Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

Ι. Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері
1.1 Қысқа мерзімді инвестицияның құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ...5
1.2 Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Акцияның ағымдағы құнын анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11

ΙΙ. Инвестицияларды бухгалтерлік есепке алу ерекшеліктері
2.1 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 15
2.2 Тәуелді шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі ... ... ... 16
2.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі ... ... . 19

ΙΙΙ. Инвестицияларды қайта бағалау және оларды қаржылық есеп беруде көрсету
3.1 Инвестицияларды мүліктік түгелдеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету ... ... ... ... ... ... ... 24

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 25
Кіріспе



Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың ауылшаруашылығының

және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал

түрінде салынып, жұмсалатын шығындарының жиынтығын айтамыз.

Инвестициялық кызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде кәсіпкерліктен

табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестиция – эконмиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын

қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,

инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ

мерзімге несие беретін мамандырылған инвестициялық банктер мен

акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар

ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы

салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды,

алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары

сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық

тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа

бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан



Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану;

қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа

жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін

енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын

қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ----------------------------------- --------------------------------
-------------------3
Ι. Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау әдістері
1.1 Қысқа мерзімді инвестицияның құнын анықтау.--------------------------5
1.2 Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау.--------------------------- ---8
1.3 Акцияның ағымдағы құнын анықтау.--------------------------- -------------
11
ΙΙ. Инвестицияларды бухгалтерлік есепке алу ерекшеліктері
2.1 Бірлесіп бақыланатын шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі-----
----------------------------------- -----------------------------------------
--------- 15
2.2 Тәуелді шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі----------- 16
2.3 Еншілес шаруашылық серіктестіктің инвестициялық есебі--------- 19
ΙΙΙ. Инвестицияларды қайта бағалау және оларды қаржылық есеп беруде
көрсету
3.1 Инвестицияларды мүліктік түгелдеу--------------------------- -----------
- 20
3.2 Есеп беруде инвестицияларды ашып көрсету---------------------------
24
Қорытынды-------------------------- ----------------------------------- -----
----------- 25

Кіріспе

Инвестициялар деп өнеркәсіптің, құрылыстың ауылшаруашылығының

және экономиканың басқа да салаларының кәсіпорындарына капитал

түрінде салынып, жұмсалатын шығындарының жиынтығын айтамыз.

Инвестициялық кызметтің мақсаты – түпкі нәтижесінде
кәсіпкерліктен

табыс немесе процент алу болып табылады.

Инвестиция – эконмиканы дамудың тұрақты және жоғарғы қарқынын

қалыптастыруды, ғылыми – техникалық прогресстің жетістіктерін енгізуді,

инфрақұлымды дамытуды көздейтін басты фактор.

Инвестицияны дамытуда кәсіпорындарды қаржыландыратын және ұзақ

мерзімге несие беретін мамандырылған инвестициялық банктер мен

акционерлік қоғамдардың акцияларынан құрылған инвестициялық қорлар

ерекше роль атқарады. Сөйтіп, қорлар экономиканың неғұрлым пайдалы

салалары мен кәсіпорындарына капиталдың құйылуына жағдай жасайды.

Түптеп келгенде, инвестициялардың мақсаты – жаңа технологияларды,

алдыңғы қатарлы техниканы және ноу-хауды енгізу; ішкі нарықты жоғары

сапалы тауарлармен толтыру және қолайлы қызмет көрсету; отандық

тауар өндірушілерді мемлекеттік қолдау және ынталандыру; экспортқа

бағытталған және импортты алмастырушы өндірістерді дамыту, Қазақстан

Республикасының шикізат көздерін тиімді және кешенді пайдалану;

қазіргі заманғы менеджмент пен маркетингтің әдістерін енгізу, жаңа

жұмыс орындарын құру; жергілікті мамандардың үздіксіз оқу жүйесін

енгізу, олардың біліктілік деңгейін көтеру; өндірістің жедел дамуын

қамтамасыз ету; қоршаған табиғат ортасын жақсарту болып табылады.

I. Қаржылық инвестициялар және оларды бағалау

әдістері

1.1. Қысқа мерзімді инвестициялардың құнын анықтау

Әрбір шаруашылықты жүргізуші субъект ағымдағы (нарықтық) құн

бойынша қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды есепке алуға құқылы.

Бұл кезде, есеп саясаты нарық жағдайының өзгерісіне тәуелді етіп, нарық

құнының кезеңдік өзгерісімен бірге қарастырылады. Егер кәсіпорын

иеленгендегі алынған қаржылық инвестициялары листингтік биржаның

қорынаенгізілген болса, онда олардың құнын кез келген кезде анықтау

қиынға соқпайды. Керісінше жағдайда, қаржылық инвестициялар қор

биржасында түзетіліп жазылмаса, онда нарықтық құнына белгілі бір

есептеулерді жүргізе отырып, иеленген қаржылық инвестициялардың

табыстылығына байлансты анықтауға болады.

Табыстың тіркелген (фиксаждалған) деңгейі бар облигациялардың

құнын анықтау. Облигация құны ағымдағы ақшалай төлемдер тасқыны

ның құны ретінде қарастырылуы мүмкін. Жыл соңында төленетін пайыз

дық табыс төлемі және оның номиналдық құны (N) облигацияны бағалау

үшін мынадай теңдік пайдаланылады:

C C C
N

P = ———— + ———— +. . . .+ ———— + ———— ,
(l + k) (l + k) ² (l + k) ⁿ
(l + k) ⁿ

Мұндағы: P – облигацияның ағымдағы құны;

C - жыл сайынғы төлеуге жататын номиналдық

табыстың пайызы;

k - жабылу мерзіміне дейінгі алынатын
табыс;

n - облигацияны өтеу (жабылу) мерзіміне
дейінгі қалған

мерзімі.

Облигациялардың басым бөлігі бойынша проценттер жылына бір

рет емес, екі рет төленеді.Соның нәтижесінде теңдікті былай етіп өңдеуге

болады:

C2 C2 C2
N
p = ———— + ———— + . . . . + ——— + ———— ,
(l+k2) (l+k2)² (l+k2)²ⁿ
(l+k2)²ⁿ

Мысал. Субъект өзінің есеп саясатында қысқа мерзімді қаржылық
инвестицияларды ағымдағы (нарықтағы) құны бойынша есепке алады және сол
инвестицияның номиналдық табыс проценті 11% болған, ал оның жабылу мерзімі
17 жылға белгіленген, алынған облигацияның құны 1400 теңге құраған.
Шығарылған облигацияның өтеуіне дейін қалған кезеңі үшін (6 жыл) табысы,
36% құраған. Облигациялар бойынша проценттер жылына екі рет төленеді.
Облигацияға ие болғаннан кейін он екі ай өткен соң кәсіпорын оларды сату
жөнінде шешім қабылдайды. Есеп саясатына сәйкес қысқа мерзімді
инвестициялардың ағымдағы құны жыл сайын өзгеріп отыруы тиіс. Енді біз
облигациялардың ағымдағы құнын анықтайық:
- жабу мерзіміне дейін алынатын табысы - 25% (облигациялар бойынша
барлығы 36% қарастырылған, оның 11%-і төленіп үлгерді, сол себепті
қалған табыс 25% (36-11));
- номиналдық проценттік табысы – 154 теңге құраған (140×11%), (154:2=77
теңге);
- облигациялардың жабылуына дейінгі мерзімі – 5 жыл (6-1).
Бұл жағдайларда облигациялардың нарықтық құнының формуласы

мына түрде көрінеді:

77 77 77
140
P = ———— + ———— + . . . . + ———— + ———— ,
(1-0,125) (1+0,125)² (1+0,125)¹º
(1+0,125)¹º

Осыдан p = 871,9 теңге болған.

25% бойынша жыл сайынғы төлемдердің 5 жылға арналған дисконттау
ставкасы2,689-ға тең. 5 жылдан кейінгі бір мезгілдік төлем үшін дисконттау
ставкасы 0,327-ге тең. Жыл сайынғы проценттік төлемдер 154 теңге құраған.
Сонда p= 2,683 ×154 + 1 400 × 0,327 = 871,9 теңге

2. Шартты бағалы қағаздардың құнын анықтау

Шартты бағалы қағаздар - яғни, бұл опциондар, варранттар, қаржылық
фьючестерлер, алуға ерекше артықшылық құқығы бар тәріздес бағалы қағаздар.
Опцион – опциондық контратінің нәтижесі болып табылатын бағалы
қағаз, соған сәйкес қатысушылардың бірі біршама уақыт өткен соң бағалы
қағаздарды алдын-ала ескертілген бағасы бойынша алуына немесе сатуына
құқығы бар қатысушыны айтады, ал екінші қатысушы болса, ақшалай сыйақы алу
үшін қажет болған жағдайда бағалы қағаздарды белгілі бір келісілген бағасы
бойынша сатуға немесе стаып алуға құқыс бар.
Опциондық шарт (контракті) жасалынған ұсыныты ескрілген мерзімі
ішінде өз күшінде сақтап тұруды түсіндіреді. Опционды сатып алушы опцион
мерзімі ішінде акциялар курсының қозғалысына байланысты, ол өз құқын іс
жүзінде асыруы және асырмауы мүмкін. Егер опцион сатылмаса, онда бұл
жағдайда сатып алушының опцион үшін төлеген сомасы сол сатып алушының
табысы болып есептелінеді. Опцион сатып алушының пайдасы ("колл"),
ағымдағы биржалық бағам (курс) опционда ескерілген бағамнан жоғары болса
ғана қалыптасуы мүмкін, ол сонда ғана акцияны сатып алуы мүмкін. Содан соң
ол акцияны сатып алады, яғни опционның екінші типі ("путы") жасалады, бірақ
бұл ағымдағы биржалық бағам опциондағы көрсетілген бағамнан жоғары болса
ғана жүзеге асады.
Варрант – бұл негізгі бағалы қағаздарды шығарумен қатар
(корпоративтік артықшылығы бар акциялар, облигациялар) көрсетілген қор
құндылықтарын сатып алуға қызығушылық тудыру үшін пайда болатын бағалы
қағаздар. Варрант оның иесіне белгілі бір уақыт ішінде алдын-ала
белгіленген баға бойынша сатып алынған бағалы қағаздарға берілетін құқық.
Варрант иесі - оның сатып алушысы. Варрантты сатушы тұлға болып сол шартты
қағаздарды шығаратын (эмиссияны жүзеге асыратын) және варрант сатып
алушыларға қатысты (тиесілі) міндеттемелерді қабылдайтындар. Бағалы
қағаздардың варрант бойынша алынған бағасы, сол варранттың атқаратын бағасы
болып аталады. Варранттар кей жағдайда бағалы қағаздың өзімен бірге
ұсынылады және олардың құны бағалы қағаздың құнымен бірдей болуы мүмкін.
Бұл бағалы қағаздардың құны варранттардан бөлінуі мүмкін, егер бағалы
қағаздар нарығында (рыногында) өз бағамына ие болса және дербес қызмет ете
алса.
Варрант белгілі бір акциялар саны бойынша белгілі бір
акциялардың бағасын анықтауға болатындығын білдіреді немесе керісінше, яғни
белгілі бір бағасы бойынша санын анықтайды. Акциялардың нарықтық бағасы p-
ға тең делік; варрант бойынша белгіленген акциялар бағасы Π, бір варрантқа
V
акцияларды сатып алуға болады, онда варрант бағасы:
Цв= ( p - Π )× V,
Мұндағы Цв – варрант құны.
Акциялардың нарықтық бағаларының әрбір өзгерісі кезінде варранттың
ағымдағы құны да өзгереді.
Опцион – бұл бағалы қағаз, белгіленген мерзімде белгілі бір баға
бойынша, белгілі бір акцианың санын сату ("колл" – опцион) немесе сатып алу
("пут" опцион) құқығынкөрсетеді.
Опционның ағымдағы құнын мына формула бойынша анықтайды:

Цο = ( р – П ) xκ – S,

Мұндағы :
р – контракт біткен күніндегі акцияның бағасы;
П – опциондық контракт жасалған кездегі акцияның бағасы;
к - опциондық контракт бойынша акцияның сомасы;
S – опционның сатылатын бағасы
Егер де акцияның нарықтық бағасы өзгерсе, опционның ағымдағы бағасы
да өзгереді.

3. Акцияның ағымдағы құнын анықтау

Акцияның әрекет ету мерзімі шектелмейтіндіктен, жыл сайынғы
алынатын дивидент тұрақты болсын делік және оның абсолюттік деңгейі “Д” –
ға тең болсын, онда оны анықтайтын формула мынадай болады:

Д
Цª = ——

Кі

Мұндағы :
Цª - акцияның құны;
Κі – пайыздық мөлшерлемесі
Акцияның нарықтық құны әртүрлі әдіспен бағаланады және онда
инвесторлардың екі типі бар деп топшыланады. Олардың бірі дивидендті
жабуға талпынса, ал басқасы акция құнының өсімін көздейді. Осыған сәйкес,
акцияның нарықтық бағасының орташа сомасын анықтайық:

Д
Ρак = Х × —— + У × Ц3 ; Х + У = 1
К

Мұндағы:
Ρак - акцияның нарықтағықұны;
Х - жоғары дивиденд алуға ниет білдірген инвесторлардың үлес
салмағы, дивидендтік (Х ≈1);
У - акцияның бағамдық құнының өсетіндігін көздейтін
инвесторлардың үлес салмағы, “бағамдық” (у ≈ 1);
Ц3 -бұрындары сатылып кеткен акциялардың бағасы.
Акцияның нарықтық бағасын шығарған кезде х пен у деңгейінің
тәуелділігі байқалады: бір кезде бағамдық басым болса, ал бір кезде
керісінше, дивидендтік басым болады. Сірә, бұл екеуі де акцияның нақты
бағасын бағалай алмайды.
Акцияның ағымдағы құнын есептейтін әрі танылған моделі
қалыптасқан жоқ.
Дегенмен де, акцияның нарықтық бағасын болашақта күтілетін
дивидендтер ағыны бойынша есептеуге болады деп топшыланған пікірлер де жоқ
емес. Ол, негізінен өткен жылдардың орташа деңгейінен алынады. Акцияның
нарықтық құнын анықтайтын формуланың түрі мынадай болады:
∞ Дt
Рак = ∑ ——

t=1 (l + К ) t

Мұндағы:
Дt – кезең үшін күтілетін дивиденд;
к – акция бойынша қажетті табыс деңгейі;
∑ - 1 ден ∞ дейін кезең ішінде болашақ дивидендтің дисконтталған
құнының сомасы;
Рак - акцияның нарықтық құны.
Егер инвестор акцияны бір жыл ұстап акцияның құнын n мөлшерлемесі
бойынша өсірсе, онда акцияның ағымдағыи құны мынадай болады:

Д + Рак (1 + n)
Д
Рак = ———————— немесе Рак = ————
1 + і
і - n

Мұндағы :
Д – жыл соңына күтілетін дивиденд;
n - жыл бойындағы акцияның өсу қарқыны,%
і - дисконттық мөлшерлемесі (күтілетін дивидендті ағымдағы құнға
келтіру).
Мысалы, кәсіпорын өткен жылы акцияға өз пайдасынан 1 мың теңге
дивиденд төленген және сәйкесінше біренше жыл ішінде жыл сайын орташа
есеппен дивидендті 5% өсіп отырған, сондықтан инвестор өсу қарқынынын
сақтаса, акцияның бағасын 5% өсіре, ол күтілетін дивидендтің деңгейін
анықтауға болады:
Д 1,05
Рак = ——— = ————— = 6,2 мың теңге
і – n 0,22 – 0,05

Қазіргі жағдайда, бағалы қағаздың ағымдағы құнын анықтаған кезде
міндетті түрде дағдарысқа сай етіп түзетулер жасау керек. Шамамен
дағдарыстың өсім қарқыны (һ), бірліктің үлесі ретінде көрсетілсе, онда
дағдарыстың жылдық өсімі былайша бейнеленеді (1 + һ).
Шын мәнінде жылдық табыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның инвестициялық қызметін талдау
Инвестициялау объектілері
Өзара инвестициялық қорлар
Инвестицияны қаржыландырудың сыртқы және ішкі көздері
Инвестициялық жобаларды бағалаудың статистикалық әдістері
Инвестициялық жобаның тиімділігін бағалау әдістері
Нақты инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау
Сапамен жобаларды басқару пәнінен оқу бағдарламсы
Инвестициялық тәуекелдіктер түсінігі және олардың түрлері
Қазақстандағы кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігін арттыру
Пәндер