ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
М. О. Әуезов атындағы Семей университеті
Гуманитарлық факультет
Тарих кафедрасы
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: «ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы»
Студент
Ғылыми жетекші,
аға оқытушы
Семей 2008
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Жарма ауданының дамуы
1. 1. Жарма ауданындағы өнеркәсіп және көлік қатынасы . . . 8
1. 2. Жарма ауданының мәдени дамуы . . . 20
2. Тәуелсіздік жылдарындағы Жарма ауданы
2. 1. Жарма ауданында жекешелендіру саясатының жүзеге асырылуы . . . 34
2. 2. Тәуелсіздік жылдарындағы ауданның мәдени жетістіктері . . . 39
3. «ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының
тарихы» тақырыбын өлкетанулық материал ретінде қолдану
3. 1. «Қазақстан тарихы» пәні сабағында «ХХ ғасырдың
ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы» тақырыбын қолдану . . . 44
3. 2. «ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы»
тақырыбын мектепте сабақтан тыс уақытта қолдану әдісі . . . 46
Қорытынды . . . 54
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 56
Қосымшалар . . . 62
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
Тәуелсіздік жолына түсіп, өркениетті елдердің қатарына қосылу әрекетіне кіріскен Қазақстан Республикасы үшін алдына қойған мақсаттарға жетудегі кепілдіктердің бірі - халықтың өз тарихын терең зерттеуі, тарих тағылымын жадында ұстауы. Бүгінгі ұрпақтың тарихи санасын қалыптастыру мен ұштау ел тарихын, өз өскен ортаның тарихын, тарих қойнауындағы әрбір құбылыстың, өзгерістердің қыры мен сырын терең білу міндет жүктейді.
Зерттеу объектісі.
Зерттеудің негізгі арқауы - Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма ауданының тарихы. Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік аймақтың бірі - Жарма ауданы облыстың солтүстік - батысында орналасқан ұсақ шоқылардың қиыр батысы мен Қалба жотасының кең көлемді шығыс жақ бөлігін алып жатыр. Аудан жерін қақ жарып өтетін Шар мен Қызылсу өзендері халыққа ерекше күші бар мекен ретінде ғасырлар бойы қалып отырған. Қазір де солай болып отыр.
Тақырыптың зерттелу деңгейі
Жарма жері ертеден-ақ оңтүстік пен солтүстік керуен жолдарымен байланыстырып жатыр. Бұл өлке саяхатшылар мен географтар да қатты қызықтырған, олардың көпшілігі артына жергілікті жердің табиғат көркі, тұрғылықты халықтың тұрмысы мен шаруашылық ерекшеліктері туралы мәліметтер қалдырған. Мәселен, Ш. Уәлиханов [9], П. Семенов-Тянь-Шаньский [41], Г. Потанин [17], В. Обручев [37], А. Янушкевич [47] сияқты басқа да көптеген атақты ғалымдар мен зерттеушілер болған.
Қалбаның қазба байлықтарын зерттеуде академик В. А. Обручев құнды деректер қалдырды. Оның еңбектері өлкенің геологиясы қазіргі тұжырымдамамыздың негізін құрайды. Сол себептен де ғалымның пікірлері өзінің практикалық маңызын жоғалтқан жоқ.
Жарма ауданы туралы анықтамалық мәліметтермен энциклопедиялық басылымдар арқылы танысуға болады. Жарма ауданы әкімшілік бөлік ретінде 1928 жылы құрылған. Бұл туралы мәлімет Қазақ Совет энциклопедиясы
[14] мен тәуелсіз елімізде жарық көрген Ұлттық Энциклопедиясында [15] келтірілген. Жарма ауданы Семей облысының құрамдас бөлігі. Ауданның географиялық орналасуы, қазба байлықтары туралы мәліметтерді ХХ ғасырдың 60-шы жылдары жарық көрген «Семипалатинская область» атты еңбекте кездестірдік. Еңбектің авторлары - Кузнецова З. В., Курицын И. И. [21] . Еңбектегі әлеуметтік-экономикалық жайлар туралы мәліметтердің ескіруіне қарамастан өлкенің табиғи ресурстары жөніндегі материалдар әлі де өзінің құндылығын жойған жоқ.
Тарихтың өзекті арнасы - өлке тарихы. Зерттей білу, зерттегенді зерделей білу арқылы тарих тағылымын, тарих сабағын түсінуге, ұғынуға болады. Бұл үшін бүгінгі таңда зор мүмкіндік туып отыр. Тәуелсіздік жылдары жарық көрген еңбектерде Жарма ауданының құрылуынан бастап қазіргі кезге дейінгі тарихы жазылған. Қазіргі әлеуметтік-экономикалық жүйе де, шаруашылық қарым-қатынас та, ақпараттық кеңістік те, дүниеге көзқарас та басқаша. Тіпті, әріге бармай-ақ, бүгінгі күніміз бен тәуелсіздіктің алғашқы жылдары арасында болған айырмашылықты мейлінше айқын сезініп келеміз. «Тарихыңды танып біл» атты еңбекте Ә. Сәдуақасұлы [42] ел мен жердің тарихын ұштастыра отырып Семей облысы өңіріндегі мәдени ескерткіштердің мән-мағынасын маңызын ашып көрсетті. Бұл тарихи-танымдық еңбек деп түсінеміз.
Жарма өңірінің қазба байлығының мол екендігі ертеден белгілі. Осы тұрғыдан өлкеге сипаттама беруге арналған Қ. Керейбаевтың «Қазыналы Қалба» [19] және А. Нурсултанов пен А. Кирпотаның «Золотое Прииртышье» [34] еңбектерін атаймыз. Қ. Керейбаевтың кітабы - Қалба өңірінің географиялық, тарихи - экономикалық жағдайын қамтыған еңбек. Мұнда жерін ертеде мекендеген адамдардың өмірі туралы тарихи ескерткіштерден бастап осы күнге дейінгі тарихы туралы әңгіме шертіледі. Бұрын осы өлкеде болған ғалымдар, шеберлер, батырлар мен билер, ақын-жыршылар, күйшілер туралы қызықты деректер бар. А. Нурсултанов пен А. Кирпота «Золотое Прииртышье» кітабын республикадағы байырғы комбинаттардың бірі - «Алтайалтын» кен-байыту комбинатына арналған. Еңбекте Шығыс Қазақстан өңірінде алтын өндірісінің пайда болуы және оның дамуы жайлы айтылған. Сонымен қатар, өлкедегі әлеуметтік өзгерістерге де назар аударылған. Бұл еңбек арқылы Жарма ауданындағы өндірістік саладағы жетістіктерге баға бере аламыз.
Экономиканың өрістеуінің бірден-бір көрсеткіші - көлік қатынастарының дамуы. Жарма ауданының экономикалық дамуына Түркістан-Сібір темір жолының салынуы өз әсерін тигізді. Қ. Керейбаевтың «Из истории Северного Турксиба» [18] еңбегінде Семей темір жол бөлімінің тарихы, теміржолшылар әулеттері және олардың саланы дамытуға қосқан үлесі туралы баяндалады. Осы еңбекте Жарма ауданына қарасты Суықбұлақ, Шар, Жалғызтөбе, Жарма, Үшбиік теміржол станцияларының пайда болуы және дамуы біздің зерттеуге арқау болды. Алайда, соңғы жылдары жарық көрген аталмыш еңбектердің публицистикалық сарыны басым екенін байқаймыз.
Сонымен қатар, диплом жұмысында мерзімді басылымдардағы материалдар, оның ішінде облыстық «Дидар», «Рудный Алтай», облысқа тарайтын «Семей таңы» және аудандық «Молшылық үшін», «Рауан-Восход» газеттеріндегі мақалалар қолданылды.
Диплом жұмысының деректік негізі ретінде ШҚО Қазіргі заман тарихы құжаттарының орталығы және Жарма мұрағат орталығының қорларын пайдаландық. ШҚО ҚЗТҚО-да «Қазақ КСР түсті металлургия министрлігінің «Алтайалтын» кен-байыту комбинаты» атты Р-612 қор құжаттары зерттелді. Аталған қорда 1927-1995 жылдар аралығындағы комбинаттың қызметін көрсететін көптеген материалдар бар. Зерттеу барысы Қалбатау селосындағы Жарма мұрағат орталығында жалғастырылды. Бұл мұрағатта «Жарма аудандық мәдениет бөлімі» 104 - қор, «Семей облыстық жергілікті өнеркәсіп басқармасының Жарма аудандық өнеркәсіп комбинаты» 217 - қор, «Жарма аудандық білім бөлімі» 102 - қор, «Жарма ауданындағы «Достық» ЖШС-і Жаңаөзен селосы (1997 - 1999 ж. ж. ) » 260 - қор, «Семей облысы Жарма ауданы Георгиевка селосы. Жарма аудандық агроөндірістік бірлестігі (1931 - 1987ж. ж. ) » 75 - қорлары қарастырылды. Осы мұрағат құжаттары жоғарыда аталған басым публицистикалық еңбектердің мәліметтеріне нақтылық беруге көмек көрсетті.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері.
Диплом жұмысының басты мақсаты - Жарма ауданының ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы тарихын баяндау, Жарма ауданының мұрағатындағы тың деректерді ғылыми айналымға енгізу. Осы мақсатқа жету үшін диплом жұмысында келесі міндеттер көзделеді:
- Жарма ауданының ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы өнеркәсіп пен көлік қатынасының даму деңгейін көрсету;
- Жарма ауданының мәдени мекемелерінің жұмысын мұрағат деректері арқылы анықтау;
- тәуелсіздік жылдарындағы Жарма ауданының экономикалық ахуалын сараптау;
- ХХ ғасырдың соңғы онжылдығындағы Жарма өңірінде халық ағарту ісінің жағдайын көрсету;
- мәдениет саласындағы жармалықтардың республика деңгейіндегі жетістіктерін айқындау;
- зерттеудің қорытындыларын мектеп жұмысында қолдану түрлерін келтіру.
Зерттеу методологиясы. Нақты деректерге сүйене отырып, тарихи білімді жинақтау арқылы тарихи, объективтілік принциптерін негізге алдық. Зерттеу жұмысында салыстыру, талдау әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының практикалық маңызы.
Зерттеудің өзекті мәселесі бойынша жасалынған теориялық тұжырымдар мен толықтыруларын «ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Жарма ауданының тарихы» тақырыбы бойынша жұмыстың нәтижесін мектеп мұғалімдері мен оқушылары, жоғары оқу орындарының студенттеріне пайдалануға болады.
Зерттеу жұмысының құрылымы.
Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды мен әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
1. ХХ ғасырдың 50-90 жылдарындағы Жарма ауданының дамуы
1. 1. Жарма ауданындағы өнеркәсіп және көлік қатынасы.
Шығыс Қазақстан өңіріндегі ірі әкімшілік аймақтың бірі - Жарма ауданы 1928 жылы құрылды. Бұл өңірді георафиялық және геологиялық сипаттамасына қарай қазыналы Қалба деп атайды. Қалба жотасында алтынның бай кен орындары бар.
Шығыс Қазақстанның Нарым және Қалба жоталарының кен орындарынан ғана адамдар 1100 тонна түсті металл қазып алған. Ескі қорымдардан табылған заттар, тіпті кен орындарының өзі мұнда ертеден-ақ алтын өндіргенін дәлелдейді. Қола дәуірі кезінде бұл аймақ бүкіл Орталық Азия мен Шығыс Еуропадағы ежелгі металлургия орталығы болды.
Қалбаның қазба байлықтарын зерттеуде академик В. А. Обручев құнды деректер қалдырды. Қазақтың ұсақ шоқысы оның ішінде Қалба жотасының геологиялық құрылымын сипаттай келе академик В. А. Обручев былай деп жазады: «Это бывшая геосинклинальная область, сильно пронизанная интрузиями, обладает богатым оруденением почти всех типов, от магматического до гидротермального средней глубины: золоторудное и россыпное, вольфрам, медь, серебро-цинк, свинец в виде жильных месторождений, контактно-метаморфические железные руды, вкрапленные медные руды различного типа, залежи корунда, а также пласты угля каменноугольного и юрского возростов, самосадочная соль, гипс, алюминиевые руды выветривания» [19; 25]
Осындай қазба байлыққа қызыққан шетел мемлекеттері ХХ ғасырдың бас кезінде барлау жұмыстарын жүргізе бастады. Аудан өнеркәсібінің негізін 1920 жылдары Ақжал мен Бөке кеніштерін игеру жұмыстарын бастаған ағылшындар қалаған.
1930 жылдары Жарма өңірінде КСРО түсті металлургия министрлігіне қарасты алғашқы Ақжал, Бөке кеніштерін құрған алтын өндіретін «Алтайалтын» тресті құрылады. 1933 жылы маусым айында бұрынғы КСРО өнеркәсіп наркомы Серго Орджоникидзенің бұйрығымен кен байыту комбинатын құру туралы қаулы қабылданды. Содан бері Семей өңірінде алтын кеніштері ашылды. Алғашқы кезде жер қойнауының 25-30 метрлік тереңдігінен, кейін 100 метрлік тереңдігінен алтын алынды. [34; 45]
Бұл комбинаттың қызмет ету көлемі тек қана Жарма ауданымен шектелмей, бүкіл Шығыс Қазақстан облысына тарады. 50-ші жылдары Еспе, Бақыршық кеніштері ашылса, 70-80-ші жылдары Құсмұрын мен Семейтаудан және Абыралы, Шұбартау, Жаңа Семей аудандарынан алтын өндіріле бастады.
1952 жылға дейін «Алтайалтын» тресттерінде қазылған бүкіл руданың
90 % жергілікті байыту фабрикаларында өндірілді, тек оның құрамында көп мөлшерде алтын мен кремнезем болатын бөлігін флюс ретінде экспортқа жіберіп отырды.
Бақыршықтағы барлау жұмыстарының көбеюі мен жаңа типтегі ашылып жатқан рудалардың шығуы Казақ КСР түсті металлургия министрлігі және «Алтайалтын» трестінің жетекшілігімен жан-жақты ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұған Иргиредмет, КазМУ, Қазақ политехникалық институты, Гипроцветмет, ҚазКСР тау - кен институты, Плеханов атындағы Ленинград тау институты, т. б. ат салысты. Соның ішінде Қазақстанның танымал ғалымдары Б. Н. Лебедев, С. М. Анисимов, И. С. Скобеев, И. С. Стахеев, Л. И. Чечулина, Н. А. Коменников, С. Н. Россовский, Б. Н. Ласкорин, И. А. Жучков, Р. А. Исакова, т. б. өз үлесін қосты. [34; 58]
Осы Бақыршықтағы табылған рудаларды байыту технологиясын зерттеу нәтижесінде салынып жатқан байыту кешені Бақыршық тау-металлургия комбинатын жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік пайда болды.
1960 - 70 жылдары бүкіл КСРО көлемінде рационализациялау, яғни кеніштердегі техникаларды жетілдіру, уақытты үнемдеу және шығынды аз келтіретін жаңа приборларды ойлап табу жұмыстары жүргізілді. Осының арқасында кеніштерде қолданысқа жаңа техникалар енді. Нәтижесінде 8 - ші бесжылдықта «Алтайалтын» трестінің кеніштері үлкен жетістіктерге қол жеткізді. Мысалы, 1970 жылғы мәліметтер бойынша Жарма ауданында Бақыршық, Октябрьск, Ақжал ірі рудниктерінде жаңа техникаларды пайдалану арқылы 1966-1971 ж. ж. «Алтайалтын» комбинаты бесжылдық жоспарын 102 пайыз, өнім өткеру жоспарын 107 пайызға орындады. Жоспардан тыс 2 млн. 57 мың сомның өнімін шығарды. Еңбек өнімділігі 9, 2 % артып, өнімнің өзіндік құны жоспардан 3, 2 % кеміді. Өнеркәсіп орындары бойынша жарты жылдық жоспар жалпы өнім өндіруден 108%, өнім өткеруден - 114% орындалды, қосымша 321 сомның өнімі өткерілді. Кеніште 2000 - нан астам жұмысшы қызмет етсе, олардың ішінде 27 адам «Құрметті шахтер» және «Еңбегі сіңген шахтер» деген абыройлы атаққа ие болды. [26; 3]
Сегізінші және тоғызыншы бесжылдықтарда трестте белсенділік танытқан үшін 27 горняк медаль және орденьдермен марапатталды. Ленин Орденімен - «Бөке» руднигінің №4 шахта забойщигі Идай Шишенбаев, Қазан революциясы орденімен А. Сулейменов; ал Бақыршық руднигінің бастығы К. Кисамбаев, «Октябрьск» руднигінің забойщигі Н. Жұмақанов және «Архарлы» руднигынан Д. Светочев Еңбек Қызыл Жұлдызымен марапатталды. Қорытындылай келе, сегізінші және тоғызыншы бесжылдықтардағы алтын өндіру көлемінің өсуі негізінен ғылыми - техникалық үдірістің жеделдетуі және еңбектегі өнім өндірудің жоғарылауынан болды деп айтуға болады.
1950 жылмен 1970 жылдарды салыстырғанда комбинаттағы руданы өңдеу 3, 5 есеге өссе, ал ашу жұмыстары 5 есе өсті.
Ендігі кезекте «Алтайалтын» комбинатының құрамында болған Ақжал, Еспе, Бақыршық, Бөке сияқты кеніштеріне жекеше тоқталып өтсем.
Қазақстандағы байырғы алтын өндіру орындарының бірі - Ақжал. Георгиевкадан оңтүстік батысқа қарай 20 шақырым жақын темір жол стансасы Жаңғызтөбеден 18 шақырым жерде үш жағы аласа бұйраттармен қоршалып, солтүстігі жазыққа ұласатын алқапта орналасқан шағын ауыл. 1928 жылы Семей округіне қарасты төрт (Ақжал, Сынтас, Құлынжын, Алтай) алтын өндіру тобының ішіндегі қоры жағынан маңыздысы болып осы Ақжал тобы құрылды. Оған Ақжал, Даубай, Бөке, Балажал, Алайғыр, Қазаншұңқыр, Жантас, Қанай және Ұлан кеніштері кірді. [42; 159]
Ақжал кенішінде мемлекеттік тапсырыспен ірі ғылыми орталықтардың ғалымдары жұмыс істеп, товарлы руда қорының теориялық негіздерін жасайды. 1930 жылы Ақжалда комбинат құрылып, 1933 жылы ол треске айналады. Кеніш бойынша 303 адам жылдық жоспарды сегіз-он ай аралығында орындап шықты. 1948 жылы Ақжал кеніші Бүкілодақтық жарыста үшінші, 1949 жылы трест бойынша бірінші, 1954 жылы республикалық жарыста екінші орынға шықты. [59; 25]
Келесі кеніштердің бірі - Ақжал селолық округіне қарасты Бөке кеніші. Кенішке алтынды кварц өзегі мен алтынды кен аймағынан тұратын Бөке және Васильевск кен орындары кірді. Алтын өндіруді 1903 жылы «Ақдіңгек» кварц желісі ашылғанда кәсіпкер Хатынский бастады. Кеніштің ашылу тарихы ресми түрде осы жылдан басталады. Одан кейінгі жылдары (1909-1935ж. ж. ) «Магистральная», «Ауыл», «Колорадо», «Александровская», «Гористая» т. б. желілері ашылды. Қазан төңкерісіне дейін кен барлау және алтын қазу жұмыстарын бұл жерде «Аурум» акционерлік қоғамы жүргізеді.
Кеніш 40 жылдың аяғына дейін старательдік жолмен игерілді. [64; 6]
1960-1965 жылдар Бөке кенішінің дәуірлеу кезеңі болды. Мемлекеттік жоспарды орындау жолында жарыс қыза түсті. Бесжылдықтарды мерзімінен бұрын орындағаны және жоғары техникалық-экономикалық көрсеткіштерге жеткені үшін 1965, 1967, 1970, 1982 ж. ж. кеніш КСРО және Қазақ ССР-і Түсті металлургия министрлігінің ауыспалы туын жеңіп алды. Кеншілер Идай Шишембаев - Ленин, Әрін Сүлейменов - Октябрь революциясы, П. В. Велин, Қ. Ибраев, Ф. Тергемесов - Еңбек Қызыл Ту, Ж. Сарғызов, К. Аканов, Т. Даянов, А. Игнашин - Құрмет белгісі, Т. Сейтгариев, С. Атантаев, З. Сүйекбаев, Л. Фомичев, Е. Байдакпаев - 3 дәрежелі Шахтер даңқы ордендерімен марапатталып, алтын өндірісінде қаһармандары атанды.
Сондай-ақ Кеңес өкіметі тұсында «Октябрьск», кейіннен Еспе деп аталған кен орнын 1944 жылы геолог Г. С. Катковский басқарған геологиялық - барлау партиясы іздеп тапқан. Ол Шар стансасынан солтүстік-шығысқа қарай 45 км жерде, Қызылсу өзеніне құятын Еспе бұлағының он жақ жағалауында, Солтүстік Қалба таулы қыратындағы аңғарда орналасқан.
Еспе кен орны 1947 жылы «Алтай алтын» тресінің қарамағына беріліп, олар оны өндірістік жолға қоюға даярлық жұмыстарын жүргізді. [56; 12]
1947 жылы Қазан төңкерісінің 30жылдық мерекесі құрметіне кеншілер мекені - «Октябрьск» деген атқа ие болды.
Кеніштің ең алғаш тұрғындары 1947 жылдан бастап 30-35 жыл шахтада проходшы болып еңбек еткен Нұртаза Жұмақанов, Слан Дүйсенбаев, Мәткәрім Түсіпбеков, Талғатбек Айтбаев, т. б. алтын қазаған ардагерлер еді.
Кеніште бір кезде таза алтын беретін Қазақстандағы бірден - бірі кен байыту фабрикасы жұмыс істеді. [60; 45]
60 - жылдардың басында кен орнына қуатты дизель қондырғылар мен бірінші класты тау-кен техникалары келе бастады. Мәскеу, Ленинград сияқты ірі қалалардан арнулы мамандар келді. Шахта тереңдетіліп, ондағы су тартатын жүйе мен желдеткіш толық автоматтандырылды. Шахтаға өте ұзын, көлемді заттармен құрал-жабдықтарды түсіруді тездету үшін арнулы контейнер орнатылды.
«Октябрьск» кен орны трест, комбинат көлемінде алдыңғы қатарлы кәсіпорындардың қатарында саналды. Кейіннен осы жерде «Миялы» (1956ж. ), «Большевик» (1930ж. ), «Арқарлы» (1964ж. ), «Құсмұрын» (1964 ж. ), «Жұмбақ» (1968ж. ), «Қостөбе» (1969ж. ), «Қызылсу» (1970ж. ), «Шығыс Большевик» (1972ж. ) орындары ашылды.
60-жылдардың аяғында 70-жылдардың басында комбинатта жаңа техникалық және ұжымдық негізде старательдік әдіспен байыту жолдары қайта жаңғырды. Бұл әдістің өзінің ерекшеліктері бар: біріншіден, көп жұмысшыларды қажет етпейді, екіншіден, өндірілетін металлдардың өзіндік құны төмен. [62; 45] Старательдік артельдер - ерекше құқықтық статусы бар алтын өндіру өнеркәсіптеріне қарасты дербес кооперативтік ұжым. Мысалы, «Алтайалтын» комбинатына қарасты бірнеше ірі старательдік артельдері ұйымдастырылған. Келісім бойынша бастапқыда комбинат қажетті таулы техникалармен, көлікпен, әр түрлі материалдармен жабдықтайды.
Осындай ұйымдастырылған артельдердің бірі - «Горняк» артелі. Ол 1966 жылы «Алтайалтын» комбинатына қарасты Бөке кентінде құрылды.
1968 жылы Жарма аудандық атқару комитетінде ресми тіркелді. Артельдің төрағасы болып Тупик Анатолий Леонтьевич тағайындалды.
Ең алғаш кішігірім алтын шығаратын мекемелер жұмыс істеді. Артельдің базасы Ақжал ауылында орналасты. Бірнеше жерден учаскілер ашылады: Беріктас, Тасқора, Балажал, Ақжал, Мальва т. б. Өндірілген алтын бір тоннаға жеткен жоқ болатын. 1976 жылы Мальва участігінде 9 млн. 500 мыңға бағаланатын алтын өндірілді, ҚазКСР-і түсті металлургия министрлігінің тапсырысы бойынша, 10 мың сом сыйақы және 2 жеңіл автокөлік алды. 1990 жылы қыркүйек айында сайлау арқылы артельдің төрағасы Сүлейменов Болатхан Еркешұлы тағайындалды Сол кезде артельде 30 шақты жұмысшы болатын. Артель руданы өндірумен айналысты. Артельде жалғыз ғана участок - Мезек болатын. Ақжал учаскесі құрамында алтыны бар руда алатын үш аймағы болған: фунт ІІ, фунт ІІІ және байланыс аймағы. Ағыны қатты Былқылдақ, Дайбай, Ақтасты үлескілері ашылды. Жуылып, кәсіптік құралдармен таза алтын өндірілді. Мезек үлескісі кеңейтілді. Таза алтыннан - 300 кг алтын шығарылды. Мезек пен Ақжал үлескілерінен - 6 тонна, Мезектің құрамында алтыны бар руда - 5теміржол станциясына автокөліктасылады. Ақжал фабрикасынан Жаңа Семей, Қарағайлы (Қарағанды облысы), Аягөз, Жалғызтөбе теміржол станциясына тасылады. Олар станциядан руда «Балқаш мыс» комбинатына жіберіліп отырады. Майқайың комбинатының «Төртқұдық» фабрикасына, Зырян қорғасын зауытына жіберіледі. Алтынды өндіріп артельге қайтарылып отырылды. Ақжал учаскесінің рудасы, Ақжал учаскесі жабылмасын деп, Мезек учаскесінің рудасымен араластырылып Ақжал кен - байыту фабрикасына жіберіліп, байытып, концентратын Балхаш мыс комбинатына жіберіліп отырады. Артельдің жұмыскерлері 350-ге жуық адамға көбейді. [19, 256]
«Алтайалтыннан» 1985 жылы Бақыршық кен металлургия комбинаты бөлініп шықты.
Бақыршық алтыны туралы алғаш мәлімет геолог Г. С. Катковскийдің 1944 жылғы есебінде келтіріледі. 1953 жылы Қазаншұңқыр барлау партиясы Бақыршық кен орнында геологиялық іздестіру жұмысын одан әрі жүргізді. Ал 1955 жылы «Алтайалтын» тресі Ақжал кен басқармасының барлау-пайдалану учаскесі бұл арадан кен ала бастады. [65; 4]
Басқарма алдында кеннің физика-механикалық қасиеттерін тану және алтын алудың тиімді технологиясын пайдалану міндеттері тұрды. Алдын-ала жүргізген жұмыстары негізінен шұңқыр қазу, тік қазу (10 және 20 метрден) және 50×50 метр жүйе бойынша бұрғылау жұмыстары өрістетілді. Осындай мұқият тексерістен кейін Қызылсу аймағында қуатты өте жоғары ірі техникалық кең жыныстарының бар екендігі анықталды. Аталған аймақтың ұзындығы 20-25 шақырымға созылып жатты. Зерттеулер осының алдындағы болжамды, яғни алтынның ұсақ шашыранды күйде екендігі толық дәлелеп берді. [65; 23]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz