Болат Сарыбаев


Болат Сарыбаев
Сарыбаев Болат (1927-1984) - музыкатанушы, өнертану кандидаты. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын қобыз класы бойынша бітірген, мұнан соң халық аспаптар кафедрасында дәріс берген, бір мезгілде қазақтың халықтық музыкалық аспаптарын жинау мен зерттеу жөніндегі қызметтермен айналысты. Зерттеушінің дербес жинамасы әртүрлі халықтардың төрт жүзге таман музыкалық аспабын қамтиды, ол сондай-ақ сыбызғы, сырнай, жетіген, шертер, шаңқобыз, дабыл және басқа халықтық қазақ музыкалық аспаптары жинамасының иесі. Ол бұл аспаптарда Ықылас атындағы қазақтың музыкалық аспаптар Музейіне тапсырған. Б. Сарыбаев “Қазақтың халық аспаптары” монографиясында табылған аспаптардың түрін, қатарын, дыбыстық берілімін, ойнау тәсіліне ғылыми сипаттама бере отырып, жіктейді. Бұл зерттеуге бағалы қосымша ретінде Сарыбаевтың көмегімен “Қазақтың музыкалық аспаптары” әдемі альбомы жарық көрді.
Б. Сарыбаев музыка тануда ежелгі аспаптарды біліп, тауып, мәдениеттің материалдық игілігі ретінде ғана бағалап қана қойған жоқ, сондай-ақ, бұл ескі аспаптарды халықтың рухани өміріне ендірді. Сарыбаевтың ұмытылған ескі аспаптарды жаңартып, оларды іздеуі, зерттеуі нәтижесінде біз қазақтардың ерте кезден музыкаға, әнге, әуенге құмар екендігін, ерте кезде олардың әлемдегі ең бай аспаптарды қолданғандағын білеміз. Сарыбаевтың еңбегінің маңызы аса зор, себебі - ежелгі аспаптарда уақыт үні, ғасыр таңбасы болады, ол -қазақтың музыка мәдениетіне жаңа тарихи бет болып қосылып, үнемі жаңарып, толығып отырады.
Қазақстанның музыкалық мәдениеті саласындағы Б. Ш. Сарыбаевтың өмірі мен сан-салалы қызметі 20 ғасырда елеулі орын алады. Көне музыкалық аспаптар мен дәстүрлі қазақ музыкасының жандануы, қайта даму кезеңі оның есімімен тығыз байланысты. Ол жоғала бастаған көне музыкалық аспаптарды іздестіріп, қалпына келтіріп, зерттеу жүргізіп, бүгінгі ұрпақ кәдесіне ұсынып ұлттық мәдениетіміздің өткен тамаша тарихымен таныстырды. Болат Сарыбаев 1927 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының негізін салушылардың бірі белгілі ұстаз Шамғали Харесұлы Сарыбаевтың отбасында дүниеге келді. Болаттың өмір жолын таңдауына ықпал еткен Құрманғазының шәкірті ұлы домбырашы Дина Нұрпейісова десек қателеспес едік. Ол Ұлы Отан соғысы кезінде біраз уақыт Сарыбаевтар үйінде тұрды. Болаттың музыкалық қабілетін байқаған Дина Нұрпейісова “Болатжан балам, мына домбыраны сақтап, ойнап үйрен” - деп өзінің домбырасын сыйға тартады. “Қазақ халқының мәдени мұрасы ұшан-теңіз әрі көпқырлы, оны зерттеп оқып-біліп кейінгі ұрпаққа жеткізу қажет. Сен өзің сыпайы, қарапайым болғаныңмен еңбекқорсың. Ержеткен соң қолыңнан бәрі де келеді” - деген тілек сөзі Б. Сарыбаевтың зайыбы М. К. Сарыбаеваның айтқанынан жазылып алынды.
Болат Шамғалиұлы Алматы консерваториясының түлегі, оны бітірген соң осы оқу орнында қалды. 50-жылдардың аяғынан оның қазақтың ұлттық аспаптарын зерттеу саласындағы тер төгіп еңбектенген іздену жұмыстары басталады. Бұған дейін қазақтарда тек екі аспап - домбыра мен қобыз болған деген пікір қалыптасқан болатын Сондықтан зерттеу жұмыстарын қайта жаңғыртуға тура келді. Осының нәтижесінде Болат Шамғалиұлы жиырмадан аса қазақтың музыкалық аспаптарын тапты. Олар: шаңқобыз, сыбызғы, саз-сырнай, үскірік, шертер, жетіген, т. б.
Елге шыққан іздестіру сапарлары, экспедициялары кезінде Болат Шамғалиұлы көптеген орындаушылар, көне көз қариялармен жүздесті. Сирек кездесетін аспаптар үлгісін көріп, олардың қалай жасалатынын ақсақалдардың айтуында естіп жазып алу сәтін иеленді. Б. Сарыбаевтың үйіндегі мұражайға негіз болған музыкалық аспаптар коллекциясы осылай құрала бастады. Бұған оны төзімділігі ақыл-ой, күш-қуатымен аянбай жұмсаған тынымсыз еңбегі жеткізді. Ол туралы “Б. Сарыбаевтың коллекциясын мемлекеттік мұражайлармен салыстыруға әбден болады. Ал аспаптардың сан-алуан бай болуы жағынан асып та түседі” - делінген (Б. Сарыбаевтың музыкалық аспаптар мұражайының күнделігінде жазылған Вл. Перельманның сөзі) .
Ғалымның музыка зерттеу саласындағы еңбектері мен ізденістері оны сыры белгісіз жаңа жолдарға жетеледі. Тамыры бір түркі тектес халықтардың ортақ мәдени мұрасы - көне музыкалық аспаптары жайында нақты дәлелдеп айтқан осы Б. Сарыбаев болатын.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz