Қазақстан Республикасының инвестициялық қызметінің қаржыландыру деңгейіне талдау және жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 2
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . . 4
1. 1 Инвестиция түсінігі: мәні және мазмұны . . . 4
1. 2 Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеу . . . 12
1. 3 Шетел инвестицияларын тарту мәселелері және оларды шешу жолдары
. . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 35
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 37
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі заманғы жағдайларда нарықтық қайта құруларға және экономиканың жаңа сапалы ахуалға көшу тиімділігінің басты және анықтаушы белгісі экономикалық өсудің тұрақты, орнықты қарқындарына қол жеткізу болып табылады. Қазақстанның 2030 жылға дейін Даму стратегиясымен анықталған негізгі жеті бағыттарының бірі - инвестиция тарту осы экономикалық басымдықтың шарты болып табылады. Осы басымдықты іске асыру шетелдік капиталдар мен ішкі жинақ қаражаттарды тарту, осындай даму траекториясына шығу арқылы экономикалық өсуін жаңартуды білдіреді. Қазақстан макроэкономикалық тұрақтандыруға және кейбір салаларды көтеруге, сондай-ақ барлық экономиканың егжей-тегжейлі тұрақты, қарқынды өсуіне қол жеткізе алды.
Осы мәселені шешу, бәрінен бұрын, экономикалық өсу сияқты, сондай-ақ инвестиция ретінде теориялық пайымдауды талап етеді. Теориялық модельдер мен экономикалық өсу және инвестицияларды зерттеудің практикалық маңызы зор, өйткені олар теориялық-әдіснамалық негізін қалыптастырады, онда белгіленген уақыт ішінде елді мемлекеттік реттеу бағдарламасы негізделеді. Инвестицияларды мемлекеттік реттеудің теориясы мен практикасы өзара тығыз байланысты, соңғысы экономикалық теорияның дамуы арқылы нығайтуды талап етеді.
Қазақстанда экономиканың нақты секторын инвестициялау қаржы ресурстарын жоспарлы кезеңде орталықтан шоғырландыру және бөлудің көмегімен жүзеге асырылды. Әміршіл-әкімшіл жүйенің және оған тән реттеудің дерективті әдісінің жойылуымен оның тетіктерін жеке инвестициялық-қаржылық мекемелер түріндегі орталықтандырылмаған қаржыландыру институттары ауыстыруы тиіс еді. Іс жүзінде осындай ауысу болмады.
Қазақстан Республикасы кейінгі жылдарда көптеген қиындықтарды жеңе отырып, елеулі экономикалық табыстарға жетті. Қазақстанның жалпы ішкі өнімі (ЖІӨ) 2003 жылдың соңында 30 млрд. АҚШ долларына жуықтап, оның жыл сайынғы өсімі кейінгі үш жыл қатарынан 10-13 % құрап отырды. Елдің экономикалық жүйесі тәуелсіздікті алумен және экономиканың нақты секторына капиталдарды салумен және инвестицияларды тартумен тұрақты әрі жүйелі түрде дами бастады. Инвестициялар дағдарыстан шығудың нақты тұтқасы, «тоқтап қалғаннан» экономиканың өсуіне өту, экономиканы қайта құру мен қайта құрылымдаудың негізгі шарты болды.
Сыртқы байланыстарды орнатуға және инвестицияларды кең ауқымда тартуға бағыт ұстану экспортқа бағдарланған салаларды көтеріп, шикізат өндіруді ұлғайтуға ғана емес, сонымен бірге валюталық қорды толықтыруға, теңгені нығайтуға, оның өтімділігін күшейтуге де мүмкіндік берді. «Қазақстан - 2030» Қазақстан дамуының ұзақ мерзімді стратегиясында қойылған міндеттерді шешу және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру үшін сонымен қатар, «Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму» стратегиясына сәйкес, 2015 жылға болжам - жалпы ішкі өнімді 2007 жылмен салыстырғанда 3, 6-3, 9 есеге арттыру мәселесі көзделген.
Қазақстанның инновациялық, индустриялық және технологиялық дамуының, ұлттық өндірістің тиімділігін және бәсекеге қабілеттілігін, сондай-ақ елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең басты шарты инвестициялық қызметті белсендіру болып табылады, шетелдік сияқты ішкі инвестициялық ресурстарды қолдана отырып, экономиканың нақты секторындағы салымдар ауқымын әжептәуір кеңейту қажет.
Инвестициялық саладағы ел аймақтарының басты бағыттарының бірі экономикалық ахуалды жақсарту үшін жағдайлар жасау, қаржылық және нақты секторлардың өзара байланысын нығайту негізінде инновациялық өндірісті дамытудағы инвестицияның сапалық өсуіне бағытталған тиімді ұлттық инвестициялық үдерісті жетілдіру қажет.
Қазіргі уақытқа дейін депрессиялық тұрақтылықтан жаңа технологиялар базасында ЖҰӨ өсу қарқынын жылдамдатуға табысты көшу үшін талап етілетін қаржылық және нақты секторлар институттарының өзара іс-қимылы қалыптастыру, аймақтарда инвестициялық саясаттың мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізуге бағытталған тиісті механизмдер құру көзделуде. Мұның барлығы зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Зерттеу нысаны - Қазақстан Республикасының инвестициялық нарығы және инвестициялық үдеріске қатысатын институттар мен нысандар нақты объектілер ретінде алынған.
Курстық жұмыстың мақсаты мемлекеттің инвестициялық үдерісін жетілдіру шеңберінде экономиканың қаржылық және нақты секторларының өзара әрекетінің теориялық және тәжірибелік аспектілерін зерттеу және қаржы капиталының экономиканың нақты секторына құю тетігін жетілдіру ғылыми негіздеу.
Көзделген мақсаттарға жету келесі міндеттерді шешуді қажет етеді:
- инвестициялар теориясының генезисін зерттеу;
- инвестициялық үдерісті жетілдіру тұрғысынан экономиканың нақты және қаржылық секторларының өзара іс-әрекетінің кейбір теориялық қырларын зерттеу;
- нақты және қаржылық секторларының түбегейлі экономикалық өзгерістер жағдайындағы өзара әсерінің институттары мен тетіктерінің даму тұжырымдамасын зерттеу;
- әлемдік тәжірибені зерттеуді негізге ала отырып Қазақстан үшін қолдануға болатын қаржылық институттардың жинақтарын экономиканың нақты секторының инвестицияларына аудару жолдарын іздеу;
- Қазақстандағы және Қызылорда өңіріндегі инвестициялық үдеріске талдау жүргізу.
1 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
- Инвестиция түсінігі: мәні және мазмұны
Нарықтық экономикаға өту кезеңіне байланысты Қазақстан экономикасына « Инвестиция» деп аталатын жаңа термин енгізілді.
Инвестиция- ақшалай құралдар, елдер және шет елдер арасындағы жаңа құралдарды енгізуге, кәсіпорын қызметін модернизациялауға арналған банктік салымдар, пай, акция, бағалы қағаздар, сонымен қатар технология, машиналар, қондырғылар.
Күрделі қаржы - қаржылық құралдар, яғни жаңа құрылысты кеңейтуге реконструкциялауға арналған шығындар. Бұл материал, еңбек ақшалай ресурстар шығыны негізгі қорлардың өсіміне және қалпына келтіруге арналған күрделі қаржы. Күрделі қаржы-экономикалық категория. Қоғамдық еңбек жиынтығында ресурстар құның бейнелеуші ұдайы өндірісте өндірістік құрылыстың мәні мен қуаттылығы, сол сияқты өндірістік емес сала сферасының обьектілері жатады.
Инвестициялау дегеніміз не? - ол ағылшын тілінен қаржы жұмсау, (қаржы салу) деген атаудан шыққан. Инвестиция-өндіріс, ауыл шаруашылығы т. б. салаларды дамытуға, өркендетуге, ұзақ уақыт жұмсауға арналған капитал түрі [1] .
Инвестицияның қайнар көзі - жинақ қоры деп атайтын болсақ, онда бірнеше ғалымдардың тұжырымдары бойынша инв-ң мазмұнына емес оның жұмсалу бағыттарына көңіл бөлу қажет деп атаған.
Кейнсомның көзқарасымен инвестиция белгілі бір мерзім ішіндегі өндіріс қызметінің қорытындысы, капиталды мүліктер құнының ағымдық өсімі немесе қажеттілікке жұмсалмаған берілген мерзімдегі кірістің бөлігі деп атап көрсетті.
Фельзенбаум- инвестиция түсінігін 2 түрге бөліп қарастырған біріншіден: нақты инвестиция - күрделі қаржы түсінімен сипатталса, екіншіден: қаржылық(портфельді) инвестиция - акция, облигация, т. б. бағлы қағаздар салымы арқылы бейнелейді[2 ] .
Инвестицияларды қаржыландыру көздері - қазіргі кездегі инвестициялық қызметтің басты мәселесінің бірі б. с. Кәсіпорынның нарықтық қатынастарға көшуімен байланысты қаржыландыу көздерінің тапшылығы пайда болады, бұл ең алдымен жалпы экономикалық кризиспен байланысты.
Инвестициялық процесті қамтамасыз етуді қаржыландыру жүйесі- инветициялық қызметті қаржыландыру көздері инвестициялау әдісінің қосылуынан құралады. Қаржыландыру көздеріне бюджеттік, несиелік, өзіндік қаржыландыру, құрылған бөліп бөлінеді.
Инвестицияның жіктелуін төмендегі үлгіде көрсетеміз. (Үлгі 1)
Үлгі 1 - Инвестицияның құрылымдық жіктелуі
Инвестицияның негізгі қайнар көздерін бірнеше топтарға бөлеміз:
1. Меншікті қаржылық құралдар , сонымен қатар әртүрлі активтер мен құрал жабдықтар.
2. Аймақтық және жергілікті бюджеттер кәсіпкерлікті қолдау.
3. Шетелдік инвестиция біріккен кәсіпорын-ң уставтық капиталы немесе қаржыландыру формаларын ұсынушы, сонымен қатар күрделі қаржы енгізушілер қаржылық институттар және мемлекеттік кәсіпорындар және ұйым-ң әртүрлі формалары (меншік және жеке меншік)
4. Заемдық құралдардың әртүрлі формалары, оның ішінде кредиттер, шет елдік инв-ң несиелері, облигациялық заемдар, банктік кредиттер және басқа да институционалдық инвесторлардың инв-қ компаниялары мен қорлары, қамсыздандыру қорлары, зейнет ақы қоры, вексельдер т. б.
Күрделі қаржы келесі қаржыландыру есебінен жүзеге асырылады:
- меншіктік қаржылық ресурстар мен инвесторлардың ішкі шарттық резевртері (табыс, амортизациялық бөлулер, азаматтармен заңды тұлға салымдары т. б. )
- заемдық ресурстары(банкілік несиелер, облигациялар, заемдар)
- инвесторлардың кірістелген қаржылары( акцияларды сату, пайдаларды және т. б. төлемдерден өткізу есебінен алған қаржы)
- бекітілген тәртіпке кәсіпорынның бірлестіктері мен орталықтандырылған қаржылар
- бюджеттен тыс қорлардың қаржылары
- Кәсіпорынның субьектілерінің бюджетік қаржылары, республикалық бюджеттік қаржылар
- шет ел инвестицияның қаржылары
- Заңды және физикалық тұлғалардың қайырымдылық бөлулері.
Жалпы қаржыландыру көздері- бюджеттік және бюджеттен тыс б олып бөлінеді. Мемлекеттік қаржы бөлу мемлекет өз функциясын орындау процесінде жүзеге асырады. Экономикалық қорғаныс, құқықтық қорғау, экологиялық және т. б.
Мемлекет күрделі қаржы коммерциямен экономикалық құрылтайшылық қайта құрылуына ықпал етеді, мұнда халық-шаруашылық комплексінің тиімділігін арттыруды қамтамасыз етеді, жекелеген салалармен аудандардағы диспропорциялар жойылады.
Мемлекеттік инвестицияларды алушылар ретінде мемлекеттік меншіктегі кәсіпорындар, сонымен қатар мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыруға қатысушы заңды тұлғалар есептелінеді.
Бюджеттік ресурстарды пайдаланудың мақсаттық сипаты- алдын-ала белгіленген бағыттар бойынша ресурстардың жұмсалу барысын бақылауда қамтамасыз етілетін, сәйкес жылға бюджетті бекітілген соң жүзеге асырылатын нақты құрылыстар мен обьектілердің қаржыландыруда б. т.
Бюджеттік ресурстар жоспар орындалу шамасында құрылыстар мен мердігерлік мекемелерге беріледі. Бұл қаржыларды бөлушілер заказ берушілер деп аталады. Құрылыс монтаж жұмыстарын орындалған жұмыстардың барлық түрлерін заказ берушімен келіскен соң, жабдық пен материалдарды сатып алу шығындарын номенклатурасы бойынша төленеді.
Мемлекет қажеті үшін құрылыстар мен обьектілердің қаржылануы қайтарымсыз және қайтарымды болуы мүмкін.
Қайтарымсыз қаржыландыру - өндірістік қызметтің жаңа бағыттарын принципиальды дамуы мақсатымен жүзеге асырылады. Республикалық бюджеттің қайтарымсыз негізде бөлінген қаржылары конверсиялық, қорғаныс, экологиялық және басқа осы сияқты обьектілердің жүзегег асырылуына бағытталады.
Қайтарымды қаржыландыру - көбіне инвестициялық жобаны жүзеге асырудан коммерциялық тиімділікке бағытталады. Практика көрсетіп тұрғандай, мемлекеттің кез-келген көмей жобаны жүзеге асырудың ерте кезеңде анағұрлым маңызды.
Коммерциялық практикада инвестицияны 3 типке бөлеміз:
- Инвестицияның физикалық активтері;
- Ақшалай активтері;
- Материалды емес активтері.
Физикалық активтерге - өндірістік ғимараттар, үйлер, қондырғылар және машиналардың кез келген түрлері, өндірісте қолданылатын тозу құнын иеленетін тағы басқа мүліктер жатады.
Ақшалай активтерге - банктік депозиттер, облигациялар, акция, несиелер, заимдар, кепілдіктер, т. б. жатады.
Материалды емес активтер - кәсіпорынның жұмысшыларының квалификациясын жоғарлатуға және бағдарламалар бойынша қайта оқытуға, сауда белгілерін дайындауға, лицензиялар дайындауға, өндіріс технологиясына және өнімге сертификаттар дайындауға жұмсалған құндылықтар жатады.
Қызмет ету жағдайына байланысты инвестицияны келесі топтарға бөлеміз:
- Тиімділікті жоғарлатудағы инвестиция. Басты мақсаты - қондырғылардың орнын ауыстыру арқылы шығындарды азайтуға жағдай жасау, жұмысшыларды даярлау, өндірістік қуатты арттыру.
- Өндірісті кеңейтудегі инвестиция мақсаты- нарыққа тауарларды шығару көлемін кеңейту, мүмкіндіктерін қарастыру.
- Жаңа өндірістік орнын құрудағы инвестициямақсаты - жаңа кәсіпорын құруда, яғни жаңа өнім дайындайтын немесе қызмет көрсететін, нарыққа жаңа өнім түрін ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Мемлекеттік басқару органдарының талаптарын қамтамасыз ету мақсатындағы инвестиция -бұл инвестицияның түрлері - кәсіпорынның қажеттілігіне жұмсалады, яғни өнімнің сапалылығына, экологиялық стандарт талаптарына сәйкес қызмет жағдайына байланысты[3 ] .
Инвестицияның қайнар көздеріне не жататына көз жеткізген болсақ енді осы инвестиция түсінігінің қалай дамығанына қысқа тұжырымдама береміз: біріншіден, Инвестиция түсінігінің кеңінен қолданылуын нарықтық қарым-қатынастардың кеңеюімен байланысты қарастыруға болмайды. Соңғы кезеңде ғылыми-техникалық жетістіктерді кеңінен қолданудың барысында тек қана өндіріс және өндірістік инфрақұрылым салаларының материалдық техникалық базасы ғана сапалы өзгерістерге ұшырап қойған жоқ. Ондай өзгерістер әлеуметтік инфрақұрылым салаларына да тән болып отыр. Сондықтан, осы соңғы аталған салаларға, солардың дүние жүзілік стандарт деңгейінде дамуына жұмсалатын қаражаттарда «инвестиция» құрамына кіруі тиіс. Өйткені бұл салаларда бұрынғыдай әлеуметтік-интеллектуалдық байлықтың өсуі ғана емес оған қоса материалдық байлықтың өсуі де орын алып отыр.
Екіншіден - инвестиция түсінігін тек қоғамға пайда әкелетін іс-әрекет басталған жағдайда ғана қолдану қажет. Егер бұндай іс-әрекет басталмаған болса, онда қолда бар қаражат инвестиция емес, тек ресурс (қор) болып қана қала береді.
Осы жағдайда «инвестиция» мен «инвестициялық ресурс» түсініктерін бөліп қарастырған жөн. Жоғарыда айтылғандай, егер де «инвестиция»-салынған қаражат болса, онда «инвестициялық ресурс»- дегеніміз мемлекеттің материалдық байлығы мен қоғамдық әлеуметтік, интеллектуалдық игілігін арттыра түсу мақсатында жұмсалатын ақшалай қаражаттың қолда бар жиынтығы болып табылады. Демек, осы жиынтық белгілі бір мақсатқа жұмсала бастағанда ғана инв-ға айнала бастайды.
Инвестиция түсінігі екі принциптік түсінікпен тығыз байланысты.
1. инвестициялық обьект 2. инвестициялық қимыл.
Инвестициялық обьект ретінде инвестиция бағытталған кез-келген кәсіпкерлік жұмыс обьектілерін қарастыра аламыз.
Инвестициялық обьект - инвес-қ жұмысты жүзеге асыру барысында бар бола алады және инвестордың алға қойған мақсаттарына жетуінің материалдық негізі б. т.
Инвестициялық қимыл- инвестордың инвестициялық обьекті таңдау және құру оны пайдалану және жабу жөніндегі, сондай-ақ қажет деп табылған қосымша салым салуды жүзеге асыру және сырттан қаржы тарту жөніндегі іс-әрекет.
Инвестициялық шешімдер инвестициялық мақсаттарына жету құралы болып табылады.
Бұл көзқараспен қарағанда оптималды (тиімді) инвестициялық шешім инвестицияның алға қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін ең маңызды деп аламыз.
Инвестициялық климатты құрудағы негативті тенденцияларының байланысы, табиғи, ұйымдастыру, праволық, қаржылық, әлеуметтік, экономикалық, саяси факторларының мемлекеттік қызметіне бағынышты болады. Инвестициялық климат келесі түсінікті береді:
1. Инвестициялық потенциал- ел немесе аймақ үшін берілген обьективті инвестициялық ұсыныс немесе мүмкіндік, яғни жұмыс күші, негізгі қор, табиғи ресурстардың инфрақұрылымы, өндіріс факторларының жиынтығы.
2 . Инвестициялық тәуекел - Инвестицияны жоғалту ықтималдығына байланысты инвестордың көзқарасымен олардың қызмет жағдайының ерекшелігі. (ережелер, ерекшеліктер, заңдылықтар)
Инвестициялық климат түсінігі - осы елдің немесе аймақтың экономикалық, әлеуметтік, саяси, мемлекеттік және мәдени жағд-н жан-жақты зерттеу т. б. Инвестициялық қызметтің праволық стратегиялық мақсаты - кәсіпорынның инвес-қ шаруашылық қызметінде толық масштабтағы праволық кеңістікті құру. Сол арқылы инв-қ қызмет ерекше формаларынан жай формаларына көщу, яғни кәсіпорынның бірден-бір ағымдық қызметінің түрі, кәсіпорын жетекшілерінің басқаруымен, мамандардың атқаратын жұмыс түрін және немен айналысатындығын көрсетеді.
Шаруашылық қызметінің жалпы праволық база және проблемалары қазіргі уақытта көптеген жобалардың жаңа жағдайға байланысты функционалдануымен, реттелуінде. Сонымен қатар инвестициялық сипаттағы сұрақтарды шешу мен оның мақсаты инвестициялық қызметі қолдаумен информациялармен қамтамасыз ету және кез-келген кәсіпорында өндірістік қаржылық инвестициялық қызметтің құрылымдық бөлімін құру керек.
Инвестициялық қызмет - бұл инвестицияны салу немесе инвестициялау инвестицияны ұсынудағы практикалық қызметтің жиынтығы немесе инвестицияларды іске асырудан (жұмсаудан) туындайтын кәсіпкерлік қызмет.
Инвестициялық сферадағы мемлекеттік реттеу соңғы жылдары түпкілікті өзгеруде қаржылық бағдарлама мен жобаларды қайта қарау арқылы жеке инвестициялардың қызығушылығы жоғарылап отыр. Өндіріс обьектілерін қаржыландырудағы жаңа жағдай бағдарламаларды конкурс негізінде қайта қарау, сол себепті инвес-қ қызмет туралы жаңа заң жобасы талқыланды.
Онда келесі заңдарға басты назар аудару қажет:
1. Мемлекеттік емес құрылымда бюджеттік құралдарды пайдалануға тиым салу.
2. Федеральды бюджеттен федеральды жеке меншікті дамытуға күрделі қаржы бөлу.
3. Инвестицияның құқықтық теңдігі.
Қ. Р. инвестициялық қор туралы заңындағы инвестициялық қор ұғымы.
1. Ашық акционерлік қоғам нысанында құрылатын және тартылған қаражатты кеңінен қағаздарға диверсификациялық инвестициялау мақсатында өз акцияларын шығару мен орналастыру арқылы ақша қаражаттарын тарту жөнінде қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға- инвестициялық қор деп аталады.
Инвестициялық қорды құру және оның қызметін ұйымдастыру .
1. Инвестициялық қордың құрылуы мен қызметі осы заңда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, Қ. Р-ң заңдарында ашық үлгідегі акционерлік қоғамдар үшін көзделген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2. Инвестициялық қор акциялары белгілі бір инвестициялық қордың бағалы қағаздар портфеліне кіретін акционерлік қоғамдарды басқаруға, қатысуға құқылы. Мемлекеттік органдар міндетті заңды тұлғалар инвестициялық қордың сол инвестициялық қор портфеліндегі бағалы қағаздар эмитеттерін басқаруға қатысу жөніндегі заңдарда белгіленген құқықтарын шектей алмайды және осы құқықтар бұзылған жағдайда олар кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін Қ. Р-ның заңдарына сәйкес жауапты болады.
3. Инвестициялық қордың басқару органдарының құрылымы мен құзыреті Қ. Р. шаруашылық серіктестіктер туралы заңдарымен белгіленеді. Инвестициялық қордың басқару органдарының қосымша құзыреті осы заңмен белгіленеді [4] .
4. Кез-келген заңды тұлғалар инвестициялық қордың акциялары болады.
Инвестиция- деңгейі қоғамның ұлттық табысының көлеміне ықпал етеді, ұлттық экономиканың көптеген макро-пропорциялары инвестиция қозғалысына тәуелді. Кейнсиандық теория бойынша инвестиция мен жинақ ахуалыы әр түрлі процестер мен жағдайлар арқылы анықталады. Ел аумағындағы инвестициялар ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін анықтайды. Жаңа кәсіпорындар құрылысы, үй тұрғызу, жол салу соларға байланысты жаңа жұмыс орындарын жасау инвестициялық процестерге немесе капиталдың құрылуына тәуелді.
Инвестиция көзі - жинақ. Мәселе мынада, жинақты бір шаруашылық жүргізіп, ал инвестицияны басқа адамдар немесе шаруашылық етуші субьектілер жүргізуі мүмкін.
Инвестиция қандай факторлерге тәуелді? Олардың ең маңыздыларын атап өтетін болсақ:
1. инвестиция процесі күтіліп отырған пайда нормасына немесе күрделі қаржылық рентабельділігіне тәуелді. Егер инвестордың пікірінше рентабельділік төмен болса, онда қаржыландыру жүзеге аспайды.
2. инвестор шешім қабылдау кезінде күрделі қаржының альтернативті мүмкіндіктерін есепке алады. Және мұндағы шешуші фактор проценттік ставканың мөлшері болады. Сонымен, инвестиция процент ставкасының қызметі де, ал жинақ- табыстың қызметі. Демек, қазіргі кейнсиандық концепцияның мәні мынада болады: инвестиция мен жинақ қозғалысы, әр түрлі факторлармен анықталады.
3. инвестиция сол елдегі немесе аймақтағы салық салудың деңгейі мен ахуалына тәуелді. Салық деңгейінің жоғары болуы инвестицияны ынталандырмайды, сонымен қатар салықтың қандай ставкасы жоғары немесе төмен деп үзілді кесілді айтуға болмайды.
Инвестициялық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлғалардың қабылдайтын шешімдері - инвестициялық шешімдер деп аталады.
Инвестициялық шешімдерге баға беретін және негіздеме жасайтын кезде инвестордың сол уақыт ішінде жұмсайтын инвестициялық қаржыларын анықтау, инвестициялық жобаларды жүзеге асыру және инвестициялық обьектілерді қолдану барысындағы болашақ кірістері мен шығыстарын салыстыру. Инвестор бір жобаны жүзеге асыру туралы шешім қабылдағанда басқа жобалардан бас тартады.
Инвесторлардың инвестициялық қызметті жүзеге асыру барысында алға тартатын алуан түрлі мақсаттарын негізгі екі топқа бөлуге болады.
1. ақша түрінде болатын мақсаттар:
- пайда көлемін ұлғайту;
- сату көлемін арттыру;
- тауар айналымын көбейту;
- зиянды азайту;
- инвестициялық шығындарды қысқарту.
2. ақша түрінде болмайтын мақсаттар:
- танымалдылыққа және престижге ұмтылу;
- тәуелсіздікке талпыну;
- әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру;
- экологиялық жағдайды жақсартуға атсалысу.
Инвестициялық шешімдер инвестордың өз мақсаттарына жтеу құралы. Бұл тұрғыдан алып қарағанда оптималды инвестициялық шешім инвесторлардың алға қойған мақсаттарына жетуін қамтамасыз ететін ең тиімді шешім дей аламыз [5 ] .
Ақша түрінде болатын, яғни санмен өлшенетін мақсаттарға жетуге бағытталған инвестициялық шешімдерге негіздеме жасау үшін сандық тәсілдер пайдаланылады. Ал ақша түрінде болмайтын, яғни сапаға қарап анықталатын мақсаттарды тек сапалық талдау және болжам жасау тәсілдерін пайдалана отырып есепке алуға болады.
Көптеген инвестициялық шешімдердің арасынан оптималды критерийлер бойынша сан түрінде берілген мақсаттарды таңдау инвестициялық шешімдерге негіздеме жасаудың сандық тәсілі болып есептеледі немесе инвестициялық есептеулер деп те аталады.
Инвестициялық жобаларды дайындау және негіздеме жасау барысында инвестициялық есептеулер сапалық мақсаттарды да есепке алуға мүмкіндік беретін сапалық талдаулармен толықтырылуы қажет.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz