Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау


МАЗМҰНЫ
1 ҚР БЮДЖЕТ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ
КЕЗЕҢДЕРІ
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтырудағы және шығындарын
қаржыландыру процесі
2. 3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007-2009 жылдарға
арналған республикалық бюджет саясатын қалыптастырудың міндеттері мен бағыттары
КІРІСПЕ
Бюджет - ақшалай қатынастар процесі болып табылады. Мемлекет әлеуметтік- экономикалық үрдістерді реттеуді жүзеге асыра отырып, экономикалық міндеттерге, материалдық мүмкіншілікке, реттіудің жинақталған тәжірибесіне байланысты өзгеріп тұратын әдістер мен құралдар жүйесін пайдаланады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында бюджет жүйесіне үлкен көңіл аударуды қажет етеді. Курстық жұмысымның мақсаты ҚР бюджеттік процесті үйымдастыру жүйесінің даму перспективасы, бюджеттің әлеуметтік-экономикалық мәні және оның жалпы қоғамдық өнімді бөлудегі рөлін айқындау болып табылады.
Курстық жобада бюджеттің мәні, құрылымы мен оның субъектілері арасындағы арақатынас сипатталады. Мұнда бюджетаралық қатынастар және жеке бөлімшелер туралы айтылады. .
Бұл жұмыс аса маңызды тәжірибелік мәнге ие. Курстық жұмысты жазу, қорғау және талықлау студенттің мемлекеттік бюджет және бюджеттік процесті үйымдастыру, бюджет принциптері туралы толықтай түсінік алуға мүмкіндік береді. Бұл аз алдына әлемдік экономика маманы дайындауға септігін тигізеді.
Жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджет ерекше рөлге ие. Қаржы жүйесіндегі маңызды әрі үлкен көлемді орын алатын жүйе-бюджеттік процес, ол экономикалық түрлі деңгейлер бюджеттерінің сонымен бірге бюджеттік жүйе мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әр түрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттірінің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады. Ол мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық құрылымы мен мемлекет ерекшеліктерінің көрінісі.
Экономикада бюджеттік процес, мемлекеттік қаржылар үлкен рөлі атқарады. Өйткені барлық экономикалық процестер мемлекеттің қаржылық ресурстары мен заңдылықтарына келіп тіреледі.
Қазақстан Республиксының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және тағы басқа қағидаттарына негізделеді.
Бюджет процесі реттеуші кіріс көздерін пайдалану, мақсатты және аймақтық бюджет қорларын құру, оларды ішінара қайта бөлу арқылы жүзеге асырылатын барлық деңгейлер бюджеттерінің өзара іс-қимылдарына негізделген.
Менің бұл тақырыпты таңдаған себебім, маған орталықтандырылған, бүкіл халық тәуелді жүйенің құрылымын, проблемаларын, даму бағыттарын, шешу жолдарын түпкілікті қарастырып, бұл процесті назарсыз қалдырғым келеді.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатта болады. Мемлекет шарушылықтың басым слаларын қаржыландыруға, бүкіл қоғам масштабында әлеуметтік- мәдени іс- шараларды өткізуге, қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекетті басқарудың жалпы шығындарын жабуға керекті орталықтанған ресурстарды қажет етеді. Сондықтан, құнды үлестірудің ерекше бөлігі рнтінде мемлекеттік бюджет арнайы қоғамдық міндеттемелерді орындайды, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандырады.
Курстық жұмысымды жазу барысында өзіме деген қаржылық институттан, орталықтандырылған қаржы жүйесі және жалпы қоғамдық өнімді бөлуде бюджеттің рөлі туралы көптеген жаңалықтар ашамын деп ойлаймын.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БЮДЖЕТ ПРОЦЕСІНІҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ ЖӘНЕ ДАМУ КЕЗЕҢДЕРІ
- Қазақстан Республикасының бюджет процесінің құрамы мен
құрылымы
Бюджет құрылысында басты орынды бюджет процесі алады, ол экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесімен қатынастарының жиынтығын білдіреді.
Қазақстан Республикасының бюджет құрылымы келесідей: түсімдер (кірістер, алынған ресми трансфереттер, несиелерді қайтару), шығындар (бюджет классификациясы бойынша) .
Бюджетке түсетін түсімдер бюджет кірістерінің ресми трансференттерінің және бюджеттен бұрын берілген несиелердің жиынтығы бюджет кірістері салықтық және салықтық емес түсімдерден және капиталмен жасалатын операциялардан түскен кірістерден тұрады.
Бюджет қүрылысында басты орынды бюджет процесі алады. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджет құралатын Республикалық және жергілікті бюджеттер жұмыс істейді. Қазақстан Республикасының Президентінің шешімімен қажет болған жағдайда республиканың барлық қаржы ресурстарын қамтитын төтенше бюджет енгізілуі мүмкін. Бюджеттік құрылым бюджеттік процесті құруының принциптері оның звеноларының байланысын ұйымдастыратын форма болып табылады. Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің құрылымы келесідей бөлінеді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және ол өзі екіге бөлінеді: республикалық бюджет және жергілікті бюджет.
Жергілікті бюджет келесідей бөлінеді: облыс бюджеті (облыстық бюджет, қалалық бюджет, аудандық бюджет), Астана, Алматы қалаларының бюджеті (облыстық бағыныштағы қалалар бюджеті, аудандық бюджет) . (ҚОСЫМША А)
Республикалық бюджет - бұл салықтық жэне басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпыреспубликалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Республикалық бюджет мемлекеттің стратегиялық мәселелерін шешуге арналған бюджет жүйесінің маңызды звеносы болып табылады. Мемлекеттің республикалық бюджет арқылы жалпы республикалық маңызы бар экономикалық, әлеуметтік және мәдени шараларды қаржыландырады.
Республикалық бюджет дегеніміз Қазақстан Республикасының заңымен бекітілген түсімдер, бюджет тапшылығын қаржыландыру есебінен қалыптасатын және өзіне Қазақстан Республикасының ата заңының заң актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін республика үкіметі белгілейтін республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған ортақтандырылған ақша қоры.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар - Қазақстан Республикасының үкіметі әзірлейтін және республикалық бюджеттен қаржыланатын жалпы мемлекеттік маңызы бар бағдарламалар. Республикалық бюджетті құрау және бекіту тәртібі - Қазақстан Республикасының Үкіметімен анықталады. Сәйкес қаржылық жылға арналған республикалық бюджет Қазақстан республикасының парламентімен бекітіледі және бекітілген бюджет күшіне ие болады. Қазақстан республикасының мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.
Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және де басқа
түсімдер есбінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі
жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар
қаланың, астананың, оларға ведомстволық бағынышы мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала астана бюджеті болып табылады.Бюджеттік процестің бір белгісі ретінде нақтыланған бюджетті айтуға болады. Нақтыланған бюджет - Қазақстан Республикасының парламенті немесе тиісті жергілікті органдар бекіткен бюджеттің атқарылуы барысында енгізілген өзгерістерді ескере отырып бекіткен ағымдағы қаржы жылына арналған бюджет болып табылады. Бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және тиісті қүқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді қамтиды. Бюджет жүйесінің қызмет етуі бюджеттің деңгейлерінің әртүрлілігіне байланысты негізделген жэне оларды әзірлеу, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттің атқарылуы түралы есеппен қамтамасыз етіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді қалыптастыру, бекіту жэне олардың атқарылуын есепке алу ұлттық валютамен жүзеге асырылады және ол нақты анықталған тәртіппен қарастырылады.
Қазақстан Республикасының бюджет процесін құру принциптері келесідей:
1. Бірлік
2. Толықтылық
3. Нақтылық
4. Жариялылық
5. Дербестік
6. Жауапкершілік
Бюджеттің бірлігі - бірыңғай құқықтық негізбен Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бекіткен бірыңғай бюджеттік пайдаланумен бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын мемлекеттік қаржы статистикалық формасының бірлігімен және оның рәсімінің принциптерімен және ақша жүйесінің бірлігімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің толықтылығы Қазақстан Республикасының салалық және бюджет заңдарында белгіленетін барлық түсімдерінің соның ішінде ұлттық компания түсімдерінің және шығындарының бюджетте міндетті және толық көрсетілуімен қамтамасыз етіледі.
Бюджеттің нақтылығы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес оларды республикалық, әлеуметтік- экономикалық дамуының сыныптаманы жоспарының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Бюджеттің жариялылыгы олардың атқарылуы туралы есептердің және бекітілген бюджеттің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі, бюджет жариялылығы бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы заң мен өткен кезеңдегі олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджеттің дербестігі әртүрлі деңгейдегі бюджеттің арасында кірістерді бөлудің тұрақты нормативтерін және бюджет қаражаттарының жұмсалу бағыттарын белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Жауапкершілік- бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту. Бюджет құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, "Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы", "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы" арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерде қамтып көрсетілген. Нақтылы жағдайларда бұл қағидаттардан жиі ауытқиды. Мысалы, кейде бюджеттің бірлігі қағидатынан ауытқиды, өйткені көптеген арнаулы және бюджеттен тыс қорлар пайда болады. Нақтылылық қағидаты да өзінің маңызын жоғалтып барады: әр түрлі бюджеттен тыс қорлар жұмыс істенуі мүмкін, олар арқылы мемлекет қаржы қатынастарын саралауға ұмтылады
Мемлекеттік бюджет құрылымы келесідей бөлімдерден тұрады:
1. Түсімдер(кірістер)
- салықтық түсімдер;
- салықтық емес түсімдер;
- негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер;
- ресми трансферттер түсімі;
2. Шығындар
3. Операциалық сальдо
4. Таза бюджеттік кредит беру
- бюджеттік кредиттер;
- бюджеттік кредитттерді өтеу;
5. Бюджет тапшылығы немесе профициті
6. Бюджет тапшылығын қаржыландыру немесе артықшылығын
пайдалану.- қарыздар түсімі;
- қарыздарды өтеу;
- бюджет қаражаты қалдықтарыныц қозғалысы.
7. Қаржы активтерімен жасалынатын операциялар бойынша
сальдо.
Бюджеттерді бекіту және бюджеттердің атқарылуы туралы есептерді түзу осы көрсетілген құрылым бойынша жүзеге асырылады.
Бюджеттің кірістері салықтық жэне басқа міндетті төлемдер ресми трансферттер, мемлекетке өтеусіз негізге берілетін, қайтарылатын сипатта болмайтын және мемлекеттің қаржы активтерін сатумен байланысты емес, бюджетке есептелуге тиісті ақшалар болып табылады.
Бюджеттің шыгындары - қайтарылмайтын негізде бөлінетін бюджет қаражаттары. Шығындардың қатаң мақсатты арналымы болады.
Операциялыц сальдо бюджет кірістері мен шығындары арасындағы айырма ретінде айқындалады. Бюджет шығындарының бюджет кірістерінен асып түскен сомасы теріс операциялық сальдо, бюлдет кірістерінің бюджет шығындарынан асып түскен сомасы оң операциялық сальдо болып табылады.
Таза бюджеттік кредит беру - бюджеттік кредиттердің және бюджеттік кредиттерді өтеудің арасындағы айырма ретінде айқындалады.
1. 2 Қазақстан Республикасындағы бюджеттік процесті ұйымдастыру
негіздері
Бюджеттік процес маңында заңнамалар арқылы реттелетін мемлекеттік органдардың бюджеттерболжамын құрастыру, қарастыру мен бекіту, бюджеттерді атқаруын ұйымдастыру мен оның бақылауын қамтамасыз ету жөніндегі іс - әрекеттері қарастырылады.
Бюджеттік кодекс бойынша бюджет қалыптасу негізі болып Қазақстан Республикасының әлеуметті-экономикалық ортамерзімді даму жоспары мен Республика Президентінің Қазақстан халқына арналған жылсайынғы жолдауының есебімен құрастырылған аумақтардың даму бағдарламалары табылады.
Бюджеттік процестің ұйымдастыруы бюджеттік жоспарлау бойынша өкілетті орган - ол Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің келесі қаржы жылға арналған бюджет саясатының негізгі бағыттары мен мемлекеттің нығайланған қаржы жоспарының жобасын дайындаудан басталады.
Бюджет процесі біртұтастық, толықтылық, нақтылық, жариялық принциптеріне негізделеді.
- Біртұтастық приципі бюжет процесінің орталықтандырылуының ұйымдастырушылық- экономикалық деңгейін білдіреді. Біртұтастық принципі, әсіресе, КСРО-ның бюджеттік процесте нақты көрінген. Біртұтастық мемлекет аумағындағы мемлекеттік табыстардың ортақ жүйесі болуымен және мемлекеттік шығыстардағы бір түрлілігінен көрінеді. Бұл принцип бюджеттік жоспарлаудың ұйымдастырыдлу мен әдістемесінің біртұтастығына және әлеуметтік- экономикалық болжамдармен өзара байланысына кепіл болады. Бұл принциптің міндеті бюджеттік қаражаттардың қозғалысына Парламент тарапынан бақылауды бекіту болып табылады. Біртұтастық принципі бірыңғай құқықтық базамен, бір ақша жүйесінің болуымен, бірыңғай бюджеттік сыныптау мен құжаттаманы қолданумен қамтамасыз етіледі. Бюджеттік процестің біртұтастығы бюджеттің барлық деңгейлерінің өзара қатынасына негізделеді және бірыңғай әлеуметтік- экономикалық, сонымен қатар салық саясатымен жүзеге асырылады.
- Толықтылық принципі үкіметтің барлық қаржылық операцияларының бюджетте шоғырлануын, барлық жиналатын түсімдер мен жасалатын шығыстар, әрбір бабында барлық түсімдер мен мемлекеттің шығындары көрсетілген бюджеттің құрылуын білдіреді. Әлемдік тәжірибеде бұл принцип қазіргі кезде онша маңызды болып табылмайды. Ал Қазақстанда мемлекеттік қаржылық қорларды құрудың орталықтанған тәсілдері қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс зейнетақы қорлары, әлеуметтік сақтандыру қорларының қаражаттары қосылған.
- Нарықтылық принципі бюджеттік тізімдеменің жалғандығының алдын алу мен шектеуге қажет. Ол мемлекеттің қаржылық операцияларын бюджеттен нақты көрсетілуін, бекітілген суммаларын бюджеттік бағыттардың атқарылуы мен сәйкестігін қарастырады. Нақтылық даму бағдарламалары мен болжамды көрсеткішіне негізделген барлық табыс көздері мен шығыстарын бағыттарының есептеулерінінің негізділігімен анықталады.
- Жариялық принципі бюджеттің құрамы мен құрлымымен, дефицит және оны жабу жолдары мен қоғамды таныстыру үшін бюджеттің кірістері ме шығыстарының мәліметтерін баспаға шығаруды білдіреді.
Жергілікті бюджеттің қалыпты және тиімді қызмет еуінің басты шарты блып дербестік және баланстылық табылады.
Бюджеттік дербестік бюджет процесінің барлық буындарының өзіндік және заңмен бекітілген кіріс көздері мен заңдермен белгіленген билік органдарының өкілеттілігінде бюджеттік қаражаттарды пайдалану құнын қамтамасыз етеді.
Бюджеттік баланстылық бюджеттік-қаржылық саясаттың басты талабы болып табылады. Белгілі бір органдар мен бюджетті әзірлеу мен бекітуде бюджет тапшылығының шекті мөлшері тағайындалады. Бюджеттік дефиитті ақшалай қаражаттардың ремиссиясы арқылы жабу заң бойынша рұқсат етілмейді. Бюджеттік тапшылықты табудың негізгі нысандарына: мемлекеттік зайымдар шығару жіне несиелік ресурсстарды пайдалану жатады. Дефицитті азайту немесе жою мақсатында секвестр қолданылады. Секвестр - мемлекеттік шығыстарды барлық баптары бойынша ( тек баптардан басқа ) белгілі бір процентке пропорционал азайту. Қорғалған баптардың құрамы республика Парламентімен және жергілікті билік органдарымен анықталады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Рсепубликасының бюджет жүйесі 3 мыңға жуық жергілікті бюджет, оның ішінде 21 облыстық, облыс қарамағындағы 50 қалалық, аудандар қарамағындағы 38 қалалық, қалалар қарамағындағылар 42 аудандық, 2396 ауылдық бюджеттерден тұрады [6, 121 б. ] .
Сонымен, 1965 жылы реформа бойынша нарықтық шаруашылыққа адекватты бюджеттік процестердің параметрлерін орнатуға мүмкіндік жасалды, шаруашылық субъектілердің экономикалық өз бетінділігі жоғары пайдалы өндіріске стимул беруге мүмкіндік тудырды және кеңестік экономиканы орталықтандыру үшін бұл себепті күшейту жөнінде ойластырылды. Себебі бұрын басты болып саналған бюджеттік қаржыландыру, ресурсты нәтижелі пайдалануда кәсіпорындардың қызығушылығын күрт төмендетті. Мемлекеттік көздерден алынған инвестициялар тегін болып көрінді. Бұл жергілікті қызығушылық пен орталық биліктің арасындағы қарама-қайшылыққа алып келді. Тек 1965 жылдан кейін ғана мемлекеттік капиталдың үстемелерді ұзақ мерзімдік несиелерге беру тәжірибесі кеңейтілді, ал бұрын 1934 жылдан бастап мемлекеттік кәсіпорындардың жоспарлық капиталдардың үстемелері қайтарымсыз негізде қаржыландырылды. Тек тасымалдаушылық экономика жағдайында бюджеттік процестің өзіндік маңызы мен онын жергілікті тәжірибелік автономдылығы саналады.
1. 3 Шетелдердің мемлекеттік бюджетінің ұйымдастырылуы
Әр елдің бюджет процесінің құрамы мемлекеттің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Ресей Федерациясының Конституциясына (71 және 31 баптар) және Бюджеттік кодексіне (10-бап) сәйкес бюджет жүйесі 3 деңгейден тұрады:
- федералдық бюджет мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар;
- Ресей Федерациясы субъектілердің бюджеті мен аймақтық мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар бюджеті;
- жергілікті бюджет.
Ресейдің бюджеттік процесі федералдық бюджет, 21 республикалық бюджет, 55 аймақтық және облыстық бюджет, Мәскеу және Санкт-Петербург қалаларының бюджеті, автономды облыстардың 1облыстық бюджеті, 10 округтік және бюджет және 29 мыңға жуық жергілікті бюджеттен тұрады.
Ресей Федерациясының бюджеттік кодексіне сәйкес (48 бап) салықтық түсімдерді бюджет процесінің деңгейлері бойынша бөлгенде Ресей Федерациясы субъектілерінің бюджетінің түсімдері жалпы бюджеттің 50 процентінен кем болмауы керек. Бюджет процесінің буындарының арасында негізгі бюджеттік салықтардың бөлінуін келесі кестеден көруге болады.
Шығыстарды қамтамасыз ету үшін сәйкесінше табыстар болу керек. Ресейдің бюджеттік табыстары, негізінен салықтық, салықтық емес және қайтарымсыз аударымдардан тұрады отырғандай, бюджеттік түсімдердің басым бөлігін салықтық түсімдер алады (80 проценттен жоғары) . Оның ішінде:
- пайдаға салық 104 870 14, 7 %
- жеке табыс салығы 75 235 10, 6 %
- қосымша құн салығы 182 812 25, 7 %
- Акциздер 64 407 9, 0 %
- мүлік салығы 47 773 6, 7 %
Қосымша құн салығы және акциздер 35%-ке жуық. Егер оларға импорттық және экспорттық баждарды қоса, олардың үлксі 40 процентке дейін өседі. Өндіріспен байланысты салықтар мөлшері онша жоғары емес және бүкіл түсімдердің 15 процентке жуығын алады. Оларға кәсіпорынның мүлік салығын қосқанның өзінде жиынтық түсім 22 процентті құрайды[20, 21б. ] .
Салықтық емес түсімдер бюджеттік түсімдердің 10 процентінен аспайды. Олардың ішінде неғұрлым маңызды арнайы бюджеттік қорлардан түсім (6%) және мемлекеттік мүлікті сатудан түскен табыс (3%) болып табылады. Ал ішкі экономикалық қызметтен түскен табыс небәрі 1, 5 процентті құрайды [4, 141 б. ] .
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2006 ЖЫЛДАРДАҒЫ
БЮДЖЕТТІК ЖҮЙЕСІН ТАЛДАУ
2. 1 Мемлекеттік бюджеттің кірісін толтырудағы және шығындарын
Қаржыландырудағы рөлі
Мемлекеттің орталықтандырылған ақшалай қаражат қорларының құрылуы мен қолданылуы - бюджеттің табысы мен шығысының пайда болуымен сипатталады. Бюджеттің бұл екі ктегориясы да объективті болып табылады және қоғамдық сипатқа ие: табыстар мемлекетті қажетті ақшалай қорлармен қамтамасыз етеді, ал шығыстар жалпы мемлекеттік қажеттілікке сай орталықтанған ресурстарды үестіреді.
Табыстар мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің бюджеттік және салық саясатының жүзеге асырылу бағыттарына байланысты. Бұл жағдайда мемлекет табыстарды құру мен шығыстарды жүзеге асырудың арнайы мысалдары мен әдістерін қолданады.
Табыстардың негізі көзі болып салықтар немес соларға балама төлемдер саналады. Қащақстан республикасының мемлекеттік бюджетінің құрамы мен құрылымы салықтық төлемдер мен салықтық емес түсімдермен анықталады. Мемлекеттік бюджеттің құрылымы бюджеттік жіктелу негізінде құрылады және 7 бөлімнен тұрады:
1. Түсімдер
2. Алынған ресми трансферттер (гранттар)
3. Бюджеттен берілген несиелердің қайтарылуы
4. Шығыстар
5. Несиелендіру
6. Бюджеттік дефицит (профицит)
7. Дефицитті қаржыландыру (профитті пайдалану) .
Өз кезегінде түсімдер мынадай топтарға бөлінеді:
- салықтық түсімдер
- салықтық емес түсімдер
- капитал мен операциядан түскен түсімдер.
Бюджеттік түсімдердің бұл негізгі үш категориясы тағы да алынған ресми трансферттермен толықтырылады.
Салықтық түсімдер бюджетке түсетін барлық тсімдердің 90%-ке жуығын құрайды. Жаңа Салық кодексіне сәйкес 2002-жылдан бстап қазақстанда төмендегідей салықтар іс-әрекет етуде:
- корпоративтік табыс салығы
- жеке табыс салығы
- қосымша құн салығы
- акциздер
- жер қойнауын пайдалану салығы мен арнаулы төлемдері
- әлеуметтік салық
- жер салығы
- көлік құралдарына салықъ
- мүлік салығы
Корпаративтік табыс салығы Қазақстанда мемлекеттік бюджеттің салықтық түсімдерінің 28 %-ін құрайды. Салықты табыс табатын рециденттер және резидент емес заңды тұлғалар, сонымне қатар коммерциалық емес және бюджеттік ұйымдар төлейді. Салық салу объектісі - жылдық жиынтық табыс. Салықтың ставкасы - 30%.
Жеке табыс салығы мемлекеттік бюджет түсімдерінің 11%-ін құрайды. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ Қазақстан Республикасы территориясында қызмет істейтін адамдар табыс салығын төлеуші жеке тұлғаларға жатқызылады. Салық ставкасы табыс көлемімен байланысты 5-30% аралығында болады.
Қосымша құн салығы - жанама салықтардың ішіндегі ең маңыздысы болып саналады. Бұл салық Қазақстан Республикасында 1992 жылдан бастап енгізілген. Салықтық түсімдердің 20%-ін алады. Қосымша құн салығы тауарды (жұмыс, қызмет көрсетулерді) өндіру және олардың айналысы процесінде қосылған. Оларды өткізу бойынша салық салынатын айналым құнының бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы территориясында тауарлар импорты кезіндегі аударымды білдіреді. Қосымша құн салығы бойынша есепте тұрған немес тұруға міндетті кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz