Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері



ЖОСПАР
КІРІСПЕ 1
І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БАНКТІК ЖҮЙЕСІ
1.1 Банктердің пайда болуы, оның дамуы және құрылымы. 3
1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы атқаратын ролі 5
1.3 Ұлттық банктің құрлымы мен басқару органдары 7

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері.

2.1 Ұлттық банктің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері 10
2.2 Коммерциялық банктердің операциялары 15
2.3 Коммерциялық банктердің ұйымдастыру құрылымы 20

ҚОРЫТЫНДЫ 24

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Бүгінгі әлем шапшаң қарқынмен дамуда, ғаламдану мен ақпараттық технологиялар дәуірі күн өткен сайын күш алып барады. Қазақстан өзінің экономикалық әлеуметін нығайтып, халықаралық нарықтағы орнын нақтылауда және Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруді жоспарлауда Президентіміз Н.Ә Назарбаев айтқандай,"бізге ауқымды міндет - бәсекеге қабілетті жағынан әлем елдері ішіндегі көшбастаушы елу елдің санатына ену міндетін шешу қажет. Бұл мақсатқа жете алуымыз көбіне қаржыгерлерімізге байланысты".
2006 жылғы 1 наурыздығы ҚР Презтидентінің халыққа жолдауында Қазақстанның алдағы уақыттарда әлемдегі 50 бәсекелес елдің қатарына кіру туралы міндеті Қазақстанның банк жүйесінің дамуының сапалы да жаңа кезеңінашқалы отыр. Ол дегеніміз өтпелі кезең жағдайындағы модернизациялауды аяқтап ендігі жерде бәсекелестік қабілеті бар банк жүйесін жасауға ұмтылуды білдіреді.
Банк стратегиясы Қазақстанның ірі және орта кәсіпорындарына банктік қызмет көрсету және басқа да қаржылық көмек беру саласында алдыңғы қатарлы позицияға жетуге бағытталған.
Соңғы жылдарда Қазақстанның банк жүйесі қарқынды дамуда. Олар ең алдымен банк ісінде нарықтық қатынастарға көшуі мен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар үшін жаңа міндеттерді айқындаумен байланысты болды.Экономикадағы жаңа мақсаттар мен міндеттер ескеріле отырып, отандық банк жүйесінің тұжырымдамасы қайта қаралды ,оны іске асыру елімізде банк секторының тұрақтылығын сақтауға мүмкіндік береді.
XVI-XVII ғғ. Венецияда, Генуеде, Миланда, Гамбургте, Нюрнбергте саудагер - клиенттер арасында қолма-қол ақшасыз есеп айырысуларды жүзеге асыру үшін жиробанктер құрылады. Жиробанктер өздерінің клиенттері арасында белгілі салмағы бар бағалы металдардан жасалған ақша бірліктері арқылы есеп айырысулар жүргізді.Өздерінің бос ақша қаражаттарын жиробанктер мемлекетке, қалаларға және артықшылығы бар компанияларға ссудаға беріп отырған.
Ал кейбір мамандар банкті одан да ерте мерзімде - феодализім тұсында пайда болған деп айтады. Олар феодалдық шаруашылық тұсында банктердің төлемдегі делдалдық қызметінің қажеттілігінен пайда болғандығын айтады.
Банк сөзі banco деген ағылшын тілінен аударғанда айырбас столы дегенді білдіреді. Бұл айырбас столы тауарлармен сауда жасалатын алаңдарда құрылады. Сауда мемлекеттер мен қалалардың, жекелеген тұлғалардың әр түрлі монеталарымен жүргізіледі.Ол уақытта монеталардың бір тұтас жүйесі болмағандықтан, олармен сауда-саттық барысынды әр түрлі формадағы монеталар кездескен. Банктер пайда болардың алдында ақша - сауда капиталының өкілдері саудагерлердің ақшалай салымдарын қабылдап, оларды әр түрлі елдің ақшаларына айырбастауға маманданып отырған.Уақыт өте келе, айырбастаушылар бұл салымдарды, сондай-ақ өздерінің ақша қаражаттарын ссудаға беріп, пайыз алу үшін пайдалана бастаған. Сөйтіп, айырбастаушылар біртіндеп банкирлерге айналды.
Біздің түсінігімізде, банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елдің ақшалары мен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операцияларына тікелей қатысуына байланысты түсіндіріледі.
Мен банктің негізгі бөлімдерінің қызметін қарастырамын, кез - келген жұмыста, әсіресе банктік салада біліктілік пен білім, ақыл керек, сондықтан бұл тәжірибеде банктің іс жүргізу ерекшеліктерін қарастырамын.
Қазіргі кезде Қазақстан банк жүйесін орталық Азияда өз қызыметін ілгері дамытып, кеңейтіп келе жатыр. Банктің негізгі қызметі корпоративтік банктік іс жүргізуге, сауда және жобалық қаржыландыру, жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету,сонымен бірге дебеттік және кредиттік карточкалар бойынша қызмет көрсету және тағы басқаға бағытталған.

І Бөлім. Қазақстан Республикасының банктік жүйесі
0.1 Банктердің пайда болуы, оның дамуы және құрылымы.

Бірқатар ғалымдардың пікірінше, алғашқы банктер капитализм дамуының мануфактуралық сатысында - XIV және XV ғасырларда Италияда несие қатынасының кең ауқымды дамуымен байланысты пайда болған. Кейбір ғалымдар банктердің бұдан да ертерек - феодализм кезінде төлем делдалдары ретінде пайда болды деп есептейді.
Банк сөзі үстел мағынасын беретін италияндық banco сөзінен шыққан. Банко - үстелдер тауарлардың сауда - саттығы қызу жүретін алаңдарға қойылатын. Сауда - саттық мекемелерде, қалаларда жәнге жекелеген қалаларда шақа соғылатын әр түрлі монеталармен жүзеге асырылды. X ғасырда Италия әлемдік сауданың орталығына айналды, сол себепті де өздерінің ерекше банко - үстелдері бар айырбастаушы банкирлер әйгілі болады әрі олар Ежелгі Грецияда, Ежелгі Вавилонда және басқа да елдерде кеңінен тарай бастады.
Әр түрлі монеталарды бір - бірімен үзбей айырбастау үшінолардың қоры болуы керек. Осылайша, бұл айырбастаушы - үстелдер айырбастаушы үйге айналды. Бұл үйде құны әр түрлі монеталарды айырбасталуы жүзеге асырылды.
Алайда ақшаның табиғатын валюталарды айырбастау бойынша операциялармен қатар қою банктердің шығу тегін жаңсақ ұқтыруға әкеп соқтырды. Бұл өз кезегінде банктерді ақшаның әлемдік ақша қызметін орындай бастағанда ғана пайда болған тәрізді етіп көрөсетеді. әрі бұдан да - ертерек - ақшаның ішкі нарықтағы айналыста жүрген кезеңде банктерді мүлдем болмаған етіп көрсетеді.
Ғалымдардың пікірінше, біздің эрамызға дейінгі VI ғасырларда ежелгі Вавилонда салым ақшаларды қабылдау және осы ақша бойынша пайыз төлеу тәжірибеде кездескен. Мұндай валюталық және Грецияда да тәжірибеде кездескен.
Тарихшылардың пікірі бойынша бұл операциялар жек тұлғалармен де, шіркеу мекемелерімен де жүргізілген. Храм ақша мен құндылықтарды сақтаудың сенімді орнына айналды, өйткені ол мемлекет тарапынан да, қауым тарапынан да, үлкен сенімге ие болған еді. Храмдар тауарлық ақшаны сақтау секілді ақшалай операцияны ұдайы жүргізіп отырды. Ал бұл салмақ өлшемінде жүзеге асырылатын есептік және есеп айырысу секілді қосымша операцияларды қажетт етті. Олар мынадай сапаларға ие болуы керек: бөлінбейтін және сақталтындай әрі бір текті болуы тиіс. Мұндай сипаттарға металдар, әсіресе алтын мен күмістер ие болды.
Храмдар негізгі ақшалай операциялармен қатар қарыз берумен де айналысты. Оны заң нормаларын қатаң сақтай отырып рәсімдеді әрі берілген қарыз үшін пайыз өндіріп алды.
1619 жылы Венеция қаласында қоғамдық серіктестік жиробанк деп аталды. Металдық монеталар төлемі мен оны қағаз серіктестіктеріне ауыстыру олардың айналысатын негізгі операциялары болды. Еуропа мемлекет құрған экономикалық қызметке, банктердің пайда болуына тән ақшалай операциялардың тұрақты ену орталығына айналды. Банк ісінің шынайы мәні мемлекеттер арасындағы сауда - саттық байланыстың даму процесінде айқындалды. Банк ісін жүргізудің италяндық тәжірибесі өзіндік банктерді құрудың тек ынталандырушы факторы ғана болды.
Осылайша, несие, ақша және есеп айырысу операциялары бір орталыққа шоғырланы бастады. Ақша шаруашылығының бұл кезеңінде банк секілді аса ірі несие мекемелер пайда бола басатды.
XVII ғасырдың 40 - шы жылдарынан бастап, банктердегі эмиссиялық операциялар Англияда да жүзеге асатын болды және XIX ғасырдың басында оған елдің эмиссиялық банкісі деген атақ берілді. Оның банкноттары төлемнің әмбебап, заңды құралына айналды.
1846 жылы Германияда жергілікті 33 эмиссиялық банктерді біріктірген елдің орталық банкісі ретінде Пруссиялық банк құрылды.
Ресейде банк ісі мемлекеттік тұрғыдан дамиды, ал жекеше эмиссиялық банктер болған жоқ, тек XIX ғасырдың соңында ғана орталық эмиссиялық банк ретінде Мемлекеттік банк пайда болды. XX ғасырдағы 90 - шы жылдардың басына дейін Қазақстанның банктері болған емес.

1.2 Банктердің нарықтық экономикадағы атқаратын ролі

Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды әрі ажырамас құрылымы. Банктер мен ақша - тауар қатынасы тарихи тұрғыда қатар дамып, бір - бірімнен тығыз байланысты болды. Банктер басқарудың барлық деңгейіндігі халық шаруашылығымен күн сайын тікелей байланысты. Банктер арқылы ұдайы өндісіс процесіне қатысушылардың экономикалық мүдделері қанағаттандырып отырады. Бұл арада банктер қаржы делдалдары ретінде халықтың жинақ ақшасын, шаруашылық органдардың капиталын және басқа да шаруашылық процесінен босаған еркін ақшалай қаражатты тартып, оларды қарыз алушыларға уақытша пайдалану үшін береді, бұл қаражатпен ақшалай есеп айырысуды жүргізді, экономикаға басқа да көптеген қызмет түрлерін көрсетеді. Банктерге шоғырландырылған қаражат өндірістің тиімділігін арттыруға және қоғамдық өнімдердің айналысқа түсуіне ықпалын тигізеді. Банктер экономикалық басқарудың органдары болып табылатындықтан, өз клиенттерінің алдындағы олардың жауапкершілігі экономикалық сипатта болады.
Қазақстан экономикасының нарықтық қатынасқа көшуіне байланысты банктердің алдынан мүлдем жаңа көкжиектер ашылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің нәтижесінде жеке меншік, меншіктің ұжымдық және акционерлік формалары, кооперативтік қозғалыс кеңінен дамып, аралас меншік түрлерінің негізінде кәсіпорындар құрылады
Қоғамда тиісті класы бар кәсіпкерлер мен коммерсанттар пайда болды. Экономика мен қоғамда нарықтық қатынастардың дамуына қарай банктердің экономикалық ролі арта түсті. Олардың жұмыстарына әкімшіл әміршіл әдістер ығыстырылып, экономикалық әдістер қолданылатын болды. Экономикаға әсер етуде банктік құнды аспаптардың маңызы артып келеді.
Бұл жағдайда банктердің экономикадағы инфляцияны кемітуде жәен оны нарық жолына түсіріп жіберуде, ең алдымен меншікті мемлекет иелігінен алуда және жекешелендіруді маңызы зор. Бұл арада банк жүйесінің маңызы міндетіне несие жүйесін, ақша айналысын реттейтін әдістерді жетілдіру, есеп айырысуларды жылдам жүргізуҰлттық банк үкімет шығынына несие беруді барынша азайтуға күш жұмсап отыр. Бұл шаралардың барлығы ұлттыұ валютаны тұрақтандыру және инфляцияны кеміту бойынша жағымды нәтижелерге қол жеткізеді.
Мемілекеттік меншік формасында да банктердің рөлі жоғары. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы қызмет көрсетілетін клиенттің қаржылық жағдайына толық тәуелді. Осыған бойланысты банктік реформаны мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру процесінен бөліп жүргізуге болмайды. Сондықтан да , банктік реформаның маңызды міндеттерінің бірі - кәсіпорындардың жекешеленуіне және жеке экономика секторының құрылуына қолдау көрсету. Осыған орай банктік реформа мемлекетті меншікті жекешелендірудің мүддесіне бағындырылуы керек. Банк жүйесінің реформасы жеке кәсәіпорындардың банктен несие алуына жол ашады, жеке секторлардың дамуына өз әсерін тигізеді. Сонымен қатар ол залалды мемлекеттік кәсіпорындардың қайта құрылуын ынталандырады.
Банктер экономиканы басқару процесінде экономикалық қатынасты білдіретін басқарудың экономикалық әдістерін пайдаланады, ал әрбір қоғамның экономикалық қатынасы ең алдымен мүдде ретінде алға шығады, ал экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, оның қозғаушы факторы болып табылады.
Банк жүйесінің мақсаттары мен міндеттері негізінен тұтас экономиканы басқарудың мақсаттары мен міндеттеріне ұқсас. Банктер басқарудың қосалқы жүйесі ретінде экономиканы басқарудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ететін өзіндік ерекшелігі бар жеке міндетті орындайды. Банктердің ролі экономиканы басқарудың органы ретінде өздерінің қызметтерін орындау процесінде және банк ісін ұйымдастырудың жалпы принциптері сақталғанда анықталады.

1.3 Ұлттық банктің құрлымы мен басқару органдары

Ұлттық банкінің басқару құрылымы мен қызметін ұйымдастырудың басқа да мәселелрі "Қазақстан Республикасының Ұлттыұ банкі" туралы заң негізінде анықталады. Ұлттыұ банк өзінің қызметтерін орындау үшін басқарма, директорат, бас аумақтың және облыстыңқ басқармалармен қатар, басқада жергілікті құрылымдық бөлімшелері бар.
Ұлттық банкінің ең жоғарғы басқару органы Ұлттық банк төрағасы мен басқарылатын басқарма болып табылады. Басқарма 9 адамнан тұрады. Оның құрамына - Ұлттық банк төрағасы, оның 4 орынбасары, парламент пен президенттің бір - бір өкілі және Қазақстан министрлер кабинетінің екі өкілі кіреді. Басқарма мүшелері Қазақстан Республикасының Президентімен бекітіледі. Басқарма мынадай сұрақтарды шешеді:
-- Мемлекеттік ақша - несиелік саясатын жасайды;
-- Ұлттық банкі шығарған, банктер ісіне қатысты нормативтік актілерді бекітеді;
-- Парламент банктен тұжырым негізінде банкноттар мен монеталардың номиналдық құнын және әшекейлік пішінін бекітеді;
-- Ұлттық банкінің банктермен және Қазақстан Республикасының бюджетімен операциялары бойынша пайыздық мөлшерлемесін бекітеді;
-- Қазақстан Республикасының валюталық айырбас бағасын анықтау тәртібін, балгілейді;
-- Сыртқы резервтерде сақтауға алатын сыртқы активтер типтерін бекітеді;
-- Ұлттық банкінің жұмысы туралы есеп береді, жылдық жинақтық балансты қарастырады;
-- Ұлттық банк туралы ережені, Ұлттық банк құрылымын бекітеді және Ұлттық банк департаменттерінің директорларын тағайындайды.
-- Банктер және олардың филиалдары үшін экономикалық нормативтерді бекітеді;
Басқарма шешімдерін басқарма қаулылары формасында жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық банкі басқармасының мәжілістері қажет болуына қарай, айына кемінде 1 рет өткізіледі.
Ұлттық банк төрағасы басқарманы, директорлар кеңесінің қызметін басқарады және Ұлттық банкіге жүктелген жұмыстар үшін жауап береді. Ол басқарма мүшелеріне жеке өкілеттіктер бере алады. Ұлттық банк төрағасы жоқ кезде, оның қызметін орынбасарларының бірі атқарады.
-- Парламенттің келсімімен Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасын сайлайды және қызметінен босатады;
-- Қазақстан Ұлттық банкінің жылдық есебінен Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
-- Ұлттық валюталық - теңгенің айлығының тұжырымы мен Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
-- Қазақстан Ұлттық банкінің Қазақстан Республикасының Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отырады;
Ұлттық банкінің функционалдық құрамына департаменттер мен басқа да бөлімшелерден түратын орталық аппараттары, филиалдары, өкілеттіктері кіреді.
Ұлттық банктің орталық аппаратында мынадай департаменттер мен дербес басқармалар бар:
-- Зарттеу және статистика департаменті;
-- Шетел операциялар департаменті;
-- Ішкі операциялар басқармасы;
-- Монетарлық операциялар департаменті;
-- Заң қызметі департаменті;
-- Әкімшілік департаменті;
-- Қолма - қол ақшалармен жұмыс жөніндегі басқарма;
-- Инженерлік қауіпсіздік жүйесін пайдалану бөлімі;
-- Бухгалтерлік есеп департаменті;
-- Есептеу жұмыс орталықтарының департаменті;
-- Операциондық басқармасы;
-- Төлем жүйесі басқармасы;
-- Қаржылық қадағалау департаменті;
-- Персоналдармен жұмыс жасау басқармасы;
-- Халықаралық қаржы ұйымдарының жобаларын іске асыру бөлімі;
-- Мерзімді басылымдар және іскерлік ақпараттар бөлімі;
Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы қызметінен кетерінен екі ай бұрын Қазақстан Республикасының Президентіне өзінің жазбаша өтінішін беріп, қызметінен құқылы.
ҚР Ұлттық банкінің басқару құрылымы
Басқарма директорлар кеңесі

Төраға Төрағаның орынбасарлары

Ұлттық банкінің орталық аппараты
Департаменттер, дербес басқармалар және бөлімдер

Обылыстық басқармалар

Ұлттық банкінің тәуелсіз бөлімшелері. Мемлекеттік сақтау орны. Банкноттық фабрика. Бағалы қағаздар. Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы. Банктік сервис. Банкаралық және қаржылық телекоммуни
кациялар орталығы.

Сурет 1

ІІ Бөлім. Қазақстан Республикасынның Ұлттық банктің және коммерциялық банктердің мәні, маңызы, міндеттері, атқаратын қызметтері.

2.1 Ұлттық банктің мәні, маңызы, міндеттері , атқаратын қызметтері
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы" Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі және республикамыздағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Ұлттық Банктер - бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның рөлін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады.
Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты - экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы - несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және басқа да несиелік мекемелер өз клиенттеріне шаруашылық субъектілерімен халыққа не жасаса, Ұлттық банкіде соны жасайды. Оның клиенттері - коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болады. Осыдан келіп; Ұлттық банкіні - "банктердің банкі" деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкі де банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.
Ұлттық банк елдің эмиссиялық резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие "банктердің банкі", "соңғы сатыдағы несие беруші" рөлін атқарады, ақша - несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша - несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беру екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді
Ұлттық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекеттік тұрақтандыру саясатын, тауар - ақша тепе - теңдік саясатын жүргізеді.
Орталық банк тарапынан ақша - несиелік реттеудің негізгі объектісіне экономикадағы қолма - қол және қолма - қолсыз ақша массасы жатады, оның динамикасына төлеуге қабілетті сұраныстың әр түрлі компоненттерінің өзгерісі тәуелді болады.Қазіргі даму сатысында ақша несиелік сипат алады, яғни ақша массасы негізінен банктердің несие - депозиттік қызметіне байланысты пайда болады, сондықтан Орталық банк ақша айналымының құрылымын және көлемін екінші деңгейлі бенктердің операцияларын басқару арқылы реттейді.
Ұлттық банк - ақша резервтерінен, алтын валюта резервтерінен, басқа да материалдық құндылықтардан тұратын жекеше мүлкі бар заңды тұлға. Мүліктің құрылу көздеріне - банк ісінен түскен табыстар, бағалы қағаздардан түскен табыстар және сәйкес бюджеттерден түскен дотациялар жатады.
Заңның 9-бабына сәйкес, Ұлттық банк жарғылық қорын 10 млрд.. теңге көлемінде мына қаражаттар есебінен құрайды:республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттар, мемілекеттен алынған негізгі қорлор және Ұлттық банк тапқан пайдадан аударымдар.
Банкінің негізгі міндеті - Қазақстан Республикасының ұлттық волютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:
-- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүниежүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
-- ақша - несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
-- банк және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері:
Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша - несие саясатын жүргізу, яғни Ұлттық банк айналымдағы ақша массасының көлемін реттеумен және ресми проценттік мөлшердің деңгейін өзгертумен шұғылданады. Егер ақша - несиелік реттеу әдісімен инфляция деңгейін тежеу мүмкіндігі болмаған жағдайда Ұлттық банктің несие салымдарын шектеуге және банк операциялары бойынша проценттік мөлшерді өзгертуге құқығы бар. Сондай-ақ алты айға дейінгі мерзімге шығарылған бірінші кластық жай және айналмалы вексельдерді, чектерді сатып алып және қайта сатады. Ұлттық банк өзінің бағалы қағаздарын шығарады, облигацияларды, депозиттік сертификаттарды, дисконттық және өтеу мерзімі 1 жылға дейінгі проценттік бағалы қағаздарды сатып алу және сатумен шұғылданады. Ұлттық банкте сақталатын міндетті резервтердің нормативін белгілеп, айналымда жүретін төлем құралдарының түрлерін анықтайды.
Қазақстан Республикасында қолданылатын банкнота және монетаны эмиссиялау. Ол үшін Ұлттық банк номиналдардың құрылымын, теңге мен тиындардың пішінін, олардың қажет мөлшерін анықтап, дайындығын қамтамасыз етеді.
Ұлттық банктің қолма-қол ақша қаражатын шығаратын, тиын мен теңгенің қолма-қол ақшасыз эквивалентін алып сату арқылы айналысқа түсіруді ұйымдастыратын айрықша құқығы бар. Сондай-ақ, қолданылған ақша белгілерін айналымнан шығарып, оларды жаңасымен айырбастап, тозығы жеткендерін жоюмен шұғылданады.
Банктердің банк ісі қызметін атқару. Ол үшін Ұлттық банк республикадағы қайта қаржыландыру жүйесін ұйымдастырып, бірінші класты бағалы қағаздармен және басқаактивтермен қамтамасыз етілген несиені алты ай мерзімге береді. Ұлттық банк- екінші деңгейдегі банктер үшін соңғынесие беруші. Несиені ұлттық валютамен де, шетел валютасымен де, сондай - ақ қамтамасыз етілген, ия болмаса қамтамасыз етілмеген несиені Ұлттық банктің басқармасы белгілеген тәртіппен және мерзімге береді.Қазақстан Республикасындағы есеп айырысу формалары мен тәртібін анықтап, қазақстандық теңгемен жүргізілетін банк аралық есептесуді өз уақытымен және тоқтаусыз жүруін қамтамасыз ететін төлем жүйесінің қызметін ұйымдастырады.
Үкіметтің және мемлекеттің органдардың банктік және агенті қызметін атқарады.Бұл қызметті атқару үшін кепілшісі үкімет болған республиканың ішкі және сыртқы қарызын өтеуге қатысады. Қаржы министрлігінің шоттары бойынша дебеттік қалдықты болдырмау үшін қажетті іс - шараларды қабылдайды. Қаржы министірлігімен келісілген шарт ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканы ақша – несиелік реттудегі орталық банктің ролі
ҚР Екінші деңгейлі банктер қызметін реттеу тәртібі
Халыққаралық валюта қатынастары
Халыққаралық валюта табыстары
Халыққаралық валюталық табыстар
Несие жүйесінің түсінігі
Бағалы қағаздар нарығы жайлы
ҚР валюта жүйесі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӨЛЕМ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Халықаралық валюта қатынастары және валюта курсы
Пәндер