XХ ғ. батыс философиясы, экзистенциализм


Пән: Философия
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

XX ғ. БАТЫС ФИЛОСОФИЯСЫ. ЭКЗИСТЕНЦИАЛИЗМ.

Жоспар.

І. Кіріспе. Қазіргі заманғы Батыс философиясына жалпы сипаттама.

ІІ. Негізгі бөлім:

  1. Қазіргі заманғы Батыс философиясының негізгі ағымдарының бірі-экзистенциализм туралы көзқарас.
  2. Экзистенциализмнің көрнекті өкілдері.

ІІІ. Қорытынды. Экзистенциализмнің қазіргі жағдайы.

Қазіргі заманғы Батыс философиясында толып жатқан, кейде бір-біріне қарама-қарсы ағымдар бар. Әрбір дерлік ағымда іштей бір-біріне қарама-қарсы бағыттар да бар. Буржуазиялық философиялық ой-пікірдің марксистік философиямен қарама-қарсылығын былай қойғанда, оның өз ішінде де материализм мен идеализмнің күресі жүріп жатады. Мұның негізгі себебі ХХ ғасырдағы капиталистік қоғам бастан кешіп жатқан жалпы рухани дағдарыстың негізгі белгілерінде жатыр. Бүгінгі буржуазия философиясы саясат пен идеологияның бұрын болып көрмеген тікелей ықпалын бейнелендіруде.

Батыстың философиялық білімінің саясаттануына және идеологиялануына капитал елдерінде тап күресінің шиеленісуі, дамыған елдер мен тәуелді елдер арасындағы қайшылықтардың тереңдей түсуі, қазіргі ғылыми-техникалық революциядан туған дүниежүзілік проблемалар т. б. зор әсерін тигізуде. Сондықтан да болар, қазіргі Батыс философиясында толып жатқан ағымдар мен бағыттар бар.

Қазіргі батыстық философияда мынадай ағымдарды жәнс олардың тармақтарын атауға болады позитивизмнің қазіргі түрі - неопозитивизмнің тармақтары; экзистенциализм және иррационализмнің басқа түрлері; діни философияның түрлері - неотомизм, персонализм т. б. Бұлардан басқа тағы да прагматизм, философиялық антропология, феноменология деген түрлсрі бар. Бұлардың барлығы, сайып келгенде: субъективтік жәнс объективтік идеализм-дердің бағытын ұстайды.

Қазіргі заманғы батыстық буржуазия философиялары идеалистік тұрғыдан осы күнгі өмірдің жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Мәселен, діни философиялар өздерінің қоғамдағы орнын әлсіретпеу мақсатымен ғылымның ең соңғы жаңалықтарына бейімделуге тырысады. Қазіргі ғылыми білімге бейімделуді түрлі философиялық ағымдар түрлі әдістсрмсн жүзеге асырады. Мысалы, неопозитивизм сырттан қарағанда ғылымды жақтайтын сияқты, бірақ оның дүниегекөзқарастық маңызын жоққа шығарады. Неопозитивистер әдетте дүниегекөзқарастық мәселелерді жалған проблемалар деп жариялап, ғылымды көзқарастық проблемалардан „тазартуға” тырысады, философияның міндеті негізінен ғылым тіліне түрлі логикалық талдаулар жасау болуы тиіс дейді. Дүниеге көзқарастық мәселелерді жоққа шығару - қазіргі батыстық философияларға тән бірінші ерекшеліқ.

Қазіргі батыстық философияның ағымдарына тән екінші ерекшелік-өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту. Егср XVIII-XIX ғасырлардағы буржуазиялық философиялар феодализмнен капитализмге өтудің теориялық жағынан негіздеуді көздей отырып, ғылымды, білімді дамытуды жақтаған болса, XX ғасырда жағдай өзгерді. Саяси жағынан үстем тап болып алған буржуазия енді әлеуметтік тәртіптерді, капиталистік қатынастарды түбірлі өзгертуге мүдделі болмай қалды. Осыған сәйкес қазіргі қалыптасқан капиталистік қатынастарды бсйнелендіруші буржуазиялық философиялар буржуазиялық тұрмыс жағдайларының мәңгілігін дәлелдеуге тырысады.

Өткендегі прогресшіл дәстүрлерден бас тарту буржуазиялық ой-пікірді диалектикадан бас тартуға алып келді. Бұл, атап айтқанда, буржуазиялық философтардың Гегельдің диалектика-сына теріс қарауға, оның ілімін релятивистік және иррационалистік тұрғыдан түсіндіруге тырысуларынан көрінеді. Ал диалектиканы мойындаудан қорқу буржуазиялық философияны тарихи прогресс идеяларынан бас тартуға алып келді: - бірінші позитивистер "прогресс" ұғымын "эволюция" ұғымымен ауыстырды; жаңа кантшылар прогресс - ғылымға жат-пайтын категория деп санады; экзистенциализмнің өкілдері бірінен соң бірі келіп отыратын цивилизация деген ұғыммен ауыстырды.

Неопозивитизм прогрессті "метафизикалық функция" деп атады. Енді осы бағыттардың ең негіз-гілерінің бірі- экзистенциализм мазмұнын қысқаша қарастырайық.

Иррационализмнің кейбір идеяларын одан әрі қарай жалғастырған - XX ғасырдың 20 жылдары қалыптаскан экзистенциализм болды. Негізгі өкілдері: С. Кьеркегор (1813-1855), М. Хайдеггер (1889-1976 ж. ), К. Ясперс (1883-1969 ж. ), Ж. П. Сартр (1903-1980 ж. ), Г. Марсель (1889-1973), )

Л. Шестов (1866-1938 ж. ), Н. А. Бердяев (1874-1948 ж. ) т. б. Бұл ағым XX ғасырдағы беймаркстік философияның ішінде адам туралы мәселелермен ең көп шұғылданған ағым. Оны өмір сүру философиясы деп те атайды. Бұл философиялық бағыт Россияда бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін пайда болды (Шестов пен Бердяев), екінші дүниежүзілік соғысқа дейін Германияда (М. Хайдеггер мен К. Ясперс), Францияда (Ж. П. Сартр мен Г. Марсель және А. Камю) дамыған. 1940-50-жылдары Европаның басқа елдеріне, 1960 ж. АҚШ-қа тараған (У. Баррет) . Рационалды ойлаудың кемшілігі объекті мен субъектіні қарама-қарсы қою принципіие сүйенген, ал экзистенциализм бүкіл дүниені, тіпті адамның өзін тек зерттеу объектісі түрінде ғана қарайды. Болмыс субъекті мен объектінің тура бөлінбейтін, тұтас түрінде қабылданады. Сондықтан болмыс адамның тікелей өмір сүруі (экзистенция) ретінде түсініліп, оны не ғылыми, не рационалдық философиялық құралдармен тануға болмайтынын айтады.

Экзистенцияны, өмір сүруді түсіндіру үшін Хайдеггер, Сартр, Мерло-Понти сана-сезімнің құрылымында интенциялың (басқа затқа бағыттылық) болатынын ашып, неміс философы Гуссерльдің феноменология әдісін пайдаланған. Сонда тіршіліктің өзін ашық деп, оның басқаға бағытталғанын көрсеткен. Ал басқаға бағытталғандық «ешбір» дегенге келіп саяды. Сол «ешбірге» бара жатқан интенция адам тіршілігінің модустарынан (қамқорлы, қорқыныш, батылдық, ұят т. б. ) өтеді. Бұл модустар «ешбірмен» жақындасу немесе одан қашу жолындағы белгілер, осы жерде «шекаралық уақиға», немесе шекаралық шытырман жағдай туады, сонымен адам өзінің экзистен-циясын негізі ретінде түсінеді.

Индивидуалдық, яғни жеке бастылық өмір сүру уақытша болатын құбылыс, оның арты өлім. Оның уақыты тағдыр, тағдырдың ішіне кіретіндер: туу, өлім, махаббат, торығу, өкіну т. б. Сонымен бірге өмір сүруге батылдық, жоспар, үміт, дәме кіреді. Экзистенциализм уақыттың тарихпен және адам-мен байланысын, оның өмір сүруін, ізденушілігімен, қарекетімен, үмітімен астастыра қарайды. Өмір сүру барысында кісі өзін-өзі іздену жолымен табады, ол үшін «шекаралық жағдайға» түсіп, өзінің жоспары мен үмітін айқындап, қиналыс кешеді.

Экзистенцияның ендігі бір маңызды белгісі - трансценділік, яғни әрекеті өзінің сыртына шығып кету қасиеті. Осыған орай экзистенциализм діни және атеистік болып екіге бөлінеді. Діни экзистенциализмде бұл жол қүдайға апарады, ал атеистік бағытта трансценденция дегеніміз тіршіліктің ақыры. Осы жерде экзистенциализм рационализм мен гуманизмге қарсы шығады, себебі бостандық бір жағынан қажеттілікті тану емес, екінші жағынан, адамның табиғи талаптарын ашу емес. Бостандық - өмір сүрудің өзі, экзистенция дегеніміз бостандық. Болмыс дегенді жалпылама қарап білу мүмкін емес. Экзиетенция тек жеке адамның, нақтылы өз басының болмысы ғана деп білінеді. Адамның еркі дегеніміз өмір сүру философиясына алып келеді, себебі жеке адам ешбір табиғи немесе әлеуметтік қажеттіліктен тәуелсіз болып, әркім өзін-өзі қалыптастыруға тиіс деп түсіндіреді.

Бостандық, жеке адамның еркі туралы мәселе тек этикалық тұрғыда түсіндіріліп, оның әлеуметтік жағы есепке алынбайды. Экзистенциализм ұғымдары ғылыми-техникалық дамуға қарсы, олар өмірлік пен әсемдік жағдайларына жақын. Сондықтан бұл бағыт қазіргі кезде өнер мен әдебиет арқылы батыстағы буржуазия интеллигенциясының санасына, көңіл-күйіне үлкен ықпал етуде.

Экзистенциализм (өмір сүру), тіршілік ету философиясы өз бастамасын дат философы С. Кьеркегордың адам - өз өмірінің себепкері, өзінің ауыртпалығын өзі көтеруші және өзі сияқты жекеленген, бірақ құдіретті құдайдың алдында қорқып тұратын тіршілік иесі деген ілімінен алады. Экзистенциализмнің қалыптасуына Ф. Ницше мен Э. Гуссерльдің ілімдері де зор әсер етті.

Экзистенциализмнің өзі үш түрлі бағыттағы ілімдерден құралған. Біріншісі, Хайдеггердің болмыс туралы ілімінің негізінде қалыптасқан экзистенциализм антологиясы. Болмыс материалдық құбылыс емес, ол өзінің әмбебаптық жалпылығынан туындайтын белгісіз бірдеңе. Адам оны таным процесінде іздестіреді, ол туралы күйзеле ойлайды, түсінуге тырысады, сөйтіп, ол адамның мән-мағынасына айналады. Демек, болмыс туралы ойлар айналып келгенде, адам болмысы туралы мәселелерге ауысады. Екіншісі - К. Ясперстің экзистенциялык нұрландыру идеясы. Ол болмыстың мәні туралы сұрақтарды шешілмейтін сұрақтар деп есептеп, бар назарын адам болмысы, экзистенцияның өмір сүру тәсілін және оның құдай тектес трансценденцияға қатынасын айқындауға аударады. Үшіншісі - экзистенциализм ұғымын бірінші қолданған Жан Поль Сартрдың ілімі.

Экзистенциализм "өмір философиясындағыдай" жалпы "өмір" мәселесін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін - "экзистенция" (өмір сүрудің карапайым нақтылығы), "адамның өмір сүруі" сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. Экзистенция ешқашан зерттеу объектісі бола алмайтын ұғым, өйткені ол біріншіден- жеке даралық болғандықтан, сол себепті жалпы мәнділікке ұмтылмайды; екіншіден, экзистенция - біздің өзіміз. Олай болса, біз оған ғылым қарайтыңдай объективті түрде қарай алмаймыз (К. Ясперс) . Өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен (қосылған) болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз - күнделікті өмірмен тығыз байланысты, өз басының сезімі мен тілегінің, сенімі мен қауіптілігінің, тәжірибесі мен үмітінің, өз қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс-әрекет жасаған адамдардың экзистенция ретінде тіршілік етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы- "дүниенің қасында болу". Бұл жердегі "дүние" адамның қамдану өрісі -еңбек әлемі, заттар әлемі, құрал-жабдықтар жиынтығы, ал "болу"-"бірдеңенің қасында" деген мағына береді. Адам өз ортасымен біте қайнасқан тіршілік иесі, сондықтан да оны әлемнен бөлек қарастыруға болмайды. "Дүниенің қасында болу" адам тіршілігінің осы әлемдегі экзистенциялиі (өмір сүру тәсілі, адам болмысының категориялары) және трансценденциясы (Хайдеггерше - шектен шығуы) . Демек, тәжірибе жете алмайтын нақтылық пен "бірікккен әлемнің" (адамдардың қосылған болмысы) арасында пәлендей айырмашылық жоқ, себебі "бас-қалар" (қоршаған орта т. б. ) "менімен" бірге өмір сүреді. Адамның шынайы тіршілігі - "уайымдау". Бірақ кез келген "уайымдау" (мысалы, адам демалғанда, еңбек еткенде, қуанғанда, өз білімін тереңдеткенде т, б. ) "өмір сүру" емес, себебі ол - сырттай өмір сүру. Мүндай өмір сүруде адамның жекешелік қасиеттері, даралығы жоғалады. Нағыз "өмір сүру" олардан және "іштегі сыртқы әлемнен" (сыртқы әлем туралы оқу, тәжірибе арқылы санада сақталған білім) батыл арылғанда ғана басталады. Ал шын мәнінде "өмір сүру" үшін өлімге тікелей қарау керек, яғни өзіне өлім хақ екенін түсініп, қорқыныш ояту қажет. Құдайдың, "ештеңесі жоқ мәнсіздіктің" алдындағы себепсіз бостандықтың әсерінен өзіңнен-өзіңнің үрейленуінді болжай алмауыңнан қорқыныш пайда болады (Сартр), олай болса, ол еш күмәнсіз, мүмкін болатын болмыс. Осындай қорқыныш қана адам болмысын айқындап, оны өзінің жеке басының болмысына және бостандығына жетелейді. Демек, қорқыныш адам тіршілігінің негізгі қасиеті, ал оның негізгі құрылымы - қамдану, жеке басының қамын ойлау. Ал басқалардың қамын ойлау, олармен бірге болу - жалпы қамдануға жатады. Адам "сыртқы әлемде" жүргенде қорқыныш ұмытылады. Шын мәнінде, сыртқы әлем дегеніміз адам қорқынышының, күнәсінің, уайымдарының экстериоризациялануы (іске асырылуы, нақтылануы) .

Қорқыныштардың ішіндегі - өлімнен қорқу туа біткеннен тән априорлы уайымдау. Ал "өлім" дегеніміз болашақтың өзі, ол арқылы тіршілік өзіне қайтып келеді. Сөйтіп, болашаққа талпыныс дегеніміз өлімнің бетіне қарау болып шығады. Осыдан келіп, тіршіліктің уақытша, тарихи және шектеулі сипатта екендігін түсінеміз.

Экзистенцияның шын мәніндегі тереңдігін тек айрықша, "шекаралық жағдайларда" ғана түсіне аламыз. Менің өлуім хак екенін түсінуім, менің қасіретге болуым, менің күресуім, менің жағдайларға тәуелділігім, менің сөзсіз күнәлілігім - бұлардың бәрі де "шекаралық жағдайлар" (Ясперс) . Адамдар әр уақытта да осындай "шекаралық жағдайда" болады, ал оны қаншама өзгертеміз деп тырыссақ та, олар өзгерместен, сол күйлерінде қалады. "Шекаралық жағдай" адам тіршілігіне өзінің біртұтастығын, өзгермейтіндігін, аяқталғандығын біліп-түсінуге көмектеседі. Қысылтаяң жағдайда, өлім қаупі туғанда т. с. с өзінің рөлін, пайдалы іс-әрекетін шын мәнінде терең түсінеді. Мысалы, өлім қаупінің қас-қағым сәтінде адамның шын мәні ашылады, айталық, соғыста оның батыр немесе қорқақ екені анықталады.

Экзистенциализм жеке адамдар "басқаларға" (қоғамдық қатынастарға) салыстырмалы түрде тәуелді екенін мойындайды. Жалпы алғанда "басқалардың" адамдарды ажыратып, дау-жанжал тудыратындығына қарамастан олар өзара байланысқа түседі. Бұл байланыс "басқалармен өмір сүру коммуникациясы" деп аталады. Коммуникация үстемдік жүргізуден және қызмет етуден басталады. Адамдардың өзара байланысқа ұмтылуы коммуникация алдындағы үреймен, оның мүмкіндігіне шүбәланумен т. б. сөзсіз ұласады. Мұндай жағдайда адамдар нағыз "экзистенциалды" еркін түлға бола алмайды. Еркін болу үшін, ол қоршаған сыртқы әлемнің және іштегі сыртқы әлемнің әсері-нен құтылып, өзіне өзінің мақсаты мен іс-әрекетінің себептерін айқындауы керек. Басқаша айтқанда, бостандық дегеніміз сырттың әсерінсіз еркін тандау. Бостандықтың тағы бір көрінісі ол - жауапкершілік. Туғанынан еркін болуға жаралған адам, бүкіл әлемнің ауыртпалығын өз мойнымен көтереді, ол жалпы әлем үшін де, болмыс тәсілі ретіндегі өзі үшін де жауапты (Сартр) .

Экзистенциалистер болмысқа қарама-қарсы "иемдену" үғымын да қарастырады. Мен иемденген заттар мені де билейді, жалмайды (Г. Марсель) . Ал, адамды меншіктің, заттардың осылай езіп-жаншуынан қалай құтқаруға болады. Бұл сұраққа Марсель қарама-қайшылыктың қайнар көзі адамның өз табиғатында дей келіп, одан шығу жолы - сүйіспеншілікте, қайырымдылықта, "құрбандыкта", қала берді иеленуді болмыс деңгейіне дейін көтеретін дінде, өнерде және философияда жатыр деп есептейді. Ал басқа ғылымдар "бұлыңғыр сыртқы әлемді" зерттейтін болғандыктан, бізге ақиқат білім бермейді, керісінше, олардың ашқан жаңалыктарының салдары адамзатгың өмір сүру мүмкіндігінің өзіне күмән келтіреді. Жалпы адамзат білмегендіктен қорлық көріп отырған жоқ, керісінше көп білгендіктен қасірет шегіп отыр.

Экзистенциализмнің көрнекті өкілдері.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адамның болмысын құрайтын оның экзистенциясы
Экзистенциализм философиясы адамның мәні туралы
Экзистенциализм
Танымның сезімдік формасы
Альбер Камю шығармасындағы өмірдің мәні
Марксизм философиясы. Өмір философиясы
Ренессанс философиясының ерекшелігі
Хіх-ХХ ғасырлардағы батыстық философиялық бағыттардың негізгі проблемалары
Қазіргі заман философиясы туралы
Экзистенциализм және өмір философиясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz