Қазақстанның орталық Азия мен және БҰҰ мен бірлескен жұмыстары


Жоспар
І кіріспе
ІІ негізгі бөлім:
- БҰҰ бітімгершілігі мен жаңа үрдістері
- Қазақстанның орталық Азия мен және БҰҰ мен бірлескен жұмыстары
- Ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ету маңызды болса, ақпараттық кеңістігіміздің қауіпсіздігін сақтау да маңызды.
- Қазақ журналистикасының кешегісі мен бүгіні
ІІІ қорытынды
Кіріспе
«Ұлттық Лиганың» құрылуынан кейін біршама уақыт өткеннен кейін 1945 жылы 22 қарашада Біріккен Ұлттар Ұйымы құрылды. Бұл ұйымның құрылған себебі, Ұлттық лига өзіне жүктелген міндетті мемлекет аралық достастықты нығайту барысындағы жұмыстарды өз деңгейінде атқара алмады. 1948 жылдан бері қарай әлемнің 110 елінен 170 мыңнан астам әскери қызметкерлер мен әскери бақылаушылар, азаматтық полиция мен халықаралық азаматтық қызметкерлер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысты. 1650-ден астам бітімгершілер БҰҰ туының астында бейбітшілік үшін жандарын қиды. 1948 жылдан 2000 жылға дейін бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ (БҚҰ) 54 операциясы өткізілді. Оларлдың бір қатары 10, 20, 30, тіпті, 50 жылға да созылды, қазір де жалғасып отыр (мысалы, Кипрде, Таяу Шығыста, Үндістан мен Пәкістанда) . Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция, негізінен, от-жалынның тоқталуы, жасақтарды шығаруға көмектесу және жауласушы күштер арасындағы буферлік зоналарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Алайды, бейбітшілікті қолдау жөнінідегі операциялар жұмсақ құрал болып табылады және даму өлшемі бойынша қабылдаулардың түрлі нұсқаларымен бейімделді.
БҰҰ бітімгершіліктері мен жаңа үрдістері
БҰҰ - ның бітімгершілік қайраткерлігінің басты көрнісі - бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдаудағы Ұыйымның аса ауыр міндеттерін атқарушы «көк дулығалы» БҰҰ бітімгершілері - сарбаздар мен офицерлердің бибітшілікті қолдау операциялары болып табылады.
Бибітшілікті қолдау жөніндегі операцияларды Ұйымның өз бейнесі деп білген жөн. БҰҰ Бас Ассамблеясы бибітшілікті қолдау жөніндегі операция - «peacekeeping» терминін айналымға алғаш рет 1965 жылдың 18-ші ақпанында енгізді жылдар өте бітімгершілік шаралары тартыстарды беибіт түрде шешудің және теке тірістерге бақылау жасаудың халақаралық деңгейде мойындалған оңтайлы әдісіне айналды. Қажеттіліктен тундаған, жауап қатуды керек еткен мәселелерге жиі қолданылатын бұл тетік - «қырғи қабақ соғыс» жылдарында Қауіпсіздік Кеңесінің бұл мәселелерді шешудегі епсіздігінің жиі орнын толтырып отырды. БҰҰ жарғысы бейбітшілікті қолдау тұжырымдамасынан және бейбітшілікті қолдау операциясы түсінігінен тұрмайды. Олар бейбітшілікті реттеудегі таза дипломатиялық құралдар шеңберіндегі Жарғының VI Тарауы шеңберімен шығады, сонымен қатар, ол бейбітшілікке әскери және басқа құралдармен мәжбүр етуіне байланысты VII Тараудың ережесіне де сай келмейді. Осыған орай БҰҰ Бас Хатшысы, БҰҰ бітімгершілік қайраткерлігінің негізін қалаушылардың бірі Даг Хаммаршельд оған «Алты жарымыншы Тарау» деп қараған. БҰҰ Жарғысының қабылдануынан кейін-ақ басталған «қырғи қабақ соғыс», Кеңес Одағы мен Қауіпсіздік Кеңесінің басқа да тұрақты мүшелері арасындағы теке тіресі нәтижесінде VII Тарауда қарастырылған бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұжымдық қолдау тетігі тұйққа тіріелді. 1946 жылдан 1990 жылға дейінгі аралықта Қауіпсіздік Кеңесі «бейбітшілікті бұзуды » белгілеу фактісіне орай екі рет қана шешім қабылдай алды. Бірінші рет - Үндеу қабылдау кезінде мәжіліске байкот жариялаған кеңес өкілдігінің
қатысуынсыз 1950 жылы КХДР-ға қарсы (82 үндеу) . Екінші рет - Кеңестік тұрақты мүшелерінің бірауызды шешімімен 1982 жылы Аргентинаның Фолкленд аралдарын жаулап алуына байланысты.
Осы мерзім ішінде тек екі мемлекет ғана (Израиль және Оңтүстік Африка) әрекеттері «агрессиялық» деп мойындалды, жеті ретте Кеңес жағдайдың біліктілігіне «халақаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке туған» қатер деген шешім қабылдады. 45 жыл бойына Қауіпсіздік Кеңесі тек екі рет қана - Оңтүстік Родезияға экономикалық блокады ( 1966-1970ж. ж. ) және Оңтүстік Африка (1974 - 1994 жылдар) қару жеткізуге эмбарго жариялау сынды бейәскери санкция енгізу жөніндегі келісімге келе алды. Осы аралықта ғаламда 80 - дей мемлекетаралық соғыстар болып өтсе, текетірестер саны (ішкіні қоса есептегенде) 300-ге жуықтады. Бұл мәләметтер бізге «қырғи қабақ соғыс» жылдарында БҰҰ -ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті ұжымдық қамтамасыз ету тетігі іс жүзінде жарымжан болғанынан хабар береді. Осы жағдайдан да «қырғи қабақ соғыс» кезеңінде «бейбітшілікті қлдау» механизімі қалыптасты.
БҰҰ алғашқы бітімгершілік операциясы 1948 жылдың мамырайында өткізілді. Қауіпсіздік Кеңесі 50-ші үндеуінде бірінші араб-израиль соғысындағы нәзік өлшемдермен бақылау үшін дала операцияларын құру туралы шешім қабылдады. Екі апта өткен соң аймаққа 36 қарусыз әскери бақылаушылар тобы келді. «Бейбітшілік жағдайларын орындау жөніндегі БҰҰ » атымен белгілі бұл операция, БҰҰ ұйымының Таяу Шығыстағы бейбітшілікті қолдау жөніндегі басқада операциялар санында қазір де өмір сүруін тоқтатқан жоқ . «Көк дулығалар» теке тіресті елдердің өзара бейбітшілік пен келісімдері жүзеге асқан соң біртұтастандырушы күштер ретінде қолданылды. БҰҰ бітімгершілік күштері дәстүр бойынша жеңіл қарулануы және ол қаруларды тек қана өзін-өзі қорғау мақсатында ғана құқылы. 1948 жылдан 2000 жылға дейін бейбітшілікті қолдау жөніндегі БҰҰ (БҚҰ) 54 операциясы өткізілді. Оларлдың бір қатары 10, 20, 30, тіпті, 50 жылға да созылды, қазір де жалғасып отыр (мысалы, Кипрде, Таяу Шығыста, Үндістан мен Пәкістанда) . 1948 жылдан бері қарай әлемнің 110 елінен 170 мыңнан астам әскери қызметкерлер мен әскери бақылаушылар, азаматтық полиция мен халықаралық азаматтық қызметкерлер БҰҰ бітімгершілік операцияларына қатысты. 1650-ден астам бітімгершілер БҰҰ туының астында бейбітшілік үшін жандарын қиды. 2000 жылы БҰҰ Еуропа, Азия мен Африкада 15 бітімгершілік операцияларын жүргізіді. Бұл операциялар БҰҰ үшін 2 млрд. долларды, яғни әлемдегі әскери шығындардың бар болғаны 0, 15 % - ын құрады. 1948 жылдан 1998 жылға дейін бейбітшілікті қолдау туралы БҰҰ-ның операцияларының шығыны бар болғаны 18млрд. долларды құраған. Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция туралы шешім БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қабылданады. Бейбітшілікті қолдау жөніндегі операция, негізінен, от-жалынның тоқталуы, жасақтарды шығаруға көмектесу және жауласушы күштер арасындағы буферлік зоналарды қамтамасыз ету үшін қолданылады. Алайды, бейбітшілікті қолдау жөнінідегі операциялар жұмсақ құрал болып табылады және даму өлшемі бойынша қабылдаулардың түрлі нұсқаларымен бейімделді.
Қазақстанның орталық Азия мен және БҰҰ мен бірлескен жұмыстары
Бұл ретте біздің орталықазиялық әріптестерімізбен бірлескен қызметіміздегі басымдықтар арасында есірткі бизнесіне қарсы күрестің маңыздылығы атап өтілді. Қазіргі кезде БҰҰ-ның жәрдем көрсету жағдайында Алматыда Орталық Азияда есірткіге қарсы бірлескен қызметті үйлестіретін өңірлік халықаралық ақпараттық орталық (ОАӨАҮО) құрылуда. ОАӨАҮО-ға Орталық Азияның барлық мемлекеттері, Ресей және Әзірбайжан қатысушы болып табылады. Тағы да бір маңызды бағыт төтенше жағдайларда әрекет етудің ұжымдық тетіктерін әзірлеу болып табылады.
Атап айтқанда, әңгіме орталықазиялық өңірлік үйлестіру орталығын құру және Қазақстанда орналастыру туралы болып отыр. Мұның өзі төтенше жағдайлардың ерте бастан алдын алу және ол жөнінде хабардар етудің кешенді жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ Алматыда БҰҰ-ның гуманитарлық операцияларды үйлестіру жөніндегі Офисінің өңірлік өкілдігін ашу және осыған байланысты Қазақстанның оңтүстігінде халықаралық гуманитарлық көмекті сақтау және бөлу үшін транзиттік база орналастыру мәселесін атап өткен жөн.
Мұндай шаралардың қажеттігі айқын. Орталық Азия өңірінде, сондай-ақ таяу орналасқан Ауғанстанда табиғаттағы стихиялық апаттар - зілзала, сел, су тасқыны, жер көшкіні жиі болып тұрады. Өкінішке қарай, өнеркәсіп орындарындағы лаңкестік әрекеттердің болу мүмкіндігін де жоққа шығара алмаймыз. Мұндай төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін өз күштері жетіспеуі мүмкін, сондықтан өңірге халықаралық қоғамдастықтың, ең алдымен БҰҰ-ның ресурстарын алдын ала жеткізіп қою маңызды.
Бізде өңірдің барлық елдерінің сұранысына қажетті БҰҰ қоймаларын Қазақстанның нақ оңтүстік бөлігінде орналастырудың пайдасына шығатын дәлелдер жеткілікті. Олардың қатарында мамандандырылған нысандардың болуын, көлік инфрақұрылымының дамығандығын, сондай-ақ гуманитарлық жүктерді - азық-түлікті, палаткаларды, жылы киімдерді, басқа да бірінші қажеттілік заттарын жеткізу орындарына географиялық жақындықты айтуға болады. Айтпақшы, бұл идеяны біздің шетелдік әріптестеріміз оң қабылдады. Мәселен, АҚШ-тың Орталық қолбасшылығының жетекшілерімен кездесу кезінде адмирал У. Фэллон қазақстандық ұсынысқа толық қолдау білдіретіндігін мәлімдеді. Әдетте Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс мазмұны БАҚ-тарда кеңінен көрсетіле бермейді. Алайда, өткен жылы және 2007 жылдың ақпанында телевизия бойынша және баспасөзде жекелеген отырыстардың барысы айтарлықтай егжей-тегжейлі көрсетілді. Қауіпсіздік Кеңесі жұмысының “көпшілікке жария етілу” деңгейін анықтауға мүмкіндік беретін қандай да бір өлшемдер бар ма? Әрине, бар, үлкен қоғамдық үндестік туғызатын, мәселен, сыбайлас жемқорлық, есірткі бизнесі және нашақорлық, ұлттық компаниялар қызметін реттеу, жол қауіпсіздігі, ВИЧ-инфекцияның таралуы секілді проблемалар жария талқылануы тиіс. Мұндағы басты өлшем біздің азаматтардың мүдделеріне қатысты ақпаратқа қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Екінші жағынан, сыртқы және қорғаныс саясатының, арнаулы қызметтер жұмысының, ұлттық қауіпсіздіктің басқа да кейбір бағыттары бойынша ақпарат алдағы кезде де осы бағытпен тікелей айналысатын адамдарға ғана қолжетімді болады. Әлемнің барлық мемлекеттерінде осылай қабылданған.
Сонымен қатар ұлттық қауіпсіздіктің стратегиясы немесе әскери
доктрина тәрізді жекелеген мәселелер кең жұртшылық үшін жеткілікті тұрғыда түсінікті бола бермейді. Сонымен бірге Қауіпсіздік Кеңесі қабылдайтын барлық шешімдер еліміз үшін маңызды да өзекті екеніне білуі қажет.
Ұлттық қауіпсіздігімізді, қамтамасыз ету маңызды болса, ақпараттық кеңістігіміздің қауіпсіздігін сақтау да маңызды
Рас. Бәсекелестік пен мемлекеттік қауіпсіздік мәселесі өте орынды. Мұны түсінуге тиіспіз. Мейлі, қай тілде шықса да ой, пікір бәсекелестігі алдыңғы орында тұруы қажет. Қазақстан оқшау, шетте тұрған ел емес. Бірақ, соған қарамастан салмақтың барлығын БАҚ-қа салуға болмайды. Дегенмен кез-келген азамат ресми Үкіметке қарсы, билікке қарсы оппозициялық басылым болса да, сол көзқарасты ұстанса да мемлекеттің мүддесі тұрғысынан болуы тиіс. Міне, жауапкершілік қайда жатыр. Мемлекеттің қазіргі дамуы кем-кетіксіз деп айта алмаймыз. Бірақ, оны бізге Еуропа немесе Қытайдан, Ресейден келіп ешкім түзеп бермейді. Олар бұған мүдделі емес. Біз осыны түсінуіміз керек. Осы түсінік жетпейтін тәрізді. Қоғамның жоғын жоқтап, билікпен халық арасында көпір болып жүрген азаматтардың қауіпсіздігі кім қадағалау керек, олардың өмірлеріне қауіп төнбейтініне кім кепілдік береді, ондай орган барма? Интернет желісі арқылы «Алаш үні» басылымының меншікті тілшісі Лира БӨКЕЙХАНҚЫЗЫНЫҢ, Қазақстанның белгілі журналистерімен болған сұхбатынна тап болдым,
сол сұхбаттан үзінді келтіріп кетсем:
- Жазған нәрсесі үшін қуғын көріп, сотқа тартылып жүрген журналистеріміз бар… Олар неге қуғын көрді? Жалпы журналист ретінде өзіңізді қорғайтын біреу барына сенесіз бе?
Айгүл СЕЙІЛОВА:
- Журналистер өздеріне өздері солай тағдыр жасайтын сыңайлы. Өмір кешудің заңдылығы өз деңгейіндегі сызықтан аспау керек-ті. Ал, журналист ретінде мені қорғайтын ешкім жоқ. Заң да, мемлекет те қорғай алмайды. Сөз бостандығы дегенді пайдаланып, шаңберден асып кетіп сүрінуің мүмкін… Мен айта алмаймын, үкімет, болмаса заң қорғайды деп. Өзіңді өзің ғана қорғай білесің ғой.
Нұрлан ЖҰМАХАН:
- Көбінде қуғынды орыс тілді журналистер көреді ғой. Қуғындайтындар да орыс тілділер. Меніңше, біздің қазақ журналистикасына қуғындау жетпейтіндей…
Жұлдыз ӘБДІЛДА:
- Өзіме сенемін. Қазір журналистер күйеуден шыққан әйел сияқты. Себебі, жұмысты жиі ауыстырады. Әр ақпарат құралында түсінік басқа, бағыт басқа. Сол себепті, біресе оппозицияның сойылын соғып жүріп, біресе билікті жақтап жүріп, басыңа іс түскенде, көмекті қай бетіңмен сұрайсың? Көмек сұрауға журналистердің моральдық құқығы да жоқ деп білемін. Бірақ, жазықсыздан жазықсыз қудаланып жатса, халыққа арқа сүйеуге болар.
Айгүл АХАНБАЙҚЫЗЫ:
- Жалпы, адам өзіне ғана сену керек қой. Күні кеше Сергей Дуванов, Бендицкий сынды журналистер қуғын көрді, түрмеде де отырып қайтты. Осы кісілерге орыс тілді әріптестері ғана емес, біздің ағайындар да біраз ат салысып, жақсы пиар жасап берді. Кәдімгі жұлдызға айналдырдық. Олар қуғынға дейін қатардағы көп журналистің бірі ғана болатын, қуғын оларды «қаһарманға» айналдырды. Қазақтілді ақпарат құралдарындағы журналистерге қарағанда олар құқығын қорғауға мүдделі халықаралық журналистік ұйымдармен шебер жұмыс істей біледі, ал біз басымызға күн туса, үнсіз көніп, үнсіз көтеруге үйреніп кеткенбіз, қазақы қалып қой… Қазіргі таңдағы журналистер кімнің мүддесін қорғайды осы сұраққа жауап іздеп көрдікпе? Бұл - жалпы қоғамды ойландыратын мәселе. Сөз бостандығы - рухани бостандық. Ата-бабамыздан жалғасын тауып, халқымыздың табиғи талпынысы. Көп жағдайда біз мемлекет мүддесін не үшін айтамыз? Өйткені, мемлекеттік мүдде ұлттық мүддемен тікелей байланысты. Біз бір ғана партияның немесе бір ғана саяси көзқарастың билігінен бас тарттық. Көп бағыттағы көзқарас болсын деп отырмыз. Яғни, әртүрлі қарама-қайшы пікірлер өмір сүруге құқылы. Бұл - демократияның негізгі құндылықтарының бірі. Менің ойымша, бүгінгі күні идеологиялық монополия болмауы тиіс. Біз кеше ғана осындай бір монополиядан (кеңестік тұстағы монополиядан) құтылдық. Журналист «кімнің мүддесін қорғайды?» деген мәселеге бүгінгі күні көп адамдар мән бермей жүрген сияқты. Қазіргі таңда алуан-алуан басылымдар шығып жатыр. Бұлардың ішінде мемлекет мүддесінен бұрын өз қожайындарының, белгілі олигархтық топтардың, яғни қаржыландыратын адамдардың мүддесі үшін жанын салатын журналистер де жоқ емес. Журналистердің өзі меншік иесіне қызмет етіп, белгілі бір дәрежеде тәуелді болады. Абсолюттік тәуелсіздік жоқ. Журналистердің барлығы да тәуелсіздікті мұрат тұтатын ашық сала деп ойлағанымызбен де кейбір жағдайда олай болмай жатады. Мұны бір жағынан демократиялық көрініс деп те, демократияны игеру бағытындағы ізденіс деп те қарауға мүдделіміз.
БАҚ - өте ықпалды құрал. Оны иемденуге ұмтылатындардың бәрі бірдей мемлекет мүддесіне жанын салып жатпайтыны да белгілі. Сондықтан мемлекет өз қауіпсіздігін де ойлауы заңды. Сөз бостандығын қадірлейміз десек, ол бейпілдік болмауы тиіс. Сөз бостандығы - айтылған немесе айтылатын сөзге жауапкершілік, сөз қадірін сақтау.
Қазақ журналистикасының кешегісімен бүгіні
1991 жылы Қазақстанның Тәуелсіздік алған күндері еліміз үшін қайталанбас ерекше сезім, рухани екпін, халықтың үлкен серпілісін туғызды. Менің пайымдауымша, сол серпілістің өзі Қазақстанда сәл ертерек басталған секілді. Әуелі Кеңестік одақтың тұсындағы 1986 жылы орталықтың шешімімен келіспеген қазақ жастарының алаңға шығуы - рухани жаңғырудың алғашқы көрінісі іспеттес. Шындығында да Кеңестер одағы бойынша қазақ жастарын алаңға алып шыққан ол күш одақты ыдыратуды алдына мақсат етіп қоймаған болатын. Ол кезде бұрынғы мемлекет күйрейді-ау деген ой ешкімде де жоқ. Дегенмен де, желтоқсан оқиғасы қазақ ұлтының өзін-өзі тану дәрежесінің кемелденген тұсы екендігін көрсетті. Мұндағы басын ашып айтатын мәселе - алаңға шығу ұлтаралық араздыққа да бағытталмаған болатын. Бірақ, Орталық биліктің қазақ елінің мүддесімен санаспауы ұлт жастарының наразылығын көтерді. Ал, содан кейінгі кезеңдердегі бүкіл одақ бойынша орын алған қоғамдық толқулар осы қазақ жерінен бастау алды десек қателеспейміз. Өткен ғасырдың 80-ші жылдардың соңы 90-шы жылдардың басы жер-жерде рухани бостандыққа ұмтылыстың кезеңі болды. 1990 жылы Қазақстан Жоғарғы Кеңесі егемендік туралы Декларация қабылдады. Осы секілді қозғалыстардың барлығы жаңа бір рухани сезімнің көтерілуіне әсер етті. Мұнда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарған рөлі де зор деп есептеймін. Бұрын бір ғана партияның, идеологияның нұсқауымен жүрген ақпарат құралдары «бұғаудан босаған» күйін сезінді. Ал, осы саладағы қазақ журналистикасына келетін болсақ, әңгіме мүлдем жан тебірентерліктей. Қазақ журналистикасы рухани бостандыққа қол жеткізді.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бірден елді жаңа еркін, өскін даму бағытына бастады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы БАҚ мәселесі жөнінде ойлансам, есіме Қазақстанның өзге әріптестерінен озық бойы алға ұмтылушылығын, әлеуметтік батылдығын көрсететін бір шара түседі. 1992 жылдың қазан айында жаңадан құрылып жатқан ТМД елдерінің арасында тұңғыш рет біздің, Қазақстанның бастамашылығымен ЮНЕСКО шеңберінде Тәуелсіз басылымдардың халықаралық конференциясын біздің Үкімет пен ЮНЕСКО бірлесіп өткізді. Оған дүниежүзінің 60-тан астам елінен 200-ге жуық тәуелсіз басылым өкілдері, белгілі халықаралық журналистер келді. Конференцияда бұрынғы тоталитарлық жүйені, партияны ашық сынаумен бірге демократиялық құндылықтарды насихаттау, әділ, еркін жазу мәселелері кеңінен сөз болды.
Қазақ журналистикасы үшін де бұл бір жаңа кезең еді. Бұрын әрбір аудандық газетке дейінгі басылымдар Мәскеудің бақылауында тұрды. Мәскеудің рұқсатынсыз газет-жүрнал шықпайтын. Аудандық газет ашу үшін де сол ауданда қанша халық тұрады, оның ұлттық құрамы, тілі, баспасөздің бағыты, тек Мәскеуде дәлелденіп, оның шешімі шыққаннан кейін ғана жүзеге асатын еді. Кеңес ыдырағаннан соң, жаңа басылымдар, оның ішінде қазақ сөзі жариялылыққа бұрқақтай екпінмен өрістеді. Сөз бостандығы еркін көсілді. Сол алғашқы кезеңнің өзі біздегі қазақ журналистикасының туындап, тұрақтануының жаңа бір серпіндік кезеңі болды. Тәуелсіздік алғалы бері уақытты қарап отырсақ, қазақ журналистикасы кейін шегініп кетті деуге болмайды. Жаңағы айтып отырған мүдделілік, топтық қосылып кетушілік болғанымен де, қазақ журналистикасы өткен 16 жылдың ішінде өсу дәрежесін бастан өткерді. Салаға жаңа ұрпақ, жаңа толқын, еркін ойлайтын көзқарас келді. Бұрынғы «қамыттың» таңбасы мойнында жоқ, одан азат қазақ журналистикасы өмір сүріп жатыр. Жаңа буынның талпынысы мемлекеттік тәуелсіздік рухында күшейеді деп сенемін. Жалпы журналистика туралы айтсақ - біздің ұлттық журналистика - қазақтың ұтқыр әрі талантты сөз, қабілетінің жемісі. Қандай қиындықтар болса да бұл сала өсіп келеді. Дегенмен де бұрынғымен салыстырғанда көңіл толмайтын мәселе бар. Мәселен, біздің кезімізде бір мақала жазу үшін көп ізденіп, көптеген деректерді шұқынып тексеріп, табаннан тозып жазатынбыз. Бүгінгі жағдайда біреудің аузынан шыққан сөзді жаза салып, ертесінде дауласып жататындар да көп. Талпыну, зерттеу жоқ болса журналистердің өз беделі түседі. Мен жас кезімде ең жауапкершілігі жоғары адам - журналист деп ойлайтынмын. Сондықтан да журналист мамандығына мектеп оқушысы кезінен талпындым.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz