың тропикалық елдерінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай? Мемлекеттердің аумағы және геосаяси жағдайы қандай? Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай? Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай? Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай? Мемлекеттрдегі туризмнің қазіргі күйі қандай? Африканың тропикалық елдерінің шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?

Африка жер шарындағы Еуразиядан кейінгі екінші үлкен материк, ол құрлықтың 1\5-ін алыа жатыр. Аумағы солтүстіктен оңтүстікке қарай 8 мың км-ге, батыстан шығысқа қарай ең енді бөлігі 7, 5 мың км-ге созылып жатыр. Жерінің жалпы ауданы аралдарымен қоса алғанда 30, 3 км², халқының саны 800 млн адамнан асады.

Менің курстық зерттеу жұмысымның тақырыбы Африканың тропикалық елдері. Курстық жұмысты Африкадағы тропикалық елдерге қандай елдер жататынан бастағым келіп отыр. Аймақ құрамына кіретін елдер: Мавритания, Алжир, Ливия, Египет, Судан, Чад, Эфиопия, Нигер, Нигерия, Мали, Сенегал, Намибия, Ботсвана, ОАР, Замбия, Зимбабве, Заир, Ангола, Маврикий және т. б.

Тропиктік Африка жалпы жер көлемі - 20 млн. км²-ден астам, халқы - 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік мекендейді.

Бұл тропикалық елдердегі экономика дамуы артта қалған. Ең негізгі себебі Африка құрлығының ұзақ жылдар бойы отарда болуы. Көптеген жылдар бойы Франция, Ұлыбритания, Португалия, Германия, Бельгия, Италия, Испания елдері үстемдік жасады. ХХ ғасырдың 60-жылдарына қарай Африкадағы тропикалық елдер өз тәуелсіздіктерін жариялады. Алғаш тәуелсіздік алған елдердің бірі ол ОАР, Ливия, Египет, Эфиопия, Судан мемлекеттері болды.

Африканың тропиктік аймағы екі негізгі аймақтан құралады. Олар оңтүстік тропикалық және солтүстік тропикалық аймақ болып.

Менің курстық зерттеу жұмысымның мақсаты: Африканың тропикалық елдерінің экономикалық-географиялық ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу міндеттері:

  1. Африканың тропикалық елдерінің экономикалық-геграфиялық ерекшелігі қандай?
  2. Мемлекеттердің аумағы және геосаяси жағдайы қандай?
  3. Мемлекеттердің қалыптасу тарихы қандай?
  4. Халқы мен еңбек ресурстарының ерекшелігі қандай?
  5. Шаруашылықтың негізгі қалыптасқан түрі қандай?
  6. Мемлекеттрдегі туризмнің қазіргі күйі қандай?
  7. Африканың тропикалық елдерінің шет елдермен және Қазақстанмен өзара қарым-қатынасының негізгі ерекшеліктері қандай?

Зерттеудің әдіснамалық негізі: Ғ. Гарапова «География», Ә. Бейсенова, К. Каймулдиналардың «География» атты кітабы бойынша.

Зерттеудің теориялық құндылығы: Африканың тропикалық елдеріне физика-географиялық және экономика-географиялық сипаты туралы қазақ тіліндегі әдебиеттер қатары толықтырылды.

Зерттеудің практикалық мәні: Африканың торопикалық елдері туралы мәлімет алу үшін қажетті практикалық құрал болып табылады.

Курсттық жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан және қосымшадан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 Африканың тропикалық елдерінің физикалық-географиялық жағдайы

1. 1 Географиялық орны, жер бедері мен климаты

Африканың тропикалық елдері екі топқа жіктеледі. Олар:

Тропиктік Африка жалпы жер көлемі - 20 млн. км²-ден астам, халқы - 500 млн. адамды құрайды. Ірі аймақтың халқы негізінен экваторлық нәсілдік жататындықтан, Тропиктік Африканы «қара Африка» деп те атайды. Бірақ этникалық құрамы жағынан Тропиктік Африканың жеке бөліктерінің бір-бірінен күшті айырмашылықтары бар. Әр түрлі нәсілдер мен тіл әулеттері түйіскен жерде этникалық және саяси шекаралардың ең үлкен «ала шұбарлығы» пайда болған Батыс және Шығыс Африкада мұндай айырмашылықтар өте күрделі. Орталық және Оңтүстік Африканың халқы 600-ге жуық диалектісі бар, бірақ туыстығы жақын банту (бұл сөз «адамдар» дегенді білдіреді) әулеттінің көптеген тілдерде сөйлейді. Суахили тілі ерекше кең тараған. Ал Мадагаскардың халқы австронезия әулеттің тілдерінде сөйлейді. Австронезия тілдерінің өзіндік ерекшелігі географиялық атаулардан да байқалады. Африканист жазушы С. Кулик Мадагаскардағы елді мекендердің атауларын келтіреді: , , .

Тропиктік Африка аймағына 29 ел кіреді. Барлығының да экономикасы артта қалған елдер, тек Оңтүстік Африка Республикасы ғана қосарлы экономикалы ел болып табылады. Африка материгінің ең оңтүстік бөлігінде орналасқан ел.

1-кесте. Тропиктік Африка елдері

Елдер атауы

Ауданы, мың

км²

Демографиялық көрсеткіштері
Мемлекеттік құрылымы
Астанасы
Халық саны, млн адам
Орташа жылдық табиғи өсім %
Қала халқының үлесі %
Елдер атауы: Алжир
Ауданы, мыңкм²: 2382
Демографиялық көрсеткіштері: 32, 8
Мемлекеттік құрылымы: 2, 4
Астанасы: 49
Р
Алжир
Елдер атауы: Египет
Ауданы, мыңкм²: 1002
Демографиялық көрсеткіштері: 74, 7
Мемлекеттік құрылымы: 2, 0
Астанасы: 44
Р
Каир
Елдер атауы: Ливия
Ауданы, мыңкм²: 1760
Демографиялық көрсеткіштері: 5, 5
Мемлекеттік құрылымы: 2, 5
Астанасы: 86
Джамахирия
Триполи
Елдер атауы: Мали
Ауданы, мыңкм²: 1240
Демографиялық көрсеткіштері: 11, 6
Мемлекеттік құрылымы: 3, 1
Астанасы: 26
Р
Бамако
Елдер атауы: Нигер
Ауданы, мыңкм²: 1267
Демографиялық көрсеткіштері: 11, 0
Мемлекеттік құрылымы: 3
Астанасы: 17
Р
Ниамей
Елдер атауы: Нигерия
Ауданы, мыңкм²: 924
Демографиялық көрсеткіштері: 134, 0
Мемлекеттік құрылымы: 2, 8
Астанасы: 16
ФР
Абуджа
Елдер атауы: Сенегал
Ауданы, мыңкм²: 197
Демографиялық көрсеткіштері: 10, 6
Мемлекеттік құрылымы: 2, 8
Астанасы: 41
Р
Дакар
Елдер атауы: Ангола
Ауданы, мыңкм²: 1247
Демографиялық көрсеткіштері: 10, 8
Мемлекеттік құрылымы: 3
Астанасы: 32
Р
Луанда
Елдер атауы: Чад
Ауданы, мыңкм²: 1284
Демографиялық көрсеткіштері: 9, 3
Мемлекеттік құрылымы: 3, 3
Астанасы: 22
Р
Нджамена
Елдер атауы: Заир
Ауданы, мыңкм²: 2345
Демографиялық көрсеткіштері: 56, 6
Мемлекеттік құрылымы: 3, 2
Астанасы: 29
Р
Ниншаса
Елдер атауы: Замбия
Ауданы, мыңкм²: 753
Демографиялық көрсеткіштері: 10, 3
Мемлекеттік құрылымы: 2
Астанасы: 38
Р
Лусака
Елдер атауы: Судан
Ауданы, мыңкм²: 2506
Демографиялық көрсеткіштері: 38, 1
Мемлекеттік құрылымы: 2, 2
Астанасы: 27
Р
Хартум
Елдер атауы: Эфиопия
Ауданы, мыңкм²: 1222
Демографиялық көрсеткіштері: 66, 6
Мемлекеттік құрылымы: 2, 4
Астанасы: 14
ФР
Аддис-Абеба
Елдер атауы: Ботсвана
Ауданы, мыңкм²: 600
Демографиялық көрсеткіштері: 1, 6
Мемлекеттік құрылымы: 1, 6
Астанасы: 50
Бірлестік құрамындағы мемлекет
Габороне
Елдер атауы: Зимбабве
Ауданы, мыңкм²: 391
Демографиялық көрсеткіштері: 12, 6
Мемлекеттік құрылымы: 1
Астанасы: 31
Бірлестік құрамындағы мемлекет
Хараре
Елдер атауы: Маврикий
Ауданы, мыңкм²: 2
Демографиялық көрсеткіштері: 1, 2
Мемлекеттік құрылымы: 1, 1
Астанасы: 43
Бірлестік құрамындағы мемлекет
Порт-Луи
Елдер атауы: Мозамбик
Ауданы, мыңкм²: 783
Демографиялық көрсеткіштері: 17, 5
Мемлекеттік құрылымы: 2, 2
Астанасы: 28
Р
Мапуту
Елдер атауы: Мадагаскар
Ауданы, мыңкм²: 596
Демографиялық көрсеткіштері: 17, 0
Мемлекеттік құрылымы: 2, 9
Астанасы: 22
Р
Антанариву
Елдер атауы: ОАР
Ауданы, мыңкм²: 1221
Демографиялық көрсеткіштері: 42, 8
Мемлекеттік құрылымы: 1, 3
Астанасы: 45
Р
Претория

Тропиктік Африка жер бедері оның көпшілік бөлігінде біртектес, қарапайым болып келуімен ерекшеленеді. Негізінен құрлық Гондванадан бөліп шыққан ежелгі Африка платформасында орналасқан. Оның біраз бөлігі майысуларға ұшырап, теңіз табаны болған. Сондықтан оның қалың шөгінді жыныстармен жабылған ірі қазаншұңқырлар қалыптасқан. Қалқанды құрылымдар жер бетіне шығып жатқан бөліктерде таулы үстірттер мен таулы қыраттар түзілген. Шығыс және Оңтүстік Африка жері мезозоймен кайназойда өте күшті қозғалыстарға ұшырап, биік жақпарлы таулы қыраттар және өте тар әрі терең ойыстар түзілген. Ойыстардың көпшілігі сумен толтырылып, терең көлдерге айналған. Терең жарықтарды бойлай көтерілген лава таулы қыраттарды тегіс жауып алып жатыр. Жанартаулық әрекеттер әлі де жүруде, осы аймақта материктің ең биік нүктесі - Килиманджаро (5895 м) қалыптасқан[1] .

Африканың солтүстік бөлігін Атлас жас таулар жүйесі алып жатыр. Африка біршама көтеріңкі дүние бөлігі, орташа биіктігі - 750 метр. Оның 70%-дан астам жерін биік баспалдақты жазықтар, үстірттер, таулы үстірттер мен таулы қыраттар, 20%-ын биік таулар, ал қалған 10%-ын ойпаттар алып жатыр.

Африканың тропиктік аймағының климаты халық шаруашылығына өте қолайсыз. Климаты туралы қысқаша сипаттама жазатын болсам жазы құрғақ және атмосфералық жағдайы тұрақты, температурасы жоғары, кейде жаңбырлы кейде жаңбырсыз аймақ болып табылады.

Африка - жер шарының солтүстік және оңтүстік жарты шарларына шамамен бірдей қашықтыққа созылып жаткан бірден-бір материк. Осы ерекшелік екі жарты шардың бірегей ендіктерінде бірегей климат болуына жағдай жасайды. Климаттық белдеулердің барлығы дерлік Африка территориясында екі реттен кайталанады.

Дегенмен Африканың солтүстік бөлігінің оңтүстік бөлігінен (экватордан оңтүстікке қарай жатқан) ауданы жөнінен екі есе үлкен болуының үлкен маңызы бар. Африкадан солтүстікке және солтүстік-шығыcқа қарай орасан зор. Евразия құрлығы орналасқан, одан Африканы континентаралық жылы теңіздер - Жерорта теңізі мен Қызыл теңіз бөліп тұр. Оңтүстік субконтинент Атлант және Үнді мұхттарының аралығында. Сондықтан Африкада экватордан солтүстікке және оңтүстікке қарай климаттың түзілу жағдайлары бірдей емес.

Материктің негізгі бөлігі тропиктер арасында жатыр және бүкіл жыл бойы күн жылуын көп мөлшерде қабылдап, әсіресе солтүстік, анағұрлым сом бөлігінде қатты кызады. Бүкіл Африка (азғана қaлысты есептемегенде) жылына 160 ккал см 2 астам жылу алады, ал солтүстік бөлігінде жиынтық радиация 200 ккал см 2 асып түседі. Бұл жоғары температураның белең алуына жағдай жасайды және Африканы Жердің ең ыстық материгіне айналдырады.

Матернктің горизонталды бөлшектерінің шамалы болуы және шеткі аймақтарының ішкі бөліктермен салыстырғанда көтеріңкі келуі мұхит әсерін шектейді және климаттың Африкаға тән континенттігін туғызады, бұл оның көлемі үлкен болуына және Евразияға жақын жатуына байланысты солтүстік бөлігінен айқын көрінеді.

1. 2 Халқы мен еңбек ресурстары

Тропикалық Африкада 500 млн адамға жуық халық тұрады. Ал Бүкіл Африка халқы 800 млн. адамды құрайды. Тропиктік Африкада халық біркелкі қоныстанбаған. Тек Нигерияның халқы 120 млн-нан асады, тағы да бес елдің халқы 25-60 млн. аралығында. Осы алты елдің халқы аймақ халқының 56%-ын құрайды. Африка халқы тән басты белгінің бірі - халық санының жедел өсуі. Халықтың табиғи өсуінің қарқыны жөнінен Африка басқа аймақтарды басып озуда. Тропиктік Африка тілдік құрамы жағынан өте күрделі Олар Нигер-кордофан және семит-хамит тілдері семьясы.

Африка елдері отарлық саясат кезінде халықтың этностық ерекшеліктері ескерілместен жүргізілген мемлекеттік шекаралар мұра болып қалған. Осының нәтижесінде көптеген біртұтас халықтар шекараның түрлі жағында қалып қойған. Бұл өз тараптарынан осы уақытқа дейін болып тұратын этносаралық жанжалдар мен жер дауын туғызды. Кейдеі тіпті мұндай жанжалдар әскери қақтығыстарға ұласып, «этностық босқындар санын арттырды.

Африканың тропикалық елдерінде мемлекеттік тіл ретінде ағылшын, француз, араб тілдері мемлекеттік тіл болып саналады. Ол тілдер сонау отарлау заманынан қалған мұрасы.

Африканың тропикалық аймақтағы халықтың ұдайы өсуі ең жоғары қарқынға жеткен аймақ болып есептеледі[2] .

Бұл осы аймақтағы көп балалы болуды қолдайтын ежелгі дәстүрлерге де байланысты. Сонымен қатар бұл аймақта белсенді демографиялық саясат жүргізбейді, сондықтан да мұнда бала туу ең жоғары болып отыр. Мысалы, Кенияда, Нигерияда, Нигерде, Танзанияда бала туудың мың тұрғынға шаққанда 50 нәрестеден асады. Бұл Еуропаға қарағанда 4-5 есе жоғары. Бірақ Африка әлі де болса өлім көрсеткіші жоғары аймақ.

Тропикалық Африкада халықтың орташа орналасу тығыздығы 1 км² 22 адамнан келеді. Ал бұл көрсеткіш Азия мен Еуропаға қарағанда төмен. Оның негізгі себебі климаттық қолайсыздығы.

Тропикалық Африкада қала халқының үлесі жөнінен басқа аймақтардан әлде қайда төмен дәрежеде (30% шамасында) . Жекелеген елдердегі қала халқының үлес салмағын айтатын болсақ Ливияда -86%, Алжирде - 56%, ал ОАР-да -57%-ы құрайды.

Тропиктік Африка елдеріндегі негізгі діндер

Негізінен схемада көрсетілген діндер үстемдік етеді. Тропиктік Африка елдерінде негізінен жергілікті діндерге көп сенеді. Ислам дінін ұстанушылар олар Алжир, Судан, Египет мемлекеттері. Ал христиан дінін аралдық мемлекеттер ұстанады. Мысалы, Мадагаскар.

Африканың тропикалық елдеріндегі еңбек ресурстарында жастардың үлес салмағы жоғары, бірақ олардың кәсіби дайындығы өте төмен деңгейде. Аймақ экономикасы аграрлық сипатта және төмен дәрежеде болғандықтан, еңбекке жарамды халықтың 2\3-і ауыл шаруашылығында жұмыс істеуге мәжбүр. Мысалы, 2000 жылы Нигерияда халықтың жалпы саны 120 млн-нан астам болса, оның 39 млн-нан астамы экономикалық белсенді халық (ЭБХ) болып табылады, бұл халықтың 34%-ын құрайды. Елдегі ЭБХ-тың тең жартысына жуығы ауыл шаруашылығында еңбек етеді. Ал қалған бөлігінің бір жартысы сауда-саттық және коммерсиямен айналысса, қалғаны басым түрде қызмет көрсету саласында жұмыс атқарады.

Африканың тропиктік елдерінде дүниежүзі бойынша еріксіз мигранттардың жалпы саны жөнінен ерекше көзге түседі. Ол аймақ елдерінде саяси ахуалдың тұрақты болмауымен түсіндіріледі. 1990 жылдардан бері Африка жерінде жиі қайталанып жатқан әскери қақтығыстар мен ұлт араздығы нәтижесінде 5 млн-нан астам адам босқындық күй кешуде. Ал ОАР елі заңсыз қоныс аударушылардан зардап шегуде. Мысалы, ОАР-да 3-5 млн-ға дейін (халқының 10%-ға жуығы) шетел азаматтары заңсыз мигранттар жағдайында тұрып жатыр[3] .

  1. Шаруашылығы және оның қазіргі жағдайы

Тропиктік Африка елдерінің шаруашылығы мен орналасуында да көптеген ұқсастықтыр бар. Тропиктік Африкаға - бүкіл дамушы дүниенің ең артта қалған бөлігі, оның шегінде нашар дамыған 29 ел орналасқан. Қазір бұл ауылшаруашылығы материалдық өндірістің негізгі саласы болып қалып отырған дүниежүзіндегі бірден-бір ірі аймақ.

Ауыл тұрғындарының жартысына жуығы натуралды, қалғандары - аз тауарлы шаруашылық жүргізеді. Соқаның мүлде жоқтығынан жерді тесемен өңдейді. ; Африканың көптеген елдерінің мемлекеттік елтаңбасында тесе диқан еңбегінің символы ретінде бейнеленеді. Барлық негізгі ауылшаруашылық жұмыстары әйелдер мен балалар атқарады. Олар тамыржемістер мен түйнекжемістерді (маниоканы немесе кассаваны, ямсты, баттатты) өңдеп, бұлардан ұн, жарма, ботқа, таба нан жасайды, сондай-ақ аса күтімді крек етпейтін тары, сорго, күріш, жүгері, банан, көкөніс өсіреді. Мал шаруашылығы аса дамымаған, бұл әсіресе це-це шыбынының болуына байланысты, ал егер мал шаруашылығы айтарлықтай орын алатын болса (Эфиопия, Кения, Сомали), оның өзінде мейлінше экстенсивті жүргізіледі. Экваторлық ормандарда осы күнге дейін аңшылықпен, балық аулаумен және терімшілікпен күнелтетін тайпалар және тіпті ұлыстар бар. Саванналар мен ылғалды тропиктік ормандар зонасында қиып-өртеп ағаштан тазартылған жерлер жүйесі тұтынушы егіншіліктің негізі болып табылады.

Көпжылдық желектер - какао, кофе, жер жаңғағы, гвея, майлы пальма, шай, сизаль, дәм-татымдық дақылдар басым тауарлы өсімдіктер өсіретін аудандар ерекше көзге түседі. Бұл дақылдардың кейбіреулері плантацияларда, ал кейбіреулері - шаруа қожалықтарында өсіріледі. Бірқатар елдердің бір дақыл өсіруге мамандануы ең алдымен осындай өсімдіктерге байланысты.

Басты кәсіп түріне қарай Тропиктік Африкаға халқының көпшілігі ауылдық жерлерде тұрады. Саванналарда өзендерді бойлай үлкен ауылдар, ал тропиктік ормандарында - шағын қыстақтар орналасқан.

Қыстақтар тұрғындарының тұрмысы өздері жүргізетін натуралды шаруашылықпен тығыз байланысты. Олардың арасында жергілікті діни нанымдар - ата-бабаларға, киелі затқа табыну, табиғат рухына, сиқыршылыққа сену, дуалау, әр түрлі бойтұмарларды пайдалану кең тараған. Африкалықтар өлген адамдарға аруағы жер бетінде қалады, ата-бабалардың аруағы тірілердің іс-әрекетін қадағалап отырады, егер әлде бір дәстүрлі өсиет бұзылатын болса, олар қатаң жазалауы мүмкін деп сенеді. Еуропа мен Азиядан енген христиандық пен мұсылмандық та Тропиктік Африкаға айтарлықтай кең тараған.

Тропиктік Африка - дүниежүзіндегі нашар индустрияланған аймақ. Мұнда тау-кен өнеркәсібінің айтарлықтай ірі бір ауданы - Заир мен Замбиядағы Мыс белдеуі қалыптасты. Бұл салада шағын бірнеше ареалдар құрайды.

Тропиктік Африка - дүниежүзінде нашар урбандалған аймақ. Оның сегіз елінде ғана миллионер қалалар бар.

Тропиктік Африка көлік желісінің дамуы жөнінен де артта қалып келеді. Оның бейнесі полрттардан ішкі аудандарға апаратын, бір-бірінен оқшауланатыфн сызықтарды елестетеді. Көптеген елдерде темір жол мүлде жоқ. Шағын бума жүктерді 30-40 км-ге дейін адамдар төбесіне қойып тасиды[4] .

Тропиктік Африкада айналадағы ортаның жағдайы жылдам нашарлап келеді. Жердің шөлге айналуы, орманның тақырлануы мен фаунаның кедейленуі нақ осында қауіпті дәрежеге жетіп отыр.

2 Африканың тропикалық елдерінің экономикалық жағдайы

2. 1 Африканың тропикалық елдеріндегі экономиканың дамуы

Тропиктік Африкада 29 ел орналасқан. Олар өз кезегінде солтүстік және оңтүстік Африканың тропикалық елдері болып бөлінеді. Экономикалық тілмен айтатын болсақ дамуы жағынан артта қалған елдер болып табылады. Экономикалық дамудың артта қалуының негізгі себептері:

  • ұзақ жылдар бойы отарлық саясатта болуы;
  • климаттық қолайсыздығы;
  • әлеуметтік жағдайдың төмендігі (аурудың көп болуы) .

2-кесте. Африканың тропикалық елдеріндегі жиынтық ішкі өнімнің көрсеткіші

Елдер
Жиынтық ішкі өнім көлемі
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %
Жалпы көлемі АҚШ долл
Жан басына шаққанда мөлшері, долл
өнеркәсіп
ауыл шаруашылығы
қызмет көрсету
Елдер: Алжир
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 196
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 6600
51
12
37
Елдер: Египет
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 295
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 4200
31
16
53
Елдер: Ливия
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 38
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 6700
55
5
40
Елдер: Мали
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 8
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 900
17
49
34
Елдер: Нигер
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 9, 4
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 900
18
40
42
Елдер: Нигерия
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 106,, 2
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1000
42
33
25
Елдер: Сенегал
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 15, 6
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1700
17
19
64
Елдер: Ангола
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 11
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 260
53
13
34
Елдер: Чад
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 7, 5
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1600
15
39
46
Елдер: Заир
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 34, 9
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 700
15
59
26
Елдер: Замбия
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 8, 3
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 900
40
23
37
Елдер: Судан
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 31, 2
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1900
17
33
50
Елдер: Эфиопия
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 32, 9
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 800
12
55
33
Елдер: Ботсвана
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 5, 3
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 9200
45
4
51
Елдер: Зимбабве
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 26, 2
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1900
32
28
40
Елдер: Маврикий
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 11, 7
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 12, 800
29
8
63
Елдер: Мозамбик
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 16, 8
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 1200
13
35
52
Елдер: Мадагаскар
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 10, 3
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 800
13
32
55
Елдер: ОАР
Жиынтық ішкі өнім көлемі: 457
Жиынтық ішкі өнімнің құрылымы, %: 11100
39
5
56

1-диаграмма. Африканың тропикалық елдерінде экономиканың негізгі секторы

Мұндағы:

1. 30 % - тау-кен өндірісі;

2. 57% - ауылшаруашылығы;

3. 13% - қызмет көрсету саласы.

Осы негізгі үш сала Африканың тропикалық елдеріндегі негізгі экономиканың секторын құрайды.

Африканың тропикалық елдерінде соңғы жылдары тау-кен өнеркәсібі зор табыстарға қол жеткізді. Қазір пайдалы қазбалардың көптеген түрлерін өндіруден Африка дүние жүзінде маңызды, кейде тіпті жетекші орындары да иеленуде. Мысалы, ОАР алтын өндіруден бірінші орынды, Нигер уран, ал Гвинея боксит өндіруден екінші орынды иеленді. Замбия мыс өндіру мен оны экспортқа шығарудан әлемге әйгілі, бұл елді «қызыл металл елі» деп атайды. Сонымен қатар Конго мен Ботсвана алмас өндіру мен оны сыртқа шағарудан дүние жүзінде жетекші орынға шығып отыр. Африка тропикалық еедеріндегі өндірілетін отын мен шикізаттың негізгі бөлігі сыртқа шығарылатындықтан, тау-кен өнеркәсібі Африканың халықаралық еңбек бөлінісіндегі орын айқындайды. Бірақ такен өндіру өнеркәсіптерінің көпшілік бөлігі шетел қаржыгерлерінің қолында шоғырланған[5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Африка мемлекеттердің саяси - экономикалық жағдайы
Африка
Ботаникалық бақ
Дүние жүзілік территориялық бөлісудің аяқталуы
Оңтүстік Африка елдерінің тәуелсіздікке қол жеткізуі
Күрделігүлділер тұқымдасы
Алматы облысы бойынша орналасқан туристік обьектілермен танысу
Табиғатпен адамзат қатынасындағы өзгеріс
ХХ ғ. 60-70 жж. АКТ мен ЕЭҚ қатынастары
«Этнология» пәнінен дәрістер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz