Журналист мамандығы және оның құқықтары мен міндеттері



Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Журналист дегеніміз кім?
2. Журналистің құқықтары мен міндеттері
3. Журналистің кәсіби шеберлігі
4. Журналистің сұрақ қою мәдениеті
5. Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол
ІІІ. Қорытынды пайдаланған әдебиеттер

Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Журналист дегеніміз кім?
2. Журналистің құқықтары мен міндеттері
3. Журналистің кәсіби шеберлігі
4. Журналистің сұрақ қою мәдениеті
5. Ұйқысы бұзылған журналистің рахаты мол
ІІІ. Қорытынды

Кіріспе
Біз өмірге адам болып туылғасын алар асуымыз сансыз болса да белгілі
бір деңгейде ғана биігіміз болатынын білеміз. Сол биікке біреу ерте, біреу
кеш шығатыны баршамызға да белгілі. Бірақ, оған кім, қалай жеткені
жөнінде бізге ешкім ақпар бере алмас. Кейде біздің ағайындарымыз керемет
кербез биіктерден оңбай құлап та жатады. Бұл жаңалық емес, күнделікті өмір
тіршілігі. Ендеше сол құлап жататындар арамдықпен асығыстық жасап
жүргендердің әрекеті болса керек. Себебі, күнделікті күйбің тіршілігін
маңдай терінің еңбегіне айырбастап жүрген жандардың жағдайы бір басқа.
Сіздер білесіздер өмірі тек жаңашылдықты қалайтын жанталасқан тіршілігі жан
түршігерлік мамандық иесінің бірі- журналистер. Байқап отырсақ, құмырсқадай
еңбектеніп, сөздерін семіртіп сатып жүрген журналист қауымының да өмірге
деген тәжірибесіндегі әдіс-тәсілдері біршама сияқты.
Жұдырықтай жұмылсақ жер жаһанды көтеріп кетер журналистер күшінің
кереметтігін бір дәлелдеп өтейік. Оған сіз болып, біз болып атсалысайық
дегім келеді. Қалауын тапсаң қар жанар деген, ендеше сауалы сансыз
сұрақтардың жауабы жансыз қалмасын деп бүгін Журналистердің өмірді
зерттеу әдістері атты тақырып аясында сіздермен шамам келсе аз ғана
ойтолғау жасап кетейін.

Журналист дегеніміз кім?

Ең алдымен Журналист дегеніміз кім деген сұраққа жақсылап талдау
жасап алайын. Журналист- қоғамдық пікір қалыптастырушы ғана емес, қоғамдық
сана қалыптастырушы. Мемлекеттік істердің бірі, бірі ғана емес-ау, ең
бастысы –халықтың өз отанына деген патриоттық сезімін оятатын тетіктерді
іске қосудағы журналистердің алатын орны ерекше.
Журналист жортса табады, жазса шабады десек те, журналист тек қана
хабарларды таратумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге қоғамдық
пікір рөлін атқаратынын да ұмытпау жөн. Баспасөз бен радио және теледидар
арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір
жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп географиялық тұрғыдан шектеліп
қалмауды қарастыру абзал. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек:
“Журналист-ақпарат-аудитория”. Журналист шығармашылық тұлға-ол айтады,
жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей
жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай
жүзеге асады.
Журналист ең алдымен, өмір көрінісін беретінін есте сақтаған жөн. Ол
өмірді сипаттап қана қоймай, болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де
бағыт идеал алуына ой тастайды.Осылайша журналистің ақпараттық қызметі
маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік
туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап
беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан журналист
бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік
процестерге өз еңбегімен белсене араласуы-күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Журналистің халыққа қызмет етуі – сол халықтың реалды қажеттерін
өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау
деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал
бүкіл халық болса, онан асқан бақытты арман-мақсат жоқ. Міне, журналистер
де осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай
жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осының бәрі журналистердің
айтқан сөзінен айнадағыдай көрініп тұруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі,
ойы, мақсаты журналистердің ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал
өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистің ең бірінші көре біліп,
ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап таратып
отыруы жөн. Ал, егер қажет болған жағдайда, оны тіпті тез өмірге
енгізуге күресіп отырудың да мәні зор. Яғни халықтың шынайы керегін
қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның
жетімс,з нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Журналистер жан-
тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді
халық алдына әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге
тырысу керек. Халық өміріне кедергі кеотіретін нәрсенің бәрін журналистер
дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызып отыруы
парыз екені айтпаса да түсінікті. Мұндай жайларды айтқанда, жазғанда,
әрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте
ауыл адамы үшін де, сондай-ақ интелегиентке де қозғалып отырған мәселе
ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы
журналистер екі ұшты ойдан, бір-біріне қарсы пікірден сақтану керек. Ондай
жағдайда оқырманды не тыңдаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистердің
беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет.
Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда,
не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен
шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды тықпалай бермей, тиімді
тәсілдерді қолдану қажет.
Келесі бір білуге тиіс нәрсе-журналистердің демократиялығы. Яғни,
журналист шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың
демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі,
оның өз ісін атқаруы мен тиімді мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио,
теледидардың үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет.
Журналистің халықтығы мен демократиялығы-оның қалың көпшілікпен
байланысында. Сол арқылы журналитке өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі
пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық,
екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады. Бұл ретте тағы бір айтар нәрсе- қазақы
ұлттық менталитетке шынайы жанашырлық қажет екенін ұмытпау абзал. Мұның өзі
болашақ ғасырларға да аманат әрі зор ...
Міне, осылайша Қазақстан журналистері де әлем журналистері секілді
онан әрі даму үстінде. Бұл орайда сол әлемдік тәжірибеден бөлініп қалмақ
емес, қайта көптеген ізденістер жасамақ. Әсіресе,ұлттық журналистиканы
дамыта беру – журналистердің басты парызы.

Журналистердің құқықтары мен міндеттері
Осы орайда Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңында журналистің
құқықтары мен міндеттері жөнінде жақсы айтылған. Міне,
5-тарау 20-бап Журналистің құқықтары:
1) Ақпаратты іздестіруді жүзеге асыруға, сұратуға, алуға және таратуға;
2) мемлекеттік органдарға, барлық меншік нысандарындағы ұйымдарға баруына
және өзінің қызмет бабындағы міндеттерін жүзеге асыруға байланысты
олардың лауазымды адамдарының қабылдауында болуға, жабық шара өткізу
туралы шешім қабылдағаннан басқа жағдайда өзін тіркеген орган өткізетін
барлық шараларға қатысуға;
3) Қазақстан Республикасының заң актілерінде тыйым салынған жағдайларды
қоспағанда, жазбалар, соның ішінде оларды дыбыс-бейне техникасын, кино-
фото түсіру құралдарын пайдалана отырып жасауға;
4) Журналистің куәлігін көрсету арқылы дүлей апаттар болған аудандарда,
митингілер мен демонстрацияларда, сондай-ақ қоғамдық, топтық және жеке
мүдделер мен наразылықтарды өзге де білдіру нысандарына қатысуғада;
5) Құжаттар мен материалдардың мемлекеттік құпиялар болып табылатын
мәліметтері бар үзінділерін қоспағанда, олармен танысуға рұқсат алуға;
6) Алынатын ақпараттың дұрыстығын тексеруге;
7) Алынған ақпараттарды тексеру кезінде мамандарға жүгінуге;
8) өзі дайындаған хабарлар мен материалдарға қолын қойып, шартты атын
көрсетіп таратуға;
9) материалдың мазмұны редакциялық түзетуден кейін журналистің жеке
сеніміне қайшы келсе, оған өз қолы қойылып жарияланунан бас тартуға;
10) авторлық және ақпарат көздерінің құпиясы соттың талап етуімен
жарияланған жағдайларды қоспағанда, бұл құпияларды сақтауға құқығы бар.

21-бап. Журналистің міндеттері
1) Қазақстан Республикасының басшылыққа ала отырып, өзі шарттық
қатынастарда тұрған бұқаралық ақпарат құралының қызмет бағдарламасын
жүзеге асыруға;
2) Шындыққа сәйкес келмейтін ақпаратты таратпауға;
3) Ақпарат ұсынған адамдардың авторлығын көрсету туралы олар жасаған
өтініштерді қанағаттандыруға;
4) Жеке және заңды тұлға лардың заңды құқықтары мен мүдделерін құрметтеуге;
4-1)азаматтармен сұхбат жүргізген кезде дыбыс немесе бейнежазбаны
пайдалануға келісім алуға;
5)Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіне жүктелген өзге де
міндеттерді орындауға міндетті.

Журналистің кәсіби шеберлігі
Журналистің кәсіби шеберлігі. Ал ендеше әрбір кәсіптің өз мамандығы
болатыны секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған.
Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек,
журналистикаға басқаға ұқсамайтын, өзгелерденайырмашылығы бар мамандық. Ол
өз шығармашылығы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Жалпы журналист
қандай дәрежеде жұмыс істесе де,қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері
болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып
табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио ме телевидениенің жұмысын
атқарып, творчестволық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші-
ұйымдастырушылық, екінші-әдеби өңдеу, үшінші-шығармашылықпен айналысады.
Бұл үшін оған білім мен қабілет керек,. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың
мәнін түсіне білу үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаныболсын
тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек, Жұртқа өмір
жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қажет, Тағы
бір айтарлық жайт, журналист қоғам қайреткері бола алса тіпті жақсы. Ол
уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе жұрттың назарын аудара
білгені жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті- оның саяси-әлеуттік қызметіне,дүниеге
деген көзқарасына, позициясына байланысты.Бұл- жан-жақты білімділік пен
саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық үшін
арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің шын патриоты болумен
бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен
қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман
болуы тиіс.
Журналисттің өз қызметті атқаруы үшін интеллектуалдық,
психологиялық, творчестволық қабілетін толық пайдаланып, сонымен бірге
табанды, әділ, батыл қасиетімен де танылуы тиіс. Ал ақыл-ой, эрудиция
бірінші орында тұруы керек. Сондай-ақ журналшистің жеке бас мәдениеті көп
нәрсені аңғартады. Әсіресе, журналистің мәселені терең білушілігі аса
қажет. Онсыз журналистің табысты жұмыс істеуі екі талай. Өмірде журналист
әртүрлі жағдайға кездесуі мүмкін. Соның бәрінде де жан-жақты хабардарлық,
білімділік болмаса кей нәрсенің анық қанықтығына жету, ақ-қарасын ашу оңай
емес. Оқиға, фактіге жеңіл-желпі қарамай, оның түпкі мәніне, себеп-
салдарына назар аудару керек. Ол үшін сол саладағы арнайы мамандармен
кеңесу артық емес. Жаңа мәліметтерді салыстырып қарау жөн. Бәрі анық
болғанда ғана журналистің мақала жазуы керек. Бұл орайда жақсы дайындық,
жаңа мәселелерді тез аңғару, мәселені байқай білу шарт. Сөйтіп ашық түрде
өз көзқарасыңды білдірген жөн. Сондықтан журналист әрқашан өз білімін
теориялық тұрғыдан толықтырып, практикалық тұрғыдан ізденіп еңбек ете
білгені дұрыс. Журналист болу үшін рухани және өмірлік дайындықтар болуы
керек. Өз жолыңды журналистік мамандыққа бағыттағаннан кейін, сол жолда
аянбай қызмет ету лазым. Ол принципті түрде, қайсарлықпен бұқаралық ақпарат
құралдары алдындағы өзінің міндетін, борышын, бар күш қайратын салып
орындайтын маман. Бұл ретте журналист өзінің ұстамды мінезімен, қиындыққа
қарсы тұратын күрескерлігімен, тез арада шешім таба білетін тапқырлығымен
ерекшеленеді. Ол қай істе болсын нәтижеге жетуге тырысу керек.
Бұған қоса журналистің кең пейілділігі, жаны жомарт, жақсылыққа
құштар, мейірімді, жақсы дос, қиналғанда қолы ұшын беретін жан болуы да
үлкен қасиет. Ол менмендіктен аулақ болуы керек, өзін өзі ұстауы мен іс-
әрекеті арқылы өзгелерге үлгі-өнеге бола білгені ғанибет. Журналист жұртпен
тіл табысқыш болса тіпті жақсы. Ол қашанда жинақы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Журналистика-әлеуметтік ұғым
Қазақ телевизиясындағы журналистік зерттеулер
БАҚ саласындағы этикалық нормалар
БАҚ туралы заң
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Журналист және оның жүріс-тұрыс әдебі
Қазақ журналдарының тарихы
Қазақ медиасының шағын шежіресі
Телевизиялық бағдарламалардың ерекшелігі
Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Пәндер